ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
85-cypem.
Түкті құрт (Gordius aquaticus): A - сыртқы қүрылысы; Б - бас бөлімі;
В - артқы бөлімі; Г,Д - личинка, қабыршақтың ішінде (Г), қабыршақсыз (Д)
Тері-бұлшықет қапшығы мен ішектің арасындағы ішкі мүшелер
аралығы паренхимамен толтырылған, сонымен қатар, ішек айнала-
сында ұзынынан созылып жатқан алғашқы дене қуысы (схизоцель)
бар.
З ә р ш ы ғ а р у , т ы н ы с а л у , қ а н а й н а л у ж ү й е с і
болмайды.
Н е р в ж ү й е с і
тері эпителиінде орналасып, жұтқыншақ айнала-
сындағы нерв сақинасынан және құрсақ нерв бағанасынан түзілген.
Сезім мүшелері нашар жетілген.
Ж ы н ы с ж ү й е с і .
Түкті құрттар дара жынысты. Жыныс бездері
жұп, денесінің алдыңғы бөлігінен басталып жыныс жолдарына
жалғасады, ал олар артқы ішектің кеңейген бөлігі - клоакаға ашылады.
Аналықтарының жатыны болады.
Gordius туысының аталықтарының аналықтарынан ерекшелігі
денесінің артқы ұшы екі айырлы және клоаканың артында кутикула
екі жарты айшық тәрізді қатпарланған (85-сурет).
Д а м у ы
метаморфоз (кенет өзгеруі) жолымен жүреді. Ересек түкті
кұрттардың денесі ұзын, қоңыр түсті, су түбінде еркін жылжып
226
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
немесе су астындағы өсімдіктердің төңірегінде оралып жатады. Жы-
ныстық жағынан жетілген аналықтары ұрықтанып жұмыртқаларын
салады да, содан кейін өздері өледі. Жұмыртқадан шыққан личинка
ересек түрінен өзгеше. Денесі ақ түсті, сырты көлденең сақина тәріз-
ді буындалған кутикуламен қапталған, қылтанақты қозғалмалы
тұмсығы болады. Личинканың ұзындығы 0,1-0,4 мм (85-сурет). Олар
біраз уақыт суда немесе ылғал жерде өмір сүріп, кейін қылтанақты
тұмсығы арқылы аралық иесінің (насекомдардың судағы личин-
каларына) терісін тесіп, дене қуысына енеді. Енді, ары қарай даму
үшін, личинкалар негізгі иесі құрлықта тіршілік ететін насекомдардың
денесіне енуі қажет. Насекомдарға судағы инвазиялы личинкаларды
жеу арқылы жұғады. Оның ішегіне түскен құрттың личинкасы ішекті
тесіп дене қуысына өтеді де, өсе бастайды. Есейіп үлкен күйге жеткен
соң олар иесінің денесінен шығып суға түседі. Суда ересек түріне
айналып, жоғарыдағы айтылған даму циклін қайталайды.
Түкті құрттар класы екі отрядқа бөлінеді: Gordioidea және
Nectonematoidea. Gordioidea отрядының негізгі өкілі
Gordius
aquaticus тұщы суларда кең тараған, насекомдардың паразиттері.
Nectonematoidea отрядының, Nectonema туысының өкілдері теңізде
кездеседі, шаянтәрізділердің паразиттері.
Түкті құрттардың филогениясы нашар зерттелген. Жалпы түрі,
кутикуласының, тері-бұлшықет қапшығының, жыныс бездерінің
құрылысы жағынан нематодтарға ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: