ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
жыныстық жолынан пайда болған. Шынында да, барлық целомдық
жануарлардың целомы жыныстық қызметін атқарады, бірақ целом
қабырғасы гонада қабырғасынан пайда болды деуге дәлел жеткіліксіз,
сондықтан жыныс клеткалары соматикалық клеткалар болып қалады.
Энтероцельды теориясы бойынша целом өз бастамасын арғы тегі
ішекқуыстылар мен ескектілердің гастроваскулярлық жүйесінен
алады. Осыны ескере отырып бұл теория целомның жыныстык
қызметін дұрыс түсіндірген және сипаты жағынан гоноцельды
теорияны қамтиды. Энтероцельды теорияның дәлелдері толығырақ,
себебі екінші реттік ауыздылар Deuterostomia тобының целом қуысы
энтероцельды жолмен түзіледі, яғни мезодерманың бастамасы
гаструланың энтодерма қабатынан оқшауланып, сомиттарға айналып,
бөлініп шығады. Осы сомиттердің қуысы кейін дене қуысына
целомға айналады.
Қан айналу жүйесіне келеек, олар тек целомы бар жануарларда
ғана кездеседі. Эволюциялық даму барысында целом өзінің дамып
өсуі кезінде бірінші қуысты ығыстырған, ал оның қалдықтарының
есесінен қан тамырлары түзілген.
Достарыңызбен бөлісу: