Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Құрылысы мен физиологиясы



Pdf көрінісі
бет184/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Құрылысы мен физиологиясы. 
Шаянтәрізділердің денесі 
негізінен бас (серһаіоп), кеуде (thorax) және құрсақ (abdomen) 
бөлімдерінен тұрады, бірақ бас бөлімі келесі кеуде бөлімімен бірігіп
280


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
99-cypem.
Шаянтәрізділер (А) мен трилобиттің (Б) аяқтарының құрылысы
кетіп баскеуде (cephalothorax) бөліміне айналған. Сондықтан шаянтә- 
різділердің басым көпшілігінде денесі нақты дифференцияланған екі 
бөлімнен құралған: баскеуде және құрсақ.
Дене құрамына кіретін сегмент саны, басқа буынаяқтылармен 
салыстырғанда алуан түрлі: 5-8-ден 50-ге дейін.
Бас бөліміндегі сегменттерінің саны тұрақты, яғни барлық 
шаянтәрізділердің басы акрон және 4 сегменттен құралған. Акрон 
болжам бойынша, арғы тегінің (көпқылтанды буылтық құрттардың) 
простомиум бөлігі, ал оның өсіндісі - антеннулалары немесе I антен- 
налары пальпилерінің гомологы. Антеннула мұртшалардың бірінші 
жұбы басының алдыңғы бөлімінде, ауыз тесігінің алдында орнала- 
сады, бірқатар буындардан тұрады және негізінен бір бұтақты. Тек 
кейбір жоғарғы сатыдағы шаяндарда олар екіге (мысалы, өзен 
шаянында), кейде тіптен үшке ажырайды.
А н т е н н у л а л а р
с е з у , ә с і р е с е и іс с е з у м ү ш е л е р і, б ір а қ к е й д е ж ү з у
ү ш ін д е ж ұ м с а л а д ы .
Акроннан кейінгі 4 сегменттердің әрқайсысында бір жұп түрі 
өзгерген аяқтары болады. Солардың ішінде бірінші сегменттің аяғы 
ұзарып антенна деп аталатын мұртшаға айналған. Бұлар мұртша- 
лардың екінші жұбын құрайды және антенна II деп аталады. Олар әр 
түрлі қызмет атқарады. Phyllopoda отрядына жататын су бүргеле- 
рінде ол жүзу үшін қолданылады. Жоғарғы сатыдағы шаяндардың
281


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
көпшілігінде олар сезім мүшелері. Сондықтан олардың антеннасының 
эндоподиті ұзын буындалған сезімтал “қамшы” түрінде болса, экзо- 
подиты қысқа қорғаныш тақта түрінде болады.
Бас аяқтарының екінші жұбы 
мандибулалары 
негізгі тамақ 
үгіту қызметін атқарады. Көптеген шаянтәрізділердің личинкасы 
науплиуста ол екі бұтақты және ерекше шайнағыш өсіндісі бар. 
Ересек түрлерінде мандибулалардың осындай түрі сирек сақталады. 
Негізінен екі бұтағы редукцияға ұшырайды (немесе эндоподит қыска 
қармалауыш түрінде калады), ал протоподит өзінің шайнағыш 
өсіндісімен жуан, үшкірленген жоғарғы жақ аппаратын түзейді.
Мандибулалардан кейін бастың 3-ші және 4-ші сегменттерінде 
2 жұп астыңғы жақтары немесе бірінші және екінші максиллалары 
орналасқан. Олар негізінен протоподит буындарындағы шайнағыш 
өсінділері бар нәзік жапырақ тәрізді аяқтар түрінде болады.
Аяқтарының қызметіне және орналасуына қарай бас сегменттері 
де антеннальды, мандибулярлы, максиллярлы І-ІІ деп те аталады.
Шаянтәрізділердің басым көпшілігінде акрон және 4 сегменттері 
бір-бірімен тұтасып бас қалқаншасына гнатоцефалонға айналған.
Кейбіреулерінде бас қалқаншасы алдыңғы кеуде сегменттерімен 
тұтасқан. Мысалы, өзен шаянында бас қалқаншасы үш кеуде 
сегментімен біріккен, соған байланысты сол сегменттердің аяқтары 
қоректі үгіту процесіне қатысады да жақаяқтары деп аталады (100, 
А-сурет).
Төменгі сатыдағы шаянтәрізділерде (мысалы, жапырақаяқты- 
ларда) акрон тек антеннальды (бірінші) сегментпен тұтас қосылып 
протоцефалон деп аталатын алғашқы бас бөлімін құрайды. Қалған 
үш жақ сегменттері басымен қозғалмалы түрде байланысқан, жігі 
айқын.
Шаянтәрізділердің әр түрлі формаларында кеуде және құрсақ 
сегментерінің саны бірдей емес, тек жоғарғы сатыдағы шаяндарда 
(класс тармағы Malacostraca) сегменттер саны тұрақты: кеуде бөлі- 
мінде 
8, құрсақ бөлімінде 6. Бас сегменттерімен бірге санағанда 
жалпы саны 18-ге тең. Құрсақ бөлімінде аналь тесігімен аяқталатын 
аналь қалқаны немесе тельсоны бар. Кейбіреулерінің тельсонында 
айырша немесе фурка жасайтын жұп өсінділері орналасады.
Ш аянтәрізділердің 
кеуде 
аяқтары 
негізінде 
қозғалыс 
(локомоторлық) мүшелері, сондай-ақ қорегін ұстау, тыныс алу 
процесіне де қатысады. Аяқтарының атқаратын қызметіне байла­
нысты, олар түрліше құрылған. Мысалы, өзен шаянында кеуде
282


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет