ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Шаяңдардың бауыр секреті органикалық заттарды: май, белок,
көмірсуларды ыдыратады. Безді қызметінен басқа, шаяндардың
бауыры фагоцитозға да қабілетті, яғни бауыр клеткалары ұсақ қорек-
тік заттарды қармап алып клетка ішінде қорытады. Бауыр қосалқысы
мен ортаңғы ішектің арасындағы корреляцияны, яғни өзара байла-
нысты, тіпті тәуелділікті байқауға болады. Неғұрлым бауыр қосал-
қысы нашар дамыса, солғұрлым ортаңғы ішек ұзынырақ болады және
керісінше. Мысалы, өзен шаянының ортаңғы ішегі, бүкіл ішектің
1/20 бөлігін ғана құрайды. Ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасады,
ол түзу түтік тәрізді, аналь тесігімен аяқталады (100, Б-сурет). Кейбір
паразиттік тіршілік ететін шаяндарда, мысалы, Sacculina-ның ішегі
толығымен жойылған.
Шаянтәрізділер әр түрлі ұсақ организмдермен және өсімдіктер
мен жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді.
Шаянтәрізділердің
Достарыңызбен бөлісу: