Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет185/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

100-сурет?Өзен
шаяны (Potamobius astacus): A - аяқтарының күрылысы;
1 - антеннула, 2 - антенна, 3 - мандибула, 4 - максилла-І, 5 - максилла-ІІ, 
6-8 - жақаяқтары, 9-13 -жүру аяқтары (9 - кысқышы), 14-18 - құрсақ аяқтары, 
19 - жүзу тақтасы; Б - ішкі қүрылысы; 1 - күрделі көзі, 2 - қарық 3 - бауыр,
4 - үстіңгі құрсақ артериясы, 5 - жүрек, 6 - алдыңғы артериясы, 7 - желбезек, 
8 - аналық без, 9 - құрсақ нерв тізбегі, 10 - құрсақ бүлшықетгері,
11 - антеннула, 12 - антенна, 13 - артқы ішек
аяқтарының үш жұбы жақаяққа, төртінші жұбы жемтігін қысып 
ұстайтын күшті мүшеге 
қысқышқа айналған, қалғандары жүру 
аяқтары (100, А-сурет).
Құрсақ аяқтары тек жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділерге ғана 
(класс тармағы 
Malacostraca) тән және олар екі бұтақты, аталық- 
тарында түтікше тәрізді шағылыс, ал аналықтарында жұмыртқа-
283


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ларын құрсағына жинап, бекітіп қоятын мүшеге айналған. Онаяқты 
шаяндарда (Decapoda отряды) құрсақ аяқтарының соңғы жұбы 
тельсонмен байланысты және артымен алға қарай қозғалыста маңыз- 
ды қызмет атқаратын күшті тақталы құйрық аяқтарына - уропо- 
даларға айналған.
Жабыны. 
Шаянтәрізділердің бүкіл денесі сыртқы қанқа түзетін 
хитинді кутикуламен қапталған. Кутикуланың астында гиподер- 
мальды эпителий қабаты және базальды мембрана жатады. Төменгі 
сатыдағы шаянтәрізділерде хитинді кутикуласы жұмсақ әрі мөлдір, 
ал жоғарғыларында құрамында СаС03 тұзының көптігінен ол қалың, 
қатты және мықты. Суда тіршілік ететіндіктен шаянтәрізділерде 
денеде ылғалды сақтап тұратын кутикуланың ең сыртқы қабаты 
эпикутикуласы дамымаған. Осы ерекшелігі құрлықта тіршілік ететін 
шаянтәрізділерде де сақталған. Сондықтан олар ылғалы мол жерлер- 
де ғана тіршілік етеді.
Кутикула қабаты сыртқы қаңқаның қызметін атқарады, жануарды 
сыртқы әсерлерден сақтайды және әр түрлі бұлшықет тіреулерінің 
негізгі нүктелері болып келеді.
101-сурет.
Өзен шаянының карапаксы және жүру аяғының қысқышы: А-жіңішке аяқты 
шаян (Astacus leptodactulus); Б-жалпак аяқты шаян (Astacus astacus)
284


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Өзен шаянында басының желке және бүйір шеттері бас қалқаны 
немесе карапакс (сагарах) деп аталатын жалпақ өскіндерді береді. 
Ол дененің бүкіл кеуде бөлімін арқа және бүйір жағынан қаптап 
жатады. Маңдайы өткір әрі істік рострумға (rostrum) айналған (101- 
сурет). Ол мұртшаларды және сабақшалы, қозғалғыш күрделі екі 
көзінің түбін бүркейді. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділердің кара­
паксы ұзарыңқы, бүкіл денені сыйғыза алатын қосжақтаулы бақал- 
шаққа айналған немесе барлық дене сегменттерімен қосылған.
Бұлшықеттері басқа буынаяқтылардағыдай көлденең жолақты 
талшықтардан тұрады. Бұлар өзара қаңқаның әр түрлі нүктелерін 
байланыстырады. Олардың бір ұшы дененің бір сегментіне немесе 
аяқ буынына жалғасса, екіншісі 
басқа сегменттің қабырғасына 
бекінеді. Қосжақтаулы бақалшағы бар шаяндарда (Ostracoda класс 
тармағы) бір жақтаудан екіншіге көлденеңінен өтетін ерекше тұйық- 
тағыш бұлшықеті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет