Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


 8 ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет182/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

27 8


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Буынаяқтылардың нерв жүйесі буылтық құрттардікіндей 
жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты ганглия, жұтқыншақ маңындағы 
сақина коннективасы және ұзына бойлық ганглиялардан құралған 
құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Бірақ, буылтық құрттарга қарағанда 
буынаяқтылардың нерв жүйесі күрделірек. Жүтқыншақ үсті ганглия- 
сы немесе миы үш бөлімнен тұрады: протоцеребрум - алдыңғы; 
дейтоцеребрум 
ортаңғы; тритоцеребрум 
артқы. Дейтоцеребрум 
бөлімі тек кана мұртшаларды нервтендіреді, сондықтан өрмек- 
шітәрізділер класының өкілдерінде мұртшаларының жойылуына 
байланысты мидың аралық бөлімі дамымаған.
Буынаяқтылардың нерв жүйесінің тағы бір ерекшелігі орталық 
нерв жүйесімен қатар шеттік (немесе перифериялық) және сим- 
патикалык (немесе висцеральдық) нерв жүйелерінің болуы. Шеттік 
нервтер тері жамылғысының бұлшықеттердің, сезім мүшелердің, ал 
симпатикалық ішкі мүшелердің жұмысын реттейді.
Нерв жүйесінің күрделенуіне байланысты буынаяқтылардың сезім 
мүшелері де жақсы дамыған. Олар: күрделі немесе фасеттік көздер, 
қарапайым көзшелер, иіс, дәм сезу, есту мүшелері. Осылардың 
көмегімен организм сыртқы ортадан келетін алуан түрлі тітір- 
кендірулерге жауап қайтару қабілеттілігін дамытып үнемі өзгеріп 
тұратын құбылыстарға икемделу жағдайын жасайды, яғни тіршілік 
әрекетін жасайды.
Буынаяқтылар тек қана жынысты жолмен көбейеді, көпшілігі дара 
жыныстылар, жыныс диморфизмі айқын. Жыныс жүйесі құрсақ 
бөлімінде орналасқан. Аналықтарында жұп жыныс бездері, олардан 
шыққан екі жұмыртқа шығарғыш жолдары қосылып жатын және 
қынапқа айналады да, жыныс тесігімен бітеді. Аталықтарының жұп 
ұрық бездерінен шыққан жұп ұрық шығарғыш жолдары бір-бірімен 
қосылып ұрық шашу түтігіне және шағылыс мүшесіне жалғасады. 
Жыныс жүйесіне жататын қосалқы бездері де бар, олар ұрық қабыл- 
дағыштар, иіс шығару, жұмыртқаны субстратқа жабыстыру, 
жұмыртқа пілләсін жасау үшін секреттерді бөліп шығаратын 
бездер.
Үрықтануы іштей, дамуы жұмыртқаның ішінде (эмбриональдық) 
және жұмыртқадан шыққаннан кейін (постэмбриональдық) өтеді.
Буынаяқтылар типі торт тип тармағына бөлінген: желбезекты- 
ныстылар -Branchiata; трилобиттәрізділер Trilobitomorpha; хелице- 
ралылар Chelicerata; трахея немесе кеңірдекпен тыныс алушылар 
Tracheata.
279


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет