Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Ауызаяқты шаяндар отряды - Stomatopoda



Pdf көрінісі
бет205/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Ауызаяқты шаяндар отряды - Stomatopoda
Жылы теңіздерде, су түбінде көміліп тіршілік ететін шаяндар. 
Денесі созылыңқы (34 см-ге дейін), құрсағы өте ұзын және мықты, 
аяқтары екі бұтақты, жүзуге және тыныс алуға бейімделген. Басы 
протоцефалон, онда қозғалмалы әрі сабақшалы фасеттік көздері мен 
екі жұп мұртшалары орналасқан. Кеуденің алдыңғы 4 сегменттері 
жақкеуде құрамына кіреді. Кеуде аяқтарының алғашкы 5 жұбы 
(әсіресе 2-ші жұбы) ұстағыш аяқтарына айналған, 2-ші жұп аяғының 
соңғы буыны екі бүйірінен кетік ұстараның жүзі сияқты қабыстырыл- 
ған және бәкі тәрізді өзінің алдыңғы буынының арнайы ойысына 
(науа) салынады.
Желбезектері кеуде және құрсақ аяқтарында дамыған. Жүрегі 
ұзын, түтікті. Дамуы метаморфозбен өтеді, личинкалары планктонды. 
200-ге жуық түрі бар. Негізгі өкілі дәуіт-шаян 
(Sguilla oratoria), 
ұзындығы 20 см. Жерорта теңізінде, сонымен қатар Тынық және Үнді 
мұхиттарында тамаққа қолданылатын кейбір ірі ауызаяқты шаяндар- 
ды аулау кәсібі дамыған.
Мизидалар отряды - Mysidacea
Басым көпшілігі теңіздерде, тұщы суларда тіршілік ететін 
шаяндар. Үзындығы 0,5-2,5 см. Басы - протоцефалон, бір жұп сабақ- 
шалы фасеттік көздері және мұртшаларынан тұрады. Кеудесінің ал- 
дыңғы 3 сегменттері жақкеуде құрамында. Кеуде аяқтарының бірінші
3)2


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
жұбы жақаяғына айналған, қалғандары екі бұтақты. Желбезектері 
жоқ, карапакс арқылы тыныс алады (карапакс үш кеуде сегментін 
жауып тұрады). Соңғы жұп құрсақ аяқтарының эндоподиттерінің 
түбінде тепе-теңдік мүшелері статоцисттері орналасқан.
Аналығы жұмыртқаларын кеудесінде орналасқан тұқым 
шығарушы қалтасында алып жүреді. Дамуы метаморфозсыз, жұмырт- 
қадан шыққан ұрпақтарының ересек түрлерінен көп айырмашылығы 
жоқ.
Мизидалар органикалық қалдықтармен, балдырлармен, ұсақ 
шаяндармен қоректенеді. 500-ге жуық түрі бар. Негізгі өкілі - Mysis 
relicta Солтүстік Еуропада, Америкада салқын және таза көлдерде 
мекендейді. Mysida туысының көптеген түрлері Каспий теңізінде 
және тұщы су қоймаларында кең тараған. Мизидалардың жасанды 
суат және шаруашылықтағы балықтардың негізгі қорегі ретінде 
ерекше маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет