Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ -



Pdf көрінісі
бет204/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ -
MALACOSTRACA
Теңіздерде, тұщы суларда кең тараған, сонымен қатар құрлықта 
және паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Басқа класс 
тармақтарына қарағанда құрылыс деңгейі жоғары, сезім мүшелері 
күшті дамыған және соған сай іс-әрекеттері де күрделі, ірі шаяндар. 
Бұлардың басты ерекшелігі: дене сегменттерінің саны тұрақты, басы 
(акрон және 4 сегмент), 8 кеуде және 6 құрсақ сегменттері болады 
(Leptostraca отрядының өкілдерінде ғана өзгеше). Кейде бас 
капсуласының құрамына акрон және 4 сегменттен басқа, кеуденің I- 
ші сегменті кіреді (Amphipoda және Isopoda отрядында) немесе басы 
протоцефалон (акрон және антенна сегменті) түрінде қалады. Соңғы 
жағдайда бастың жақ сегменттері кеуденің бірнеше немесе барлық 
сегменттерімен қосылып жақкеудені (гнатоторакс) түзейді. Дене 
сегменттерінің әрқайсысында жұп аяқтары болады, тек құрсақтың 
соңғы сегментінде аяғы жок, ол тельсон (telson) деп аталатын тақтаға 
айналған (Leptostraca отрядының өкілдерінде ғана айыршасы (furca) 
бар). Ересек түрлерінде антеннальды бездер зәр шығарады. Жыныс 
тесіктері аналығының 6-шы, аталығының 8-ші кеуде сегментерінде 
ашылады. Дамуы метаморфоз жолымен немесе тура (эпиморфоз). 
19000-нан аса түрі бар.
Жоғарғы сатыдағы шаяндар класс тармағы 14 отрядқа бөлінеді, 
солардың ішінде ең көп тараған әрі маңызды отрядтарды қарасты- 
рамыз: жұқасауытты шаяндар - Leptostraca, ауызаяқты шаяндар 
Stomatopoda, мизидалар 
Mysidacea, эуфаузиялар - Euphausiacea, 
теңаяқты шаяндар 
Isopoda, бүйірімен жүзуші шаяндар немесе 
амфиподалар - Amphipoda, онаяқты шаяндар - Decapoda.
311


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Жұқасауытты шаяндар отряды - Leptostraca
8 түрі бар, ұсақ теңіз шаяндары. Жоғарғы сатыдағы шаяндардан 
төменгі деңгейлі белгілерімен көзге түседі: жұқа, қосжақтаулы пішін- 
ді карапаксы баскеуде бөлімін түгел жапқан (отрядтың аты да осы- 
дан); 8 жұп кеуде аяқтары екі бұтақты, жапырақаяқты (Phyllopoda) 
шаяндардың аяқтарына ұқсас; құрсағы 7 сегментті және соңғысы- 
ның ұшы ашалы; ересек түрлерінде тек антеннальды бездері ғана 
емес, аздап редукцияға ұшыраған максиллярлы бездері де зәр шыға- 
рады. Осындай бірқатар белгілерімен Leptostraca төменгі мен жо- 
ғарғы сатыдағы шаяндар аралығындағы байланыстырушы буын деп 
болжайды. Негізгі өкілдері: Nebalia bipes, Nebaliopsis typica. Nebalia 
туысы Силур дәуірінен белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет