ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Ostracoda класс тармағында дәл осы атты бір ғана отряд бар.
Түрлері 2000-ға жуық. Теңіздерде, тұщы суларда кең тараған, ал
оңтүстік африкалық Mesocypris terrestris ылғалды тропикалық
ормандарында топырақ бетіне түскен жапырақ астында тіршілік
етеді. Негізгі өкілдері: Cypris pubera және Heterocypris reptans, шал-
шық суларда, қоймаларда жиі кездеседі. ¥сақ өсімдік және жануар-
лармен қоректенеді. Өздері де балықтар үшін қорек бола алады.
Бақалшақты шаяндар кембрий қазбаларынан табылған. Бұлар-
дың белгілі бір түрлері бойынша геологтар мұнай қабаттарын анық-
тайды.
Достарыңызбен бөлісу: