ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
118-cypem.
Өрмекшітәрізділердің құрылысы: I - ішкі құрылысы; II - өрмекшінің ауыз
мүшелері; III - кененің ауыз мүшелері (А - арка жағынан, Б - құрсақ жағынан);
1 - хелицераның ішіндегі улы без, 2 - соруға бейімделген қарын, 3 - ішектің өсінділері,
4 - жүрек, 5 - аналық без, 6 - жұмыртқа жолы, 7 - өрмек бездері,
8 - өкпе, 9 - бауыр өзектері, 10 - остиялар, 11 - Мальпиги түтіктері,
12 - хелицераның тырнақ тәрізді буыны, 13 - хелицераның негізгі буыны,
14 - педипальпа, 15 - педипальпаның негізгі буынының жақ өсіндісі, 16 - астыңғы ерін;
III - кененің ауыз мүшелері; 1 - гипостом, 2 - хелицераның ақырғы буыны,
3 - пальпа, 4 - хелицера қаптамасы, 5 - тұмсық жағасы, I - IV пальпа буындары
Өрмекшітәрізділердің арғы тегінде құрсақ
сегменттеріндегі жетілген
аяқтарының болғаны күмәнсіз. Алайда, көптеген өрмекшітәрізділер
ұрығының дамуы барысында құрсағындағы аяқ нышандары пайда
болып, кейін дамымай сол күйінде қалады.
Хелицералылардың жабыны кутикула мен оның астындағы
гиподерма мен базальды мембрана қабаттарынан тұрады. Гиподерма
клеткаларының шығарған заттарынан құрылатын кутикула үш
қабат-
ты. Оның сыртқы қабаты жұқа, денедегі ылғалды сыртқа шығармай-
тын липопротеинді заттарға бай. Бұл құрылым хелицералылардың
331
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
құрлыққа шығуына және олардың ең
құрғақ жерлерді мекендеуіне
жағдай туғызды.
Тері эпителидің туындыларына улы бездер және усыз өрмек
бездері жатады. Біріншісі - өрмекшілерге, құршаяндарға, екіншісі -
өрмекшілерге,
жалған құршаяндарға, кейбір кенелерге тән.
Ac қорыту жүйесі
эктодермальды алдыңғы, энтодермальды ор-
таңғы және эктодермальды артқы ішектен құралған.
Алдыңғы және артқы ішектері қысқа, ортаңғысы ұзын. Алдыңғы
ішегі әдетте кеңейген, кутикуламен астарланған және күшті
бұлшық-
еттермен қапталынған, сұйық асты соруға бейімделген (насостың
қызметін атқаратын) жұтқыншақ пен қарыннан тұрады (118-сурет).
Алдыңғы ішекке шырыш бөлетін жұп сілекей бездері ашылады.
Өрмекшілерде, осы бездердің және бауырдың ферменттерінің белок-
ты ыдырату қабілеті жоғары. Өрмекші өзінің өлтірген жемтігінің де-
несіне осы бездердің сөлін жіберіп, қоректі
ішектен тыс қорытады
да, кейін қорытылған сұйықтандырылған қоректі сорып алады.
Осылайша, қорытылған қорек жұтқыншақ пен қарын арқылы
ортаңғы ішекке түседі. Ортаңғы ішектің құрсақтағы бөлігіне бауыр-
дың өзектері ашылады, ол ас қорытатын ферменттерді бөледі және
қоректі
сіңіруге көмектеседі, сонымен қатар бауыр клеткаларының
ішінде ас қорыту процестері де өтеді. Ортаңғы ішектің тұйықталып
аяқталатын тармақтары, өздерінің сілекей шығару әрекетімен қатар
ішектің
сорғыш беттерін кеңейтіп, асты сіңіруге көмектеседі. Артқы
ішегі аналь тесігімен сыртқа ашылады. Өрмекшітәрізділердің көп-
шілігі
жыртқыштар, бірақ омыртқалы жануарлардың қанымен,
өсімдіктердің шырынымен және өсімдіктердің қалдықтарымен
қоректенетін түрлері де бар.
Достарыңызбен бөлісу: