ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
116-cypem.
Алып қалқаншалылар - Gigantostraca: A - Eurypterus fischeri (арқа жағынан);
Б - Mixopterus kiaeri (Штремер реконструкциясы бойынша); В - Setimonia acuminata
(құрсақ жағынан); Г - Setrabops thacheri (Клерк және Рюденену бойынша)
ӨРМЕКШІТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ
ARACHNIDA
Өрмекшітәрізділер құрлықта тіршілік ететін, өкпемен немесе
трахеямен тыныс алатын буынаяқтылар. Денелері
баскеуде және
құрсақ болып екіге бөлінеді. Ал кенелерде (Асагі) баскеуде мен
құрсақ бөлімі бірігіп кеткен. Баскеуде бөлігінде 6 жұп аяқтары орна-
ласқан, оның бір жұбы ауыздың үстінде, ал қалған 5 жұбы ауыздың
артқы жағында орналасқан. Аяқтарының алғашқы жұбы хелицера-
лары (сһеіісегае) қысқарған екі-үш буыннан тұрады, ол қысқыш
немесе тырнақ тәрізді. Көпбуынды аяқтарының екінші жұбы
пышақтәрізді және олар қорегін ұстау мүшесінің қызметін және сезу
қызметін атқарады бұлар педипальпалар (pedipalpi), ал қалған
4 жұбы жүргіш аяқтары.
Денесінің артқы бөлігі - құрсақ әдетте сегменттелген. Өрмек-
шітәрізділер қласында оншақты отряд, 60000-нан астам түрлері бар.
Үзындығы 0,1 мм-ден 17 см-ге дейін.
Құрылысы мен физиологиясы. Өрмекшітәрізділердің денесі екі
бөліктен: баскеуде және құрсақтан тұрады. Баскеудені акрон және
328
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
көбірек сегменттелген. Құршаяндарда да баскеудесі біріккен,
құрсағы 12 сегментті (Gigantostraca сияқты), ол 7 сегментті жалпақ
алдыңғы құрсаққа және жіңішке 5 сегментті артқы құрсаққа бөлі-
неді. Денесі уы бар, имек инелі тельсонмен аяқталады (117-сурет).
Мұндай сегменттелу жалған құршаяндарға, пішеншілерге, кейбір ке-
не түрлеріне және буынқұрсақты өрмекшілерге тән (бұларда құрса-
ғы екі бөлімге бөлінбейді). Дене сегменттерінің бірігуінің тағы бір
кезеңі
көптеген өрмекшілерде және кейбір кенелерде байқалады.
Оларда баскеуде ғана емес, сонымен қатар құрсағы да буындарға
бөлінбеген, бірақ өрмекшілерде олардың арасында қысқа және тар
жіңішке мықын болады, олар дененің 7-ші сегментінен пайда болған.
Дене сегменттерінің толық бірігіп, тұтасып кетуі кене отрядтарының
өкілдерінде байқалады.
Жоғарыда көрсетілгендей, баскеудеде 6 жұп аяқтары орналасқан.
Олардың алдыңғы 2 жұбы қоректі ұстау және оны ұнтақтау қызметін
атқарады
бұларды хелицералар және педипальпалар деп атайды.
Хелицералар ауыздың алдыңғы жағында орналасады, өрмекшітәріз-
ділерде олар қысқа қысқыш түрінде болады (сольпугалар, құршаян-
дар, жалған құршаяндар, пішеншілер, кейбір кенелер т. б.). Кейде
хелицералар тырнақтәрізді қозғалмалы буынымен аяқталады (өрмек-
шілерде) немесе стилет сияқты болады. Ол (кенелерде) жануарлар-
дың денесін тілу қызметін атқарады, сол арқылы олар қоректенеді.
Хелицералар әдетте үш буыннан түрады, ақырғы буыны қысқыштың
қозғалмалы бармағының қызметін атқарады.
Екінші жұп аяқтары - педипальпалар, бірнеше буыннан тұрады
(118-сурет). Шайнайтын өсінділердің көмегімен педипальпаның
негізгі буынында қорек ұнтақталып майдаланады, содан кейінгі
буындар қармалауыш, ұстағыш қызметін атқарады. Кейбір өкілде-
рінде (құршаяндар, жалған құршаяндар) педипальпалар күшті ұзын
қысқыштарға айналған, ал кейбіреулерінде жүру аяқтарына ұқсас.
Қалған 4 жұп (6-7 бунақты) баскеуде аяқтары жүру қызметін
атқарады.
Өрмекшітәрізділердің құрсағындағы аяқтары дамымай түрі
өзгерген күйінде сақталады. Мысалы, құршаяндар құрсағының бірін-
ші сегментінде жұп жыныс қақпақшалары, екіншісінде сезу мүшеле-
рінің қызметін атқаратын жұп айдарлы, тарақтәрізді қосалқылары
бар. Сондай-ақ құршаяндардың, жалған құршаяңдардың, кейбір өр-
мекшілердің өкпе қапшықтары, өрмекшілердің өрмек жіптерін
бөлетін өрмек сүйелдері де аяқтарының өзгеруінен пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: