ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
121-cypem .
Өрмекшінің жүру аяғы және өрмек сүйелдері: A - жүру аяғы;
1 - сан, 2 - тізе, 3 - сирақ, 4 - табанның негізгі буыны, 5 - табанның соңғы буыны,
6 - тырнақшалар; Б - өрмекшінің өрмек сүйелдері; 1 - бірінші жұбы,
2 - артқы жұбы, 3 - ішкі жұбы, 4 - аналь тесігі, 5 - стигма
безі құрсағында орналасқан және көптеген түрлерінде жұп болады.
Көбіне оң және сол гонадалары қосылған. Құршаяндардың аталық-
тарында екі ұрық бездері болады (әрқайсысы жалғасқан түтік), ал
аналықтарында аналық безі біртұтас. Ол біріккен үш түтіктен
тұрады
(122-сурет). Өрмекшінің аталық және аналық бездері әдетте жұп
болады, кейде аналықтарында ұрық бездері соңғы жағында бүтін
гонадаға біріккен. Гонадалардан әрқашан жұп жыныс тармақтары
шығады да, олар құрсақтың алдыңғы жағында қосылып жыныс тесігі
арқылы сыртқа ашылады. Барлық өрмекшітәрізділердің жыныс тесігі
құрсақтың бірінші сегментінде ашылады. Аталықтарында әр түрлі
қосымша бездері, аналықтарында ұрық қабылдағышы дамиды.
Дамуы.
Өрмекшітәрізділердің
арғы тегінде болған сырттай
ұрықтанумен қатар, оларда іштей үрықтануда дамып қалыптасқан.
Қарапайым түрлерінде сперматофора арқылы ұрықтануы болса,
күрделі құрылысты формаларында копуляция кездеседі. Сперма-
тофор ішінде белгілі бір мөлшерде түқым сұйықтығы бар бөлінген
аталық қапшық. Қапшықтың ішіндегі сұйықтық сперманы ауада
құрғап кетуден сақтайды. Жалған құршаяндардың
және кенелердің
көп түрлерінің аталықтары өздерінің сперматофораларын топыраққа
тастайды, ал аналықтары оны өзінің сыртқы жыныс мүшесімен іліп
алады. Екеуі де сол кезде соған тән қозғалыс жасап “махаббат” биін
Достарыңызбен бөлісу: