ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
38-cypem .
Stomateca гидроидтың дамуы: А - бластула;
Б-В - вегетативтік полюсіндегі клеткаларының біртіндеп бластоцель
қуысына көшуі (иммиграция әдісі бойынша); Г - паренхимула
полюсіндегі клеткаларының біртіндеп бластоцелъ қуысына көшуі
(иммиграция әдісі бойынша) арқылы жүзеге асады. Ең соңында
бластоцель қуысы, энтодерманы түзейтін бір текті клеткаларға то-
лып, ұрық осы күйде паренхимула деп аталатын личинкасына айнала-
ды. Ол губкалардың паренхимула личинкасына ұқсас (38-сурет).
Кейін паренхимуланың энтодермальды
клеткаларының бір
бөлшегі ыдырап, сол жерде келешек гастральды қуысының бастамасы
шұңғыл пай да болады. Осы сатыда паренхимула, ішекқуыстыларға
тән планула личинкасына айналады.
Планула сопақша келген, денесі кірпікшелермен қапталган,
соның
көмегімен суда біршама уақыт еркін жүзіп жүреді де, су түбіндегі
субстрактқа бекінеді. Оның ауыз тесігі, қармалауыштары, гастраль
қуысы қалыптасып, кос қабатты
құрылысты жас гидрополипке
айналады. Ол өсіп, жыныссыз көбеюдің нәтижесінде гидрант және
медузалық бүршіктерді беріп колония құрайды. Сөйтіп теңіз ги-
дроидты полиптер ұрпақ алмасу (метагенез) жолымен, яғни жыныс
сыз көбею мен жынысты көбеюдің кезектесіп отыруы арқылы дамиды.
Осындай даму кезінде құрылысы мен көбею әдісі жағынан ерекше-
ленген екі түрлі ұрпақ алмасады. Біріншісі гидрополиптер,
бекініп
тіршілік ететін, тек қана жыныссыз жолмен көбейіп полиптер мен
медузаларды қалыптастыратын формалар. Екіншісі - гидромедузалар,
еркін тіршілік ететін, тек қана жынысты жолмен көбейіп
гидрополиптерді қалыптастырады. Осыган
орай гидрополиптік ұрпақ
жынысты жолымен пайда болады да, өзі жыныссыз көбейіп
106