Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау



Pdf көрінісі
бет116/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген 
тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал 
ететін фактор. мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол 
материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік 
беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бағалау оқыту үшін бағалау 
және оқытуды бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау әр сабақта жүзеге асатын 
үрдіс. Формативті бағалау сабақ барысындағы барлық іс - әрекет бойынша оқушының 
білім, білік деңгейіне қоса дербес ойлауы, түсінігі, тіпті тәртібі т. б. бағаланады. Ал, 
сумативті бағалау немесе жиынтық бағалау оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, 
білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің өлшемі. 
Жалпы, бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды: 
Бақылау; 
Алынған мәліметтердің интерпретациясы; 
Бұдан арғы іс - әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. 
4. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияның тиімділігі - келешек ұрпақтың жан - 
жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын 
педагогикалық 

психологиялық 
жағдай 
жасауында. 
Сондай - ақ, интерактивті тақта арқылы әр түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындау, 
мәтіндермен, жаңа сөздермен түрлі жұмыстар жүргізуде, сөздерге талдау жасауға, 


246 
уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың ынтасын арттыруға қажетті әрі пайдалы 
құрал. Әр түрлі тест тапсырмаларын жүргізіп, оқушылардың білім сапасын бақылауда да 
компьютерлік технологияның үлесі зор. 
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы 
қалыптасатын қасиет. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір 
қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің 
мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, 
тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе 
алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана 
айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы 
бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының 
шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың 
арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің 
нәтижесін 
есте 
ұстағаны 
жөн. 
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста 
өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету - оқу 
бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту 
арқылыжүзегеасады. 
“…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар 
дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып 
құртып 
тынады
”. 
(Плутарх) 
Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет