Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер



Pdf көрінісі
бет115/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер:
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу» және 
метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырады. Білім беру әдістері ішінде 
ерекше орын алатыны - диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс 
қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Әр түрлі 
тақырыпта диалог құрғызу мынадай нәтиже береді: 
*сабақта белсенділік жоғарылайды; 
*сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды; 
*дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады; 
*оқуға қызығушылықтары артады; 
«Қалай оқу керектігін» үйретудің қозғаушы күші метатану болып табылады. 
Метатану индивид қалай ойлайтынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін 
түсінеміз. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және ойлау нәтижелерін 
сабақта қолдана алу үдерісі болып табылады. Бұл үрдісінде мұғалім оқушыға: 
- білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге; 
- жеке ойлау үрдісін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге; 
- міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға; 
- нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі. 
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.


245 
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? 
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол: 
шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау; 
күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімге қабылдауға құштарлық; 
үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінінің 
сеніміне негізделген құрылым. 
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану төмендегідей нәтиже береді: 
- білім алушының белсенділігін арттыру; 
- пәнге қызығушылығын ояту; 
- өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру; 
- зерттеуге икемділігін дамыту; 
- сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру; 
- білім алушылар бір - бірімен қарым - қатынас жасай біледі; 
- басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға. 
Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып 
дәлелдерді талдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет