Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту



Pdf көрінісі
бет117/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
Еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада дәлелденген. 
Мысалы, төрт жасар балалар көп сұрақ қояды және «қайда», «не», «кім», «неге», «қашан» 
сияқты көптеген сұрақтар пайдаланады. Олар бес сөзден тұратын сөйлемді пайдалана 
алады және олардың 1500 сөзден тұратын сөздік қоры бар. Бес жасар балалар бағыныңқы 
бөліктері бар алты сөзден сөйлем құрай алады және 2000 сөз пайдаланады.. бірінші сынып 
оқушылары 6000 сөзге дейін пайдаланады, ал ересектер 25000 сөз пайдаланады және 50 
000 сөз біледі. 
Жалпы шәкірт бойына білім нәрін сіңіруде ең бастысы оқушының жас 
ерекшеліктерін ескеру қажет. Топтық жұмыс немесе диалог барысында оқушының жас 
ерекшелігін ескере отырып жұмыстану - бұл мұғалімнің жан - жақты ойластырылған 
шеберлігін қажет етеді. 
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде 
технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне 
көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және 
бақылау деп түсіну керек. Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу 
үшін алдыма мынадай мақсат қойдым: заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы 


247 
кең, 
шығармашылық 
қабілеті 
дамыған 
жеке 
тұлға 
қалыптастыру. 
Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім: 
- жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу; 
- шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; 
- өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу; 
- өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу. 
Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, 
өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас 
ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық 
материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының 
шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, көшбасшылық қабілеттер шығармашылық 
елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, 
жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып 
отыратыны 
анық. 
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр 
құя алады», – деп айтқан. Мұны менің ойымша әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. 
Әдебиеттер: 
1)
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа 
жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбындағы 2015 жылғы 
30 қарашадағы Жолдауы. 
2)
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру 
бағдарламалары мен технологияларын енгізу: әдістемелік нұсқаулық. Астана, 
2013 ж. 
3)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы « 13 » мамыр № 292 
қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарты» 
4)
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның 
үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы. 
5)
«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға 
арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж 


248 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет