249
1. Даралық факторы
, ол болашағы зор, айрықша идеяларды тудыруды анықтайды.
Бұл – әдеттегі іс-әрекеттер аясынан шығып, бұрын игерілген білімге ұқсамайтын жаңа
нәрсені тани және пайдалана білу қабілеті. Яғни айтылған ойлардың ерекшелігі,
даралығы, интеллектуалдық даралыққа ұмтылу.
Шапшаңдық – әрқилы мәселелерді жағдайдың даму бағытын ескере отырып, теза
арада асқан дәлдікпен шеше білу қабілеті.
Идея шаршаңдығы – аз уақытта мейлінше көп идеяларды тудыру қабілеті.
Ассоциациялау жылдамдығы – идеялап арасындағы ассоциацивтік байланысты
жүзеге асыру.
Сөйлеу жылдамдығы – екінші сигналдық жүйемен, сөйлеу әрекетінің дамуымен
тығыз байланысты.
Ой жылдамдығы – әр сатының бірізділігін ұстану негізінде тез шешім қабылдау.
2. Икемділік факторы
– бұл белгілі бір түрдің өзгеруі: пікірдің, түсіндірудің,
міндеттерді орындау стратегиясының, ойлау тәсілдерінің өзгеруі.
Семантикалық кездейсоқ икемділік, яғни кездейсоқ жағдайларда әр түрлі күтпеген
ойларды ойлап, жүзеге асыру қабілеті.
Стихиялық икемділік – бір құбылыстан екінші құбылысқа жеңіл әрі жылдам өте
білу қабілеті. Бұл ақпараттарды іздеуге қажетті маңызды қабілет болып табылады.
Бейнелік-бейіндік икемділік, яғги объектінің (қоршаған ортаның) байқалмайтын,
құпия, жаңа қырларын көре білу қабілеті.
Семантикалық икемділік, яғги объектіге жаңаша көзбен қарау, оның жаңа
қолданысын табу, тәжірибедегі қолданылу аясын кеңейту.
3. Табандылық
– адамның алдында тұрған міндеттерді шешуге жауапкершілікпен
қарауы [3].
Жоғарыда айтылған көзқарастарды жинақтай келе, педагог-психолог қызметінің
неғұрлым өнімді стратегияларын таңдауда жаңа идеяларды генерациялауда, бірегей,
стандартты емес міндеттерді практикалық шешу жолдарын іздеуден тұратын,
интеллектуалдық белсенділіктегі жеке тұлғаның қасиеті ретінде оны көрсете отырып, бізді
қызықтыратын кәсіби салаға қатысты шығармашылық ойлауды айқындауды нақтылауға
септігін тигізді.
Болашақ педагог-психологтың креативті ойлауының тұжырымдалған түсінігі -
креативті ойлаудың даму моделін әзірлеуге және енгізуге мүмкіндік берді (1-суретті
қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: