Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет15/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Қыпша бел – 
жіңішке бел деген мағынада қолданылған. 
24Көз ұшына кетіп ұзап алып, ылғи жапа – жалғыз шауып отырған(4-бет) 
Көз ұшына – 
алыста жырақта дегенді білдіреді. 
25.Әкесінің ат жақты келген, ұзын соқпақ басының құлақтан жоғары жері қаз 
жұмыртқасындай көрінді. (18-бет) 
Ат жақты – 
бет – әлпеті сопақша келген адам туралы айтылған. 
26.Абай әкесінің жаңағы «дарға асу» деген жердегі аяздай суық пішінін еске алды. 
Суық пішін – 
ренішті бет мағынасында. 
27.Құдай жүзін көрмейтін сендердің, қос қара бет. (32-бет) 
Қос қара бет – 
арсыз, ұятсыз деген мағынада айтылған. 
28.Бір Қарқаралы қаласының алақандай аясының ішінде болғанмен, соншалық 
керғар. Тіпті дүниенің төрт бұрышындай алшақ жатыр. (114-бет) 
Дүниенің төрт бұрышындай – 
барлық әлем, күллі жер жүзі деген мағына. 
29.Асығыс жүрген аттылар үн шығармай, дыбыс бермей тұп – тура қоян – қолтық 
аралас келді. (287-бет) 
Қоян – қолтық – 
аралас, өте тығыз келді деген мағынада. 
30.Өзінің сол күні аққан ыстық жасы, қасірет жасы да есіне түсті. (137-бет) 
Ыстық жас – 
сағынышты, өксік жас деген мағынада. 
Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі тарихи 
бел – белестер, ұлы өзгерістер ұрпақтан – ұрпаққа тіл арқылы жетеді. Ұлт мәдениетінің 
негізгі көрсеткіші - көркем әдебиеттің де шынайы болмысы, шеберлігі оны тілі арқылы 
көрінеді. Ал осы тілдің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды 
бөлігі – фразеологизмдер болғандықтан, әлем жұртшылығы ХХІ ғасырдың табалдырығын 


35 
аттаған бүгінгі таңда әдеби тілдің фразеологиялық қорын зерттеудің теориялық және 
практикалық жағынан да негізі бар. 
Тіл зерттеушілерінің айтуынша, сөз жасаудағы қатенің ең жиі кедесетін түрі 
фразеологизмдерді тап басып таба алмағанымыздан, орынды қолдана білмейтінімізден. 
Оның бір себебі – оқырман қолында жол сілтеп, жоба көрсететін, бағдар алатын көмекші 
тіл құралдарының болмауынан. Тілдің інжу – маржанындай көрінетін сөз орамдарының 
қаймағын бұзбай орынды жұмсау – тіл мәдениеттілігін, сөз сапасын көрсететін жайт. 
Қорыта айтқанда, «халықтың рухани творчествосының жемісі, тілдің ажарын 
кіргізетін, оның құдіретін арттыра түсетін, ойды бейнелеп, астарлап, өзіндік 
нақышымен жеткізетін, ата-бабадан мұра ретінде келген сөз қазынасының дайын 
қолданылатын үлкен саласы фразеологизмдер этнос тілінің құрамдас бөлігі 
болғандықтан, оларға этнолингвистикалық талдаудың ғылым үшін құндылығы ерекше. 
Адамзат тарихын өз бойына сақтаған халықтың фразеологиялық қорында 
философиялық ойлары, дүниені танып-білуі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық мәдениеті көрініс 
тапқан» [6, 57-58]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет