36
ғұлама Қалжан, ахундар мен ишандар Мәдіқожа, Сейіт, Құлболды, Марал ишан елдің
тұтастығы мен бірлігін сақтаған Бостай, Шортанбай,
Алданазар, Мысық билеріміз бен
шешендеріміздің өмір кешкендеріне бірнеше ғасыр өтсе де, халқымыз олардың есімдерін
атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.
Сыр өңірінің бірнеше тарихи тұлғаларына тоқтала кетсек, Қорқыт Ата - ұлы
ойшыл, философ, ақын, сазгер, өз заманының білгірі. Қорқыт Ата – түркі халықтарына
ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы
қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда
әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария
бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге
келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи
шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік
шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95
жасқа келіп қайтыс
болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын
Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде
Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде
ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады [4].
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) –
мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған.
Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі
ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді.
Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді.
Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті
мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме,
шешендік
сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов,
Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың
ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында
Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай
ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-
қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып,
аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы
«өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан
да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов) [9]
Нысанбай жырау Жаманқұлұлы, Ашамайлы Керейіт, Сыр елінде қазіргі
Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы Аққошқар елді мекенінде шамамен 1821-
1822 жылдары туып, 1870 жылы Құлтары түбегінде қайтыс болған. Нысанбай өз кезеңінде
дауылпаз
ақын болған, Абылайханның ақыны болған Бұқар жырау сияқты көреген,
жауынгер ақын. Оның есімі Кенесары Қасымұлы бастаған азаттық күресін жырға қосқан
«Кенесары-Наурызбай» дастаны арқылы бүкіл қазақ еліне тарады. Дәстүрлі батырлар
жыры ізімен жырлай отырып, халық үнін де бейнелеген.[3, 10 б].
Тәттімбет Бұлғақұлы (шамамен 1700, қазіргі Қызылорда обл.-1764, сонда) – белгілі
батыр би, елші. Кіші жүздің Қаратамыр руынан шыққан. Әбілқайыр хан 1732 жылы
желтоқсанда Ресей патшайымына екінші елшілігін аттандырды.Елшілікке Кіші жүзден
Тәттімбет 1734 жылы Петербургке қаңтар айында барып, ақпан айында патшайым Анна
Иоанновнаның қабылдауында болды. Қазіргі ұрпақтары Қармақшы, Ырғыз, Тамды
өңірлерінде тұрады. [5, 216 б].
37
Әйтеке Байбекұлы (1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен
үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлімұлы тайпасының төртқара
руынан шыққан. [6] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл
парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл
әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі.
Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы.
Әйтеке бес
жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі
ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын
өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты
қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту
мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен
туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен. [7].
Мұстафа Шоқай 25 желтоқсан, 1890 жылы Ақмешіт уезі, Наршоқы ауылында
туған. Көрнекті
қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының жетекшісі.
М. Шоқайдың соңында бай мұра қалды. Атап айтсақ, олар 1917 ж. Ташкентте «Ұлұғ
Түркістан», Қоқанда «Жаңа Түркістан», 1919 ж. Тбилисиде «Вольные горцы», «На
рубеже», 1921 ж. Стамбулда «Шөбнәме газетасы» газеттерін, сондай-ақ «Жаңа дүние»
(1920), «Жаңа Түркістан» (1927–1937), «Түркістан» (1935), «Орта Азия» (1928) секілді
француз, түрік, орыс тілдерінде кітаптар,
Достарыңызбен бөлісу: