347
Қызылорда облысында демографиялық жағдайды оңтайлы шешу үшін төмендегі
ұсыныстарды айтқым келеді:
облысымыздағы халық санын арттыру үшін ең алдымен туу көрсеткішін көтеру
қажет. Ол үшін босанатын және босанған әйелдерге төленетін демалыс ақысын жоғарлату
керек;
көп балалы отбасыларға әлеуметтік және салықтық жеңілдіктер беру, мысалы жер
учаскелерін бөлуде көп балалы отбасыларды ерекше есепке алу;
Соңғы жылдары шырқау шегіне жеткен қыздармен әйелдердің денсаулығына,
халықтың генақорына үлкен зиянын тигізіп отырған жасанды түсік жасату індетін алдын
алу, азайту үшін шаралар қолдану;
өлім көрсеткішін көтеріп отырған нәрестелердің денсаулығын қадағалауға
мемлекет тарапынан көмек көрсетілуін;
ішкі және сыртқы көші-қон процесстерін реттеу арқылы халықтың бірнеше
аймақта ғана шоғырланбауын қамтамасыз ету, ауыл мен қала тұрғындарының ара
қатынасын тұрақты өсуге ыңғайлы деңгейге келтіру;
халықтың табиғи өсуіне кері әсерін тигізіп отырған негізгі фактор ауылдық
аймақтардағы кедейлік проблемасын жою.
Жалпы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев әлем халқының
демографиялық ахуалына қатысты мынадай мысалдар келтірді: «Жаһандық
демографиялық теңгерімсіздік күн өткен сайын күшейе түсуде. Жалпы әлемдік тренд –
адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан кейін алпыс жастан асқан адамдардың саны 15-ке
толмағандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елдерде
еңбек
нарығындағы
проблемаларға,
атап
айтқанда,
еңбек
ресурстарының
жауапкершілігіне сөзсіз әкеледі. Шиеленісе түскен демографиялық теңгерімсіздік жаңа
көші-қон толқындарын туғызып, күллі әлемде әлеуметтік шиеленісті күшейте түсті. Біз
жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас – 35. Бұл біздің адамдық әлеуетімізді сақтауға, әлемде
өзіміздің дұрыс орнығуымызға зор мүмкіндік береді. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде
жақсы негіз бар» [6]. Яғни, елдігімізді сақтауымыз үшін қазақ халқының саны өсуі керек.
Оған мемлекет тарапынан жағдайлар жасалуы қажет. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі баянда
болуы үшін демографиялық саясаттың механизмдерін жетілдіруіміз керек деген ойын
қолдаймын.
Достарыңызбен бөлісу: