Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ МӘҢГІ ТІРЕГІ



Pdf көрінісі
бет165/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ МӘҢГІ ТІРЕГІ 
 
Орынтай Н.,
 
Гейдарова Г.А. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Еліміз тәуелсіздік алғалы ширек ғасырдан астам уақыт болыпты.Өзге мемлекеттер 
қызыға қарайтын береке,бірлік, тыныштықтың болуы - өзара достық қатынастың жемісі. 
Тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы ретінде саналатын – 
халқымыздың тілі. 
Тіл - қандай да болмасын ұлттың баға жетпес қазынасы,ұлттық санамен 
байланысты мақтан тұтар ардақтысы. «Тілден тілдің кеңдігі болғанмен, кемдігі жоқ » 
деген ізгілікті тұжырым бекер емес. Өз халқының қадір-қасиетін ұға білген әрбір адам ана 
тілін аяқ асты етпейді, өзге тілді де өзекке теппейді.Тіл болашағының жарқын болуы 
саналы да қуатты жастардың қолында. Әр халықтың тағдырына жауапты қазіргі жас буын 
еліміздің болашағының иесі екендігін естен шығармағанымыз жөн. Себебі, өркениетке 
құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. 
Кез келген ұлттың, халықтың ең басты байлығы – сол халықтың ана тілі. Біздің ана 
тіліміз тек бір халықтың тілі ғана емес, мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің 
бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл 
болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы 
тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабына сәйкес Қазақстан 
Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және 
саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатын қазақ тілі-
халықтың ұлттық тұтастығы мен бірлігін, келісімі мен бейбітшілігін сақтап, оны 
нығайтуға қызмет етіп келе жатқан тілі. 
Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы 
өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. 
Өйткені тіл - біздің ана тіліміз - Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымызбен қатар біздің 
елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997 
жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан 
бері қарай мемлекеттік тіл болып - Қазақ тілі болып белгіленді. Мемлекеттік тіл шын 
мәнінде ұлттық саясаттың өзегі, діңгегі дейтін болсақ, қазақ тіліне басымдық беріп, оны 
техника, экономика, саясат тіліне айналдырған жөн.Тілді дамытуда бұқаралық ақпарат 
құралдарындағы қазақ тіліндегі ақпараттардың маңызы зор және тілді дамытуға, оның 


365 
қажеттілігін арттырып, мәртебесін биіктетуге әрбір Қазақстан азаматы атсалысуға 
міндетті. 
Мемлекеттік тіл мәртебесіне Қазақстанда тұратын, ауасымен демалып, суын ішіп, 
топырағын басқан кез келген азамат өз үлесін қосуы – азаматтық және адамдық борышы 
саналады. 
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог - 
Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі 
қазақ халқына Жолдауында «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін 
дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, 
ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ, мұндай дәрежеге 
жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек»,- деді. 
Осы сөздері арқылы Президент ұлтжанды, ұлтын сүйетін азаматтарды,сонымен 
қатар, қазақ халқымен ғасырлар бойы қоян-қолтық туыстық қатынаста өмір сүріп келе 
жатқан басқа да ұлт өкілдерін мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде бірлесіп жұмыс 
атқаруға шақырды. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілін дамыту,оның 
қолдану аясын кеңейту, дамуы мен жетілуіне жан-жақты қамқор жасау күн тәртібінен 
түспейтін маңызды мәселелердің бірі. Осындай мемлекеттік маңызды мәселені жүзеге 
асыру үшін арнайы қабылдаған бағдарлама мен іс-шараларды тұрақты түрде жүргізу, 
күнделікті жұмыс барысында мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру бәрімізге ортақ 
міндет. 
Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері өз отбасымен мемлекеттік тілді білуге үнемі 
үндеп отыруы қажет.Сонда ғана тіл үйренуге деген қажеттілік туып, оның мәртебесі биік, 
қолдану аясы кеңейе түседі.Сонымен қатар, тілдің маңызын толыту, қолдану аясын 
кеңейту мақсатында елімізде жыл сайын маусым, қыркүйек айында дәстүрлі тілдер 
мерекесі, арнайы іс шаралар байқаулар т.б. өтеді. 
Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында 
көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге 
тілдердің дамуына еш нұқсан келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау - қамқорлық 
аясын тіпті де тарылтпай, қалай дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізін 
құраушы, ел-жер иесі қазақ халқының ұлттық тілі - қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің 
мүддесін мейлінше кең көздеуге маңыз береріміз белгілі. Бұл - әр қазақстандықтың 
қастерлі парызы. 
Біздің тіліміз бен мәдениетіміздің дамуы еліміздің өркендеп өсуімен тығыз 
байланысты. Олай болса, мемлекеттік тілді білу, оған құрмет- пен қарап оны күнделікті 
өмірде қолдану тұрмыс-салтымыздың, мінез-құлқымыздың бөлінбес бөлігі болуы қажет. 
Барлық күш-жігерімізді, достығымызды нығайтуға жұмсау керекпіз. Ұлтаралық бірлік – 
отандастарымыздың басты байлығы екендігін ұмытпауымыз керек. Тіл мен қарым-
қатынас біріккенде ғана сыйластық, достық, адамгершірілік пайда болады. Мемлекеттік 
тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді. Сонда ғана «тіл мәртебесі - ел мерейі» деп 
мақтанышпен айта аламыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегенмен тіл мәртебесінің 
өркендеп, дамуы алдымен қазақ халқына байланысты. 
Сөзімді қорытындылай келе, қазіргі таңда адамдар жетістікке жету үшін кемінде 
үш тіл білуі керек санаймын. Ең бірінші кезекте адам толықтай өзінің ана сүтімен берілген 
ана тілін жеткілікті білуге міндетті. Екіншіден, өзінің тұрып жатырған елінің мемлекеттік 
тілін білуге, үшіншіден, егерде тұлға адамзат дамуынан артта қалғысы келмесе 
халықаралық қарым-қатынас тілін білуге міндетті. 
Әдебиет 
1. Дүйсебай Д. Тіл туралы талғам. Астана, 2007ж. 
2. Осман А.Ә. Тіл тәуелсіздігі - ел болашағы. Алматы, 2011ж. 
3. Айтбаев Ө., Уәлиев Н. Ана тілім ардағым. Алматы, 1990ж. 
4. Уәли Н., Қыдырбаев Ө. Қазақ тілі. Алматы, 2006ж. 
5. Бизақов С. Синонимдер сөздігі. Алматы, 2007ж. 


366 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет