ШАНАШ
1.
(Ақт.,Ырғ.;
Қ.Орда,
Сыр.;Алм.:Кег.,Шел.,Қост:Аман.,Жанг.;Маң.,Маңғ.)
теріден
жасалған
ыдыс,қап.
2.
(Алм.:Кег.,Шел.,Жам.)
торсық, мес, сусын құятын ыдыс.
Мысалы:
Онсыз да сіркесі су
көтермей тұрғанда, мына жексұрынның бөрік асты буланып тұратын ақ
шанаш
басы
жынына тимесі бар ма.
СЫРҒАУЫЛ 2.
(Алм.;Кег.,Шел.)
сүйреткі құрал.
Мысалы:
Бұрынғы заман
болғанда портта тұрған кемелердің ұзын-ұзын
сырғауылдары
қаладағы биік үйлердің
бәрінен бой асырып, анадайдан аңдыздап-аңдыздапқоя берер еді.
(28 бет)
ҚАҚПЫШ 1.
(Қарақ.;Орал,Жән)
кепкен(балық,ет).
Мысалы:
Кендір жіпке көзінен
тізген
қақпыш
балықты алғаннан кейінгінің аржағында не болатыны белгілі: көре қал,
ол енді беті бүлк етпестен салып ұрып, бензин беретін дөкейдің дәл өзіне жетіп барады.
ТОР 1.
(Түрікм.:Қиян.,Бекд.,Қулы.,Красн.)
балық аулайтын ау
,
жапқыш,
жамылғыш.
Мысалы:
Бүгін жайған
торды
ертеңіне елең-алаңда барып тарайды.
АРҚАЛЫҚ 3.
(Гур.:Тең.,Маңғ.;Қ.орда,Арал;Рес.,Волг.)
аудың үстіңгі арқаны.
Мысалы:
Шынында да, араға бір-екі күн түссе, мына кілегей мұздың көбесі қатайып,
судағы аулардың
арқалығы
жас мұзға жабысып қатып қалары анық.
БҰРАУ 2.
(Қ.орда,Қарм.)
түйеге артылған жүк ауып бара жатқанда,оны
теңестіріп,аумайтындай ету үшін жүктің арқанын бұрап қоятын қысқа, оқтаудай ағаш
не балға сабындай мықты жыңғыл, сексеуіл, тобылғы,т.б
Достарыңызбен бөлісу: |