Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет237/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. http://artpsy. kz/eliktirer-subm-deniet-pedagogikaly[1] 
2. Имангалиева А. , Омиржанова А. Жастардың арасындағы Батыс субмәдениеті 
және оның Қазақстанға ықпалы// ҚазҰУ хабаршысы, 2015 ж
3. 
https://articlekz. com/kk/article/17256
 
4. 
kk. wikipedia. org [5]
6. 
Айтматов, Ш. Т. 
 Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. // Ақиқат. - 2013. - № 10. - 
С. 114.
7. Тоқбаев А. Қ. 
Мемлекеттік тілді үйретудің өзекті мәселелері
// ҚазҰУ хабаршысы 
= Вестник КазНУ. Филология сериясы, 410-415 б. 2017. - № 1 
8. 
Басымбек, Н. 
 Жастар субмәдениетінің қоғамдағы рөлі мен әлеуметтік мәні // 
Әлеуметтік педагог-Социальный педагог. - 2011. - №3. - С. 47 - 48. [3]¡ 
9. 
https://stud. kz/referat/show/19412[4]
10. 
https://cyberleninka. 
ru/article/n/deviatsii-v-subkulture-sovremennoy-rossiyskoy-
molodezhi[6] 
МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 
ӘДІСНАМАЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Шералхан П.Н., Койшыбаева К.Б. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Қазіргі білім беру жүйесінде мектептің психологиялық қызметі қарқынды дамып 
келе жатыр. Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты –
дамудың және оқу-
тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни 
білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған 
психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің 
осы күнгі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру 
мен құру және жүргізу.
Осыған байланысты шешуді талап ететін маңызды мәселелер бар. 
Біріншіден ол психологтың мектептегі статусы, оның құқықтары мен міндеттері
жауапкершілігі мен этикасы, жұмыс бағыттар мен құжаттары мәселесі толық белгіленуі 
тиіс [1].
Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін 
психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын 
қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу. 
Мектептің педагогикалық ұжымы психологтермен тікелей байланыс орната 
отырып, баланы түсініп оларды психологиялық жағынан зерттеп, біліп түрлі бағытта 
жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда ешқандай мектеп балалардың жан дүниесін, ішкі 
сырын, жеке басының тәртібін, олардың ата-анамен, ұстаздармен қарым-қатынасын, 
балалардың өзара қарым-қатынасы, олардың арасында болатын түрлі конфликтілерді 
психологсыз шешу мүмкін емес. 


525 
Психолог баланың жас ерекшелігіне байланысты: 
1. Психодиагностикалық 
2.Психопрофилактикалық 
3.Психокоррекциялық 
4.Психологиялық ағарту, кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. 
Бұл жұмыстардың мазмұны, оның түрі, формасы балаға оның оқу-тәрбиесіне, жеке 
басының қалыптасуына, әлеуметтік ортасына және мектептің мәселесіне байланысты 
болып келеді [2].
Психологиялық қызметтің міндеттері: 
1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру 
(мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар). 
2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық
интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету. 
3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және 
түзету. 
4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау. 
Психологтың құқықтары: 
1. Оқу-тәрбиелеу процесіндегі барлық субьектілермен жұмыстың формасы мен әдісін 
және белгілі бір кезеңде маңызды деген бағыттарды таңдай алады [3].
2. Әкімшілікке психологиялық қызметтің іс-әрекетінің нәтижелі, әрі өнімді іс-әрекетіне 
мүмкіндік беретін ұсыныстарды айта алады. 
3. Оқыту - тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға байланысты мектеп құжаттарын қарастыра 
алады. 
4. Оқыту-тәрбиелеу процесіне байланысты кеңестерге, жиналыстарға белсенді қатыса 
алады. 
5. Мектепте психологиялық зерттеуді және әдістерді жүргізеді, түзетеді. 
6. Психолог өзінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында әртүрлі 
конференцияларға, семинарларға қатыса алады; психологиялық орталықтармен 
ассоциациялармен, практик-психологтармен, сонымен қатар оқу орындарындағы 
психология кафедраларымен іскер байланыс жасай алады. 
7. Арнайы дайындығы жоқ адамдарға, психодиагностикалық және психокоррекциялық 
жұмыстарды жүргізуіне тыйым сала алады. 
8. Әкімшіліктің тапсырысы этикалық принциптерге, жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне 
сәйкес келмеген жағдайда, орындаудан бас тарта алады. 
Психологтың міндеттері: 
1. Жұмыс барысында ҚР БжҒМ бекіткен нормативтік актілерге, құжаттарға, бұйрықтарға 
негізделуі керек. 
2. Психология ғылымының кейінгі жетістіктерімен таныс болып, өз іс-әрекетінде тек 
ғылыми негізделген әдістерді қолдануы керек. 
3. Психологтың этикалық кодексін білуі керек және жұмыс барысында негізге алуы керек. 
4. Мектептегі құжаттарға психологиялық талдау жасауы керек (тәрбиелеу жоспарлары, 
оқыту бағдарламалары, педагогикалық кеңестің шешімдері және т.б.). 
5. Әртүрлі деңгейдегі мектеп ұжымындағы тұлғааралық қатынастарға өз бақылауында 
ұстап, талдап, қажетті кезде түзету керек (мұғалім-әкімшілік, мұғалім-мұғалім, мұғалім-
оқушы, оқушы-оқушы). 
6. Психологиялық құжаттарды ерікті формада жүйелі түрде жүргізіп сақтауы керек (диск, 
магнитофондық жазбалар және т.б.). 
7. Диагностикалық жұмыстың негізінде алынған мәліметтерді ешкімге жарияламауы 
керек [4].
Мектеп психологының жауапкершілігі: 


526 
1. 
Психолог 
психологиялық 
диагноздың 
дұрыс 
қойылуына, 
қолданылатын 
диагностикалық және коррекциялық әдістердің нақтылығына және берілетін 
ұсыныстардың ғылыми негізділігіне жауапты. 
2. Психолог жүргізілген психологиялық зерттеу және тексеру жұмыстарының 
хаттамаларының сақталуына және құжаттарды жүргізуге жауапты. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру. - 
А, 2003 ж. 
2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. - М.: Владос, 2000. 
3. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. - М.: Генезис, 2000. - 298 
с. 
4. Психологиялық қызмет Ережелері проекциясы // Өзгеріс - Перемена, Қарағанды, 2002. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет