Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет53/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

Кілт сөздер: 
Ономастика
, топонимимка, тау, көл , село, ауыл, аудан, облыс, Зеренді 
 
Тіл тарихы халық тарихымен қоян қолтық тығыз, берік байланысты. Тіл 
барлық қоғамдық құбылыс сияқты әрбір қоғамдық формацияға сай өзгеріп 
отырады. Лексика құрамы жағынан актив және пассив болады. Бұл топтағы 
сөздердің бәрі де қоғамның өсу, дамуымен байланысты өзгеріп отырады. 
Онамастикалық лексика бойында жеке сөздер тарихы емес, азаматтық тарихтың, 
халық 
э
тнографиясының қат-қабат ізімен жатады. 
Елімізде тіл білімінің қарыштап дамуымен байланысты онамастиканы 
зерттеу мәселесі де жолға қойыла бастады. Қазақ онамастикасы соңғы 30-40 
жылдары бойында ғана зерттеле бастаған жас сала. 1950-1960 жылдар 
топонимдер мен антропонимдер диссертациялық тақырып ретінде зерттеле 
бастаған кезде онамастиканың басқа бөлімдері тың жатқан. Осыған орай қазақ 
онамастикасын тіл ғылымының бір саласы ретінде зерттеу, материал жинау, 
кадрлар дайындау сияқты жұмыстар жүргізіп келеді. Онамастиканы 
лингвистикалық, этнолингвистикалық, тарихи этнологиялық, тұрғыдан талдап 
зерттеудің маңызы орасан зор екені ғылымда дәлелденген. Онамастика 
материалдарында тарихи лексиканың, грамматикалық көне формалардың, 
халық тарихының қат-қабат әлеуметтік іздері, бір ел мен екінші елдің тарихи 
қарым-қатысын, мәдени байланысын көрсететін әрқилы бай материалдар 
сақталған. Бұған негіз ретінде Ф. Энгельстің: «Материя и форма родного языка 
становится понятными лишь тогда, когда прослеживается его возникновение и 


119 
постеппеное развитие, а это невозможно, если не уделять внимание, во-первых, 
его собственным отмершим формам и, во-вторых, родственным живым и 
мертвым языкам» 
(Ф.Энгельс. 1966, 326) деген қағидасына сүйене 
отырып, қазақ онамастикасын мүмкіндігінше толық қамтып, мұқият зерттеудің 
маңызы зор екендігін айтады. 
Ономастиканы ( кісі аттарын немесе жер, су, ру, тайпа аттарын т.б) 
зерттеудің қажеттігін көрнекті ғалымдар: В. В. Радлов, В. В Барольд, Н.Х 
Катанов, А. Н Смайлович, С. Е Малов, Н.К Дмитриев, А.Н Кононов, Н. 
А.Баскаков, Қ. Жұбанов, І. Кеңесбаев,С. Аманжолов т.б өздерінің жазған 
мақалаларында әрқашан айтып отырған. 
Академик А.Н. 
Смайлович өзінің мақаласында: «Следовало бы составлять полные алфавитные 
списки с подробными указаниями, в каких случаях, в каую историческую эпоху, 
кому и почему давалось или дается данное имя. Впоследствии явилась бы 
возможность произвести весьма интересное в культурно-историческом и в 
этнографическом отношении сравнительное исследование личных имен всех 
тюркских народов» - деп жазған болатын. (Смайлович. 1911. Вып 4) 
Ономастиканы зерттеуге ерекше назар аударып, барынша қолдау 
көрсеткен тағы бір ғалымдардың бірі Сергей Ефимович Малов болды. С.Е. 
Малов қазақ онамастикасын зерттеу жайлы алғаш ұсыныс жасап, ақыл-кеңес 
берген, ұлағатты ұстаз, түркітанушы. 1954 жылдың қаңтар айында Ленинград 
қаласында «Қазақ тіліндегі кісі аттары» деген кандидаттық диссертацияның 
тақырыбын ұсынған. Ғалым тіл білімінің бұл саласы «ономастика бізде әлі 
зерттелмеген, келешегі үлкен жас ғылым, оны зерттеу керек» - дейді. [1.10] 
Зеренді ауданы - Ақмола облысының солтүсігінде орналасқан. 1935 жылы 
құрылып, 1977 жылы Көкшетау ауданымен біріктірілген. Жерінің аумағы 7,8 км² 
Аудан орталғы- Зеренді ауылы. Зеренді ауданы Ақмола облысына жатады. 21 
ауылдық округі, 71 ауылы бар. 2019 жылғы есеп бойынша Зеренді ауданының 
тұрғындар саны - 38682. Тұрғындардың 67,05 % қазақтар болса, 23,71% орыстар, 
2,75 % немістер және 2,34 % украиндер мен 1,17 % татарлар. 
Зеренді ауданы Көкшетау қыратының солтүстігін алып жатыр. Жер бедері 
аласа таулы, ұсақ шоқылы, ойлы-белесті жазық болып келеді. Зеренді (587 м), 
Жыланды (609 м), Қараүңгір, Қаратау, Қошқарбай, Шымылдықты, Байөтер (551 
м), Елікті (502 м), Нарөлген (489 м) атты тағы басқа ірі таулары бар. Кен 
байлықтарынан алтын, қызғылт гранит, доломит, құрылысқа жарамды тас, құм, 
каолин, емдік саз, т.б. кездеседі. 
Климаты тым континентті. Қысы ұзақ, қары 140 – 160 күн жатады. Жазы 
жылы әрі құрғақ. Ауаның орташа темпепатурасы қаңтарда –18°С, шілдеде 19°С. 
Жауын-шашынның жылдық мөлшері 350 – 400 мм. Ауданның оңтүстіктен 
солтүстігіне қарай Шағалалы өзен мен оның оң саласы Қылшықты өзен ағып 
өтеді. Оңтүстігінен Есілдің оң салалары – Жабай, Аршалы, Қошқарбай бастау 
алады. Аудан аумағында көлдер көп. Ірілері: Зеренді, Қарағайлыкөл, Айдабол, 
Бірқыз, Шымылдықты, Құмдыкөл (тұщы), Қараүңгір, Жамантұз, Жолдыбай, 
Ақметжансор. 
Ауданда Куйбышев, Самарбай, Зеренді, Кіші Түкті, т.б. орман 
шаруашылықтары мен олардың бөлімшелері орналасқан. Айдабол, Алексеевка, 


120 
Бірлестік, Зеренді, Шағалалы, Еленовка, Викторовка, Куропаткино, 
Симферопольское, Ақкөл атты ірі елді мекендері бар. 
Аудандағы 79 елді мекен 1 кенттік, 22 ауылдық әкімшілік округке 
біріктірілген: 
Айдабол ауылдық округі, Ақкөл ауылдық округі, Алексеев кенттік әкімдігі 
округі, Бәйтерек ауылдық округі, Бұлақ ауылдық округі, Викторов ауылдық 
округі, Зеренді ауылдық округі, Исаковка ауылдық округі, Күсеп ауылдық 
округі, Қарауыл Қонай би ауылдық округі, Қонысбай ауылдық округі, Қызылегіс 
ауылдық округі, Қызылсая ауылдық округі, Мәлік Ғабдуллин ауылдық 
округі,Ортақ ауылдық округі, Приречен ауылдық округі, Садовый ауылдық 
округі, Сарыөзек ауылдық округі, Сейфуллин ауылдық округі, Симферополь 
ауылдық округі, Троицк ауылдық округі, Шағалалы ауылдық округi. [2. 6] 
Айдабол ауылдық округі – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы әкімшілік 
бірлік. Санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1222 адамды 
құрайды. Құрамына Айдабол ауылы кіреді. 
Ақкөл ауылдық округі. Құрамына Ақкөл, Ивановка, Қазақстан, 
Молодежное, Туполевка ауылдары кіреді. Орталығы – Ақкөл ауылы. Округтегі 
халық саны 2497 адамды құрайды. Алексеев кенттік әкімдігі округі. Құрамына 
Алексеевка, Жаманащы, Шағалалы ауылдары кіреді. Орталығы – Алексеевка 
кенті. 
Бәйтерек ауылдық округі Құрамына Бәйтерек, Ермаковка, Красный 
Кардон, Өндіріс, Үлгілі ауылдары кіреді. Орталығы – Бәйтерек ауылы. Бұлақ 
ауылдық округі. Құрамына Еленовка, Жаңаауыл, Жылымды, Қарағай, Қарлыкөл 
ауылдары кіреді. Орталығы – Еленовка ауылы. 2009 жылғы санақ қорытындысы 
бойынша округтегі халық саны 2297 адамды құрайды. 
Викторов ауылдық округі. Құрамына Викторовка, Красиловка, Бөгенбай 
би ауылдары кіреді. Орталығы – Викторовка ауылы. 2009 жылғы санақ 
қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2057 адамды құрайды. 
Зеренді ауылдық округі. Құрамына Айдарлы, Зеренді, Көктерек ауылдары 
кіреді. Орталығы – Зеренді ауылы. 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша 
округтегі халық саны 7695 адамды құрайды. 
Исаковка ауылдық округі. Құрамына Исаковка, Костомаровка, Ұялы 
ауылдары кіреді. Орталығы – Исаковка ауылы. 2009 жылғы санақ қорытындысы 
бойынша округтегі халық саны 955 адамды құрайды. 
Күсеп ауылдық округі. Құрамына Азат, Айғыржал, Жамбыл, Өркен, 
Теректі, Өзен ауылдары кіреді. Орталығы – Өркен ауылы. 2009 жылғы санақ 
қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2608 адамды құрайды. 
Қарауыл Қонай би ауылдық округі. Құрамына Қарауыл Қонай би, Желтау, 
Жамантұз, Игілік ауылдары кіреді. Орталығы – Қарауыл Қонай би ауылы. 2009 
жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 953 адамды құрайды. 
Қонысбай ауылдық Құрамына Қонысбай, Васильковка, Гранитный, 
Дүңгілағаш ауылдары кіреді. Орталығы – Қонысбай ауылы. Қызылегіс ауылдық. 
Құрамына Қызылегіс, Қарашілік, Ортаағаш ауылдары кіреді. 


121 
Орталығы – Қызылегіс ауылы.2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша 
округтегі халық саны 809 адамды құрайды. 
Қызылсая ауылдық округі . Құрамына Қызылсая, Биіктесін, Қызылағаш 
ауылдары кіреді. Орталығы – Қызылсая ауылы. 2009 жылғы санақ қорытындысы 
бойынша округтегі халық саны 833 адамды құрайды. 
Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі Құрамына Мәлік Ғабдуллин, Дороговка, 
Кіші Тұйықты, Серафимовка, Қойсалған ауылдары кіреді. Орталығы – Мәлік 
Ғабдуллин ауылы. 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық 
саны 1244 адамды құрайды. 
Ортақ ауылдық округі. Құрамына Ортақ, Қайыңды, Қызылтаң ауылдары 
кіреді. Орталығы – Ортақ ауылы. 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша 
округтегі халық саны 919 адамды құрайды. 
Приречен ауылдық округі. Құрамына Приречное, Павловка ауылдары 
кіреді. Орталығы – Приречное ауылы. 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша 
округтегі халық саны 1063 адамды құрайды. 
Садовый ауылдық округі. Құрамына Садовое, Елікті, Заречное ауылдары 
кіреді. Орталығы – Садовое ауылы. 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша 
округтегі халық саны 1401 адамды құрайды. 
Сарыөзек ауылдық округі. Құрамына Ақан, Баратай, Уголки ауылдары 
кіреді. Орталығы – Ақан ауылы.. 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша 
округтегі халық саны 895 адамды құрайды 
Сейфуллин ауылдық округі. Құрамына Сейфуллин, Бірлестік, Жаңатілек, 
Қараөзек ауылдары кіреді. Орталығы – Бірлестік ауылы. 2009 жылғы санақ 
қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1473 адамды құрайды. 
Симферополь ауылдық округі. Құрамына Симферопольское, Бұлақ, 
Жолдыбай ауылдары кіреді. Орталығы – Симферопольское ауылы. 2009 жылғы 
санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1438 адамды құрайды 
Троицк ауылдық округі. Құрамына Троицккое, Кеңөткел, Қарсақ, 
Қошқарбай ауылдары кіреді. Орталығы – Троицкое ауылы. 2009 жылғы санақ 
қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1402 адамды құрайды. 
Шағалалы ауылдық округі . Құрамына Шағалалы, Ақадыр, Еңбекбірлік, 
Ескенежал, Ұялы ауылдары кіреді. Орталығы – Шағалалы ауылы. 2009 жылғы 
санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 3199 адамды құрайды. [3] 
Зеренді жайлы аңыздар да баршылық. Аңыз – қазақ фольклорлық 
прозасының жанры, елдің, тайпа рудың шыққан тегі, кешкен жолы халқындағы 
немесе тарихта болған әйгілі адамдар -хан, батырлар, би, шешендер жайындағы, 
сондай-ақ нақтылы бір жер-су сол жерде өткен оқиғалар турасындағы тарихи 
шындыққа негізделген, халықтың тарихи жайында сақталған, әйтсе де, уақыт өте 
көркемдік сипат алған әңгіме. 
ЗЕРЕНДІ. Ел аузынан тараған аңыздарда ертеде жас жігіт өзінің 
қалындығымен сапарда келе жатқанда жолда қалжырап, айдын көлдің жағасында 
отырып, дем алмақшы болады. Қалындық (қыз) жағадағы тасқа шығып, қолын 
суға малып жуына бастағанда алтын зерені (сақина,алқа) суға түсіріп алады. 
Қанша тырысқанмен судың тереңдігінен күйеу жігіт зеренді таба алмайды. Содан 
көл Зеренді атаныпты-мыс. 


122 
КАРА ӨГІЗ — көл атауы. Ертеде бiр қарт адам өмiр сүріптi. Оның жалғыз 
өгiзi бар екен. Өгіз мал орнына мал болыпты, бала орнына бала болыпты. Қарт 
қуанышын да, ренішiн де сол өгізімен беліседі екен. Бірде өгiзi өрiстен келмей 
қалады. Қарт шаршамай - талмай ана жерді шарлайды, мына жерді шарлайды, 
бiрақ өгiзiн таба алмайды. Сөйтіп сары уайымға түсіп жүргенде ауыл адамдары 
көлдің жағасынан қара өгiздiң терiсi табылғаны жөнінде айтады. Қарт дереу 
көлге барып, өгіздің терісін көріп, өз малын тани кетеді. Сәлден соң ( басында ) 
өгiздiң басын да тауып алады. Карт өгізін қимай көп жылайды. Күн сайын көлге 
барып мұңын шағып қайғырады да отырады. Жұрт содан көлді "Қара өгіз" атап 
кеткен екен. 
ҚЫЛДЫ ҚАРАУЫЛ— Қызылтаң ауылынан жетi шақырымдай жерде 
орналаскан" Жамбыл" деген ауылдың бұрынгы аты. Жамбыл ауылын Қарауыл 
руы мекен еткен екен. Бiрде Атығай руының жiгiтi Карауыл елiне қонаққа 
барады. Атығай руынын жiгiтi мен қарауыл жігіттеріні арасында дау туып 
қалады да карауылдар жiгiттi мұқатпақ болып, піскен еттi бiрiнен сон бiрiн қылға 
тiзiп бередi. Атығайлық жiгiт еттi жеп отырып: - Ал, жарайды, мен еттi жейiн, 
бiрақ бұдан былай мен сендерді «Қылды Қарауыл » атаймын деген екен. 
ҰЯЛЫ АУЫЛЫ. «Неге ауыл Ұялы деп аталады ? » - деген сұраққа ауыл 
ақсақалдары әр түрлi жауаптар айтты. Оның бірден - бір себебі Ұялы қонысының 
көнеден келе жатканы, бiрак нақты деректi ешкім де айта алмады. Сұраған 
адамдардың жауаптары үш түрлi мазмұнда болды: Кенес Укiметi орнағаннан 
кейiн, кішігірім ауылдарды бiрiктiру қызу жүрген кезде бұл төңіректегі он - он 
бес үйлі елді - мекендер бір жерге ұяласкан, яғни бiр жерге бiрiккен, содан болар 
ұяласқан жер Ұялы деп аталып кету себебі. 
БАЙЖІГІТ. "Қызылтаң"ауылының сыртындағы қамысты алқап. Байжігіт 
атауы туралы Рамазан ата былай дейді. "Аңыз бойынша ертеде бір палуан өмір 
сүріпті. Оның күштілігі, алыптылығы сондай, ең күшті деген палуанның өзі оның 
бір жамбастап алғанынан қалмайды екен. Ел арасында палуан жігіттің атын 
атамай "Дәу жігіт", "Күшке бай жігіт", "Байжігіт", аталып кетеді. Сол жігіт ел 
қалың ұйқыда жатқанда, айналада жым-жырт тыныштық орнаған түннің бір 
уағында ауыл сыртындағы көлге суға кетіпті. Бұлай еткен себебін ешбір адам 
білмепті. Аяулы азаматынан айырылған халық көлге өкпелеп, іргесін көлден 
аулақ салып, дереу қоныс ауыстырған екен. Сондықтан болар, қазір де 
"Байжігіт"-ауылдан мүлдем шалғайда. Әрі қазір бір кездегі мөлдір сулы көлдің 
орнын қалың камыс жайлаған. Көл де өзін тастап кеткен елге өкпелегендей. 
Содан көл палуан жігіттің атымен байланысты. "Байжігіт" аталып кеткен екен. 
ТҮЛКІҚАЗҒАН. «Қызылтаң» ауылы мен «Трофимовка» селосының 
аралығында орналасқан орманды жер.Орманның «Түлкіқазған» аталуы мына 
оқиғаға байланысты: Бірде қарт жұмысшы орман арқылы өтетін жолмен келе 
жатады. Міне, ғажап дәл алдында ойнап жүрген түлкінің күшіктерін көреді. 
Өздері сондай сүйкімді. Дереу ауылға барып, жанына ауыл адамдарын ертіп 
(ішінде балалар да бар) түлкі күшіктерін көрген жерге келіп, ін бар деген жерді 
қаза бастайды. Іннен алты-жеті түлкінің күшіктерін алып шығады. Ін қазуға 


123 
келген адамдар түлкі күшіктерін бөлісіп алады. Тіпті, солардың ішінде түлкі 
күшіктерін жазға дейін асырап шыққандары да бар екен. 
Содан орман «Түлкі қазып алған жер»,«Түлкіқазған» аталады 
БЕСАҒАШ ТУРАЛЫ АҢЫЗ. Баяғы өткен заманда, қазақ елі аманда қазіргі 
Ұялы ауылының маңында калың ну орман болыпты - мыс. Бұл үлкен орман екi 
ауылдын жерiн бiр - бiрiнен бөлiп тұрған екен. Екі ауыл жетi атадан туыс екен, 
бірақ белгісіз себептермен араз екен деседі . Орманның сол жағындағы ауыл 
малға да, жанға да бай болған екен, сондыктан оны Бай ауылы деп кеткен. Ал оң 
жағындағы ауыл аң аулап, ау қойып өмір сүріпті,сол себепті Кедей ауылы деп 
аталып кетіпті. Кедей ауылы ау қойған жерге, яғни көлдiн маңына алтыбақан 
орнатып, от жағып сауық - сайран кұрады - мыс . Оған осы ауылдың бар жастары 
жиылып, қонақ келсе, алдарына алып отырады екен. Күндердiң күнiнде кедей 
ауылға аты шартарапқа аян ақын әрі әншi келген екен. Ауыл жастары әдетінше 
кешке карай әншіні ортасына алып, ән мен күй тыңдайды . Әншінің үнін естіген 
бірнеше бай ауылының жігіттері шыдамай сауық - сайранға қосыла кетеді. 
Ақсүйек ойыны да басталып кетеді. Сол ойында Байжігіт пен Айша кездеседі. 
Күн өтеді, ай өтеді, ай артынан жыл етеді 
. Байжігіттің әкесі мен Айшаның ата - анасы бұл әңгімені естиді . Екеуiнiң 
кездесуiне екі жақ та қарсы болады. Себебі « жеті атадан қыз алуға болмайды» 
деген қазақта шарт бар. Бұған шыдамаған қос ғашық қара орманда қараңғы 
түскенде кездесiп, қашуға бел буады. Мұны естіген Байжігіттің әкесі орманды 
өртеп жiбереді. Қыз бен жiгiт коркады, себебi жан - жағы отқа оранады. Екеуi 
және бес ағаш қана қалады . Құдайдан жалбарынып, күдерін әбден үзген кезде, 
қатты нөсер жауып басталып кетедi. Екеуi жасырынған орманның бес ағашы ғана 
қалады . Ал кыз бен жiгiт тагдыры белгiсiз . Бiреулердiн айтуынша , олар 
косылып , көп ұрпак сүйген екен, басқалардың айтуынша, екi ауыл екеуін қатаң 
жазалаган деседi. Бiр анық - сол бес ағаш ауылдың шетіндегі Бесагаш. Өкінішке 
орай, бұл қайыңдардан қазіргі таңда ештене қалған жоқ, бірақ бұл жердi ешкім 
ешкашан ұмытпайды. 
ЕКІАЙҒЫР ОРМАНЫ ТУРАЛЫ АҢЫЗ. Бұл оқиға тарихпен тығыз 
байланысты, себебі халқымыздың басына түскен қасіретті күндермен тікелей 
байланысты деуге болады. Әрқашан да бұл жерлердiң егiнi бiтiк, шөбі шүйгін, 
малы семiз болған және де бола бермек. Бірақ көп жылдар бұрын үлкен жұт 
болғаны кұпия емес. Мал түгіл адам да қырылған екен. Жергiлiктi халыктың үйір 
- үйір жылқысы болған десед, олар ауылдан алшақтау жерде жайылып жүрген . 
Ол жердің шөбі жылқыға өте қолайлы болған екен. Кез - келген малға қолы жоқ 
адамның өзі таңдай қағулы едi - ау, шiркiн! Бiрақ сол ғаламат жұтпен қатар 
құрғақшылық та болыпты - мыс. Малдардың бәрі ауруға шалдығып, сортаң 
шөпті жеп өлiп жатқаны өте көп болған еке. Қанша екені белгiсiз , әйтеуір 
әжептәуір мал опат болыпты. Бiр табын жылқы түгелдей дерлiк құрып кеткен 
екен, бiрак сол табынның екі айғыры аман қалған екен . Ол екі айғыр орманда 
адасып жүріп, кайыңның жапырағын қорек еткен деседі. Соның арқасында 
жұтты аман-есен өткізіпті. Сондықтан да бұл орманды «Екіайғыр» орманы деп 
атап кеткен деседi жұрт. Сол жылқылардан жылқы малы қайта көбейген деген де 
халық аузында сөз бар. [4.192] 


124 
Туған жер Жер-Ана тұнған қазына, ен байлық, таңғажайып тарих. 
Қортындылай келе халқымыздың абзал ұлы Шоқан Уәлихановтың: «Көне 
түркілік салт-сана, әдет-ғұрыптың, қаймағы бұзылмаған қазақтарда өмірдің бір 
саласын қамтитын тарихи оқиғалармен 
байланысты жер-су атаулары, адам аттары, тағы да басқалары есте сақталып, 
атадан жалғасып жаады»,-деген болса, Мұхтар Әуезов: «Біздің қазақ жер аты, тау 
атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір 
өлкеге барсаң да жер, су , жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде 
қаншама мән-мағына , шешілмеген 
құпия сыр жатады»,-деп орынды да нақты суреттеген. [5.11]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет