31
етілетін шарттарына сәйкестігін анықтау, таңдап алынған тақырып бойынша
қажетті әдебиеттерді немесе кеңесшіні іздеу).
4.
«Портфолио». Осы жұмыс бойынша барлық материал жеке папкада
жиналады. Бұған өткен жылдардағы жұмыстардың мәтіндері, қосымшалардың
қосымша парақтары, аннотациялар мен тезистер, әртүрлі түпдерек көздерден
алынған ксерокөшірмелер (толық нұсқалар), Интернет және т. б. арқылы
алынған материалдар кіреді. Мұндай материалдар жиынтығының болуы қажет
болған жағдайда қолда бар жұмыста қандай да бір нақтылаулар жасауға,
таңдалған бағыт бойынша зерттеулерді жалғастыру жолдарын табуға немесе
тіпті білім алушылардың жаңа контингентімен басқа зерттеу жұмысы үшін
жаңа тақырыпты таңдауға мүмкіндік береді. Соңғы жаңа зерттеуді «қайтадан»
бастамай, жалғастыруға болады. Бұдан басқа, алдыңғы зерттеулер үдерісінде
алынған бірқатар деректер келесі жұмыс үшін ішінара эксперименттік немесе
теориялық база база бола алады.
5.
Қосымшалармен жұмыс мәтіні (қорытындысында). Конференцияда
баяндама мәтіні қосымша дайындалады, 5-7 минуттан аспайтын уақыт ішінде
жұмыстың мазмұны мен нәтижелерін баяндауға есептелген (қандай да бір
конференцияның регламентіне байланысты) және мақала мәтіні, конференция
материалдарының жинақтарында басылуы мүмкін. Қажет болса, баспадан
шығарылған үлестірмелі мәліметтер дайындалады.
6.
Оқу жылының аяқталуы бойынша есеп (педагогтің басшылығымен
жүргізілетін барлық зерттеу жұмыстарына ортақ). Есеп білім алушылардың
тізімін,
олардың
сипаты
көрсетілген
жұмыстардың
атауын
(мектеп/реферативтік жұмыс, оқу-зерттеу, ғылыми-зерттеу; іргелі (теориялық)
немесе практикалық), сондай-ақ әр білім алушының әртүрлі конкурстарға,
конференцияларға, көрмелерге, семинарларға (аудандық, облыстық,
республикалық, халықаралық деңгейлердегі) қатысу тізбесін қамтиды. Педагог
әрбір іс-шараға қатысқан білім алушылардың нәтижелерін соңғы бағанда
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: