Методические рекомендации по организации исследовательской и проектной деятельности обучающихся мкш нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет21/184
Дата18.10.2023
өлшемі5,4 Mb.
#118880
түріМетодические рекомендации
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   184
Байланысты:
жоба эжазу улгісі

1. Ұйымдастыру-дайындық кезеңі 
Жобаның тақырыбын, оның мақсаттары мен міндеттерін анықтау, 
жобалауды бастау кезінде қажетті ақпаратты іздеу, идеяны іске асыру 
жоспарын әзірлеу, микро-топтарды қалыптастыру. Педагогтің осы кезеңдегі 


36 
міндеттері: жобаға қатысушылардың уәждемесін қалыптастыру, білім 
алушылардың ынталы тобын құру, жобаның тақырыбы мен жанрларын таңдау 
бойынша консультация беру, қажетті материалдарды іріктеуге көмек көрсету, 
іздеудің жалпы бағыты мен басты бағдарларын ғана анықтау, барлық 
кезеңдерде білім алушылардың қызметін бағалау критерийлерін анықтау. 
2. Іздеу кезеңі 
Қажетті ақпаратты жинау, талдау және жүйелеу, оны микротоптарда 
талқылау, гипотезаларды ұсыну және тексеру, жобаның макетін немесе моделін 
ресімдеу, өзін-өзі бақылау. Педагогтың міндеттері: жобаның мазмұны бойынша 
тұрақты кеңес беру, материалдарды жүйелендіруге және жинақтауға көмек 
көрсету, жобаны ресімдеу ережелері бойынша жеке және топтық кеңес беру, 
білім алушылардың ақыл-ой белсенділігін ынталандыру, әрбір қатысушының 
жұмысын қадағалау, аралық нәтижелерді бағалау, бірлескен жұмыстың 
мониторингісі. 
3. Қорытынды кезеңі 
Жоба бойынша құжаттар пакетін және ақпараттық стенділерді, 
схемаларды, диаграммаларды ресімдеу, ауызша таныстырылым дайындау және 
жобаның мазмұнын қорғау, рефлексия. Педагогтың міндеті: жұмыстың есебін 
әзірлеуге көмек көрсету, сөйлеушілерді ауызша қорғауға дайындау, қарсы пікір 
білдіруші мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беру, жобаны қорғауда 
сарапшы ретінде сөз сөйлеу, жасалған жұмысты талдауға қатысу, 
орындаушылардың әрқайсысының үлесін бағалау. 
Жоба жұмысының толық алгоритмі 6-кестеде сипатталған. 
6-
кесте. Жоба жұмысының алгоритмі 
Жобамен жұмыс жасау кезеңі 
Білім алушылардың 
жұмысы
Педагог қызметі
Ұй
ым
да
ст
ыр
у-
да
йы
нд
ы
қ 
ке
зе
ңі
1. Дайындау 
а) жобаның тақырыбы мен 
мақсаттарын анықтау; 
б) жұмыс тобының 
қатысушыларын іріктеу. 
Жоба тақырыбын 
педагогпен талқылау. 
Жобаның мақсатын 
анықтайды. 
б) топтарды 
қалыптастырады. Әр 
топта әртүрлі жастағы 
білім алушылар болуы 
маңызды, мысалы, 
ШЖМ-дағы сынып 
құрамына байланысты 5-
8, 7-
9 және т.б. 
Білім алушыларды 
ынталандырады және 
жоба тәсілдерінің 
мәнімен таныстырады. 
Жобаның мақсатын 
анықтауға көмектеседі. 
Білім алушылардың 
жұмысын бақылайды, 
қажет болған жағдайда 
ақпараттық көмек 
көрсетеді. 
Топтарды 
қалыптастыруға 
көмектеседі: топқа 
әртүрлі жастағы білім 
алушылардың кіруіне 
мониторинг жүргізеді. 
2. Жоспарлау 
а) қажетті ақпарат көздерін 
Жобаның міндеттерін 
қалыптастырады. Іс-
Идеялар ұсыну, 
ұсыныстар жасау. 


37 
анықтау; 
б) ақпаратты жинау және талдау 
тәсілдерін анықтау; 
в) ұсынылған нәтижелердің 
тәсілін анықтау (жоба нысаны); 
г) жоба нәтижелерін бағалау 
критерийлері мен рәсімдерін 
белгілеу; 
д) жұмыс тобының мүшелері 
арасында мақсатын (міндеттерді) 
бөлу. 
қимыл жоспарын 
әзірлейді. 
Жобалау жұмысы 
жетістігінің 
критерийлерін таңдайды 
және негіздейді.
Әрбір кезеңде 
жауаптыларды бөледі, 
жауапкершілік 
матрицасын 
қалыптастырады және 
оны ресімдейді. Жалпы 
орта және негізгі орта 
мектепте білім алушылар 
жауапкершіліктің 
матрицасын дербес 
қалыптастырады және 
бақылайды. 
Білім алушылардың 
жұмысын бақылау 
Кезеңді іске асыру үшін 
құралдарды, әсіресе 
бастауыш мектепте 
ұсынады. 
Жауапкершілік 
матрицасында әрбір 
кезеңде топ 
құрамындағы рөлдердің 
өзгеруін тексереді 
(әсіресе жобалық 
қызметпен танысатын 
сыныптарда; бұдан әрі 
оқушылар өздері 
жауапкершілік 
матрицасының 
қалыптасуын 
қадағалайды). 
Із
деу
к
ез
ең
і 
3. Зерттеу 
а) ақпаратты жинау және 
нақтылау (негізгі құралдар: сұрау, 
бақылау, эксперимент және т. б.).; 
б) жобаны орындау кезінде пайда 
болған баламаларды «миға 
шабуыл» (немесе басқа әдістер) 
арқылы анықтау; 
в) жоба кезінде оңтайлы нұсқасын 
таңдау; 
г) зерттеу міндеттерін кезең-
кезеңмен орындау 
Жобаның міндеттерін 
кезең-кезеңімен 
орындайды 
Күнтізбелік жоспар 
жасап, онда жұмыстың 
орындалуын атап 
көрсеткен жөн. 
Білім алушылардың 
жұмысын бақылайды, 
кеңес береді, жанама 
түрде басқарады 
Әрбір топ алға қойылған 
міндеттерді орындауда 
қалай ілгерілегенін атап 
көрсете отырып, 
күнтізбелік жоспарды 
тексереді. 
4. Қорытынды 
а) ақпаратты талдау; 
б) қорытынды қалыптастыру. 
Зерттеу жүргізеді және 
ақпаратты талдай 
отырып, жобамен жұмыс 
жасау. 
Жобаны рәсімдеу 
Топтарда жауапкершілік 
матрицасын талдайды, 
әркім өз кезеңінде өз 
рөлін қалай жеңгенін 
бағалайды. Бұл 
мәліметтер келесі 
жобаларды орындау 
кезінде жауапкершілік 
матрицасын 
қалыптастыру үшін 
маңызды. 
Білім алушылардың 
жұмысын бақылайды, 
кеңес береді


38 
Қ
ор
ыт
ын
ды
к
ез
ең
і 
5. Жобаны ұсыну (қорғау) және 
оның нәтижелерін бағалау 
а) алынған нәтижелерді түсіндіре 
отырып, жобаның орындалу 
кезінде есепті дайындау (есептің 
ықтимал нысандары: ауызша 
есеп, ауызша есептің 
материалдарын көрсете отырып, 
ауызша есеп, жазбаша есеп); 
б) жобаның орындалуын, қол 
жеткізілген нәтижелерді (сәтсіз 
табыстарын және себептерін) 
талдау. 
Жобаны ұсынады, оның 
ұжымдық талдауына 
және бағалауына 
қатысады 
Әрбір білім алушы өз 
жұмысының нәтижесін 
бірінші топта 
таныстырады, содан 
кейін топ сыныпқа 
таныстырады. Әрбір 
білім алушы орындалған 
жұмысты өзіндік 
бағалауды жүзеге 
асырады. 
Зерттеу кезеңі шығармашылық үдеріске негізделеді. 
Педагог Джефф Петти [2] шығармашылық үдерісті алты кезеңнен 
тұратын жобаны жүзеге асыру барысында қарастырады: шабыт (inspiration),
айқындалу (clarification), іріктеу (distillation), инкубация (incubation), еңбек 
(perspiration) және бағалау (evaluation). 
Бір туындыны жасау барысында әрбір фаза бірнеше рет кездесіп, олардың 
пайда болуы қандай да бір реттілікке сәйкес келмейді. Дегенмен, кез келген 
уақытта білім алушы әдетте белгілі бір фазаға шоғырланады.
Әрбір фазаны 
қарастырайық. 
Шабыт 
Бұл зерттеу кезеңі, ол идеяларды сыни іздеуді қамтиды. Үдеріс – 
кедергісіз зерттеу болып табылады және экспериментпен сипатталады, 
интуицияның, қиялдың және импровизацияның көрінісі. Бұл кезеңнің 
мағынасы, олар қандай да бір сәтсіз және бір қарағанда жарамсыз болып 
көрінсе де, неғұрлым көп идеяларды жинақтаудан тұрады. 
Егер білім алушылар ештеңе ойлап таппаса, олар осы кезеңде 
қиындықтарға тап болуы мүмкін. Оларға осындай мәселенің шешімін еске 
түсіруді, және бұл шешім қазіргі мәселені шешу үшін пайдалы мүмкіндігін 
көруге болады. Бұл оларды бар мәселені шешудің басқа да тәсілдерін 
«тарқатуға» итермелеуі мүмкін. Шабыт кезеңі пайда болған идеяларды сыни 
бағалауға жол бермейтінін есте сақтау маңызды, бұл кезеңде идеялардың 
сапасы емес, олардың саны маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет