27
болады. Профессор Дж.А. Паулос, «Интернет – әлемдегі ең ірі кітапхана, тек
барлық кітаптар еденде шашылып жатыр деп жазған». Сондықтан, бүкіл кітап,
қағаз, фотосуреттер мен басқа да электрондық қоқыс арасынан ақиқат
материалдарды табу үшін көп күш салу керек. Бұған электронды кітапхана
базасы көмек бере алады. Мысалы,
http://kazneb.kz-
электрондық
мемлекеттік
кітапхана қорының каталогы мен депозитарлық және пайдалану қоры бар
кітаптар көшірмелерінің бірыңғай электрондық қоймасы. Тіркеу авторы талап
етілмейді.
Әдеби дереккөздермен жұмыс жасау кезіндегі оқу түрлері:
жоғарғы жылдамдықпен жүгіртпе оқу кезінде жалпы мәтінмен
танысу барысында табылған ақпаратты салыстыру
арқылы өз көзқарасын
білдіру
сканерлеу (қарап оқу) фактіні, сөзді, тегін іздеу мақсатында;
мәтінді жылдам қарау;
аналитикалық оқу – сыни тұрғыдан зерттеу арқылы мәтіннің
мазмұнын терең ұғыну мақсатында,
фактілерді, дәйек сөздерді жазып алу,
тезистер, рефераттар және т. б. құрастыру арқылы сыни зерделеу;
алдын ала оқу – сөздіктер мен анықтамалықтар бойынша олардың
мәнін түсіну үшін барлық бейтаныс шетелдік сөздерді,
ғылыми терминдерді
белгілеп оқу;
қайта оқу – мәтінді терең ұғыну мақсатында қайта оқу.
Кітаппен немесе басқа да жазба дереккөздермен жұмыс істеу үдерісінде
оны әрі қарай нақтыламау үшін оның шығу деректерін бірден белгілеу қажет.
Библиографиялық сипаттаманы ресімдеу ережесі қосымшада келтірілген.
4. Қызығушылық танытқан тақырып бойынша сарапшылармен қарым-
қатынас.
Сарапшылар пән мұғалімдері, белгілі бір мамандық өкілдері және т.б.
бола алады. Сарапшылар ақпаратты іздеу саласын кеңейтуге болатын
«тіркемелер» береді: қандай
ақпарат көздері ең маңызды, бірінші кезекте
қандай кітаптарды оқуға болады және т.с.с.
4. Тікелей бақылау.
5. Сұрақ-жауап, тестілеу.
Қорытынды
–
жұмыстың негізгі қорытындылары мен нәтижелерінің
қысқаша баяндалуын қамтитын зерттеу жұмысы мәтінінің соңғы бөлімі. Бұл
бөлімнің мазмұны әдебиеттің
теориялық талдауынан, эмпирикалық зерттеу
мәліметтерінен, теориялық және эмпирикалық (практикалық) тараудың
соңында тұжырымдалған ең маңызды нәтижелер мен қорытындыларды
жалпылау болып табылады.
Қорытындыны сәтті жазуға арналған кеңестер:
қорытындының мәтінін мынадай сөйлемдерден бастау керек:
Достарыңызбен бөлісу: