32
2.
Өзара байланысты іс-қимылдарды орындауды қамтиды (тапсырыс
берушінің қажеттілігімен әзірленген орындау бойынша нақты нұсқаулары бар);
3.
Уақыт ұзақтығы жағынан шектеулі, белгіленген алдынғы және
соңғы уақыт аралығын қамтиды;
Жоба жобалық жұмыстың (жобалаудың) нәтижесі ретінде туындайды.
Жобаларды жобалық мәдениеттің феномені ретінде қарастыра отырып,
жобалар туралы тек сызбаларда (кестелер, құжаттарда) ойластырылған немесе
сипатталған туралы ғана емес, сондай-ақ
ойластырылған объектілердің
негізінде жұмыста іс жүзінде іске асырылып жатқандығы туралы да айтуға
болады.
Білім алушылардың шығармашылық жобалық жұмысы – бұл объективті
немесе субъективті жаңалығы бар, жеке немесе қоғамдық маңызы бар
бұйымдар бойынша заттар мен қызмет жасау [7].
Жобалар әдісі әрқашан кез келген мәселені шешуді болжайды. Алайда
оқу қызметі ретінде білім
алушылардың жобалық жұмысты, ең алдымен,
қоғамдық маңызы бар өнім алу емес, оқу субъектісінің жеке басын дамытуға
қызмет етеді. Осы әдістеме бойынша жұмыс білім алушылардың жеке
шығармашылық
қабілеттерін дамытуға, кәсіби және әлеуметтік өзін-өзі
анықтауға саналы түрде қарауға мүмкіндік береді [8]. Осылайша, оның
мазмұнының, ұйымдастырылуының, жұмыс істеуінің негізгі параметрлері
анықталады.
Жобалар әдісі дидактикалық мақсатқа қол жеткізу тәсілі ретінде мәселені
егжей-тегжейлі әзірлеуді көздейді, ол нақты, сол немесе қандай да бір жолмен
ресімделген практикалық нәтижемен толықтай аяқталуы тиіс.
Бұл зерттеу жұмысын ұйымдастыруда
мәселені шешу гипотезасын
тұжырымдауды, жобаны жүзеге асыру бойынша әрекеттерді нақты
жоспарлауды, қоршаған ортаны зертхана ретінде пайдалануды, онда таным
үдерісі болатынын көздейді. Жобалар әдісі,
негізінен, оқытудың топтық
түрлерімен байланысты.
Жобалық жұмыс негізінде мына қағидаттар жатады:
білім алушы педагогке қарағанда білім беру үдерісінің белсенді
қатысушысы болған кезде жеке тұлғаға бағытталған білім беру қағидаты. Басты
мақсат – білім алушыны оның толық әлеуетін ашуға ықпал ететін ортамен
қамтамасыз ету.
оқу-тәрбие жұмысында әрбір білім алушының жеке тұлғалық
ерекшеліктері мен өмір сүру жағдайын ескеру қажет.
Жеке тәсілде адамдарға
деген ізгілікті қарым-қатынас білдіреді, оларды ерекше құндылықтар ретінде
түсіну.
Жобаға қойылатын негізгі талаптар:
1. әлеуметтік маңызы бар міндет (мәселе) – зерттеу, ақпараттық,
практикалық;
2. мәселені шешу бойынша әрекеттерді жоспарлау (жобаның өзін –
өнімнің түрін және таныстырылымның нысандарын жобалау);
33
3. әрбір жоба жұмыстары білім алушылардың зерттеуін талап етеді
(ақпарат іздеу, оны өңдеу, түсіну және жоба тобына қатысушыларға ұсыну);
4. жоба жұмысының нәтижесі өнім болып табылады (қойылған мәселені
шешу үшін жобалық топтың қатысушылары әзірлеген құрал);
5. дайындалған өнім тапсырыс берушіге ұсынылуы тиіс (өнімнің
таныстырылымы).
Жоба әдісінің артықшылықтары:
Сабақ уақытында сыймаған бөлігі сабақтан тыс іс-әрекетте жүзеге
асырылады.
Білім алушылар соңғы нәтижені көреді.
Білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктері
мен қабілеті
дамиды.
Кәсіби өзін-өзі анықтау («Мен өз білімімді қайда қолдана аламын?»).
Білім алушылардың жеке қабілеті ескеріледі: күштілерге – күрделі,
әлсіздерге – олардың нақты мүмкіндіктеріне қарай).
Әртүрлі жұмыс түрлеріне қосу есебінен білім алушы тұлғасының
әлеуметтік аспектісі дамиды.
Жобаның түрлерін қарастырайық:
1.
Басым қызметі бойынша жобаларды жіктеу:
Достарыңызбен бөлісу: