Intel® «Болашақ үшін оқыту» ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата31.03.2017
өлшемі7,89 Mb.
#11003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Серік Прәлиев, 
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 
 
 
 
 
 
Create PDF
 files without this message by purchasing novaPDF printer (
http://www.novapdf.com
)

ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе 
Мазмұны
 
 
8 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                            Intel®« Болашақ   үшін    оқыту» 
 
Барлық құқығы қорғалған                                             ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына  
                                                                                                    кіріспе /    2 нұсқасы 
 
 
Intel «Болашақ үшін оқыту» 
Бағдарламасының жаңа Курсына 
жаттығуға қош келдіңіз ! 
 
Сіз  әлем  мектептерінде  ақпараттық  технологияларды  оқыту  арқасында  уақыт 
талабына барынша сай келетін 4 миллион оқытушының бірі болдыңыз. 
Мұндай идеяларға берілген педагогтар, ақпараттық технологияларды білуі мен оған 
деген  біліктіліктерін  пайдалануы  табысқа  жетуге  көмектесетін,  өмірге  етене  енуге 
дайындалушы жас адамдардың жаңашыл мүмкіндіктерін дамытуда. 
Сіз  тәрізді,  Intel  корпорациясы  да  білім  саласында  бар  ынтамен  жұмыс  істеуде. 
Білімнің  жаңашылдық  пен  дамудың  негізі  болып  табылатындығын  біз  білеміз. 
Сондықтан  Intel  корпорациясы  атынан  Сізді  осы  курсқа  қатысқаныңыз  үшін 
алғысымды білдіремін. 
1999  жылдан  бастап,  Intel  «Болашақ  үшін  оқыту»  бағдарламасы  әлемнің  40-тан 
астам  елдері  мұғалімдерінің  игілігі  үшін  жұмыс  жасауда.  Біздің  педагогтар  үшін 
жасаған бағдарламаларымыз білім беру практикасының ең озықтарын ақпараттық 
технологиялардың кең мүмкіндіктерімен қоса үйлестіре қамтиды.  
Біз, әрқайсысымыздың алдымызға  өзінің  күрделілігі күнннен  күнге  артатын  міндет 
-  ұдайы  өзгеретін  технологиялар  жиынын  пайдалана  отырып  ақпаратты  талдау, 
идеялармен  алмасу  мен  біріге  жұмыс  жасау  міндетін  қоятын  жаһанданған 
экономика  кезеңінде  өмір  сүріп  жатырмыз.    Біздің  материалдарымыз  Сізге 
пайдалы  болады  және  қазіргі  бәсекелес  ортада  барынша  табысты  болуға 
көмектеседі деген үміттеміз.                                                                                                                                                
Инновация ойластырылған тәуекелді ғана талап етіп қана қоймай, сонымен қатар, 
үлкен  жеміс  те  әкеледі.  Intel  «Болашақ  үшін  оқыту»  білім  беру  бағдарламасына 
Сіздің  қатысуыңыз  сыныпқа,  бәрінен  бұрын,  бұдан  сіздің  оқушыларыңыз  ұтатын, 
инновациялық рух беретініне біз сенімдіміз.   
 
 
 
 
 
 
 
Ізгі тілекпен,  
Intel Корпорациясының атқарушы директоры  Пол 
Отеллини 
 
Create PDF
 files without this message by purchasing novaPDF printer (
http://www.novapdf.com
)

ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе
 
Шолу
 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
9
Қош келдіңіз! 
Біз  сізге  Intel  «Болашақ  үшін  оқыту»  бағдарламасының  жаңа  курсын 
ұсына  отырып, 
сіздің 
өз 
оқушыларыңыздың 
болашағы 
үшін 
мүдделілігіңізді  және  педагог  мамандығына  берілгендігіңізді      бағалаймыз. 
Бүгінде,  оқушылар  қазіргі  уақыттың  күрделі  мәселелерін  саналы  түсіну 
қабылеттілігі  мен  оларды  шеше білуді  ауадай  қажет  етуде.  Бұл  курс 
сізге 
ақпараттық 
технологиялар  саласының  негізгі  дағдыларын  игеріп, 
сабақ  беру  мен  оқытудың  ХХІ  ғасырдағы  тәсілдерін  меңгеруге  көмектесуді 
көздейді.  Біз  Сіздің  осы  курсты  оқып  білуге жіберген  уақытыңыз  бен  күш-
жігеріңіз  үшін,  өз  оқушыларыңызды  болашақта  табысты  болуына 
көмектессем  екен  деген  ұмтылысыңыз  үшін  алғысымызды білдіреміз.  
Мазмұнға кіріспе 
Бұл  курс  компьютермен  жұмыс  жасау  тәжірибесі  аз  немесе  жалпы 
мұндай  тәжірибесі 
жоқ 
пән 
мұғаліміне 
ақпараттық 
технологиялар 
саласындағы  дағдыларды  игеріп,  сабақ  беру  мен  оқытудың  ХХІ 
ғасырдағы 
тәсілдерін  меңгеруге 
көмектесуді 
көздейді. 
Курс 
мазмұны 
жекеленген 
мектеп  қажеттіліктеріне  бейімдеуге  болатын  12 
модульден  тұрады.  Негізгі  курста келесідей тақырыптар қарастырылады.  
• 
ХХІ ғасыр білім беру ортасын жасау мен дамыту. 
• 
Сынай ойлау мен командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту. 
• 
Оқушылардың  өз  бетінше  ойлау  мен  жоғары  деңгейлі  ойлау  дағдыларын 
дамытуға жағдай жасайтын тұлғаға бағдарланған  тәсілді қолдану. 
• 
Пайдалы 
педагогикалық 
құралдарды 
жасау 
үшін 
ақпараттық 
технологиялар саласының негізгі дағдыларын игеріп, практикада  қолдану.  
• 
Оқу  пәні  мен  оқушының  жасерекшелігі  талаптарына  жауап  беретін 
өнімдерді жасауда технологияларды тиімді қолдану 
• 
Мұғалімнің  алған  біліктіліктері  мен  дағдыларын  өз  еңбегі  мен  кәсіби 
шеберлігінің  тиімділігін  арттыру  үшін  қалай  қолданатындығын  тәптіштейтін 
әрекеттер жоспарын жасау.  
Білім берудегі Intel бастамалары 
Әлемдегі  мұғалімдермен  жұмыс  жасай  отыра,  Intel  жастарды  ХХІ  ғасырдың 
білімдік экономика жағдайына табысты болуға дайындайды. Біздің мақсатымыз 
оқушылардың  мүмкіндіктерін  барынша  толық  жүзеге  асыруға  қажетті 
жоғарғы деңгейлі  ойлау  біліктіліктерін  дамытуға  көмектесуді  көздейді.  Білім 
берудегі  Intel  бастамалары  бастауыш,  орта,  жоғарғы  және  қосымша 
білім  беруге арналған бірнеше бағдарламаларды қамтиды: 

Intel «Болашақ үшін оқыту» бағдарламасы (Intel Teach Program); 

« Intel-мен бірге оқимыз» бағдарламасы (Intel Learn Program); 

Intel компьютерлік клубтар желісі (Intel Computer Clubhouse Network); 

Intel  демейтін конкурстар; 

Жаратылыстану ғылымы саласында дарындыларды іздеу (Intel STS);  

Оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылық конкурсы  (Intel ISEF).   

ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе
 
Шолу 
10 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
Компьютерлік технология институты туралы  
Курс матариалдарын Компьютерлік технология институты (ЮТ) дайындаған. ЮТ 
коммерциясыз  ұйымы  орта  білім  беруге  арналған  оқу  бағдарламаларын, 
корпорацияларға, коммерциясыз  мекемелер мен білім беру қоғамдастықтарына 
ақпараттық технологияларды оқыту бағдарламаларын ұсынады.  
1982  жылы    құрылған  Компьютерлік  технология  институты  (ЮТ)  стандарттарға, 
сонымен  қатар  білім  жетілдіру  бағдарламаларына    технологияларды  біріктіру 
бойынша  мұғалімдерге  арналған  бағдарламаларға  негізделген  компьютерлік, 
ғылыми, 
инженерлік 
және 
математикалық 
тұлғалық-бағдарлы 
оқу 
бағдарламаларын  жасау  бойынша  сенімді  әлемдік  серіктес  болып  табылуда.  
ЮТ-тің  кілттік  міндеті  барлық  оқу  бағдарламаларындағы  технологиялық 
сауаттылықты сүйемелдеу болып табылады. Ұйымның мақсаты қарапайым, бірақ 
кеудесоқ;  ақпараттық  технологиялар  мүмкіндіктерін  инновациялық  сабақ  беру 
мен бүкіл әлемдегі толық орта мектеп оқушыларын оқыту үшін пайдалану.   
Institute of Computer Technology, www.ict.org. 
589 West Fremont Avenue, Sunnyvale, California 94087, USA. 
E-mail: info@ict.org. 

ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе
 
Кіріспе
 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
11 
Кіріспе  
Курс мақсаттары 
Аталмыш  курс  компьютермен  жұмыс  жасау  тәжірибесі  аз  немесе  жалпы 
мұндай  тәжірибесі  жоқ  пән  мұғаліміне  ақпараттық  технологиялар 
саласындағы  дағдыларды  игеріп,  сабақ  беру  мен  оқытудың  ХХІ  ғасырдағы 
тәсілдерін меңгеруге көмектесуді көздейді.  
Бұл курс: 
 
ХХІ  ғасыр  тәсілдерімен:  тұлғалға-бағдарланған  оқыту,  сынай  
ойлауды дамыту және ынтымақтастықта оқытумен таныстырады; 
 
сіздің  мұғалім  ретіндегі  жұмысыңыздың  тиімділігін  арттыратын 
педагогикалық 
құралдар 
мен 
материалдарды 
жасауда 
ақпараттық 
технологияларды пайдалану біліктерін қалыптастырады; 
 
сабақ  берудің  тиімділігін  арттыру  мен  педагогикалық  шеберлікті 
жетілдіру  мақсатында  жаңа  біліктіліктер  мен  тәсілдерді  сіз  қалай 
қолданатындығыңызды  тәптіштеп      сипаттайтын  әрекеттердің  жекеше 
жоспарын жасауды қамтиды.  
Курста  компьютерді  пайдалану  ұйғарылғандықтан,  сізде  практикалық 
жаттығуларды  орындау  үшін  әртүрлі  компьютерлік  программаларды 
пайдалануға  қыруар  мүмкіндіктеріңіз  болады.  Бұл  курс  тікелей  оқыту, 
пікірталастыру,  топтық  жұмыс,  рефлексияны,  курс  жаттығуларымен  және 
әрекеттер  жоспарымен  жекеленген  жұмысты  біріктіре  қамтиды.  Осы 
формалардың  барлығы  сізге  пән  мұғалімі  ретінде  өз  еңбегіңіздің  тиімділігін 
арттыруға көмектесуді көздейді.  Бірақ, біз сыныптық жұмыс жағдайларында 
компьютерге  кіру  мұғалім  үшін  де,  сонымен  қатар  оқушылар  үшін  де 
шектеулі  болатындығын  түсінеміз.  Сондықтан  аталмыш  курс  сізді 
компьютерлік  сауаттылықты  оқыту  әдістерін  оқытуды  немесе  компьютерлік 
технологияларды  қолдануды  қамтитын  сабақ  жоспарларын  дайындауды 
міндеттемей,  сізге  мұғалім  ретінде  барынша  іскер  болуға,  өзіңіздің 
педагогикалық 
іс-әрекетіңізде 
жаңа 
білім 
беру 
технологияларын 
пайдалануға көмектесетін дағдыларды береді. 
Сіздің мақсаттарыңыз
 
Курс  модулдерін  меңгере  отыра,  сіз  ХХІ  ғасырдағы  біліктіліктер  және 
тұлғаға-бағдарланған оқытуды, сынай ойлауды дамытуды, ынтымақтастықта 
оқыту  мен  мұғалімнің  фасилитатор  ретіндегі  іс-әрекетін  қамтитын  жобалау 
тәсілдері  туралы  терең  түсінік  аласыз.  Сонымен  қатар,  компьютерлік 
сауаттылық  саласының,  Интернетті,  мультимедианы  пайдалану,  мәтіндер 
мен  электрондық  кестелерді  редакциялау  дағдыларын  практикада  игеріп, 
қолданасыз.  
Біздің  мақсатымыз  сізді  өз  педагогикалық  іс-әрекетіңізде  жаңа  біліктіліктер 
мен тәсілдерді тиімді қолдануға үйрету. Сондықтан да 12 модулдің бәрі сізге 
жаңа  біліктер  мен  тәсілдерді  сабақ  берудің  тиімділігін  арттыру  мен 
педагогикалық  шеберлікті  жетілдіру  үшін  қалай  қолдануды  анықтайтын 
әрекеттер жоспарын жасауды ұсынады. 
 
 

ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе
 
Кіріспе 
12 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
Курсқа шолу
 
Келтірілген кесте курстың барлық модулі бойынша негізгі тақырыптар мен оқыту нәтижелеріне 
қысқаша шолуды қамтиды. 
Тақырып_Нәтижелер'>1-модуль: ХХІ ғасыр біліктіліктерін дамыту мен білім беру ортасы 
Тақырып
Нәтижелер
ХХІ ғасырдағы біліктіліктері 
мен мектеп білім беру ортасы  
• ХХІ ғасыр біліктіліктерін анықтау. 
• ХХІ ғасырдағы мектеп білім беру ортасын құруға жетекші 
тенденцияларды ұғыну. 
  Оқытудың дәстүрлі моделі мен тұлғалық-бағдарлын оқыту 
моделінің арасындағы айырмашылықты зерттеу. 
• Өз кәсіби іс-әрекетіндегі рефлексия. 
2-модуль: Компьютерде және Интернетте жұмыс істеу негіздерін оқу 
Тақырып
Нәтижелер
Компьютерлік сауаттылық 
негіздері және Интернетте 
жұмыс істеу  
• Компьютердің негізгі компоненттерімен танысу. 
• Операциялық жүйе туралы түсінік. 
• Интернет желісінде іздеу біліктіліктерін игеру. 
• Өз кәсіби іс-әрекетін рефлексиялау. 
3-модуль: Сынай ойлау мен ынтымақтастық дағдыларын дамыту 
Тақырып
Нәтижелер
Жоғарғы деңгейлі ойлау 
біліктері мен 
ынтымақтастықта оқыту 
• Оқушылардың жоғарғы деңгейлі ойлау біліктерін қалыптастыру 
үдерісін түсіну. 
• Төртқадамды қайталау циклы: жоспарлау, орындау, тексеру, топта 
талқылау арқылы курс жаттығуларының құрылымымен танысу:  
• Өз кәсіби іс-әрекетіндегі рефлексия. 
4-модуль: Мәтіндік редактормен танысу 
Тақырып
Нәтижелер
Мәтінді редакциялау 
программалары  
• Мәтіндік редактормен танысу: технологияға кіріспе, мүмкіндіктерін 
зерттеп, талқылау. 
• Бағалау парағындағы  мәтінді редакциялай отыра  практикалық 
тапсырманы орындау. 
• Өз кәсіби іс-әрекетін рефлексиялау. 
5-модуль: Мәтіндік редакторды пайдалану 
Тақырып
Нәтижелер
Мәтіндік редактор көмегімен  
өнімдер жасау 
• Таңдап алынған тапсырманы орындау арқылы мәтінді 
редакциялау біліктіліктерін практикада қолдану  

ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе
 
Кіріспе
 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
13 
• Жұмыстың нәтижесін әріптестермен талқылау, өз кәсіби іс-
әрекетіндегі рефлексия. 
6-модуль: Мультимедиамен танысу 
Тақырып
Нәтижелер
Мультимедиа 
презентациясын жасау 
программалары  
• Мультимедиамен танысу: мультимедиалық презентация жасау 
технологиясына кіріспе, мүмкіндіктерін зерттеп,  талқылау. 
• Мультимедиамен жұмыс жасау бойынша практикалық тапсырманы 
орындау: оқу-тақырыптық жоспардың презентациясын жасау. 
• Өз кәсіби іс-әрекетіндегі рефлексия. 
7-модуль: Мультимедиа-презентациясын пайдалану 
Тақырып
Нәтижелер
Мультимедиалық 
презентациялар жасау 
программаларының көмегімен 
өнімдер жасау  
• Тапсырманы таңдап орындау жолымен мультимедиамен жұмыс 
жасау дағдысын практикада қолдану. 
• Жұмыс нәтижелерін әріптестермен талқылап, өз кәсіби іс-
әрекетіндегі рефлексия. 
8-модуль: Электрондық кестелермен танысу 
Тақырып
Нәтижелер
Электронды кестемен жұмыс 
істеу программалары 
• Кесте редакторымен танысу: технологияға кіріспе, мүмкіндіктерін 
зерттеп, талқылау. 
• Кесте редакторымен жұмыс жасау арқылы практикалық 
тапсырманы орындау: электрондық сынып журналын жасау. 
• Өз кәсіби іс-әрекетіндегі рефлексия. 
9-модуль: Электрондық кестелерді пайдалану 
Тақырып
Нәтижелер
Кесте редакторы көмегімен 
өнімдерді жасау 
• Кесте редакторымен жұмыс дағдыларын тапсырманы таңдап 
орындау жолымен практикада қолдану. 
• Әріптестерімен жұмыс нәтижелерін талқылап, өз кәсіби іс-
әрекетіндегі рефлексия. 
10-модуль: Оқытуға деген қазіргі тәсілдердің дамуы 
Тақырып
Нәтижелер
Фасилитация дағдылары 
• Коммуникативтік дағдыларды (сөйлеу мен тыңдау),  
инструкциялау, бақылау  мен мониторинг, сұрастыру, мотивациялау 
мен  делдалдық дағдыларын дамыту 
• Өзгерістерді бақару үдерісін түсіну. 
• Өз кәсіби іс-әрекетіндегі рефлексия. 
11-Модуль: Әрекеттердің дербес жоспарын жасау 
Тақырып
Нәтижелер

ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе
 
Кіріспе 
14 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
Әрекеттер жоспарын құру 
• Әрекеттердің дербес жоспары мен оның құрамды элементтерін 
құрудың мақсатын ұғыну. 
• Жекеше әрекеттер жоспары үлгілерімен танысу. 
• Кәсіби саладағы мүдделі  өзгерістерді анықтап, осы өзгерістерге 
біртіндеп жетудің әрекеттер жоспарын жасау. 
• Қағазда жоспарлау және электрондық нұсқалы әрекеттер 
жоспарын орындау. 
12-Модуль: Әрекеттер жоспарын түзету және ұсыну 
Тақырып
Нәтижелер
Әрекеттер жоспарын жасауды 
аяқтау мен оның 
презентациясы  
• Дербес әрекеттер жоспарын қайта қарау және оған түзетулер 
енгізу. 
• Жөнді пікірлер алу үшін өз әрекеттер жоспарын топта ұсыну.  
Курстың қорытындылыларын шығару.
Курстың белсенді қатысушы ретіндегі сіздің рөліңіз 
Мектеп  мұғалімдері  оқыту  үдерісінің  тиімділігі  мен  нәтижелілігін  арттырудың 
мүмкіндіктерін  ұдайы  іздеу  үстінде.  Курсқа  қатысушы  ретінде  сіз  осы  екеуіне 
де  мүмкіндіктерге  жетесіз.  Жаңа  білім  беру  тәсілдері  мен  әдістерін  оқып 
үйрене  отыра,  осы  білімдерді,  атап  айтқанда,    сіз  бұл  білімді  мектептің  білім 
беру  ортасында  қалай  қолдануға  болатындығын  түсінесіз.  Ақпараттық 
технологиялар  саласындағы  жаңа  біліктерді  игеріп,  қолдана  отыра, 
жасалынған  аспап-құрал  мұғалім  жұмысының  өнімділігін  арттыруға  қалайша 
көмектесетіндігі  туралы  ойланатын  боласыз.  Бұл  курс,  нақты  жағдайлар  үшін 
сіздің  қажеттіліктеріңізге  сай  аспап-құралдар  жасауға  мүмкіндік  беретін, 
икемді курс болып табылады. 
Курс аясында біз келесі ережелерді сақтауыңызды сұраймыз: 
- барлық сабаққа қатысу; 
- сабаққа дайындалып келу және белсенді жұмыс жасауға талпыну; 
- жазбалар жаза отырып, сұрақтар қою; 
- барлық жаттығуларды орындап, әрекеттердің қорытынды жоспарын жасау; 
- басқа қатысушылармен өз ойыңызбен және жұмыс нәтижелерімен бөлісу; 
- оқыту үдерісінен ләззат алу; 
- әрбір сабақтан кейін кері байланысты қамтамасыз ету. 
Әрбір  модульді  оқып  үйренгеннен  кейін,  сізге  модуль  мазмұны  мен  өз 
жазбаңыздағы  мазмұнның  қалай  игерілгендігін  тексеруді,  сонымен  қатар, 
келесі модульдің үй тапсырмасын орындауды қамтитын өзіндік жұмыс үшін аз 
дегенде  1  сағат  уақыт  қажет.  Бұл  тапсырмаларды    өзіңіз  немесе 
әріптестеріңізбен  бірге  орындауыңызға  болады.  Үй  тапсырмаларын  орындау 
үшін компьютерді қолдануға болады, бірақ бұл міндетті шарт емес. 
Курстың  барлық  бағдарламасын  табысты  меңгергеннен  кейін  және  кілттік 
біліктерді 
қаншалықты 
меңгергеніңізді 
айқын 
көрсеткеннен 
(демонстрациялағанан)  кейін  сіз  курсты  аяқтағаныңыз  туралы  сертификат 
аласыз.
 
Бұл  кезеңде тьютор 
курс кестесін 
таратуы, 
практикалық 
сабақтың күнін 
хабарлауы және 
әрбір сабақта 
оқытылатын 
модульдерді 
көрсетуі тиіс. 
Топта курстың 
мақсатын, 
нәтижелері мен 
одан күтілгендерді  
және рөл бөлісуді 
талқылаңыз. 

1 -модуль 
ХХІ ғасыр біліктіліктерін дамыту мен білім беру ортасы
 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
15 
1- модуль 
ХХІ ғасыр біліктіліктерін 
дамыту мен білім беру 
ортасы  
  
ХХІ  ғасырдағы  тұлғаға-бағдарланған  оқытудың  білім  мазмұнына,  сабақ 
беруге,  мектеп  білім  ортасына,  ақпараттық  технологияларды  бағалап, 
пайдалануға 
әртүрлі 
тұрғыдан 
қарай 
отыра 
оқытатын 
мұғалімге 
бағдарланған  дәстүрлі оқытудан өзгешілігі бар. Бұл модульдің мақсаты –ХХІ 
ғасырдың  кілттік  біліктіліктері  туралы  сіздің  түсінігіңізді  құрай  отыра,  ХХІ 
ғасырда мектеп білім ортасын құруға жеткізудің жолдарымен танысуыңызға, 
тұлғаға  бағдарланған  және  дәстүрлі  оқыту  тәсілдерінің  арасындағы 
айырмашылықты жақсырақ түсінуіңізге көмектесу. 
1-жаттығу. Негізгі біліктіліктерді анықтау  
  
1-қадам 
Сіздің  мектебіңіздің  бітірушілері  ХХІ  ғасырда  өз  кәсіби  іс-әрекетінде 
табысты  болуы  үшін  нені  біліп,  қандай  біліктіліктері  болуы  тиіс?  Шағын 
топта талқылаңыз да, жауаптарыңызды жазыңыз. 
2-қадам 
Негізгі біліктіліктерден тұратын өз тізіміңізді үлкен топпен талқылаңыз. 
ХХІ ғасырда адамдар өз жұмыс орындарында
- ақпаратты талдайды, өңдейді және құрастырады; 

мәселелерді 
шешу 
мен 
шешімдер 
қабылдауда 
әріптестерімен 
ынтымақтасады; 
-  жоғары  ғылыми  технологияларды  пайдалана  отырып  көптеген  күрделі 
тапсырмаларды орындайды.  
ХХІ ғасырда адамдар үйінде: 
- әртүрлі медиалық құралдардың көмегімен демалады және көңіл көтереді; 
- Интернеттен қажетті ақпаратты тауып, сауда жасайды; 
-  әртүрлі  технологиялардың  көмегі  арқылы  достарымен,  туыстарымен 
байланыс жасайды. 
  
  
 
Әрбір модуль алдын-ала 
шолудан басталады 
Тьютор 4-5 адамнан тұратын 
топтар құрады. Әр топ 
мүшелері модератор, хатшы 
(протокол жүргізуші), 
қатысушылар мен баяндаушы 
рөлін бөліcіп алады.  
Әрбір топтың 
баяндаушылары негізгі 
біліктіліктердің қысқаша тізімін 
береді. Баяндамашылар 
аталғанды  қайталамас үшін 
басқа сөйлеушілерді 
ықыласпен тыңдауы тиіс.  
2-қадамның қалған мазмұнын 
іштей оқып шығыңыз.  

1 -модуль 
ХХІ ғасыр біліктіліктерін дамыту мен білім беру ортасы
 
16 
Copyright © 2007 Intel Corporation                                                                                  Intel®« Болашақ   үшін    оқыту»
Барлық құқығы қорғалған                                                 ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына 
                                                                 кіріспе / 2 нұсқасы 
Түйін:  ХХІ ғасырда жұмыс 
орындары мен үйлер,  
азаматттардың өзіде 
өзгеретіндіктен, мектеп те өзгеруі 
тиіс.  Мұғалімдер өз оқушыларына 
ХХІ ғасырда табысқа жетуі үшін 
қажетті біліктіліктерді дамытуға 
көмектесуі тиіс.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет