5 - қадам
Сіз бір сұрақтан екіншісіне ауысуда ойлау үдерісі қалай жүргендігін
байқадыңыз ба? Алғашқы үш сұрақ соңғы екеуін талқылауда қалай
көмектесті? Жауаптарыңызды жазып алыңыз да, оларды тьютордің
нұсқаулары бойынша талқылаңыз.
Мұғалімге ойлау дағдыларын анықтап, жіктеуге көмектесетін көптеген
модельдер
бар.
Бұл
тұжырымдама
туралы
толық
ақпарат
А
қосымшасында келтірілген. Сұрақтар ойлауды дамыту үшін тиімді тәсіл
болуы мүмкін. Сұрақтарды қою стратегиясы 10-модульде толығырақ
қарастырылады.
Тьютор жауапты
талқылау бойынша
пікірталастың
жетекшісі болып
табылады
3 -модуль
Cынай ойлау мен ынтымақтастық дағдыларын дамыту
Copyright © 2007 Intel Corporation Intel®« Болашақ үшін оқыту»
Барлық құқығы қорғалған ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына
кіріспе / 2 нұсқасы
37
Тьютор тыңдаушылардың өз
идеяларымен бүкіл топпен
бөлісуін сұрайды.
2 - жаттығу. Ынтымақтастық дағдыларын
дамыту
Оқыту мақсатына жету
Оқытудың мақсатына жету бойынша жұмысты ұйымдастырудың үш
тәсілі бар:
•
бәсекелестік: оқушылар біреуі немесе бірнешеуі қол жеткізетін
мақсатқа жету үдерісінде кім күшті немесе кім тез екендігін көру
үшін бір-бірімен жарысады;
•
дербестік: оқушылар мақсатқа жету үшін жеке өзі жұмыс жасайды;
•
ынтымақтастық: оқушылар жалпы мақсатқа жету үшін бірлесіп
жұмыс жасайды
Жарысушылық, жекелік және ұжымдық тәсілдер — барлығының білім
беру мақсатына жетуде өз орны бар. Шындығында барлық оқушылар
басқалармен бәсекелесіп, топта өз бетімен жұмыс істеп те үйренуі тиіс.
1. Келтірілген
білім
беру
мақсатына
жету
тәсілдерінің
артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
2. Сіз оқыту мақсаттарына жетудің қандай да бір тәсілін жоғары
бағалай аласыз ба? Неліктен?
Бірлесіп жұмыс жасау үшін топтар немесе
жұптар қалыптастыру
ХХІ ғасырда мектепте оқушыларды білім беру мақсатына жету үшін
басқа оқушылармен ынтымақтасуын көбіне қолдап дем беріп отырады.
Ынтымақтастық командада мақсаттарды қою мен тапсырмаларды
орындауда серіктеспен немесе топпен бірлесіп жұмыс жасауды
ұйғарады. Зерттеу көрсеткеніндей, ынтымақтастық оқушыларға өз
үлгерімін көтеруге мүмкіндік береді, өйткені топта жұмыс жасай отыра,
оларға сұрақтар қойып, идеяны талқылауға, шешімдерді іздеуге, оның
үстіне барынша нақты және айқын ойлап, пән мазмұнына терең енуіне
тура келеді. Бұдан басқа, келесі топта әртүрлі рөлді қабылдау
біліктілігі, басқалармен өз идеяларын талқылау, басқаларға көмек және
оны қабылдау сияқты әлеуметтік дағдылар дамиды.
Бірлесіп жұмыс жасау үшін топтар немесе жұптар бірнеше тәсіл
бойынша қалыптаса алады:
-
достық қарым-қатынас немесе ортақ мүдделер негізінде
оқушылардың өздері арқылы;
-
кездейсоқ;
-
мұғалім көмегімен.
1. Бұл тәсілдердің әрбіреуінің артықшылығы және кемшілігі қандай?
2. Топтар немесе жұптар қалыптастырудың қандай да бір тәсілін
ұнатасыз ба? Неліктен?
Сыныпта оқушылар жұптары бірлесіп жұмыс жасауды үйренуі үшін
мұғалімге міндетті түрде сыныпта бүкіл курс бойына бірге жұмыс
жасайтын жұптар қалыптастыру ұсынылады. Тіпті, егер олардың
бірлескен іс-әрекетінде қиындықтар мен келсіпеушіліктер кездессе де
жұптарды бөлу ұсынылмайды, өйткені оқушыларды ынтымақтастық
үдерісінде мәселені шешу дағдыларын алу мүмкіндігінен айырады.
3 -модуль
Cынай ойлау мен ынтымақтастық дағдыларын дамыту
Ынтымақтастық үдерісін ұйымдастыру
Оқушылардың көбісінің ынтымақтастық дағдылары жоқ, оларды дамыту
үшін оқушыларды ынталандыру, оларды бірлескен іс-әрекет негіздеріне
үйрету, алынған білімді практикада қолдану үшін уақыт және мүмкіндік беру
қажет. Осылайша, олармен бірлесіп жұмыс істеу тәсілдерін, мысалы,
рөлдерді ауыстыруды, басқаны тыңдап, есту біліктілігін, оқытудың өзіндік
үдерісіне жауапкершілігін талқылау қажет.
Оқушылар бірлесе өзара әрекеттесіп, жұмыс жасап жатқанда, барлық топ
мүшелерінің
-
қатысып, қызығушылық танытатындағына;
-
ортақ нәтижеге жету мақсаттары мен жоспарларын көру білуде
үйлесімділігіне;
-
өз жұмысын жақсарту жолдарын бірге іздейтіндігіне;
-
жұмысты
талқылап,
бір-біріне
оны
орындау
барысында
көмектесетіндігіне мұғалімнің көз жектізгені жөн.
Бірлескен жұмыс үдерісінде келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Жиі
кездесетін келіспеушіліктер туралы оқып біліп, мүмкін болатын шешімдерді
ойластырыңыз.
1- келіспеушілік. Оқушы серіктесімен немесе топпен жұмыс жасаудан бас
тартады.
2- келіспеушілік. Қандай да бір нақты оқушымен ешкімнің жұмыс жасағысы
келмейді.
3- келіспеушілік. Оқушы ұялшақ және топта сөйлескісі келмейді.
4-келіспеушілік. Оқушы компьютерді серіктесіне немесе топқа бірлесіп
пайдалануға бермейді.
5-келіспеушілік. Оқушы өз серіктесін немесе топтың басқа мүшелерін
сыйламайды немесе олардың идеяларын тыңдамайды.
Тьютор келіспеушілік
жағдайларды топтар арасында
әр топқа біреуден бөледі. Әр
топ өз пікірін айтқаннан кейін
ғана басқа қатысушылар жаңа
шешімдер ұсына алады. Әр
жағдай үшін жалғыз ғана шешім
болмайды.
38
Copyright © 2007 Intel Corporation Intel®« Болашақ үшін оқыту»
Барлық құқығы қорғалған ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына
кіріспе / 2 нұсқасы
3 -модуль
Cынай ойлау мен ынтымақтастық дағдыларын дамыту
Copyright © 2007 Intel Corporation Intel®« Болашақ үшін оқыту»
Барлық құқығы қорғалған ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына
кіріспе / 2 нұсқасы
39
Тьютор қатысушылардың осы
жаттығуға қатысты сұраққа
берген өз жауаптарын бүкіл
топпен талқылауын ұсынады.
3 - жаттығу. Жоспарлау, орындау, тексеру және
талқылау
Сынай ойлау мен басқалармен жемісті ынтымақтасу қабілеті біріккен
практикалық іс-әрекет үдерісінде бәрінен де жақсы көрінеді. Сіз ХХІ
ғасырдағы осындай білім беру ортасының тікелей тәжірибесін ала алуыңыз
үшін
Курста
әрбір
ақпараттық
технологияны
меңгеру
бойынша
тапсырмалармен жұмыстың нақты құрылымы жетілдірілген. Бұл құрылым
жоспарлау, орындау, тексеру және талқылау тәрізді әрекетті жасауды
түсіндіреді. Бұл төртқадамды интерактивтік цикл туралы көбірек білу үшін
келесі ақпаратты оқып, талқылаңыз.
Жоспарлаймыз
Алғашқы қадам — бұл жоспарлау. Жоспарлау үдерісін белгілеу символы -
қарындаш, өйткені біз жоспарлау үдерісін қарындаш пен қағаздың көмегімен
жүзеге асырамыз. Қарындашта өшіргіш болатындықтан, қажетінше өз
жоспарыңызға өзгертулер енгізе аласыз, сондықтан қарындаш қаламнан
жақсы. Жоспарлау үдерісі сіздің нені білетініңізден, нені жасау қажеттігінен
немесе қандай мәселені шешуден басталады. Содан соң сіз шешім
қабылдауға, ойлағанды қалай жүзеге асыруға көмектесетін сұрақтарға
жауаптарды талқылайсыз және іздейсіз. Сіздің жоспарыңызды тәптіштейтін
жауаптарды жазу мен схеманы сызу әрі қарайғы жұмыстың пайдалы қадамы
болып табылады. Сіз өз жоспарыңызды серіктесіңізбен талқылап, жемісті кері
байланыс алғанда және тьютордан тапсырманы орындауға рұқсат алғанда
жоспарлау біткен болып саналады.
1.
Осыған дейін жоспарлаумен айналыстыңыз ба? Сіз нені
жоспарладыңыз?
2. Сіздің жоспарларыңыз өзгерді ме? Жоспарлау үдерісі сізге несімен
көмектесті?
Орындаймыз
Екінші қадам — бұл орындау. Символы - компьютер тышқаны, өйткені
тапсырма пернетақта мен компьютермен қатар, әдетте, тышқанның
көмегімен орындалады.
Іс-әрекет барысында сіз өз жоспарыңызбен жүресіз де, тапсырмада
айтылатын
әрекетті
жасайсыз
немесе
мәселені
шешесіз.
Сіздің
идеяларыңыз және ойларыңыз кескіндемелерде келтірілген идеялардан
ерекшеленуі тиіс. Нұсқауларды зейін қойып оқып шығып, соларды
орындаңыз. Нұсқауларда, сонымен қатар, сіз пайдалы кеңестер мен
қосымша тапсырмаларды табасыз. Орындау барысында сіздің алғашқы
жоспарға өзгерістер енгізгіңіз келуі мүмкін.
Егер барлық келтірілген жоспар пункттері орындалса, әрекеттерді орындау
қадамы аяқталды деп есептеледі. Сонымен қатар, бір немесе бірнеше
қосымша тапсырмаларды орындап көруіңізге болады. Қиналсаңыз,
әріптесіңізден көмек сұрауыңызға болады.
3 -модуль
Cынай ойлау мен ынтымақтастық дағдыларын дамыту
40
Copyright © 2007 Intel Corporation Intel®« Болашақ үшін оқыту»
Барлық құқығы қорғалған ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына
кіріспе / 2 нұсқасы
1.Сізден қандай әрекеттер нұсқаларға сүйенуді қажет етті?
2. Неліктен, нұсқауларды оқып, орындау маңызды?
3.Сіз үдерісті немесе жобаны бастап, сосын қайта оралып
алғашқы жоспарды өзгерткіңіз келген кездер болды ма? Егер ия
болса, онда неліктен?
Тексереміз
Үшінші қадам — бұл орындалғанды тексеру. Символы үлкейткіш шыны
болып табылады, өйткені, біз бір нәрсені айқынырақ, тәптіштеп қарағымыз
келгенде ол жиі пайдаланылады. Тексеру барысында сіз артқа қайтып
ораласыз да, жасалған өнімді мұқият зерттейсіз.
Сіз жоспар мен нұсқаулар бойынша жасадыңыз ба, соған көз жеткізу үшін,
тексеру қажет. Сонымен қатар, сіздің жұмысыңызда барлық міндетті
элементтер бар екеніне де көз жеткізу қажет. Кейбір кезде әріптесіңізден
жұмысты тексеруге көмек сұрау ыңғайлы. Егер қандай да бір элементтер
жетіспесе немесе сіз қандай да бір нақтылы аспектілерді өзгерткіңіз келсе,
өз өніміңізге бір нәрсені қосуыңызға немесе оны өзгертуіңізге болады. Егер
сіз өз жұмысыңызды сақтасаңыз, оны тексерсіп, ешқандай қосымша
өзгерістерді қажет етпейді деп шешсеңіз, тексеру бойынша қадам аяқталды
деп есептеледі
1.
Сіз үдерісті немесе жобаны аяқтадым деп есептетіңіз де, бірнәрсенің
жетіспейтіндігін немесе өзгерту қажет ететінін байқаған жағдай болды
ма? Бұл жағдайда не болды?
2.
Артқа оралу және жұмысты талдау оны жақсартуға қалай көмектеседі?
Талқылаймыз
Төртінші қадам — талқылау. Символы ашық алақан болып табылады, өйткені
біз,
көбіне,
алақанды
өз
еңбегіміздің
жемісін
басқамен
бөлісуге
пайдаланамыз.
Сіз әріптестеріңізге компьютерде жасаған жұмысыңызды көрсетуден
бастайсыз. Талқылау үдерісінің бір бөлігі ретінде басқаларға өз жұмысыңыз
туралы айтып, туындаған сұрақтарға жауап беруіңізге болады. Сонымен
қатар,
оқу
құралындағы
сұрақтарды
оқып
біліп,
жауаптарыңызды
талқылайсыз. Топтағы пікірталастан кейін, талқылау қадамы аяқталды деп
есептеледі
1.
Сіздің бұрын өз жұмысыңызды басқалармен талқылау мүмкіндігіңіз
қашан болды? Нені талқыладыңыздар?
2.
Сіз өз жұмысыңызды басқалармен талқылай отырып, неге үйрендіңіз?
Келесі модульде сізге алғаш рет жоспарлау, тапсырманы орындау, тексеру
және жұмыстың нәтижесін әріптестермен талқылаудан тұратын төртқадамды
үдерісті өтуге мүмкіндік туады.
ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе
Кіріспе
Copyright © 2007 Intel Corporation Intel®« Болашақ үшін оқыту»
Барлық құқығы қорғалған ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына
кіріспе / 2 нұсқасы
41
Жауаптың мүмкін
нұсқалары:
2-модуль рефлексиясын
талқыладық, әртүрлі
деңгейдегі ойлауды
қолдануды талап ететін
сұрақтарды қоюдың
тәжірибесін алдық, сыныпта
ынтымақтастықты дамыту
стратегиясын оқып білдік
Жауаптың мүмкін
нұсқалары:
мұғалім оқушыларда жоғары
деңгейлгі ойлауды дамыту
үшін мүмкіндіктерді тани
білуі тиіс; ынтымақтастық
дағдыларын дамыту
мотивациясымен жұмыс
істеуді, рөлдік модельдеуді,
практикаға тікелей
нұсқаулар мен уақытты
талап етеді; кез келген іс-
әрекет жоспарлау, орындау,
талдау және талқылау
ретіндегі қадамдарды
қамтиды.
Үй тапсырмасы. Рефлексия
Осы модульде қарастырылған жаттығулар, іс-әрекет түрлері, біліктіліктер
мен тәсілдер туралы ойланыңыз. Сұраққа жауаптарыңызды жазып алып,
келесі модульдің алдында оларды талқылауға дайын болыңыз.
1. Біз сабақта оқушылардың талдау, синтездеу және бағалау сияқты
жоғарғы деңгейлі ойлау біліктілігін дамыту үшін не істей аламыз?
2. Сіздің сабағыңызда оқушылар арасындағы ынтымақтастықты дамыту
үшін қандай мүмкіндіктер бар?
3 - модуль түйіні
1 - қадам
Бұл модульде нені үйрендіңіз? Өз ойыларыңызды және басқа
қатысушылардың ойларын жазып алыңыз.
2 - қадам
Аталмыш
модульде
қандай
кілттік
сұрақтар
қарастырылады?
Өз
ойларыңызды және басқа қатысушылардың ойларын келтіріңіз.
3 - қадам
Кез келген сұрақтарды қойып, түсініктемелер беріңіз. 4-модульмен
танысып, оны оқып білуге дайындалыңыз.
4 -модуль
Мәтіндік редактормен танысу
42
Copyright © 2007 Intel Corporation Intel®« Болашақ үшін оқыту»
Барлық құқығы қорғалған ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына
кіріспе / 2 нұсқасы
4 - модуль
Мәтіндік редактормен танысу
Аталмыш модульдің мақсаты — сізді мәтіндік редакторды қалай игеру, онымен
жұмыс жасауға қажетті білікті талқылап, мәтінді редакциялау мүмкіндіктерін
оқып білу үдерісінде мәтінді редакциялаумен таныстыру. Сіздің педагогикалық
іс-әрекетіңізде пайдалы болатын өнімді жасау үшін мәтіндік редактормен жұмыс
жасау дағдыларын дамытуды талап ететін тапсырманы орындайсыз. Жасалған
өнім сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруы мүмкін, ал тапсырманы орындау
сізге оқыту мен оқуда ХХІ ғасырдың біліктіліктері мен тәсілдерін пайдаланудың
тікелей тәжірибесін қалыптастырады.
Жұппен жұмыс. 3 - модульді оқып білудегі рефлексия
3-модульдегі үй тапсырмасының сұрақтарына берілген жауаптарды жұппен және
барлық топпен талқылаңыз. Ең қызық ойларды жазып алыңыз.
1 - жаттығу. Мәтінді редакциялау программасымен
танысу
Жазба түрде орындауға тура келетін өте жиі туындайтын жобалар немесе
тапсырмаларды атаңыз. Мұнда сіз жазу үшін қандай аспаптарды пайдаланасыз?
Сізге жазуға көмектесетін аспаптар – қарындаштар, қаламдар және жазу
машинасы. Басқа пайдалы аспап программасы бар компьютер – мәтіндік
редактор болып табылады. Мәтіндік редактор бізге мәтінге тез және мәтінге оңай
өзгеріс енгізуге, сонымен қатар, кескіндердіі қосуға, тіпті, веб-беттер құруға
мүмкіндік береді
Microsoft Word және OpenOffice Write мәтіндік редакторларын қоса алғанда
бірнеше қол жетімді программалар - мәтіндік редакторлар бар. Бір компьютерде
әріптесіңізбен жұптасып жұмыс жасай отырып, 10 минут ішінде келесі
тапсырмаларды орындаңыз.
1.
Өз есіміңізді енгізіңіз.
2.
Есімді жазу түрін өзгертіңіз.
3.
Есімді қайтадан термей, бірнеше рет көшіріңіз.
Технологиямен
таныстыру үшін
тьюторге
тапсырманы оқып
шығып, түсіндіру
қажет; сұрақтар
пайда болғанына
қарай қатысушылар
бір-біріне жауап
беруге көмектесуі
тиіс.
Қатысушылар сынға
түсіп, қателесулер
жолымен
Анықтамалық
жетекшіліктен
көмек сұрамай
тапсырманы өз
бетімен орындап
байқауы керек.
4 -модуль
Мәтіндік редактормен танысу
Copyright © 2007 Intel Corporation Intel®« Болашақ үшін оқыту»
Барлық құқығы қорғалған ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына
кіріспе / 2 нұсқасы
43
Технологияны талқылау
барысында қатысушылар
басқалармен сұрақтарға
берген жауаптарымен
бөліседі және оларды
барлық топпен
талқылайды.
Жауаптардың мүмкін
нұсқалары:
иллюстрациялары көп;
құрылымдалған достық
интерфейсі бар
қарапайым сөздік; жақсы
құрылымданған
4.
Есіміңізді қайтадан термей, беттің ортасына орналастырыңыз
5. Қалған уақытты мәтіндік редакторды пайдаланып тағы не істеуге
болатынын оқып біле отырып пайдаланыңыз.
2 - жаттығу. Мәтіндік редактормен жұмыс істеу үшін
қажетті біліктіліктерді талқылау
1. Сіз мәтіндік редактормен жұмыс барысында қандай біліктіліктерді игердіңіз?
2. Қағазға жазу үдерісі компьютердің көмегімен жазудан қалай ерекшеленеді?
3. Іс-әрекеттің немесе жобаның қандай түрінде сіз мәтіндік редакторды
пайдалана алар едіңіз?
3 - жаттығу. Анықтамалық жетекшілікті
пайдалану
Курста технологиялық сауаттылыққа оқытуда іс-әрекет тәсіл пайдаланылады.
Бұл тьютордың сізбен білімімен немесе ақпаратпен бөліскеніне қарамастан,
сізге өз сұрақтарыңызға жауапты өз бетіңізбен табу ұсынылатындығын
білдіреді. Сіз мәселенің әріптестеріңізден көмек сұраумен шешілетіндігіне көз
жекізесіз. Компьютерлік программалардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін өз
бетіңізбен зерттеуіңізге болады. Интернеттен немесе кітаптан көмек таба
аласыз. Пайдалы болып табылатын ресурстардың бірі — бұл Intel Education
Анықтамалық
жетекшілігі.
Анықтамалықтағы
дискіде
немесе
онлайн-
анықтамалықта қандай да бір біліктіліктерді қалай игеру туралы қадамдар
бойынша нұсқауларды табуға болады.
Анықтамалық жетекшілік компьютердің көмегімен белгілі тапсырмаларды
қалай орындауды, сонымен қатар, қажетті жағдайларда сөздіктер мен
энциклопедиялардың, оларды басынан аяғына дейін оқып жатпай, анықтама
алу үшін қалай пайдалынылатындығын білу үшін пайдаланылады.
Бірнеше минуттың ішінде Анықтамалық жетекшілікпен сол жақ навигация
тақтасындағы менюді қарап танысыңыз. Келесі сұрақтарға жауап жазыңыз
және оларды талқылауға дайын болыңыз.
Аталмыш анықтамалық жетекшілік сіз көрген немесе пайдаланған басқа
анықтамалықтардан,
жетекшіліктер
мен
нұсқаулықтардан
несімен
ерекшеленеді?
1. Сіз алдыңғы кезекте нені оқып білгіңіз келеді?
4 -модуль
Мәтіндік редактормен танысу
44
Copyright © 2007 Intel Corporation Intel®« Болашақ үшін оқыту»
Барлық құқығы қорғалған ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына
кіріспе / 2 нұсқасы
4 - жаттығу. Мәтіндік редактор мүмкіндіктерін
зерттеу
1 - қадам
Мәтіндік редактормен қалай жұмыс жасау керектігі туралы көбірек білу үшін
Анықтамалық жетекшіліктен жаттығуларды, тапсырмаларды қалай орындап,
әрекеттер жоспарын қалай құратыныңыз жөнінде көмек сұраңыз. Мәтіндерді
редакциялау бойынша тарау 12 топтан тұрады:
•
Мәтіндік редактормен танысу;
•
Мәтінді енгізу мен өзгерту;
•
Мәтіннің сыртқы түрін өзгерту;
•
Мәтіннің абзацтары мен жолдарына ұнамды сыртқы түр беру;
•
Беттерге суреттер қосу;
•
Беттерді безендіру;
•
Кестелермен жұмыс;
•
Диаграммалармен, графиктермен жұмыс;
•
Диаграммалармен жұмыс;
•
Алдын ала баптау (күйге келтіру?) мен кеңейтілген мүмкіндіктерді
пайдалану;
•
Құжаттарды рецензиялау;
•
Веб-беттер құру.
2 - қадам
Мәтіндік редакторда жұмыс жасаудың қандай біліктілігін игергіңіз келеді? Ол
жоғарыда келтірілген білік топтарының қайсысына кіреді?
5 - жаттығу. Мәтіндік редактормен жұмыс істеу
біліктіліктерін практикада қолдану
Сізге мәтіндік редактормен жұмыс істеу біліктілігін игеріп, қолдануға бір
міндетті тапсырма мен келесі тізімнен бір тапсырманы таңдауды қалай
орындайтыныңызға қарай мүмкіндік беріледі:
Достарыңызбен бөлісу: |