Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата31.03.2017
өлшемі1,81 Mb.
#11030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
босқа шауып, арғы бетке өте шыққан екен. Әкесінің ет жақын 

23
деген  ағайынның  бірде-біреуін  қалдырмай  сыпырып-сиырып 
арғы бет асып көшіп кеткенін келімді-кетімді кісілердің аузы- 
нан  естіген.  Естісе  де  дүрмекке  еріп  дүркіреген  ағайынның 
артынан  тура  қуған  жоқ;  «қара  басымды  қаңғыртып  жұртқа 
жалғыз  тастап  кетті-ау»  деп  уайым  білдіріп,  ренжімеді  ме. 
Содан  бері  аттай  зулап  бес  жыл  өткен,  бірақ  ол  бұл  елге 
қайтіп  ат  ізін  салмаған;  қысастықпен  емес,  тіпті  шаш-етек 
шаруадан  қолы  тимеген-ді.  Енді  міне,  үйірінен  адасқан 
жылқыдай қайтып оралды. Оралса: ауған жұрттан басқа бөтен 
жаңалық таба алмады, тіпті олардың лаңы саябырсып, мүлдем 
ұмытылғандай... Тәңірім-ау, бәрі де баяғыдай: байы – бай, кедейі 
– кедей, жер сала келген жаңа заман қаладан далаға жете алмай 
жол  ортада  шаршап  қалған  секілді.  Семейде  көрген  көп-көп 
белгі-нышандардың бірде-біреуі жоқ, бәз-баяғы қалпы. Дархан 
жағасын ұстап таң қалды – таңдайын қағып та қалды. Мынау 
сайын далаға революция дүмпуі жеткеніне он жылдан асты: ақ 
отауының ішінде шырт түкіріп, дөнен иттей кергіп Омар бай 
отыр; қырық жылдан бері қыдырудан қолы тимей келе жатқан 
аларман-шабарман  Оспан  жүр  өтірікті  судай  сапырып:  анау 
Омар байдың туған інісі де әне, төрт түлігін алдына салып айдап 
қыр асып барады. Соншалық бір қәперсіздік. Жаңа заман келіп, 
осы  ауылға  ауылнай  болып  сайланған.  Оспан  бәрібір күндіз-
түні Омар байдың үйінен шықпауды жазған. Қашан көрсеңіз 
де осы жаңа ғана қымыз ішіп, ет жеген жаялықтай аузын сүртіп 
сумаңдап,  сол  байекеңнің  ақ  отауынан  шығып  келе  жатады. 
Ал,  анау  Тарбағатайдың  өр  басында  отырған,  бір  басына  он 
сегіз мың жылқы біткен қаракерей Көкебайдың да қылшығы 
қисаймапты деген сөз бар. Сонда қалай өзі?..
Дархан  бүгін  ерте  тұрған.  Жайлаудың  жаздайғы  мол-мол 
қызығы,  үлкен  бір  құмарлықтан  шаршағандай  саябырсып, 
ептеп ересек тартқандай қоңырқай пішінмен бой суытқан. Жез 
табақ күннің маңдайы тарбайып жатқан Тарбаған жотасынан 
қылт етіп көрінді де, мінсіз аспандағы мәңгілік даңғыл жолына 
асығыс  көтеріле  берді.  Тамыз  айы  орталап,  көп  кешікпей 
келер  күздің  қадау-қадау  нышаны  бұта  қараған,  күнгей 
беттегі шалғын шөптің әр-әр тұсына сарғылттана көбелектей 
қонақтапты. Биылғы жаз жаңбырға сарандық жасады. Уағына 
жетпей күреңденіп, жасыл шапанын тез орап алған Тарбағатай 
сілемдері  сайлау,  шұқанақ  ойпаттарына  ең  қымбаттысын  – 

24
бар  қызығы,  бар  қуанышын  сырт  көзден  қызғанып  жасырып 
тастағандай. Жайлаудың жасаңын қуалаған ауыл қырдан құлап 
осы жылға, сайды өрлей қаздай тізіліп отыр. Дархан ең әуелі 
осыны  байқады:  енді  біраз  күнде  мынау  өзекті  бойлап,  бой 
тасалап қонған ел ала жаздайғы келтелеу қызығын жинап-теріп 
түйеге  теңдеп  алып,  етекке  –  ойға  қарай  қопарыла  көшерін 
сезген.  Жайлаудағы  аз  күндік  ойын-той,  алаңсыз  тірлік 
қайрылмасқа кетіп, бұл өмірдің сәні де, салтанаты да – ойыны 
біткен бос сахнаға айналады. Осына шаншуланып өскен ағаш, 
ұйысқан тал, бұта-қарағаны бар кезектің созыла түсіп, таңғы 
тыныштыққа бой ұсына моп-момақан мүлгуі – мына қозы-лағы 
маңырап, түйесі боздап, тай-құлыны тебіскен елдің жаз бойғы 
тепкісінен шаршап тартқан денесін ауырсынуы емес, жо-жоқ, 
олай емес, осы қызықтың өзінен мәңгілікке айрылып қалам ба 
деген сезікті әрі секемшіл ішқұсалық бардай.
Дарханның  көңілі  өзгеше  мұңға  беріліп,  денесі  өз-өзінен 
талмау тартты. Таңғы таза ауа да, жаңадан ыңырана көтеріліп 
келе  жатқан  күн  шапағы  да,  бозала  таңнан  шырылдаған 
бозторғай  үні  мен  шөп  басына  мөлдірей  қонып  жаудыраған 
шық моншақтар да жүдеу тартқан жүзін шырайландыра алған 
жоқ. Неге екені белгісіз, жүрегі сазды. Құлқын сәріде әрі аунап, 
бері аунап тіптен ұйықтай алмайтын болған соң орнынан атып 
тұрып кеткен де, ашқарыннан бір аяқ қымыз ішкен еді – қазіргі 
мазасыздығын  содан  көрді.  Ұйқысынан  қыбыр-жыбыр  ояна 
бастаған ауылды етекке қалдырып төбе басына шықты.
Төбенің басынан сонау етекте жатқан ауылға қарағаныңда 
Жетіқарақшыдай  шөміштене  созылған  киіз  үйлер  қазір  тым 
айқын: кімнің кедей, кімнің бай екенін еркін ажыратып алар 
ажармен оқшауланады. Тасбұлақ деп аталар жылғалы өзектің 
өңіріндегі жағалай тігілген киіз үйлер осы төбеден – биіктен 
қараған көзге жағасына тана таққан қыздардың кеудесі іспетті 
әдемі көрініс беретін. Әсіресе, түн баласында тұрып қарасаңыз, 
жер ошақтағы оты жылт-жылт еткен үйлердің ақ отауы қайсы, 
қараша лашығы қайсы, ажыратуы қиын пошыммен жұлдызша 
жымыңдаушы  еді;  бір-бірімен  таласа  ойнақы  қылықпен  көз 
қысатын; белгісіздеу бір үмітпен, белгісіздеу бір жаққа ымдап 
шақырғандай.  Ең  жайлаудың  сән-салтанаты  әлі  де  болса 
бойында,  дәл  баяғыдай  болмағанмен  бала  кездегі  секілді 
думанға толы қызық, алаңсыз шаттыққа кенелген күйін көрген 

25
Дархан  ішінен  нәзік  бір  сәуле  жүгіріп,  қуанған.  Торқа  киген 
шонжарлары  да,  шоқпыт  киген  шаруасы  да  бәз  қалпында 
сықылдағанымен ертегідей бақырған байды, кемсінген кедейді 
көрген жоқ. Түнгі сауыққа саяқ тартып, тек сонадайдан телміре 
қарайтын  жалғыз  атты  жігіттер  жастар  ойынының  басы-
қасында бел шешіп, білек түріп өздері жүр екен. Қайта ірі ақ 
сүйек үйдің ұл-қыздары алтыбақан басына қымсына-қымсына 
жақындайды. Не дегенмен де ежелгі ожарлық жоқ, мінездерінен 
жасқаншақтық байқалғандай. Заманның айналдырған аз жылда 
ат  құйрығын  теріске  салып  кеткеніне  қайран  қалған  Дархан 
жаңа  өкіметтің  жайлаудағы  жайы  дәл  қаладағыдай  емес, 
қанатын кең жая алмағанын және аңғарған.
Төбе басынан шығып келе жатқан күнмен таласып отырған 
жігіт түндегі алтыбақан басындағы ойын-сауықты, наз күлкіні 
тағы да есіне алып, өз-өзінен жымиды. Теңгедей бұлтсыз түнгі 
аспан дәл төбеден соншалық мол сабырмен төніп тұр еді. Сол 
жұлдыздан  моншақ  тағынған  саршатамыздың  барқыт  түннің 
төсіндегі әлгі сансыз жұлдыздар елбіреп, мәңгі қуақылығымен 
әлсіз  бірақ  аса  қуатты  сәуле  шашар  кірпікті  жанарымен 
жаудырай елжіреп қараған; үлкен әңгіме, ұзақ ертегі тындағысы 
келгендей тың тындап, момақан жатқан жер жарықтық толып, 
әбден  кемеліне  келіп  барып  кеспірі  кете  бастаған  айдын 
аспаннан саулаған нұрын еміп, көз жұма, көңілі балқи жусап 
жатыр.  Жусаған  жердің  бейбіт  те  еркін  тынысы,  баяулаған 
жүрек  соғысы  –  әлдебір  қасіретті  халді,  сойқанды  шайқасты 
іші сезе сазарып, зор шыдаммен тосқандай, не болмаса сол қан- 
ды қырғыннан шаршап келіп жығылып, көз шырымын алған 
батырдай  ма-ау...  иә,  көз  шырымын  алғандай-ау...  алғандай. 
Жер-ана  расында  да  баласын  емізген  анадай  иіп,  бой-бойы 
балбырап мызғыған; самалды лепке – бейіштен соққан райыс 
желіндей самалға оранып түс көргендей түшіркене қалғыған. 
Жиегін тал көмкерген, бір созылып, бір иіріліп аққан өзеннің 
түнгі үні еркін: тандайын қаға тамсанып, осы елдің барша кәрі-
жасына  тақпақ  айтып  тақылдап  жатқандай-ды.  Осы  тоғайлы 
өзектің көк майсалы, мал тұяғы аз тиген алаңқайына лаулата 
от жағып, серейтіп алтыбақан кұрған; ай астындағы алтыбақан 
дәл осы қалпы мынау... бүгін болмаса ертең иесіздікке айналар 
кең  өріс,  бейбіт  қоныстан  аттап-бұттап  қашып  бара  жатқан 
сырықтай ұзын сирақтар сынды.

26
Бүгін алтыбақан қызығын қыздырып жүрген Қамбар деген 
жігіт  –  Дарханның  құрдасы,  асық  ойнап  атысып,  бір  төсекте 
жатысып өскен бала досы. Түу, ит арқасы қиян шаһардан шаршап-
шалдығып келгенде, екі туып, бір қалғаны жоқ, осы Қамбарды 
қара тұтып келген. Обалы кәні, міне айдан асты, досының жан 
шатырашы өз үйі, өлең төсегіндей болып төрін босатқан жоқ, 
барын аузына тосты. Әйтеуір қырық күн ішінде ойдан орып, 
қырдан  қырып,  жоғын  жонса  да  тауып,  қарнын  аш  қылған 
емес. Мойыны ырғайдай болып, қу жанын сүйреп қаладан әрең 
келген  Дарханға  ептеп  ет  бітсе,  осы  ізгі  көңіл,  кең  пейілден 
тараған  мол  шуақтың  шапағаты  еді.  Кейін  қызойнақ  жасап, 
мұқым  ауылдың  тамам  жастарын  тайлы-тұяғын  қалдырмай 
дүрліктіріп, қойдай иіріп алтыбақан басына айдап әкелгендегі 
ойы  –  тағы  да  Дарханның  көбен  тартқан  көңілін  көтеру, 
қоламталанып  сөнуге  айналған  үміт  отын  үрлеп  тұтандыру 
ниеті-тін. Ол, әлгі сөнуге айналған от не? Арманшыл азаматтың 
үмітке толы алғы күндерінен күдер үзуі ме; әлде бұрынғыдан да, 
бүгінгіге де немқұрайлы қарап, ешкімге, еш нәрсеге сенбеуден 
туған ішкі бір ұлы бұлқыныстың қанағатсыз да қағылез мінез 
көрсетуі шығар. Адам баласының, әсіресе, жас шағында мынау 
жалпақ жаһанға тоятсыз сезіммен қарауы, дүниедегі ең ауыр, 
ең  сұмырай  қиындықты  тілек  етіп,  поруана  көбелектей  шыр 
айналып,  шырғалап  шықпауы  неден  екен?  Дарханды  қалаға 
сүйреп апарған ешкім жоқ, кәсіп іздеп қаңғырып кеткен өзі еді. 
Енді, міне, сол ақсап кеткен жағынан өлімтігін сүйретіп әрең-
әрең қашып келіп отыр. Келсе... Дархан мен Қамбардың әке-
шешесі  алыстан  қосышар  ағайын,  алыстап  кетсе  сағынатын, 
жақындаса қағышатын қарға тамырлы қазақтың бірінен ғана. 
Туыстықтан  гөрі  тағдырластық  табыстырып,  бірге  көшіп, 
бірге қонып, жұбын жазбай қонсылас ғұмыр кешкен. Осы екі 
үй  Омар  байдың  қазан  көтерер  тұтқышы  секілді  еді.  Ғұмыр 
бойы отымен кіріп, күлімен шықты; ал, ел ала тайдай бүлініп, 
ақтар  қашып,  қызылдар  қуып  дүрлігіп  жатқанда  мыңғырған 
малы бар Омар да, сіңірі шыққан кедей Қамбардың үй-іші де 
тырп етпей жұртында қалып, тек Дарханның жалғыз атты әкесі  
арғы бетке жалғыз-ақ түнде ауып кетуі кісі күлерліктей иланым- 
сыз  жағдай  еді.  Неге?  Әзірше  жұмбақ.  Бүкіл  малтыкөл  руы 
болып таңқалған оқыс оқиға. Анау бір күні Қамбар аш қарынға 
ішкен қымызға қызыңқырап отырып, осы жұмбақтың ұшығын 

2
аңғартқандай  еді.  Досының  жауар  бұлттай  түнерген  қас-
қабағына  қарады  да  әңгімесінің  желісін  басқа  жаққа  бұрып 
әкеткен.
Алтыбақан басы қызықты болды. Көрші іргелес ауылдың 
жастары  да  бір-бір  атқа  мініп,  баяғының  сал-серілеріндей 
бұлғақтап  келіп  қосылған.  Түн  даласында  аспандағы  айға 
тілін  жалақтата  созып  лаулаған  отты  қоғамдай  шулаған  қыз-
жігіттер шырқалған ән, сыңғырлаған күлкі, күбір-сыбыр әңгіме 
– бәрі-бәрі өз жарасымымен жаныңа шырақ жаққандай. Алты- 
бақанның  бүгінгі  сән-салтанаты  ерекше  жарасыммен,  бұған 
дейінгі – жаздайғы думанды күндер мен дуасы мол түндердің 
ең  ақырғы  шырқап  салар  әніндей  әрі  мұңлы,  әрі  қуанышты, 
еркіндікті,  еркін  күліп-ойнауды  аңсап  шөліркеген  көңілдің 
қайтып  көре  алмас  қызығын  соңғы  рет  тамашалап  қалуға 
таласа-тармаса  ұмтылғаны  ма;  бәлкім,  шымқай  жасыңданған 
жұмыр  жайлаудың  тамыз  тұсы  күреңденіп,  көп  кешікпей 
келер  күзге  ұласар  қоңыр  мезгілін  табиғатпен  бірге  еріккен 
ұл,  қылықты  қыздың  да  іші  сезіп  елеңдеп,  өлім  алдындағы 
ала-құйын  сандырақ  сәттей  мәңгіріп  күй  кешуі  ме,  жастар 
мінезінде  түсініксіздеу,  уа  ессіздеу  еркелік  бар.  Жеңсік 
таппай  желіккен  көңілдің  айдарынан  жел  есіп,  көз  көріп,  
құлақ  естімеген  ерлікті  аңсағандай  бөрлігіп  жетіседі.  Күні 
кешегі  бұйығы  дала,  ақ  пен  қара  секілді  тең  екіге  бөлініп, 
халықты қанқақсатып келген екі бөлек тірлік, бір-бірін атып-
шапқан,  буындырып-бауыздаған  қаныпезер  жылдар  –  бәрі-
бәрі  саябырсып,  үлкен  бір  сабырға  ұласқандай.  Келте  болса 
да  келісімді  жарасым,  жылқышының  жусағанындай  бейбіт 
қаперсіздік бар. Осынау тыныштықты, осы берекелі түнді аңсап, 
дүниені жайлаған даңғаза шу, атыс-шабыстан зәрезеп болған 
жас  жүректің  бір  сәт  дамыл  тауып,  алтыбақан  басынан  пана 
іздегені сынды еді. Бүгінгі кеште көңіл мастығына берілмеген, 
жаны  жадырап,  жүйке-жүйесі  босамаған  адам  кемде-кем 
шығар-ау. Енді қайтіп әбігер-машақаты, әуре-сарсаңы індеткен 
мазасыз күндер мен ұры түндер қайтып  келмейтіндей елірер 
еді. Елірмегенде қайтсін...
Алтыбақан  басында  кежегесі  кейін  тартып,  еріне  басып 
Дархан да жақындаған еді, Омар байдың егіз қызын көріп қуанып 
қалды. Бағана Қамбар қу: – Омардың екі қызын да шақырдым, 
«әке-шешеміз  жібермейді»  деп  қиқаңдап  еді,  комсомолдық 

28
жолмен шақырып тұрмын, они не имеет право жібермеуге, – 
деп зекідім деген. Расында да Қамбардың құқайынан сескенген 
шығар, барын киіп, бақанын қолына алып дегендей, бұлар да 
қаздай  тізіліп  келіп  қалды  әне.  Екеуі  бірдей  болып  киінген, 
бойлары да тең, алыстан қараған адам ажырата алмас ұқсастық 
бар;  екеуінің  үстінде  де  қос  етек  көйлек,  кеудесі  тар  қынама 
бел камзол, бастарында үкісі үлпілдеген қатипа тақия; екеуінің 
құлағында үзбелі сырға; әсіресе, ақ ләйлөктен ісмер қол тіккен 
ұзын етек көйлектің жеңінің ұшы мен жағасына қатпарланған 
әдемі желбір салынған. Белі бүрмеленген жұқа көйлек ішіндегі 
егіз  қыз  қос  аққу  секілді  мамырлай,  жүріп  емес,  жүзіп  келе 
жатқандай, топқа имене жақындады.
Әуелде өз көзіне өзі сенбеген Дархан аспаннан адам жау- 
ғандай селтиіп тұрып қалған. Сенбеген себебі – осыдан бес-алты-
ақ жыл бұрын он екі, он үш жасар, тұлымы желпілдеп, шашбауы 
сылдырлаған Дүрия мен Гүлия, енді міне, атты кісі түсіп, жаяу 
кісі жатып қарайтын сұлу қыз болып бойжетіп үлгерген екен. 
Уақыт шіркіннің осыншалық тез өтерін Дархан енді ғана бағам- 
данғандай еді... Енді ғана... Елге келгеннен бері бай үйінің маң- 
қайған  пошымын  ғана  көргені  болмаса  әлдекімдердей  өтірік 
сәлем  бергенсіп,  қымыз  дәметіп  сұғанақтана  қойған  жоқ-ты. 
Ал, Омардың егіз қызы да әке зілінен қорқа ма, үйлерінен көп 
ұзап шықпайтын. Бүгін тек Қамбардың пысықтығы арқасында 
ғана амалсыздан сауық кешке келген секілді.
«Сұлу болып өскен екен» деп ойлады Дархан ішінен. Өзі 
үйме-жүйме топқа араласа қоймай шеткерірек тұр еді. Қаздай 
қалқып, бипаздай басып келе жатқан қос қызды бірінші болып 
көрді. Ай сәулесі аймалаған беттері жарқырап, бұрынғысынан 
да  нұрлана  түскендей;  көктегі  жұлдыз  аспанның  от  көздері 
болса, Дүрия мен Гүлия жердің қос жанары-сынды жарқырап, 
адам  баласының  сұлу  болмысын,  құдіретті  күшін  танытып 
табиғат  иеміздің  ең  бір  аяулы  баласы  екенін  айғақтағандай 
аймен,  жұлдызбен  таласа  нұрланады.  Қапелімде,  иә  оларды 
алғаш көргенде есінен ауғандай мең-зең тұрып қалған Дархан 
қыздардың  қылымси  берген  сәлемін  алған  жоқ.  Күн  сәулесі 
түсіп, шағылыса жалтыраған шыныға қарағандай көзі қарығып, 
басын төмен салды. Мұнысы ынжықтық, не болмаса байдың 
ерке  қыздарынан  қымсынып  ұялуы  емес,  жо-жоқ,  талассыз 

29
сұлулықты мүлдем мойындап бас июі, сол сұлулыққа тағзым 
етуі...
«Сайтандар-ай,  шешесіне  тартқан  екен»  –  деді,  әрине, 
ішінен.  Қамбар  үшін  бәрібір  секілді.  Күнде  қойнына  қолын 
салып жүрген бозбаладай-ақ тарқылдап күліп, тайраңдай басып 
келді де, екеуінің де қолтығынан алды. Аузы жабылар емес.
–  Қош  келдіңіздер,  қос  аққу,  –  деп  алтыбақанға  қарай 
сүйреледі. Ептеп именіп, ұяла шегіншектеп еді, қоярда-қоймай 
жөнелдетіп  қолтықтай  жөнелді.  Досының  ебедейсіз  қылығы 
Дарханға  ә,  дегенде  ұнамады.  Қайта  жаңа  ғана  үп  еткен 
самалдай  қызғана  сезім-түйсігімен  аялап  тұрған  қимасын 
жұлмалап әлдебір аждаһа жеп жатқандай шошына қорыққан. 
Ол жан жолдасы Қамбарды тұңғыш рет жек көрді...
– Ей, пролетариат, – деп дауыстады Қамбар білегіндегі қамшы- 
сын сарт еткізіп. – Не қып суырдың айғырындай секиіп қалдың. 
Жаныңның барында жақында бермен.
Бұдан  әрі  саяқтаудың  реті  жоғын  білген  Дархан  артынан 
әлдекім  итергендей  боп  от  басына  тақалды.  Шаршы  топ- 
тың  ортасында  өртекедей  ойнақтап,  тірі  жанға  бермей, 
алтыбақанның  бүкіл  тізгінін  өзі  алған  Қамбар  Гүлия  мен 
Дүрияны сол жетелеген қалпы ызу-шудың ішіне араластырып 
жіберген. Енді құстай ұшып келді де ебедейсіздеу, мынау өзі 
жоқта  қаулап  өсіп  кеткен  жастарды  жатырқағандай  болып 
тұрған  Дарханның  қолынан  алып  балаша  дедектете  жөнелді. 
Досының  аусар  қылығына  шамданған  жоқ,  мұрнын  тескен 
тайлақтай елпілдеп ере берген.
– Оу, Гүлия, – деді Қамбар, – кел, ағаңмен алтыбақан теп. 
–  Бұдан  соң  өзі  аспанға  шырқай  ұшып  тербетілген  қыз  бен 
жігітті  сап  беріп  шапшаң  ұстап  тоқтатып  алып,  –  Құмардан 
шықсаңдар алтыбақанды босатыңдар, – деп зекіді.
Гүлия  жұмсақ  басып  келді  де,  сол  төмен  қараған  күйі 
алтыбақанға отырды.
– Сен келесі басына жайғас, – деді Қамбар Дарханға. – Бұл 
қыз сені жеп қоймайды. Күні кеше ғана ашық-шашық жүгіріп 
ойнап  жүрген  бүлдіршіндей  бала.  Ал  тербеттік,  мықтап 
ұстаңдар. Бір, екі, үш...
–  Байдың  қызын  соншалық  әспенсіткені  несі...  –  деген 
күңкілдер естіліп қалды.

30
–  Әй,  тыныш  қана  тұрыңдар,  –  деп  одыраңдады  Қамбар. 
Содан соң қолындағы қамшысын сарт еткізді де: – Бай болса, 
әкесі бай, қыздарының жазығы не, – деді.
Баяулап басталып ырғатыла-ырғатыла әуелеп бара жатқанда- 
рын  алғашында  қалт  жібермей  қадағалап-ақ  еді  Дархан.  Ал 
дегенде  айға  қарсы  отырған  Гүлияның  аппақ  жүзін,  тіпті 
ай  сәулесі  түсіп  жалт-жұлт  еткен  жанарына  шейін  нұрлана 
толқығанын,  аққудың  көгілдіріндей  болып  қарсы  алдында 
қонып отырған арудың жүрегі бір ысып, бір суығанына дейін 
сезіп,  байқағандай.  Аспанның  алқара  төсіне  кезекпе-кезек 
лақтырылғанда  қауырсындай  қалықтаған  Гүлия  оқыс  болып 
кетер ме деп шошынған. Бірақ қыз өзінен әрі мықты әрі мығым 
отырғанын  аңдап,  ұшпа  көңілдің  құмарлығында  малтып 
рахаттанып еді. Енді дүниенің бәрі дөңгеленіп, шыр айналып 
жүре  берді.  Аспанға  қарады:  сап  түзеген  сансыз  жұлдыздар 
жерошақтан атылған оттай ыршып-ыршып, орындарын ауыс- 
тырып  балалық  қылықпен  асыр  салып  ойнағандай  болды.  
Жерге  қарап  еді:  анау  лапылдай  жанған  жалын  өздерімен 
қоса  еріп  оңды-солды  тербетіледі.  Кейде  қара-барқынданған 
жер аунап түсіп аспанмен ауысып қалатын секілді; осылайша 
аспаны – жерге, жері – аспанға айналып шат-шадыман сезімде 
отырған  Дархан  бүгінгі  айлы  түн,  бүгінгі  алтыбақанның 
мәңгілік ғұмырын сұрады, жалбарына сұрады тәңірден. Қарсы 
алдына  қарады:  қауырсындай  ағараңдаған  қыз  алтыбақан 
екпінімен  біресе  астына  түседі,  біресе  үстіне  шығып,  ұшып-
қонып Дарханға ешқашан да ұстатпайтын көбелектей өзгеше 
қылық  көрсетеді.  Секіріп  аспанға,  секіріп  жерге  түскен  от 
басындағы жастар жым-жылас жер жұтқандай жоқ, тек Дархан 
мен Гүлия ғана ақ қанатты періштедей көк төсінде қалықтайды. 
Енді екеуі де – алғашында бір-бірін тосырқаған қыз бен жігіт 
те тоқтамай, осылайша мәңгі тербетіліп өтуін тіледі.
Тоқтады.  Расында  тоқтатып  тастады.  Жұлдыздар  ұшып 
аспанға  қайта  қонақтады,  бұлар  қарғып  жерге  түсті.  Бәрі 
бәз-баяғы орнында. Әлгінде ғана тайдай тулап, құлын болып 
кісінеген жүректері сусып, суынып барып ол да жерге құлаған. 
Ендігі сәтте әлгінде ғана өздері құс болып ұшқан көк тәңірісінде 
Дүрия  мен  Қамбар  қалықтап,  әлгінде  ғана  өздері  еншілеген 
бақытқа  басқалар  патшалық  жасаған-ды.  Бірақ  Дархан 
оған өкінген жоқ. Өз жанынан әлі де ұзап кете қоймай, анау 

31
алтыбақан  аспандата  лақтырған  сыңдарын  тағатсыз  тосып, 
тықыршыған қыздан қуат алғандай жүрегі тағы да тарсылдап 
ала жөнелген.
«Құдай-ау, күні кеше ғана қаршадай қыз емес пе еді. Еңді 
міне  ай  мен  күндей  жарқырап,  тотықұстай  таранып  иықтас 
тұрғаны. Шынымен-ақ, – деп ойлады, – шынымен-ақ Омардың 
ерке қызына ғашық болып қалғаным ба?»
Гүлияның көңілінде де алай-дүлей дауыл басталған. Осынау 
алай-дүлей  дауыл  бүгін  де,  кеше  де  емес,  тым-тым  ертеде  – 
жер жаралмас бұрын желемік болып басталып, енді міне ұлы 
құйынға  ұласқандай-ау...  Қашан  еді?  Қыз  сәл  қимылдағанда 
күміс  теңгелер  тізілген  шолпысы  сылдыр  етіп,  екеуін  бірдей 
шошытып алды. Бір-біріне жалт қарады да, жанарлары түйісіп 
барып, төмен үңілді.
Қашан  басталып  еді,  мұншалықты  нәзік  сезім,  балапан 
сүйіспеншілік;  баяғыда,  баяғы  өткен  заманда,  дінмұсылман 
аманда...  ол  кезде  Гүлия  он  екі,  он  үш  жаста  ғана.  Әкесінің 
малын  бағып,  отын  жағып  жүрген  мынау  қасында  қақшиып 
тұрған  еңгезердей  мүсінді  жігіт  балаң,  бала  мұрты  енді-енді 
тебіндеп келе жатқан уыздай жас еді. Онда Гүлияны сәбилік 
мінезбен  қызық  әуестік  жендеп  шұқылап  ойнағысы  келіп 
тұратын. Ат ерттеп бер, бота ұстап әкел деген сықылды ерке 
қылық,  орынсыз  жұмсаулар  Омар  мен  бәйбішесінің  айтағы, 
алып кел, барып келі әбден ерқашты қылған жігіттің жынына 
тиіп, діңкесін құртатын. Бір кұм желі басында ойнақтап жүрген 
қысырдың  тайын  ұстап  үйретіп  бер,  мінемін  деп  әлек  салды 
емес пе. Ноқта киіп, құрық тимеген асауды Дархан бие-сауым 
қуып  әрең  ұстап,  үйретем  деп  әуреленіп  жүргенде  бұл  асау 
қара санын қан қақсатып оңдырмай-ақ тепкен. Ызаға булыққан 
бозбала Гүлияға:
– Басымды қатырмай кет өзің! – деп еді. Қыз жылап үйіне 
барғанда айдаһардай ысқырып ақ бәйбіше шыққан:
– Әй, қарғадай қызда не әкеңнің құны бар?! Сенсіз күнім 
қараң қалса да тайып тұр. Ендігәрі ондай бөтен мінез көрсетсең, 
айдап салам! – деп көкайылданып жер-жебір, жекен суына жетіп 
еді. Сонда Дархан бәйбішенің ылғи да аппақ сазандай болып, 
толықсып тұрар нұр дидарына шапшып шыққан зәрді көріп таң 
қалған. Әдемі әйелдің сөзіне ренжімеген, таң қалған – адамның 
дәл осылай, жалғыз сәтте-ақ, мүлдем танымастай болып өзге- 

32
рерін алғаш рет көргенде бұл әлемде тіпті сұлулық, жақсылық 
атаулының  барына  күмән  келтірген;  сырты  бүтін,  іші  түтін 
алдамшы  бос  дүние  деп  білген.  Енді,  міне,  бәрі  басқаша... 
Баяғы балалау шақтағы жоғалтып алған әдемі бір затын, асыл 
қимасын  қайтадан  тауып  алғандай  балқып  иланды,  тасып 
қуанды. Тәңірім-ау, бар екен ғой, бар екен... Сұлулықтың бұл 
жаһанда  бар  екенін  дәлелдегендей  Гүлия  тұрды  жанында 
күлімдеп.  Күлімдеп  дегеніміз  өтіріктеу  де  болар,  ол  ботадай 
көзі  мөлдіреп,  аймен  шағылысқан  тұнық  жанарының 
сақшысындай  қаздиған  кірпіктерін  қамастыра  көзін  ашып-
жұмып,  әлденендей  тәтті  мұңға  оранып  тұр  еді.  Бойында 
жарасымды  жасқаншақтық,  нәзік  үрейден  туған  діріл  бар; 
өзінің  бай  қызы  болып  жаратылғанына  қорлана  ма,  мынау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет