Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата31.03.2017
өлшемі1,81 Mb.
#11030
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
ашар әдіс ойлап табылмайды-ау. Қайдан табылсын... Дегенмен, 
үлкен  іске  іріткі  салмас  үшін  бұл  зымиянды  қалаға  жөнелту 
керек екен».
Ет  үстінде  бөтен  әңгіме  болған  жоқ.  Әркім  өз  ойымен 
алысып,  үнсіз  отыр.  Құрт  қосқан  жас  сорпаны  өз  қолымен 
сораптай сапырып, суытып отырған Рахия сонау бір келмеске 
кеткен  қызық  дәурен,  қылықты  кешті  сағынғандай,  мұңды 
жанармен анау екі ұртын бұлтылдатып ет шайнаған дәу шалға 
жаудырап,  әлсін-әлсін  қараумен  болды.  Бәйбішесінің  осы 
жарысын іштей ымдасқан әлсіз әрекетін Омар да байқап, лақса 
биенің ышқына оқыранғанымен үйірге түсіп жарытпайтынын 
еске алып, қызғанышын бұғалықтады. «Қағынан қағынып туған 
албастының жыны әлі басылған жоқ па, бәтір-ау», – деп тағы 
ойлады.  Не  дегенмен  ажарын  тоздырмаған  Рахияның  қарулы 
қол, қатқыл тізені ұмытпағаны, күні кешегідей бар қуатымен, 
өне бойын шарпып жадында сайрап жатқаны рас-ты. Омардың 
байлығына қызығып бақай есеппен бұл үйдің табалдырығын 
таза  аттаса  да  сонау  Семей  қаласында  бұлғақтап  жүрген  бек 
матур қыз Таңатарды алғаш көргенде жүрегіне шоқ түскендей 
аса бір қызығыспен, дәл бүгінгідей мөлдіреп қараған. Алғаш 
рет Омардың шабарманы, ауыл мен қала екі арадағы кірешісі 
болған, саудагер әрине, талай барған көрікті жігітті құлай ұнатты 
да. Амал не, сүйекке сіңді әдет: дүниеқорлық, ашкөзділік, жемі 
бардың шырқ айналған тауығы болуға жаралған мінез өз дегенін 
істеп тынды... сүйгенін сүйекке айырбастап кетті. Шын ықылас 
білдіріп, аңсары ауса, әйелінің дегеніне көнбей осы Таңатарды 
етегінен ұстап өтуге батылы жетуші еді; жалындап басталған 
махаббатың  күйеуінің  көзіне  шөп  салумен  дәлелдеген.  Омар 
қалаға аттанған сайын қылымсып қыздай қылық көрсетіп, дәу 
жігіттің  мойнына  асылатын  келіп.  «Құнажын  көзін  сүзбесе, 
бұқа  жібін  үзбейдінің»  кері  болып,  маза  бермеген  еркетотай 
қатынды  тояттатып  тынды.  Рас,  Таңатар  Құдайдай  сыйлаған 
замандасы  Омарға  обал  жасағысы  келген  жоқ,  тортасын 
айырған майдай толықсыған Рахия қыр соңынан қалмаған соң, 
еркектің намысына тиісе берген соң, Омардың әкесі Кенжеге 
кеткен  әкесінің  кегін  ала  алмаған  соң  адалдықтың  ала  жібін 
аттағаны рас. Рас, оны адамнан да, Құдайдан да жасыра алмас 

3
еді.  Бірақ,  анау  көзілдірігі  жылтырап,  қасы  қиылып  отырған 
бұйра шаш, аппақ сазандай Еркін менің ұлым-ау деген ой өліп, 
қайта  тірілсе  де  қаперіне  кірмес  еді...  Ол  сырды  Малтыкөл 
ішінде  үш-ақ  адам  біледі:  Омар,  Рахия,  содан  соң  Оспан-ау. 
Ал Еркіннің әлде де күмәні бар, көре алмаған елдің қаңқу сөзі 
шығар деп иланбаған. Әйтпесе, ұл таптыратын қуат әкесінде де 
жоқ емесін біледі.
Ет  желініп,  сорпа  келгенде  Еркін  бас  қатырар  саясаткер- 
лікті қойып, осындай бір адамзат арасында болатын ауыс-күйіс, 
дәлелденуі мүмкін емес, өзі көп қолданатын «интимдік» қарым-
қатынас,  адамгершілік  қағидалар,  отбасылық  сырсандықты 
ақтарып отыр еді. Оспан соқыр оның ойын дәл тапқандай:
– Апыр-ау, адам адамға ұқсай береді екен-ау, – деп бықсытты. 
Сорпаны  сораптай  ұрттап  балқып  отырған  былайғы  жұрт 
елең етісті. – Осы Тәкеңнің ұлы Дархан мен анау қамшысын 
қанжығасынан  тастамайтын  Қамбар  соққан  егіз  қозыдай  еді. 
Кішкене кезімізде тамам бала ойнап жүріп, екеуін ауыстырып 
алатынбыз. Ол да бір дәурен-ау... Енді міне, отызға келіп, орда 
бұзатын  жастамыз.  Бітірген  түгіміз  жоқ.  Қыртып  ауылнай 
болғанға мәз болып жүрміз.
«Қамбарды  көздеп,  мені  атты»,  –  деді  Еркін  іштей  ар- 
палысып.  Сорпа  құйып  орнықты  отырған  бәйбіше  екі  беті 
ду  етіп  «шәй  қамдауды  ескертемін»  деп  сылтауратып  далаға 
шыға  жөнелді.  Соқырдың  нені  меңзегенін  сезсе  де  сырбаз 
маңғаздығын бұзбаған Омар қолын сабырмен сүртіп:
–  Қырыққа  келгенше  қыртып  жүргенің  рас,  бірақ,  бұл 
әңгіменің ұшығын ұстай алмадық қой, – деді. Арша істікті төс 
қалтасынан асықпай алып тісін шұқыды. 
– Әншейін, балалық шағым есіме түсіп, – деп мәймөңкілеп, 
түлкі құйрыққа басты Оспан.
– Сенің есіңе естелік ет жегенде ғана түседі екен. – Бұл сөзді 
Еркін  қанша  салқынқанды  айтқанымен  зілін  басуға  шыдамы 
жетпеді. Ал дәу шалға бір-бірін астарлы сөзбен шымшылаған 
қысыр  әңгіме  әсер  еткен  жоқ,  рақаттана  кекіріп,  керегеге 
арқасын қайта тіреді. 
–  Еркін  шырақ,  –  деді  бөренедей  мойнын  әрең  бұрып,  – 
қаладан шыққаныңа көп болды ма?
–  Жоқ,  ақсақал,  еру  болғаныма  екінші  түн.  Кеше  осы 
мезгілде келдік. Көп уақытым жолда қалды.

4
– Иә, Семей алып, – деді дәу шал, – баяғыда кіре тартып жүр- 
генімде құр атпен шығып араға төрт қонып лау жалдап әрең 
жететінбіз. Бағанадан бері сұрайын деп отыр едім, біздің жаман 
ұлдан хабарың бар ма?
–  Ертіс  үстінде  көпір  салып  жүргенін  екі-үш  рет  көрдім. 
Ханға сәлем беретін сыңайын байқай алмадым-ау...
– Одан шығады, – деді Таңатар сүйсінгендей күліп, – бала 
кезден дала безер еді... Қайда жүрсе де аман жүрсін, түтінімді 
сөндірмесе, соған ризамын.
– Ол орыстан қатын алып, ата-енесінің қолында тұрады деп 
естідім. Сондықтан, Тәке, артық айтсам айыпқа бұйырмаңыз, 
Дархан шығаратын түтінге күмәнім бар, орыстікі ме, қазақтікі 
ме. Солай емес пе, Ереке, – деп ыржиып Еркінге қарады.
«Соқыр ит-ай, өзгені көздеп, тағы да мені атты-ау, жоқ, бұл 
жыланқұртты қалаға апарып көзін құрту керек екен».
– Қан өлмейді ғой, – деді дәу шал. – Қанның өлгені – жақсы- 
дан оттың сөнгені ғой.
–  Асылдың  астары  да  асыл  болса  жарасар  дегенім  еді, 
ақсақал. Рас айтасыз, аман жүрсе болды, сізден қалған жалғыз 
тұяқ еді, көк көпірді бандылар жарып, үлкен шығын болды деп 
естіп едім...
– Әй, тағы нені бықсыттың! – дәу шал шаңқ ете қалды.
– Оттайды, – деді Еркін, – мен Дарханды көпір жарылған 
соң да екі-үш рет көрдім, ақсақал.
Бұдан  әрі  сөзбұйдаға  салып  Оспанмен  тәжікелесіп 
отырудың, жөні жоғын білген Омар тыңдаушы қалпын бұзып, 
ыңырана ырғатылып алды да тамағын кенеді.
– Ал ағайын, түннің бір уағы болған шығар, ас қайырып, 
демалайық. Алыстан ат терлетіп келген жолаушылар бар, аяқ-
қолын жазып, демін алсын. Оспан екеуміздің әңгімеміз мың бір 
түн секілді айтқан сайын балалап, жуыр маңда таусыла қоймас. 
Сен, – деді Оспанға қарап, – алтыбақан құрған жастарға бар. 
Әлгі біздің қыздар қызды-қыздымен қыр асып кетіп жүрмесін.
Аузы  қышып  отырған  ауылнайдың  ең  осал  жерін  тапты 
білем.  Анау  «аллахуәкпар»  деп  бетін  асығыс  сипап  орнынан 
атып тұрды.
–  Мақұл,  Омеке,  мақұл.  Алтыбақаншыл  албастылардың 
көкесін  көзіне  көрсетіп,  ортекедей  ойнақтап  қайтпасам  бол- 

5
мас,  –  деп  шыға  жөнелді.  Жармалап  жасалған  есік  сақ  етіп 
жабылғанда:
–  Уһ-уһ,  –  деді  Еркін  үлкен  бір  пәледен  құтылғандай 
қуанып,  –  ішкенімізді  –  ірің,  жегенімізді  –  желім  қылды-ау 
өзі. Осыншалық көкезу, серкенің дауын атан өгізге сатып алар 
пәлеқорлығын білсемші.
– Ол сондай, – деді Омар, – жыланның жусағанын білетін 
сұмның нағыз өзі. Әкесі, есі бар жұрт егін өсіріп жатқанда, ол 
құдайдың  қу  даласына  тұз  егіп,  оны  алажаздай  суарып,  ата-
бабасының сүйегіне таңба болып еді.
–  Ол  жалғыз  Оспаның  әкесі  ғана  емес,  исі  Малтыкөл 
ежелден аңқаулығымен аты шыққан қожанасыр руы ғой, қайта 
бұл жігіт қияндағыны көзі шалатын қырағы ма деп қалдым, – 
деп дәу шал Омар сөзіне келіспейтінін аңғартты. – «Осы күннің 
баласы аласа туады, үлкендермен таласа туады» деп отырушы 
еді жарықтық Малтыкөл атамыз. Соның кері де. Ел ішінде бір 
тентек жүре берсінші.
Сырттан  жалшы  әйелге  үлкен  жез  самауырды  көтертіп, 
бағана  шығып  кеткен  бәйбіше  қайта  кірді.  Шадырағы  жоқ 
керосин шамының, әлсіз жарығы есік ашылып-жабылған сайын 
бірде өртейтіндей болып өршеленіп, енді бірде өшетіндей болып 
өлімсіреп қыпышықтайды. Алакөлеңке сәуле киіз үй ішіндегі 
әр  заттың  ашық  ажарын  аша  алмай,  құр  нобайын  шұбарлап 
көрсетеді.  Шам  білтенің  көмірленген  басын  қайшымен 
қиып, қайта тұтатқандай ғана лып жанған сымақ болды. Осы 
жалпылдап  жанған  жалғыз  шам  үй-ішіне  болымсыз  күңгірт, 
жұқалтым қызғылт сәулесін таратқан сайын, түн баласындағы 
отырыстың өзін өзгеше бір қоңырлыққа, күбірлеп қана әңгіме 
айтар  жуастыққа  шақырғандай.  Бірақ  үнсіздікті  араға  салып 
барып,  бір-бірін  жолықтыруды  тағатсыз  тосқан,  жеме-жемге 
келгенде  сөзді  неден  бастарын  білмей  қаңтарылған  үшеуі 
бірдей,  үндемес  ойнағандай  бұл  отырысымыз  қай  отырыс 
дегісі келіп, қозғалысқа көшті.
–  Ұзын  арқан,  кең  тұсаудың  заманы  емес.  Бүгінде 
ымыртшының  есінде,  күзетшінің  көзіндегі  қияс  шақ,  Тәке,  – 
деді Еркін нығыздана отырып. Үлкен арналы әңгіме бастарда 
өстетін әдеті.– Оспан оттаубайы талай уақытымызды ұрлады. 
Сондықтан, әр сөздің бас жібін жеке есіп, сөзбұйдаға салмай 
тоқ  етерін  айталық.  Менің  ең  әуелгі  білгім  келіп  отырғаны, 

6
ақсақал,  арғы  беттен  өріс,  жанға  қоныс  табыла  ма.  Жаман 
айтпай жақсы жоқ, сіздің ізіңізді ала біз барсақ, қытайыңыздың 
қолтығына сияр ма едік?
– Түбі не боларын кім білсін, шырақ, қазір тыныш,– деді 
шал.
– Мұнда да қырып-жойып, өртеп-өлтіріп әкетіп бара жатқан 
ешкімді көре алмадым-ау.
– Мен де соны айтамын. Астымыздан су шыққан жоқ, «сен 
тимесең мен тимен бадырақ көз деп отыра берсек, осы советтің 
бізде әкесінің құны жоқ шығар», – деп сөзге енді бағанадан бері 
маужырап,  қалғып-мүлгіп  зауықсыз  тыныш  отырған  Долдаш 
араласты. Қызу қанды, беті бар, жүзі бар демей турасын кесіп 
айтатын,  асып  бара  жатқан  байлығы,  қанап,  талап  келген 
озбырлығы жоқ, өзімен өзі жүрген азамат еді. Омардың туған 
інісі бола тұрса да, ағасының көп-көп іс әрекеттерімен ымыраға 
келіп, келісе бермейтін. Өрт мінезді, батыр қылықты Долдаш 
осы бай үйімен іргелес отырады. Әйелі осы үйдің отымен кіріп, 
күлімен шығып қазан-ошағын ұстасып жүр.
–  Совет  өкіметі  бізді,  мені  қойшы,  өз  қотырымды  өзім 
қасып көтермін, – деді Еркін. – Мына екеуіңізді тайраңдатып 
қоймайтын  түрі  бар.  Осыдан  үш  күн  бұрын  бай-кулак,  игі-
жақсыларды  тап  ретінде  жойып,  мал-мүлкін  конфискациялау 
жөнінде қарар шықты. Енді біраз күнде сізден де, әке, сізден 
де,  Долдаш  аға,  қылқұйрық  қалмайды,  өздеріңізді  жер 
аудартады. Мені түу ит өлген жерден асығыс келіп отырғаным 
– осы шаруа; сіздерге ескерту, қамсыз қалмасын, бір амалын 
ойлап тапсын деу еді. Сіздер келмей тұрған кезде әкеме осы 
жағдайдың егжей-тегжейін түсіндіріп айтып едім.
– Менің асып бара жатқан байлығым жоқ. Ірісінің өзі екі 
жүзден  аспайды.  Кәмпіскесі  болмақ  түгіл,  көктен  Құдай, 
жерден шұнай келсе де айылымды жимаймын, – деді Долдаш 
шақшасын етігінің басына қағып.
– Оп-оңай құтылып кетейін деген екенсіз, өкіметтің құрығы 
ұзын. – Еркінді долылық қысып, тістене сөйледі. – Конфискация 
туралы әлі ешбір хабарыңыз жоқ, оның тармақ, пункттерімен 
таныспай тұрып байбалам салуыңызға жол болсын. Егер өзіңіз 
білмейді екенсіз, онда өзгені тыңдаңыз, аға. Ол заңда былай деп 
атап көрсетілген: көшпелі аудандарда малы төрт жүзден асқан, 
ірі қараға шаққанда; ал жартылай көшпелі аудандарда малы жүз 


елуден асқан адамдар яғни хандар мен сұлтандардың, ел билеген 
болыстардың  ұрпақтары жатады. Біріншіден, сіздің  малыңыз 
үш жүзге жуық, ал өзіңіздің Құландыдағы қонысыңыз Аягөзге 
қарайтындықтан жартылай көшпелі ауданға кіресіз. Екіншіден, 
сіздің әкеңіз, аға, яғни менің атам, жиырма жыл болыс болып 
аз рулы Мұрын-сыбанды қаққанда қанын, соққанда сөлін алған 
озбыр адам болған. Жасырып керегі не, мынау отырған менің 
әкем, болыс болған бес жылда тізесін батырмаған адам қалды 
ма, бұл өңірде. Кеше Аягөзге революция дүмпуі келіп, ақ пен 
қызыл  қанды  сотын  ашқанда  осы  қойдай  еріп,  жылқыдай 
жусаған қаймана халық өкіметті көзіне жас алып қарсы алды. 
Көшпелі  ел  Тарбағатай  тау  қырандары  деп  аталған  қызыл 
партизандарға қосылып кетті. Бұл ел, біле білсеңіз, дәл қазір 
де түтіп жер еді, тек советтің кеңсесінде қызмет істеп жүрген 
менен  сескенеді.  Енді,  мынау  тәри  туралы  заңды  құлақтары 
шалды бар ғой, тігерге тұяқ қалдырмай пышақ үстінен үлестіріп 
әкетеді. Оған имандай илана беріңіздер.
Еркіннің қызып, бірінін артынан бірін түйдектете жосылт- 
қан  сөзіне  дәу  шал  аса  риза  болды.  Айтқандарының  зәредей 
өтірігі  жоқ,  алғаш  көрген  адамға  сыпайы,  ұрда-жық  мінезі 
жоқ, биязы жігіт болып өскенін бұрыннан да білетін. Бір сәт 
өз  ұлы  Дарханмен  салыстырып  көрген,  шынында  да  түрлері 
болмаса,  мінездері  екі  басқа  секілді.  Пішіндегі  ұқсастық 
дегенде  мұрындарының  дөңестеу  болып  бітуі  мен  жарланып 
біткен қабақтары, қою қастары ғана еді. Ұзынқұлақ, қаңқу сөз 
болмаса,  мынау  ерні-ерніне  жұқпай  сайрап  отырған  Еркінді 
дәл  менің  кіндігімнен  деп  ең  салып,  иемдене  алмас  еді.  Рас, 
жаңадан келін болып түскен Рахияның құлпырған бір шағында 
көңіл жақындықтары болды, болғанмен де болыстың алдында 
ары таза, өз басына қауіп төніп, қайраны сарқылған соң сұлу 
әйелдің  ырқына  амалсыз  көніп  еді-ау.  Онда  қылшылдаған 
жас, әлі үйленбеген кезі-тін. Қаладан кіре тартып келе жатып, 
төркініне ере барған Рахияның сұрқия қылық, зәндемі айласы 
жендеп  өзін  әлдеқайда  дәрменсіз,  жыланның  алдындағы 
көжектей бейшара сезінген. «Қатынға жолама қарасы жұғады» 
деген  нақылдың  керегін  де,  керегі  жоғын  да  сол  жолы  жыға 
ұғып, зердесін мықтап түйіп еді. Мынау жалпақ жаһанда озінің 
аз  ба,  көп  пе  өмірінде  иісі  ұрғашы  атаулына  сөз  салғанды 
қойып, көз қиығыш салмастан, білектің күші, найзаның ұшына 

8
ғана сеніп, ат үстінде құрбекер далақтап келген Таңатар алғаш 
рет  осы  Рахияны  көргенде,  әр  күн  сайын  тірлігінің  дәнін 
теріп  жеп  жүрген  мынау  өмірден  жоғын  тапқандай,  барын 
жоғалтқандай мәңгірген күй кешіп әрі қуанды, әрі өкінді. Сұлу 
келіншектің  өзінде  көңілі  барын  біле  тұрса  да  кашқалақтап, 
әлемнен жаңа ғана тапқан әдемі затын сындырып алармын деп 
жанұшыра қорыққан. Өзің құлай ұнатқан нәрсеге жақындаудың 
соншалықты қиындығын ол сол сапарда ұққан-ды. Төркініне 
баруды  сылтауратып,  қалаға  Таңатармен  бірге  еріп  кетуі, 
әрине, Омардың көңіліне күдік салған жоқ. Жымсымалықтан 
Таңатар  да  беймағұлым  еді.  Айдалада  арбамен  селкілдеп 
келе  жатқанда,  байдың  жас  әйелі  сыр  сандығының  қақпағын 
ашып,  ағынан  ақтарылды.  Өлердей  сүйетінін,  онсыз  тұра 
алмайтынын, Омарға тек Танатарды күн құрғатпай көріп жүру 
үшін тигенін ыстық тілек, үмітті ниетпен жеткізген. Солқылдап 
жылап, мойнына асылды. Шашынан сипап жұбатқаны болмаса, 
одан  әріге  бара  алмаған  жігіт  әккі  келіншектің  алдында 
тәжірибесіздігін танытты. Сонда сел болып аққан көздің жасын 
тыйып,  долданған  Рахия  бұған  «ынжықсың,  жігіт  емессің, 
қауқайған қаңбақсың» деп намысына тиді. Әлі есінде: «Егер, 
–  деді  келіншек,  –  айтқаныма  көніп,  айдағаныма  жүрмесең, 
осыдан барған соң, Омарға айтып, бұл жерден қараңды мәңгіге 
батырамын, жол үстінде зорлады мына жаман құлық, қойныма 
қол салды деймін, білдің бе... Ендеше соны өзің істе...»
Ат  жалын  тартып  мінгелі  қатыннан  мұндай  зор  күтіп 
көрмеген  Таңатар  сол  күннен  бастап  бәйбішенің  байлаулы 
бұқасы  болды.  Әрине,  оған  деген  таза  сезімі  сол  күні  жолда 
қалың шилі далада келмеске кеткен, әлемде мұндай сұлу перизат 
жоқ  деген  пайымын,  әлемде  бұдан  асқан  мыстан  әйел  жоқ 
деген байламмен ауыстырды. Бұл пәледен құтылудың жалғыз 
жолы  –  үйлену  шығар  деп  осы  ауылдағы  қойшының  жалғыз 
қызы  Жамалға  қосылып  еді.  Рахияның  өзі  де  Еркіннен  соң 
араға біраз жыл салып егіз қыз тапты. Таңатар да ұлды болды, 
бәрібір  үлде  мен  бүлдеге  бөленген  әйелдің  желігі  басылмай, 
желкесіне мініп алып еді, ұлы өсіп, ел қатарына қосылған соң 
арғы бетке өтіп кеткен. Оған Омар да себепкер болып, қуанбаса 
өкінген жоқ-ты. Ел құлағы елу емес, жүз болып тұрған мынау 
апай-тұпай заманда біреу болмаса біреу біліп, бетіне басар деп 

9
сескенген.  Міне,  сол  сандалбай  жылдардан  бері  де  талай  су 
ағып, ағаш басы бүрлепті-ау...
Отырғандар  әр  нәрсенің  басын  шалып,  көп  талқылаған 
секілді: Құлағына күңгір-күңгір дауыстары естілгені болмаса, 
не айтып, не қойғандарын жыға ұққан жоқ.
– Тәке, қалғып отырсыз ба, шаршағансыз-ау, – дегенде «а» 
деп көзін ашты.
– Кеше түні бойы жол жүріп, ұйқым шала болып еді, – дей 
салды.
–  Жуықта  тәргі  басталады,  –  деді  Еркін.  –  Мынау  азын-
аулақ  малды  ит  пен  құсқа  жем  қылғанша,  жартысын  арғы 
бетке сізден айдатып жіберсек дегенге бәтуаластық. Әкемнің 
жылқысы  –  сіздің  жылқыңыз.  Аман-есен  арғы  бетке  алып 
өтсеңіз,  таңдағанын  мінесіз,  таңдайыңызға  татитын  семізін 
ұстап соясыз, қолыңыздан ешкім қақпайды. Көп ұзамай бала-
шағасын ертіп бұл кісі де барып қалар артыңыздан. Шекараға 
дейін  Долдаш  және  тағы  бір  сенімді  де  сіңірлі  жігітті  тауып 
қосып береміз, айдасып барады. Арғы жағын дегеніңіз білсін.
–  Мен  қасыма  жылқышы  жігіт  Батиды  ертем  ғой.  Оның 
астына от жағып, терісін тірідей сыпырсаң да ешкімге жұмған 
ауызын ашып, сыр ашпайды, тек анау шекара жағы қалай екен? 
Кауіпті емес пе? – деді Долдаш.
– Мылтығы шошайып бес-алты солдат жүреді. Хабарасудың 
қай жыртық-тесігіне тұлға болар дейсің. Мен бергі бетке тура 
үстерінен басып өттім, қаперсіз ұйықтап жатты. Тіпті, өздері 
қайнатып  ішкен  шәугімдеріндегі  шайдан  ұрттап,  шөлімді 
бастым. Мұншалықты саппас болар ма.
–  Ұйықтағаны  жақсы  –  деді  еркін  күліп.  –  Жолбарыс 
ұйықтап жатқанда, мысық ойына келгенін істейді. Сіздің мекен 
еткен жеріңіз қалай, малға жайлы ма? 
– Бағана айтпадым ба, кейінгісін кім білсін, қазір мал тұяғы 
тимей  тусып  жатқан  жері  мол,  құйқалы.  Ақшоқы  арқылы 
арғы  бетке  жетеміз.  Содан  Хабарасудан  алқұлымдап  асып 
кетсек,  алдымызда  түгін  тартса  майы  шығатын  Ойжайлау 
және Балажайлау деген, көк майсалы шалғынынан құлынның 
сауыры көрінбейтін жасыл жазық жатады. Өнебойы саулаған 
бұлақ,  қара  жерін  қазып  қалсаң  шұғынық,  бек  шығады,  отқа 
көміп, сүтке пісіріп жей бер, әсте ашықтырмайды.

80
– Бұл әлгі, – деп қопаңдады Долдаш, – ерте бас жарып қып-
қызыл гүлі бар, басы он күнде ұшып кететін өсімдік қой. Ол 
жарықтық осы Тарбағатайдың да әр жеріне үркіп-үркіп өседі.
– Иә, сол, – деді дәу шал. Кепешін алып басын сүртіп қайта 
киді. – «Ой, Ойжайлау, жаман қатын қол байлау» деп ән салып 
қалың қазағым жүр сонда. Ар жағында Қараүңгір деген ауыл 
бар. Оның жанынан күркіреп үлкен өзен ағады. Ал өкпе тұсында 
ана жылы қашып барған орыстардың поселкесі отыр. Ол жерді 
Қыз бейіті деп атайды. Содан әрі Шәуешек түсіп, Шәуешектен 
әрі шүлдірлеген қытайдың қойнына кіресің де кетесің. Өздері 
жеп қоймаса, ешкімге бере қоймас, қолына бір түссең.
– Онда бәрібір екен ғой, – деді Долдаш өкінгендей. – Көлден 
қашып, шөлге түсіп жүрмесек.
–  Қайда  барсаң  Қорқыттың  көрі  екені  рас,  –  деді  Омар 
қабағын кере түйіп. – Баяғыда анау шығыстағы Алтай жағында 
Мәметек деген атақты адам болған екен. Орыстардың боданы 
болмаймын  деп  жүріп,  жүз  жігіті  жер  іздеп,  қытай  асырып 
жіберіпті. Он жыл өткен соң сол сайдың тасындай жүз жігіттің 
он шақтысы ғана оралған екен. Жер тауыпты, тіпті сол тапқан 
жеріне апарар картасын ала келген көрінеді. Ұмытпасам, тапқан 
жерлері Дайлант-ау деймін. Содан Маметек би Қаратай деген 
бүтін бір елді келер жылында көшіріп әкетемін деп сайланып 
отырғанында аяқ астынан ауырып дүние салған екен.
– Апыр-ай, – деді Долдаш аузының суы құрып.
–  Мүмкін  емес,  –  деді  Еркін  көп  оқып,  көп  білетініне 
сеніп.
–  Қазақтардан  ондай  өнер  шығады,  –  дәу  шал.  –  Басқа 
келмесе де, қаңғу қазақтардың қолынан келеді, балам.
«Балам»  деген  оқыс  сөзді  естігенде  Еркін  селк  ете  түсті. 
Сөзікті елден бұрын секіреді дегендей жан-жағындағы жағалай 
жайғасқандарға жалт-жалт қарап еді, бәрі де маужыраңқырап, 
көздерін ашып-жұмып бейқам отыр екен. Әншейін, сөз сырал- 
ғысымен  айтыла  салған  дәу  шалдың  «балам»  дегеніне  есі 
қалмай сасқалақтағанына жыны келді білем.
– Ақсақал, – деді үні қатқыл, ұрсатын адамдай бөтен шықты. 
– Бүгін еру болып, күні бойы демалып, ертең түнгі салқынмен 
атқа қонуға шамаңыз жете ме? Жігіттер жылқыны бүгін сонау 
Ақшоқыға дейін маңғыстатып апарады, ары қарай бір Құдай, 
сонан соң өзіңізге тапсырдық.

81
– Түн қатып, түсі қашып алты күн бойы аттан түспей, талай 
жортуылдарға  шыдаған  сартақым  кәрі  тарлан  бұл.  Кәрілігім 
не,  Құдай-ау,  Тәкеңдер  әлі  алпысқа  келген  жоқ.  Тоқал  алып, 
жас  иіс  иіскейтін  бапты  жаста,  –деп  Омар  өз  сөзіне  өзі  риза 
болғандай шалқалай отырды. Ыдыс-аяқ жинастырып майтаңдай 
басып,  жымын  білдірмей  көлбеңдеп  жүрген  Рахия  шалына 
жақтырмай қарап, теріс айнала беріп ернін шығарды. Дәу шал 
сол  мізбақпаған  қалпында  шойыннан  құйғандай  жақ  сүйегі 
оқта-текте бір бұлтылдап нақ төрде қасқаяды жайсаңың.
– Осы ауылдағы малыңның қақ жартысын мен айдап әкеліп 
беріп едім, – деді сол сом қалпын бұзбастан.
– Оның рас, Тәке, – деді Омар бай. – Ендеше сол өзің баққан, 
барымталап әкеліп көбейткен малыңды өзіңе қайтарайын деп 
отырмын.
–  Тақымымдағы  ардакүреңнен  басқа  қыл  құйрықтыға 
жоламайтынымды біле тұра әдейі күйдірейін деп айтасың-ау, 
байеке, – деді Таңатар қоңырлап қана.
– Білем ғой, Тәке, бәрін де білем. Жылы бірге жолдасым 
болмасаң  да,  тай  құлындай  бірге  өскен  замандасымсың, 
«бес  жас  –  бел  құрдас»  деген  сол,  дәу  шалым.  Сонау  бір 
ел  басына  күн  туған  тар  кезеңде  Тарбағатай  тауқырандары 
деген  әпербақандардың  қолынан  өзің  суырып  алып  едің.  Екі 
дүниеде  де  сол  жақсылығыңды  ұмытпаймын,  күні  бүгін, 
«оққағарым»  деп  бес  уақыт  намазымнан  қалдырмаймын. 
– Омар ақтарыла айтты. Шүленсіп, ешкімнің есесін жемейтін 
аса  үлкен  дархандықпен  өз-өзінің  мәрттігіне  сүйсінгендей 
рахат сезіммен айтты. – Ақ пейілдің аты арып, тоны тозбайды 
деген, дәу шалым. Жағың түскенше жамандық көрме! Түу ит 
арқасы қияннан басын қауіпке тігіп сен болмасаң, қай екі туып, 
бір  қалғаным  іздеп  келеді,  –  деп  желдей  есті.  –  Жүйрікке  де 
біртомар, жаны патшалық қанша шыдас берер дейсің. Қайуана 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет