Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата31.03.2017
өлшемі1,81 Mb.
#11030
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
қазақты анау Оспан соқыр билеген соң не жорық. Әлі-ақ, әлі-
ақ  қиқулы  дәурен,  қызығы  мол  күндеріміз  қайтіп  туар.  Біз 
болмасақ та, ей, Тәке, біздің ұрпақтарымыз көрер сол өмірді. 
– Бізден кейін есі бар ұрпақ туады дегенге сенбеймін, әке, 
– деді Еркін ширығып.
– Мүмкін, ең бір есі жоқ ұрпақ біз болатын шығармыз, – 
деді ақсарлау Долдаш. Бұдан соң ол төрде сол малдас құрған 
қалпында былқ етпей қатып отырған дәу шалға ықылас білдірді. 

82
«Апыр-ай, мына шалдың шыдамының берігі-ай, құйрығымыз- 
ға шиқан шыққандай екі жамбасқа кезек ауысып, қипақтап әрең 
отырмыз. Ал бұл болса, тас болып қатып қалған». – Тәке, менде 
де мал басы бар, құралақан емес екенімді білесіз, Омекеңмен 
жағаласып, қоспай-ақ қояйын, қайыруға қиын тиер. Ешкімнен 
ұрлап  алғам  жоқ,  адал  малым.  Жалшы  және  ұстағаным  жоқ, 
табан ет, маңдай терім. Көктен Құдай, жерден шұнай келсе де 
мықтаса жартысын алар, қалғанын қалдырар. Тіпті болмай бара 
жатса, Тәке, сізден арғы бетке асар жолдың жөн-жосығын сұрап 
қалайын, тықыр таянса жылқымды алдыма салып құйынменен 
өте шығайын. 
– Сол өте шыққаның ақыл болар, – деді Еркін есіней керіліп, 
–  Долдеке,  сізден  қыстақ  жайынан  қанығып,  Құландыдағы 
қосшы,  артель  боламыз  деп  тырбанып  жатқан  жатақ  тірлігін 
сұрамаппыз-ау. 
– Ой, оның несін сұрайсың, шикі өкпе, ши борбай, сүзбебуаз 
желөкпе ел баяғы... қанды көген қарғадай улап-шулап жүрген. 
Омыкеңнің  қыстағы  дін  аман,  қорс  етіп  кіріп  кетуге  сақадай 
сай. Тәке, оу Тәке, ояу отырсыз ба? – деп дәу шалға бұрылып, 
– сіздің жер тамыңыз да жатыр-ау жарықтық, жер бауырлап... 
–  Әлі  қирамаған-ау  байғұс,  жатсын...  өз  отымды  өзім 
сөндіріп кеткендей болып едім... киесі ұрар да... 
–  Дарханыңыз  бар  ғой,  Тәке.  Өйтіп  таусылмаңыз.  Тіпті, 
сіз  арғы  бетке  көшпегеннің  өзінде  бұл  жақтағы  жаңа  өкімет 
кұрығынан  құтыла  алмас  едіңіз.  Партизандарға  оқ  атқан  тап 
жауы деп арбаға салып алып кетер еді, – деп Долдаш жұбатқан 
болды.
– Алланың әмірінен қашып құтыламыз ба, шырақ. Әуеден 
не жаумайды, қара жер не көтермейді. Шыдайсың, шыдайсың. 
Жалғыз  ұлдың  өлі-тірісін  біле  алмай,  қайраңға  қамалған 
кемедей болып отырған жоқпын ба?
– Тірі дедік қой, ақсақал, тірі.
Дәу  шалдың  орынсыз  сарыуайымы  Еркінді  шаршатқан-
ды.
–  Тірі  болмаған  күннің  өзінде  де  әкесін  баласына  ағасын 
інісіне айдап салып, айызы қанып отырған зауал шаққа обал-
сұуабыңыз. Егер осындай кер заман болмаса, айрандай ұйыған 
қазақ  өмірінің  оты  өшіп,  қазаны  қирар  ма  еді.  Бұл  дүниеде 
талай қатыгездіктер, жауыздықтар мен сатқыңдықтар болған, 

83
бірақ  халық,  ұлт  бір-біріне  оқ  атып,  өзін-өзі  бауыздаған 
масқаралықты оқыған да, естіген де емеспін. Жеңіске жетудің 
жолы  осы,  деп  мұқым  халықты  қарулы  көтеріліске  шақыру 
деген не сұмдық?! Бұдан басқа да жолдары бар еді ғой. Енді 
міне, киіздей ұйысқан елді торғайдай тоздырды.
– Мүмкін, олардың да ойлағаны бар шығар... Әйтпесе, бәрі 
теріс, сен айтқандай құрбекершілік болса, тамам халық соңдары- 
нан еріп, оқ пен отқа түспес еді ғой, балам. – Таңатардың, бұл 
сөзі Еркінге тағы да ұнаған жоқ, «баладан садаға кет, – деді ол 
ішінен. – Әттең, оқыстан бір партизанның қанына ортақ болып 
амалсыз  кетіп  отырсың  арғы  бетке,  әйтпесе  нағыз  қызылкөз 
большевиктің өзі болар едің».
– Жатып дем алыңдар, түннің бір уағы болды ғой, – деді 
бағанадан бері кіріп-шығып жүрген бәйбіше. – Ертең де күн 
бар, қалған-құтқанын сонда айтарсыңдар.
–  Бәйбішенікі  жөн,  –  деп  Омар  тоңқаңдап  тұра  бастады. 
–  Әй,  Долдаш,  бұрынырақ  шығып  болжашы,  маңайда  ешкім 
көрінбей ме екен, әсіресе, әлгі Қамбар деген сумақы тың тыңдап 
жүрмесін. Тәкеңнің жұрт көзіне түспегені жөн.
– Бүгін аңдимыз-ау, ертең күні бойы далаға шықпай қалай 
отырады, – деді Долдаш.
– Ертеңгіні маған қалдыр. Тіпті Рахияның өзі-ақ жорғалаған 
тышқанды кіргізбес-ау бұл үйге.
– Тәкеңді үйге отырғызып, тосып алатындай-ақ айтасыз-ау, 
аға, – деп шыға жөнелді Долдаш.
–  Өз  жерімнің  тұтқыны  болдым  ақыры.  –  Дәу  шалда 
көңілсіздік бар еді. Бағанадан бергі әңгімеден көп жайдың мән-
жайын байқаған. – Басқа-басқа, Кеңес өкіметінің кеңсесінде оң 
қолы болып үлкен қызмет жасап отырған Еркіннің өзі астынан 
су  шығып,  арғы  бетке  өтуді  армандайды,  арғы  беті  жетісіп 
тұрғандай...  Түйені  жел  тербесе,  ешкіні  аспаннан  көр  деген 
осы...
Далаға  шыққан.  Сарыатамыздың  ең  соңғы  жылымығын 
таудың  түнгі  салқыны  айдап,  қуып,  етекке  қарай  әкетіп,  бой 
қалтыратар  салқындық  үстемдік  алған  екен.  Ай  жарықтық 
та  жарты  кештене  бастаған.  Көп  ұзамай  өліара  мезгіл,  содан 
соң...  тағы  да  жаңа  ай  туады.  Желбегей  жамылған  шапанын 
қаусырына  түсіп,  үй  айналғанда  Таңатардың  құлағына  улап-
шулап  алтыбақан  басынан  қайтқан  жастардың  әрі  көңілді, 


әрі  ессіздеу  күлкісі  шалынды.  Баяғысы,  өзінің  де  жас  шағы, 
алаңсыз,  бір  күндік  тоқтыққа  семірген  мәз-мәйрам  күндері 
есіне  түсті  ме,  ауыр  күрсінді.  Адам  өмірінің  бір  қайырымға 
келмейтін  қысқа  күндей  қысқалығына,  адам  өмірінің  бірде 
құлдырап,  бірде  аспандап  өтер  баянсыздығына  өкінгендей 
болды.  Елудің  бесеуіне  жаңа  келсе  де,  жалғыз-ақ  түн  қас-
қағым сәтте жүз жылға бір-ақ қартайып кеткендей, өз-өзінен 
қорынып,  жасына  жетпей  шау  тартуы  –  көмбеге  ілінбей  жол 
ортада ақсап, жайылып қалған бәйге атынан айырмасы кәне? 
Бұл  тіршілік  атты  жарысқа  қатыспау  керек  шығар,  қатысқан 
екенсің, екінің бірі – не өл, не бірінші болып кел...
Мынау жаңа өкіметтің не білген ойы бар, кімдерге бақ, кімдерге 
сор әкеледі, ол туралы Таңатар зердеге салып, салмақтап ой елегі- 
нен өткізбеген-ді. Жалғыз-ақ қателік жасады: Омарды көздеген 
мылтықты қағып жіберді. Ол мылтықтың иесі кім бағамдаған 
жоқ. Иесін қапқалы ұмтылған итке қарсы атылғаны ұшін айыпты 
ма? Адал қызметім деп ұққаны ғой... Егер, менің орнымда Омар 
болса, сөйтер ме еді? Дәу шал осы сұрақ төңірегінде ешқашан 
ойланбапты-ау.
Алыстан,  сонау  Ақшоқы  жақтан  жылқы  кісінеп  еді, 
Таңатардың ардакүреңі оқыранды, үйірін сағынғаны шығар.
– Әй, Долдаш, – деген Омардың дауысы шықты. – Тәкеңнің 
атын  жабулап  тастаңдар,  бұл  жорғаны  танымайтын  кісі  жоқ 
бұл өңірде. 
«Апыр-ай, ардакүреңнен де, менен де қасиет кетейін деген 
екен, – деп күбірледі дәу шал. – Қай қазақ жақсыны жасырып 
ұстаушы  еді».  Бұл  шақта  әкелі-балалы  Кенжиндер  де  өзара 
сырласып,  үй  сыртында  шошайып  көп  тұрды.  Қазіргі  түннің 
салқынына да анау ұлардай шулап өрістен қайтқан мал секілді 
алтыбақаннан оралған қыз-қырқын, жігіт-желеңдердің дабыра 
үні  бұл  әлемде  ештеңеде  назарын  аударып,  елең  қылмады. 
Кеуделерін  кере  дем  алып  бой  жазғандай  толқып,  бір-бірін 
бе,  мынау  жаралғалы  мекен  болған  Ақжайлауды  ма,  әлде 
ішкені алдында, ішпегені артында майды майға құйып сүрген 
дәуренін бе – әйтеуір қоң етін кесіп алғандай қиналыспен бұл  
дүниені  қимағандары  рас.  Онысын  жасқана  жасырғанымен, 
тілсіз түсініп, ыммен ұғысқандай еді.
– Сақ бол, ұлым, – деді Омар сусылдай соққан салқын желге 
жонарқасын беріп, Еркінді денесімен қалқалай тұрып. – Егер 


дәу шал ертең кешке дейін айнып қалмаса, малдың ең жалды, 
майлы  дегендерін  айдап  әкетер,  ол  жағын  өзіміз  реттейміз. 
Тәргісін  не  болса  да  Құландыдағы  қыстақта  қарсы  алармын. 
Өзіңнен хабар келгенше арғы бетке өтпеймін. Семейдегі азын-
аулақ тиынды өзің ала кел, сырты түк, іші боқ хайуан қолдың 
кірі секілді, келді-кетті, заманның пұлына жарамайды екен.
– Оны мен сізге әлдеқашан айтқанмын, әке. Мендегі үміт- 
тенген  тиын-тебеннің  көбі  Николай  мен  Керенскийлердің 
ақшасы – патшалық Россиямен бірге құрыған... Ал, өз табысым 
совет  ақшасы,  шайлығымыздан  да  аспайды,  асқан  күннің 
өзінде, арғы бетке өткен соң от тамызуға да жарамайды.
–  Сонда  қалай,  салт  басымыз,  сабау  қамшымыз  қалғаны 
ма? 
Омар ұлынан дәл осындай жауап күтпеп еді, іші қара мысық 
тырнап алғандай шоршып түсті. Енді Еркін жел жақта, өзі ық 
жаққа көшкен.
– Малыңыз бар ғой. Он шақтысы қалса да қара басыңыздың 
қорегіне жетер, Таңатар жалғыз атымен-ақ жарты ғасыр жасады 
ғой.  Сарыала  сандықтың  түбіне  буып-түйіп  тастаған  асыл 
тастарыңыз бар секілді еді. Оның өзі Қап тауын асып кетсеңіз 
де әжетіңізге жарай береді. Алтын ғана мәңгілік.
Еріп бітуге айналған айдың бозамық сәулесі ала-көленке- 
леп, Еркіннің бет-пішінін айқын көрсетпей, қанша әккі болса да 
Омар ұлының сырын ұстай алмады. Бірақ, осы түннен бастап 
жан дүниесінде, былайғы аз ба, көп пе ғұмырында қыр соңы- 
нан қалмай серік болар қара мысық жүрегін тырналап, мияулай 
бастап еді... «Менің қаным емес екен,– деді қалшылдап. Күннің 
салқындығы  шалдың  өлердей  ыза  болған  халін  білдірмей 
жіберді. – Менің қаным болса...»
– Әке, жаурадыңыз ба, дірілдеп кеттіңіз ғой?
– Иә, иә, тоңғаным рас, – деді тісі сақылдап. – Мені қойшы, 
асарымды  асадым,  жасарымды  жасадым,  екі  қозыма  обал-
ау.  Телмеңдеп  кімнің  қолына  қарайды,  тек  қана  тоқшылық 
теңізінде  жүзіп  үйренген  қос  аққу  секілді  еді,  жоқшылыққа 
төзе алар ма, айналайындар.
–  Сонда  мені  құрбандыққа  шалғаныңыз  ба,  атымды 
аузыңызға алмадыңыз-ау... Қалжың ғой, әке. Сіздің кінәңіз не, 
тарихтан көрсін, мезгілсіз туған тағдырдан көрсін.


–  Оларды  тағдыр  да  емес,  тарих  та  емес,  менмін  ғой 
тудырған... Қатты екенсің, ұлым, қатты екенсің.
–  Жұмсақ  едік,  заман  азғанына  салды  да,  сарқ-сұрқ 
қайнатты. Ал, жас еттің қатты қайнағанда қасаң болып пісетінін 
білесіз...
– Құдайым, басқа салғаны да. Еркек тоқты құрбандық демей- 
мін, дәулетімнің тасып тұрған шағында қанаттыға қақтырмадым, 
тұмсықтыға шоқытырмадым, жаман әкеңді ерттеп мініп, Меке-
Мәдинеге  барам  десең  де,  міне  менің  арқам,  өзегім  өртеніп, 
дәрменім кеткенше құлдығыңмын. Ойлап тұрсам, қыздарымның 
жөні  бір  басқа  –  қанжығаға  байлап  жүрген  жанторсық  емес, 
жат-жұрттық. Мен жаққан отты өшірмесең болды, одан артық 
бақ-дәулет, одан озық үміт пен тілек те қалмады менде. Қайда 
жүрсең  де  сақ  бол.  Анау  Оспан  деген  бұралқы  иттен  бүгін 
шошынайын дедім. Ертеңгі науқанды бүлдіріп жүрмесе...
Әкесінің  адал  көңілмен  ақтарыла  айтқан  шыншыл  сыры 
Еркінді толқытқандай болды. Осы шыны ма? – деп не нәрсеге 
болса  да  күмәнмен  қарайтын  адвокат,  басқа-басқа,  мынау 
қарсы алдында сақалын жел жұлмалап, жанын пидалап тұрған 
әкесіне сенуге керегін, сеніп қана қоймай, қолтығынан сүйеп, 
демеу керегін көкірегіне түйді. Қартайғанда адамда аса қауіпті 
қулық қалмасын, мүжіліп барып, таусылып қаларын алғаш рет 
ұқты-ау, әйтеуір.
– Сауысқан баласына «сақ бол, балапаным, екі шоқып, бір 
қара» дегенде балапан айтқан екен: «жоқ, әке мен бір шоқып, 
екі  қараймын»  деп.  Ендеше,  мені  уайым  қыла  бермеңіз.  Ал, 
Оспанның  көп  білетіні  рас,  туасы  қулық  сауып,  жан  сақтау 
маңдайына  жазылған  тесік  өкпе  адам,  ондай  жансыздар 
құрлықтың қай жеріне ексең де өсе беретін арам шөп секілді, 
әр  қоғамда  да  өмір  сүре  алады.  Орыстар  оны  «талантливый 
сыщик»  дейді,  иттің  де  иісшілі,  ізшілі  болмай  ма,  сіздердің 
де операцияларыңызға кесірін тигізбеу үшін ертең қалаға ала 
кетермін. Семейде шойын жолшылардың бір-екі айлық оқуы 
ашылған,  жүрсін  Түркісіптің  түлегі  болып.  –  Ол  бұл  сөзді 
кекесінмен айтты.
– Оның табылған ақыл, – деді Омар балаша қуанып,– көз 
көріп, құлақ естімейтін жаққа әкетші өзін.
Әке  мен  бала  киіз  үйге  беттеді.  Бағанағыдай  емес,  үйді-
үйіне сіңіп жоқ болған алтыбақаншылардың үні өшкен. Қазан 

8
асқан  жерошақтағы  сөнбей  қалған  жалғыз  шоқ  жел  үрлеген 
сайын қызарып, жанайын деп жана алмай қызарақтап жатыр. 
Сол көрініске бір сәт қызықтағандай қарап қалған Еркін «Әке, 
жаққан  отыңды  сөндірме  дейді,  менің  мынау  шоқ  секілді 
қызуым қайтып, көмірге айналып бара жатқанымды білмейді-
ау, – деді ішінен... – Несі бар, қуа алма-дық, қашып көрейік».
* * *
...Алтыбақан  басы  кешегіден  гөрі  бүгін  думанды  бодды. 
Дікеңдеп  бастарына  әңгір  таяқ  ойнатар  Оспанның  төбесі 
көрінбеген  соң  әркім  де  өз  өнерін  ортаға  салып,  еркіндіктің 
ерке  құсындай  мұңсыз,  қамсыз,  айыздары  қана  ойнап,  күліп 
еді.  Кеңес  өкіметі  орнағаннан  кейін,  әсіресе  соңғы  бір-
екі  жылда,  жайлауға  Құланды  жұртының  бәрі-бәрі  шыға 
бермейтін. Рахатын көріп үлгермесе де, өлдім дегенде қолдары 
жеткен  бостандыққа  масаттанғаны  ма,  Ақжайлауға  айдап 
барып,  семіртетін  ақтылы  қой,  қыл  құйрық  жылқымыз  жоқ, 
айналдырған екі-үш қараға ойдағы өріс те жетер деп қыстақтан 
көшпей,  жаңа  заманның  тиіп-қашты  қарекетіне  мойынсұна 
бастаған.  Малдың  қыстайғы  тебінінен  айырып,  Құландыны 
сарыжұрттап  отырып  алған  мешел  жұртқа  істер  айла- 
сы жоқ Омар үнсіз көндімге көшкен-ді. Заман осы қалпымен 
тыныш  тұрса,  қыстақты  басқа  –  Қасқа  асу  жақтан  салып, 
есірген  елден  іргесін  аулақтау  ниетінде  жүрген.  Қазіргі, 
мынау  Ақжайлауды  жайлап  отырғандар  –  сол  төрт  түлігі 
ойдың шыбынына, өздері қапырығына шыдай алмай шөлдеп, 
шыбындай беретін байлар мен оның туыстары, орташа малы 
бар  жандайшаптар,  қымыз  ішіп,  бой  жазуға  келген  бірен-
саран  жігіт-желең,  жаңа  өкіметтің  өкілдері  ғана-тын.  Бүгінгі 
алтыбақан басында Омардың малын баққан жігіттермен отын 
жаққан  қыздардың  біразы  бар  теңдік  осыдан  он  жыл  бұрын 
тисе  де,  мынау  Құландыда  жан  сақтап  кетер,  басқадай  кәсіп 
табылмаған  соң  амалсыз  жүргендер.  Қалаға  жұмыс  іздеп 
кеткен Дархан секілді жастардың өзі айналып келіп, қазығын 
табуда. Осылайша, байлардан ат құйрығын кесісе алмай, әрі-
сәрі болып жүргендерінде тағы бір хабар тиген құлақтарына. 
«Түркісіб» деген шойын жол салынатын болыпты. Соған көп 
жұмысшылар  керек  екен.  ойда  қалған  елдің  бірсыпырасы 
«шойын жол ауылы іргесіне қашан келеді деп тосып отырамыз 


ба,  одан  да  өзіміз  барып  алып  келейік»  десіп,  Шар  жақтағы 
жер қазу, көпір салу, тас тасу жұмысына кетіп жатқан көрінеді. 
Осы  дүрліктірген  хабардың  шын-өтірігін  бүгін  Дарханнан 
пысықтап  сұрап  біліскен.  «Күзеуге  түсе  шойын  жол  салуға 
аттанайық»,  деп  ұран  тастап,  айқұлақтанғандары  да  болды. 
Ал осы сахараның кеудесін басып, таптап келе жатқан темір 
жол  өздерінің  ғасырлар  бойғы  тағдырын  түбірімен  жойып 
жіберерін  саналай  алмаған.  Бұл  мәселе  жөнінде  бүкіл 
қазақтың  оқығандары  екіұдай  айтыста.  Екі  қолға  бір  жұмыс 
деп алақандарына түкіріп отырған ел азаматтары үшін бәрі бір, 
қара  жерді  тесіп,  ар  жағына  өтіп  шығыңдар  десе  де  сақадай 
сай, берік байламда еді. 
Досының пысықтығы арқасында Дархан өңі түгіл, түсінде 
көрмеген бақытқа қолы жететін болды. Бүгін алтыбақан басына 
көп аялдаған жоқ, жастардың тұс-тұстан аңдыздаған сауалына 
жауап  берді  де,  асығыс  өзекке  беттеді.  Қамбардың  айтуына 
қарағанда  Омар  байдың  егіз  қызы  оларды  бұлақ  басында 
күтіп  тұрмақ.  Әлгінде  досы:  «Сен  жүре  бер,  мен  жастарды 
алдаусыратып біраздан соң артыңнан барамын», – деп кұлағына 
сыбырлаған  соң,  етекке  қарай  дедек  қағып  келеді.  Сүріне-
қабына уәделі жеріне жетсе, жым-жырт. Үрке сусылдаған түн 
құсы мен жортып жүрген сасық күзен ғана... Ес-ақылын жиып, 
күйіп-жанған бетін бұлақ суына жуды. Бүлкілдеп аққан мөлдір 
бұлақ,  сонау  жазыққа  түсіп,  бауыры  жазылғанда  Аякөз  деп 
аталар үлкен өзенге ұласар. Қазір бастау алар тұсы – арналы 
болмаса  да  тентек,  ағысы  қатты,  мың  бұралып  Ақжайлауға 
еркелегендей  былдырлап  ағатын.  Екі  жағалауы  қалың  қайың 
аралас,  тал-тоғай  көмкеріп  бүлінбеген,  азбаған  табиғи 
қалпын  сақтап  ұйысып-ақ  тұр.  Осы  көріністің  өзі  қара  тайға 
жарасқан қара терліктей көзге соншалықты көркем көрінетін. 
Енжайлаудың жайылым-шалғыны болмаса, адамдардың қолы 
ағашқа тие қоймаған дүлей калпында. Үйездеген жылқы бойлап 
өскен  шөбін  қанша  жапырса,  ертеңінде  қалпына  қайтадан 
келер  жайсаң,  күз  жақындаса  да  дымқылы  кеппеген  сыздау, 
уағына  жетпей  сарғайган  бірен-саран  жапырақтары  болмаса, 
жасаң  өңін  бермеген  күйінде  тұрған  ағаштардың  арасы 
қараңғы, үрей туғызар қорқынышы бар. Өліара жақындап, ай 
қорғалай бастаған мезгілде тау арасындағы қайбір зат та анық 
ажарын  таныта  алмай  қарауытып,  бұлаңдатып  зәре  ұшырар 

89
дөңайбаттан  еріксіз  елегізесің.  Кешегідей  аспан  ашық  емес, 
қыркүйектің  хабаршы  бұлттары  төңіректен  әр-әр  тұста  баяу 
қалқып,  барлау  жасап  жүзеді.  Тоғай  арасында  ұлпа  жеңіл 
бу  бар  еді.  Түйе  сойып  жатсаң  да  далдалап,  жасырып  қалар 
осыншалық  бейқам  да  бейбіт  мекеннің  жат  көздің  сұғынан 
сақтар  сақшылығына  қуанды  Дархан.  Дүрсілдеген  жүрегі 
байыздап,  қыздардың  келу-келмеуіне  күмәнданып  тұғанда, 
тоғай  сылдырлағандай  болды;  әне,  іле-шала  әлдекімдер 
күбірлегендей ме... «Солар... – деді Дархан, – а, Құдай, сәтін 
бере  гөр»,  –  тарбайған  ағаш  арасынан  бұл  тұрған  алаңқайға 
екі адам шықты. Бастарына шәлі бүркеніп жапқан, ұзын етекті 
қыздар  –  Дүрия  мен  Гүлия  екеніне  күмәні  қалмаған  Дархан- 
ның  жүрегі  кеудесін  тағы  да  балғалай  жөнелген.  Бейнебір 
мұның  да  жан-дүниесінде  Түркісібтің  темір  жолын  салып 
жатқандай. Әйтсе де, қалтыраңқырап, қарсы жүріп барды да: 
«Есенсіздер ме?» деп өзі-өз болып алғаш рет ерлік жасады. 
–  Есенбіз,  –  деді  жұлымыр  Дүрия.  –  Жалғызсыз  ғой. 
Астында аты жоқ, қамшысы бар досыңыз қайда?
– Ол қазір келеді. Алтыбақанның әуресімен кешігіп жүрген 
болар.
– Ол келгенше біз не істеуіміз керек? Екі қызға сіздің әліңіз 
жете қояр ма екен, – деп сыңғырлай күлген Дүрия басындағы 
бүркеншікті қайырып, иығына жаба салды. Бұл әзілге қапелінде 
жауап  бере  алмаған  Дархан  өзінің  жуастығына  ызасы  келді. 
Осының  бәрін  Омар  есігінде  жүрген  кедейшілдігінен,  бай 
қызғанып  бетіне  келмей,  төмен  қарап  қорланып  өскен  өгей 
өмірінен  көріп,  қатты  қорланды.  Семейде  олай  емес  еді  ғой. 
Көпір  салуға  келген  еркек  шора  қыздарға  қырғидай  тиетін 
қалжыңбас пысықтығы қайда? Ішіндегі алай-түлей екі ұдайлы 
сөзін қамшылағандай болып, батылдана тіл қатты.
–  Ер  жігіттің  қара  күші  екі  асауды  бірдей  бұғалықтауға 
жеткенімен, қос аруды бірдей құшып, көңілін таба алмауы әбден 
мүмкін, Дүрияш, – деді шешенсініп. – Жалған сыпайыгершілік, 
жоқ  болмаса  өтірік  имену  емес,  күні  кеше  ғана  көз  алдымда 
көлбеңдеп өскен бала едіңдер, енді міне солқылдап бойжеткен 
сіздерді көргенде аузыма жөні түзу сөз түспей, сасқалақтайтын 
болыппын. 
– Е, бәсе, – деді Дүрия күле сөйлеп. – Бар өнеріңізді ішіңізге 
сақтап жүріпсіз-ау.

90
– Өнер деген қызыл тіл бола берсе, Оспанның алдына түсер 
жан жоқ бұл елде. Ендігі жастың өнері қызыл тіл безеу емес, 
көп біліп, көп оқуында болып барады.
Ендеше біздің ағай, Ерекеңнен асар адам жоқ па?
– Ол кісінің жөні бөлек. Білім бар да, оны іске жарату бар 
ғой.
– Сіздіңше... менің ағайым іске жарата алмай жүр ме? – деп 
Дүрия  аздап  шам  шақырды.  Осы  кезде  Гүлия  «қойсаңшы» 
дегендей апасының жеңінен тартты.
–  Ерекеңе  төрелік  айтар  мен  емес,  –  деп  әңгімені 
ушықтырмай қайырды Дархан. Тоғай арасынан көкектің даусы 
естіліп еді, Дархан да қолын аузына апарып, сол құсша жауап 
қайтарды. 
– Қарай гөр  өздерін, – деді сүйсінген Дүрия,  – бір-біріне 
берген белгілері әжептәуір. Бірақ, Дархан аға, күзді күні ол құс 
сайрамасқа керек еді ғой.
–  Алжыған  көкек  қыста  да  шақыра  береді.  –  Бағанадан 
жамылғысын  алмай  үнсіз  тұрған  Гүлия  мырс  етіп  күліп 
жіберді.
– Олай болса сіздер, – деді Дүрия сайраңдап, – сол мезгілсіз 
шақырар алжыған құс болғандарыңыз.
– Қалай десеңіз де, басымды изегеннен басқа амалым жоқ. 
Өйткені, сіздер Омекеңнің қыздарысыздар...
– Әкемді бұл жерге араластырмаңыз, – деді Дүрия қабағын 
шытып.
– Мұным білместік болды, айналайын, айып етпе.
Тоғай сытырлап, Қамбар шықты. Қолындағы жатса-тұрса тас- 
тамайтын  қамшысын  сарт  еткізіп  етігінің  қонышына  сала 
қалды да:
–  Түу,  әрең  құтылдым-ау  топалаң  тигірлерден.  Қайда 
барасың, деп қадалып болмайды. Тіпті, қамалап жібермей әуре 
қылды.
– Осы жын-ойнақты ойлап тапқан өзің едің, – деді Дүрия 
еркелей күліп. Үнінде өзімсіну бар.
–  Осы  жын-ойнақты  ойлап  таппасам,  сендермен  жолыға 
алар ма едік?
– Оның рас. Біз сен келгенше, біраз тәжікеге бардық. Дархан 
аға  үндемегенге  аузын  буған  моты  ма  десем,  бабы  келсе  бас 
бермей кететін көкперінің өзі екен. 

91
– Ә, оның ондайы бар, бір бұлқынса, мол бұлқынатын батыр- 
дың дәл өзі. Осыдан тұп-тура елу жыл бұрын туса, әкесі секілді 
барымташының өзі болар еді.
–  Әкесі...  –  деп  қалған  Дүрия  өз  тілін  өзі  тістеп,  ары 
қарай  сөзін  жалғастырмай  жұтып  қойды.  Оның  есіне  баққан 
шешесінің  «үйге  келген  кісілердің  кім  екендігі  жайлы 
тістеріңнен шығармаңдар» деген қатты ескертуі түскен-тін.
– Немене айтқың келіп еді, Дүрия? – деді Дархан.
– Әкеңізді біздің үйден талай рет көріп едім, – деп жалтара 
жауап берді.
– Ой, ол кісі сендердікінен шықпайтын, – деді Қамбар.
– Ал не тұрыс, іске кіріспейміз бе?
– Қандай іске?– Қыздардың екеуі де елеңдесіп қалды.
–  Менің  Дүрияда  аздаған  шаруам,  айтар  сөзім  бар  еді,  – 
деп  қолтығынан  демеді.  –  Соныдықтан  екеуіңізді  аз  уақытқа 
қалдыра тұралық. Біз келгенше үндемес ойнап мелшиіп тұра 
бермеңдер тегінде.
– Олай болса, кеттік, – деді Дүрия. – Дархан ағаға қандай 
адамды да сеніп тастап кетуге болады. Зиянсыз кісі...
Екеуі  жер  сыза  аяңдап  көзден  таса  болды.  Өзен  бойын 
қуалай  шүйкедей  созылған  мамық  тұман  бірсін-бірсін 
қоюланып,  қыз  бен  жігіттің  оңаша  кездесуін  құпиялағандай 
қалыңдап, қымтаған. Сәл үнсіздіктен соң екеуі де тым-тырыс 
тұрыстарынан  ұялғандай  қимылдады.  Дарханды  көбінесе 
таңдайы тақылдаған Дүрияның мысы басушы еді, енді екеуден-
екеу қалғанда бойына өзі де танданыс білдірер батылдық пайда 
болған.
Гүлияның жөні бір басқа. Күні кешеге дейін, еркек затын 
ұнату,  әлдекімге  көз  сүзу,  көрер  таңды  көзімен  атқызып, 
дірілдеп, қалшылдап ғашық болу сезімінен жұрдай, тіпті осы 
ауылдың жыртаңқой бозбалаларының ешқайсысына да мойын 
бұрып  көз  қиығын  салмаған,  туысынан  салмақты,  сабырлы 
қыздың  үнемі  тұйыққа  тірелгендей  жұмбақты  жүріс-тұрысы, 
өзгені қойып бірге туған Дүрияның өзін қайран қалдыратын. 
Сыңарын  мәңгірген  халден  оятқысы  келгендей,  сан  рет 
ғашықтық  хиссаларын  айтып,  сезімін  қыттықтамақ  ниетте 
өзі  жігіт  болып  аймалайтын.  Тіпті,  түні  бойы  маза  бермеуші 
еді. Не қылық көрсетсе де селт етпей, тұп-тұнық қара көздері 
мөлдіреп, терең, мәңгіге жібіместей ызасын келтіретін. Әбден 

92
ызаға  булыққан  Дүрия  себепсізден  себепсіз  жылайтын.  Ал 
кеше кештен бергі көңіл-күйі басқаша. Ол өзінің он екіде бір 
гүлі  ашылмаған  қыз  екенін  алғаш  рет  Дарханмен  алтыбақан 
тепкенде сезінді. Осынау алпамсадай сымбатты әрі өте ұяң жігіт 
жүрегіне жарылқаушы сәуле болып кіріп, былайғы ғұмырының 
дұғасына айналарын көкірегіне мықтап түйген. Айғайлап жар 
салып,  жапан  түзді  жаңғыртып  келер  сүйдім-күйдім  емес, 
басқаша... үнсіз ұғысып, тілсіз тілдесетін баянды махаббаттың 
сарқылмас  жыры  басталған  еді.  Алғашында  оңай  жасырын 
жолығулармен  ғана  шектелетіндей,  бір-бірін  көрсе  құмардан 
шығатындай  көрінген  дүниенің  азапты  сапары  алда,  асуы  да 
алда  екенін  бұлар  да  зерделемеген,  жан  сезімінде  қоздаған 
ыштықтық  ентіктірер,  шаршатар,  тек  шыдам  керек,  шыдам! 
Құйын  болып  тиген  дерттен  сауығу  үшін  кете  кездесулерден 
гөрі ұзақ сонар жүріс керегін білді ме? Бәрібір менмұндалап, 
бүкіл  болмыс-ажарынан  атқылап  тұрған  сүйіспеншіліктерін 
әуре болып, бекерден-бекер жасқана жасырады.
– Гүлия, қалқам, – деді Дархан қыздың нәзік саусақтарын 
ұстап.  Қайсысының  қолдары  дірілдеп  тұрғаны  белгісіз  еді. 
Саусақтары жанаса бере, екеуінің де өне бойынан тітір жүгіріп, 
жасын  ұрғандай  естанды  күй  кешті.  Бірақ  қыз  ұяла  төмен 
қарағаны болмаса қарсылық білдірген жоқ. – Мен сенімен мың 
жылдан бері осылай қол ұстасып қатар тұрған секілдімін.
– Тағы да мың жыл тұрасыз ба, аға? – деді Гүлия.
– Менің бұйрығымда болса шыдар едім. Тіпті, дәл осылай 
қатып қалуға да көнер едім.
– Жер басып жүрген соң, тұрғаннан гөрі ертеңгі атар таң, 
шығар күнге ұмтылган мақсұт-ау, аға. 
– «Жоқ-жоқ, – деп ойлады Дархан қуанып, – бұл мен ойла- 
ғандай ынжық қыз емес, есіктегі басымды төрге сүйрер батыр, 
бар  қуатын  бойына  үнсіз  жинап  жүрген  тасқайнат  секілді. 
Мұндай  адамдармен  қол  ұстассаң  ештеңе  де  қорқынышты 
емес, ештеңе де...
–  Мен  сізді,  –  «сеннен»  сізге  көшкенін  өзі  де  байқамай 
қалды, – мен сізді... 
– Мен де сізді, аға... – деп жігіттің кең кеудесіне маңдайын 
тіреп жылап жіберді. Жер бетіндегі адамның бәр-бәрі қайғыдан 
жылап, қуаныштан күле бермейді екен. Ару қыздың қазіргі көз 
жасын  түсіндіру  қиын  еді..  Басына  бүркеген  шәлі-жапқышы 

93
сусып желкесіне қайырылып қалды. Қыздың аздап дым шалған 
қолаң  шашынан  сипап,  үнсіз  бауырына  баса  елжіреп  тұрған 
Дархан,  мынау  ию-қию  жалғанда  өзімнен  бақытты  адам  жоқ 
деп  ойлады.  Бұдан  әрі  сөзбұйдаға  салудың  да,  аш  ішектей 
шұбатылтан әңгіме, әзілмен түсінісудің де, алақанына қонған 
құтты  құсын  орынсыз  аймалап  еркелету  де  –  бәрінің  түкке 
қажеті  жоғын  білді,  осы  қалпында  өмір  бойы  тұрып  қалуды 
армандады. Қозғалса, епетейсіз қылық көрсетсе – әзірде ғана 
тоңазыған,  қабыршықтана  бастаған  ұлы  достық,  маздаған 
махаббаттары  күл-талқан  болары  рас-ты,  быт-шыт  болуы 
мүмкін еді.
–  Менде  сенен  басқа  тірі  жан,  жанашыр  ағайын  жоғын 
білемісің, қалқам, – деді Дархан көзіне жас алып. – Тірі жетім 
болып,  жұртта  қалған  күшіктей  жүдеп-жадап  жүргенде  сені 
таптым.  Тез  табылған  нәрсе,  тез  жоғалады  деуші  еді,  ондай 
жамағаттың бетін ары қылсын. Тәңірім, ұзағынан сүйіндіргей, 
ұзағынан.
«Ұзағынан  сүйіндіргей,  тәңірием»,  –  деп  Гүлия  да 
күбірледі.  Сырт  көзге  жалғыз  адамдай  жабысып  тұрған  қыз 
бен  жігіт  желікті  сезімнің  желкенін  түсіріп,  жүз  жыл  бірге 
тұрып,  жүз  көрісіп  үйренген  қариялардай  ақыл  мен  сабырға 
жеңдірген.  Біссіміләсында  тұла  бойларын  өрттей  шарпыған 
ыстық ынтықтық, тұңғыш қосылған екі жастың басынан өтер 
майда  діріл,  жалынды  құштарлық  –  мынау  мезгілдің  өзіндей 
жуас, әрі мұңлылау... Ол екеуі осы түнде бір бүтінге айналып, 
ересек  тартқандарын  сезді  ме,  көре  алмаса  құлындай  тұра 
алмайтын  жігіт  пен  қыздың  ынтызарлығы  қайда?  Қайда, 
күні  кешегі  жанын  жегідей  жеген,  ерттеулі  атқа  мінгендей 
ереуілдеген  сағыныш,  әлден  сырыжұрт  болып  қалғаны  ма? 
Кеуделеріндегі  жұдырықтай  ғана  жүрек  –  ол  да  дәл  кешегі, 
алтыбақан  басындағы  тайбурыл  болып  шаппай,  баяу  жүріс, 
байырқалаған  салмақпен  әлсіз  һәм  аздап  қорқыныш  шақыра 
соғады.  Тосыннан  келген  осыншалық  дертті  халіне  қайран 
қалғандай  екеуі  де  бір-біріне  білдірмей  аздап  алыстап  кетті. 
Неге өйтті? Ұзақ жолды бастамай жатып, аяқтағаны ма? Суық 
сезімге салынып әлден-ақ суысқаны ма? Мүбәдә осының бар-
барлығы  шын  ұғысқан  жастың  күлді-көмеш  күлкі,  сыбыр-
сыбдырсыз-ақ өмір атты ұлы мұхитқа белді бекем буып, өздері 

94
асықпай  жасаған  қайыққа  бірге  мініп  тас-түйін  қатар  жүзіп 
шығуы еді.
Мүжіле-мүжіле  таусылуға  айналған  ай  балдыр  тұманның 
арасынан тұтыла бозамықтанып бірде көрінсе, бірде көрінбей 
жасырынбақ ойнайды. Қазан түбіндегі өри бастаған тоңмайдай 
мүсінсізденген  әлгі  қылықты  ай  мамық  мұнардың  арасынан 
себездеп,  ертек  сынды  ғажап  көрініспен  көңілге  мәңгі  
тыныштық  орнатқандай  болады.  Осы  тұс  әлемі  секілді  ақ 
мұнар  арасында  адасып  келіп  табысқан,  айрылмастай  болып 
қауышқан  қыз  бен  жігіт  тіпті  де  бұл  дүниелік  емес,  арғы 
дүниеде, тек өздері ғана еститін әуенсіз ән тындап, намазға – 
махаббат намазына ұйығандай ұйқылы-ояу... Бар мен жоқ, өлі 
мен тірі, қуаныш пен қайғыға кезек жүгіріп шаршап, жалқы сәт 
көз шырымын алғандай, әлде алмағандай...
Тұманытқан  ақмұнар  дүниенің  бір  шетінде  Қамбар  мен 
Дүрия  да  адасып  жүр  еді.  Еркіндік  өздеріне  тиген  екеуі  ал 
дегеннен-ақ  құшақтарын  айқастыра  ұзақ  сүйіскен;  құмарлық 
дендеп,  тоятсыз  сезіммен  аймаласқан.  Жердің  сыздығы  мен 
күннің салқындығына өлердей өкініп, әттең... бір-бірін соқыр 
адамдай  аласұра  си-палаған  еді.  Бұдан  бұрын  да  талай  рет 
кездесіп,  беттері  ашылған  Дүрия  мен  Қамбар  тым-тырыс 
дүниені даңғараға бөлеп шулатқысы, етегін сүйреткен тұманды 
түннің  ақ  толқын  көйлегін  дал-дұлын  шығарып  жыртқысы 
келген.
– Екеуміздің бұл қылығымызды сезсе әке-шешең не айтар 
еді? – деді Қамбар қыздың дым шалған шашын сипап.
– Әкемді білмеймін, – деді Дүрия жуас үнмен. Әншейінде, 
ойнақтап тұрар ерке қыз салмақты да сабырлы мінезге көшіпті. 
Осы тасуы қайтып, асауы басылған өзендей момақан тазалық 
өзіне тіпті жарасады екен. – Ал, анам естісе, шашын жұлып, 
жер сабалап ашуланар еді.
– Иә, шешеңнің мінезі шатақ, бірақ екеуміздің қосылуымызға 
көлденең  болар  тосқауыл  жоқ  қазір.  Өкіметтің  заңы  біздерді 
қолдайды.  Сын  сағаты  басыңа  түсіп,  соңғы  сөзді  өзің  айтар 
болған сәтте антыңнан айныма, жаным.
– Тек, асықпайық, – деді Дүрия – Сен мені асықтырма, айт- 
қаным  айтқан  –  мен  сендікпін.  Сендік  болмайтындай  нем 
қалып еді...
– Ырғалып-жырғалуды уақыт көтермейді ғой, Дүрия.

95
–  Дегенмен  дәл  қазір  емес,  ауылға  көшіп  түскен  соң, 
шешімімді айтармын. Ол күнге де көп қалған жоқ.
–  Қайтеміз,  жылаймыз  да  шыдаймыз.  Бірақ,  кешеуілдете 
бергенің  алаңдатады...  Қайдам,  сәулем,  түйе  тұсағанның  екі 
ойы бардың кері болып жүрмесе...
–  Сабыр  түбі  сары  алтын  деген,  асығыстық  сайтанның 
ісі. Сенің етегіңнен ұстап өтуге жазған шығар, сезіктенбей-ақ 
қой.
– Сен ақылды тентексің, жаным. ...Үлде мен бүлдеге оранып 
өскен басыңа қиын іс туса өкінбейсің бе? Бірде бар, бірде жоқ 
өмірдің  талқысына  түскенде  көзіңе  қамшы  тиген  ботадай 
боздап,  мені  кінәлап  жүрмесең,  маған  одан  артық  бақыттың 
керегі не.
– Маңдайымнан көрем де. Не бақ, не сор, сені жазықтағанда 
әуеден шұға жаумас, жер басып тірі жүрген соң, тойып тамақ 
ішіп,  бүтін  киім  кигеннің  несі  айып.  Қандай  қазақ  босағаға 
байланған байлық пен атақты бастан тепкен екен. Мал екеш, 
мал да қуарған тақырдан отты шалғынға қашпай ма. Семіздікті 
көтеріп, жоқшылыққа төзе білгенде ғана адам аңсаған мұратына 
жетеді білем. Бірақ, сол мұрат деген не өзі, бар ма, бар болса 
қандай? Менің ұға бермесім – осы ғана, басқасы... таңның атуы 
мен күннің батуы арасындағы күнделікті тіршіліктің көп-көп 
күйбеңі ғой; біреу ерте, біреу жай тұрар, біреу ерте, біреу жай 
ұйықтар... айырмасы қане?..
Күні кеше ғана төбесіндегі үкісі бұлғаңдап, наздана күліп, 
масаттана  шалқып  жүрген  тәкаппар  қыздан  дәл  осындай 
көнелі сөз, терең пайым, ой мен мұңға толы толғаныс күтпеген 
Қамбар  не  дерін  білмей  қайран  қызылшыл,  жылтырағанға 
құмар нәсіпшіл сезіммен ғана жақсы көріп, кембағал бағалап 
келген екен. Ол өзін дәл қазір осы тұрысында соншалықты қор, 
алысты болжай алмайтын көрбала сезінді. Мынау құшағында 
әзірге  ғана  ырқына  көніп,  өзімен  бірге  күйіп-жанған,  былқ-
сылқ қылық көрсеткен қыз барған сайын биіктеп, мұны төмен 
қалдырып,  жалғыздан-жалғыз  самғап  ұшып  бара  жатты. 
Қуып  жете  алмайтындай,  мәңгіге  айрылып  қалатындай  аса 
қорқынышты  көрінді  оған.  Өнебойын  біртіндеп  қауіп  жеңіп, 
сабақ білмейтін шәкірттей мүсәпір күйге түскен-ді.
– Неге үндемей қалдың? – деді Дүрия қадала қарап. – Әлде 
әлсіздік көрсетіп алдым ба?

96
–  Жо-жоқ,  –  деді  сасқалақтаған  Қамбар.  –  Әлсіздікті  мен 
көрсетіп тұрмын. Сен алыстап барасың менен.
–  Адам  жақындау  үшін  де  әуелі  алыстауы  керек  шығар. 
Семейдегі  әйелдер  училищесінде  оқып  жүргенде  бір 
мұғаліміміз айтушы еді: «Жақсы көрген дүниеге жанаса берсең 
қадірі кетеді», – деп. Десе де сенен алыстағанда барар жерім, 
қонар тұғырым қайсы. Кейде осылайша қиялдап, сандырақтап 
кетерім  рас.  Екі  аяқ  жүруге  жаралған,  өмір-бақида  да  ұша 
алармыз  ба?  Тіпті,  ұшқан  күннің  өзінде  қайта  айналып  сен 
жайған торға қонармын. Мен оны сеземін. Жетекте – жетектей 
алсаң, ердім соңыңнан.
–  Сенің  соңыңнан  мен  ерсем  деймін,  Дүрияш...  Әлгі 
Семейдегі мұғалімдерің еркек пе, әйел ме?
–  Қауіптенбей-ақ  қой,  –  деді  күліп.  –  Ол  жиырмасыншы 
жылы  түрмеге  қамалыпты.  Алаш  болып  аласталып  кетсе 
керек.
– Қара танитын ғана қауқарымыз бар, ендеше менің ұста- 
зым өзің боласың.
–  Ол  қолдан  келеді  енді.  Бірақ,  сен  тілімді  ала  қойсаң... 
Тәртіпсіз, кержалқау оқушы болатын түрің бар-ау.
–  Әйтеуір  молдалар  секілді  көзіме  көк  шыбын  үймелетіп 
шыбыртқылап сабамасаң болды.
– Талапты қаттырақ қойған кезде сен мені таяққа жығып 
жүресің бе деп қорқамын. Екі сөздің біріне келмей жұдырығын 
ала жүгірер әдет қазақ жігіттерінің ұлттық өзгешелігі...
– Қатын сабау, мәңгілікке хош-хошын айтқан шығар.
Екеуі  де  бір-біріне  еркелей  күліп,  ауылға  қарай  аяңдады. 
Дүниені  меңдеген  тыныштықты  анда-санда  иесіне  жағына 
үрген  иттің  еріншек  маңқылы  тесіп  өтеді.  Құмыққан  түннің 
ауыр  демалысы  қорғасындай  басқан  тұманнан  булыққандай 
сырылдаған дімкәс дем шығарады. Сырылдаған үн – бұлақтың 
кеңірдегінен  шығып,  қой  бауыздағандай  қырылға  айнала 
ма  қалай?  Олар  өзектен  өрлеп  қырға  шыққанда  ғана  барып 
білді,  мақталанған  тұман  тек  тоғай  ішін  ғана  жайлаған  екен. 
Кеуде  жағы  ашық,  сұрмұнарланып  сұлық  жатыр.  Алыстан, 
тым алыстан, алқаланған Тарбағатай жоталарының солтүстік 
батысынан зіркілдеген, дүниені дүр сілкінткен дүмпу естіледі. 
Сұлама даланы жаңғыртып, зыңылдап жеткен сілкініс, асықпай 

9
жер  сыза  аяңдаған  қыз-жігітті  селк  еткізді.  Қапелімде  жер 
сілкінді ме деп ойлап қалған олар, қалт тұрып, тағы да құлақ 
түрді.
– Тағы да соғыс басталған-ау, – деді Дүрия шошынып.
–  Соғыс  емес,  –  деді  Қамбар.  –  Түркісіб  деген  шойын 
жол  салынбақ.  Тас  қопарып,  жол  түсер  жерді  аршып  жатқан 
шығар.
– Жеті түнде ме?
–  Күн-түн  деген  жоқ  олар  үшін.  Дарханның  айтуына 
қарағанда  кезектесіп  істеп,  тәулік  бойы  дамыл  таппайтын 
көрінеді. Енді міне, Шарға да жақындап қалғаны ғой.
– Онда тым жақын келген екен, – деді Дүрия.
– Енді біраз күнде сол Шар өзені үстіне көпір салу үшін 
Дархан  да  аттанады.  Ол  өзі  атақты  көпірші  болып  алған 
көрінеді.
– Ол кісі тағы да кетеді деші, – қыз өкіне күрсінгендей мұңая 
қалды.  –  Біртүрлі  қызық  жігіт.  Келбеті  қандай  келісті,  бірақ 
мінезі сәби секілді. Ол кетіп қалса, Гүлияға обал да. Өлердей 
ғашық екенін білемін, уайымдап жүреді-ау байғұс қыз.
–  Иә,  ол  мықты  жігіт,  –  деді  Қамбар  ішкі  қызғанышын 
әрең басып. – Шойын жол салуға мені де азғырды. Сен қалай 
ойлайсың, Дүрия, барайын ба?
–  Жас  емессің  ғой  қызға  ақыл  салатын.  Азу  тісі  шыққан 
жігітсің, өзің біл.
Жапанды  жаңғыртқан  дүмпу  тағы  да  естілді.  Жайлауда 
бейқам отырған ауылдың тамам иті жер тарпып, жарыса ұзақ 
үрді...  Осы  түні  Ақжайлауда  отырған  мұқым  ел  тынышсыз 
ұйықтады.
Олардың, яғни Дархан мен Гүлияның қаперінде еш нәрсе  
жоқ еді. Түткен жүндей болып шудаланған тұманды жамылыға, 
осы  алғашқы  оңаша  күйлерін  өздерінен  де  қызғанғандай, 
тұңғиық  ойға  беріліп,  ұзақ  тұрды.  Жанындағы  енгезердей 
жігіттің  жаңағы  бір  сөзінде  «жалғызбын»  дегені  жанашыр 
тілегені  емес,  сыңарын  іздегені,  қол  ұстасып  қатар  жүрер 
құрбысын тапқанына еңіреп қуанғаны екенін Гүлия да сезген. 
Әйтпесе аяқ-қолы бүтін, тепсе темір үзетін өндірдей азаматқа 
жалғыздық деген не тәйірі. Қайта ылықдан иттей топырлағаннан, 
арландай  айбатпен  жападан-жалғыз  жортқанның  өзі  озық-
ау.  Өзінің  мықтылығына  сенген  хас  батырлар  ғана  осылай 

98
жеке-дара шығып, қара үзіп оқшау лағады. Саяқ жүрген адам 
әрқашанда сақ келеді, – сенетін серігі жоқ.
– Жалғыздық Құдайға ғана жарасады, – деді қыз өз ойына 
өзі қарсы келіп. – Кісі болып жаратылған соң, жан жолдассыз 
бола  ма?  Онда  ол  алысқа  ұша  алмайды,  бір  қанаты  жоқ  құс 
секілді.
– Екінші қанатым жоқ болғандықтан да сені іздеп таптым, –  
деді Дархан қыздың тауып айтқан мүбәрәк сөзіне тәнтілікпен. 
– Анттаспай-ақ қоялық, дегенмен бұдан былай кездесе аламыз 
ба, жоқ па бір бұйрық білер. Аюдай ақырған әке-шешең бар, 
қолында қайласынан басқа түгі жоқ, сіңірі шыққан жұмысшыға 
сені  қимас,  қарсыласар,  әңгіменің  түйіні  шыр  айналып  өзіңе 
тірелгендей  болса,  айнып  кетпейтін  сертіңді  естігім  келеді, 
қалқам. Айып болмаса «мен сендікпін» деген бір ауыз сөзіңді 
естіп тоқ көңілде берік байламмен аттансам ба деп едім.
–  Сонда...  сіз  бір  жаққа  жүрмексіз  бе?  –  Қыз  елеңдей 
сұрады.
– Иә, қалқам, ертең дәм тартса Шар жағына кетсем деген ой 
бар. Ризамын елге, жаз бойы өз үйім, өлең төсегімдей жаттым, 
аунап-қунап  демалдым.  Малмен  бірге  менің  де  жілігіме  май 
жүгіріп,  қоңайып,  ет  алдым,  –  деді  күліп.  –  Енді  судың  да 
сұрауы бар, өз кәсібімді өзім іздеймін. Тіпті, мынандай тұрған 
заманда қол қусарып, елге еркелеп жатып алу азаматтың атына 
лайық емес.
– Шарда кіміңіз бар еді?
– Екі туып бір қалғаным жоқ, Гүлия. Жол жүрген адамға 
жолдас  әрқашан  да  табылады.  «Түркісіб»  деген  темір  жол 
сол  Шарға  келіп  тірелген  көрінеді.  Енді  біраз  күнде  өзеннің 
үстіне көпір салу жұмысы басталмақ. Ал, көпір салу – менің 
кәсібім.  Дәм  тартып...  Иә,  дәм-тұзымыз  жарасқандай  болса, 
пролетариаттың,  қолында  қайласынан  басқа  байлығы  жоқ 
жұмысшының қосағы боласың. Егер сондай күн туса, күн туса 
деппін-ау, басыңа мен айтқандай қиын іс түссе шыдар ма едің, 
қалқам?..
– Адамның бар бақыты тек байлық болса, оны да бір кісідей 
көрдік, аға. Қап тауын асып, мойныңызға қоржын іліп кетсеңіз 
де біргемін сізбен. Маған керегі дүние-мүлік емес, сіз, ендеше 
бүгін ертіп кетсеңіз де әзірмін.

99
–  Ризамын,  –  деді  Дархан  жүрек  толқынан  баса  алмай.  – 
Бәсе, бір бардың – бір жоқтығы, бір аштың – бір тоқтығы бар 
деуші еді. Атар таңымның алда екеніне сенуші едім, үміт жібін 
үзбей  сарыла  іздеуші  едім,  таптым.  Шарға  барып  орналасып 
алған соң мүлдем алып кетуге келем...
– Әкемдер енді біраз күнде күзеуге түседі. Сол кезде келіңіз. 
Оған  дейін  бұл  құпиямызды  тірі  жан  білмейтін  болсын,  аға. 
Әсіресе,  анау  Оспан  деген  ауылнайымыздың  құлағына  тисе 
маза жоқ.
– Ол иттің өзі сенен дәмелі ме? – деді Дархан. «Ит» дегенді 
қыжылмен айтып қалса да өз дөрекілігіне қатты қысылды.
– Әкемнің ол кісінің оң көзіне мені айырбастаймын деген 
уәдесі бар көрінеді.
– Омекең ондай ұсақ айырбастың адамы емес, алдап жүрген 
ғой.
– Не дегенмен, сол кісіден қорқамын, аға.
–  Қорғаның  мен,  қорықпай-ақ  қой.  Қолынан  келген 
кереметті көріп алдық.
Осы  сәтте  әлемнің  әйнегін  сындырардай  болып  думпу 
естілді.  Қыз  селк  етіп,  шошына  Дарханның  қойнына  қалай 
кіріп кеткенін байқамай қалды. Қырғидан үріккен балапандай 
бүлкілдеп жүрек тұсына жабыса қорғалаған Гүлияны бауырына 
басқан жігіт сасқан жоқты. Ол үшін бұл дүмпу әбден құлағы 
үйренген, сиырдың мөңірегеніндей ғана жәй жарылыс еді.
– Қорықпа, – деді қыздың арқасында шұбатылған бұрымын 
жинастыра  ұстап,  Түркісібшілер  Шарға  келген  екен.  Дәрі 
қойып тас қопарып жатыр. Ондайдың талайын көргенбіз. Бұл 
дүмпу.
– Қайдам, – деді дірілдеп қыз. Жерді жара бергеннің несі 
жақсы  дейсіз.  Мен  тіпті  у-шудың  қайсыбіріне  де  үйрене 
алмаймын-ау деймін, аға. Семейде оқыған бір жылда жынданып 
кете жаздап едім. Маған осы тұман басқан жым-жырт түн, әнмен 
бөлген  аспанға  ұшыратын  алтыбақан,  жайлауға  шұбатыла 
көшкен  ел,  шұрқырап  жатқан  мал,  мынау  жұлдызды  аспан, 
анау  бүлкілдеп  аққан  бұлақ,  міне  осылар  ұнайды,  аға.  Тезек 
теріп жүрсем де осылардың ортасында жүрсем деймін, аға...
Қыз булыға жылап тұр еді. Сәбилік... әлі лайланбаған таза 
сезімге  беріліп,  әлде,  айтқандарының  бәрін,  әлгі  оқыстан 
естіген  дүмпу  күл-паршасын  шығара  бүлдіріп  тастағандай 

100
өксіді. Ертекті дүниемен мүлдем хош айтысып, асығыс ағысқа 
түсіп,  ағып  бара  жатқандай  жанұшыру  бар  еді.  Құшағында 
өксігін  баса  алмай  боздаған  Гүлияны  жұбатар  сөз  таппаған 
Дархан:
–  Қой,  қалқам,  қой,  –  деп  қасаң  алақанымен  ебедейсіз 
сипалай берді.
– Біз тіпті де сен айтқан қалада тұрмаймыз. Біз Құландыдан 
ешқайда көшпейміз де.
– Мал ұстаймыз ба? – деді қыз солқылдап. Дархан еріксіз 
күліп жіберді.
– Ол жағын білмеймін. Әйтсе де, бірер қараға рұқсат етер.
–  Ендеше,  әкемнен  ақсақ  құлынды  сұрап  аламыз,  –  деді 
балалық қылықпен.
– Қайдағы ақсақ құлын?
–  Жылқыда  оң  жақ  артқы  аяғы  шолақ  құла  құлын  бар, 
көктемде  жаңа  ғана  туып,  шаранаға  оранып  аяқтанбай 
жатқанында енесімен екі жыл құлындамай бедеу жүрген бие 
таласып,  аяғын  басып  кеткен,  әлі  бекімеген  шеміршек  сүйек 
шорт үзіліпті. Мал болмайды бауыздап тастау керек деп әкем 
сан  рет  оқталғанында  мен  көнбедім.  Аядым  жас  нәрестені. 
Сол сыңған жіліншектен оташы шал шорт кесіп, қанжапырақ 
тартып орап тастаған, жас қой, тез бітті... Содан бері бір аяғы 
жерге тимей салақтап қалған, үш аяғымен шойқаңдап жүреді. 
Сондай аянышты, алғашында қарауға дәтім бармады. Ақырын 
жүрсе кібіртіктеп құлап кетердей баса алмайды екен. Ал қызып 
алғанда секіріп-секіріп шапқылай жөнеледі. Бірақ сүмек болып 
терлейді байғұс, жүргенінен жатқаны көп.
–  Расында  да  обал  екен.  Өйтіп  қинағанша  бауыздағаны 
озық еді. Мен тіпті осы жасыма дейін, малдың арасында өссем 
де бір аяғы шолақ, ақсақ құлын көрмеппін-ау. Тіпті ала жаздай 
осындамын ғой, көзіме түскен жоқ.
– Желі басына жылқышылар тек сауын биелерді ғана қуып 
келеді, қайдан көресіз, – деді Гүлия. – Анда-санда өріске өзім 
барып, ит-құстан аман ба екен деп өлі-тірісін біліп қайтамын. 
Әзір аман, есейіп алыпты. Ақсақ аяғы суалған да екінші бүтін 
саны сондай толық, мықты.
– Әрине ғой, – деп құптады әңгімеге еліге түскен жігіт. – 
Оспанның да жалғыз көзі жақсы көреді.

101
Онан соң екеуі де мәз болып күлді. Кездесуге шыққаннан 
бері  рахаттана  күліп,  көңілдеріндегі  қоламталанған  шоқты 
көсегендері-тін.
– Ендеше, – деді Дархан. – Әкеңнен алған жалғыз жасауың 
осы ақсақ құлын болсын.
– Өзім де одан артық дүние дәметпеймін.
– Әкең тым сараң адам емес. Бірақ, құла құлынды берсе де, 
батасын бермес.
Айналаны  шарбылаған  мамық  тұман  дым  бүркіп 
тоңазытқандай.  Құлаққа  ұрған  танадай  тыныштықтың  ендігі 
қалған бүлдірушісі бұлақ қана: өзінен басқа әнші жоғына мәз 
болып, сылдыр-сылдыр үн шығарады. Бұлардан бөлініп кеткен 
қыз бен жігіттен хабар жоқ. Тағы да жаңғырық естіліп, дүние 
дірілдеп  барып  басылды.  Әлдеқайда,  алыста  соғыс  болып, 
күркіреп  зеңбірек  атылып  жатқандай.  Мұнарта  тұншыққан 
тау жақтан жайлаудың мақпал түнін қоңыраулата жылқының 
кісінегені естілді.
Жер-көкті  солқылдатқан  жарылысты  хайуан  да  сезіп 
елегізеді білем.
– Пай-пай, пай, жарасып тұруларын-ой, – деген дауыс екеуін 
бірдей селк еткізді. Өзімізден басқа тірі жан жоқ деп қаперсіз 
тұрғандарында жер астынан шыққандай болып естілген үнге 
жалт қарасқан. Жансыздай жарбайып тоғай арасынан шыққан 
Оспан екен, жүректері орындарына түскендей болды.
– Қайда жүр десем, тоғай арасына тығылып алып, ғашықтық 
сырын шертіп тұр екен ғой, – деді мысқыл аралас кекесін үнмен. 
Бұдан  соң  өзі  алшаңдай  басып  келді  де  үн-түнсіз  Дарханды 
ықтай қалшылдаған Гүлияның білегінен тартты. – Жүр, әкең 
шақырып жатыр, әдейі іздетіп жіберді. Ал сен найсаппен кейін 
есептесем.
– Тіліңді тарта сөйле, ауылнай, – деді Дархан. Оспанның 
қапсыра ұстаған қолынан құтыла алмай тартыншақтаған қызға 
қыр көрсеткісі келді ме, жалғыз-ақ қағып еді, шығып кетті. – 
Қолыңды сұмаңдата берме, Осеке, айрылып қаларсың. 
– Қашаннан бері қамқоршы бола қалғансың. Байдың асын 
байғұс қызғанады деп, жалғыз-ақ түнде жар қылып алтандай 
кердеңдейсің ғой, – деді Оспан Дарханға шамасы жетпейтінін 
білсе де тілін тартпай. Оп-оңай беріле салуға, оп-оңай жеңіле 
салуға  қыз  алдында  намыс  қылып,  не  болса  да  тайынбай 

102
жағаласып өлмек. Гүлияны жанындай жақсы көретіні рас-ты. 
Үстінен  кұс  ұшырмай  қызғанатын.  Адамдық  ет  жүрегімен 
елжіреп,  осынау  тотыдайын  таралған  қара  көз,  қолаң  шаш 
қызды  арман  ететін.  Омар  бай  бір  көзін  ағызып  жіберсе  де 
кегін қумай, ыңғайына көшкен, Гүлияға деген адал махаббаты 
үшін  өзін-өзі  құрбандыққа  шалуы,  сүйген  қызына  өзін-өзі 
садақалауы  еді.  Бұған  дейін  иемденіп,  зор  дәмеғып  келген 
арман қызын әлдекім аймалап тұрғанын көргенде, әттең, кірерге 
тесік,  атарға  оқ  таппады.  Содан  соң  жігіттің  Дархан  екеніне 
көзі жетіп, жармаса кетсем, жазым қылар деген қауіппен тілін 
безей келген беті еді.
–  Бұл  қыз  менің  боданым.  Көзімді  беріп  алған  құныкер 
қызым.  Сулы  жерде  асып,  сусыз  жерде  куырып  жесем  де 
қолымнан қақпаймын деген әкесі.
– Барымтаға қарымта деп жетектетіп жіберер мал ма екен? 
Әлде  әйел  заты  сүйгеніне  қосылады  деген  Ленин  декретін 
білмеуші  ме  едің.  Өзің  осы  ауылдың  кеңесісің,  қалтаңда 
үкіметтің  мөрі  бар,  айтқаным  айтқан,  жан  керек  болса  енді 
бұдан  былай  Гүлияға  қарап  мөңрегеніңді  қой,  білдің  бе!  – 
Дархан өз қадетіне жат мінезбен булығып барып ашуын зорға 
басты.
–  Күшейіп  тұрсың  ғой.  Кімді-кім  жеңерін  ертеңгі  күн 
көрсетер.  Ендігі  жауым  –  сенсің,  Таңатардың  қаңғыбас  ұлы, 
сенсің! Қанжығада көріселік!
– Ағалар!– деді Гүлия қоңыр дауыспен. – Менің бір басымды 
дауға  салсаңдар,  жігіттіктеріңізге  сын.  Анығын  естігілеріңіз 
келсе,  мен  ескінің  етекбастылығына  да,  жанның  қошаметіне 
де  көне  қоймаспын.  Маңдайыма  кімді  жазды,  жүрегім  кімді 
қалайды  соның  соңынан  еремін.  Оспан  аға,  сіз  ренжімеңіз, 
қарақан басыңызды бір кісідей сыйлаймын, сүрінгенде сүйеу 
тұтар жанашырым, ағайым деп медет етуден басқа айтарым жоқ. 
Бекер әурелеп қайтейін, мен Дархан ағаны сүйемін. Алдымнан 
жеті басты айдаһар шықса да осы кісіге созған қолымды кесе 
алмас. Шешімім – осы! Сіздерді сүзістіріп қойып тұра берудің 
жөні жоқ шығар. Мен кетейін. Әйел арашашы болып, соқталдай 
екі жігітті бітімге шақырып тұруы жараспас.
Асықпай  аяңдап  қаздай  қалқыған  қалпында  тоғайды 
мендеген тұманға сіңіп жоқ болды. Текетірескен екі жігіт не 
істерге білмей, аңтарылған күйі қалды.

103
Бағанағы  жер  мен  көкті  шайқаған  дүмпу  тағы  да  естілді. 
Тіпті  жақындап,  сәуірдің  бұлтындай  төңіректеп  іргеге  келді.
Табан астынан жарылғандай қатты естіліп еді. Оспан шошына 
құлақ түрді. Ал, Дархан сасқан жоқ.
Ертеңінде  Еркін  пәуескеге  қос  ат  жегіп,  Семейге  қайта 
аттанды. Асығыс аттанды. Делбесін Оспанға ұстатып суыт жолға 
шыққан.  Бүгін  кешегіден  гөрі  аспан  ала  шабыр,  терістіктен 
ескен  суық  желі  бар  еді.  Өліара  жақындап,  күн  райының 
бұзылу қаупі тақап келе жатқан. Бұрынғы жылдардағыдай емес, 
жарықтық табиғатта да өзгеше өзгеріс бар, қысы барған сайын, 
ұзарып, жазы жаңбырлы болмай ашық өткенімен, екі-үш рет 
бұршақ  соғып,  таудың  шалғынын  жалғыз-ақ  күнде  жапырып 
кеткен.  Биыл  қыстың  да  ерте  түсетін  сыңайы  аңғарылады. 
Ағаш  жапырағы  уағына  жетпей  мінтеліп,  шөп  ерте  қуарған. 
Шіркін, құстар да жауын-шашынға ұрынып қалмау қаупімен, 
бір  күйсіздікті  сезгендей,  балапанын  ерте  баулып,  әне  ала 
бұлты аспанда қиқулап сап түзеп, бой жасап жүргендей.
Пәуескеде  шананың  қымтана  үнсіз  қалқалап,  көк  жүзіне 
телмірген  Еркін  сүйірлеп  ұшқан  тырналар  тырауына  құлақ 
салады.  «Күз,  –  деді  күбірлеп,  –  күз...»  Көзімен  сол  бейбіт 
ұшқан, Балқаш жағынан тізіле күншығысқа ағылған тырналар 
керуенін  барлап,  арпалысқан  ойын  байырқалатты.  Әсіресе, 
соңғы  кезде  адвокаттың  көңілі  ел  көшкендей  құлазып, 
жоқтан  өзгеге  елегізе  беретін.  Үлкен  орда  –  өскен  ұясында 
еру болған екі күн Еркінді төтенше бір іске үлкен тәуекелмен 
бастағандайтын. Шынында да арғы бетке аласапыран жылдары 
өтпей қисайып жатып алған әкесі, ел аяғы басылғандай мезгілде 
құйысқан,  өмілдірігін  салып  «арғы  бет»  деп  адырап  отыруы 
әрі қуантатын, әрі қайран қалдырған. Елмен көрген ұлы той, 
туған жерден бір күрек топырақ бұйырса болды деп тыртысып 
отырып алса қайтер еді. Иә, Еркін онда да өлмес. Салт басы 
шу қарақұйрық деп тарта бермес пе еді. Ел үшін еңіреп туған 
ұлмын  деп  сезінетін  Еркіннің  бүкіл  қазақ  деген  жұрттың 
тағдырына  араласпақ  арманы  адыра  қалғаны  ма.  Алаштың 
азаматтары  болып,  халқымыздың  ақ  туын  жеке  көтере- 
міз деп бозқасқаның қанымен анттасқан күндер қайда? Быт-шыт, 
бөрінің боғы, бөкеннің сирағы болып ту-талақайы шықты, шілдің 
боғындай пышырлады. Атақтысы абақтыға түсті, белгісіздеуі 
міне, бас сауғалап жүр. «Ойбай, жаздық, жаңылдық» деп Кеңес 

104
өкіметінің аяғына бас ұрып кешірім сұрап, сандалып кеткендері 
қаншама.  «Ұрып-ұрып  саймен  жүргенше,  ұрғызып-ұрғызып 
қырмен жүрейік», – деген принципке көшкен бәрі де... «Иә, деп 
күрсінді  Еркін  шайқалған  қос  доңғалақты  арбаның  жақтау 
темірінен  ұстап.  Әлгіндегі  сүйірлеп  ұшқан  тырналар  үні 
семген, көзден де, көңілден де шеттеп кеткенге ұқсайды. Түйе 
өркештенген  адырлар  бітіп,  алдарынан  далиып  кең  жазық 
ашылды. Даланың өңі қуқыл тартып, мәңгілікке тілі кесілгендей 
томағатұйық жатыр. Бетеге бурылданып, көде сарғыш тартқан 
құла жон, адырлар артта қалған соң арбаның жүрісі жеңілдеп, 
солқылдақ  жүрісі  майда  ырғамға  айналған.  Адвокат  аспанға 
қайтадан көз салғанда әлгінде ғана тырналары қиқулаған көк 
төсінде қарғалар жүр еді қалбақтай ұшып...
– Иә, – деді Еркін қабағы кіреукелендіріп. – Бұл елге келген 
лаңның ылдиы ғана, өрі алда».
– Ереке, маған бірнәрсе дедіңіз бе? – Оспан шүңірек көзін 
қатарында ойға беріліп отырған адвокатқа қадады. 
«Кәпірдің жанары қандай суық еді» деді ішінен.
– Жоқ-а, әншейін өзім ғой. Абайдың өлеңдерін жатқа оқып 
отырмын.
– Абай деген кім, Ереке, болыс болған біреу ме? – Оспанның 
кещелігі жынына тиді білем.
– Жоқ, шырағым, – деді мысқылмен. 
Оспан қос қаракерді шаужайлап.
–  Айласы  ма,  ақылы  ма,  әлде  байлығы  ма,  әйтеуір  бір 
нәрсесі жетпеген ғой. Әйтпесе, астында ақсақ аты жоқ мына 
біздер білдей ауылнаймыз. Әйт шу, жануар! – деп қолындағы 
шыбыртқышен қос қаракерді сауырлап сабалады. Оқыс тиген 
соққыдан  сасып,  жұлқа  тартып  жөнелгенде  бейқам  отырған 
Еркін  арбаның  арқалығына  жауырынын  оңдырмай  әнейімен 
ұрды. Басындағы қара қалпағы ұша беріп еді, оны әрең басып 
қалған.
–  Ақырын,  пәтшағар,  ақырын  айда!  –  деді  Еркін  зілмен. 
– Қайын-жұртыңа асығып барамысың.
– Қайын-жұртымнан қашып барамын. – «Әй, бір тақырға 
отырғыздым-ау  мардымсыған  қаратаяқты»  деп  қосып  қойды 
ішінен.  Адвокат  қанын  ішіне  тартып  үндемей  құтылды. 
«Тапаншамен атып салып, таспен бастырып кетейін бе» деген 
жаман ниет жылт етті де жоқ болды. Оның есіне тапаншасын 

105
дәу  шалға  сыйлағаны  түскен.  Мұндай  сүмелек  иттің  бабын 
қаладан да табуға болушы еді, бірақ, бұл Еркін үшін ата жау 
емес,  ауылдың  жуындыға  семірген  қайқы  құйрық  төбеті 
секілді. Осының өзін кейбір іске ептеп пайдалану жөн шығар», 
– деп бір түйді.
Жол  ұзақ,  өте  ұзақ.  Дала  далиған,  тым-тым  кең  еді. 
«Кеңдігінен не пайда, аяғыңды етігін қысса егер, не пайда?» 
Арбаның  ырғағы  тағы  да  қайдағы-жайдағы  өткен-кеткенге 
итермелеп көзін жұмды. Жанарында жамырап тұрған  мұқым 
көрініс  жым-жылас  жоғалып,  қара  түнекке  айналғанмен  сол 
қап-қара тұңғиықтың ортасынан, Құдайдың кұдіреті, Оспанның 
бейнесі  жарқырап  өшпей-ақ  қойғаны.  Еркін  таң  қалды: 
«Тегінде, қазақтың түбіне осындай жігіттер жетер» деп ойлады. 
Мұндайлық шаш ал десе бас алатын қасапшы жігіттерді азды-
көпті ғұмырында талай рет көргенді. Олармен мәмлеге келіп, 
ақылды іс бітірем деудің мүмкін еместігіне көзі әбден жеткен. 
Жан  жолдасын  жалғыз  атым  насыбайға  сатып  кету  оп-оңай 
еді.  Жанары  суырып  ашығандай  болған  соң,  қамасқан  ұзын 
кірпіктерін  қайта  көтерді.  Тау  етегінің  тастақты  жолы  бітіп, 
ыдғай  ақселеуі  желкілдеген  жазада  басталған  екен.  Оң  мен 
солдан анда-санда әлі де қыр соңдарынан қалмай ереуілдеген 
төбелер  қапталдасады.  Сол  сұламаланған  бедерсіз  далаға 
сұғынған сайын көкжиек қашып, жердің дидары сұрғылттана 
түседі.  Тамыздың  аяғы  нөсерсіз  құрғақ  еді,  қылаяғы  шидің 
түбіндегі селкеу-сілкеу жасылтым алқа да қуқылданған.
«Биыл күз ерте түседі-ау», – деп ойлады Еркін.
– Биыл күз ерте келеді, – деді Оспан саңырау адам бардай 
саңқылдай сөйлеп. – Талай-талай қанды сойқандар алда, – деді 
бұдан соң Оспан. – Ұлу жылы бітісімен ысылдап жылан жылы 
келеді,  ал  жылқы  жылымыз  содан  соң...  Ереке,  осы  сіздің 
жылыңыз не?
– Мешін.
–  Менікі  доңыз,  –  деді  Оспан,  әңгімеге  айналып  делбе 
босаңсыған соң, қос каракер де бірқалапты жұмсақ аяңға басқан 
екен.  Құлақтарының  түбі  мен  қолтық  тұсы,  әбзелдерді  асты 
ғана терлеген аттар елден шыққалы онша қатты жүріс көрген 
жоқты.  Жалғыз  көзінің  қиығын  иықтас  отырған  адвокатқа 
тастап  еді,  әлде  бір  жанын  кемірген  ойдың  шырмауына 
шатасып шыға алмай түнеріп, тура қарсы алдыға арбалғандай 

106
қадалып  қалған  қабағында  кірбің  бар.  «Сөнбейтін  шаланы 
құйрығына  байлаған-ау»,  –  деп  жорамалдады  Оспан.  Содан 
соң  сапарласымен  сұхбаттасып  жарытпайтынын  білді  де,  өз 
басының арманын аралап кеткен.
Көзі  қайта-қайта  жасаурай  берген  соң  көзілдірігін  алып 
жанарын сүртті Еркін. Көзі барған сайын нұры тайғандай сәл 
бір жел, не болмаса суық, болымсыз жарыққа өстіп өз-өзінен 
жылап, сулана беретін. Осы қыр қазақтарында сирек кездесетін 
мүкістігін көп оқыған кітаптан көруші еді. Семейдегі жебірей 
дәрігер  жолдасы  айтып  отыратын:  қиыр  жайлап,  шет  қонып, 
мал  қараған  қазақтардың  көзі  көреген  болады.  Өйткені  олар 
үнемі  ат  үстінде,  таза  ауада  жүреді.  Аспан  мен  көкжиектен 
алысты болжайды. Күнделікті табиғи тіршілігінің өзі жанарын 
дем  алдыруға  жаратылған.  Сондықтан  да,  бұл  халықта  көз 
сырқаты  өте  сирек  ұшырасады.  «Иә,  қазақтар  бірінің  көзін 
бірі  шұқып  шығармаса,  аурудан  кете  қоймас».  Осылайша 
таусылмас жолға шыққанында ойды мүжігеннен басқа ермек 
қыларың жоқ. Әңгіме айтысып, білім салыстырып дискуссия 
ұйымдастыратын  мықты  үзеңгілесің  болса  тағы  бір  сәрі. 
Оспанның түрі болса мынау сасық құлықты жебей сауғаннан 
басқа қолынан келері жоқ.
Талантты  юрист,  жетелі  адвокат  Еркін  Кенжин  дума 
мүшесі  болып  думандатпаса  да,  талай-талай  додалы  айтыс-
тартыстарға қатысып, өз қатарынан қалмайтын. Үлкен білімге 
қоса тағдыр сыйлаған шешендігі бар, небір аузы алты қарыс 
адамдардың  аузын  аштырмай  сілікпесін  шығарған.  Бәрі 
баяғының садағасы...
Алғаш  Совет  өкіметінің  сыбысы  шыққанда  осы  ұлы 
дүмпу әсіресе Еркінді үлкен ойға қалдырып еді. Өзін әрқашан 
демократиялық  бағыттағы,  жәбір  көрушілердің  қамқорымыз 
деп есептейтін ол, жекелеген адамның мұң-мұқтажы, мақсат-
мүддесі хақында бас қатырып ойлаған емес. Ондай жекелеген 
адамның  тағдырында  ілуде  бола  беретін  айырмашылықтар 
бүкіл  халықтың  рухани,  мәдени  жағынан  өсіп-өркендеуіне, 
ұлттық сапаның дамуына ешбір қатысы жоқ, бөлек, назар аудар- 
майтын кішкентай дүниелер деп есептейтін. Еркіннің ұғымын- 
да:  қанша  рет  революция  жасалып,  қоғамдық  формация 
қаншалықты  ауысса  да  бай,  кедей  деген  салыстырмалардың 
жойылуы тіпті мүмкін емес нәрселер.

10
Оспанға қарап еді, мұрнынан ыңылдап әлдебір әнді айтып 
кәперсіз отыр екен. «Бұл қу, – деп ойлады Еркін, – байығысы 
келмейді деймісің, тек байи алмай жүр-ау».
– Табиғатта тасбақа деген жәндік бар, – деді Оспан, есіне не 
түскені белгісіз мырс етіп күлді.
– Иә, бар екені рас, – деді Еркін елеңдеп. – Не айтпақ едің?
– Сол тасбақа бейшара бармақтай басын жасыру үшін тоғыз 
қабат  тас  сауыт  киеді.  Тіпті  сол  қорғаштаған  басының  түкке 
керегі жоғын білмей киеді-ау тас сауытты. Сол жәндік іспетті, 
өзің дәрменсіздігін бүркеу үшін қағаздан тон киетіндер бар... 
Неге керек екен...
«...Мынау тағы да мені меңзеді, – деп ойлады Еркін. – Жо-
жоқ, бұл осал жау емес».
Ұшы-қиыры жоқ көсілген дала бедірейіп, беті бүлк етпей 
жатыр. Ол мынау ішінде не жатқаны беймәлім жұмбақты дала 
мен Оспан арасынан бір ұқсастық тапқандай өз-өзінен күңірене 
күрсінді. Бұдан соң тағы да баяғыдағысына оралды.
...Алғаш рет жаңа заманның жобасы жасала бастаған кезде 
қазақтың оқыған жігіттерімен бірге, Еркін де қатты елеңдеп, 
үлкен  бір  өзгеріс  күткендей  еді.  Революңия  бұратана  аталып 
келген  халықтар  үшін  не  әкелді?  Россияда  жасалған  ұлы 
төңкерістің  әлі  де  болса  мешеулеу  келе  жатқан,  капитализм 
сатысынан етпеген аз ұлттарға қаншалықты керегі бар тақылетті 
дау-дамайға бел шешіп араласқандардың бірі-тін. Әлі есінде, 
Семейдегі өткен беделді бір мәжілісте жылдар бойына жегідей 
жеп  келген  жан  күйзелісін  түнде  ұйқы,  күндіз  күлкі  бермей 
мазалаған  ойын  ортаға  салып,  ағыл-тегіл  ақтарылып  еді-ау. 
Онда  көтерілген  мәселе  қазақ  елін  советтендіру  мен  қазақ 
даласында жүргізілетін аграрлық реформа жайы болатын. 
«Қазақтар  үшін  ешбір  реформаның  қажеті  жоқ,  –  деп 
пікірін тура айтқан. – Өйткені, бұл даланың ғасырлар бойына 
қалыптасқан  моральдық,  тұрмыстық,  салттық,  этникалық, 
психологиялық  сипаттарды  бірден  күйретіп,  талқандап  тас- 
таумен пара-пар шаралар бұл. Мұндай төтенше реформаларға 
қазақ елі тарихи  және рухани  жағынан әлі дайын емес, яғни 
әлеуметтік  қайшылықтары  мен  таптық  сана-сезімдері  пісіп-
жетілген жоқ».
Осымен  бар  әңгіме  тәмамдалғандай  еді.  Бірақ,  Кежиннің 
беделі  күн  өткен  сайын  әлсіреп,  айтқан  пікірі  күйреді... 

108
Мұны алғашқыдай қолпаштамады, елеп-ескеріп губерниялық 
жиналыстарға  шақырмайтын  болды.  Толқын  шығарып 
тастаған  жағалаудағы  салынды  ағаштай  ұмтылып,  қаңсып 
қаларын  сезгенде,  ішкі  қарсылығы  ісініп,  жазылмас  жараға 
айналған. Бар қолынан келгені, өзі іспетті жаңа заманға өкпелі 
азаматтармен  тіл  табысып,  астыртын  қимылға  көшкен.  Сол, 
әлсіз болса да әрекеттің бірі – Ертіс үстінде салынған көпірді 
қопару  болды.  Амал  не,  ол  қастандықтарынан  да  пәлендей 
ештеңе өндіре алмады.
«Елім»  деп  еңіреген  Кенжиннің,  әсіресе  шымбайына 
батқаны  жуықта  шыққан  конфискация  туралы  қарар  еді. 
Шірене тартылған шыдамның ішегі тарс етіп үзілгені де дәл 
осы бауыздау тұстан тиген жадалық. «Құдай-ау, былай істеуге 
болмайды ғой, – деп ертоқымын бауырына алып, таң атқанша 
тулаған.  –  Бояушы-бояушы  дегенге  сақалын  бояғандары 
неткені. Байдың малы дегеніміз – ол да мемлекеттің меншігі 
ғой.  Қашан  алсаң  да  қашар  ма.  Бәрін  жиып-теріп  бір  күнде 
айдап алды делік. Оған шын жаны ашып, бас-көз болатындай 
бұл қазақтың сана-сезімі өсті ме? Сен салар да мен салар деп 
жалғыз-ақ  қыста  қырып  алмасына  кім  кепіл.  Одан  да  салық 
түрінде бірте-бірте алмас па еді. Айталық әркімнің мал санына 
карай: он малы бардан бір бас, жүзінен – он, мыңынан жүз бас 
салық  салып  отыру  арқылы  байсалды  түрде  жүзеге  асырса. 
Соншалықты мол малды жалғыз-ақ күнде жинап алғанда оны 
қалай  бақпақ?  Шаруашылықты  шашыратпай  ұйымдастыра 
алатын  маман  –  қадрлары  жоқ.  Тіпті,  ойлап  қараған  адамға 
әрбір бай өз малының иесі ғана емес, соның аман-есен болуын 
ұйымдастыратын басшы да. «Менің қимам неге қышиды осы», 
– деп сабасына түссе де, әкесінің мыңғырған малының тоз-тоз 
болып  босып  бара  жатқаны  көз  алдынан  кетпей-ақ  қойғаны; 
құлындардың шыңғырғаны көз алдынан кетпей-ақ қойғаны.
Енді міне, енді әне... сол қызғыштай қорғаштаған даласы 
жетесіз ұлына мәңгілікке өкпелеген анадай, беті бүлк етпестен 
сыздана сұрланып жатқаны.
«Мені дала түсінбеген шығар, – деп ойлады Еркін. – Әлде 
мен даланы түсінбедім бе екен?»
– Екеуі де, – деген Оспанның сөзі селк еткізді. «Апыр-ау, 
мынаның көріпкелдігі бар ма?»

109
–  Аттың  екеуі  де  болдырайын  деді,  Ереке,  не  істейміз? 
Жақын маңайда бел суытатын ел де жоқ-ау.
– Қас қарая Шарға жетеміз, – деді Кенжин ішіктің ішінде 
бүлкілдеп, тірі екенін білдіргендей. – Оған дейін шыдас берер, 
қатты жүрген жоқпыз ғой.
– Тоқжарау емес, көптен бері делбе көрмей көбеңсіп кеткен 
бе, майы еріп қатты шаршады. Жол жүретінді білгенде қамау 
терін де алып қоймаған екен.
Ат айдаушының шаруақойлығына сүйсінген Еркін:
– Оны ескерер пысық адам қайдан табылсын? – деп қомда- 
ныңқырап  қоқайып  отырды.  Күн  еңкейген  сайын  жел  беті 
күшейіп,  қойын-қонышты  қуалай  бастаған.  Ақ  көбік  болып 
терлеген қос қарекер құтырына жұлқып тартқан әпігі басылып, 
бағанағыдай емес. Оспанның бишігінен де қорықпай сал бөксе 
аяңға басқан. Ұшқан кұс, жүгірген аң жоқ, тырналар әлдеқашан 
ұшып  кеткен.  Оқта-текте  жалпылдап,  қарқылдап  қарсы  алар 
құстың  қоры  –  қарға  мен  селтең-селтең  етіп  шықылықтап 
отырар  құстың  сағы  –  сауысқан  да  мүлдемге  қырылып 
қалғандай зым-зия. Еркін қайран қалды.
– Апыр-ау, бұл елдің аң-құсына дейін Түркісібке жұмысқа 
түсіп кеткеннен сау ма? – деді Оспанға естірте.
– Ол да мүмкін, Ереке. Жан-жануар адамның айналасына 
үйірсек болады, іздеп отырғаныңыз қарға мен сауысқан болса  
ол  жазғандар  әрине,  қыбырлаған  кісілерден  жемтік  дәметіп, 
Шар  жағына  ауысып  кеткен  рас  шығар.  Мынау  азынаған 
ен  далада  не  әкесінің  басы  бар.  Ал,  киік  пен  түлкі  кешегі 
дүмпуінен үркіп, дәу шалдың соңынан арғы бетке өтіп кетті ме 
деп сезіктенем.
–  Ендеше,  сол  арғы  беттен  атып  жейтін  шығармыз,–деді 
Еркін әзірге жадырағандай болған қабағын қарс жауып.
–  Атып  жейтіндер  ол  жақтан  да  табылар.  Құмырсқадай 
қаптаған  шүршіттер  бірінің  етін  бірі  жейді  деуші  еді  бұрын- 
ғылар... Әңгімені бұдан әрі желілеуге екеуінің де зауқы соқпады 
да үнсіз отырды. Оспан бағана бастаған әнін мұрнынан қайта 
ыңылдады.  Қос  қаракердің  тұяқ  дүрсілі,  қос  дөңгелекті 
арбаның  шиқылы,  Оспанның  жөн-жосықсыз  ыңылы,  –  бәрі-
бәрі жүйкесін одан әрі жұқартқан Еркін дүниенің бәрі-бәрінен 
түңілген сыңайда түйіліп отыра берген. Шыдады. Шыдап көрді. 
Шыдамады да...

110
– Әй, әнші, – деді Оспанға, – зорығып өлсе де атты айдаң- 
қыра.
– Құп, тақсыр! – Қолына шошайта ұстаған бишігін бұлғап-
бұлғап,  кібіртіктеп  келе  жатқан  аттарды  шықпырт  тигендей 
сауырлата жөнелді.
– Атаңа нәлеттің малы...
– «Ит-ай, – деп ойлады Еркін, – тағы да тілі тиді-ау».
–  Жол  ұзақ.  Дала  кең.  Қайда  барсаң  –  қазақтар,  қайда 
бұрылсаң – қазақ жері. Бірақ осының түгелі Кенжин үшін сон- 
шалықты жанына жат, тәніне салқын сезілді. Осыншалық қалың 
ел, қайран жерінен бір күрек топырақ бұйырмасына өкіне ме, 
әлде көзінен бұлбұлдай ұшып, келмеске кете барған – бал дәурен 
базарлы күндерін сағына ма, кім білсін, әйтеуір түнсіз құрдымға 
мойнына тас байлағандай шым батып бара жатқанда: жандәрмен 
бар  даусымен  айғайлағысы,  әлдекімді  дауыстап  шақырғысы 
келеді. Үні шықпады, таскерең дүние, тасқа айналған адамдар, 
құлақкесті тыныштық. «Жаңа өкіметтің жағасына жармасқанша, 
аяғына  жығылып,  сауға-сауғаласам  сойылын  соғар  білдей 
қызметкері  болар  ма  едім-ау»,  –  деген  ой  дәміл-дәміл  жыл- 
тыңдап мазалап жүргенді. Бірақ кеш еді. Артқа қайрылар жол жоқ 
та еді. Осы сәтте бозаң дала енді шоқаттанып, бөртек төбешіктерге  
ұласа  бастаған.  Осы  сәтте  сол  жыбырлаған  төбешіктің 
бірінен  қалбаңдаған  кісінің  сұлбасы  көрінді  де  қол  бұлғап 
айғайлағандай болды.
– Қайт! Кейін қайт! Өлесің!
Сонау  төбенің  басында  бас  киімін  алып  айғайлап  тұрған 
адамның  даусын  жел  қағып,  бұларға  естіртпеді.  Алыстан 
қарағанда  оның  қайт  деген  сөзі  қол  бұлғап,  бері  кел  дегені 
сықылданған.  Еркіннің  ең  соңғы  естігені,  ат  айдап  отырған 
Оспанның: «Әкеңнің аузын не оттап тұр» деген былапыт сөзі 
болды  да,  мұқым  әлем  қақ  айрылып,  дүние  шырқ  айналып 
қоя  берді.  Тура  іргеден  естілген  ғаламат  дүмпуден  шошыған 
аттар  жалт  бұрылып  ала  қашқанда  Оспан  арбадан  қарғып 
түсіп қалды да бөксесі кептелген пәуескеден Еркін ұмтылып 
тұрам  дегенше  оқтай  зымырған  арба  аударылып  қалған  еді. 
Одан арғысын білмейді. Құлағында ғаламат дүмпу. Бақилыққа 
қатқан  жаңғырық.  Қанша  жатқанын  білмейді,  есін  жиып, 

111
көзін  ашқанда  қазбауыр  бұлттары  қарап  бастаған  аспанды, 
өзіне  үңіле  қараған  қазақтардың  сол  аспан  түстес  жүздерін 
көрді. Көзін қайта жұмды, бәрібір соларды көрді: көзін қайта 
ашты – бәрібір соларды көрді, көргісі келмеді – көрді. Содан 
соң  тұңғыш  рет  адал  өліммен  өлгісі,  бас  қатырып,  кеңірдек 
жыртыспайтын  ақ  тілеулі  арғы  дүниеге  аттанғысы  келді. 
Өле  алмады,  құлағындағы  қатып  қалған  жаңғырық  тарс  етіп 
жарылғанда естігені:
–  Ойбай-ау,  мынау  Ерекең  ғой,  –  деген  жылы  сөз  болды. 
«Жоқ, – деп ойлады ол, – қадірім кете қойған жоқ екен».
– Құдай-ай, Ерекеден айрылып қара басып қала жаздадық-
ау сүйегі сау ма екен? – Шырылдаған Оспанның сөзін естімеді. 
Талықсып,  ес-ақылынан  қайтадан  адасып,  сандырақтай 
бастаған. Дүниені тағы да тыныштық меңдеді.
Шарға  келіп  қалған  теміржолшылар  қойған  қопарылыс- 
тың  үстіне  андаусыз  түсіп  қалған  адвокат  Еркін  Кенжинді 
жұмысшылар дереу Семейдегі ауруханаға жөнелтті. Оспан ере 
кеткен. Қандай ойы болғанын кім білсін: «Ерекеңнен айрылып 
қала  жаздадық-ау»,  –  деп  безілдеп,  басын  сүйей  еріп  кеткен 
әйтеуір.
Бұл шақта ел-елде тәргі науқаны басталып, қазақ даласын 
советтендіру жұмысы қызу жүріп жатты.
Өліараның қою қараңғылығы, желді жаңбырмен басталған 
қыркүйек  айы  жайлауда  жаз  бойы  масайрап  отырған  елдің 
тынышын  алып,  буынын-түйініп  ойға  асығыс  көше  бастаған 
күйі  тайып,  оты  таусылған  соң,  тау  басында  омалып  отыра 
беруді Омар бай да жөн көрмеді. Жалғыз ұлының жарақаттанып 
ауруханада жатқанын естігенде қатты күйзеліп еді. Қарайғанда 
не  қалды,  қамыс  қалды  дегендей,  ендігі  медеті,  сүйеніші 
құйрық-жалынан мүлдем айрылғандай аһ ұрған әкелік сезіммен 
көзіне жас алып, бес уақ намазынан қалдырмай тілеуін тіледі. 
Барып қайтуға дәл қазір шамасының жоқтығына қапаланған.
Әттең баяғы заман болса... Ал, баяғы заманы Таңатар қуып 
кеткен жылқымен бірге арғы бетте жусап жатқанын білді ме 
екен... Жылайсың, жылайсың да шыдайсың, Омар...

112
ЕКІНШІ САЛА


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет