Баяғыда:
...Жылан жылының қысы қатты басталды. Әуелі қарлы
жаңбырмен сабалап алды да, арты көктайғаққа ұласты. Көксоқ-
таланған жердің бетін алғашқы қырбақ қар бүркеп тастағанда
асты тоң, беті безерген дала мал мен адамның күйісін әбден
кетірген. Сонау қарашадан басталған суық жел бір аптадай
толас тауып еді, кешеден бері атына қайта мініп, жұқалау
жауған қарды сай-сай, бұта-қарағанның түбіне айдап тастаған.
Жалаңаштанған дөңес, қыраттар суықтан осылып-осылып
айрылып, ырсиып жатыр.
Құландыдағы аз ғана жатақ ауылы бұл күнде молайып,
қара-құра көбейген үлкен қарбалас үстінде. Түркістан-Сібір
магистралі осы Омар қыстағының үстін басып өтетіндіктен
мұнда әзірше, артель ұйымдасқан жоқ. Станңияға айналады
181
екен, деген қауесет сөз тараған. Күзде тамам байды кәмпескелеп,
қанталауға түскенде шүлен алып, бірер қаралы болып қалған
ауыл, кылышын сүйретіп келген қыстан соның күшімен шығып
кетпек ниетте. Қыстық мал азығын дайындап әдеттенбеген
кедей-жатақ қазақ ауылдарының көпшілігі-ақ өлгенде көрген
тұяқты малды соғымдыққа жығып алған; көресіні көктем шыға
көрерін, тек бір күннің амандығын медет тұтар бейқам ел үшін
уайым болмады, қарынның қазір тоқтығына мәз. Бұл өңірдегі
іргелі-іргелі бай – Омар мен Көкебай, Долдаш секілді орта
шаруадан тартып алған малдан жаз шыға тұқымдық қалмау
қаупін ешқайсысы да бағамдамады.
Дүркіреп басталған шойын жол құрылысы Құландыға
келгенде аяғына жем түскендей шабандап қалған. Күннің
суықтығы, жердің қаттылығы, техника күшінің тапшылығы
келесі жылы толық аяқталуға тиісті ұлы жұмыстың жан-
дануына үлкен кедергі болды. Оның үстіне тек адам қолы-
мен атқарылатын ұлан-ғайыр шаруаны шаужайлап әкетер
жұмысшы күші жетіспеген. Осы себепті, жан-жақтағы ауылдан
кісі жинап, қазақтарды қолына қайла ұстауға шақырған үгіт-
насихат қызу жүріп жатты. Сонау Семейден шойын жол
жұмысының қарқынын тексеру үшін арнайы өкілдер келмек
екен деген хабар тарады.
Шардағы көпір толық аяқталып, топырақ үю, рельс төсеу
секілді науқанға кіріскенде Дархан Құландыдағы әкеден қалған
қара мекенге біржола көшіп баруға бел байлады. Жұмысшы күші
онда да керек және станция орнаса түпкілікті тұрып қалуына
мүмкін. Ал шойын жол бойында кәсіп табылады. Жұмысшы
жолда старшын басын құрап шай ауыз тигізіп, тойдың ырымын
жасаған сон Гүлия да бұдан былай Дарханмен өткізер өмірінің
ыстық-суығына үйрене бастаған. Рас, алғашында қиындау тиді.
Үнемі үлде мен бүлдеге оранып өскен шырпы басын сындырып
көрмеген ерке қыз қайла арқалаған, жер қазып, тас қопарып
арпалысқан халықты, қарын тойып тамақ ішпеген қонторғай
тірлікті, жұмыстан шаршап келіп, жамбасы тиген жерге жата
кетер күйсіздікті көріп, жаны ашыған. Бірақ, бірде-бір адамның
бойынан талығуды немесе қабақ шытып ренжу, жалығуды сезе
алмады. Шындық үшін, өз ісінің әділдігі мен баяндылығы үшін
жанталасқан орыс, қазақ жұмысшыларының шыдам, төзімінің
шексіздігі қайран қалдырды.
182
Ақ дидарын айғыздап түскен жара қылып шапқандай тыртық
болып біткен-ді. Жауыздықпен сілтенген пышақ теңдессіз сұлу-
лық пен Гүлияның ашық ажарын жасытып, шырақтай жанған
жанардың отын сөндіре алмапты.
Ақсақ құлынды ертіп ауылға келгенде жұрт жатырқамай,
жатсынбай қарсы алды. Әкесінің көзін көріп қалған бірен-
саран шал, замандас жігіттер қайта айналып қазығын тапқан
Дарханға шын пейілден ризашылық білдірген. Талай жылдан
бері түтін шықпай, есік-терезесі бекітіліп қалған Дәу шалдың
отын сөндірмей, қара мекенін тапқанын жөн десті. Оның үстіне
анау-мынау емес, Омар байдың ерке қызын ала келгені үлкен
ерлік, кез келгеннің қолынан келмес азаматтық санаған.
Дарханды мұнда да қыруар істер күтіп тұр еді. Ең әуелі
қаңсып: өрмекшінің торы, тышқанның ініне айналған тоқал
тамды қалпына келтіруге кірісті. Балшық илеу, оны аяқпен
басу, ағаш қалыпқа кірпіш құю жұмысына әбден төселіп
алған жігіт, айналдырған аз-ақ күнде ұядай үй жасап алды.
Жердің тоңдығы, топырақтың қаттылығы біраз әурелеп еді,
ауылдастары асар жасап, көмекке келді. Тіршіліктің осындай
таусылмас бәкір-шүкір шаруасына Гүлия да көндіге бастаған.
Ақ саусақ едім, біреудің ерке қызы едім деп қол қусырып қарап
отырған жоқ, күйеуі ұстаған заттың екінші басына ұмтылып,
қосамжарлана безектеп қалмады.
Дегенмен, танадай жарқыраған жанарының түбінде
мәңгілікке тұнып қалған ауыр мұңның шөгіндісі бар еді.
Сергиін-ақ, серпілейін-ақ деп қанша көңілденгенімен, көңіл-
дегі бір кесек мұз ерімеді, тіпті Дарханға деген қалтқысыз
сүйіспеншілігі, ерінің өзіне деген адал махаббаты қанша күн
болып жарқырағанымен жібіте алмады. Еңсені басқан осы бір
жұқалаң мұң, өзі де әлі білмейтін белгісіз күдік соңынан итше
еріп қалмағанына қамығатын. Көзі күліп, ажары ашық-жарқын
болса да жан-дүниесі зілдей, бір нәрсе білеуленіп жібермейтін.
Кейбір түндері машахат түс көріп, ұйқысынан шошып оянатын,
қайтіп көзі ілінбей, көрер таңды көзімен атқызушы еді. Соңғы
кезде Дарханды мазалап жүрген ой, сүйіп қосылған жарының
жанын қинаған, ауық-ауық есеңгірете беретін әлгі тыншу
бермес хал-жайы еді.
Бүгін кешке сулы-сылпың тамақтанып, үй суық болған
соң ерте жатып қалды. Екеуі де көпке дейін ұйықтаған жоқ.
183
Алғашында әр нәрсенің басын бір шалып, күбір-сыбыр
әңгімелесіп жатты. Аспан ашық, ай толған кез. Кішкентай тере-
зеден саулап түскен ай сәулесі аядай тамның төрт бұрышына
дейін жалаңаштап айқын көрсетеді. Сыртта бөтен дыбыс
жоқ. Күннің суықтығы түнгі жұмысты тоқтатып тастаған.
Құландыда қалған Омардың маң төбеті ғана оқта-текте ұлып,
кісінің зәресін ұшырады. Үйлыққан он шақты иттен жалғыз өзі
қалғанына ызаланады білем.
Бағана өзіміздің үйге барып едім, Жолдыаяқ мені танып
еркеледі. Ертіп келіп ас құйдым, – деді Гүлия күйеуіне тығыла
түсіп. – Дүрия екеуміздің бөлмеміз жұмысшылардың кеңсесіне
айналыпты. Екі аяғын айқастырып Оспан отыр екен, көре
алмадым, қорықтым.
– Кімнен? – деді шашынан сипап.
– Оспаннан. Ол немене, бастық па?
– Бастық, – деді Дархан нәумез үнмен. – Құланды учас-
кесінде шойын жол құрылысының бригадирі.
– Сіз сол кісінің қарамағындасыз ғой...
– Иә, қарамағындамын. Атарға оғы жоқ, қолынан келері
тағы жоқ, бұзауы теріс келген сиырдай ыңыранып-ақ жүр.
Қайламды тартып ала алмайды ғой.
– Сіз одан сақтаныңыз.
– Гүлия жаным, «сіз» дегеніңізді қашан қоясың, осы. Құдай
қосқан қосағыңмын, арамызда он жастай ғана алшақтық бар.
– Бақанмен ұрғандай «сен» деп айтуға аузым бармайды,
қинамаңыз.
Бүлкілдеп бүйірінде жатқан Гүлияны аймалап, көзден
өпті:
– Қандай әдептісің, Гүлім. Өзіңнен басқа кімім бар менің,
кімім?
– Менің де ешкімім жоқ сізден басқа. Күндіз мойнымнан,
түнде қойнымнан тастамас тұмарым да, дұғам да сіз, Дархан
аға. Дүниедегі бар байлықты, бар қызықты сіздің төбеңізге
қойдым. Сіздің жолыңызға шыбын жаным садаға. Бірақ...
– Не бірақ?
– Бірақ қорқамын, сіз үшін қорқамын. Тым күштісіз.
Еңсеңізді иіп, сызылып сәлем бере алмайсыз.
– Ешкімге де жалпақтап, жағымсып көрген емеспін.
184
– Қазір білектің күші, найзаның ұшына сенер, шын ерлік
сынасар уақыт па, аға. Олай болса Оспан емес, мына сіз бастық
болар едіңіз.
– Сонда қалай, қулық-сұмдық сауып көрінгенге бас ұрып
күн көруім, ел басқаруым керек пе, Гүлия? – Таңғала сұрады.
– Жоқ, мені түсінбедіңіз. Сізге мен Оспан бол демеймін,
оның бетін ары қылсын. Ол – лағынет адам ғой, бірақ ер-азамат
қолынан келіп тұрғанда қоншынан басса артық болар ма еді.
Ел билеу екінің бірінің қолынан келмейді ғой.
– Мен де сені түсінбедім, – деді Дархан реніш білдіріп. –
Әсіресе бүгін ұға алмай жатырмын. Мен жұмысшымын, қайла-
шымьн. Одан артық мансаптың да, атақ-дәреженің де керегі
жоқ.
– Ендеше, сізді мен де түсінбедім. Бөтен ойламаңыз, құмырсқа
теріп, қайыр тілеп кетсек те, етегіңізден екі елі айырылмастай
болып ұстағанмын. Өлмесем құтыла алмайсыз. Бұл жалғанда
сізге айырбастар адам туған жоқ. Менің айтайын дегенім басқа
еді... Ешкім де қолына құрық пен қайла ұстап туған жоқ, әр істің
өз мақсаты, өз биігі бар емес пе. Өзіңізден әлдеқайда төмен,
қолыңызға су құюға жарамайтын адам күні ертең қоқиланып,
арқаңызға ерттеп мініп алса, көрінген жұмысқа жұмсап күл
төктіріп қорлап, қуа берсе – бұдан өткен қорлық бар ма, аға?
Оспан бір айлық оқуға барып келді – бригадир болды. Қамбар
досыңыз оқып жатыр, күні ертең – айдарынан жел есіп ол
келеді. Сонда... сонда солардың барлығынан мықты, әлдеқайда
құдіреті сіз әлгілердің қарамағында жұмыс істеп, қайда қуса
– сонда шапқылай бересіз бе?.. Мені айыпқа бұйырмаңыз, аға,
мұны айтқан себебім, қара басымның қамы емес, ішіп-жеп
үйреніп қалған бай қызының еркелігі, еріккендік де емес, өзім
пір тұтқан адамды самғау биіктен көру, әркімнің тақымына бір
түсер торшолаққа баламай алысқа шабар арғымақ санаудан
еді.
– Мені аспаннан іздеме, – деді Дархан күрсініп. – Жер
бетінен жер қазып, жол салып жүргендердің арасынан ізде.
– Сіз маған ренжімеңіз, аға,– деп майда еркелікпен ақ
білегін Дарханның мойнына салды. – Мен сізді қара жердің
бетінде жолықтырдым, ендеше астынан да іздеп табармын.
Бірақ, кейін... кейін өкінесіз бе деп ойлаймын.
185
Дархан үндеген жоқ. Жарының жұмсақ қылығы, ыстық
демі қанша қытықтағанымен ақтарыла айтқан сөзінде көп
шындық бары ойын онға бөле берді. Алыстан болжап, алды-
артын бағамдап отырар зерделілігін сонау алтыбақан құрған
айлы түнде түстеп, таныған-ды. «Кейін өкінерсіз-ау» дегені
құлағында қалып, еш нәрсе естіртпей, еш нәрсе ойлатпай
жатыр. Рас, Семейдегі рабфакқа өзін жіберген орнын Қамбарға
беріп, қалып қойды. Оның әлі күнге түсіне алмай жүргені –
пролетариатқа атақ-мансап керек пе, жоқ па; жұмысшы деген
халық, тек қолынан балғасы мен қайласын тастамайтын, екі аяқ,
екі қолына ғана сенген қарапайым адамдар емес пе? Ендеше,
осы кәсіптің игілігінен басқа қандай рахат, қуаныш бар. Өкімет
өздерінікі, олай болса билік те, басқару да жұмысшының өз
қолында ғой. Жұмысшыны да басқаратын білікті мамандар
керегін ойлаған жоқ. Күрекке жапа, екі қолға бір жұмыс қайдан
да, қашан да табылар деген көзқарасына өзгеріс кірмеген қалпы
ұйқылы-ояу жата берді.
– Үндемей қалдыңыз ғой, ұйықтап кеттіңіз бе? – деген
Гүлияның сөзіне:
– Ұйықтағам жоқпын, – деп жауап берді. – Ертең Семейден
өкіл келіп жиналыс ашатын көрінеді.
– Не айтады екен?
– Шойын жол жұмысына кісілер жинайды.
– Мен де барсам қайтеді?
– Өзің біл.
Алакөлеңкеленген тамдағы ай сәулесі біртіндей жылжып
барады. Суық. Төсеніштен басқа түгі жоқ, қаңқайған қабырғалар;
жан-жағынан қамалаған аласа тамның босаға жақ бұрышында
балшықтан соққан үсті темір тәпене пеш бар еді, оты сөніп, көз
шырымын алғандай. Мұрны пысылдап, қыбырсыз қалғанына
қарағанда Дархан ұйықтаса керек, Гүлия ұмтылып барып,
ар жақ іргесін қымтап жауып қойды. Былтырдан бері өсіріп
жіберген қара бұйра шашы ғана көрпенің шетінен қобырап
шығып жатыр. Маңдайы уақыты жетпей ептеп қасқаланайын
деген. Еңкейіп барып ақырын ерінін тигізіп еді, сұп-суық екен.
Гүлия алақанымен басын жылытқансымақ болды. Тұрып пешке
от жағайын деп бір ойлады; Дархан оянып кетер деген қауіппен
жата берген. Тамға қоржындай салған жаппа қорада қамалған
ақсақ құлынның алдына салған шөпті бырт-бырт жегені еміс-
186
еміс естіледі. Әлі де болса қара үзіп кетпеген қара тышқан
тыныш түннің ішінде сылдырлатып тамақ іздеп жортады білем.
«Күндіз біз таппағанда, түнде сен байғұс та бармысың», – деп
ойлады Гүлия. – Кекірек атып тойып жүргенде де мүйізіміз
шыққан жоқ еді. Қайта осы ашқұрсақ өмірдің өзі жақсы. Көзіне
ине тіреп қойғандай ілінбейтін болған соң әкесін ойлады.
Аттанар алдындағы екі қызының мандайынан алма-кезек
сүйіп, көңілі босап жылағаны кеше ғана еді ғой. Енді есіне
түсіп жатса содан бері жүз жыл өтіп кеткендей. «Қайран әкем,
қайда жүр екенсің?»
Көрпеге көмілген қолын ақырындап суырып алды да
алақанымен өз бетін сипады. Тыртық тым терең, әрі ұзын
сықылданды. «Бетің тіліңгір» деп қарғаған кім екен? – деп
күбірледі. – Жазығым жоқ еді ғой. Жазығым – жарық дүниеге
сусарлығым ба, жазығым – жақсы болып жаратылғаным ба?
Білем ғой, білем кімнің аямай салған жарасы екенін, бірақ
сол жараның жүрегіме де түскені қалай? Неге мен өз-өзімнен
құса болып, мұңға бата беремін. Аңсарым ауған адам, міне,
қасымда жатыр. Сонда да бір нәрсе мазалай береді. Әлденеден
сескеніп елеңдеймін. Бүгін болмаса ертең, әлгі басына қойдың
қарнын кептеген адам келіп алып кететіндей. Құдай-ай, құрсақ
көтерсем екен, Дарханымды жалғыз қалдырмай кіндігін
жалғасам екен... Басқасының бәрі бекершілік, бәрі бекершілік,
өтпелі дүние... Жаққан отың сөнбесе одан артық баянды ғұмыр
бар ма? Міне, қара тамның мұржасынан будақтап түтін шығарып
Дархан отыр. Таңатар атамыз екі дүниеде де риза шығар. Ал
менің әке-шешем жүз жылқыны байлап-матап беріп салдырған
анау кең сарайдай боз үйі ше... Ол үйде енді Оспанның ғана
түтіні шығып, темір-терсектің қоймасына айналды ғой. Еркін
ағам қайда жүр екен? Ол енді әкемнің түтінін шығара алмайды-
ау. Өйткені ол от жақпайтын үйде...»
Терезеден түскен ай сәулесі қиялай сусып есікке жылыстады.
суық бұрынғыдан қатая түскен. Дәл үстінен жанасалай өткен
ай нұрын үрлеп еді, будақтаған өз демінің көлеңкесін көрді.
«Шойын жол – деді ішінен. – Қандай екенсің сен. Әзірше жарыса
созылған қос сызық темір ғанасын – паровозыңды көрген
жоқпын, түйеше боздап, танауынан бу шығарады дейді. Семейге
дейін көзді ашып-жұмғанша жетіп баратын көрінеді. Әттең,
сол отарбаға мініп әниіме төркіндеп барар ма едім». Осынау
18
қиялмен жатқан Гүлияның көзі біртіндеп жұмыла берді. Көзі
жұмылғаны сол еді, шым-шытырық түс көрді: «Дархан екеуі
отарбаны жүргізіп келе жатыр екен дейді. Керілген дала. Дала
бетін қаптаған қызылды-жасылды гүл. Кілемдей құлпырады.
Шойын жолдың үстінен оқтай зымыраған отарбаны аттылы,
түйелі қазақтар қызықтап қарап, қол бұлғап жарыса шауып
шығарып салады. Сол топтың ортасында әкесі, Долдаш ағасы,
Дүрия, Қамбарлар да бар дейді. Жаңа ғана қасында паровозды
жүргізіп отырған Дарханға еркелей қарап, құшақтай беріп еді,
басына қойдың қарнын кептеген баяғы жат адамға айналып
кетті. Шыңғыра шошып оянғанында Дархан «не болды, не
болды» деп атып тұрды.
– Түу, түсім екен ғой, – деді Гүлия дірілдеп. – Түсім болғаны
қандай жақсы.
– Шошып ояндың ғой, не көрдің?
– Ақсақ құлынды қасқыр қамап жүр екен, – деп өтірік айта
салды.
– Түсіңде қорықсаң, өңінде қуанасың, – деді Дархан.–
Тондың ба, үй суып кетіпті, от жақсақ қайтеді?
– Отын аз.
– Табылар. Енді бұдан былай көмір жағамыз, ол бір
таусылмайтын отын.
– Таусылмайтын отын болушы ма еді? – деді Гүлия. –
Жақсақ – жағайық.
Ертеңінде күн ашық болды. Ауада шытқылтың аяз бар.
Күннің көзі құлақтанып, қыстың ырқы мен ақпанның суығына
көнгендей еді. Ауыл-ауылға шабарман жіберіп жинаған қа-
зақтар Құландыға қарай жаяу-жалпылы ағылып жатты. Омар
байдың алты бөлмелі қыстағы қызылды-жасылды болып
безендірілген. Ұзын қызыл матаға Түркістан-Сібір магис-
тралі құрылысын уағыздаған ұрандар жазылыпты. Бүгін өтер
жиынның айғайшысы Оспан сынды. Баяғыда Омар өліп,
жылқышы жігіт қосаққа алып келген бозжорғаны тартып
мінген ол ойды-қырды шауып дамыл таппай жүр. Ел жатса да
енекем жатпайтын пысықтық мұндай ұлан-асыр ұйымдастыру
жұмысына ол кезде ауадай қажет еді. Білікті маман, оқыған
азаматқа әлі де болса зәру ел үшін Оспанның көп-көп әпербақан
қылығы, дыз етпе ашуы керек әрі жарасып та тұратын. Заман,
уақыт талабы осылай шығар деп ұғатын-ды. Ал, бригадирдің
188
жарғақ құлағы жастыққа тимей өз қызметін адал атқарып
жүргені рас-ты. Әне, жан-жақтан жиналған тонды, шапанды,
тымақтарды ошырайған қыр қазақтарын қойдай иіріп, кеңсенің
алдына алып келді.
Ел-жұрт жиналды-ау деген кезде тоқал тамдарынан Дархан
мен Гүлия да шығып еді. Оспан бұларды көрсе де байқамаған
болып қастарынан ағызып өте шықты. Өздері бұрылмаса,
тапап өтердей болып тым жақын өтті. Астындағы ауыздығымен
алысқан бозжорғаны Гүлия ә дегеннен-ақ танып еді, ұзап
кеткенше артынан қарап қалған.
– Әкемнің бозжорғасы, – деді өңі қуқылданып. – Қайдан
алды екен?
– Кәмпіске кезінде алған шығар, – деді Дархан мән
бермей.
– Жоқ, онда алған жоқ, әкем арғы бетке осы атты мініп
кеткен.
– Сонда қалай?.. – Ар жағын айта алмаған Дархан тамағына
тас тығылғандай тұрып қалды.
– Білмеймін, – деді Гүлия дегбірі қашып. – Білмеймін...
Мүмкін өлтіріп... – жылап жіберді.
– Қой жылама, тұсап жіберген кезде қашып келген шығар,
аяқты мал тұра ма? Әсіресе, жылқы малы жершіл келеді,
баяғыда әкемнің қарақасқасы күншілік жерден қашып келген.
– Оны білетін бір адам бар. Содан сұрауға болар еді.
Әкемді арғы бетке өткізіп жіберген сол кісі. Атын айтсам ұстап
бермейсіз бе? – деді көзінің жасын сүртіп.
– Одан басқа қиянаты жоқ, таза жігіт болса тісімнен
шығармаймын. Осында ма өзі, мән-жайын сұралық.
– Көптен бері көрген емеспін. Ол – жылқышы, аты – Бати. –
Тауып алып, анығын білейін, өзіміздің жұрағат, шынын айтар.
Суық күнде ұшып-жығылып шулап тұрған топтың алдына
шыққан Оспан айғай салды.
– Жаназаға жиналғандай қалғып-мүлгімей көңілді
тұрыңдар, түге.
– Тойға да жиналғанымыз жоқ, айтарыңды тез айт, – деп
дауыс-тады әлдекім.
– Соны айтамын-ау. Үсіп өлейік деп тұрсақ, күл дегені несі,
қытықта ендеше.
189
– Әй, тіл мен жақтарына сүйенген кержалқау қазақтар-ай,
сендерді үйретіп болғанша ақыр заман туар.
– Сен қазақ емей, кім едің? – деген жуан дауыс тағы шықты.
– Іріткі салып тұрған кім десем, ә сен бе едің? – деп Оспан көп
ішінен еңсесі еңгезердей болып бөлек шыққан Батиды таныды.
– Түрмеде екен десем, осында екенсің-ау... Қай ауылда қашып
жүргеніңді таппай арманда қалып едім, өзің келгенің жақсы
болды. «Өлетін бала көрге жүгіреді» деген сол.
Асудың алқымындағы тас қораға қамаған жылқыны аңдап,
былғары киген жігітке әкеліп тапсырғаннан бері Батиды атарға
оғы жоқ болып жүргені рас еді. Қапысын тауып, қамауға алмақ
болғанда зым-зия жоғалып кеткен. Енді міне, Құдай айдап өзі
іздеп келіп тұр. Тоқта бәлем, Оспанмен ойнағанның от басқаны
жалғыз сен емессің»
– Келгенің жақсы, – деді екіленіп. – Кеңес өкіметінің кешірі-
мі мол. Сен кедей жігітсің. Көп жыл Омар байдың жылқысын
бақтың, кегіңді алдың. Арғы бетке қашқан тап жауын бауыздап
өлтіріп, астындағы бозжорға атын маған әкеліп берген бе едің?
Айыбыңды жеңілдетеді.
Шеткерірек тұрған Гүлия «аһ» деп бетін басты. Қасындағы
кейбір қазақтың танығандары мүсіркей қарап, кейбірі көңіл
айтысып жатты. Дархан қанша жұбатса да жұбанбай өксіді:
– Сезіп едім, біліп едім тірі емесін. Қайран әкем...
Аякөз жақтағы күре жолдан қарлы тозаң көтеріліп қос атқа
шана жеккен жолаушы көрінді.
– Келе жатыр, келе жатыр! – деп дабырлаған дауыс Гүлия-
ның жылауын басып жіберді. Шана іргеге келіп тоқтап, одан
үш адам түсті. Екеуі қазақ, біреуі орыс секілді. Әуелі кеңсеге
кіріп аз-маз аялдады да қайта шықты. Оспан әрқайсысына қол
беріп амандасып, құрақ үшып қаздаңдап жүр. Қаладан келген
өкілдердің қайсыбірі таныс еді, ұзын бойлы орыс – бәрінің
бастығы сықылды, қалғандары соның аузын бағуда. Ал шолақ
тонның өңірін ашып тастаған орта бойлы, қара мұртты жігіт
күзде байларды кәмпескелеуге келген былғары киімді өкіл
екенін Оспан әуеліде-ақ жазбай таныған. Танығанда «мынау
әлі түрмеге түспепті-ау» деп ойлап үлгерді. Өзіне салқын
амандасқанын да сезіп қалған-ды. Мұның аттан түспей,
аттандап жүргеніне былғары киген жігіт те қайран болды.
Жұрт жым-жырт. Осы жым-жырттықты былғары киген және
190
сол киімін тастамаған жігіт бұзды. Дарханның танып тұрғаны
ұзын бойлы көзілдірікті орыс.
– Жолдастар! – деді былғары киген жігіт оң қолын көтеріп
– Ең әуелі мен сіздерге қаладан, яғни Семейден келген өкілді,
Түркістан-Сібір жол құрылысы солтүстік басқармасының
мүшесі Александр Александрович Соболев жолдасты
таныстырып өтейін. Ал, мына кісі Аякөз аудандық партия
комитетінің хатшысы, – деп келесі аласа бойлы тығыршықтай
қазақты нұсқады. – Өздеріңіз де біліп, естулеріңіз бар шығар,
жолдас Ақназаров осы кісі. Ал мен сіздер жаққа былтыр күзде
келгенмін. Байдан тартып берген мал қыстан шығатын түрі бар
ма?
– Сізді танимыз ғой.
«Былғары киген жігіт» десе жетіп жатыр.
– Сіз алып берген малды соғымға сойып жеп алдық.
– Келесі жылы қалай болады екен, тәркіге салар бай
қалмады, – деген дауыстар тұс-тұстан жамырап ауыздарынан
бу атқан қазақтар қозғалақтасып қалды.
Негізгі мәселеге көшелік, – деді Соболев құлағына сы-
бырлап.
– Ал, жолдастар, сонымен ат терлетіп алыстан келу
себебімізді өздеріңіз де сезіп тұрған шығарсыздар. Әуелгі сөзді
Александр Александроничке береміз, қарсылықтарыңыз жоқ
па?
– Жоқ! Жоқ!
– Айтсын, ту Семейден келді ғой, – деген дауыстар естілді.
– Олай болса тыңдаңыздар.
– Жолдастар! – деді Соболев қырауланған көзілдірігін құр-
ғатып. Халық тым-тырыс. Еңгезердей орыстың сөзін қазақша
бастағаны естерін тандырып тастады. Бұл жерге талай орыс
келген, бірақ бірде-біреуінің қазақша сөйлегенін көріп,
естімеген еді. «Татар болмасын» деп күмәнданғандар да
Достарыңызбен бөлісу: |