көз жұмып жаныңды жай таптырғың келеді. Өзін бұрынғыдан
бөлекше сөзінген Еркін киіз үйден далаға шыққанда «ишай»
деп бір рет тітіркеніп алды да, әлгіндегідей қияли сезіммен
ай астында қарабарқынданып жатқан қалың қатпарлы жота-
қыраттарға беттеді. «Артыңа қайрылмай осы қалпыңда жүре
берсең – жүре берсең, шіркін»,– деп ойлады. Жүре беруге
болмайтынын, өмір-бақи жүре беру ешкімнің мандайына
жазылмағанын және пайымдады. Жер, аспан, күн мен айдан,
анау жымиғаны болмаса бойының жылуы жоқ жұлдыздардан
өзге заттың мәңгілік еместігі есіне түсті. «Тіпті, осылардың
өзі мәңгілік пе екен?» – деген сықылды пікір түйді. Дүниедегі
не нәрсеге де күмән келтіру – осы айналдырған он жылдың
нәтижесі-тін. Баяғыда әсте де олай емес-тұғын. Баяғыда
әлемдегі барлық зат өз атымен аталатын, күні – күн, айды – ай,
жерді – жер, жаманды – жаман, жақсыны – жақсы, байды –
бай, кедейді – кедей деп білетін. Бұған дейін тек сондай нақты
ұғым қалыптасқан. Бақса, мүлдем олай емес екен. Күн мен ай,
жақсы мен жаман, бар мен жоқ, бай мен кедей ауыса береді
екен. Бәрі бір-бірімен теңесе алады екен. Осы «екен» деген
сөздің өзі Еркіннің аузына түссе төбе құйқасы шымырлайтын
болды. Неге ғана мынау жаһандағы тіршіліктің бәрі-бәрі
«екенге» айналып барады. «Возможно! Почему все возможно,
а почему невозможного нет». Дауысым шығыңқырап кетті-ау,
ешкім естіп қоймады ма екен деп (тағы да «екен») жан-жағына
жалт қарады. Жерошақтағы оты жылтырап, түтін сасыған киіз
үйлерден ұзаңқырап кетіпті. Өрге қарай жүргендікі ме тынысы
ауырлап, ентігіп тұр. Бұлай жөн-жосықсыз өрмелей беруге
болмайтыны енді ғана есіне түскен ол артына қарады. Ауыл
жылт-жылт етіп анау етекте қалған. Ең әуелі көзге ұрған зат,
ай астында оқшауланып маңқайып тұрған әкесінің ақ отауы
болды. Мына қалпында томағалы бүркіттей томсарып, ішінде
балапаны шайқалып жатқан жұмыртқадай ақ жұмыр болып
айбындана көріністенеді. «Аз күнде шаңырағының күйреп
ортасына түсерін білмейді-ау жазған»,– деп күбірледі Еркін.
Бұған шейінгі орысқа да, қазаққа да дес бермей келген жүрегі
ауырлап соғып, дертті күймен шаншығандай болды. Түнгі
салқын ауа тоңазытқан денесін арқасына жамылған ішікпен
қымтай түсіп, Ақжайлаудың ертексынды әдемі түнімен
63
қоштасқандай көзіне жас ала күрсінді. Ол, қазақтың ат үсті
өмірі, малын шұбырта айдап, көшіп-қонып жүретін бейқам
тірлігі мен айрандай аптап, күбідей піскен ескілік дәстүрін
жүрегі елжіреп, шыншыл көңілмен жақсы көруші еді, мейлі
алыста жүрсін, жақында жүрсін сартап сағыныш, сағымды
үмітпен ауық-ауық есіне алатын. Қазан университетінде оқып
жүргенде, қолы қалт етіп босаса болды қос ішек домбырасын
тыңқылдатып, осынау ақшағала киіз үй, осына үйездеген
үйірлі жылқы, ақтылы қой, маң-маң басқан сары атан, саққұлақ
иттеріне дейін көз алдына елестетіп балқи еріп, ыңылдап ән
айтатын. Өз жерін бар ділімен құлай сүйген жастың ешкімге,
еш нәрсеге бағынбайтын ішкі жан сарайына қашап жазылған
асыл мұраты, көңілінің бас білмес асау арғымағы, бөтен
ұғымдарды мойындамайтын бірбеткей мінезі мен соқыр да
болса таза махаббаты еді.
«Аллам-ау. Мейлі қайда, қай елде жүрсем де сонау әкем
тіккен, ата-бабадан қалған киіз үйдің отын сөндірмесін,
шаңырағын отқа күйдірмеспін, – деді ол әлденеге айыл тартып
тас-түйін бекінгендей. Бұл күбірі өз-өзіне берген сертіндей – боз
қасқаның қанымен ант-тасқыннан сыңар сүйем кем шыққан жоқ.
– Уа, балалығымның базары болған Ақжайлау, күн жауғанда
қойнымда, күн шыққанда мойнымда болар бойтұмарым-ау,
қайда жүрсем де жебеп, қолдай гөр». Ерсілеу екенін сезсе де
көңілі толқып, осы сөздерді айтып қалғаны рас еді. Мұның
барлығы табиғат иеміздің алысқа ұзап, өз ұясын қайта тапқан
баласын құрсағына салып аялап, қайта тудырғанына сайды. Ал,
табиғат-ана үшін баласының жақсы-жаманы жоқ, бәрі бірдей.
Осы тұрысында Еркін қазақтың ең бір арқалы азаматы ретінде
сезінді, әрі өзі осы ұғымға құдайдай сенгендей самал саулаған
омырауын аша түсіп, кеудесін шалқақ ұстады. Ол қазақты
жақсы көру, жылына жалғыз рет келіп жылқы сойғызып,
көкпар тартқызып, алтыбақан тебумен шектелмейтінін әсіресе,
қырық масайып, қалаға артынып-тартынып қайтып кетумен
дәлелденбейтін саналай алған жоқ-ты. Алыста жүрсең,
биіктен карасаң бәрі жақсы, жайнаған өмір, сайраған құс, ал
ішіне үңги үңілсең масқара-ай, төбе шашың тік тұрар қайшы-
лық быжынап жатыр-ау. Қазақ деген жұртына табынғанда, тек
бейнесіне ғана ғашық болып, күңгей жағына ғана қыздырынып,
әнін ғана тыңдап әсерленіп келген мырза жігіт анау Дархан,
Қамбарлардың халін түсіну үшін қайтадан лашықта туу керек
екендігін және бағамдады ма, мұны ұғу үшін көз майын
тауысып соншалық көп оқып, езу көпірте көп сөйлеудің түкке
қажеті жоғын сараптай алмады.
– Ереке, жаурап қалған жоқсыз ба? – деген оқыс үн өз ойымен
тұрған Еркінді шалқасынан түсіре жаздады. Сасқанынан «а»
деді артына жалт қарап.
– Жайлау түні салқын ғой, тоңып қалған жоқсыз ба
деймін.
– Е... Сен бе едің? – деді есін әзер жиғандай. – Түн баласында
елбеңдеп неғып жүрсің?
– Иә, менмін, өзіммін ғой, Ереке, – деді Оспан мүләйімсіп.
«Түн ішінде ербиіп неғып тұрсың?» деп сұрасам ғой өті
жарылардай ашуланар еді деп ойлады ішінен.
– Бұл не жүріс... Түзге отырғаныма дейін аңдып, соңынан
қалма деген нұсқауың бар ма еді? – деді Еркін, Оспанның
сұғанақтығын жақтырмай. Жаны қалмай жарамсақтанып
жүрсе де осы жігітті суқаны сүймейтін. Оң көзін ағызып,
құныкер өз әкесі Омар болып қалғаннан бермен, тіпті бай
үйінің табалдырығын тоздыруға айналды. Ақсақ иттің көңілі
ар жақта деп, егіз қарындасының бірінен дәмелі көрінеді.
«Дегенмен, – деп ойлады Еркін, – жылына бір қоғам өзгерсе де
өзгермейтін, сіңісіп кете берер көнтері, көзқарастан, идея мен
принциптен жұрдай осы іспетті әпербақан, жандайшаптардан
сақтану керек-ау. Мұндай ақкөт торғайлар қандай өкіметті
де ұшпаққа шығармас. Қандай да болмасын қоғам түбі осы
типтес адамдарға қарсы күрес ашу керек. Біле білсе, бұлар
бүкіл адамзаттың жауы».
Қаратаяқ жігіттің әлдебір ойға беріліп, үндемей қалуы
Оспанды жат пиғылға жетелеген. «Оқымыстылардың бәрі
осқырынып тұра ма, жоқ болмаса, шешесіне тартқан кербез
ит пе... оқтау жұтқандай ошырайғаны несі. Үстіңнен домалақ
арызды ысқыртып жіберсем Оспанның кім екенін таныр едің
бәлем».
– Ереке, менің келгеніме едәуір мезгіл болды. Рахия әни
(бүкіл ауыл осылай атайтын) жіберіп еді, тамақ суып қалды
дейді. Келуін келсем де ауылмен қош-қош айтысқандай
күбірлеп тұрған түріңізден сескеніп, дыбыс беруге батылым
жетпеді.
«Осы соқыр иттің адамның ойын оқитын көріпкелдігі бар
ма», – деп іштей сескеніп қалды.
– Үйлеріңізге алыстан жолаушы келгенге ұқсайды. Кермеде
үсті-басы ақ көбік болып тер басқан ат байлаулы тұр. Біреу
емес, бақандай екеу, – деді Оспан әлі де жауаптаспай шіреніп
тұрған Еркінге қарап. «Атаңа нәлеттің айға шағылысқан
жүзінің сұлуын-ай, анау жарқыраған көз бе, әлде шамшырақ па
ойып жасап қойған?»
«Олар кімдер екен, – деп ойлады Еркін елегізіп. – Апырай,
арғы беттен келген Таңатар болмасын, әлде ойдан оралған
Долдаш па екен? Қой, тезірек барайын».
– Солар, – деді Оспан жанасалап.
– Соларың кім? – деді Еркін таңырқағандай. Ішіктің шана
шалғайын жинаңқырап ұстай етекке құлады.
– Таңатар мен Долдаш болар.
«Астапыралла, жын ба, шайтан ба, бәтір-ау? Рас, адамның
ойын білетін қызыл көз бәле болып жүрмесін. Әкеме ескертіп
қою керек екен, сақ жүрсін, мынауың сау сиырдың жапасы
болмай шықты».
– Долдаш десең жаны бар, ал осыдан бес жыл бұрын арғы
бетке өтіп кеткен Таңатар деген жорамалыңа жөн болсын.
– Ол кісінің ел жайлауда отырғанда бір соғып кетер әдеті.
Байғұс Дархан әкесінің ары өтіп, бері өтіп жүргенін білмейді-
ау,– деді Оспан.
– Ендеше, ол бұдан былай білуге тиісті емес,– деді Еркін
жанында желдей есіп келе жатқан жалғыз көзді жігіттің жеңінен
тартып аялдап. Ол осы сынаптай толқып, жал-құйрығын
ұстатпай лыпып тұрар Оспаннан сыр жасыру тіріде мүмкін
еместігіне күмәні қалмаған. «Заман осынікі екен»,– деп пікір
түйген-ді.
– Осы ауылдағы ендігі естияр өзіңсің, Осеке, кейін бір
ретін тауып кеңінен сөйлесерміз. Бағанағы ашумен айтылған
айғайымды көңіліңе ауыр алған жоқсың ба? Шынымды айтсам,
талағым тәре айрылып шаршап отыр едім.
– Жоға-ә, Құдай, несіне ренжимін! Өзім де уақытсыз
уақытта барып қалғанымды артынан білдім. Менің де сізге
ғана айтар өтінішім бар еді, Ереке. – «Япыр-ай, а, бұл кісі қас
пен көздің арасында неден сескеніп аунап түсті», – соңғы сөзді
ішінен айтты.
– Қолымнан келетін іс болса аянбаспын. «Ал енді бұл тас
кенеше жабысты, мықты болсаң құтылып көр», – бұл сөзді бұл
да ішінен айтты.
– Сіздің қолыңыздан зымырап бара жатқан поезды тоқтату
да келетін шығар, – деп көпшікті мықтап қойды. Өз ғұмырында
поезд дегеннің атын естігені болмаса, әлі көре қоймаған,
әйтеуір айғырдай арқырап, түйеше боздаған жойқын мүлік деп
естіген.
Ақжайлауды Омар енді біліп, ат жалын тартып мінгелі
жайлап келеді. Жазғы қақтама ыстықта дүниенің бәрі-бәрі
өртеніп кетейін деп тұрғанда шалқар қонысты, кең төскейлі
болып, әр тұсы текшеленіп биіктеп, асымен таласқандай болып
асқақтап кететін жонның алабөтен салқыны болушы еді. Малға
от қайдан да табылар-ау, байды қызықтыратын Ақжайлаудың
осы үзіліп-үзіліп майысып соғар ерке самалы-тын. Қазір
тамыз тамамданып, күзге білек артқан мезгілде әлгі қылығы
мол, жуас самалдың демі қатқылданып, бой мұздатар суық
желге айналыпты. Ой жетегінде тұрып жаурағанын аңдамай
қалған Еркін, оты жылтыраған үйлерге жақындаған сайын тісі
сақылдап, өне бойын діріл билегенін сезіп осыншама жыраққа
шығаңдап кеткеніне өзі де қайран қалып келе жатыр. Сонау
өзекте ирек тастап, тоғай арасынан оқыстан көрініп қалған
үзігі ай сәулесімен тіл табысып, беті айнадай жарқырап жатқан
өзеннің балаша былдырлаған үні құлаққа еміс-еміс талып
жетеді. Сол мың бұралып, бірде жіңішке сызық жасап, енді
бірде айдындана етекке қаша аққан өзеншенің өнірінде, сол
өзеннің жағасына қадаған күміс түймесіндей болып тізіліп
ақшұбар ауыл жатыр. Жақындаған сайын ақ үйлер айбындап,
қарашасы тұнжырап түн тыныштығына бой ұсына қалғыған.
Ерте бастан сулы сылпын тамағын ішіп алып, жым-жырт
жатып қалғандары да бар секілді. Осы сәтте өзеншенің арғы
жағалауы тұстан лып етіп, жер мен көкті жап-жарық қылып,
жалыны жыланның тіліндей сумаңдаған аумақты от көрінді.
Алғашында шошынып қалған Еркін, соңында сүмеңдеп иттей
еріп келе жатқан Оспанға бұрылып:
– Бұл не, Осеке, өрт емес пе? – деп сұрады.
– Атаңа нәлеттер-ай, тыйым салсам да тыңдамапты-ау,
анау екі жынды – Қамбар мен Дарханды айтамын, бүгін де
алтыбақан құрыпты. Солар жаққан от қой, Ереке.
6
– Жақсы екен... – деді ол күрсінгендей болып. – Қазақ дәс-
түрінің, ойын-күлкісінің ең ақырғы қайырмасы секілді екен...
Ұзақ айтылған әннің соңғы әуені ғой әуелетіп жатқан. Ойына
келгендерін істесін, әзірше тие көрме, жарқыным. Ал ертең
анау екі жігітті маған шақырып әкел, ақылдасар шаруа бар.
– Мақұл, Ереке, мақұл. Алдыма салып айдап келемін.
Кермедегі таң асып, суып тұрған қос ат бұларды көріп елеңдеп,
оқыранды. Еркін киіз үйдің есігін ашпай тұрып Оспанға
айтты:
– Осеке, осы бастан келісіп алайық, Дарханның осы жайлауда
екенін әкесіне айтпайсың. Ал, Дарханға Таңатардың келгенін
сездірмейсің. Әке мен баланың табыспауын өз мойныңа ал.
– Мақұл, Ереке, мақұл. Тастай батырып, судай сіңіремін
ғой, – деді шыбындаған аттай басын шұлғып.
«Заман осылардікі, – деді ішінен. – Осы секілді дүмбілез,
дүбәрә қу жігіттердыкі-ау».
– Ассалаумағалейкум, – деп табалдырықтан аттады. Төрде
жағалай отырғандар:
«Уағалекисаламын» айтып қопаңдап орындарынан қоз-
ғалып еді, Еркін «отыра беріңіздер» деп, өзі барып қолдарын
алып шықты. Қала рәсімін үйреніп қалған, тегінде қандай
жаңалық болмасын тізгін ұшынан қағып алар қыр қазақтары
қауырласып алақандарын қалақ ағаштай қақайтып Еркінге соза
берген. Осы есендіктің өзін үлкен мәртебе көргендей көңілдері
тоғайып, иықтарын қомдасты. Еркіннің соңын ала кірген
Оспан да қолын шошайтып отырғандарға ұмтыла беріп еді,
Долдаш: «Саған не жоқ, қысқа күнде қырық рет амандасып»,
– деп қағып жіберді.
– Аманның артығы жоқ, – деді ол саспай. Бұдан соң
Долдаштың іргесін ала «ары отыр» деп ығыстыра жайғасты.
Әкесінің оң иығын ала отырған Еркін ер-тұрман ілінген
кілемді қанатқа шалқалай, жап-жалпақ арқасын тіреп төбедей
болып отырған Таңатардан көзін ала алмай бір сәт іркіліп
қалды да, өзі де қанығына жетіп, түйсіктеп бітпеген жасқаншақ
сезімге бөленді. Жалғыз атты сіңірі шыққан кедейдің «осы үйде
тірі пенде бар-ау» деп көзіне ілмей, теңдеріне тәкаппар жүзбен
төңкеріле қарап, маңғаз қимылмен манаурайды арысың...
«Баяғының батырлары осындай-ақ болар», – деп ойлады Еркін.
Содан соң ертеректе, бала кезінде уақиға сылаң етіп есіне
оралды.
...Осы Оспанмен асыққа таласып, төбелесіп қалды. Шыбық
тимес шынқ етер көкдолы. Оспан баж-бұж етіп жеті атасына
түсіп қиянаттаған. Еркін серейтіп жығып салып, екі бүйірінен
тепкілесе де тілін тартпай: «Сен Таңатардың баласысың,
шатасасың»,–деп қайдағы-жайдағысын қопарып, ата-тегін
тексеріп еді. Бұл сөз артынан байдың, құлағына жетіп, көкірегі
қарс айрылып үш күн үйден иімікпей сұлап жатып алған.
Жүрегіне шер боп батқан шерменде он жылдан соң жарылды.
Ақыры ебін тауып Оспанның көзін ағызды. Таңатарды азғырып
арғы бетке көшіріп жіберген. Ал, Рахия жұмған аузын ашқан
жоқ, төркініне есен-сау табыс етейін деп бекінсе де мұқым
Семейді бір шыбықпен айдап, аюдай ақырып отырған саудагер
атадан сескенген. Тек, ішінде кесек мұзға айналып, бақилыққа
қатқан кекті мұң кешірім таба алмай бұлқынып анда-санда
тондыратын, шілденің ыстығында да қалтырататын-ай. Әлгі
уақиға, терең қазып, тепкілеп көмген қасіретті уақиға келмеске
кеткендей еді, енді міне, араға жылдар салып, Таңатармен бірге
еріп келіп отыр. Жол ұрып шаршаған қалың сақал, қара мұртты
алып адамның даладай жалпақ бетіне әкелі-балалы екеуі бірдей
көз астынан ұрлана қарап еді, ол жайын жүз, суық кайратпен
қалғыңқырап, жанарын ашып-жұмып кәперсіз отыр екен. Омар
қызғана, Еркін қызыға үңіліп, үнсіз тілдескендей болды.
– Ақсақал, арғы беттің жаңалығын айтпадыңыз ғой, – деді
Еркін, бұдан әрі тым-тырыс отырудың жөн-жосығы жоқ екенін
сезгендей. Жарланып біткен қалың қабағын сілке көтеріп,
көзін бағжаң еткізіп, ашып жіберген Таңатар, аузын түйенің
табанындай алақанымен далдалай есінеп алды да, бет-аузын
уыстай уқалап ұйқысын ашты.
– Арғы бетте тыныштык, шырағым, – деді кеудесін көтере
отырып. –Желісі үзіліп, желбауы қиылмаған мамыражай өмір.
Құртын қайнатып, өресін жайып отырған қазақтар; саумал
аңқыған, тұнығы шайқалмаған ескіліктеміз. Дұңған, ұйғыр,
ілеуде бір қытайды көреміз. Ептеп баяғыда өтіп кеткен орыс
көпестері де тұрады. Қашанға барарын кім білсін, әйтеуір қой
үстінде бозторғай жұмыртқалап тұр ғой.
– Апыр-ай, ә, – деп тамсана таңдайын қақты Оспан.
69
– Ол жақтың өз Оспаны бар ғой, – деді Таңатар босаған
жақта тыпыршып отырған ауылнайға қарап, содан соң оған
менсінбей иегін қағып:
– Төрелігің құтты болсын, шырақ! Атқа мініп, ел билігін
қолға алыпсың, естіп жатырмыз.
– Үні қаншалықты қоңыр, байсалды болғанымен ұққан
адамға ашутастай мысқыл барды. Дәу шалдың бұл ілтипатын
кекесін деп түсінбеген Оспан екі езуі құлағына жетіп рахатқа
батты.
– Рақмет, ақсақал, япыр-ай, сіздер де естіп қалғансыздар
ма, жақсылық жатпайды екен-ау. Жаңа өкімет сеніп тапсырған
соң талаптанып жүрміз, әйтеуір.
– Бұл жігіттің ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып
тұр,– деді Долдаш насыбайын атып.
– Ауылдағының аузы сасық, деп бекер ғайбаттап келіппіз.–
Омар қарқ-қарқ күлді. – Баптап салса барымтаға түспейтін
азамат бар ма? Арқандаулы аттай ширығып, қыран құстай
іштей түлеп жүріпті батырың. Жүген-құрықтан құтылған соң
өзіңіздің ардакүрең жорғаңыздай майтаңдай жөнелді. Тек
ұзағынан сүйіндірсін...
– Әумин, айтқаныңыз келсін, Ом-е-ке, – деп жетісті
Оспан. Ауылнайдың астарлы сөзді түсінбейтін осыншалық
аңғал, жетесіздігі Еркіннің бағанағы бір сескенісінің уытын
қайтарғандай еді. Бірақ қулығына құрық болмайтын монтаны
Оспанның сан қырының бірі ме деп тағы айныды.
– Ол жақтағы Оспан да екі аяқтыға жеңістік бермей тұр.
Ғайыптан зулап келіп, Құдайдың ажалынан сақтаса түбінде
өзін хан сайлайтын түрі бар. Алтайдың арыстаны секілді, бет
алысы арынды,– деп еді, дәу шалдың бұл мақтауын осындағы
Оспан ұнатпай қалды.
– «Ит жоқта шошқа үреді қорада» деген ғой, ақсақал. Егер
әкім мынау отырған Омекең мен Ерекеңдер алқұлымдап сол
арғы бетіңізге бір өтіп алса, сіз бөстірген Оспан бұл кісілердің
қолына су кұюға жарамай калар еді.
Отырғандар оның беті бүлк етпей айтқан бұл сөзін естігенде
төбелеріне жаумай жасын түскендей әрі-сәрі әсерде болды.
«Айтқаным айнымай келді, – деп ойлады Еркін, – қалай-қалай
орағытады. Біз емес, мұның өзі мазақ етіп отыр екен-ау, сақтану
керек екен, сақтану...»
0
– Не нәрсеге де сақтық керек қой, ақсақал,– деп бір
жамбастады Оспан.
Еркіннің есі шығып кетті. Рас шығып кетті білем, көзілдірі-
гін қайта-қайта алып сүрте берді.
– Қазір заң жаман, біреу болмаса біреу сезіп қалса, жоғары
жақ хабардар болып інімізге су құйып жүрмесін. «Бергі бетке
өтсін» деген рұқсат қағазыңыз бар ма, ақсақал?
– Әй, суырдың айғырындай аңқиттаған неме! – деп ақырып
жіберді дәу шал. – Мені тергейтін дәрежеге қашан жетіп едің?!
Бай лақтырған сүйекке итпен қоса таласып жататын күшік, не
маңырап отырсың?! Арғы бет, бергі бетті қойып, арғы дүние
мен бергі дүниеде де мені қорқытатын адам жоқ! «Шабаннан
– желмес, сараңнан – бермес туады» деген, әкең екі итке ас
бөліп бере алмайтын ынжық еді, балта сабынан озар деймісің,
тәңірім.
Үй іші дүр сілкінгендей болды. Ертеден, тым көп уақыттан
бері саңқылдаған асқақ үнін ести алмай, маужырап тұрған
әдемі ыдыс-аяқ салдырлап, ақ отаудың түңлігі желпінгендей
дүмпиіп, айызы қанды-ау. Булыққан ашуын зорға-зорға ақылға
жеңдірген дәу шал, кісесіндегі сары ала сапты пышағын суыра
жаздап барып, сап-саппен мықынын таянды.
– Сабыр, сабыр сақтаңыздар, – деді Еркін құрақ ұшып. Бұл
Оспанды аяғаны емес, жіңішкелеп басталған жуан жоспарды
бүлдіріп алмаудың амалы-тын.
– Жоқ-ау, тіпті, осы үйдің абызы осы секілді. Босағадан
аттағаннан бері ауызы өрге шыққан өгіздің көтеніндей бүл-
кілдеп бір тыным тапсашы.
Алқа-қотан отырған жұртты шарасыздықтан құтқарған
Таңатардың соңғы сөзі болды. Мырс етіп бәйбіше бастады да
қалғандары қағып алып ұзақ күлкіге басты. Ал, Оспан болса
қыңған жоқ, ұялмады да, әсіресе қарқылдап, біресе шиқылдап,
мәз боп күлген өзі болды.
– Япыр-ай, тіліңіз тотяйын-ау, Тәке. Қандай тауып айт-
тыңыз... Қарағайдың қарсы біткен бұтағы едіңіз, өзгермепсіз
дәушалым. Сізге дауа жоқ,– деді қарнын басып. – Түу, ішегім
түйіліп қала жаздады-ау. Көптен бері Рахия жеңешемнің де
көңілденіп, көсіле күлгенін көргенім осы...
– Әй, ит-ай, – деді Долдаш шыт орамалмен көзін сүртіп,
1
– саған да дауа жоқ екен ендеше. «Қыртты езген жеңеді, езгенді
Құдайдан безген жеңеді» деген осы-ау.
Осы сәтте есік сықырлап ашылып, күң әйел самар астауға
салған етті буын бұрқыратып дастарқанға қойды. Бүгін азанда
сойылған тайдың төңкеріле аударылған жас қазысы, жал-жаясы
мен кеңсірігі сара тілінген қазақы қойдың езуі ырсиған басы
– әлде өтірік, әлде шын басталған көңілді қозғалысқа жарастық
қосқандай ажар таныта келді.
Бата жасалып, жапатармағай асқа кірісті. Дәу шалдың
Оспанға сілтене жаздап, қынында қалған қайраулы пышағы
жүзі жарқырап, қара қойдың басын жәукемдей жөнелді. Омар
мен Еркін ет кескен жоқ, шуатылған қазы-қартаны Долдаш
кершеулеген. Бір-екеуін дөңгелете ойып алып таңдайына
тастап та жібереді.
– Осеке, сен де қарап отырма, – деді Омар кең пейіл
танытып. – «Бұтақсыз ағаш июге жақсы, бұлтақсыз сөз күлуге
жақсы» деуші еді атам қазақ. Аузын ашса жүрегі көрінген адал
азаматсыз ғой, дәу шалдың ұрысқаны өзіңе майдай жақты
білем.
Итаяққа аузы жетпей қыңсылаған байлаулы иттей, сілекейі
шұбырып отырған Оспан «қатқанының басы» деп, шіренген
байды ішінен келістіріп балағаттап алды да, туралып жатқан
жамбасқа жабысты. Сөйлеп үйренген аузы бұл ретте де шыдам
таба алмаған.
– Әлгі... Омеке деймін, сіз айта беретін атам қазақта
мынандай бір сөз бар екен:
Ел арқанын көп тарттым,
Қане қолымның жарасы.
Ел бақырын көп астым,
Қане қолымның қарасы, – деген екен... Әбден дұрыс
айтылған сөз, – деп өз уәжін өзі қуаттап, бісмілласын ұмытпай
бір кесіп ет асады.
«Дегенмен мынауының түбі тесік тегене болды», – деп
ойлады Таңатар. Тіпті, ішінен сүйсініп те қалған.
«Бәрібір іштен шалып отыр, – деп ойлады Еркін. – Атан
ұрласа да айыбын мойнына алмайтын безбүйрек екенін кім
білген. Дүниежүзіндегі бүкіл дипломатия мен мемлекеттің
заңын жақсы білсем де, мына соқырды соттар статья табылмас,
әй табылмас. Дәл мына алаяқты жазалайтын заң жазылмайтын
2
да шығар-ау. Иә, адам жанын, жалбыршақ қарындай қатпарын
Достарыңызбен бөлісу: |