«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Одан әрі асқансын,

Қияға көзін салады.

Бір қарақұс көреді,

«Атып сені алам деп,

Сыбағама салам деп,

Осыдан аман мен барсам,

Қарындасым Бибіге

Ішік қылып берем» деп,

Тоғыз өгіздің терісінен

Өріп алған бір қамшы

480


490

500


510

424

424


425

ТӨРЕХАН  БАТыР

Орай бұтқа басады.

Тобықтан аққан қара қан 

Бақайшаққа жосады.

Қиядан қиқу шыққаннан,

Қырық бір қырдан асады.

Туралап түлкі қашады,

Жеткізбеске басады.

Тарығып тағы жылады,

Жылады да жырлады:

—Айналайын, Төрехан,

Егізбай мен Сегізбай

Өлтіруге келгенде,

Түсіңе аян беріп ем,

Бұл түспеді есіңе!

Бибіжанды алғанда,

Түсіңе аян бергенмін,

Ол түспеді есіңе!

Қараша атты алғанда,

Түсіңе аян бергенмін,

Бұл түспеді есіңе!

Қара дәумен ұрыстың,

Сыртыңнан көмек салғанмын,

Бұл түспеді есіңе!

Қара құс болып көріндім

Бұл түспеді есіңе!

Ат қосшыға ерейін,

Ат қосшыға жағайын,

Маңдайыңнан оқ тисе,

Құйрығыммен қағайын.

Өте алмаған суыңды

Құйрығыммен көпір қылып берейін.

Бұза алмаған қалаңды

Аяғыммен бұзайын.

Қысылғанда ғайыптан пірі кездесті. Бес күн жол жүріп, он 

мешіті бар Сырлы шәһарына келеді. Ноғайлы елінен асқан алып 

батыр келді деген хабармен Сырлы қаланың ханы дағара қағып, 

он мың қолмен қаладан шықты. Ханның көзі балаға түсіп кет-

кен екен, Төреханның төбесінде төрт бүркіт ойнап келеді екен, 

520

530


540

547


426

БАТыРлАР  ЖыРы

ғажап оқиғаны көріп есінен танды. Ақылынан адасып, бір жа-

рым сағат тұрды.

—Ей, қалмақтар, сендер сонша неге даурығып жатырсыңдар, 

мен дұшпан емес, доспын, егер жазықсыз жанға қылыш сілтеп, 

қан  төккілерің  келсе,  оны  айтыңдар.  Мен  бақ  іздеп  елімнен 

олжа үшін келгенім жоқ, осы елге қарындасым кетіпті, соны із-

деп келемін. Менімен соғысам десеңдер, Өгізді таудың  басынан 

жұма күні табыламын. 

Хан  жас  баланың  тамаша  сөзіне  таң  қалды.  Үйіне  әкеліп, 

алты күн қонақтап, кетерінде балаға мынау сөзді айтты:

—Ей,  Төрехан,  аузы  алты  қарыс  Орақ-Мамайдың  жиені 

болсаң, мұндай әділдікті қайдан үйрендің?!—Тақсырым, менің 

әкем Темірхан деген кісі. Темірхан хан болғанмен, қара еді. Ол 

әділдікті сүюші еді. Әкемнің сарайына барғанымда оның ылғи 

әлсіз  адамдарды  жинап  алып,  солармен  сөйлесіп,  қонақтап 

жатушы еді. Оның досы шаруалар болушы еді. Маған да солай 

үйреткен өмір. Нағашыларымның үнемі хандықты талқан етіп 

отырғаны мәлім емес пе, егер мен сенімен соғыссам, мыңдаған 

жазықсыз  адам  өлмек,  оның  қаны  кімнің  мойнында?  Бұл 

сүйекке сынық, арыма кір келтірмей ме?

Төрехан  ханмен,  халықпен  достасып,  арсыз  ағаларының 

ұятын кешіп, қарындасы Бибімен көрісіп, еліне қайтты. Арып-

ашып еліне келді. Халық қуанышпен алдынан шықты. Төрехан 

халқымен есен-саулық сұрасқансын, үлкен той жасатып, он екі 

баулы ноғайлыны шақыртты.

Халық әділ, жас Төреханды хан етіп көтереді. Төрехан бек 

әділ, қайырымды хан болды. Жарлысына ас, жаяуына ат бер-

ді.  Сөйтіп,  нақ  отыз  алты  жасында  Төрехан  дәмі  таусылып, 

дүниеден қайтты. 


426

Жасы  алпысқа  келген  Жанай  дейтін  шал  болған.  Руы—

ноғайлы. Отыратын жері Жиренкөл дейтін көл екен.

Жасы алпысқа келгенше,

Құдай бала бермеген,

Көзінің жасын көрмеген, 

Соңынан перзент ермеген.

Алпысқа келген жасы бар,

Аппақ болған шашы бар.

Бір перзентті көре алмай,

Ажалы жетіп өле алмай,

Әуре болған басы бар.

Сол күндерде Жанай шал

Аса таяқ таянып,

Таң сәріден оянып,

Қолына құрық алады,

Беліне жүген шалады.

Жирен деген көлдерге,

Күдірейген белдерге,

Көп жылқы жатқан жерлерге

Соған таман барады.

«ұстайын,—деп—бір атты»,

Құрығын алып ұсынды.

Тапа-тал түс болғанда,

Бір жылқы ұстап міне алмай,

шалы құрғыр қысылды.

Маңдайынан күн қақты,

Бір тайды ұстап міне алмай,

Бөген батыр

(І.Нұрмағамбетов нұсқасы)

10

20



428

БАТыРлАР  ЖыРы

428

429


шыбын жанды қинапты.

Қиналғанын мұнан біл,

Тілі аузына симапты.

Бір тай ұстап міне алмай,

Отыра қалып жылады,

шыбын жанын бұлады.

Көзінің жасы көл болды,

Аппақ дария сел болды.

Көзінің жасы төгіліп,

Омырау бауы сөгіліп,

Қызарып күн батқанда,

Түн ортасы өткенде,

Таңға таман жеткенде

Қызарып келіп күн шықты.

Күн астына қараса,

Будақтаған шаң шықты.

шаң астына қараса,

Көк есегі астында,

Аса таяғы қолында,

Өзі ақтың жолында,

Басында бар сәлдесі,

Үстінде бар мөлдесі

Жетіп келді бір адам.

Сол [кісіге] Жанай шал

«Жасы үлкен ағам деп,

Ақсақалды бабам» деп,

Иіліп сәлем береді.

«Қош» деп сәлемін алады

Әлгі келген бабаңыз,

Жанай шалға сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Балам, неге жылайсың,

Айтшы маған сөзіңді,

Білдірші маған жөніңді?

Сонда Жанай сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Айналайын, жан ата,

Менің немді сұрайсың?

30

40

50



60

428

428


429

БӨГЕН  БАТыР

Жас алпысқа келгенше

Құдай бала бермеген,

Соңымнан перзент ермеген,

Көзімнің жасын көрмеген.

Тал құрығын таянған,

Таң сәріден оянған

Мен бір жүрген бейшара.

Күннен күнге меңдеген

Менің жөнімді сұрасаң,

Алпысқа келген жасым бар,

Аппақ болған шашым бар.

Бір перзентті көре алмай,

Ажалдан бұрын өле алмай,

Әуре болған басым бар.

Сонда қарт бабаң сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Олай болса, ей, балам!

Үйге таман барыңыз.

Төрт түлікті малыңыз,

Төбе басын алыңыз.

Қойдан қошқар шалыңыз,

Түйеден бура шалыңыз.

Төрт ошақты қаздырып,

Арқыратып айғыр шалыңыз.

Ел-жұртыңды жиыңыз,

«Көп батасы—көл» деген,

Көптен бата алыңыз!

Сол кездерде Жанай шал

Ордаға қайтты жүгіріп,

Етек-жеңіп түрініп.

Алпысқа келген бейшара

Итсигекке сүрініп,

Үйге таман келеді.

Төрт түліктей малымен

Төбе басын алады.

Аталған малдың бәрін де

Қорқыратып шалады,

Елі-жұртын жияды.

«Көп батасы—көл» деген,

70

80



90

100


430

БАТыРлАР  ЖыРы

430

431


Көптен бата алады.

Бағанағы бабасы:

—Жанай шал,—деп ақырды,

Мұнда кел,—деп шақырды,

Қолыңды жайшы, сен,—деді.

Қолын жайды шал Жанай,

Сол секілді бейшара-ай.

Бабасы бата береді:

«Атса, мылтық өтпейтін,

шапса, қылыш кеспейтін,

Суға салса, батпайтын,

Отқа салса, күймейтін,

Құдай күші болмаса,

Адам күші жетпейтін,

Бір перзентті бергенін,

Көзіңнің жасын көргенін».

Батасын беріп бабасы,

Ғайып болып жөнелді.

Үйге келіп жатыпты,

Жеті күн және жеті түн

Ол қызыққа батыпты.

Күндерден-күндер өткенде,

Күн мөріне жеткенде,

Ай тұтас толғанда,

Күн нәрі болғанда,

Қарын жетті бұлтиып,

Құрсақ кетті томпиып.

Сол күндерде кемпірің

Бір баланы табады,

Атын Бөген қояды.

Омырауы есіктей,

Балтырлары бесіктей,

Кеудесінен басы зор,

Кірпігінен қасы зор,

Кісіден қорқар жан емес.

Іздегенін сұрасаң,

Қып-қызыл шұнақ төбелес.

Сол секілді балаңыз

110

120


130

140


430

430


431

БӨГЕН  БАТыР

Бір жасына келеді.

Екі жасқа келгенде

Елеулі болды еліне.

Үш жасына келгенде

Белдеуге атты байлады.

Төрт жасына келгенде

Төредей болды еліне.

Бес жасына келгенде

Белдемше буды беліне.

Алты жасқа келгенде

Жирен деген көлдерде,

Күдірейген белдерде

Жанайдың жалғыз баласы

Қарауыл қарап жүргенде,

Жайшылық күні Құдайдан

«Жау келсеші» деп тіледі.

Жау қарасын көре алмай,

Ажалдан бұрын өле алмай,

Сол секілді балаңыз

Үшқуыс деген салаға,

Айтатыр деген далаға

Асық ойнап барады.

Ноғайлының қырық баласы—

Олар да асық ойнап жүреді.

Жанайдың жалғыз баласы

Қолындағы асығын 

Ақ тақырға салады.

Сол секілді жалғыз ұл

ұтқанын ұтып алады.

ұтылып қалса ноғайдан,

Өзі мықты болған соң,

Тәңірі берген жұдырық

Әрқайсысын бір ұрып,

Асығын тартып алады.

Сол уақыттар болғанда,

Ноғайлының қырық бала

Енді тұрып кеңесті,

Кеңескенде не десті:

150

160


170

432

БАТыРлАР  ЖыРы

432

433


—Ой, мына Жанайдың жалғыз баласы

Тумай кеткір, ант ұрған

Күн көрсетер болмады!

Жантекейге баралық,

Құлағына салалық,

Бұл жалғыз итті өлтіріп,

Мөкесіне  келтіріп,

Асықты қолға тигізіп,

Осылай кекті алалық.

Жүгіріп балалар кетеді,

Бірі тұрмады кідіріп.

Ашып көзі жұмғанша,

Айтып сөзді тынғанша,

Жантекейге келеді,

Келе сәлем береді.

Әлқисса,  Жантекей  мың  қой  бағып  жүрген  ноғайлының 

Ақшахан  деген  ханының  қойшысы  екен.  Ал  Ақшахан  Жанай 

шалмен  жеті  атасынан  бері  қас  екен.  Соның  үшін  Жанайдың 

жалғыз баласын өлтірмекші болып: «Өзі батыр ғой, Жантекей 

өлтірер» деп, қырық бала жолына бастады.

Қырық бала келген соң,

Алдынан шығып Жантекей,

Сәлемін қабыл алады.

Сәлемдесіп болған соң,

Сонда балалар сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Ай, айналайын ағеке,

Біз күн көретін болмадық!

Аяқты қия бастырмайд

Тумай кеткір, антұрған,

Жанайдың жалғыз баласы.

Үшқуыс деген салаға,

Айтатыр деген далаға

Асық ойнап барады.

Ісінің бәрі тентектік,

Ойнап жүрген асықты

180

190


200

432

432


433

БӨГЕН  БАТыР

ұтқанын ұтып алады,

ұтпаса тартып алады

Жұдырықпенен бір қойып.

Асығымды бер десең,

Әрқайсымызды бір қойып,

ұрып-жығып салады.

—Ал,  енді  сол  баланы  өлтіріп  берсең  ахиретте  дос  бала-

мыз,—деп қорқып жылайды екен қырық бала Жантекейге жа-

лынып-жалбарынып.  Еңірегенде  көз  жасымен  етегі  толып:—

Ахиреттік дос болалық, сол баланы өлтір,—дейді.

Осыны айтып қырық бала,

Көзінің жасы көл болды.

Сонда тұрып жылайды,

шыбындай жанын бұлайды.

Балалардың сөзіне

Ақылы жоқ Жантекей

Жылағанға шыдамай,

Тақырға қарай жүгіріп,

Оймақтай аузы жарылып,

Бір тұрмайды кідіріп.

Екпінімен Жантекей

Тақырға салып келеді.

Жанайдың жалғыз баласы,

Көзінің ағы, қарасы,

Ақ тақырдың үстінде

Төбедей болып тұр екен.

Жантекейдей ағасы

Үстіне жетіп келген соң,

Тұра сәлем береді.

Жантекейдей ағасы

Сәлемін қабыл алады.

Екеуі  амандасып  болғаннан  кейін,  Жанайдың  жалғыз  ұлы 

Жантекейге:—Аға,  асық  ойнайық,—деп  тілек  етеді.  Жанте-

кей  сонда  тұрып  айтады:—Қандай  ойын  ойнайсың?—дейді. 

Бала:—Жасың үлкен ағасың, көрсет ойынды,—дейді. Жанте-

кей сонда:—«Сақа салды» деген ойын бар, «қып-қызыл шұнақ 

28-310

210


220

230


434

БАТыРлАР  ЖыРы

434

435


төбелес»,  «шертпелік»  деген  ойын  бар,  олай-былай  жүгірген, 

жеңін түрінген, біз секілді ағаңның абыройы көрінген. «Тұрған 

алды»  деген  ойын  бар,  тұрғанымыз  алайық,  кел,  тақырға 

барайық.  Бала:—Жақсы  болды,  аға,—деді  де,  екеуі  «тұрған 

алдыны»  ойнады.  Жантекей  тазшаның  алтындап,  қырын 

майдалап  қойған  киіктің  қу  шүкейті  бар  екен,  екі  жағын  ти-

пылдап  тақырға  салғанда,  ешбір  жатпайды,  алшы  мен  тауа 

тұра  береді.  Бұл  шүкейтпен  Жантекей  баланың  алтындаған 

сақасын, күмістеген кенейін, барлық асығын ұтып алды, оны-

мен қоймай:

— Асық-асық алдырар,

ұтылып қалған баланың

Екі көзі жаудырар,—

деп, баланы мазақтап жүре береді.

     

Сонсын бала ойлайды,



Ойласа ойға тоймайды.

Не қыларын білместен 

Үйге қайтты жүгіріп,

Етек-жеңін түрініп.

Үйге келіп ентігіп,

Тоғыз қабат сарайда

Тұрушы еді шұбар тай

Мінуге сайма-сай.

Ерттеуге асығып,

Мойнына белбеу салады.

Қамшыменен қақпалап,

Жайдақтай мініп алады.

шұбар тайды тулатып,

Манағы кеткен ағасы

Жантекедей тазшаның

Соңынан қуып барады.

Қарасын көрді тазшаның,

Көшеден көше қыдырып,

Етек-жеңін түрініп,

Баратыр екен жүгіріп.

Ағасын бала көрген соң,

240


250

260


434

434


435

БӨГЕН  БАТыР

Жалмауыздай емініп,

Тайшұбарды тебініп,

Қасына келді желігіп.

Келе сала сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Айналайын, ағатай,

Көшеден-көше қыдырып,

Баратырсың жүгіріп.

Артыңнан келді ініңіз,

Тұрмаймысың кідіріп.

Малды баққан малшы бар,

Есікте жүрген жалшы бар,

Арада жүрген дұшпан бар,

Басы-көзін қысқан бар.

Анадан туған екі көз

Бірін-бірі елемес.

Аға қылдың келемеж,

Осы ісің жөн емес.

Біздікіне жүріңіз,

Менімен дос болыңыз,

Самауыр шай ішіңіз.

Өтінемін, ағеке,

Ноғайға қылмай келемеж,

Алтын сақамды беріңіз.

Ақылы кеміс қу тазша

Тыңдамады ол сөзін,

Жүгіре берді далаға.

Тағы да бала сөйлейді:

—Ай, айналайын, ағеке!

Менімен дос-ты болыңыз,

Төрт түлік малымның

Бір түлігін алыңыз,

Алтын сақамды беріңіз!

Сонда тазша сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Атаңа нәлет, жас бала,

Енеңе нәсет, жаса бала,

Ақылсыз туған бейшара

270

280


290

436

БАТыРлАР  ЖыРы

436

437


Өлтірейін өзіңді,

Қазайын, бала, көріңді,

Естимісің сөзімді?!

Жаныңды сенің аламын,

Қаныңды судай ішемін,

Кет дегенде, кет енді!

Кет дегенде кетпесең,

Істейтінім сол енді!..

Жүре берді ол тазша

Сонда да бала қоймады,

Бұл кедергі болмады.

Емен таяқ қолында

Қисайып барып ол тазша,

Баланың асау шұбарын

Қолында емен таяқпен

Қақ орайға салады.

Бұ да күшті ит екен,

Сол мезгілде шұбар тай

Омақасып құлады.

Бермейтінін білген соң,

Бұзылғанын көрген соң,

Алты жасар жас бала

Ашуланды,  арланды,

шамырқанды, шамданды,

Буырқанып, бұрсанып,

Мұздай темір құрсанып,

Беренге бала сыймады.

Бұл уақытта жас бала

Аттан түсе қалады,

Ағасына таман барады,

Жағасына қолды салады.

Көтеріп ұрып ағасын

Кеудесіне мінеді.

Қойнына қолды салады,

Сақа түгіл басқасын

Бәрін де тартып алады.

Сақасын бала алған соң,

Қоя беріп тазшаны,

Алты жасар жас бала

300


310

320


330

436

436


437

БӨГЕН  БАТыР

Жүгені жоқ, ноқта жоқ,

Тайшұбарға мінеді.

Тұла бойы шаң болып,

Аузы-басы қан болып,

Тазша тұра келеді,

Таяғын қолға алады.

Тұра келіп Жантекей,

Алты жасар баланың

шылбырынан алады,

Ала сала сөйлейді:

—Айналайын, қарағым,

Қайырлы болсын талабың!

Кәтепті қара нарымсың,

Ноғайдағы барымсың?

Батыр туған қарағым,

Он екі айлық шөлі бар,

Он үш айлық жері бар

ұлы жолға барғайсың.

Алты айшылық ақдария

Өткелі жоқ тағы бар.

Батыр туған құлыным,

Сексенге келген атаңды,

Қырыққа келген анаңды,

Қалқам, өзім бағайын.

Батыл еді жүрегің,

Балуан еді білегің,

Сол қиғаштың тауына,

Қызылбастың жұртына,

Жалғызым, соған барғайсың,

Ағаңның тілін алғайсың.

Баратұғын жұмысың

Қызылбастағы Қараман

Жалғыз ғана қызы  үшін.

Алар жарың сол деймін,

Тиетін ері сен деймін,

Тілімді алсаң соған бар.

Ал сұлу жайын сұрасаң:

Оймақ ауыз, ақ маңдай,

Екі беті мақпалдай.

340


350

360


370

438

БАТыРлАР  ЖыРы

438

439


Жалғыз атты жолаушы

Аулынан шықпай жатқандай,

Жалғыз атын сатқандай.

Қар  қандай, ақ қандай,

Аққа түскен дақ қандай.

Оң қолының басы алтын,

Қиғаш қара қасы алтын.

Кірпігі оқтай тізілген,

Аш күзендей бүгілген.

Исі жұпар аңқыған,

Талай кісі барулы

Ақборықтың даңқымен.

—Ай,  қарағым-ай  десе  аузы  бар,  күн  десе  көзі  бар,  көрген 

кісі талып қалады, оны айтамысың, талмақ түгіл өліп қалады. 

Бала бармақшы болып, ағасын тайға мінгізіп алып, Жанайдың 

ақ ордасына келеді.

Келіп алып ордаға,

Астындағы шұбарын

Белдеуіне байлайды.

Үйретусіз шұбарға

Ер жүгенді салады.

Он екі қабат ақ сауыт

Жағадан сілкіп киеді,

шұбар тайға мінеді.

Балдағы алтын кіреуке

Аш беліне іледі.

«Аллалап» атқа мінгенде,

Төсекте жатқан бәйбіше

Жалғызға көзін салады.

Анықтап келіп қараса,

Қабағы жаман қатыңқы,

Түсі жаман қашыңқы.

Бір сұмдықтың болғанын

Енді кемпір біледі.

Жалаң аяқ, жалаң бас,

Жаулығын салып мойнына,

Жүгіріп енді келеді,

380


390

400


410

438

438


439

БӨГЕН  БАТыР

шылбырынан алады.

Келе сөйлей береді:

—Айналайын, қарағым,

Қайырлы болсын талабың.

Қабағың жаман қатыңқы,

Түсің жаман қашыңқы,

Қай сапарға барасың?

Кететін жолың айтып кет.

Жалғыз туған баласың,

Омыртқаң әлі өскен жоқ,

Қабырғаң әлі қатқан жоқ,

Бесік табы арқаңнан 

Әлі күнге кеткен жоқ,

Аузыңдағы емшектің

Мерзімді күні біткен жоқ.

Айналайын, жүрегім,

Кететұғын жөніңді айт!

Үндемеді баласы,

Тағы да кемпір сөйледі:

—Айналайын, жалғызым,

Алдыңда тұрған ағаң жоқ,

Артыңда туған інің жоқ,

Құдайдан басқа панаң жоқ,

Артыңда туған інің жоқ,

Өлігіңе шара жоқ,

Жалғыздықтан басқа мінің жоқ.

Сен кеткен соң, қарағым,

Сексенге келген бабаң бар,

Қырыққа келген анаң бар,

Кете қойсаң, қарағым,

Біз байғұсқа дәурен жоқ.

Әттең, Тәңірі, қайтейін,

Өткенің бе дүние боқ?

Атаңа нәлет қу тазша

Асық ойнап жүргенде,

Бүлдірерін білгемін.

Айтпасаң да, білемін,

Ашпасаң да, көремін.

Қиғаштың қызыл тауына,

420


430

440


440

БАТыРлАР  ЖыРы

440

441


Қызылбастың жұртына

Сапар шегіп барасың.

Он екі патша қол асты

Ғұмырыңда есеп бар,

Ол қалмақта есеп жоқ.

Қызылбастың патшасы

Қалталы Қарайманның

Қолындағы жалғыз қыз

Ақборықтай сұлуды 

Жалғыз да тартып аларсың.

Тентек болдың, қарағым,

Тентек болған сен деймін.

Тілімді алсаң, қарағым,

Бұл сапарды қоясың!

Жақынның жауы жаман-ды,

Жақыннан дұшпан аңдыса,

Аударып кетер табанды.

Сонда бала сөйлейді:

—Қайырмаңыз, анажан,

Тіліңді тіпті алмайын,

Сөзіңе құлақ салмаймын.

Күлкі болып дұшпанға,

Аттан қайта түскенше,

Алғаны жақсы Құдайдың!

шеше, қылма уайым,

Алты жылда келемін.

Алты жылда келмесем,

Он екі жылда келемін.

Он екі жылда келмесем,

«Тие берсін» қыла бер.

Осыны айтып жас бала,

«шүу, жануар, шүу» деді.

шылбырын салып мойнына.

шешесі тағы сөйледі:

—Аспандағы жұлдызым,

Асан, Үсен пірім-ай,

Сендерге, ал, тапсырдым

Маңдайдағы құндызым.

Тілімді алмай барасың

450


460

470


480

440

440


441

БӨГЕН  БАТыР

Қарағайдай бұтақсыз,

Сексеуілдей тамырсыз,

Жалғызым, болдың сабырсыз.

Айналайын, Құдай-ай,

Өлгенде көрген жалғызым!

Қиын болды біздерге,

Тайып кетсе табаның.

Туысқан-туған жоқ еді

Соңынан мұны іздеуге.

Тілімді алмай барасың,

ұлдан жалғыз баласың.

Қалмақ деген жаман жау,

Жаныңды салма араға-ай.

Қарағайдай бұтақсыз,

Сексеуілдей тамырсыз,

Неге болдың сабырсыз?  

Көріскенше күн жақсы,

Қош айтамын, аман бол!

Асан, Үсен пірім-ай,

Әзірейіл, жебірейіл,

Адасса, жолға салып жүр,

Сүрінсе, қолдап алып жүр!

Мәдинеде Мұхаммет,

Түркістанда Ахмет,

шаршағанда ат болып,

шөлдегенде су болып,

Өлгенде көрген құлыным.

Осыған көзді сала жүр!

Қалқам мінген шұбар ат,

Қолтығында қос қанат,

Өлгенде көрген құлыным

Сіздерге енді аманат!

Қалқамның мінген керігі,

Айуан да болса серігі.

Қиғаштың қызыл тауына,

Қызылбастай жауына

Құлыным менің барғанда,

Кәпірге ойран салғанда,

Аяғыңнан әл кетіп,

490


500

510


520

442

БАТыРлАР  ЖыРы

442

443


Мойныңнан жал кетіп,

Борбайыңнан қан кетіп,

Үстіңдегі жалғызды

Жау ішіне қалдырма?!

Олай қылсаң, Тайшұбар,

Риза емен саған-ай,

Мен де сенің анаң-ай.

Нәсілің айуан болғанмен,

Сен де менің балам-ай.

Тоғыз қабат темір үй

Ішіне салып баққанмын.

«Мойныңа қыл арқан батад» деп,

Жібектен арқан таққанмын.

«Үстің күнге күйер» деп,

Мақпалдан жабу жапқанмын.

Сусыныңа сүт беріп,

Жеміс төгіп алдыңа,

Түн ұйқымды төрт бөліп,

Дәретсіз қолды тигізбей,

Осылайша баққанмын,

Бабыңды сөйтіп тапқанмын.

Қарағым, саған аманат,

Ойлай көрме жаманат,

Еш қылмағай қиянат!

Жыл он екі ай болғанда,

Тапсыра көр аманат!

Осыны айтып шешесі,

Қала берді баладан.

Қош айтысып баласы,

—шүу, жануар, шүу,—деді,

шүу десе, шұбар гуледі.

Табаны тасқа тақылдап,

Ауызда тісі сақылдап,

Қаздарменен жарысты.

Сол уақыттар болғанда,

Үстіндегі жас бала

Басыменен алысты,

Ауыздығы қарысты.

Өлмей қолдан жас бала,  

530


540

550


560

442

442


443

БӨГЕН  БАТыР

Беретін емес намысты.

Көк ойыл болып көпірді,

Өз-өзінен есірді,

Ор киіктей секірді.

шаңды шаңға қостырып,

Келе жатқан секілді.

Қырқадан қырқа асады,

Асқан сайын шұбарға

Көкей қамшы басады.

Жері келмей жануар,

Арандай аузын ашады.

Арандап шапқан уақытта,

шұбар аттың бауыры 

Қырық кездей созылды.

шапқан жерін қарасаң,

Жерошақ болып қалыпты.

Әр төбеден қылтылдап,

Найзаның ұшы жылтылдап,

Келе жатқан секілді.

Түлкі жортпас дүлейден

Түнде жортып өтіпті.

Қарсақ жортпас қара ойдан

Бұдан да аман өтіпті.

Енді алдыңда не қалды,

Аспанменен тұтасқан,

Адам жөннен адасқан

Сеңгір-сеңгір тау қалды.

Бұған таман барады,

Тауға көзді салады.

Ауыр әскер қолы бар,

Алмалы да салмалы

Жалғыз аяқ жолы бар,

Бұдан да аман өтеді.

Ар жағында не қалды,

Алты айшылық дария

Өткелі жоқ сол қалды.

Алты жасар баланың

Астындағы шұбар ат,

Қолтығында қос қанат

570


580

590


600

444

БАТыРлАР  ЖыРы

444

445


Алты айшылық дарияға 

Түсейін деп ойлайды.

«шүу» десе, шұбар жүрмеді,

Қалшиып қарап тұрады

Жалмауыздай емініп,

Екі аяғын тебініп,

шұбарды бала ұрады.

Сонда шұбар сөйледі,

Астыңғы ерні жыбырлап,

Үстіңгі ерні қыбырлап,

Сөз айтады шұбар ат:

—Мәстектен айғыр салды ма,

Есектен бие тапты ма?

Туысым тұлпар болса да,

Ерімді алшы, аунайын,

Жүгенді алшы, оттайын.

Аунап-қунап алайын,

Боздың басын шалайын.

Мұны естіп жас бала,

Атынан түсе қалады.

Ер-тұрманды сыпырып,

Байшұбардан алады.

Сол кездерде шұбар ат

Аунап-қунап қалады,

Боздың басын шалады.

Ақсары бас қу болып,

Аспанға ұшып барады.

Құдайдан басқа пана жоқ,

Өзінен басқа қара жоқ,

Туысқан-туған және жоқ,

Бала жаяу қалады.

Аттан айрылып қалған соң,

Көзінің жасы көл болды,

Аппақ дария сел болды,

Жылағанмен болмады.

Сол уақытта ер Бөген

Ер-жүгенді жастанып,

Бөген батыр жатады.

ұйықтап жатқан жерінде

610


620

630


640

444

444


445

БӨГЕН  БАТыР

«Басыңды көтер, балам,» деп,

Түсінде аян береді.

Көтеріп басын алады,

Жана болды тамаша.

Төрт аяғы тең жорға

Әр аяғы келідей.

Келісіммен жаралған,

шекесімен қараған.

Он екі құлаш шұбар ат

Қарсы алдында баланың

Жер тепкілеп тұр екен. 

шұбар атқа көз салсаң,

Сауырына қарасаң,

Төңкерген қара қазандай.

Ту сыртына қарасаң,

Суда жүзген сазандай.

Құлағына қарасаң,

Қиып қойған оюдай.

Екі көзге қарасаң,

Парлап жанған шырақтай.

Танауына қарасаң,

Түбі түскен шелектей.

Бауыр етіне қарасаң,

Мал жайлауы даладай.

Омыраудың екі арасы

Салып қойған көпірдей.

Бұл сияқты шұбарға 

Ер-жүгенді салады.

Ер-жүгенді салған соң,

Бала мініп алады.

Сол уақытта жас бала:

—шүу, жануар, шүу—деді,

«шүу» деген дыбыс шыққанда,

шұбар ат гулеп жөнеді.

«Алты айшылық дарияны

Алты күнде өтем» деп,

уәде етті шұбар ат.

Асыл туған шұбар ат,

650

660


670

680


446

БАТыРлАР  ЖыРы

446

447


Қолтығында қос қанат.

Алты жасар баланың

шыбындай жаны аманат.

Қиын-қыстау жер болса,

Сақта, Құдай, сәлемет!

Алты айшылық дарияны

Бес жарым күн жүргенде,

Түс қайтысы қалғанда,

Асыл туған шұбардың

Аяғынан әл кетіп,

Мойнынан жал кетіп,

Борбайынан қан кетті.

Ағысы қатты дария

Тұлпарды жаман меңдетті.

Су ішіне көлбетті,

Ағысыменен сырылып,

Ағынды бөліп жылысын,

Отаудай болған ақ көбік

Сауыры, басын шаяды.

Ал енді бала қысылды,

Аққа мойнын ұсынды.

Атынан қайыр кеткен соң,

Басынан дәурен өткен соң,

Бала енді сөйледі:

—Жасаған, ей, Құдайым,

ұрысатын жау емес,

Суға не амал қылайын?!

Тапсырып еді жан шешем

Көзіңнің қырын сал-ау,—деп.

БабаТүкті шашты Әзіз

шаршағанда ат бер,—деп,

шөлдегенде су бер,—деп.

Өмірде көрген жалғызға

Көз қырыңды сал-ау,—деп.

Қиын болды, жан шеше,

Артымнан ерген қара жоқ.

Сүйегім алтын қор болып,

Итке-құсқа жем болып,

Суға кетіп барамын,

690


700

710


720

446

446


447

БӨГЕН  БАТыР

Аллаға бар ма шараңыз?!

Су ішінде қалғаным,

Басымды жалғыз жалмадым,

Әттең, Тәңір, қайтейін?!

Көкіректе қалып тұр

Арылмастай арманым.

Көп жылатпай батырды,

Пірлері жәрдем береді.

Пірі жәрдем берген соң,

Айы туып оңынан,

Тілегі қабыл болады.

Ат маңдайын түзетіп,

«шүу, жануар, шүу» дейді,

«шүу» десе, жануар гулейді.

Ашып көзін жұмғанша,

Айтып сөзін тынғанша,

Судың шықты шетіне.

Қалмақ деген қатты жау,

Қысылып шыққан жас бала

Қайраңның түсті үстіне.

Қаңтарып тастап шұбарды,

Көпшікті алып басына,

Ештеңе жоқ қасында,

ұйықтап жатып қалады.

Жеті күн, жеті түн,

Күні-түні он төрт күн

ұйқысы батырдың бар екен.

Қалталы Қарайманның

Жалғыз қызы Ақборық

Қырық қызы қасында,

Өзі он төрт жасында,

Сол сияқты сұлудың

Суға түсер жері екен.

Қос қара атты пар жеккен,

Ортасына тай жеккен.

Табаны жерге тимеген,

Маңдайы күнге күймеген.

Күймеден басқа мінбеген

730

740


750

448

БАТыРлАР  ЖыРы

448

449


Сұлу түсе келіпті

Көк пәуеске күймемен.

Ақборық  қыз  жақындап  келіп,  төбедей  болып  жатқан  ба-

тыр  мен  атты  көреді,  қасындағыларға  айтты:—Мына  жатқан 

Жанайдың  жалғызы  Бөген  батыр  деген.  Мені  іздеп  келген 

екен.  Біздің  ел  бұл  батырды  «ел  шетіне  келгізбейміз»  деп,  он 

екі патша қол асты боп, алдынан шығып кетіп еді. Содан кейін 

қыздарға айтты «оят» деп. Қыздар қорқып ешнәрсе демей тұрып 

қалады,  батырды  барып  оята  алмайды.  Ақборық  қыздардың 

қорыққанын біліп, өз жеріне қайтты. Батыр ұйықтап қала бер-

ді. Қыз шәһарға барып, бір тәуір көретін жеңгесіне түс ретінде 

айтты:


 

—Айналайын, жеңеше,

Артықша көрем өзгеше.

Мен бір бүгін түс көрдім,

Түсімде ғажап іс көрдім.

Қанжығадан қан көрдім,

Ат сауырынан тер көрдім,

Бұл не болар, жеңеше?

Жирен деген көлдердің,

Күдірейген белдердің

Ақ иығы көрінді,

Бұл не болар, жеңеше?

Көк алалы көп жылқы,

Есепсіз бойдақ көп  жылқы

шашылыңқы көрінді,

Бұл не болар, жеңеше?

Алты қанат ақ орда

Жығылыңқы көрінді,

Бұл не болар, жеңеше?

Кешегі кеткен атекем

Қолындағы садағы

Жапырыңқы көрінді,

Бұл не болар, жеңеше?

Тостағандай толы көз,

Жабылыңқы көрінді,

Бұл не болар, жеңеше?

760

770


780

448

448


449

БӨГЕН  БАТыР

Елге келді бір көрім,

Қиратып жүр қаланы,

шулатып жүр баланы.

Бір түбектей қылып жүр

Жалпы жатқан қаланы.

Қақпаның аузын қандатып,

шарбақтың аузын шаңдатып,

Есік ойран, төр талқан,

Бәрін бірдей қырып жүр,

Бұл не болар, жеңеше-ау?

Ал жеңгесі сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Айналайын, бикешжан,

Мен жориын түсіңді,

Кешегі көрген ісіңді.

Жирен деген көлдердің,

Күдірейген белдердің

Ақ иығы көрінсе,

Көк алалы көп жылқы

Көлге толып жатқаны.

Бағатұғын адам жоқ,

Бұрынғыдай заман жоқ.

Алты қанат ақ орда

Жығылыңқы көрінсе,

Жылжып қонып жатқаны.

Кешегі кеткен атекең

Кешегі бауырды атқаны.

Тостағандай толы көз

Жұмылыңқы көрінсе,

Кешегі бауырды өлтіріп,

Мақсатына жеткені.

Мен жорыдым түсіңді,

Кеше көрген ісіңді.

«Жеңеше, теріс жорыдың» деп,

Көк кіреуке күймемен

Қырық қызы қасында,

Өзі он төрт жасында,

Кешегі көрген батырын

29-310

790


800

810


820

450

БАТыРлАР  ЖыРы

450

451


Іздеп алып кетеді.

Маңдайы күнге күймеген,

Табаны тасқа тимеген,

Күймеден басқа мінбеген,

Былқылдаған Ақборық

Батырға жетіп келеді.

Келе сала Ақборық,

Тұрыңыз,—деп ақырды.

Қасындағы қырық қыз

Обатаста тұр еді,

Келіңдер,—деп шақырды.

Ал сол мезгіл Ақборық

Екі рет айғай салғанда,

Оянбады ол батыр.

Үшінші айғай салғанда,

Көтеріп басын алады.

—Кәпірдің қызы ұйқымды бұздың,—деп,

Көк семсерін қолға алып,

Өлтіремін,—деп айғайлап,

Қызға қарай ұмтылды.

Сонда Борық сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Ақылсыз туған жас батыр,

Тентек болдың сен,—дейді,

Тентек болған нең?—дейді.

Құдайдан бөтен пана жоқ,

Өзіңнен басқа қара жоқ,

ұйықтап жатқан жеріңде

Малды баққан малшы бар,

Есікте жүрген жалшы бар,

Өлтіріп кетер қайтесің?

Өлтіріп кеткен кезіңде

Арманда боп кетер,—деп,

Дүниеден босқа өтер,—деп,

Оятып едім мен,—дейді.

Ханның қызы Ақборық,

Іздегенің мен,—дейді.

Көзін ашып қараса,

Енді болды тамаша:

830


840

850


860

450

450


451

БӨГЕН  БАТыР

Ай десе аузы бар,

Күн десе көзі бар

Ақборықтың өзі екен.

Семсерін сап қынына,

Үлкен басын кіші етіп,

Асыл туған батырың

Қасына  келді жақындап.

Аман-сауды сұрасып,

Бір-бірімен танысып,

Әбден болды қыз бен ер.

Бұдан кейін батыр мен қыз үш күн, үш түн сол жерде бола-

ды.—Бұл қалмақтың қатыны мен баласын құр соғысып өлтіріп, 

обалына қалма, себебі: сенің дабысың еліңнен шыққанда естіліп, 

он екі патша қол асты болып, алдыңнан шыға кетті «өлтіреміз» 

деп. Жұрттың обалына қалма, одан да жылдам барып Қарайман 

қалмақтың батырының қос қара аты бар, соны әпкел. Сол  қара 

атты әкелсең, қашып кетелік, дариядан қарғып өткізеді,—дей-

ді.  Сол  қара  аттарды  алып,  үш  күнде  кел,  сонда  мен  де  келіп, 

осы  дарияның  жағасында  жолығалық,—дейді.  Мен  түрлі  діл-

да алып келейін, сен қос қара атты алып кел,—дейді. Қыздың 

сөзін естіген ер Бөген

Екі айылды бек тартып,

Құйысқанды бос тартып,

Қос қара атты іздеп жөнеді.

Желе-желе келеді,

Түн ұйқысын бөледі.

Желіп жортып түн қатып,

Кірпігіне мұз қатып,

Армай бала келеді.

Көп айтатын несі бар,

Қалмақтың батыры

Қарайманның сарайына

Айнымай келіп кіреді.

Жамандатқыр қос қара ат,

Тоғыз қабат темір үй

Ішінде тұрып сезеді,

Жау келгенін біледі.

870


880

452

БАТыРлАР  ЖыРы

452

453


Сарайда дүбір салады,

Дүбірінен тұлпардың

Бала да тауып келеді.

Бір тұрмады кідіріп,

Қоршалап тоғыз қабат

Темірден салған сарайды

Аударып келіп тастайды,

Қос қара атты алады.

Ат қолына тиген соң,

Артық туған батырың

Енді кейін салады.

Бұл қыздың айтқаны үш күншілік емес, төрт күншілік жер 

екен, бала төрт күнде келеді. Батырдың бұрын уәде еткен жері-

не Ақборық үш күнде келді, батырды тосып тұрды.

Ақборықты  тосып  жүрген  қызылбастың  Қарасүймен  атты 

батыры бар екен, ол екі мәстегімен дарияға қармақ салып, екі 

дырау  балық  алып  Ақборықтың  келетінін  біліп  Қарасүймен 

қараңғыда  келіп  жетеді.  Ақборық  бала  келген  екен  деп  алды-

нан  шығып,  қараңғыда  танымай,  екі  атының  біреуіне  мініп, 

жүріп кетеді.

Екеуі болып қосылып,

Басқан ізі жосылып,

Желіп жортып келеді.

Таң атып, тал түс болғанда, еріп келе жатқаны Қарасүймен 

екенін біліп, қыз көлденең тартып тұрып алады. Тануына себеп: 

батырдың  алдынан  жүрсем  асылық  болады,  адымнан  жүрсін 

деп, батырды алдына салғанда ғана көреді. Көріп болғансын,—

«Мені  Құдай  ұрған  екен,  арқамнан  дауыл  соққан  екен,  атым 

әйел, не істеймін» деп еріп жүре береді. 

Бірнеше күн жүрген соң,

Бір жерлерге әкеліп,

Түндіктен түнді көрсетіп,

Түтіктен суды бергізіп,

Алып барып салады,

Қырық құлаш зынданға.

890


900

452

452


453

БӨГЕН  БАТыР

Бұл Ақборық пен Қарасүймен жата берсін.—Ал атасы әйел 

Борық бір күнді кем айтқан екен.  

Төрт  күнде  қос  қара  атты  алып  Бөген  батыр  келеді.  Кел-

се қыз да, болмаса хабар да жоқ. Батыр ашуланып: «Кәпірдің 

қызы алдаған екен» деп, қос қара атты иығынан кесіп тастап, 

шұбар атты тепкілеп, шәһарға қарай жүре береді.

Ашуланып, арланып,

ыза болып долданып,

Өз-өзінен қорланып,

шәһарға келді арындап.

Қалаға келіп шетінен,

Қирата берді қаланы,

шулата берді баланы.

Бір түбектей қылып жүр

Жалпы жатқан қаланы.

Қар жаудырып қабақтан,

Ілдіріп жүр тамақтан!

Сол күнде байқап қарасаң,

Бауыздап жүр тамақтан.

Қақпаның аузын қан қылды,

шарбақтың аузын шаң қылды.

Есік ойран, тор талқан,

Бөлек-бөлек қылып жүр.

Астына мінген шұбарын

Тепкілеп алып айдап жүр.

Елдегі қалған кемпір-шал

Екі қолын байлап жүр.

Тас көшенің үстінде

шал-кемпірдің өкшесін

Атқа бастырып айдап жүр.

Артық туған Борықты

Қайткененен де таппады.

Бала ойды ойлады,

Ойласа ойға тоймады.

Келтіруге өз ойын,

Көп қалмаққа жол тартты. 

910

920


930

454

БАТыРлАР  ЖыРы

454

455


Қалаға келсе кемпір-шалдан басқа жан жоқ екен. Бөген ой-

лайды.  «Қой  бұл  қаладан  ешнәрсе  шықпас,  үйіріліп  жатқан 

қалмақтың  көк  шебіне  барып,  он  екі  патша  қол  астына  ойран 

салып,  Ақборықты  тауып  бер»  деп,  жанжалды  салайын  деп, 

бала жүріп кете берді.

«Барып ойран салам» деп,

—Ал, жануар, шүу,—деді,

шу деген сайын гуледі.

Тұлпардан туған шұбар ат

Табаны тасқа тақылдап,

Азу тісі сақылдап,

Қаздарменен жарысып,

Алты жасар жас бала

Ауыздықпен алысып,

Құйындай шаңы бұрқылдап,

ұршықтай саны бұлтылдап,

Әр төбенің басынан

Ат төбелі қылтылдап,

Келе жатқан секілді.

Атаңа нәлет Қарайман!

Асхабқа айғай салады:

—Жиылып бері келің,—деп.

Асқар-асқар таулардан

Дүрбіменен қарады.

Үш күншілік жерлерден

Баланы көзі шалады.

—Алты жасар жас бала,

Асхабтар бермен келіңіз,

Қызықты мына көріңіз.

Ашуланып, арланып,

ыза болып долданып,

Келе жатыр, мінеки,

Өздерің көзбен көріңіз.

Қорқайын дедім мен,—деді,

Аумайтын қара жер,—деді.

Қайнаған қара бұлттай,

Қайнап біткен болаттай.

Тұлғасына қарасаң,

940

950


960

970


454

454


455

БӨГЕН  БАТыР

Сайдан шыққан қола аттай.

Жеңсіз берен киінген

Асхаб деген әскерді.

лашын құстай түйілген

Келе жатыр бір көрім,

Қорқайын дедім мен,—дейді.

Кел, алдынан барайық,

Етегіне басты салайық!

Қырық мыңдай аусаршы

Алдауменен баланы

Аусарға бүріп алыңыз!

Аусарменен алмасаң,

Құдайдың өзі болмаса,

Келмейді бұған әліміз.

Келе жатыр жас бала

шұбар атты борбайлап,

Бір амалын табыңыз!

Қорқайын дедім мен,—дейді.

Әскерді бала көреді,

Әскерді бала көргесін,

Манағы айғай, айғай ма

«Ақборықты табың!» деп,

Құлшынып ілгері ұмтылды.

ұмтылғанда шұбар ат

Екі күншілік жерлерге 

Жарты күнде келеді.

—Бұған Құдайдың әлі жетпесе, басқаның әлі жететін емес, 

бір қыз үшін бәріміз қырыламыз ба?—деп, асхабтар қаша бер-

ді. «Хан не істер дейсің?» деп, жүз кісімен өзі қалады.

Бұл  кезде  бала  тауға  шығып  қараса,  ай  тұтылып,  күн 

күркірегендей  шаңды  көрді.  Ол  шаң  қашқан  асхабтар  еді. 

шаңды  көрген  соң  «мені  көріп  келе  жатыр  екен»  деп,  қару-

жарағы, атымен серттесті:

—Астымда мінген шұбар ат,

Қолтығыңда қос қанат!

Мен мына жауға тигенде,

Кәпірге аттан салғанда,

980


990

1000


456

БАТыРлАР  ЖыРы

456

457


Аяғыңнан әл кетіп,

Мойныңнан жал кетіп,

Борбайыңнан қан кетіп,

Үстіңдегі жалғызды

Жау ішінде шөлдетіп,

Тиіссіз мені меңдетіп,

Тастап кетпе, шұбар ат!

Олай етсең, шұбар ат,

Риза емен мен саған!

Осыдан жауға барғанда,

Жалғызбын деп қорқып,

Қалшиып қалып бір жерде,

ұрыса алмасам, маған серт!

Екі жүз кез ақ найза,

Жау ішінде қысылып,

Ақыл таппай торығып,

шанша алмай қалсам, маған серт!

Мен шанышқанда, жарықтық,

Жас шыбықтай қайысып,

Бір шалуға жарамай,

ұңғыдан кетсең, саған серт!

Балдағы алтын кіреуке

Осыдан жауға барғанда

«Жалғызсың» деп қорқып,

Ақыл таппай торығып,

шаба алмай қалсам, маған серт!

Мен шапқанда, жарықтық,

Тасқа тиген пышақтай,

Жапырылып қалсаң, саған серт!

Сөйтіп  тұрғанда,  шаң  басылды.  Бұл  уақытта  бала  жау 

қашқанын білді. Жүз кісі қасында, Қарайман хан өзі отыз жа-

сында балаға қарсы жүрді.

 

Көп айтатын несі бар,



Желе-желе келеді,

Қасына қарсы келеді.

Хан алдына келгенде,

«Жасы үлкен адам деп,

1010

1020


1030

456

456


457

БӨГЕН  БАТыР

Ақ сақалды бабам» деп,

Бала сәлем береді,

Сәлемін қабыл алады.

Қарсы алдынан қараса,

Астында бар көк ала ат,

Үстінде бар сұр сауыт.

Бес елі қырпу басында,

Тап өзі отыз жасында.

Дауысы күндей күркіреп,

Екі мұрты жер тіреп,

Танаудан алған демдері

Үріккен қойдай дүркіреп,

Маңдайында жалғыз көз,

Былдыр-былдыр сөйлеген,

Адам түсінбес сөзіне.

Сақалы бар қырық құлаш,

Кірпігі бар бес құлаш,

Көлденеңі қос сажын,

ұзындығы он сажын,

Кісіден қорқар пенде емес.

Іздегенін сұрасаң,

Қып-қызыл шұнақ төбелес!

Маңдайдағы жалғыз көз

Табақтай болып жалтырап,

Алты жасар жас Бөген

Жапырақтай қалтырап,

Қарсы келді жас бала.

Қарсыма-қарсы келгенде,

Қарайман сөйлей береді:

—Желе-желе желесің,

Қай сапардан келесің?

Бала, хабар бересің

Қайсы байдың ұлысың?

Өтірік айтпай, шыныңды айт,

Өтірік айтсаң, өлесің!

Астыңдағы шұбарды

Олжалыққа бересің.

Өлтірмейін өзіңді,

Мұнымды қалай көресің?

1040


1050

1060


1070

458

БАТыРлАР  ЖыРы

458

459


Құртақандай баласың,

Оттай қаулап жанасың.

Өтірік айтпай, шыныңды айт,

Қайбір жақтан келесің?

Ат жүрсе, тұяқ күйген жер,

Қандай тұлпар болса да,

Ат тұяғы тимеген жер.

Сонда Бөген сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Менің немді сұрайсың,

Мен Жанайдың жалғызы

Бөген бала—мен,—деді.

Іздегенім сұрасаң,

Қалталы Қарайманның 

Жалғыз қызы Ақборық

Кездесе алмай жүргенім.

Мен, мен едім, мен едім,

Мен де өзіңдей ер едім.

Атаңа нәлет ит қалмақ,

Астымдағы шұбар ат

Олжалыққа бергендей,

Өзің қандай, мен қандай?!

Мен де өзіңдей қас маңдай,

Қағысам десең, кел бері-ай!

Сонда қалмақ сөйлейді:

—Үлкенбісің сен менен

Кішімін бе мен сенен,

Кезегімді бересің,

Мұнымды қабыл көресің!

Сонда Бөген сөйлейді:

—Асығып тұрсаң, қалмағым,

Кезегіңді қалмақ алсаң,—деп,

Қасқайып қарап тұрады.

Атаңа нәлет ит қалмақ

Қорамсаққа қол салды,

Қол салғанда мол салды,

Қозы жауырын оқ алды.

«шұбар аттың басы деп,

1080

1090


1100

1110


458

458


459

БӨГЕН  БАТыР

Қақ жүректің тұсы деп,

Өлетін жерің осы» деп,

Қолындағы жақпенен

Аямай тартып қалады.

Бөгенге оғы жетеді,

Тоғыз қабат сауыттың

Сегізінен өтеді.

Өтетін екен оқ барып,

Ғайып ерен қырық шілтен

«Балама тиіп кетер» деп,

Оғын қағып жіберді.

Зымырап барып ор жаққа

Бір төбені көтеріп келіп тастайды.

Ей, сол күндерде байқасам,

Тартқан екен аямай.

Астындағы шұбар ат

Жеті қабат қара жер

Тізесінен кіреді.

Таралғысы үзіліп,

Табаны жерге тиеді.

Алты жасар жас бала

Оқ ағыны жаман ғой,

Он екі құлаш шұбардың

Сауырысына мінеді.

Алты жасар жас бала

Түзеліп қайта мінгенше,

Қалтаға қолды салғанша,

Қалмаққа уәде болмады,

Кезегіне тұрмады.

Көп уақыт болмай-ақ

Екі берен алысты,

Жағаға қолды салысты,

Ат үстінен алысты.

Бірі-бірін ала алмай,

Қас масқара болысты.

Тап бір айдан асқанда,

Тағы ай жарым болғанда,

Ерлердің талды өздері,

Аттың талды белдері.

1120


1130

1140


1150

460

БАТыРлАР  ЖыРы

460

461


Астындағы тұлпарлар

Жерге жата қалысты.

Жаяу түсіп алысты,

Беліне тұсау салысты.

Ойлы жерлер сай болды,

Қырлы жерлер ой болды,

ұлы қиғаш тау болады.

Тұла бойы жаралы,

Аузы-басы қан болды.

Алты жасар жас бала

Қабырғасы қайысты,

Омыртқасы майысты.

Маңдайынан күн қақты,

Таңдайынан шөл қақты.

шаршады, білем, жас бала,

Тілі аузына симады.

Сол сияқты жас Бөген

шыбындай жанын қинады.

Бабалап айғай салады:

—Құдай жалғыз, мен жалғыз,

Бір жәрдемді бер,—дейді.

Бабалап айғай салған соң,

Баба Түкті шашты Әзіз

Бабалары қамады.

Аруақ қонды басына,

Бабасы келіп қасына.

Атаңа нәлет қалмақты

Қолтықтап алып барады.

ұзын шұбақ тіректей

Апарып жерге сұлатты.

Ту сыртынан жарады,

Жүрегін кесіп алады.

Ер жүрегі қайтар ма,

Қанын сіміріп салады,

Сусыны енді қанады.   

Бұл  қалталы  Қарайманды  өлтірген  соң,  манағы  он  мың 

қалмақтарды  қуып  жетіп,  бәрін  жиып  алып:—Ақборықты 

тап,—дейді.  Бірақ  қызды  әскерлер  таба  алмайды,  сонысына 

1160

1170


1180

460

460


461

БӨГЕН  БАТыР

ашуланып  бәрін  де  қырып  тастайды.  Енді  әскерді  қырып  бо-

лып, Ақборықты іздейді, дүниені шарлап таба алмайды. Сөйтіп 

жүріп  бетпақтың  шөліне  келе  жатқанда,  шұбар  ат  шөлдеп 

жүрмей қалады. шұбар ат жүрмеген соң, ашуланып, иыққа са-

лып көтеріп жүре береді.

Ендігі  хабарды  Ақборықтан  естіңіз.  Ақборық  шыңырауда 

жатып  Қарасүйменге  айтты:—Маған  зәбір  бердің,  түбінде 

мен саған тиемін ғой, мені жарық дүниеге шығар, күнді, айды 

көрейін,—деді. Бұл сөзін Қарасүймен қабыл етіп, шыңыраудан 

шығарды. Қамыстан күрке жасап, оған Ақборықты отырғызады. 

Қарасүймен  жақын  жердегі  суға  қармақ  салып,  балық  аулап 

тамақ етіп, күнелтіп жүре береді.

Бір күні балықтың ішек-қарнына бір қара құс келіп қонды. 

Ақборық  құсқа  айтты:—Қарайманның  қызы  Ақборық  едім, 

мені  Қарасүймен  алдап  алып  кетті,  ноғайлының  елінен  Бөген 

батыр  мені  іздеп  келіп,  таба  алмай  кетті,  осы  күні  қайда 

жүргенін білмеймін, ахиреттік дос болайын, сол Бөгенге хат бе-

рейін,  соны  тапсыр,—деді.  Қарақұс  айтады:—Қырық  күннен 

бері тамақ ішкен жоқпын, тамақ ішейін, қағазыңды жаз, тап-

сырамын,—деді.  Содан  Ақборық  көзінен  аққан  қанымен  хат 

жазып, қарақұстың қанатына байлап жіберді. Қарақұс дүниені 

айналды, таба алмады, шөлдеп арып-ашып, жерден әзер ұшып 

келе жатқанда, әлсіреп құлап қалды. Дем алып болып иен дала-

да   ұшып келе жатқанда, бетпақ далада бір қараны көрді. Келіп 

қараса,  атының  төрт  аяғын  буып,  арқалап  келе  жатқан  Бөген 

батыр екен. Қарақұс жақындап келгенде, Бөген батыр атайын 

деп  келе  жатқанда,  қарақұс  қанатындағы  қағазды  лақтырып 

тастап, анадай жерге барып қонып отырды.

Бөген  қағазды  қолына  алып,  Ақборық  жазғанын  біл-

ді.  Хатындағы  айтқан  сөзі:    «Алты  айшылық  жол  дария... 

уәделескен  жерімде  бір  күнді  кем  айтқан  екенмін,  сізден  бір 

күн бұрын келдім, түнде көзімді байлап атқа мінгізіп қызылбас 

Қарасүймен алып кетті». Оны түсте білдім, бірақ атым әйел ғой, 

еріп  жүре  бердім.  Ештеңе  қолымнан  келмеді»  деп.  Бұл  хабар-

ды  естіген  соң  Бөген  батыр  налып,  әрі-бері  отырып  шұбарға 

мініп жүріп еді, ат жүрмеді. Сонан кейін шұбар атты аунатып-

қуантып, оттатып атына мініп алып жүре берді.

Бірнеше күн өткеннен кейін, алдынан бір көк тау көрінді. 

Қасына жақындап келсе, тау емес, жылан болып шықты. Жы-


462

БАТыРлАР  ЖыРы

462

463


лан  балаға  айтты:—Қайда  барасың,  қайдан  келесің?—деді. 

Бөген батыр тайынбай:—Іздеп келе жатқан жоғым бар, соған 

келемін»,—деді.  Жылан  Бөгенге:—Өлесің,  одан  да  қайт!—

деді.  Бала:—Жоғыма  барамын,  жолымды  аш!—деді.  Бұл 

уақытта  жылан  баланы  орап  ала  бергенде,  бала  қысылып, 

өлетін  жылқыдай  қырылдай  берді.  Бөген  батыр  қысылып 

өлер  болғансын,  батыр  бабасына  сиынып:  «Я  бабам!  Бір  жы-

ланнан жазым болып өлемін бе? Күшімді жиып шұбар атпен 

Қиғашта ұрыса алмай өлгенім бе, бабам, ілгегімді ағыт» дейді. 

Бұл уақытта сиқырлы жылан болып келген Қарасүймен екен, 

сиқыры жазылып, жылан сылқ етіп құлайды. Ілгек деген сол 

жыланның  аты  екен.  Жылан  құлағаннан  кейін,  Бөген  батыр 

жыланның  алты  басын  кесіп,  бір  басына  әлі  келмей  шала 

тастап кетеді. Жыланды өлтіргеннен кейін күн жарым өткесін, 

оның күрке-сарайына келіп қалады. Күркенің сыртына келіп, 

Ақборыққа айтқан сөзі:

—Ханның қызы Ақборық,

Аманбысың, саумысың?

Аман-есен бар болсаң,

Басыңды көтер, Ақборық,

Бөген келді қасыңа.

Жаның болса кеудеңде,

Тұр деп айғай салады,

Екінші айғай салғанда,

Ақборық орнынан тұрады.

—Батыр-ау!  Әйелдігімен  жатқа  қатын  болып,  ішіме  бала 

салып,  соның  үшін  бетіңді  көре  алмай  тұрмын,—дейді.  Іші-

не  киімін  тығып,  Бөген  батыр  не  дер  екен  деп,  буаз  әйел  бо-

лып  далаға  шықты.  Бөген:—Бір  бала  емес,  он  бала  тапсаң  да, 

жүр  соңымнан,—дейді.  Қыз  тіпті  он  бала  тапсаң  да  жүр  де-

генге риза болып, күліп, ішіндегі тыққан киімін алып тастап, 

батырға  сәлем  берді.  Біраз  уақыт  сәлемдесіп  болғаннан  кейін, 

елге қайтпақшы болды. Елге қайтқанда Ақборықты іздегенде-

гі  соғысқан  жерімен  жүрмекші  болады.  Сол  соғысқан  тауына 

қарай  жүріп,  жолшыбай  олжалап  алған  жүгін  артып,  қырық 

құл, қырық күң алып, еліне қайтып келе жатады.

 

1190


462

462


463

БӨГЕН  БАТыР

Малды топтап айдайды,

Дүниені теңдеп артады.

Қаңғырып жүрген сорлыны

лек-лек қылып қосақтап

Айдаса жөнге жүрмеген,

Жүген, құрық тимеген,

Құландай болып ойнаған

Мал соңына салады.

Осындай  айдаған  сансыз  мал,  есепсіз  байлық,  қосақтап 

мал  соңына  салған  құлмен,  күңмен  ай  жарым  өткенде,  әке-

шешесінің  Жиренкөліне  жетеді.  Жиренкөлге  жақындағаннан 

кейін  батырдың  өзі  бастап,  көл  жағасына  келіп,  қонып 

тынығады. Айдап келген малдың жайылып жүргенін Жанайдың 

жылқышылары  көріп,  «не  деген  көп  мал»  деп,  мал  ішін  ара-

лап,  қонған  қосқа  келсе,  өздерінің  қолынан  өсірген  Бөген  ба-

тыр екенін көріп, амандасып танысады. Амандасып болған соң, 

жылқышылар қайғымен қан жұтып отырған кемпір-шалға ха-

бар салып, сүйінші сұрауға бет-бетімен елге шабады.

Ауылға  келіп,  кемпір-шалдан  сүйінші  сұрайды.  Бірақ, 

бұрын да «Бөген келді» деп алдаушы еді, сондықтан кемпір-шал 

нанбайды,  әйтсе  де  рас  айтылған  шығар  деген  оймен  екі  басы 

толы  бір  қоржын  ділдә  береді.  шыдай  алмай,  Жиренкөлдің 

жағасына қарай шал жүре берді. Жылқышылар ділдәні үлесіп, 

мәз-мәйрам болып қалды.

Көздерінің алды іріңдеп,

Көкірегі сырылдап,

Басқан сайын сүрініп,

Келе жатқан секілді.

Әрі-бірі  жүрген  соң,  қырдың  басына  шықты.  Қыр  басынан 

төмен қарағанда, Жиренкөлді, ондағы жайылып жатқан малды 

көрді де, бүкеңдеп төмен қарай жүре береді. Бұл уақытта Бөген 

мен Ақборық «кемпір-шалдың жүрегі жарылып  кетер» деп ал-

дынан шығып, қол қусырып бабасына қолын берді. Кемпір-шал 

баласының аман-есен келгеніне қуанып, он сегіз жасар қыз бен 

жігіттей болды.

1200


464

БАТыРлАР  ЖыРы

Қасқа болған шешесі

Тілеп алған жалғыздың

Жүрегіне жүрегін таяды,

Өкпеге өкпе тигізді.

Ойбайын салып жылады,

шыбындай жанын бұлады.

шағалалы көлдей шалқыды,

Қатып қалған көңдері

Қорғасындай балқыды.

Таудағы жаман тарландай

Дарылдап даусы шығады.

Ителгі құстай ыңқылдап,

Күшігіндей шыңқылдап,

Таң азанда сайраған

Бұлбұл құстың дауысындай

Кемпірдің даусы аңқыды.

Бөген кемпір-шалдың жылауын қоймайтынын білген соң:

—Ай, ата, ана неге жылайсың, қойыңыз! Балаңыз аман кел-

ді ғой,—деді. Кемпір-шал жыласқанын қойып, Бөгеннің тіккен 

отауына келіп, мауқын басып, үйіне кері қайтты. Үйіне келіп, 

бүкіл ноғайлы елін Жиренкөлге жағалай қондырды. Елдің көбі 

бір жерге жиналған соң мал сойып, ат шаптырып, алтын қабақ 

аттырып, балуан күрестіріп, отыз күн ойын, қырық күн тойын 

істеп, халықты қызыққа батырды.  

1210

1220


464

Күндерде күн өткенде, 

Күн мәріне жеткенде

Ақборық буаз болады,

Туарманға жақындап.

Бұл  ноғайлының  ханының  қыздары—Қанікей,  Тінікей: 

«Бөген  кәпірден  қыз  алды»  деп  қастық  ойлап,  Ақборыққа 

күндес  болады.  Егерде  бала  тапса,  оған  залал  келтірмекші  бо-

лып мыстан кемпірге сөйлесіп қояды. 

Бөген  батырдың  әйеліне  «құтты  болсын  айтамыз»  деп 

Қырымның  қырық  батыры  келеді.  Әлденеше  күн  қонақ 

болғаннан  кейін,  қайтуларына  таянғанда,  қырық  батыр  бы-

лай  дейді:—Бөген  батыр,  Еділ-Жайық  бойында  құс  салып,  ит 

жүгіртелік, бізбен бірге жүр,—дейді. Батырлардың көңілдерін 

қимай, Бөген еріп кетеді.

 

Бұл батырларды сұрасаң:



Сүйініштің ұлы Тоған бар,

Ал оңайын десең соған бар

Қырымнан шыққан Тарғын бар,

Жау келсе жалғыз өзі бар.

Ал сол күндерде қарасаң,

Басылмай жүрген қарқын бар.

Бұл батырдың ішінде

Кімдер бар да, кімдер жоқ.

Жаңбыршының ұлы Телағыс,

Боқсақтың бойы боз қамыс.

Мұсадан туған отыз ұл,

Бөген батыр



(І.Нұрмағамбетов нұсқасы. ІІ үлгі)

30-310


10

466

БАТыРлАР  ЖыРы

466

467


Енді Смайыл-Тобаяқ

Ойлап тұрсаң о да бар.

Орақтан қалған қос жетім—

Қарасай, Қази бұ да бар.

Байбөрі бай баласы

Алпамыс батыр тағы бар.

Алпамыспенен дос болған

Нәсілі кәпір демесең,

Қаражан батыр бұ да бар.

Осы сөзге құлақ сал,

Құлағың сал да есіңе ал,

Есіңе алсаң, несі бар.

Бұл кісінің ішінде

шынтемір ұлы Әділхан

Астына мінген сары ала ат,

Қолтығында қос қанат,

Еңіреп жүрген ер еді.

Айыбы жалғыз демесең,

Сымбаты сұлу төре еді,

Әділхан төре бұ да бар.

Бұл  уақытта  батырлар  жүрмекші  болып  Бөгенді  ертіп 

қырық  батыр  Еділ-Жайыққа  келеді.  Қырық  бір  батырдың  иті 

қаңқылдап, құстары саңқылдап, мәз. Бөген кетерінде еліне:—

Әйелім бала тапса, сүйінші сұрап Ақ-жайыққа келерсің,—деп 

тапсырады. Батыр мәз-майрам болып жүре береді. Бөген кеткен 

соң,  көп  кешікпей  Ақборық  толғатып  бір  ұл,  бір  қыз  табады. 

ұлының  атын  Тұрғын,  қызының  атын  Ақбілек  қояды.  Мұны 

Қанікей, Тінікей естіп, Ақборыққа ақ аюдың мұрын терісін ис-

кетіп, талдырдып тастап, екі баланың орнына екі иттің күшігін 

салып, мыстан кемпірді шақырып алып:— Екі баланың екеуін 

де жоқ ет,—деп, екі қоржын ділдә береді. Бұл сөзді кемпір есті-

ген соң, қолына темір таяқ алып, аяғына темір етік киіп, екі ба-

ланы арқалап жүріп кете береді. Темір таяқтан тебендей, темір 

етіктен  теңгедей  қалғанда,  екі  баланы  бетпақтың  шөліндегі, 

жолаушының жолындағы сексен күндік шөлде жатқан қырық 

құлаш шыңрауға салып, кемпір кейін қайтты.

Бұл  уақытта  қатының  күшік  тапты  деп  айта  алмай,  қалай 

естіртудің амалын таба алмай, ноғайлы руы сеңдей соғылады. 

20

30


466

466


467

БӨГЕН  БАТыР

Әйтсе де көп уақыт өтпей-ақ бір  адам Бөген батырға хабар салуға 

барады. Бұл уақытта батыр «елден хабар болмады» деп, асып-са-

сып, құс салып, ит жүгіртуге көңлінің қосы келмей жүрген кез 

еді.  Сол  кезде  ауылдан  хабарға  барған  кісіге  жолықты.  Бөген 

батыр амандасып болуға шыдамай, «аман ба?» деп сұрады.

Хабаршының сөзі:

—Елдің амандығы құрсын,

Кешегі бір күндегі

Бақтың асқан кезінде,

Бірнеше жыл жол жүріп,

Керіп алған көріктің,

Сүйіп алған тектің

Тап тоғыз ай, тоғыз күн болғанда,

Соғысып алған Ақборығың

Қос қара мойнақ иттің күшігін тапты.

—деп  хабар  берді.  Бұл  уақытта  батыр  не  боларын  білмей, 

қасында жүрген қырық батырды шақырды. Қырық батыр өзінің 

елінен ертіп шыққан жолдастары еді. Бұлар келген соң:—Ай, 

жігіттер,  кешегі  Ақборық  қос  қара  мойнақ  ит  тауыпты,  соны 

дарға асып, я болмаса құла су деген дариядағы аралға апарып 

екі  күшігімен  тастаңыз!—деп  бұйрық  береді.  Батыр  айтқан 

соң амал бар ма, қырық батыр ауылға келіп Ақборықты тауып 

алып,  дарға  асуға  қимай,  құла  судағы  аралға  екі  күшігімен 

әкеліп тастап, қырық жендет батырлар кері қайтты.

Ендігі хабар бұдан үш күн бұрын мыстан кемпірдің шыңрауға 

келіп тастаған екі баланың жайынан.

Жиренкөл  мен  қырық  құлаш  шыңыраудың  екі  арасы  сек-

сен  күндік  жер  екен.  Бірақ  бұл  шыңрау  қаласы  керуеншінің 

жолындағы  шыңрау  болса  керек.  Кемпір  тастағаннан  кейін, 

үш күннен соң, қырық нарға жүк артқан өзбектер он күн шөлде 

жүріп, шыңрауға келіп қонды. шөлдеп келген  сарттар жүгін 

түсірмей жатып, шыңрауға қауға салады. Бұл салған қауғаны 

екі бала жұлып алып қала береді. Соның қырық қауғасын салса 

да сарттар су алып іше алмай, шөлдеп өлер болады.

  Көп  сарттың  ішіндегі  бір  молдасы  келіп:—  Мені  құдыққа 

сал,  болса  да  шөлдеп  өлетін  болдық  қой,—деп,  беліне  арқан 

байлатып  құдыққа  түсті.  Бұл  уақытта  құдықтың  түбіне 

40


468

БАТыРлАР  ЖыРы

468

469


жақындағанда, қауғаның үстінде  томпиып отырған екі баланы 

көрді.  Молданы  бала  көре  салып  «басын  жұлып  алайын»  деп, 

тұра ұмтылып еді, қасындағы қарындасы адам екенін біліп жі-

бермеді. Екі баланың сөзі:

—Құдай еді панамыз,

шыңырау еді анамыз,

шыңыраудан туған баламыз.

Құдайдан бөтен пана жоқ,

шыңыраудан бөтен ана жоқ,

Құлақтан бөтен қара жоқ,

Тәңірі салса шара жоқ.

Олай болса, ей, аға,

Су алам деп ойлама!—

деп,  су  бермейді.—Су  керек  болса,  бізді  жарық  дүниеге 

шығарып, түрлі олжа бер,—дейді. Молда: олжа берем, жарық 

дүниеге шығарам,—деп уәдесін береді. Молда арқанды сілкіп, 

екі  баланы  құшақтастырып,  қауғаны  жинап  далаға  шықты. 

Балалар  жалаңаш  екен,  әбүйірі  көрінетін  болды.  Сондықтан 

балаларға  көйлек,  дамбал  беріп,  қалашылар  әбден  тынығып 

алып, екі күннен кейін көше бастайды. Бала еріп кетеді. Балаға 

берем деген сыйлығын бермей, үш күнге шейін әуре етеді. Бұл 

уақытта бала сыйлық бермейтінін біліп ашуланады, ол уақытта 

сарттар «неге ашуланасың?» деп ұра бастайды. Тегі батырдың 

тұқымы  болғандықтан,  Тұрғын  бала  қорлыққа  шыдамай, 

қалашылардың  қолындағы  қырық  нарын,  сексен  тай  жүгін 

тартып  алып,  саудагерлерді  қаңғыртып  қалдырады.  Қырық 

нар, сексен тай жүкпен шыңраудың басында қалған қарындасы 

Ақбілекке келеді. Келгеннен соң жүкті ақтарып, киініп алады. 

Қабырғадан жақ, жыңғылдан шыңғақ оқ жасап,  құлан-бұлан 

атып, күн көріп жата береді. 

Баяғы Бөген батыр қайғыланып, қатыны күшік тапқан соң, 

жұрт  бетін  көре  алмай,  үйде  жата  береді  екен.  Бұл  Бөгеннің 

қайғыланғанын біліп, өзінің жолдастары—қырық батыр қайта 

келіп, сәлемдесіп, Жайық бойына ит салып, құс жүгіртуге ер-

тіп  кетеді.  Еділ-Жайыққа  қарай  қырық  көкжал,  кілең  батыр-

лар келе жатқан сияқты. 

50


468

468


469

БӨГЕН  БАТыР

Қырық көкжал бірігіп,

Көрінгенге ұрынып,

Ауыздары бірігіп,

Еділге қарай жүреді.

Еділ суының бойындағы жер бетіндегі қалың тоғайлықтың 

шөбіндей  болып,  суға  қанған  аққу,  қаз,  үйрек  тағы  құстарға 

қырық  бір  көк  тұйғындарын  құсқа  қарай  ұшырып  жібереді. 

Бұл уақытқа шейін Бөген батырдың сары ала тұйғыны өмірде 

қашпаған  еді.  Бұл  құсқа  салған  уақытта,  жер  бауырлап  қаша 

бастайды.  Сол  қашқан  сары  ала  тұйғын  қашумен  келіп,  екі 

баланың мекен еткен қырық құлаш шыңраудың қасына келіп, 

қалашының  жұртына  қонады.  Тұйғынның  қонғанын  біліп, 

Ақбілек  сұлу  тұйғынның  шұбатылған  жібек  бауынан  ұстап, 

қолына  қондырады.  Тұйғынның  қашқан  ізімен  көп  уақыттан 

кейін Бөген келеді. Келе жатқан Бөгенді көріп, жақындағанда 

Ақбілек сұлу қол қусырып сәлем береді. Бала көрмеген сорлы 

бойы  елжіреп  кетіп,  сәлемін  қабыл  алады.  Екеуі  амандасып 

болғаннан  кейін,  «тұйғынымды  бер»  деп  Бөген  батыр  қыздан 

сұрайды. Қыздың сөзі:

—Ата, ағайынды екеу едік, өзімнен үлкен ағам бар еді, соған 

тұйғыныңды бер, ағам ермек етсін,— дейді.

 

—Құдай еді панамыз,



шыңраудан туған баламыз.

Құла жонда өсіп ек,

Айналайын, жан ата,

Тұйғыныңды беріңіз!

Қасымдағы ағамның

Астында аты, қолында құсы жоқ,

Ермек етсін жан аға.

Сен бермесең, жан ата,

Кімдерге барып айтамыз,

Кімдерді іздеп табамыз?

Жалғыз еді ағекем,

Тұйғыныңды беріп кет,

Ермек етсін жан көкем.

Ағаммен дос болыңыз,

Мен үшін аттан түсіңіз.

60

70



470

БАТыРлАР  ЖыРы

470

471


Жаманды-жақсы тамақ бар,

Аттан түсіп, жан ата,

Бізден тамақ ішіңіз!

Ағам аңға кетіп еді,

Тамақ піскенде келеді.

Бір азырақ кідіріңіз,

Жан көкемді көріңіз,

Бізбенен дос болыңыз.

Аға, ештеңе етпес,

Тұйғыныңызды беріңіз,—дейді.

Бөгеннің сөзі:

—Маңдайдағы екі көз

Бір-біріне ел емес.

Мені сыйлап ата десеңіз,

Атаңды әуре, мазақ етпеңіз!

Мазақ етуіңді, жан балам, 

Екі дүниеде жөн көрмен.

Жөн болмаса, жан балам,

Тұйғынымды беріңіз,—

деп Бөген батыр, тұйғынына қолын ұсынады. Сөйтіп, тұйғынын 

алып Бөген батыр еліне қайтып келе жатқан сияқты. Сары ала 

тұйғынды  қамшы  етіп,  шұбар  атты  гулетіп,  екі  иығынан  дем 

алып,  шаңдатып,  жер  танабын  қуырып,  жан-жағына  алаңдап 

Бөген сынды сұр берен еліне келген секілді. Еңсесі биік ақ орда 

еңкейе  барып  кіреді,  түсе  бара  құлады.  Құр  даладағы  баланы 

көрген соң зарланып:—Құдайым шыңрауға бала беріпті, маған 

неге  бермейді?!—деп  жылайды.  «Тұйғыны  қашқан  соң,  Бөген 

батыр соны қуып кетіп еді» деп, қырық батыр Еділ бойына тағы 

ертіп  алып  кетпекші  болып,  қайта  келеді.  Бұл  сапар  батыр 

қан  жұтып,  өте  жүдеу  болғандықтан,  келіп  қырық  батырдан 

ұлықсат сұрап бармай қалады. Сол қалғаннан Бөген ішкені ас, 

кигені киім болмай жата береді.

Қанікей  мен  Тінікей  кемпірге  айтады:—Біз  бір  хабар 

естідік, бір-екі бала «шыңрау еді анамыз» деп зарлап жүр,—

дейді.  Олай  болса,  сол  баланы  қайда  тастадың?  Болса  жоқ 

етіңіз, алты қоржын ділдә береміз,—дейді. Бұл хабарды есті-

80

90


470

470


471

БӨГЕН  БАТыР

ген кемпір қуанып екі етегін түрініп, емрең қағып жүре береді. 

Бірнеше  күн  жүргеннен  кейін  өзінің  тастаған  шыңрауына 

жақындап келіп байқаса, бұрыңғыдай емес, үй және жайылып 

жүрген малды көреді. Бір сұмдықтың болғанын біліп, кемпір 

қайыршы  болып,  тігулі  тұрған  үйге  келеді.  Кіріп  келсе,  ай 

десе аузы бар, күн десе көзі бар жас қыз бала отыр екен, соны 

көреді.  Қыз  кемпірді  көріп,  сәлем  береді.  Сәлем  беріп  болған 

соң:—Нағып,  қайдан  жүрген  адамсыз?—деп  қыз  сұрайды. 

Кемпір:—Үй жоқ, күй жоқ,  балам жоқ, бай жоқ, елімнен ада-

сып  жүрмін,  қайыршы  кемпір  едім,—дейді.  Қайыршы  едім 

деген соң, үйінде тұрған құланның бір санын беріп тойғызады, 

кетейін  деп  жатқанда  кемпір  айтты:—Ағаңнан  да  қайыр 

сұраймын, келетін жолы қайсы?—дейді. Қыз:—Келетін жолы 

күншығыс,  кететін  жолы  күнбатыс,—деп,  ағасының  жолын 

көрсетті.  Кемпір  баланың  келетін  жолына  қарай  жүріп  келе 

жатқанда  баланы  көрді  де,  жолдың  оң  езуіне  қисайып  құлай 

кетті. Тұрғын батыр кемпірмен ісі болмай,  он құланы қолында, 

он  құланы  арқасында  өте  шықты.    Үйге  келгесін  қарындасы 

айтты:—Алдыңыздан  қайыр  сұраған  кемпір  жолықты  ма, 

жолықса  не  бердіңіз?—  деді.—Ай,  қарағым,  неге  жібердің, 

шеше етіп алатын едік,—деп, кемпірдің жатқан жеріне қарай 

жүгіріп  барып,  кемпірді  су  бүркіп  тірілтіп  алып,  үйіне  алып 

келді.  Мыстан  кемпір  әбден  үйреніп  алған  соң,  қызға  айт-

ты:—Мына  қыпшақтың  тауында  Тәпелтес  деген  қалмақ 

патшасының  қызы  бар,  соны  әкелсін,  ағаңа  айт,  маған  келін 

керек,  саған  жеңге  керек,—дейді.  Бұл  сөзді  Ақбілек  қабыл 

етіп,  ағасына  әлденеше  рет  жылап,  Тәпелтесті  іздетіп  жібе-

реді. Ағасы жаяу іздеп кетеді. Қара жолмен келе жатса, жол 

үш айрылады. Әр қайсысында жолдың жазуы бар екен:

Бірінші Елек ағымы. Екінші Аягөз. Үшінші Тәпелтес.

Үшінші  жолға  түсіп  жүріп  келе  жатқанда  әбден  шаршап, 

әлі  құрып,  жылауға  шамасы  келмей  келе  жатқанда,  алдынан 

шыққан түтінді көреді. Жақындап келіп қараса, ақ отау тігулі 

тұр  екен.  Сәлем  беріп  кіріп  келсе,  бір  кемпір  отыр.  шөлдеген 

бала келе сала кемпірдің екі емшегіне ауыз салды, әбден сусы-

нын қандырып еміп болған соң, баладан кемпір сұрады:—Нағып 

жүрген  адамсың?—деп.  Бала:—Менің  атым—Тұрғын  батыр, 

ноғайлы деген елден келемін, Тәпелтес деген қалмақ қызын із-

деп алмаққа келемін,—дейді. 


472

БАТыРлАР  ЖыРы

472

473


Кемпір айтады:—Менің емшегім иімегеніне қырық жыл бо-

лып еді, саған иіді Тәпелтес менің қызым еді,—деп, сол жерде 

кемпір отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп, Тұрғын батырға 

қызын берді. Үш күн жолда жүрген соң, Тәпелтес Тұрғынға айт-

ты:—Сен шешеме барып сәлем беріп кет. Бір-екі рет бұйымым 

бар  деп  айт  та,    үшінші  ретте  қолыңыздағы  жай  тасыңызды 

бер,—деп сұра деді.

Тұрғын батыр Тәпелтестің айтқанын істеп, шешесіне сәлем 

беріп,  кетерде:—Бір-екі  рет  бұйымым  бар  үшінші  ретте  жай 

тасыңызды бер?—деп сұрады. Кемпір беріп, қала берді. Тасты 

қолына ұстап, екі күн жүріп шыңрауға келіп жетті.

Он  екі  ай  өткесін,  баяғы  мыстан  кемпір  қызға  айтты:—

Тұрғынды  жұмсап,  Ақ  судан  су  алдыр,  ішсең  өте  жақсы  бо-

лады,—деп  алдайды.  Ақбілек  жылап,  қоймай,  ағасын  суға 

жұмсады.  Тұрғынның  қайнынан  мініп  келген  Қара  шолақ 

тұлпарын мінгізіп, қолына қара шолақ қылыш беріп аттанды-

рып жіберді.

Тұрғын батыр баяғы қара жолға түсіп, Ақ суға қарай жүретін 

айрығына қарай келе жатса, алдынан аспанмен тірескен байте-

ректі  көрді.  Қасына  келіп,  атын  байлап,  дем  алып  отырғанда, 

терек  басындағы  үш  балапанды    көріп,  қарап  тұрса,  теректің 

ар  жағында  он  шақырымдық  жерде  екі  жылан  таласып  жүр 

екен. Көре салды  да, атын терекке байлауымен қалдырып, өзі 

қылышын қолына алып, екі жыланды барып бір жарым күннің 

ішінде өлтіріп, атына келіп, қайтадан дем алып отыра кетіп еді, 

атын  отқа  қоя  беріп  болған  кезде,  көзі  ілініп  кетіп,  ұйықтап 

қалды. Батыр Тұрғын ұйықтап жатқанда,

Жаңбырлатып, шықтатып,

Тау қабақтай домалап,

Тас бұршақтай жапалап,

Алыстан жерді қуырып

Самұрық құс келеді.

Келе салып самұрық

Баланы жұтпақ болады.

Үш бірдей балапан:

—Айналайын, анеке,

Ойбай жұтпа,—деп,—баланы,

Алқымынан алады.

100


472

472


473

БӨГЕН  БАТыР

—Олай болса, балам—деп,

Көтінен саңқып тастайды.

Бұл  саңқып  тастағаннан  кейін,  самұрық:—Неге  жұтпа  деп 

айттыңыз?—  деп  сұрайды.—Өлтірме  деп  айтқанымыз,  бұл 

адам  біздің  дұшпанымыз—екі  айдаһарды  өлтірді,—дейді. 

Сондықтан өлтірме деп айтқанымыз,—дейді. Заты хайуан ғой, 

солай болса да адам қадірін біліп, өзінше сыйлық көрсетті. Со-

нымен Тұрғын дем алып, Ақ суға қарай жол шекті. Бірнеше күн 

жол  жүргеннен  кейін  Ақ  суға  жақындады.  Айналасы  қалың 

қалмақтың  елі  екен.  Бұдан  қалай  су  алуын  білмей,  айналып 

жүріп, Ақ судың жұқалау жеріне келіп, су үшін ойранды сала-

ды.  


Суды Тұрғын алған уақытта,

Қалмақтар қарсы тұрады.

Қарсы тұрған қалмаққа

Тұрғын батыр ұрыс салады.

Әбден қызып алған соң,

шуылдаған қалмақтың 

Оң  келгенін оң атты,

Сол келгенін сол атты.

Тіпті жауға болмады,

Он күндей соғыс болады.

Солқылдаған мырзасын

Табанға салып жүн қылды.

Қақпаның аузын қандатып,

шарбақтың аузын шаңдатып,

Бір ай жарым болғанда,

ұрысқа шыққан қалмақты

Тегіс бәрін қырады.

Қырылғаны қырылып,

Қалғаны қашып кетеді.

Қалмақты қырып болғансын, Тұрғын батыр еліне қайтады. 

Бұл суын алғансын, қайтып келе жатып, самұрықтың балапа-

ны қалған терекке соғады. Сол жерде үш күн, үш түн дем алып 

жатады. Бұл теректе дем алып жатқаннан кейін, самұрық құс 

айтады:


110

120


474

БАТыРлАР  ЖыРы

474

475


—Ай, досым Тұрғын,

Жақсының жауы жаман-ды.

Жақыннан жау шықса,

Аударып кетер табанды.

Абайлашы, аңдышы,

Аударып кетіп қалмасын,

Үйіңде бар бір дұшпан.

Өлімге сені айдаған,

Өлімге басыңды ұйғарған.

Қапылыста, жан достым,

Табанына дұшпанның 

Қапылыста түспегін!

Осы сапар барыңыз,

Мәні-жайын байқаңыз.

Қиын-қыстау іс түсіп,

Қинала қойсаң, жан достым,

Өзіме қайтып келіңіз.

Содан  кейін  қайтуға  ойланып,  құс  болса  да  амандасып  бо-

лып, Тұрғын  батыр атына мініп, еліне қайтпақ болды. Жолда 

неше күн жүріп, аман-есен шыңраудан Ақбілек қарындасына, 

Тәпелтес әйеліне келеді.

Ат дүбірі естіліп,

Жүгіре үйден шығады.

Қарындасы Ақбілек

Өкпесін алып қолына

Алдынан шықты батырдың

Оймақтай аузы бүріліп.

Тоғайға шыққан шешектей

Екі беті қызарып,

Аш белінен бұралып,

«Келдің бе?» деп ағасына.

—Аман болсаң, ағажан,

Тілекті Құдай бергені, 

Аман-есен көргенім.

Жалғыз ағам шамшырақ, 

Аман-есен көрдім,—деп,

Өлгенде көрген ағасын

130


140

150


474

474


475

БӨГЕН  БАТыР

Таудай болып ісініп,

Сылқылдаған Ақбілек

Ағасының атын жетелеп,

Үйге әкеп түсірді.

Сағынып ағасының әлденеше уақыт жүріп әкелген Ақ суын 

ішіп  қарап,  сонда  асыл  су  екеніне  таң  қалды.  Сөйтіп  отырып, 

әуелгі  Тәпелтеспен  әкелген  ақ  тасына  бүркіп  қарап  бал  ашып 

еді,  ағасымен  екеуі  жас  кезінен  шешесінен  айрылып,  жалма-

уыз кемпірдің екеуін қырық құлаш шыңрауға салғанын, одан 

екі  баланың  шығып  күн  көргенін,  екінші  рет  жалмауыз  кем-

пір  шыңрауға  келіп,  Тұрғын  ағасын  келмеске  айдауын,  еке-

уін  тапқан  бойда,  «екі  иттің  күшігін  тапты»  деп,  әкесі  Бөген, 

әйелі Ақборықты дарияға жібергенін және өздерінің қаңғырып 

жүргенін  білді.  Мұны  ағасына  айтып  түсіндіргеннен  кейін, 

кемпір  мұны  сезіп  қалып,  әккі  болған  қубас  кемпір  қашады. 

Тұрғын келіп қашқан кемпірді ұстап алып байлап қояды. Одан 

кейін,  тамақ  ішіп  алып,  ақ  отауын  жығып,  өздерінің  туған 

жері Жиренкөлге көшіп, көштің ортасына кемпірді байлайды. 

Өзінің туған жеріне— Жиренкөл деген көлге, күдірейген белге 

әлденеше  күн  жол  жүріп,  келіп  жеткен  секілді.  Жолда  көшіп 

келе жатқанда, көштен озып, Тұрғын батыр қайғыланып жатқан 

әкесі  Бөгенге  келіп,  Ақ  ордаға  түсіп,  атын  байлап,  іркілмей 

келіп,  әкесінің  үйінің  есігін  басып,  қарауылда  тұрған  қырық 

жігітке қарамай, «өлтіреміз» деген сөздеріне құлақ аспай кіріп 

келді. Үйге кіріп, жүресінен әкесіне қарап отыра қалады. Бөген 

үйге келген дыбыстың адам екенін біліп, бір көзін ашып қараса, 

жас қана бала екен. Бөгеннің жүрегі, тула бойы елжіреп кетіп, 

көзінен  жас  төге  бастайды.  Көзінен  төгілген  жасымен  қасқа 

болған, бала көрмеген Бөген:—

Қайдан, нағып жүргенсің?—деп сұрайды.

Тұрғын:—Ай,  баба,  басыңды  көтер,  біз  де  ноғайлының  ба-

ласымыз,—деп  жауап  береді.  Бөген:—Қай  ноғайлы  дедің? 

Тұрғын:—Үлкен  атамыз  ноғайлының  атақты—Жанай  қарты 

екен, соның баласы—Бөген, шешеміз—Ақборық,—деп жауап 

берді. Қазір шешеміз қайда, соны тауып бер?!—деді.

Бөген:—Не деп отырсың?—деп басын көтеріп алды да,  ай, 

қарағым,  қайдан  жүрсің,  қандай  адамсын,  жөніңді  дұрыстап 

айт?—деді.  Тұрғын:—Несін  айтайын,  мына  суды  алып,  осы 

160


476

БАТыРлАР  ЖыРы

тасқа  қойып  қарап  біліңіз,  мені  көп  сөйлетпе,—дейді  де,  жай 

тасты Бөгенге  ұстатып, жайына отыра береді. Есік алдындағы 

қырық  жендет:  «Батырдың  үйіне  өмірде  ұрықсатсыз  ат 

байланбаған, өз бетімен ат байлаған кім?» деп аттарын ойнатып 

жетіп  келеді.  Оған  Тұрғын  ешнәрсе  деп  қысылмай,  қасқайып 

отыра береді. Әкесі тасқа қарап далаға жүгіре шығып, қырық 

жендетке:—Дариядағы аралда жатқан Ақборықты әкел!—дей-

ді. Батыр айтқан соң амал жоқ, бұрынғыдай заман жоқ, қырық 

жендет  шабуылдап  бұрынғы  белгілі  дариядан  артық  туған 

сұлуды, сүйіп алған батырдың Ақборық жарын ұзамай-ақ алып 

келеді. Екі күшік ит болып өскен екен, оларды да қоса әкелді.

Ақборық келгеннен кейін, мына жағында тұрған қарындасы 

Ақбілек,  әйелі  Тәпелтес  үлкен  көш  керуенмен  олар  да  келеді. 

Бөген  баласы,  әйелі  келгеннен  көңлі  тасып,  бүкіл  ноғайлы 

еліңдегі халықты шақырып, сансыз мал сойып, отыз үй тігіп, 

отыз  күн  ойын,  қырық  күн  тойын  қылып,  алтын  қабақты  ат-

тырып,  ноғайлы  елін  қызыққа  баттырады.  Мыстан  кемпірді 

халық алдында дарға асып өлтіреді. Оған қосылып, дұшпандық 

қылған  ханның  қызы  Қанікей  мен  Тінікейдің  жұрт  алдын-

да бетіне күйе жағылып, ел алдында айыптары әшкереленеді. 

Бұның  үстіне,  өзінің  жолдастары—қырымның  атақты  қырық 

батырын  қонақ  етіп,  үш  айдың  жүзі  болғанда  тойының  аяғы 

тарқап  бітеді.  Бөген  баласы  табылғаннан  кейін,  көңілі  тасып, 

әлденеше жыл қайғылы жүргенін ұмытып, Тұрғынға үй тігіп, 

еншісін беріп, дүниеден армансыз болып өтеді.  


476

ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Ноғайлы жырларының бір үлгісі—



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет