Мадияр КЕНЖЕБОЛАТ,
экономика ғылымдарының кандидаты
25 бастама
25 БЕЛЕС
116
Таяу болашақта бізді баяғыдан байланыстырған Ұлы Жібек жолын
әлемнің барлық елдерін бұрынғыдан бетер тоқайластырар бас желіге
айналдыруға тиіспіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
І Еуразия экономикалық саммитінде сөйлеген сөзінен. 26 сәуір, 2000 жыл
Б
үгінде Еуразияда бірнеше түркі мемлекетінің тарих сахнасына шығуымен бірге,
«Ұлы Жібек жолын» жаңғыртудың әртүрлі жобалары талқылана бастады.
Себебі, бірнеше ғасыр бойы бір-бірінен ажырап қалған туыс халықтардың
өз тә уелсіздіктерін сақтап, іргелі экономикалық күшке айналуы, ұлан-ғайыр
аумақтарының транзиттік әлеуетін игеруі осы салада бірлесіп жұмыс істеулеріне
байланысты екені белгілі.
Түркі кеңесі көлік және тасымал мәселесіне де ерекше көңіл бөлуде. 2012 жылы
өткен Түркі кеңесі II саммитінде Мемлекет басшылары көлік саласы министрлеріне
тұрақты түрде кездесіп тұруды тапсырды. Қазақстан Президентінің ұсынысымен 2013
жылы Әзербайжанда өткен Түркі кеңесінің ІІІ саммитінің тақырыбы да көлік, тасымал
саласындағы ынтымақтастыққа арналды. Алқалы жиында Нұрсұлтан Әбішұлы мүше
мемлекеттердiң аумағынан өтетiн транзиттiк көлiк дәліздерінің жүк тасымалдаудағы
әлеуетiнiң арта түскенiне назар аударып, Шығыс – Батыс бағытындағы осы әлеуеттi
жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастықты ұлғайту керектiгiн айтты. Бұл тұрғыдан
алғанда, Жібек жолын жаңа заманға сай қайта жаңғыртатын, құрлық көлігін дамытатын
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолының маңызы ерекше екені белгілі. Жезқазған
жерінде жүзеге асқан стратегиялық жасампаз жолды да теріскей мен күнгейді, Шығыс
пен Батысты жалғайтын осы ғасыр жобасы төңірегінде қарастыруға болады.
Жалпы, тәуелсіздік жылдары 2300 шақырымнан астам теміржол салынған екен. Ал
«Бейнеу – Жезқазған» теміржолы – тәуелсіздік алғаннан бергі жаңадан салынған ең ұзын
теміржол желісі. Мамандардың айтуынша, жаңа жолдың арқасында жылына 21 миллион
тонна тауар өткізуге болады. Жол бойына 8 теміржол бекеті мен стансалар салынады, 400-
ден астам жұмыс орны ашылады. Жол бойындағы елді мекендердің әлеуеттік мәселелері
шешіледі, тұрғындардың жағдайы жақсарады.
Жаңа теміржолдар жүктер тасымалдау қашықтығын қысқартады, еліміздің көлік
мүмкіндіктерін әлденеше есе кеңейтеді. Бейнеуден Жезқазғанға тартылған жаңа жол
аймақтың дамуына зор серпін береді. Арқаның тау-кен өнімдерін Ақтау арқылы Еуропаға,
Парсы шығанағы елдеріне шығаруға зор мүмкіндік туады. Бұл стратегиялық жоба
Қазақстанның орталық өңірінен жөнелтілетін жүкті Батысқа, одан әрі Еуропаға тікелей
шығуын қамтамасыз етпек. Мұның барлығы Елбасының асқақ арманы – Қазақ елінің
Мәңгілік ел болуына қызмет етеді.
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,
«Егемен Қазақстан» газеті» АҚ басқармасының төрағасы,
Халықаралық Түркі академиясының президенті,
тарих ғылымдарының докторы
25 бастама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
117
Даму үшін ең бастысы – жаңғырту мен құрылысқа арналған ішкі
және сыртқы инвестициялар. Бұл – ішкі қор түзу мен жинақтар жасауға
қажетті жағдай туғызу деген сөз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына арнаған «Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға қадам»
атты Жолдауынан. 24 қазан, 2000 жыл
О
тандық экономиканы жаңғыртудағы басты талаптардың бірі – өзге да мы ған
мемлекеттерден инвестиция тарту. Инвестиция дегеніміз – табыс табу және
капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау.
Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық
табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржының
ресурстарды өндіретін, өңдейтін және сол өнімдерді тұтынатын салалар арасында дұрыс
пайдаланылуын қамтамасыз етуі керек. Нарықтық экономикада инвестициялық саясат
сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.
Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы
тұрақтандыру, реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру
шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес. Шетел инвестициялары тартылатын басты
бағыттарға тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер –
мұнай-газ және мұнай-химия салалары, электр энергетикасы, металлургия, коммуникация
және агроөнеркәсіп кешені жатады.
Бұл орайда, Қазақстан өзіндегі саяси тұрақтылықтың, іскерлік және инвестициялық
климатты жылдан жақсартудың арқасында елімізге қажетті көлемде шетелдік тікелей
инвестиция тартуға жол аша білді. Бастапқы кезеңде келген инвестициялар шикізат
секторына бағытталғаны мәлім. Мұнай, газ және кен өндіру сияқты өндіруші өнеркәсіп
секторы елімізге қомақты табыс әкеліп, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуымызға
тірек болды.
Бүгінде Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұр. Біз инновациялар
мен технологиялық прогресс арқылы ғылымды қажет ететін экономикаға бет алып
отырмыз. Соған байланысты инвес тициялар енді ең алдымен озық технологиялар
мен инновацияларды енгізуге тартылатын болады. Бұл өндірісті әртараптандырып,
мемлекеттің ресурсқа тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстан сондай-ақ
жаңартылатын энергия көздері секторына, агроөнеркәсіп кешеніне, атом энергетикасы
мен туристік индустрияға инвестиция тарту саласында үлкен әлеуетке ие. Мұның бәрі
елдің одан әрі дами түсуіне жол ашуда.
Ал енді жалпы тәуелсіздік жылдарында елге салынған инвестициялар көлеміне
келетін болсақ, 1993-2013 жылдар аралығында ел экономикасына 189 миллиард доллар
тартылды. Тек 2013 жылы келген тікелей инвестициялардың көлемі 24,1 миллиард АҚШ
долларын құрады.
Атамұрат ШӘМЕНОВ,
экономика ғылымдарының докторы
25 бастама
25 БЕЛЕС
118
Біз өзіміздің кемшіліктеріміз туралы айтуға тиіспіз, сөйте тұра
Отанымызға деген сүйіспеншілік көкейімізден кетпеуі керек. Осыған
уағдаласатын болайық.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан журналистерінің І конгресінде сөйлеген сөзінен.
12 наурыз, 2002 жыл
Ж
асыратыны жоқ, қоғамда Қарттар үйі мен тастанды балалар санының артуы,
жезөкшеліктің өріс алуы, мүмкіндігі шектеулі жандардың көбеюі байқалып
отыр. Үлкен-кіші арасында өзіне-өзі қол жұмсап, өмір сапарларын ерте аяқтағандар,
ішімдік әуестігіне бой алдырғандар ұшырасуда.
Басқа да кездейсоқтықтың әсер-ықпалынан өлім-жітім орын алып келеді. Еңбексіз
табыс табуды кәсіпке, күнделікті іске, әдет-дағдыға, өмір сүру формасына айналдырғандар
да жетеді. Ақпараттық технологияны алақандарына қондырған жастардың басым бөлігі
мәдени-рухани жағынан тоғышарлық пен тайыздыққа ұшырап, әлсіздік танытып жүр.
Мұны көргенде, Абайша айтсақ: «...Қайнайды қаның, ашиды жаның».
Жалпы, Отанға сүйіспеншілік – кең ұғым, мәнді ой мен жүйелі сөздер жиынтығы. «Отан
от басынан басталатынын» екенін ескерсек, алдымен өзіңнің өмірге келген шаңырағың,
әке-шешең, бауырларың, жақын-жуықтарың, тамыр-таныстарың ойға оралатыны шындық.
Олардың амандығы, есен-саулығы көкейіңде тұрады. Бірге болып, қатар жүргенді қалайсың.
Өсіп-есейе келе әлгіндегі үміт-сенім ұлғайып, отансүйгіш сезімі мен сүйіспеншілігіне
ұласып кетеді. Ендігі кезекте Отан мен отбасының амандығы мен бүтіндігін тілеу арқылы
өскен ортаны, ауыл-аймақты аңсайсың. Ел-жерге құштарлығың артады. Отанға қызмет
еткің келеді. Ақыл-парасатың, білім-білігің осы бағытқа бұрылады.
От басынан алған-көрген тәлімді тәрбиенің де көмегі көп-ақ. Өйткені, «...Тәрбиенің
ауданы одан да кең, түбі терең: адамның өсетін, жетілетін балалық, жеткіншектік дәуірі
түгілі, тәрбиенің әсері жігіттік, кекселік кездерінде де қалмайды. Тәрбие сәулесі түспейтін
адамның ешбір қалтарысы жоқ. Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір де
болмақ емес» (Ж.Аймауытұлы). Бұдан кейінгі жерде, өмір мәні мен еңбек мұраты отанға
сүйіспеншілік сезімімен сабақтасып, келелі келешекке қарышты қадам жасайсың. Өмір
мұраты – осы. Ал, Отанға сүйіспеншіліктің бедерлі белгісі, шынайы үлгісі ұлттық бірлікте,
этносаралық қарым-қатынаста, татулық пен тұтастықта екенін бүгінгі күн ақиқатқа
айналдырып отыр. Әлемдегі аласапыран ахуал, жаһандық дағдарыс құбылыстары мен
қаржы-экономикалық тұрақсыздық, көзқарастар қайшылығы мен түсініспеушіліктің
салдарлары ел бірлігін нығайтуды, ұлттық құндылықтарды қорғап-сақтауды, этносаралық
қатынастарды бекітіп-дамыта түсуді қажет етеді. Ұлт тәуелсіздігіне адалдық пен Отанға
сүйіспе н шілікті арттыру басты борыш, асыл парыздарымыздың бірі болып қала береді.
Рақымжан ТҰРЫСБЕК,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
25 бастама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
119
Азия елдерінің бейбіт ортақ талпынысына АӨСШК үрдісі жауап
бере алады, оның мінберін тек Азия құрлығындағы бейбітшілік,
ынтымақтастық және сенім мәселелеріне қатысты көзқарастар мен
пікірлерді баяндау үшін пайдалану керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Каспий жағалауы мемлекеттерінің І саммитінде сөйлеген сөзінен.
23 сәуір, 2002 жыл
Т
арихқа үңілсек, Азия Еуропаны жау лап алған жоқ, керісінше Еуропа Азия
елдерін жаулаған. Кәрі құрлық басқыншылары азиялықтарды бұратана
халықтар қатарына жатқызғаны да құпия емес.
Өткен ғасырдың 50-ші жылдары Азия және Африка елдерінің басым көпшілігі
тәуелсіздікке қол жеткізді. Тек Кеңес құрамында болған Орталық Азия елдері 1991 жылы
ғана дербестігін алды. Осындай ұзақмерзімдік тәуелділік салдарынан Еуропа мен Азия
елдерінің даму деңгейінде зор айырмашылық пайда болды.
Жалпы экономикалық даму, демократия, мейлі қауіпсіздік тұрғысынан болсын,
әркелкілік қалыптасты. Тіпті тәуелсіздігін қатар алған Орталық Азия елдерінің жағдайы
да әртүрлі болатын. Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Азиядағы өзара іс-қимыл
және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Еуропа және Азия елдері арасындағы осындай
диспропорцияны азайтуға бағытталды деп ойлаймын. Осыған ұқсас кеңестерді дамыған
кәрі құрлық елдері әлдеқашан құрған. Кеңес (АӨСШК) дамып келе жатқан Азия елдерінің
мүддесін қорғай отырып, олардың дүние өркениетіне енуге ұмтылысын ұштас тырып
отырады. Бұл кеңес тек бейбіт мақсатта құрылған, және қандай да себебі бар, не себебі
жоқ агрессиялық талпыныстарға қолдау көрсетпейді. Жиырмасыншы ғасырдың соңына
дейін дүние халқы жаулап алу соғыстарынан шаршады.
Қазақстан Президентінің негізгі идеясы – АӨСШК мінберін тек бейбітшілік,
ынтымақтастық және сенім мәселелеріне қатысты көзқарастар мен пікірлерді баяндау
үшін пайдалану. Кез келген көрші мемлекеттің бірдей жоғары дамыған болуы сол көрші
мемлекеттердің өзара қауіпсіздігі үшін де жақсы. Өйткені бір-бірін толықтырмаса, зиянын
тигізбейді. Шекаралары тыныш, әлеуметтік ахуалдары тұрақты болады. Ал көрші елдің
бірі бақуатты, екіншісі әлсіз болса, әлсіз елдегі түрлі келеңсіздіктер – жұмыссыз дық пен
қылмыстың өршуі көршісіне, одан асып бүкіл өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке кері
әсерін тигізеді. Сондықтан, даму мәселесінде өзара экономикалық ықпалдастықты басты
бағдар етіп ұсынған және соның табанды жақтау шысы болып келе жатқан Қазақстан
Президенті өзара сенім, қауіпсіздік және тұрақтылықты нығайту ісінде де еларалық
ықпалдастыққа зор мән беріп отыр. Бір өңірде орналасқан көрші елдер қандай мәселені
болсын, бір-біріне сенім артып, өзара қолдауға сүйену арқылы ғана тиімді шеше алады.
Бұл орайдағы бірден-бір өңірлік халықаралық құрылымы АӨСШК екені анық.
Азат ҚОНЫСБЕК,
Германияның «Jumo» өндіріс компаниясының Қазақстандағы өкілі,
инженер-кәсіпкер
25 бастама
25 БЕЛЕС
120
Бүкіл әлемнің мүддесі үшін Каспий тиімді интеграция мен
экономикалық ынтымақтастық аймағына айналуы тиіс. Оны
ықтимал апаттардан сақтау үшін біз барымызды салуымыз, барлығын да
жасауымыз керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Каспий жағалауы мемлекеттерінің І саммитінде сөйлеген сөзінен.
23 сәуір, 2002 жыл
О
рталық Азияның батыс бөлігі, яғни Қазақстан мен Түрікменстан, Кавказ өңірі,
Ресей Федерациясының кейбір аудандарымен, Иранның солтүстік аумағы
елдерімен тығыз байланысты Каспий аймағы – әлемнің көптеген елдерінің геосаяси
мүдделері тоқайласқан жер. Бұл өңір аса ыңғайлы географиялық орнымен, бай
көмірсутек қорымен, ерекше биологиялық ресурстарымен, ең бастысы, бекіре
балықтың әлемдік байлығымен, сондай-ақ бүкіл аймаққа әсер ететін көлік
жолдарының тоғысуымен ерекшеленеді.
Ол – Солтүстік пен Оңтүстіктің, Ресей мен Парсы шығанағының арасындағы,
батыста – Еуропаның, шығыста – Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарығын мұнай мен
газбен қамтамасыз етіп отырған аса маңызды стратегиялық мекен. Каспий аймағы елдері
халықаралық қауымдастық тарапынан мойындалып, әрқайсысы сыртқы әлеммен саяси,
экономикалық және басқа да салаларда қарым-қатынастың өзіндік жүйесін орнатты.
Каспий теңізі арқылы мұнай мен газ тасымалдайтын құбырлар және онымен
шектесетін аймақтарды байланыстыратын кеме жолдары өтеді. Сондықтан саяси, сауда-
экономикалық және демографиялық ерекшеліктер Каспий өңіріндегі мемлекеттер мен
халықаралық қатынастардың Еуразия орталығы арқылы бір-бірімен қандай сипатта
байланысатынын да айқындайды.
Каспий аймағында АҚШ, Ресей, Иран, Түркия, Қытай және Еуропалық Одақ (ЕО)
сияқты әлемдік және аймақтық геосаяси күштердің және кіші транзиттік мемлекеттердің
экономикалық мақсаттары шоғырлануда. Каспий аймағындағы Баку – Тбилиси – Джейхан
және Батыс Қазақстан – Қытай (Атасу-Алашанькоу) мұнай құбыры маршруттарының іске
қосылуы аймақтағы геосаяси және экономикалық мақсаттармен сабақтас. Қазіргі таңда,
Шығыс жартышарында Каспий мұнайын тұтынатын екі негізгі орталықты – Азия Тынық
мұхит аймағы (АТА) мен ЕО және Еуропаның Орталық және Шығыс бөліктері құрайды.
Каспий аймағы – инвестициялық мүдделер аймағы. Каспий теңізі мен оның байлығы –
біздің мемлекеттердің тарихи мұрасы, оны сақтауға және еселеуге біз келешек ұрпақ алдында
бірге жауаптымыз.
Каспий аймағы, бейнелі түрде айтқанда, әлемнің және шынайы тату көршілестіктің
оазисі. Бұл тұрақтылықтың негізі – Кас пий жағалауы мемлекеттерінің, олардың
халықтарының Каспийге қатысты барлық нәрсеге деген қамқорлығы.
Сәкен ЕСПАЕВ,
экономика ғылымдарының докторы
25 бастама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
121
Қазақстанға сапары кезінде БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан біздің
елді әлемнің басқа елдері үшін тұрақтылық пен орнықты дамудың үлгісі
деп атады. Сондықтан бүгін мен барлық конфессиялардың өкілдеріне
Қазақстанда әлемдік діндердің конфессияаралық съезін өткізу туралы
бастамамен сөз арнап отырмын. Сондай съезд идеясы менің Ватиканға
сапарым кезінде Рим-католик шіркеуінің өкілдерінен берік қолдау тапты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Бейбітшілік пен келісім халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінен.
Алматы, 13 ақпан, 2003 жыл
Д
үние жүзінің діни көшбасшылары мен саяси қайраткерлері бас қосқан
форумның Қазақстанда өтуі өзара тиімді мүдделер тоқайласқанын көрсетеді. Бұл
ғаламдық ауқымдағы маңызды іс-шараның өзектілігі мен заманауилығы мынадай
факторлармен анықталады:
Біріншіден, жаһандау жағдайындағы рухани құндылықтар жүйесінің өзгеруі,
имандылықтан гөрі пайдакүнемдікті өмірлік ұстаным ретінде қабылдау, тұтынушылық
психологияның жаппай таралуы, ұлттық салт-дәстүрді батыстық үлгідегі арзан
бұқаралық мәдениеттің ығыстыра бастауы, діни ұрандарды жамылған лаңкестік
пен экстремистік әрекеттердің белең алуы сияқты факторлар әсерінен халықаралық
қатынастардың саяси жүйесі мен ондағы діннің рөлі туралы қалыптасқан дәстүрлі
ұстанымдарды қайта қарау қажеттілігі туындады.
Екіншіден, соңғы жылдары діни фактор халықаралық қатынастар жүйесінің құрамдас
бөлігіне айналды. Тарихта да дін әрқашан адамдардың жеке наным-сеніміне ғана емес,
бүкіл қоғамдағы, адамзат тарихындағы саяси процестердің динамикасына ықпалын
тигізіп отырған.
Үшіншіден, заманауи халықаралық қатынастар саясатындағы маңызды проблеманың
бірі – жаһандық қауіпсіздік проблемасы. Қазір бұл жайт өте өзекті, бір ел аумағындағы
дау-жанжалдар ушыға келе аймақтық соғыстарға оп-оңай ұласып кетуде. Жанжалдардың
алдын алу мен шешу ісіндегі діндер көшбасшылары съезінің саяси маңызын бағаламау
мүмкін емес.
Төртіншіден, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің саяси маңызы адамдар
арасындағы толеранттылықты, өзара көмек пен түсіністік сияқты құндылықтарды дамытып,
нәсілшілдік (ксенофобия), ұлтшылдық, діни дүрдараздық сияқты кесапаттарға жол бермей,
бүкіл әлемдегі бейбіт өмірді қамтамасыз ету ниетімен байланысты болып отыр.
Бесіншіден, Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясат ұстануы мен Әлемдік
және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін жүйелі өткізуі еліміздің бейбіт диалогқа
дайын екенін дәлелдейді. Сонымен қатар 2011 жылы Қазақстан Республикасы Ислам
конференциясы ұйымына (ИКҰ) төрағалық етті. Мұндай жоғары құрметті иеленуге
Елбасымыздың бастамасымен өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары
съезінің де өзіндік ықпалы болғаны сөзсіз.
Сейілбек МҰСАТАЕВ,
саяси ғылымдар докторы,
профессор
25 бастама
25 БЕЛЕС
122
Біз терроризммен күреске қатысты күш-жігерді сөз айтпай қолдадық.
Былтырғы маусым айында Алматыда Азиядағы өзара іс-қимыл және
сенім шаралары кеңесінің алғашқы саммиті өтті. Саммитте қол қойылған
Алматы актісінің және Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы
үндесуге жәрдемдесу туралы декларацияның төтенше маңызды мәні бар.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Бейбітшілік пен келісім халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінен.
Алматы, 13 ақпан, 2003 жыл
Т
ерроризмге қарсы тұру – елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі
артықшылығы бар бағыттардың бірі. Қазақстан терроризмді айыптайды және
оған қарсы күреске әлемдік қоғамдас тықпен бірге атсалысады.
Қазақстан БҰҰ қарарының барлық талаптарын бұлжытпай орындайды және әр жыл сайын
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Терроризмге қарсы іс-қимыл комитетіне атқарылған жұмыстар
жайлы ұлттық баяндама ұсынып отырады. Біз сондай-ақ Шанхай ынтымақтастығы
ұйымының Терроризмге қарсы өңірлік орталығының, Ұжымдық қауіпсіздік шарты
ұйымының мүшесіміз.
Жарғылық мақсаттары мен қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
заңдарына, еліміз мүше болып табылатын халықаралық келісімшарттарға қарсы болса
және олардың қызметі Орталық Азия өңірінде қауіпті жағдай туындатса, мұндай ұйымдар
террорлық деп танылып, ел аумағында қызметіне тыйым салынады.
Елде бейбітшілік пен ауызбірлікті сақтап, оны әрі қарай нығайту – басты мақсатымыз.
Тіліне, дініне, дәстүріне қатысты ешкімге ешқандай қысым көрсетілмейді. Шексіз кең
байтақ даламыз өзіне алуан түрлі өркениет пен мәдениетті сіңірді. Сондықтан қазіргі
көпэтносты және көпконфессиялы Қазақстан – ғасыр лар бойғы рухани және мәдени
дәстүрлердің мұрагері.
Қазақстан – қуаты жөнінен әлемде төртінші орын алатын ядролық қару-жарақтан өз
еркімен бас тартқан мемлекеттердің ең алғашқысы. Біздің еліміз Азиядағы өзара іс-қимыл
және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыруға бастамашы болды. Астанада Әлемдік
және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьезін шақырды. Оған қатысқан көптеген
көрнекті діни қайраткерлер, түрлі конфессия өкілдері бірлесе отырып, «Бейбітшілік пен
келісімге қарай» декларациясын қабылдады.
Қазақстан әлемдік бейбітшілік пен үйлесімділікке бағытталған қозғалыстың «жүрегіне»
айналып келеді. Ұлтаралық келісімді қалыптастыру, конфессияаралық диалогты
жалғастыру үшін жағдайлар жасау – біздің мемлекетіміздің және оның Президенті
Н.Назарбаевтың стратегиялық бағдары. Ол халықтар мен діндер арасындағы бір-біріне
деген сенім мен ынтымақтастықтың арта түсуі үшін барлық күш-жігерін жұмсайды және
де бұл жұмыс өзінің оң нәтижелерін беруде.
Шәріпбек ӘМІРБЕКОВ,
саяси ғылымдар докторы,
профессор
25 бастама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
123
Ашықтық пен ынтымақтастық рухы – біздің халықтың дәстүрінің бір
бөлігі. Есте жоқ ескі замандардан бері Қазақстан әрқилы әдет-ғұрыптар
мен мәдениеттердің тоғысқан жері болып келеді. Шынын айтқанда,
Алматыда халықаралық бейбітшілік пен татулық конференциясын
өткізу туралы менің осы бастамам содан туындады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Бейбітшілік пен келісім халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінен.
Алматы, 13 ақпан, 2003 жыл
Б
ейбітшілік пен татулық – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат
өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандап келеді. Бірақ
нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес.
Бейбітшілікке, бейбіт тыныш өмір сүруге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген
асыл қасиеттерінің бірі екенін тарихтан белгілі. «Сырт көз – сыншы» деген ғой, арғы-
бергі заманда қазақ жерінде болған саяхатшылар, ғалымдар, елшілер қазақ ұлтының
меймандос, сабырлы, момын, ешкімге жамандық, қаскөйлік жасамайтын халық екенін,
қазақ елі ежелден бейбітшілік сүйгіш ел, өз бетінше ешкімге ұрынбаған, соғыс ашпаған ел
екенін сүйсіне жазған.
Тәуелсіздікке қол жеткен тұста да, Елбасымыздың және елдің бетке ұстар азаматтарының
қажырлы, табанды еңбегінің арқасында біз осы асыл қасиетімізді тағы да бір дәлелдеп,
оны әлемге паш ете білдік. Мәселен, сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Семей
ядролық полигонын жабу еліміздің өмірінде ғана емес, әлемдегі айтулы оқиғаның бірі
болды. Ядролық қару пайда болғалы ешбір ел ядролық полигонды өз еркімен жауып
көрмеген болатын. Біздің еліміздің дүние жүзінде бірінші болып ядролық полигонды
жабу жөніндегі осы қадамына БҰҰ мен дүниежүзілік қауымдастық үлкен баға берді. Дәл
сол тұстан бастап әлем Қазақстанды бейбітсүйгіш ел ретінде тани бастады.
ХХІ ғасырдың ең басты заңы – татулық. Президентіміз – бұл заңдылықтың құдіретін
ерекше түсінетін әлемдегі көреген басшылардың бірі. Оның бүгінгі әлемде бір басшы,
бір жолбасшы ретінде дінаралық және ұлтаралық татулық пен үндестік идеологиясын
жүргізіп, әлемде бейбітшілік шаңырағын тұрғызуға қадам жасауы – біздің еліміздің
бейбітсүйгіштік қасиетінің үлкен айғағы. Жаңа мыңжылдықта толастамай отырған
әлемнің әр бұрышындағы діни текетірестер мен ұлттық қақтығыстарды болдырмауға
ықпал ету үшін еліміз көптеген іс-шараларды қолға алуда.
Республикамызда көпұлтты және көпдінді қоғам қалыптасқан. Сондықтан елімізде
тұрақтылық пен тыныштықты сақтау аса маңызды. Біздің ішкі саясатымыздың өзі
бейбітшілік пен келісімді ту етуге негізделген. Мұның өзі басқалар құра алмаған
қоғамның бізде орнағанын анық ағартады. Дүние дүрбелеңге түсіп жатқан қазіргідей
кезеңде Қазақстанның бүкіл халқы осы саясаттың жемісін көріп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |