Мырзагелді КЕМЕЛ,
қоғам қайраткері,
экономика ғылымдарының докторы,
профессор
25 бастама
25 БЕЛЕС
108
Ең басты сенетінім: бұл идея міндетті түрде жүзеге асады, оның баламасы
жоқ, болашақ – соныкі. Оның күшті болатыны – ол халықтың қайнаған
ортасынан шыққан, ғасырлар бойы еуразиялық кеңістікті мекендеген
адамдардың көңіл-күйі мен мақсат мүддесінен туған. Сондықтан бұл
идеяның авторы мен емес, халықтың өзі. Мен тек соны қорытындылап,
жалпыға жария ету бастамашылығын өз міндетіме алдым.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Еуразиялық кеңістік: интеграциялық әлеует және оны жүзеге асыру»
атты конференцияда сөйлеген сөзінен. 20 қыркүйек, 1994 жыл
Қ
азір Елбасының 1994 жылы Еуразиялық экономикалық одақ құру жөнінде
айтқан ойының жүзеге асқандығының куәсі болып отырмыз. «Ғасырлар бойы
еуразиялық кеңістікті мекендеген адамдардың көңіл-күйі мен мақсат мүддесінен
туған» бұл ойды жүзеге асыруға жиырма жылдай уақыт керек болды.
Түрлі пікірлердің де болғандығы жасырын емес. Ол да орынды болатын. Еуразиялық
экономикалық одақты ел тәуелсіздігіне төнген қатер деп санағандардың да өз ұстанымдары
бар еді. Алайда Елбасы осы пікірлерді сейілту үшін «экономикалық одақ болады, саяси
одақ болмайды» деп бірден кесіп айтқан-ды.
Тарихқа көз жүгіртер болсақ, кіндік Азияны мекен еткен біздің ата-бабаларымыз
құрған талайғы бір алып қағанаттардың қай-қайсысы болмасын, қос құрылықты жалғап
жатты. Сауда керуендері арқылы қарым қатынас жасап, батыс пен шығысты бір-бірімен
тұтастыра білді. Ұлы Жібек жолы сол дәуірдегі экономика мен мәдени байланыстардың
алтын арқауына айналды. Бабаларымыз Ұлы Жібек жолы бойымен жүретін сол заманның
жанкешті жиһангездеріне қылдай қиянат жасауға да жол бермеген.
Сол орта ғасыр өркениеті ежелгі Дешті Қыпшақ жеріне де көп жақсылықтар әкелді.
Адамзат дамуында айырықша орны болған Сығанақ, Сақсын, Алмалық, Отырар, одан
кейінгі Сауран, Сайрам, Ташкент, Түркістан, Самарқант қалалары сол замандағы
еуразиялық кеңістіктегі экономикалық һәм мәдени байланыстардың, еуразиялық
интеграцияланудың қайнар көзіне де айналды. Әрине, одан кейінгі ғасырларда теңіз-
мұхит жолдары ашылып, Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінің біртіндеп сиреуімен
бірге ол да пайдаланудан қала бастаған болатын.
Еуразиялық кеңістікте тіршілік ететін халықтар үшін бағзы Жібек жолының сан
ғасырлық тарихи жолы қайтадан ашылғандай болып отыр. Тәуелсіз қазақ елі және оның
көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі құрушысы
ретінде бүгінгі дүниені интеграциялану арқылы бейбіт қатар өмір сүрудің жолына салды.
Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,
Парламент Сенатының депутаты,
саяси ғылымдар докторы,
профессор
25 бастама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
109
Ұлтаралық араздықты тұтандыру қандай түрде көрінсе де, біз оған «жоқ»
деуге тиіспіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығына арналған салтанатты
жиналыста сөйлеген сөзінен. 9 мамыр, 1995 жыл
Ұ
лтаралық араздық әдетте басқаны сыйламаудан басталады. Басқаны құрметтеу –
үлкен тәрбие мен мәдениет нәтижесі. Қазақта «ата-ананың қабағына қарау»
деген сөз бар. Мағынасы үлкендердің көңіл-күйі қалай екен, жабырқаса, қалай
медеу болу керек дегенді білдіреді. Демек, отбасындағы моральдық-психологиялық
ахуалды реттеу, оңды қалыптасқан мінез-құлық үлгілері болашақта тұлғаның
ортада үйлесімді өмір сүруінің негізі болады.
Соңғы кезде жастар арасында жүргізілген социологиялық зерттеулер қорытындысы
бойынша отбасы құндылық ретінде алғашқы үштікке қайта оралды. Ғасырлар тоғысында
жастар арасындағы рухани дағдарыс, материалдық құндылықтардың алдыңғы шепке
шығуы уақытша көрініс болса, ендігі жас буын қайтадан «өмір өзегі, қоғам тірегі – от
басы, ошақ қасы» деген түсінікпен сусындауда. Ал бұл дегеніңіз – тұлға мекені, қоғам
тірегі бедел мен басымдыққа ие деген сөз. Осыдан отандастарымызға «Қазақстан
қоғамында өмір сүру дегеніңіз сол қоғамды өз отбасым деп қабылдау қағидасына саяды»
деп айтып отыруымыз керек деген қорытынды шығады. Өз жақынын мойындамаған
және сыйламаған, жатты да құрметтемейді. Отбасында кішірейіп үйренбеген, ертең ел
ішінде кекірейіп жүреді. Түкке тұрғысыз бір жайт ұрыс-жанжалға, дау-дамайға соқтырып
жататыны содан.
Ең бірінші жер иесі, мемлекет тірегі – қазақтар кез келген ұлт өкілін бауырым деп ішке
тарту керек. Кейбір ағайындар оларға қазақ тілін білмейді, салтымызды сыйламайды
деп мін тағады. Бірақ бабаларымыз «Таспен атқанды, аспен ат» деген емес пе? Демек,
шыдамдылықты серік етіп, өз елімізде, өз жерімізде татулық пен келісімді дала
демократиясының басты ұстанымы деп есептеген аталарымыздың жолымен өзіміз де
жүріп, өзгені де жетектей білгеніміз жөн.
Ғасырлар бойы салтанат құрған қоғамдық гармония, құрылымдық үйлесім – әрі ең мықты
жүйе, әрі шытынап сынып кетуге дайын нәзік феномен. Мықтылығы – жүздеген жылдар
бойы мыңдаған адамдар өмірін ұйымдастыру мүмкіншілігінде, осалдығы – қарапайым
тұрмыстағы кикілжіңге төтеп бере алмауы. Соңғы кездегі шет елдердегі, жасыратыны жоқ,
өз еліміздегі де ұлтаралық қақтығыстар мен келіспеушіліктер осы бір қырғиқабақтықтан,
қоғамдық жердегі «ары тұр», «бері тұрдан», бірді-екілі адамдар арасындағы ерегестен
басталған. Жалған патриотизмге салынып, қазақ баласының өзге ұлт өкілін кемсітуіне де
болмайды және басқаның атадан қалған қазақ елінде шектен шығып тайраңдауына да жол
жоқ. Сондықтан ұлттық құндылықтар жүйесін дәріптеп, қоғамдық тәртіпті сақтауда заң
нормаларының бұлжытпай орындалуын қадағалауымыз керек.
Рамазан САЛЫҚЖАНОВ,
әлеуметтану ғылымдарының кандидаты
25 бастама
25 БЕЛЕС
110
Абайдың әлеуметтік ойшылдығына тереңірек үңілетін тұс – осы
кезең. Қоғамымызда түбегейлі өзгерістер болып жатқан бүгінгі күндер.
Осы тұрғыдан келсек, дала ойшылы халқына жаны ашу деген онымен
қосыла жылау емес, оған өзін-өзі шыңдаудың сара жолын айқындап беру
деп түсінгені ешқандай күмән туғызбайтын басы ашық мәселе.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған салтанатты жиналыста
сөйлеген сөзінен. 9 тамыз, 1995 жыл
Ә
лем халықтарының рухани өміріндегі жарық жұлдыздардың бірі және бірегейі –
Абай! Сондықтан да қазақ мәдениетінің тарихындағы осынау ерекше жаратылған
құбылыстың мән-маңызын өте жоғары бағалаған ЮНЕСКО өз ұйғарымымен 1995
жылды Абай жылы деп атады.
Бұл – тәуелсіздіктің туын жаңа ғана тіккен біздің халқымыз үшін үлкен абырой! Есімі
адамзат жүрегінде мәңгілік сақталар ұлы тұлғалар – Гете, Байрон, Науаи, Пушкиндермен
қатар аталатын ұлы бабамыздың мерейтойын бүкіл дүние жүзі халықтары бізбен бірге
тойлап жатса, еңсесін енді ғана көтерген ел үшін бұл шынында да зор мерей емес пе?
Абай – адамзаттың Абайы! Ең басты мақсат – Абай әлемінің бар құдіретін, болмыс-
құпиясын төрткүл дүниеге барынша мол таныту. Абайды жете тану арқылы туған
халқымыздың мәдени келбетін, қадыр-қасиетін, шыққан биігін, рухани жетістіктерін
әлемге әйгілеу. Тарихымыздың терең де тылсым сырларына бойлап, тағылым алу, оның
баға жетпес мұралары арқылы жаңаша биіктерге көтерілу, міне, біздің мұратымыз осы.
Абай дәуірі – өткен мен бүгінді жалғастырар алтын көпір. Сол себепті де Абай өзінен
бұрын өткен арғы-бергі ғұламалар мен ойшылдардың ілімдерін терең зерттеген. Оның
философиялық әфсаналарында Сократ, Платон, Аристотель ой-тұжырымдарының сахара
заңдары тұрғысынан толықтырылуы да түсінікті нәрсе. Ол өз халқының бітім-болмысын
сипаттай келе, жалқаулық, тоғышарлық атаулыға бейімділігіне қынжылып, одан арылудың
жолын осы інжу-маржан қағидалардан іздестіреді. Ал мұндай ащы шындықты Абай
сияқты ұлы деңгейге, шырқау биікке шығарып айтқан жан әлі болған емес. «Ғаділетті
жүректің әділетін бұзыппын» деп, жалпақ жұрттың алдына шығып, ақ жүректен ақтарыла
сөйлеу Абай сияқты ұлы тұлғаның ғана қолынан келсе керек. Сондықтан да ұлы ұстаздың
әрбір сөзін қазіргі өтпелі кезеңде баршамыз жадымыз да ұстасақ, артық болмас еді. Жаңа
мемлекетімізді бірлесе құру үшін бұл қағидаларды Құран сөзіндей қастерлегеніміз жөн.
Абай қазіргі қиындықтан алып шығар жолды бәрімізге нұсқап тұр. Ынтымақ пен бірлік,
еңбек пен ақыл, қуат пен күш, міне, бәрімізге қажеті осы!
Мырзагелді КЕМЕЛ,
қоғам қайраткері,
экономика ғылымдарының докторы,
профессор
25 бастама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
111
Қазақстан басынан өткеріп жатқан серпінді өзгерістер жаңа
конституциялық бағдарларды талап етті. Сондықтан елдің Президенті
ретінде, оның болашағына, әрбір қазақстандықтың, біздің балаларымыз
бен немерелеріміздің болашағына деген жауапкершілікті сезіне отырып, мен
осынау күрделі қадамға тәуекел еттім – елдегі ауқымды саяси үдерістерді,
бүгінгі күннің шындықтарын бейнелейтін және алдағы болашағымызды
айқындайтын жаңа Конституция жасауды бастауға ұсыныс бердім.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын ресми таныстыру
салтанатты рәсімінде сөйлеген сөзінен. 6 қыркүйек, 1995 жыл
1993
жылы 28 қаңтарда қабылданған тәуелсіз Қазақстанның алғашқы
Конституциясы егемен елдігіміздің негізін қалауға, қазақ ұлтының
мемлекетшіл сана-сезімін оятуға, ұлттың өзін-өзі айқындауына, демократиялық
құндылықтарды қоғамға енгізуге, билік бөлінісін жүзеге асыруға игі ықпал етті.
Дегенмен, алғашқы Конституция тоталитарлық кеңестік жүйе қирап, демократиялық
саяси жүйе енді қалыптаса бастаған өтпелі кезеңде қабылданған болатын. Ол тарихи
кезең – посткеңестік елдер бірінен соң бірі тәуелсіздігін жариялап, ұлттық мемлекет
құрудың эйфориясы алаулап, демократиялық даму жолын таңдағанымен, оның мәні мен
мазмұнын біле бермейтін өліара кез еді. Сондықтан алғашқы конституция демократиялық
құрылысты одан әрі жалғастыруға, өтпелі кезеңдегі мемлекеттік биліктің шұғыл саяси
шешімдер қабылдау қажеттіліктерін өтей алмады. Жоғары кеңеске кең өкілеттіктердің
берілуі халық қалаулыларының консенсусқа келе алмай, саяси дау-дамайдың өрістейтінін
көрсетті. Яғни, саяси шешімдер қабылдау қиындап қана қоймай, ұзаққа созылатын болды.
Осыдан келіп, уақыт талабына жауап беретін, президенттік басқарудың әлеуетін барынша
қолдануға мүмкіндік туғызатын Ата Заң қабылдау қажеттілігі туындады.
Мұның барлығы Елбасымыздың әлемдік стандарттарға сай келетін, заманауи дамудың
сұраныстарын қанағаттандыратын жаңа конституция қабылдау туралы ұсыныс жасауына
ықпал етті. 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум нәтижесінде толықтырулар
мен өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Бүгінгі таңда азаматтық бейбітшілік пен келісім, Қазақстанда бірге өмір сүріп жатқан
ұлттар мен этностардың теңқұқықтылығы республикадағы конституциялық нормаға
айналған. Бұған қоса, Қазақстанда этникалық болмыс пен ұлттық-мәдени көптүрліліктің
сақталуы мен дамуына кепілдік беріліп отыр. Адам құқығы мен бостандығы, мемлекеттің
біртұтастығы, оның аумағының тұтастығы мен бөлінбес бүтіндігі – Ата Заңымыздағы ең
жоғарғы құндылықтар. Сайып келгенде, бұлардың бәрі Қазақстанның ішкі саясатының
өзегінде ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісім жатқандығын көрсетеді.
Сейілбек МҰСАТАЕВ,
саяси ғылымдар докторы,
профессор
25 бастама
25 БЕЛЕС
112
Астананы көшіру – теңдесі жоқ әрі елеулі түрде ой елегінен өткізуді қажет
ететін оқиға. Бұл тіпті де кездейсоқ құбылыс емес немесе әлдебіреудің жеке-
дара ықыласы да емес, ХХІ ғасыр стратегиясының бір көрінісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірінші
шақырылымының бірлескен отырысында «Ақмола қаласын Қазақстан
Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» Жарлыққа
байланысты сөйлеген сөзінен. 20 қазан, 1997 жыл
XX
-XXI ғасыр тоғысында Қазақ стан Президентінің бастамасымен әлемдік
құрылымның өте бір сирек құбы лысы жүзеге асты: Еуразияның
географиялық орталығында тәуелсіз жаңа мемлекеттің жаңа елордасы – Астана
пайда болды.
Астананы елдің нақ орталығына көшіру мәселесі саяси, әлеуметтік-экономикалық,
геосаяси және мәдени-өркениеттік тәртіптің алысты болжаған стратегиялық мақсаттарын
көздеді. Елдің орталығы республика шекарасының барлық түкпірінен алғанда шамамен
бірдей қашықтықта орналасты.
Елорданы ауыстыру елдің индустриялық-инновациялық дамуына серпін беру қажеттігімен
де байланысты болды. Жаңа Астана әуе, теміржол және автокөлік магистральдерінің
қиылысында орналасқандықтан, көлік- коммуникация мәселесі өте оңтайлы еді. Соның
арқасында бас қала бүгінде Орталық Азиядағы туристік, логистикалық және әлеуметтік-
мәдени ірі орталыққа айналып үлгерді. Сарапшылардың бағалауынша, болашақ Астана
халықаралық стандарттың барлық 32 өлшеміне – климаты, жер бедері, сейсмикалық
жағдайы, қоршаған ортасы, инженерлік және көліктік инфрақұрылымы, құрылыс кешені,
еңбек ресурсы, су ресурстарының болуы және тағы басқа талаптарға сай келді.
Астананы ауыстыру туралы шешім қабылданған кезде Ақмолада небәрі 290 мың адам
тұрған болса, қазір 900 мыңға жуықтады. Осылайша демографиялық түйткіл де жедел
шешімін тапты. Астана аса ауқымды құрылыс алаңына айналып, бүкіл республика
бойынша құрылыс индустриясына жан бітірді. Ел басшылығы шетелдік инвесторлардан
пайызсыз несиелер тартуға қол жеткізіп, Астанаға миллиондаған доллар инвестиция
құйылды. Президентіміздің беделінің арқасында шетел мемлекеттері мен компаниялары
елорданың құрылысына қайтарымсыз қаражат бере бастады. Сауд Арабиясы, Біріккен
Араб Әмірліктері, Кувейт, Қатар және АҚШ сияқты мемлекеттер елорда құрылысына
зор көмек көрсетті. Қаланың ажар-әлпеті заман талабына сай болуы үшін әлемнің үздік
сәулетшілері жобалау жұмыстарына тартылды.
Нәтижесінде жаңа әрі жас Астана қаласы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан ірі
мегаполисіне айналды. Аса ірі халықаралық шараларды да лайықты атқарып жүрген
елорда бүгінде өз көркімен, жасампаз сипатымен қала қонақтарын тәнті етуде.
Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ,
тарих ғылымдарының докторы,
профессор
25 бастама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
113
«Мен қазақстандықпын» деген сөзді әркім де мақтана айтуы үшін
біздің бәріміз аянбай еңбек етуге тиіспіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқы Ассамблеясының 5-сессиясында «Ұлттық келісім –
Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі» тақырыбында
сөйлеген сөзінен. 21 қаңтар, 1999 жыл
Б
іздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақ жері ұлан-байтақ. Бүгінгі Қазақстан – дүние
жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Біздің елімізде жүзден астам ұлт тұрады. Бұл ынтымақ
үрдісі ғасырдан-ғасырға жалғасуда. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері
бір-бірімен туысқандай тату-тәтті, қоян-қолтық аралас өмір сүруде.
Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі, қоғамдық
келісімі мен саяси тұрақтылығы – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау,
оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы. Еліміз
табиғи ресурстарға да бай. Ал байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Біз осы достықты
нығайтып, бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек.
Біз қазіргі күні экономикалық жетістіктерді, әлеуметтік игіліктерді, саяси тұрақтылық
пен мәдени өркендеуді бастан кешіріп отырмыз. Елдің қол жеткен табыс тарына, біздегі
орын алған татулық пен түсіністік жағдайларына әлемдік өркениет қызығушылық танытуда.
Осының өзі туған елге, Отанға деген сүйіспеншілік сезіміңді арттыра түседі. Әрине, мұндай
жетістіктер оңайлықпен келіп жатқан жоқ. Бұл – ең алдымен қазақ халқының өз ішіндегі
ауыз бірліктің, жалпы қазақстандықтардың ынтымақтастығы мен бірлігі арқасында жетіп
отырған игілікті нәтижелер. Біздің міндетіміз – осы бірлікті алдағы уақытта да нығайта
беру, күшейте түсу.
XX ғасыр қазақтардың тамаша рухани және жоғары адамгершілік қасиеттерін айқын
танытты. Өздері қандай қиын жағдайда болса да, өз ата мекенінде тағдырдың қатал тәлкегіне
түскен көптеген ұлт өкілдерін жатсынбай, мәрттігіне лайықты қарсы алып, оларға ұлттық
төлтумалығын, тілін, дәстүрін, мәдениеті мен дінін сақтауға мүмкіндік туғызды.
Ынтымағы жарасқан көпұлтты қазақ еліндегі бірлікті, өзге ұлт диаспорларының
арасындағы татулықты, ел бірлігін қамтамасыз ету үшін бейбітшілік пен біртұтастықты
қалыптастырған Қазақстан халқының ілгері дамуын бүгінде мақтанышпен айта аламыз.
Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуының басты шарты.
Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – Отанымыздың
жарқын болашағының кепілі.
Қазақстанның халықаралық бейбітшілік пен төзімділікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты
нығайтудағы, еларалық саясатқа белсенді қатысудағы маңызды рөлін басқа да мемлекет
басшылары мен ірі қайраткерлер ерекше атап көрсетуде.
Сәкен ЕСПАЕВ,
экономика ғылымдарының докторы
25 бастама
25 БЕЛЕС
114
Еркін нарық пен азат адами рух, міне, Қазақстан тағдырының қос
қыры осы. Бұл – өзіміз адал берілген әрі ешқашан таймайтын біздің жол.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен
отырысында «Демократия – біздің таңдауымыз. Демократия – біздің
тағдырымыз» тақырыбында сөйлеген сөзінен. 31 наурыз, 1999 жыл
Е
ркін нарықтың дамуын, азат адами рухтың жетілуін нарықтық қатынас тан
көруге болады. Қандай іспен айналысамын десеңіз де – өз еркіңізде, ал отандық
тауарларыңызды шет мемлекетте сатып алып жатса, патриоттық сезімің өсіп, рухтың
көтеріліп тұрары сөзсіз.
Мемлекет бүгінде еркін нарық қалыптастыру үшін қажетті барлық жағдайларды жасауда.
Кәсіпкерлерді «ДАМУ» қоры арқылы 7% несиемен қаржыландыру, мемлекеттік мекемелер
тарапынан тексерулерді шектеу, ауыл шаруашылығы, т.б. салаларды субсидиялау – осы
тараптағы ұмтылыстардың айғағы.
Нарықтық қатынастағы басты қағидат сұраныс пен ұсыныс екендігі айқын. Бірақ Адам
Смит теориясымен қатар нарықта мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындайтын Кейнс
теориясы деген де бар. Ол өте маңызды. Сондықтан экономиканың дамуы үшін мемлекет
тарапынан қолдау көрсету қажеттілік болып саналады. Шағын және орта бизнес –
нарықтық экономиканың тұғыры. Өркениетті елдерде шағын және орта бизнестің ішкі
жалпы өнімдегі үлесі қомақты, атап айтқанда АҚШ-та ол – 52% , Еуропалық одақта – 58%
, Қытайда 60%-ды құрайды, ал бізде ол 17% ғана.
Менің ойымша, Қазақстан тауарларының бәсекеге қабілетінің нашар болып тұрған
себебі кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың жалпылама екендігінде. Сондықтан
бүгінгі күні шағын және орта бизнестің үлесі сауда-саттықта – 44 %, қызмет көрсету
секторында – 25%, ал өндіріс пен құрылыс саласында бар болғаны 5%-ды құрап отыр.
Сондықтан шағын және орта бизнестегі тауар өндірушілерге барынша жеңілдіктер
жасалынуы қажет. Олай болмайынша келешекте мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан
келері сөзсіз. Мысалы, ДСҰ-ға кіру талаптарының бірі – мемлекеттің азық-түлікпен өзін-
өзі қамтамасыз етуі 80%-дан кем болмауы тиіс. Бізде өнімнің көптеген түрі бойынша
өзімізді қамтамасыз ету деңгейі бұл талаптан біршама төмен.
Азат адами рухтың жетілуі үшін демократия қағидаттары экономикалық-
әлеуметтік мәселелерді шешу сияқты жұмыстарда да жүзеге асқаны жөн. Билікте тек
орталықтандырылған саясатпен қатар халықтың пікірін есепке алып отыру орынды.
Мысалы, Президенттің жыл сайынғы жолдауы алдында көпшілікті алаңдататын мәселелер
жиналып, соның негізінде үкіметке тапсырмалар беріліп жатса, көптеген қордаланған
проблемалар шешілер еді. Бұл үрдіс демократия негізінде нарықты дамыту принциптерінің
бірі болары сөзсіз.
Атамұрат ШӘМЕНОВ,
экономика ғылымдарының докторы
25 бастама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
115
Ұлы ғұлама Әлішер Науаи айтқандай, бір қолмен алақан шапалақтай
алмайсың. Ынтымақтастыққа бәріміз дайын болуымыз керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мәдениет
пен ғылым қайраткерлерінің халықаралық кездесуінде сөйлеген сөзінен.
29 қыркүйек, 1999 жыл
Б
іздің қазақта алыс-беріс, барыс-келіс дейтін сөздер ұдайы қатар, қосарлана
айтылады. Бұл тек сөздің ұйқасы үшін қолданылмаған, дана халқымыз кенеулі
ойды мәнерлі сөзбен кестелегенде неғұрлым ұғынықты болуын ескерген.
«Беріспесең алыспайсың, алыспасаң алыстайсың» деген қанатты сөз және бар. Осыны
мықтап ескерген атам қазақ ежелден өзінің алыс-жақын көршілерімен тығыз қарым-
қатынаста болып келгенін тарихтан жақсы білеміз. Соның бір жарқын көрінісі – Ұлы
Жібек жолы бойындағы мемлекеттермен өзіне тиімді сауда-саттық орната білуі дер едік.
Осы орайда, Елбасы 1999 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан, Қыр ғызстан, Тәжікстан және
Өзбекстанның мәдениет пен ғылым қайраткерлерінің халықаралық кездесуінде сөйлеген
сөзінде Орталық Азия мемлекеттері ұйымының жұмысын жандандыру қажеттігіне
ерекше назар аударғанын атап өткен жөн.
Шығыс ғұламасы Әлішер Науаидің «бір қолмен алақан шапалақтай алмайсың» деуінің
мәні зор. Бірде бір мемлекеттің жеке дара дами отыра, өзін өзі толыққанды қамтамасыз
етуі күмән туғызатыны баршаға белгілі. Сондықтан, осы күні шағын елдер түгілі, алпауыт
мемлекеттердің өзі экономика мен саясатта өзіне серік іздейді. Тарихқа көз жіберсек,
шекараны ашып та, ашпай да одақ құру деректерін кездестіруге болады. Мәселен,
ХІХ ғасырда Франция мен Монако, Швейцария мен Лихтенштейн араларындағы кедендік
одақ жаңа тарихи кезеңдегі зайырлы негіздермен құрылған алғашқы құрылымдардың бірі
болып саналады. Ал қазір Еуропалық одақ, АҚШ, Канада, Мексика үштігінің НАФТА
одағы, Оңтүстік Шығыс Азиядағы АСЕАН, Оңтүстік Американың Аргентина, Бразилия,
Уругвай және Венесуэла елдерін қамтитын МЕРКОСУР сияқты ірілі-ұсақты, жалпы
саны 300-ге жуық ықпалдастық бірлестіктер жұмыс істеуде. Осы аталған құрылымдарға
мүше мемлекеттердің қай-қайсысы болмасын, әлемдік бәсекеде өз мүддесін қорғау
үшін ғана емес, бір-бірінің мүдделерін қорғау үшін де біріккен. Бір сөзбен айтқанда,
бұйығы жатып, тұйық тіршілік кешу мүмкін еместігін жаһанданудың жазылмаған заңы
әлдеқашан дәлелдеген.
Осындай жағдайда мұхитқа шығар тура жолы жоқ, яғни әлемдік нарық алаңына шығу
мүмкіндігі тым шектеулі Қазақстан үшін оқшаулану саясаты жеңіліспен тең екендігін айтып
жатудың өзі артық. «Жалғыз дың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас». Жаһанданған ХХІ
ғасырда өзге мемлекеттермен түп-тамырымыз терең байланбаса да, ұдайы экономикалық
қарым-қатынаста болуымыз қажет. Бір нәрсе айқын: тарих дариясы жағасында ағыстан көз
алмай, құр бақылап отырғаннан ештеңе бітпейді. Саяси күш-жігер жұмсамай, ешқандай
ықпалдасу жүзеге аспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |