25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет21/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ,
мемлекет және қоғам қайраткері,
филология ғылымдарының докторы
Қазақ  халқы  –  тамырын  жеті  қабат  жер  астына  жіберген  алып 
бәйтеректей  өзегін  ғасырлар  тереңінен  тартып,  осынау  қасиетті  ұлы 
даласынан табан аудармай, дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, 
өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халық.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайының салтанатты 
ашылуында сөйлеген сөзінен. Алматы. 30 қыркүйек, 1992 жыл

25 байлам
25 БЕЛЕС
196
Бүгінгі  қазақ  халқы  –  сонау  есте  жоқ  ескі  замандарда-ақ  көне 
сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің 
қара шаңырағын атажұртта сақтап қалған халық.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайының салтанатты 
ашылуында сөйлеген сөзінен. Алматы, 30 қыркүйек, 1992 жыл
А
лтай мен Ақ теңіздің арасындағы алып аумақты мекен еткен түркілер байтақ 
территорияға қарамастан тұтас тықтарын сақтай білді. 
Қыран ұшса – қанаты талатын, құлан жортса – тұяғы тозатын шексіз кеңістікте ғұмыр 
кешкен баһадүр бабалар атамекенін ардақтап, оны алтын таққа балады. Дүниенің төрт 
тарапына  үңіліп,  тоқпақ  жалды  тарпаңды  ерттеп  мінген  олар  туған  жерді  тұғыр  етті. 
Қазір дүниенің түркілер мекендеген қай бұрышына барсаңыз да, Ұлытау мен Қаратау, 
Алтай  мен  Талас,  Ақсу  мен  Қарасу,  Сейхұн  мен  Жейхұн  сияқты  жер-су  аттарын 
кездестіретініміз сондықтан. Бұл ғұмыры жорықта өткен жаужүрек ұландардың жеріне 
деген сағынышы болса керек. 
Дүниеге тарыдай шашыраған туыс жұрттың өзегін құрайтын іргелі ру-тайпалар барған 
жерлерінде көбіне жұтылып кеткенімен, түпкі қазықтары қазақ жерінде қағылғандықтан, 
олардың  атаулары  да  қара  шаңырақта  қаз-қалпында  сақталып  қалған.  Сондықтан 
алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабайұлы жырлағандай, қазақ жері бүгінде «түгел 
түркінің құтты қарашаңырағы һәм алтын бесігі» екенін ұмытпаған абзал. 
Бұл  орайда  Елбасының  Ұлытаудағы  ұлағатты  сөзінде  қазақ  халқының  тарихи 
тамырларын  сонау  ғұн,  көк  түрік  және  Алтын  Орда  дәуірімен  сабақтастыра  қарауында 
үлкен мән бар деп ойлаймыз. 
Шу  өңіріне  бет  бұрған  Қазақ  хандығы  тарихи  жадыны  жаңғыртып,  байырғы  Батыс 
түрік  қағанатының  мемлекеттік  дәстүрін  қайта  жалғап  отыр.  Көк  түріктердің  айбынды 
рухы дүркірей көтерілген тұста алғашқы қазақ хандары да Дешті Қыпшақ даласын тұтас 
билеуді, сол арқылы Жошы ұлысын – Алтын Орданы қалпына келтіруді көздеді. 
Араға  бес  жүз  жыл  салып  барып  есесі  кеткен  елдің  еңсесі  қайта  тіктелді.  Қасым 
ханның  қасқа  жолы  Нұрлы  жолға  ұласты.  Аласапыран  кезде  ел  тізгінін  ұстаған 
 Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  халқын  арайлы  азаттыққа  бастады.  Сол  арқылы 
арқауы  үзіліп  қалған  елдік  дәстүр  жалғанып,  төрт  құбыласы  түгел  мемлекеттің 
негіздері  орнықты.  Күн  астында  алтын  қыраны  қалықтаған  аспан  түсті  көк  байрақ 
асқақ  желбіреді.  Ұлт  ұйысып,  қаймағы  бұзылмаған  берекелі  бірлік  орнады.  Әлем 
жұртшылығына өркениеттер қақтығысы емес, мәдениеттер келісімінің кілтін ұсынған 
Назарбаев пен Қазақстан деген ұғымдар балама сөзге айналды.
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, 
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқармасының төрағасы, 
Халықаралық Түркі академиясының президенті, 
тарих ғылымдарының докторы

25 байлам
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
197
А
та-бабалар  армандаған  азаттыққа  қол  жеткіздік.  Тәу  етер  тәуелсіздігімізді 
сақтау  –  отаншыл  тұлға,  мемлекетшіл  ұрпақ  тәрбиелеумен  сабақтас  мәселе. 
Тәуелсіздігіміздің баянды болуы – еліміздегі сан ұлттар мен ұлыстардың бейбітшілік 
пен тыныштық, тұрақтылық пен келісімде өмір сүруінен ажырағысыз ұғым. 
Тоталитарлық жүйе қысымындағы ұлттардың Қазақстанға күштеп жер аударылғаны 
тарихтан мәлім. Тарих толқынындағы түрлі зобалаң жылдары қысымға ұшыраған сан 
ұлтқа пана болған қазаққа Қазақстанды Отаным деп білетін халықтардың құрметі зор. 
Олар  тағдыр-талайын  елімізбен  байланыстырып  отыр.  Ал  әлемнің  түкпір-түкпіріне 
тарыдай  шашылған  қандастарымыздың  ата  жұртқа,  қасиетті  Отанымызға  деген 
махаббатын айтып жеткізу оңай емес. Басқа ел мен жерге үдере көшіп, сол елді еріксіз 
паналауға  мәжбүр  болған  олар  үшін  тәуелсіздік  ұғымы,  бейбітшілік  пен  тыныштық 
ұғымдары ерекше маңыз ға ие. Бір кездері бір көруге арман болған атамекенімізде бас 
қосқан ағайындардың азаттық байрағының астынан табылуы да тебірентпей қоймайды. 
Ендігі мұрат-мақсатымыз – тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін аянбай тер төгу. 
Ұлы  көштің  ата  мекенге  бет  бұруы  арқылы  өшкеніміз  жанып,  жоғалғанымыз 
түгелденуде.  Еліміздің  демографиялық  әлеуетін  нығайтуда  әлем  қазақтарының  атқарар 
міндеттері орасан зор. «Елге елдің қосылса – құт» десек, Алаш баласының басын қосып, 
ұлы істерге ұйыстырар елдік мәселелер сынға түскенде көкке желбіреген көк байрағымыз 
намысымызды қайрай бермек. Тәуелсіздік тәу етер киеміз болса, баршамыздың тілегіміз – 
ұлы Отанымызда бейбітшілік пен тыныштықтың жарасымды үйлесімі салтанат құра бермек 
демекпіз. Ол – баршамыздың бақытты да тату-тәтті өмір сүруіміздің, алға қойған мұрат-
мақсаттарымыздың  баянды  болуының  кепілі.  Атажұртқа  асыға  жеткен  қандастарымыз 
тәуелсіздік тұғырының асқақ болуы үшін аянбайтынына кәміл сенімдіміз. 
Қазақстандағы  тұрақтылық  пен  тыныштықтың  қадірі  кейінгі  кезде  біліне  бастады. 
Себебі, соңғы жылдарда дамуы бірқалыпты елдердің өзі дүрбелеңге түсіп, бақ-берекесінен 
айрылғанына куә болып отырмыз. Соның бәрі талай уақыттан бері орныққан татулық пен 
бейбітшілікті бағалай білуге міндеттейді. Халқымыз да мұны жақсы түсінеді. 
Біз ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіз Қазақстанда өмір сүрудеміз. Ұлы Отанымыздың  
өсіп-өркендеуіне  бір  атаның  баласындай  адал  қызмет  ете  беруіміз  керек.  Тұңғыш 
Президентіміздің жоғарыдағы тұжырымына қатысты менің пікірім осындай. 
Сағымбай ЖҰМАҒҰЛ,
филология ғылымдарының докторы
Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайының салтанатты 
ашылуында сөйлеген сөзінен. Алматы, 30 қыркүйек, 1992 жыл

25 байлам
25 БЕЛЕС
198
Елдің тыныштығын бұзу ұлтымыздың болашағына балта шапқанмен 
бірдей.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайының салтанатты 
ашылуында сөйлеген сөзінен. Алматы, 30 қыркүйек, 1992 жыл
А
та-бабамыз  аңсаған  тәуелсіздікті  алғалы  бері  Елбасының  саясаты  ел 
тыныштығын сақтауға бағытталды. Оның себебі де жоқ емес. Бұдан жиырма үш 
жыл бұрын Қазақстан өз тәуелсіз мемлекетін құрғаны туралы декларация қабылдап, 
Қазақ елін айдай әлемге жария етті. 
Тәуелсіздік алған осынау жылдарда Қазақ елі ғасырларға тең жолдан өтті. Ең бастысы 
– әрбір қазақстандықтың өз елі, өз Отаны – Қазақстанға деген отаншылдық сезімі оянды. 
Ұлты  мен  ұлысына  қарамай  әрбір  қазақстандық  ұланғайыр  құт  мекеннің  абыройы  мен 
беделін көтеріп, тәуелсіздікті бекемдей түсуді өзінің бас ты парызы екенін санасына бекітті. 
Бұл  орайда,  еліміздің  тәуелсіздігін  баянды  етіп,  оның  халықаралық  дәрежедегі  беделін 
көтеру, ұлттар мен ұлыстар арасында ынтымақтастық пен азаматтық келісімді сақтау үшін 
теңдесі жоқ шаруа атқарылып жатыр. 
2008 жылғы 20 қазанда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы ассамблеясы» туралы 
әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы ассамблеясы еліміздің 
саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Ассамблея жұмысының арқасында біздің 
елімізде  этносаралық  және  конфессияаралық  келісімнің  бірегей  моделі,  әрбір  азамат 
этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық 
құқықтары  мен  бостандықтарын  толық  пайдалана  алатындай  ерекше  сенім,  ынтымақ, 
өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  өзінің  жыл  сайынғы  дәстүрлі  Қазақстан 
халқына жолдауында еліміздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті, әрі серпінді дамып 
келе  жатқан  мемлекеттерінің  қатарына  қарай  қадам  басуы  үшін  негізгі  басымдықтар 
қатарында осы заманғы қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерге, діни экстремизмге қарсы 
пара-пар ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру мәселесін үнемі алға қойып келеді. 
«Кез-келген мемлекетті сырттан жау келіп құлатпайды, оны бұзатын да, құртатын да ішкі 
алауыздық» деген аксиоманы барлығы әлдеқашан мойындаған. Осының нақты тетігі мен 
кілтін жоғарыда айтылған Елбасының сөздері айғақтайды.
Елбасы  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол»  атты  Қазақстан  халқына  арнаған 
жолдауында  өзінің  ел  тыныштығына  қатысты  ойын  одан  әрі  тереңдете  түсті.  Ол  әрбір 
қолға  алған  ісінің  үнемі  баянды  болатындығына  қалың  елдің  көзін  жеткізді.  Демек, 
еліміздің тыныштығы үшін жасалған кез-келген әрекет атқарылып жатқан барлық күйбең 
тірліктен  биік  тұрады.  Бұл  –  біздің  борышымыз.  Бабаларымыз  аңсаған  азаттығымызды 
ауызбірлікпен ғана сақтап қала алатынымызға тағы бір мәрте көз жеткіземіз.
Жұмабек КЕНЖАЛИН, 
журналист, Президент сыйлығының лауреаты

25 байлам
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
199
Қ
азақ:  «Опасызда  Отан  жоқ»,«Отансыздың  оты  жанбайды»  –  дейді.  Жалпы, 
жабайы құланы тұрмақ, қыр кезген киігіне дейін тоқ баса алмайтын құйқалы 
өлкесін жарақты жауға да, жабысқан дауға да қимаған көшпелі халықтың санасында 
«Отан» атты ұғым өзгеше бедерленген. 
Қашанда  кіндігін  туған  жерге  байлаған  текті  жұрт  өмірге  жаңа  келген  ұрпағының 
бесігін «еліңді қорғар егей бол!» деп ұлағатты тәрбиемен тербететін болған. Атаның адал 
қаны мен ананың әуезді әлдиі арқылы туған жердің қадіріне жөргегінде жатып-ақ жарыған 
әрбір ұлдың бұғанасы бекімей жатып ұлтының азаттығы үшін қолына қос құлаш найза 
алып атқа қонатыны сондықтан. 
Өткенге оралсақ, «Отан оттан да ыстық» деген бабаның ақылын бойтұмар еткен аталы 
жұртымыз ел мен жер үшін күрес жолында тағдырдың қандай талқысына түспеді?! Баба 
қанының  бодауымен  келген  құйқалы  қонысын  жатқа  алдырып,  «батыр  елді  бақташыға 
айналдырғаны үшін» Тәңірқұт Мөде әкесі Тұманды оққа байлады. 
Тоқсан баулы тайпа мен қырық құраулы хандықтың басын бір тудың астына біріктіріп, 
қуатты  мемлекет  құрған  бергі  кезеңде  де  әруақты  бабаларымыз  жер  үшін  жоңғармен 
жауласыпты.  Тәңірі  жебеген  Тәуекел  хан  тұсында  төрт  қақпалы  Түркістан  қатарлы 
оңтүстіктегі отыз қаланы Қазақ иелігіне қайтару үшін қоқанмен қидаласыппыз. 
Жиырмасыншы ғасырдың басындағы Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Әлімхан 
Ермеков, т.б. бастаған Алаш ұранды тұлғаларымыздың Қазақ автономиясының шекарасын 
анықтау  мәселесінде  көрсеткен  ерлігі  ұрпаққа  өлмес  үлгі.  Демек,  біз  ежелден  «Ел» 
десе ішер асын жерге қойған, Отанға деген өлшеусіз махаббаты тамырын бүлкілдеткен 
текті  халықпыз.  «Екі  Отан  жоқ,  жалғыз  Отан  тірегің»  деп  халқымыздың  ақиық  ақыны 
 М.  Мақатаев  айтқандай,  ақыл-парасаты  бүтін  алаш  баласы  үшін  жұмыр  жер  бетінде 
Тәуелсіз Қазақстанның да жалғыз екені белгілі. Елбасы айтқан: «Бұл дүниеде біздің бір 
ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан» деген ұғым осы тұрғыдан болу керек. Бұл 
тұжырым елімізді шексіз жақсы көруге, оны қорғауға дайын болуға үндейді.
Сол жалғыз Отанды сүйіп, оның бүтіндігін сақтауға, тәуелсіздігіміздің беки түсуі мен 
мәңгілік ел болашағы үшін өз үлесін қосуға Қазақстанның әрбір азаматы міндетті. Оған 
үлгі  болатын  тарихи  оқиғалар  да,  айтулы  тұлғалар  да  жеткілікті.  Қажет  болса,  Отанды 
қалай сүю керектігін Елбасыдан үйренейік. Ұядағы ұрпағымызға таптырмас үлгі болуға 
татитын қайталанбас образ – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті – Н.Ә. Назарбаев.
Құныпия АЛПЫСБАЕВ,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайының салтанатты 
ашылуында сөйлеген сөзінен. Алматы, 30 қыркүйек, 1992 жыл

25 байлам
25 БЕЛЕС
200
Жерге  жетер  ештеңе  жоқ,  жерден  өтер  байлық  жоқ.  Жер  болса  –  
 ел болады, ел болса – ер болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайының салтанатты 
ашылуында сөйлеген сөзінен. Алматы, 30 қыркүйек, 1992 жыл
Б
абаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен ұлан-байтақ жерді жауларынан 
сан ғасырлар бойы көзінің қарашығындай қорғап, бізге аманат етіп қалдырғаны 
жердің қадірін білгені, жерді қастерлегені. 
Ел болу үшін ең алдымен жер керектігін білген, сол жерді сақтау мен қорғау үшін ел 
ішінен ер шығара білген халқымыз ел мен жерді қорғау жолында қаншама қасірет шеккені 
тарихтан белгілі. Біздің дәстүрлі санамызда ел мен жер егіз ұғым ретінде қалыптасып, «Ел 
аман болсын, жер аман болсын» – деп, әрдайым ел мен жер амандығын қаладық. Керей 
мен  Жәнібек  хандар  Шу  бойында  Алтайдан  Атырауға  дейінгі  алқапта  алғаш  рет  Қазақ 
хандығын құрып, жариялады. Айналадағы алып державалармен терезесі тең саясат ұстау 
қазақ  хандарына  тән  қасиет  еді.  Алмағайып  сол  құбылмалы,  қиын-қыстау  замандарда 
«Отан үшін күрес – ерге тиген үлес» деп ел мен жер үшін жанын қиған Қаракерей Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбайдан бастап күні кешегі ел тәуелсіздігі үшін құрбан болған Қайрат пен 
Ләззаттың ерліктері – соның айқын мысалы. 
Ата бабаларымыз аңсап, армандап кеткен Қазақстан егемендігін алғалы қарыштап дами 
бастады. Оның да басты бір тірегі мен тетігі атадан мұра болып қалған Қазақстанның 
ауқымды жері еді. «Жері байдың – елі бай» демекші, Менделеев кес тесіндегі элементтердің 
барлығы дерлік Қазақстан жерінде кездесетіндігі, жер мен қазба байлықтарының мол 
қоры – қазақ халқына, Қазақстан халқына тиесілі құтты игілік, мол береке.
«Кез келген халыққа бәрінен бұрын асқақ рух керек» дейтін Елбасы егемендіктің елең-
алаңында-ақ  ертеңімізге  нық  сенді.  Дүниежүзі  қазақтары  құрылтайының  1992  жылы 
өткен алғашқы мәжілісінде ол былай деген болатын: «Орнында бар оңалар» дейтін еді 
халқымыз.  Шүкір,  ел  орнында,  жер  орнында.  Жерге  жетер  ештеңе  жоқ,  жерден  өтер 
байлық жоқ. Жер болса – ел болады, ел болса – ер болады. Осындай жеріміз барда, еліміз 
барда,  өздеріңіздей  еріміз  барда  біз  ешкімнен  кем  болмаймыз!  Заман  тыныштығын 
берсе,  бүгінгі  дағдарыстан  да  шығармыз.  Тә уелсіз  Қазақстан  дәулетіне  сәулеті  сай 
қуатты  мемлекетке  айналар.  Қазақ  халқы  әлемдік  өркениетке  қазіргіден  гөрі  қомақты 
үлес қосар. Даламызда да, қаламызда да шадыман тұрмыс, шат тірлік орнар. Бұйыртса, 
бүгінгі Құрылтайға қатысқан қадірменді қонақтарымыздың өзі туған Қазақстанымыздың 
гүлдеп-көркейгеніне таяу жылдарда-ақ куә болады деп кәміл сенеміз». Бұл – ел қадірі 
мен жер қадірінің бағасын бірдей білетін жанның сөзі еді. Мұны еліміздің әрбір азаматы 
жан жүрегімен сезінеді.
Оразалы СӘБДЕН, 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
экономика ғылымдарының докторы, 
профессор

25 байлам
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
201
М
емлекеттік тіл мәртебесінің ана тілімізге берілуі жолындағы ашық та астыртын 
тартыстар тұсында табандылық танытып, перзенттік парызын әрдайым адал 
атқарған  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  еңбегін  көзі  ашық,  көкірегі  сергек 
жандардың жақсы білетіні анық. 
Жоғарыда беріліп отырған уәжді сөз – қазақ тілі туралы қажет кезде жеріне жеткізіп, еліне 
жеткізіп  айтып  келе  жатқан  Президенттің  ойлы,  орынды  пікірінің  біреуі  ғана.  Оның  ана 
тілімізге қатысты шынайы сүйіспеншіліктен туған, ертеректе айтылған тағы бір қанатты, 
толғаулы  сөзі  ойға  оралып  отыр.  Ол  мынау  еді:  «Дауға  салса  –  алмастай  қиған,  сезімге 
салса – қырандай қалқыған, ойға салса – қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында 
әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық 
қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени 
тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі». 
Ұлтының  алдымен  ұлы  болған,  қазіргі  таңда  ұлы  перзенті  әрі  көшбасшысы  болып 
отырған Елбасының елжірей айтқан осы сөзінің астарында үлкен мән-мағына, ұлағатты 
ой жатқаны анық. 
Таңдаулылар мен тектілер лайықты бағасын берген сол қасиетті де қастерлі тілімізбен 
тарихымыздың сара жолын салып келе жатырмыз. Тіл бір халықтың тіл байлығын ғана 
көрсетпейді, сонымен бірге сол халықтың елдік дәрежесін, ой-кемерін сезіну тереңдігі 
мен таяздығын айқындайды. «Ана тілі — халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің 
айнасы,  өсіп-өніп,  түрлене  беретін,  мәңгі  құламайтын  бәйтерегі»,  –  деп  Жүсіпбек 
Аймауытұлы айт қанындай, рухани байлығымыз – тіліміз арқылы дамығанын, елдігіміз 
де тіл арқылы сақталғандығын ұмытпау шарт. 
Баршамызды ана тіліміздің тағдыры толғандырары анық. Бүгінгі қазақ қоғамындағы 
мәңгүрттік – өз тілін тәрк етуден туатын қасірет. Ана сүтімен сіңбеген, бесік жырынан 
нәр  алмаған  ұлттық  тіліміз  елімізді  мешел  етеді.  Тілі  мен  дінінен  айырылған  ондай 
жан  рухани  кемтарлығын,  адамдық  болмысын  түсінбей,  көлденең  көк  аттының 
қолжаулығына айналады. 
Ұшса құс қанаты талатын сайын даланы мекен еткен қазақ баласы! Еліңді, елдігіңді 
сақтап, әлемнің алпауыт мемлекетіне айналғымыз келсе, тіліміздің мәртебесін көтерейік. 
Қазақтың қамын қазақ жемегенде кім жейді? Ел басына күн туса, толарсақтан саз кешетін 
қайсар халқымыз ана тілінің жасампаздығы үшін аянып қалмасы хақ. Сондықтан әрқашан 
тіліміздің  абыройын  асқақтатып,  тіліміздің  қадір-қасиетін  паш  ете  білейік.  Ұға  білсек, 
Президенттің  қара  көз  қазақ  баласына  қаратып  батыра  айтқан  байламының  да  түпкі 
мақсаты соны ұқтыру болса керек, біздіңше. 
Сағымбай ЖҰМАҒҰЛ,
филология ғылымдарының докторы
Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Ол ең алдымен қазаққа керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Қазақ тілі» қоғамының ІІ құрылтайында сөйлеген сөзінен. 
Алматы, 26 қараша, 1992 жыл

25 байлам
25 БЕЛЕС
202
Адам  мен  адамды,  халық  пен  халықты,  мемлекет  пен  мемлекетті 
жалғастырар ең берік дәнекер – мүдде жақындығы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Ордабасы тауында Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді еске алу күніне 
арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен. 28 мамыр, 1993 жыл
Е
лбасы астарында қазақстандық мүдде жатқан мәселеге халықтың назарын аудара 
білді. «Қазақстан кімнің мемлекеті – қазақтардың ба әлде қазақстандықтардың ба?» 
деген сауалдың дұрыс жауабын табу жөнінде ел болып ақылдасып, ортақ ұстанымға, 
жалпыұлттық идеяға ұйысу қажеттілігін күн тәртібіне қойды. 
Қазақстан халқының бірауыздан берген жауабы «Қазақстан – мемлекет құраушы қазақ 
ұлтының  атамекенінде  тұратын  барша  халықтың,  ел  азаматтарының  Отаны!»  деген 
ұлағатты ұранға ұласты. Бұл бүгінгі өміріміздің ақиқатына айналды.
Этникалық  тұрғыда  жер  қазақ  ұлтының  жері  болғанымен,  мазмұны  жағынан 
демократиялық-құқықтық, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған біздің Отанымыз 
көпұлтты.  Қай  ұлт  өкілі  болмасын,  олар  –  Қазақстан  Республикасының  тең  құқықты 
азаматы, қазақстандық. Бұл – әлемдегі кез келген дамыған демократиялық мемлекеттерге 
тән қасиет. Франция – франциялықтардың, АҚШ – америкалықтардың отаны. 
Мемлекет  халқының  ортақ  мүддеге  жұмылып,  жалпыұлттық  идеяға  топтасуының 
басты  сипаттамасын  салыстырмалы  түрде  ансамбльге  теңеуімізге  болады.  Ансамбль 
құрамындағы  жекелеген  компонент-құрамдас  бөліктер  өзінің  сапалық  өзгешеліктерін 
жоғалтпайды,  мақсат  жолында  жұтылып  кетпейді.  Олардың  сапасы  тек  бір  құрылым 
шеңберінде  өмір  сүруші  және  бір-біріне  өздерінің  ерекше  із-таңбаларын  қалдырушы 
барлық құрамдас бөліктердің өзара ықпалына тәуелді. Сонымен бірге жалпы ансамбльге 
тән  ортақ  қасиет  те  туындайды:  ол  жекелеген  құрамдас  бөліктердің  өзіндік  сапаларын 
жойып жібермейді, алайда құрамдас бөліктер барша ансамбльдің сапасына тәуелді. 
Осылайша, ансамбльдегі жекелеген музыкалық аспаптар сияқты әр ұлт пен этноәлеуметтік 
топ өкілдері өздерінің жекелеген сапалары мен ерекшеліктерін сақтай отырып, Қазақстан 
Президенті  мен  мемлекеттік  басқару  органдарының  жетекшілігімен  «ортақ  әуен»  – 
жалпыұлттық идеяға үндескенде ғана «құйқылжыған әуезді өнер шығармасын тыңдауға», 
саяси тілде айтсақ – азаматтық, құқықтық-демократиялық қоғам құрып, егемен әрі дамыған 
өркениетті мемлекетке жетуімізге толық мүмкіндігіміз болмақ.
Елбасы айтқандай, «адам мен адамды, халық пен халықты, мемлекет пен мемлекетті 
жалғастырар берік дәнекер – мүдде жақындығы» көпұлтты Қазақстанның жағдайында 
айқын  байқалып  отыр.  Біздің  мүддеміздің  жақындығының  көрсеткіші  –  еліміздің 
береке-бірлігі, тату тірлігі.
Сейілбек МҰСАТАЕВ, 
саяси ғылымдар докторы
профессор

25 байлам
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
203
К
үнделікті  тіршілікте  «Ағайын  тату  болса  –  ат  көп,  абысын  тату  болса  –  ас  көп» 
деген  аталы  сөзбен  өмір  сүріп,  оны  ұлттық  ұстанымға  айналдыруға  талпынған 
дана халқымыз береке-бірлікті қашанда баға жетпес құндылыққа балаған. 
«Алтау  ала  болса,  ауыздағы  кетеді»  деп,  әуелі  ала  тайдай  бүлінген  ағайын  ішіндегі 
алауыздықты  тиыпты.  Тоқсан  баулы  тайпаға  бөлінген  қырық  рулы  ел  «Тозған  қазды 
топтанған қарға жемтік қыларын» ертерек түсініп, тағдырын бір ту астында тоғыстырыпты. 
Болаттай берік ауыз біршілігінің арқасында «Алтын Ордаға» айналып ат тұяғымен екі ғасыр 
бойы  қос  құрлықтың  апай  төс  даласын  дүбірлетіпті.  Ырысын  тасытқан  ынтымағының 
арқасында түркінің қайқы қылышымен жұмыр жердің келбетін өз білгенінше бедерлеп, 
ат үстінде азат ғұмыр кешіпті. Ал «бегі мен халқының бірлігі жоқ, дұшпанының алдауына 
сенген, арбауына көнген, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан» тұста 
ынтымағы іріп, ырысы шайқалған түбі бір Түркі жұртынан қыдыр кетіпті. Айдарлы ұлы 
мен бұрымды қызы бірлігі асып, мейманасы тасыған көрші жұртқа құлданыпты.
Өткен  тарихтың  бұл  тағылымының  бізге  айтары  аз  емес.  Ағайын  арасында  ауыз-
біршілік  пен  қарапайым  сыйластық  салтанат  құрса,  төрімізде  қашанда  жемісті  еңбек 
жалауы желбірейтіні белгілі. Ел бірлігін қамтамасыз ету – кез-келген демократиялық, 
зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  құрудың  айнымас  негізгі  шарты. 
Мемлекеттің экономикалық өсіп-өркендеуі, әлеуметтік ілгерілеуі, демократиялық дамуы 
қоғам бірлігі ұйысқан жағдайда ғана жүзеге аспақ.
Бүгінгі  таңдағы  елімізде  қалыптасқан  этностар  тұтастығы  мен  халық  достығы 
арқасында көсегеміз көгеріп, жас мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Ел ішіндегі 
ұлтаралық  татулықты  нығайтуда  маңызды  конституциялық  орган  болып  саналатын 
Қазақстан халқы Ассамблеясының орны айрықша екенін атап өткен жөн. 
Бұл ассамблея – бейбітшілік пен келісімді тиімді насихаттаушы қоғамдық институтқа, 
этносаралық  және  конфессияаралық  толеранттылықтың  қазақстандық  үлгісінің  негізіне 
айналды. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтас тық ұйымына төрағалығы, 
Астана  қаласында  мемлекет  басшыларының  Саммитін  өткізуді  дүние  жүзінің  қолдауы  – 
Елбасының Конституция негізінде жүргізіп отыр ған салиқалы саясатының айқын көрінісі. 
Бүгінде  бірлігіміздің  беріктігі  баянды  болашағымызды  қамтамасыз  ететініне  ел-жұрттың 
көзі әбден жетті. Қазақстанның халқы өзгелер қызыға қарайтын жарасымды татулығының 
арқасында тыныштық пен тұрақтылықтың жемісін көріп отыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет