25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар


көтеруге  және  мемлекетті  демократияландыруға  байланысты  қаншама  реформа



Pdf көрінісі
бет11/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30

көтеруге  және  мемлекетті  демократияландыруға  байланысты  қаншама  реформа 
жүргізіліп,  тарихи  іс-шаралар  атқарылды.  1997  жылы  қабылданған  «Қазақстан  – 
2030»  стратегиясы  мерзімінен  бұрын  орындалып,  әлемдік  өреде  мемлекетіміз  бен 
Елбасымыздың дара беделін, биік парасатын, табанды саясатын дүние жүзі мойындады. 
Президенттік  билік  кәсіби  парламентпен,  орталық  және  жергілікті  атқарушы  билікпен 
үйлесімді  жұмыс  атқарып,  Қазақстанның  әлем  мен  өңірдегі  абыройы  арта  түсті. 
Демократиялық институттар толық орнығып, көппартиялық жүйе Қазақстанның шындығына 
айналды. Мемлекет жоспарлаған экономикалық міндеттерді кезең-кезеңмен орындап келеді. 
Әлемдік  сын-қатерлер  мен  қоғам  дамуының  жаңа  кезеңіне  сәйкес  «Қазақстан  –  2050» 
стратегиясы қабылданды. Бұл орайда ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы» 
және «Мәңгілік ел» идеясының мәні ерекше. Бұл саяси инфрақұрылымдағы, саяси мәдениет 
пен саяси санадағы қазақстандық үлгіні жаңа сатыға көтереді. 
Президент  көпконфессиялық  және  көпэтностық  мемлекеттегі  саяси-әлеуметтік 
тұрақтылықтың  маңызына  ерекше  назар  аударды.  Тәуелсіздік  стратегиясының  қоғам 
тарапынан  мойындалуына,  оңтайлы  саяси  шаралардың  сәтті  жүзеге  асуына  елдегі  жас 
саяси  партиялардың  қосқан  өзіндік  үлесі  бар.  Патриоттық,  ұлттық  платформалардағы 
саяси партиялар тәуелсіздіктің алғашқы жылдары белсенділік танытса, кейін негізгі күш 
билік партиясына ауыса бастады. Өтпелі кезең ауыртпалығын, экономикалық қиындықты 
орнымен жеңген саяси билік партиялық жұмысты сапалы ете түсті.
Қазақстандағы  демократия  табиғи  эволюциялық  жолмен  қалыптасып,  дамып  келеді. 
Конституциялық  мақсат  ретінде  айқындалған  демократиялық  мемлекет  жолын  ел  халқы 
қолдап отыр. Президенттік билік, қос палаталы парламент, атқарушы билік, саяси партиялар 
мемлекеттік  биліктің  табиғи  үдеріс  арқылы  демократиялануына  толық  жағдай  туғызды. 
Бүгінде біз қоғам өмірінің бар саласынан тәуелсіздік нәтижесі мен маңызын сезіне аламыз. 
Бұл еліміздің қоғамдық-саяси тұғырын, әлеуметтік-экономикалық бағдарын айқын көрсетеді. 
Ерлан СЫДЫҚОВ,
 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры,
ҚР ҰҒА академигі, 
тарих ғылымдарының докторы
профессор

25 бастама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
101
Қазақстанды  әлемдік  экономикаға  кіріккен  нарықтық  мемлекет 
ретінде елестетемін. Бұл үшін, әлбетте, соңғы кездері республика жүзеге 
асырып жатқан реформаларды жалғастыру қажет. Олардың мәні меншік 
формасын қалыптастыруға, жекешелендіруге, кәсіпкерлікті көтермелеуге, 
фермерлікті дамытуға, шетелдік инвестицияларды қорғауға келіп саяды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Хоккайдо Симбун» (Жапония) басылымына берген сұхбатынан. 
2 қазан, 1991 жыл
Т
әуелсіздіктің елең-алаңында «Қандай қоғам мен құрылыс болу керек?» деген 
заңды сауалға жауап ізделді. Іздегеніміз алыстан емес, жақыннан табылды. Ол 
бүкіл  әлемнің  өркениетті  елдерінің  дамуына  арқау  болған  нарықтық  экономика 
мен демократиялық қоғам еді. 
Сондықтан, Қазақстан да бұрын социа листік лагерде бірге болған басқа елдер сияқты 
өркениеттің даңғыл жолына, яғни нарықтық экономика мен демократиялық қоғам құруға 
бет алды. Осы мақсаттарға жету үшін елімізде экономикалық және демократиялық үлкен 
реформалар басталды. Бұл реформалар еліміз егемендігін жариялап, Қазақстан әлемдік 
қоғамдастықта өзінің тарихи орнын алған уақытпен сәйкес келді. Олардың қиындықпен 
іске асқанына қарамастан сәтті болғанын өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Экономикалық  реформалардың  басты  мәні  –  әкімшілік-командалық  басқару  әдіс-
терін арқау еткен жоспарлы экономикалық жүйеден нарықтық қатынастарға негізделген 
экономикалық  жүйеге  өту  болды.  Ол  үшін  экономикалық  жүйенің  іргетасы  болып 
табылатын меншік қатынастарын түбегейлі өзгерту қажет еді. Сондықтан, негізгі құрал-
жабдықтарға  деген  мемлекеттік  меншіктің  монополиясы  жойылып,  олар  мемлекет 
иелігінен алынып, жекешелендіру арқылы жеке меншікке берілді. Мемлекеттік меншікті 
мемлекет  иелігінен  алу  мен  жекешелендіру  жеке  меншікке  негізделген  нарықтық 
экономиканың басты тұлғалары болып табылатын кәсіпкерлердің қалыптасуына арқау 
болды.  Мемлекеттік  кәсіпорындар  жекешелендірудің  арқасында  ұйымдық-құқықтық 
формасы әртүрлі кәсіпорындарға айналды (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі 
серіктестік, өндірістік кооператив және т.б.).
Мемлекет  иелігінен  алу  мен  жекешелендіру  кезінде  пайда  болып,  қалыптасқан  жеке 
меншіктегі кәсіпорындар шетелдік инвестицияның біздің елімізге молынан келуіне жол 
ашты.  Өйткені,  шетелдік  инвесторлар  мемлекеттік  емес,  жекеменшік  кәсіпорындармен 
жұмыс  істеуді  қалайды.  Сондықтан,  ең  алдымен  нормативтік-құқықтық  құжаттар 
қабылданды. Оның ішінде шетелдік инвестицияларды қолдауға ерекше көңіл бөлінді.
Міне, Елбасымыздың «Қазақстанды әлемдік экономикаға кіріккен нарықтық мемлекет 
ретінде елестетемін» деген арманы – бүгінгі еліміз бен халқымыздың күнделікті тіршілігі. 
Тоқтар ЕСІРКЕПОВ,
экономика ғылымдарының докторы, 
профессор

25 бастама
25 БЕЛЕС
102
Егемен Қазақстанды іс жүзінде халықаралық қатынастардың дербес 
субьектісіне,  дүниежүзілік  экономикалық  кеңістіктің  белсенді  әрекет 
етуші  тұлғасына  айналдыру  керек.  Республиканың  географиялық 
орналасуы және әлеуметтік әлеуеті Қазақстанның Азия-Тынық мұхит 
өңіріне  де,  сондай-ақ  Еуроатлантикалық  өңірге  де  бағдар  ұстауына 
жағдай жасайды. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Президенттік қызметіне ресми кірісуіне байланысты ҚР Жоғарғы Кеңесінің 
салтанатты отырысында сөйлеген сөзінен. 10 желтоқсан, 1991 жыл
Е
л Президентінің бұл пікірі сол уақыттың өзінде өте өзекті болатын. Өйткені, ол кезде 
жекелеген  мемлекеттермен  сыртқы  қарым-қатынаста  халықаралық  құқықтың 
көпшілік таныған нормаларын сақтау мәселесі туындады. 
Сондай-ақ  дүние  жүзіндегі  көптеген  экономикалық  және  саяси  жаһандану  үрдістері 
де  халықаралық  құқықтың  бас ты-басты  қағидаларын  алға  қоя  бастады.  Сондықтан 
Қазақстанның сыртқы саясаты 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі 10 жыл ішінде күрделі 
даму жолынан өтті. 
Қазақстан  1991-1993  жылдары  халықаралық  құқық  субъектісі  ретінде  әлемдік 
қоғамдастыққа  ену  шараларын  жүзеге  асыр ды,  дүние  жүзіндегі  жетекші  елдермен 
ынтымақтастықтың құқықтық-келісім базасын қалыптастырды. БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропалық 
қайта  құру  және  даму  банкі,  Халықаралық  валюта  қоры,  ЮНИСЕФ,  ЮНЕСКО  және 
т.б.  ірі-ірі  халықаралық  ұйымдарға  мүше  болып,  әлемдік  саясаттағы  алпауыт  елдермен 
стратегиялық серіктестік орнатты. 
Бұл орайда, Қазақстанның географиялық қонысы мен қалыптасқан геосаяси жағдайларды 
ескере  отырып  жүзеге  асыр ған  көпвекторлы  сыртқы  саясаты  өте  тиімді  болып  шықты. 
Осы саясаттың арқасында еліміз айналадағы мемлекеттердің барлығымен тату көршілік 
қарым-қатынас орнатып, өзара экономикалық ынтымақтастықты жандандырды. 
Қазақстан,  сонымен  қатар,  өңірдегі  тұрақтылық  пен  қауіпсіздік  мәселелерін  шешуге 
белсене  атсалысып,  бірқатар  халықаралық,  өңірлік  бірлестіктердің  құрылуына 
бастамашылық  етті.  Азиядағы  өзара  іс-қимыл  және  сенім  шаралары  жөніндегі  кеңес, 
Еуразиялық  экономикалық  қоғамдастықтан  басталып,  экономикалық  интеграциялық 
одақ  түрінде  іске  кіріскен  Еуразиялық  экономикалық  одағы  –  соның  айғағы.  Мұның 
сыртында еліміз әлемдік экономикалық дағдарыстарды еңсеру бағытындағы халықаралық 
талпыныстарға да өз үлесін қосып, бірқатар ұсыныстарын жария етті. Соның ең негізгілері 
ретінде тұрақты жұмыс істеп жатқан Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы 
конференцияны, «G-Global» интерактивті талқылау алаңын айтуға болады. 
Яғни, еліміз қысқа мерзім ішінде халықаралық қатынастардың дербес субьектісіне ғана 
емес, әлемдік экономика кеңістігінің белсенді қатысушысына да айналып үлгерді. 
Атамұрат ШӘМЕНОВ,
экономика ғылымдарының докторы

25 бастама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
103
Қазақстан  үшін  және,  сірә,  жалғыз  ол  үшін  ғана  емес  болар,  ядролық 
держава ретінде халықаралық деңгейде танылудан гөрі тәуелсіз мемлекет 
мәртебесіне  жету,  келешекте  өз  аумағын  ядролық  қарусыз  аймақ  деп 
жариялап, БҰҰ-ға мүше болу анағұрлым артық екенін атап көрсеткім келеді. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
егемен мемлекеттер басшыларының кездесуінде сөйлеген сөзінен. 
21 желтоқсан, 1991 жыл
Е
уразия кеңістігіндегі ықпалдастық пен ыдыраушылық. Осы жағдайда Президент 
өз халқы алдында үлкен жауапкершілікпен шешімтал әрекетке батыл барды. 
Қазақстан  ядролық  қаруды  жоюдың,  сақтаудың  және  тасымалдаудың  қауіпсіздігін 
қамтамасыз етіп, ядросыз мемлекет болу барысында өз көзқарастары мен бағытын нық 
ұстанды. Жұмысшы ұжымға тән демократизм мен турашылдық кез келген қиыншылықтың 
көбесін сөгіп шығуға мүмкіндік береді. Президент Сарай құлқы мен іс адамының қайсысын 
таңдау керек болғанда, көп абыржымастан, іс қамын таңдап алды. 
Қайта құру келекеге ұшырай бастаған қатерлі кезеңнен бірігіп аман қалуды ойластыратын 
ешкім болмады. Тамыз төңкерісінен кейін, әркім өз басын күйттеуге мәжбүр болды. «Маған 
өзімді президент сайлаған халықтың – қазақстандықтардың алдындағы жауапкершілікті 
сезініп, шешімді әрекеттерге барудан басқа амал қалмады» – деген еді сонда Елбасы.
АҚШ-тың сол кездегі Мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер 1991 жылғы желтоқсанда 
Назарбаев  туралы:  «Назарбаев  керек  нәрсені  дәл  көре  алады,  түсінікті  нәрсені  жүзеге 
асатындай  жүйелі  жолға  қоя  алады»,  –  деп  баға  берді.  Әрқашан  жарқын  болашақты 
күтумен болған халқы үшін ең бір әдемі қисындардан гөрі қарапайым ақылға қонымды 
істерді әлдеқайда артық деп санаған Елбасыға берілген лайықты анықтама.
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  президент  болып,  ел  тізгінін  ұстаған  сәттегі  ең  алғашқы 
шешімімен  Семей  сынақ  айлағы  жабылды.  Қазақстан  дүние  жүзінде  бірінші  болып  өз 
еркімен ядролық қарудан бас тартты. Қазір бұл тарихи шешімнің дұрыс болғанына нақты 
көз жеткізіп отырмыз. 
Бір кезде біреудің еркінің тұтқыны болып едік, енді біреудің пікірінің тұтқыны болмайық... 
Халқымыздың көпшілігі қолдап отырған қазақстандық жол – біреудің таптауырын ізімен 
кету емес, өз соқпағымызды тауып, сонымен жүруге талпыну. Біздің демократиямыздың 
негізі – саяси еркіндік, әлеуметтік жетілу және ұлтаралық тыныштық екендігі нақтыланған. 
Мұның жемісін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Ядросыз ел болу біздің өзге мемлекеттермен тығыз қарым-қатынасымызға жол ашты. 
Бұдан жиырма бес жыл бұрын Президентіміздің айтқан сөзі, көтерген бастамасы бүгінгі 
салтымызға айналды. Мұны өмірдің өзі дәлелдеді.
Мырзагелді КЕМЕЛ, 
қоғам қайраткері, 
экономика ғалымдарының докторы, 
профессор

25 бастама
25 БЕЛЕС
104
Бүгінде,  Республикамыз  тіпті  де  жасанды  емес  шын  мәніндегі 
егемендікке  жетіп,  өзіміз  өміріміздің  барлық  салаларын  жаңартуға 
бекем  қадам  басып  отырғанда,  мемлекеттің  жаңа  «бет-бейнесінің»  – 
Туының,  Елтаңбасы  мен  Әнұранының  қажеттігі  туралы  мәселе  туып 
отыр. Олар, бір жағынан, өзін өзі айқындайтын қазақ ұлтының егемен 
жас  мемлекетін  бейнелеп,  екінші  жағынан,  сабақтастық  пен  тарихи 
дәстүрлерді куәландыруы керек. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі он екінші шақырылымының  
VIII сессиясында Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік 
рәміздерінің бекітілуіне байланысты сөйлеген сөзінен. 9 маусым, 1992 жыл
Б
аршаға  белгілі,  біздің  еліміздің  тә уелсіздік  тарихы  жетпіс  жылдық  тарихы 
бар  Кеңес  Одағының  ыдырауымен  сабақтас.  90-шы  жылдары  өзге  одақтас 
республикалардың халқы сияқты қазақ ұлты да «егемендік шеруіне» қатысты. Көп 
кешікпей ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы орындалып, тәуелсіздікке 
қол жеткіздік. Бірақ тәуелсіздікке қол жеткізу бар, оның іргетасын қалау бар және 
оны баянды ету бар. 
Міне, мәселеге осы тұрғыдан келгенде, шын мәнісінде, Елбасымыз айтқандай, өзін-
өзі айқындайтын қазақ ұлтының жас «мемлекетінің жаңа бет-бейнесін жасау» үшін ең 
алдымен  мемлекеттік  рәміздерімізді  айқындау  қолға  алынды.  «Жас  мемлекетіміздің 
Туы,  Елтаңбасы,  Әнұраны  қандай  болуы  керек?»  деген  сұраққа  жауап  іздедік.  Оны 
шешу  мақсатында  1992  жылдың  басында  Жоғарғы  Кеңес  Президиумы  Қазақстан 
Республикасының  жаңа  мемлекеттік  нышандарын  дайындау  жөніндегі  жұмыс  тобын 
құру туралы қаулы шығарды. Арнаулы комиссияның құрамына С. Әбділдин, С. Зиманов, 
С. Әбдірахманов,  Е. Шәймерденов және т.б. лауазым иелері кірді.
Елтаңба,  ту,  әнұран  жобаларына  конкурс  жарияланды,  оған  қатысқан  көптеген 
шығармашылық өкілдері, талантты қыл қалам шеберлері, сазгерлер мен ақындар тарихи 
дәстүрлер мен сабақтастықты негізге алды.
Мысалы,  мемлекеттік  тудың  конкурсына  600  адам  қатысып,  1200  жоба  ұсынылған, 
мемлекеттік  елтаңба  бойынша  245  жоба  жасалған,  ал  мемлекеттік  әнұранның  іріктеу 
конкурсына 750 жоба жіберілген.
Әрине, қалай десек те, мемлекеттік рәміздердің негізі тамыры терең тарихтан алынды. 
Рәміздер тарихы сақ-үйсін-қаңлы-ғұн-сарматтар құрған арғы қазақ мемлекеттілігі кезінен 
басталады. Кез келген мемлекеттің Елтаңбасы өзіндік ерекшелігімен бір елді екінші елден 
ажыратып  тұрады.  Мысалы,  сақ  тайпалары  өзгелерден  «тамға»  тотемдік  белгімен,  ал 
түркілер көк бөрі бейнесіндегі байрақпен ерекшеленді. Ал біздің Туымыз қазіргі ұрпақтың 
санасында  билік  пен  күштің  белгісін  білдіретін  қыран,  бүркіт  бейнесімен  есте  қалады. 
Бүгінгі  таңда  мемлекеттік  рәміздеріміз  ел-жұрттың  санасында  берік  орнығып,  өмір 
салтымыздың белгісіне айналды.
Бүркітбай АЯҒАН,
Мемлекет тарихы институтының директоры,
тарих ғылымдарының докторы, профессор

25 бастама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
105
Қазақстандағы ұлтаралық жарастықтың негізгі ұйтқысы болу міндетін 
алдымен осы атамекеннің иесі – қазақ халқы өз мойнына алуы керек. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайының салтанатты 
ашылуында сөйлеген сөзінен. Алматы, 30 қыркүйек, 1992 жыл
Қ
азіргі Қазақстан – бірлігі жарасқан, қоғамдық келісім мен татулық салтанат құрған, 
ұстыны  айқын,  ұстанымы  берік  іргелі  елдердің  бірі.  Арғы  тарихын  Ғұндардан 
алып, Түркі Қағанатымен қанатын қатайтып, Хандық дәуірмен ұласып, одан кейінгі 
тұстарда  азаттықты  ту  етіп,  Тәуелсіздікке  табан  тіреген,  «мың  өліп,  мың  тірілген» 
қазақ халқы әр кезеңдерде-ақ бейбітшілік пен жасампаздыққа құштар болды. 
Қазіргі кезеңде жүзден астам ұлт өкілдерінің басын қосып, бір мүдде, ортақ мақсат 
төңірегінде  топтасып,  жұмған  жұдырықтай  бірігіп,  ең  бастысы,  бірлік  пен  татулықта 
өмір сүріп келеді.
Қазіргі  кезеңде,  жасыратыны  жоқ,  Қазақстан  мен  Елбасы  қатар  аталады.  Астанада 
Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының  сьезі  төрт  рет  өтті.  Оның  түпкі 
мақсаты  –  тұрақты  конфессияаралық  институт  құру,  жаңа  әлемдегі  конфессияаралық 
сұхбатқа кең өріс ашу. 
Қазақстандағы ұлтаралық жарастық пен сабақтастықтың бай тарихы, тәлімді тәжірибесі 
бар.  Бастысын  айтсақ,  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы,  «Нұрлы  жол»  бағдарламасы 
аясында халықтар арасындағы татулық, экономикадағы дағдарысты еңсеру мәселелері 
қарастырылған. «Мәңгілік ел» идеясы да осы мақсатпен өзектес. Ішкі-сыртқы саясаттағы 
тұрақтылықты қамтамасыз етіп, ұлтаралық жарастықтың жарасымды сипатын сақтау – 
айрықша мән беретін маңызды мәселелер. 
Еліміздегі демократияның дамуы, тұрақ ты экономикалық өсім мен ұлтаралық келі-
сімнің дұрыс бағыт алуы бейбітшілік пен жасампаздыққа құштарлықтан, отансүйгіш-
тіктен  туғаны  анық.  Бұған  алыс-жақынның  да  көзі  жетіп  отыр.  Бұл  тұста,  сөз  жоқ, 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  құрылымының  қоғамдық-саяси  институт  ретінде 
қалыптасып,  ұлттық  бірлік  пен  этносаралық  қатынастарды  дамытып,  өркендету 
жолындағы қадамдары алыс-жақынның да назарын аударып, қызығушылығын туғызуда. 
Еліміздегі  ұлтаралық  жарастық  пен  сыйластықтың  бірегей  үлгілері  мен  дәстүр 
жалғастығының ұнамды көріністерінің бірі осы. 
Осының  бәрі  жүзеге  асуына  халқымыздың  кеңпейілділігі,  ұлтымыздың  ұлағатты 
болмысы ықпал етуде. Сондықтан, қазақ халқы елдегі бірліктің негізгі ұйытқысы болу 
міндетін мүлтіксіз атқарып келеді деп сеніммен айта аламыз.
Рақымжан ТҰРЫСБЕК, 
филология ғылымдарының докторы, 
профессор

25 бастама
25 БЕЛЕС
106
Біздің  елдеріміздің  еріктілік  пен  тең  құқықтылық  қағидаттарында 
қалыптасқан жаңа мемлекетаралық бірлестігі негізіндегі өзара қарым-
қатынастың сапалық жаңа деңгейіне ауысу қажеттігі пісіп жетілді. Ондай 
бірлестік Еуразиялық Одақ (ЕАО) бола алар еді. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінен. 
29 наурыз, 1994 жыл
Е
уразиялық  экономикалық  одақ  құру  идеясының  міндетті  түрде  жүзеге 
асатындығы және оның басқа баламасы жоқ екендігі дау тудырмайтын мәселенің 
бірі  болатын.  Бұл  одақтың  авторы  әрі  негізін  салушысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  әу 
бастан еріктілік пен тең құқықтылық мәселесін ұстанды. Өйткені, қашан болсын, 
өзінің  империялық  амбициясын  ала  жүретін  Ресей  сияқты  мемлекеттер  одаққа 
мүше болған өзге елдердің еріктілік пен тең құқықтылық қағидаттарына толықтай 
құрметпен қарауға тиісті болатын. 
Бұл жайт мемлекетаралық жаңа бірлестік – Еуразиялық экономикалық одақтың негізін 
қалыптастырушы  басты  мәселе  болып  саналады.  Осы  бір  тарихи  сәтте  сан  ғасырлар 
бойы Ресей отаршылдарының, одан қалды кеңестік қызыл империяның еріксіз боданына 
айналып, адам айтқысыз азап пен тозақтың, қуғын мен қырғынның қилы кезеңдерін бастан 
кешірген  біздің  халықтың  көңіл-көкейінде  осы  «еріктілік  пен  теңқұқықтылық»  толық 
сақтала ма, сақталмай ма деген сенімсіздіктің болуы да заңды еді.
Елбасы  сонау  1994  жылдың  өзінде-ақ,  сонымен  бірге  Еуразиялық  экономикалық 
одаққа  нақты  қадамдар  жасалған  соңғы  жылдары  да  тәуелсіздік  біздің  ең  басты 
құндылығымыз екендігін, тәуелсіздігімізге қатер төндіретін одақтан Қазақстанның сол 
сәтте бас тартатындығын айқын мәлімдеп, бұл мәселенің басын бірден ашып та алған 
болатын.  Өйткені,  Кеңес  одағының  ыдырауын  ХХ  ғасырдың  ең  зор  трагедиясы  деп 
білетін  күштер  Ресейдің  өз  ішінде  де,  біздің  ішімізде  де  бар  екендігі  жасырын  емес. 
Сол  күштер  Еуразиялық  экономикалық  одақты  кешегі  Кеңес  одағын  қайта  қалпына 
келтірудің  алғашқы  қадамы  деп  білді.  Өз  алдына  тәуелсіздігі  бар  өзге  мемлекеттерде 
тұрып  жатқан  орыстардың  мүддесін  Ресейдің  мүддесі  деп  санау,  Ресейдің  солардың 
атынан әрекет етуге өзінің құқығы бар екендігін мәлімдеуі ел тәуелсіздігінің алғашқы 
қызығы мен игілігін енді көре бастағанда көңілдерді күпті қылғандығы жұрттың үрейін 
ұшырғандығы да рас. Сол себепті де Елбасы еуразиялық интеграциядағы еріктілік пен 
тең құқықтылық принципін ең маңызды басты шарт етіп қойып отыр.
Қазіргі Еуразиялық экономикалық одақтың алғашқы қадамдары Қазақстан Президенті 
бастамасының дұрыс болғанын айқын көрсетуде. Мемлекеттер ортақ игілікке тең дәрежеде 
атсалысып, бірлестік мүддесіне орай қызмет етсе, бұл құрылымның келешегі зор болмақ. 
Сонда ғана өзара қарым-қатынастың сапалық жаңа деңгейі жемісін береді.
Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,
Парламент Сенатының депутаты,
саяси ғылымдар докторы, 
профессор

25 бастама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
107
Болашақ  астанада  (Ақмолада)  салынатын  кез-келген  үй  мен  өзге  де 
құрылыс объектілері түптеп келгенде халықтың, елдің байлығы екенін 
естен  шығармауға  тиіспіз.  Бұл  жан-жақты  ойластырылған  Қазақстан 
өміріндегі жауапты да шешуші кезеңнің мәселесі. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұхбатынан. 
2 қыркүйек, 1994 жыл 
1994
 
жыл бүгінгі елордамыздың тағдырында шешуші жыл болды. 6 шілдеде 
XIII шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде мінберге 
шыққан  Президентіміз  бір  маңызды  ұсыныс  айтты.  Ол  астанамыз ды   Алматы 
қаласынан Арқадағы Ақмола қаласына көшіру жайлы ұсыныс болатын. Президенттің 
бұл ұсынысы басында тосын және өз уақытынан ерте жасалған ұсыныс саналды.
Астананы  елдің  ордасына  айналдыру  идеясының  авторы  және  жаңа  астананың 
бас  архитекторы  –  Нұрсұлтан  Әбішұлы   Назарбаевтың  өзі.  Елбасының  идеялары  мен 
ұсыныстарының  нәтижесінде  Астана  көркіне  көз  тойғысыз,  Батыс  пен  Шығыстың 
дәстүрлерін қатар енгізген, ерекше түрдегі қала болды. Астананың басты ғимараттарының 
бәрі Елбасы қағаз бетіне түсірген жобалардың нәтижесінде жүзеге асты.
1998 жылғы мәліметтер бойынша Ақмола қаласының жер аумағы 254720 гектар жерге 
созылып, негізінен оң жағалауда орналасса, бүгінде сұлу Есілдің сол жағалауынан жаңа қала 
бой көтерді. Президент әрбір тұрғын үй мен қатардағы ғимараттарды біртіндеп, ерінбестен, 
ұдайы бақылауына алып, салыну барысын қадағалап отырды.
Қаланы  көгалдандыру  мәселесі  де  күн  тәртібінен  еш  түскен  жоқ.  «Ағаш  пен  көгал 
болсын, болмаса, асфальтпен немесе таспен көмкерілсін» деген Президент нұсқауы жүзеге 
асырылды. Астана төңірегіне 50 мың гектар жерге ағаш егіліп, жасыл белдеу жасалғалы 
жаздағы бұрқыраған шаң мен қысқы ақтүтек боран басылды. Қала көшелері мен алаңдарға 
миллиондаған гүлдер көрік беріп тұрады.
Астананың көшірілуі ел экономикасы үшін де көп тиімділік берді. Ол құрылыс саласын 
дамытып, оны өзге салаларға локомотив ретінде пайдалануға жол ашты. Астанаға қарап 
бой түзеп, облыс орталықтары да, қалалар мен аудан орталықтары да, ауылдар да жаңаруда. 
Мемлекет басшысының бұл бастамасы қазақстандықтардың көз алдында жүзеге асты. 
Бүгінде жаңа Астана әлемнің назарын аударған шырайлы шаһарға айналды. Аса ауқымды 
мәселелерді қарастыратын халықаралық жиындар осында өтеді. Елорданың тұрғыны болу 
әрбір қазақстандық үшін мәртебе саналады. 
Бәріміздің  мақтанышымыз  –  арайлы  Астана  жыл  өткен  сайын  өсіп-өркендеп, 
көркейіп келеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет