Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қуаныш Сұлтанов. Ұлт келбеті. (Академик Салық Зиманұлы Зиманов туралы) //Егемен Қазақстан,
31 желтоқсан, 2010ж.
2.Жұмағали Ысмағұлов. Мәртебе мерей. //«Егемен Қазақстан» 11 желтоқсан, 2010ж. Даналықтың
даңғыл жолында. //«Егемен Қазақстан» 18 қараша, 2010ж.
3.Қанат Бозымбаев. Қызметімнің бағасын халық беруі тиіс (сұхбат). //«Ақжол» 30 қараша, 2010ж.
4.Жолтай Жұмат. Қуана білейік, ағайын! //«Егемен Қазақстан» 11 қаңтар, 2010ж.
5.Мырзатай Жолдасбеков. Бақыт бағалағанның ғана басында тұрады. //«Егемен Қазақстан» 20
қараша, 2010ж. Құттықтау хат. //«Егемен Қазақстан» 8 желтоқсан, 2010ж.
6.Асқар Абдуалы. Тӛрағалық – Қазақстан үшін тарихи мәртебе. //«Ақжол» 30 қараша, 2010ж.
7.Астана саммиті – жаңа дәуірдің басы. (Қаламгерлердің қолдау ашық хаты). //«Егемен Қазақстан»
8 желтоқсан, 2010ж.
8.Марқабай Керімбеков. Ата ана тәрбиесі (мыңға жуық ырымдар мен тыйымдар). Тараз қаласы, 1992
жыл. Ата тәрбиесі (Алмастай асыл ойлар).
кітап. Түркістан қаласы, 1998ж. Шежіре кӛшпенді
ӛркениет мәдениетінің куәгері. //«Ғылым жолы» №2, 2010ж. Тараз қаласы.
Аннотация. В данной статье рассматривается национальные ценности казахского народа
Annotation. This article examines the national values of the Kazakh people
ӘОЖ 398(574)
К 62
ФОЛКЬЛОР – ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ
М. Керімбеков
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
ХІ ғасырдағы атақты жиһанкез зерттеуші әрі фольклор мұраларын жинақтаушы М.Қашғари
«Түбі бір түркі тілі» еңбегіндегі (1993) түркі халықтарының мекен – жайлары мен тау – теңіздерінің
атау – анықтамалары қазіргі Қазақстан жерінің атауларына ӛте ұқсас. Ила /Іле/ ӛзені, Талас /Тараз/
қазіргі Жамбыл қаласы, Маңқышылақ, Суғнақ, Ісігкӛл, Манкент, Сайрам /Исбижаб/ қалалары туралы
берген анықтамалары мен автордың фольклорлық кӛне туындылары қазақ жерінде жинақталғанына
дәлел бола алады. Түркі халықтары мен тайпалары туралы, әсіресе оғыздар туралы айтқан пікірлері,
олардың түркімен деп аталу себептері жайлы фольклорлық еңбегі ерекше. Сол сияқты түркі
халықтарында жиі кездесетін есімдер мен құрметті лауазымдардың анықтамасы ғалымдардың
назарын еріксіз аударады. «Афрасияп – Алып Ертоңа батырдың нағыз аты», «Түрік – Тәңір
жарылқаған Нұһ пайғамбардың ұлының аты», «Қатун – Афрасияптың қыздарының құрметті есімі»,
«Қаз – Афрасияптың қызының есімі», «Сиавуш – Қаздың күйеуінің есімі», «Тегін – бұл сӛздің түпкі
тӛркіні Құл еді» - деген анықтамалары фольклорлық туындыларға жатады. Сол сияқты түркі
халықтарының тағамдары туралы берген анықтамалары да ерекше.
М. Қашқаридің түркі халықтарының бәйіттерін жинақтап, шумақ түрінде қағазға түсіруі –
фольклорлық құнды шығармаларға жатады:
- Үш адамды жақсылыққа бастағанды ғалым біл,
Оның ісін жұртқа жайып, қолдан келсе тәлім қыл. /72 - бет/.
- Ӛсек сӛзбен бір әйел айтпақшы боп сыртымнан,
Байсыз қалды ақыры тыныш жүрмей құтырған /86 - бет/.
- Жолдасыңды жамандап, артық пайда кӛздеме,
Туғаныңды жоғалтып, қырғауылды іздеме /92 - бет/.
93
Осы еңбегіндегі айтылғандарды саралай келіп, ХІ ғасырда ӛмір сүрген Махмұд Қашқариді түркі
халқының тұңғыш фольклорист ғалымы депте атауға болады. Оның түркі елін жаяу аралап,
жинақталған ел қазыналарының бізге жеткенінің ӛзі теңдесі жоқ кӛркем шығармалардың қатарынан
орын алады. Сол сияқты Әл – Фараби, Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иүгінеки шығармаларындағы
фольклорлық танымдар ғылыми жүйеде зерттелмей келеді. Архив қазынасында қаншама
фольклорлық шығармалар ӛз зерттеушісін сарыла күтуде. Қазақ фольклоры архив қазынасында
қаншама ғасырлар бойы жатқанын кім білсін? Түркі тілдес халықтардың дәстүрлі фольклорлық
қазыналары «Игорь полкы туралы жыр» сияқты ӛзге ұлттың жырына айналып кетуі де ғажап емес.
Қазақ фольклорының Алматы, Мәскеу, Санк – Петербург, Қазан, Ташкент, Орынбор, Қызылорда,
Түркістан, Тараз т.б. қалалардағы архив қазыналары ӛз зертеушілерін қашанғы күтеді?! Кімдер
зерттейді? Түркі халықтарының кӛне қазыналарын ел арасынан жинақтаудың да фольклорлық
әдістемелік /методологиялық/ мәселелері жүйесі жасалынбайынша архив қазынасын ақтару да оңай
емес. Дегенмен, түркі елінің болашағын кім ойлайды? Әлем фольклорымен тең түсетін түркі
халықтарының /қазақ, ӛзбек, қырғыз, түркімен, азербайжан, ұйғыр, қарақалпақ, башқұрт, татар, түрік
т.б./ фольклорлық мұраларын жинау, зерттеу, жарыққа шығару – текстологиялық талдауды қажет
етумен бірге фольклор танудың әдістемелік /методологиялық/ мәселелерін жүйеге келтіретін ғылыми
негізі қалануға тиіс. Фольклортану – жүйелі, арнайы зерттелінетін пән ретінде қаралмайынша, халық
фольклорының бай қазыналары архив қойнауында ескерусіз жата береді. Ел арасындағы
фольклорлық туындыларды жинаудың әдістері – фольклортанудың басты құралы болуға тиіс.
Қазақ фольклорының жинақталуы сонау ежелгі дәуірден басталып, халық санасында
сақталынып бізге жеткенінен, жетпегені кӛп. Қазақ халқының фольклор қазынасын жинақтау, зерттеу
жарыққа шығару ХІХ ғасырдағы орыс ғалымдары В.В.Радлов, Г.Н.Потаниннен басталып,
Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ә.Диваев, Мәшһүр Жүсіп Кӛпеев сияқты қазақ
ғалымдары мен ақындар еңбектерімен ұштасты. Қазақ фольклортануына ӛз үлесін қосқан
фольклоршы ғалымдар, ақын – жазушылар М.Әуезов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, С.Мұқанов,
Ә.Марғұлан, Ғ.Ғабдуллин, Е.Исмайлов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Р.Бердібай, Ш.Ыбыраев,
Ы.Дүйсенбиев, Х.Сүйіншәлиев, Б.Абылқасымов, Н.Тӛреқұлов, Н.Келімбетов, М.Әлімбаев,
Б.Адамбаев, О.Садырбаев, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, А.Қыраубаева, С.Сиқымбаева, Т.Сыдықов,
Қ.Саттаров, Қ.Ӛмірәлиев, Б.Уахатов, т.б. ӛз еңбектерімен қазақ фольклор әлемінде танымал болды.
Соңғы жылдары туындаған монографиялық еңбектерге шолу жасау арқылы фольклортанудың
методологиялық мәселеріне арнайы тоқталған фольклорист ғалымдардың бірі марқұм Рахманқұл
Бердібаев еді кезінде. Оның басқаруымен шығарылған «Қазақ фольклорының тарихы», «Фольклор
шындығы», «Қазақ фольклорының тарихилығы» т.б. туралы еңбектерінде қазақ фольклортанудың
методологиялық мәселелеріне арнайы назар аударып, «Эпостанудың әдістемелік мәселелеріне»
ғылыми талдау жасаған. Әсіресе орыс фольклорының жетістіктерін зерттей отырып, қазақ
фольклорындағы эпостанудың соңғы жетістіктеріне тоқталады. «Едіге батыр», «Шора батыр», «Ер
сайын», «Қарасай Қазы» жырларының тарихпен байланысты жақтарын ашып береді. Эпостану
саласына зор мән беріп, методологиялық талдаулар жасайды. Сол сияқты аталған еңбектерде ертегі
тануға ерекше мән беріп, зерттеп келе жатқан фольклорист ғалым С.Қасқабасов «Миф пен әпсананың
тарихилығы» жайлы еңбегінде құнды пікірлер айтып, эпостың тарихи ерекшеліктеріне ғылыми
талдау жасаған, методологиялық мәселелерін ашып кӛрсете білген.
Фольклортанудың методологиялық жүйесі ӛте күрделі. Фольклортанудың сыртқы және ішкі
теориялық құрылымы мен методологиялық зерттеу объектілері мен принциптерін, мақсатын,
міндетін, әдіс – тәсілдерін жүйелеп, ретке келтіру, теориялық негізін жасауда, орыс фольклортану
ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, кӛп мәселелерді ғылыми негізге келтіру – фольклорист
ғалымдарының ортақ ісі.
Фольклортанудың текстологиялық әдіс – тәсілдерін жетілдіру арқылы ертегітану, эпостану т.б.
күрделі салаларын ғылыми негізге топтай отырып, фольклортанудың методологиялық жүйесіне сай
ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру – болашақтың жұмысы. Қазірдің ӛзінде қазақ
фольклортанудың методологиялық жүйесі жасалынып, соның негізінде коллективтік монографиялық
еңбектер туындай бастады. Қазақстан фольклористерінің еңбектері, архив қазынасында жинақталған
материалдар негізінде жарыққа шыққан ғылыми еңбектер, монографиялық туындылар, зерттеулер –
қазақ фольклортану ғылымының жетіле бастағанын кӛрсетеді. Фольклортанудың методологиялық
мәселелері – ғылыми зерттеуді, жинақтауды, текстологиялық талдауды қажет етеді. Әлемдік
фольклортану ғылымында ӛз еңбектерімен белгілі фольклорист ғалымдар Дж.Фрезер, В.П.Аникин,
В.Я.Пропп, В.И.Путилов, В.М.Гацак, Л.И.Емельянов, М.Тэйлер, С.Руденко, С.А.Токарев,
А.Сомойлович, Н.Пантусов, О.Миллер, А.Афансьев, С.Малов, В.М.Жирмунский, С.А.Токарев,
94
И.Виноградов т.б. кезінде фольклортануды әлемдік жаңалықтармен байытты. Фольклор – әр
халықтың ӛз байлығы. Фольклор арқылы халықтың тіл байлығы, ой ӛрісі, мәдениеті, шешендік сӛз
ӛнері ұлттық әдет – ғұрып дәстүрі, ырым – тыйым сӛздері жан – жақты кӛрінеді. Фольклортану
ғылыми – фольклор материалдарының мол жинақталуы мен зерттелуіне тығыз байланысты ӛмірге
келді. Ӛзге халықтардың фольклорлық қазыналары сияқты қазақ халқының да фольклорлық
қазыналары мол, әрі жан – жақты зерттеле бастағанын айтпасқа болмайды. Қазіргі таңда қазақ
фольклортану ғылымы бір жүйеге келе бастады.
Қазақтың наным – сенімдеріне қатысты ғұрыптық фольклорын жинақтап «Телқоңыр»
тақырыбы бойынша шығарған ғалым Б.Абылқасымовтың фольклорлық шығармасындағы ғылыми
талдаулары «Қазақтың ғұрып фольклорын саралау мәселелері» арқылы фольклортанудың әдістемелік
/методологиялық/ мәселелеріне ерекше тоқталғандығы байқалынады. /Б.Абылқасымов «Телқоңыр»,
А., «Атамұра», 1993/.
Белгілі фольклорист ғалым Б.Абылқасымовтың «Фольклор», «Ауыз әдебиеті» ұғымдары туралы
/«Фольклор шындығы», А., Ғылым, 1990 ж., 169-бет/ мақаласында: «Фольклористика әдебиеттану
емес. Фольклоршының міндеті жеке тұлғаларды емес, халық творчествосын зерттеп білу болып
табылады. Қазіргі фольклор туралы ілімнің негізі орыс фольклористикасында қалыптасып үлгерді
десек, түркі халықтарының, әсіресе Орта Азия мен Қазақстан фольклористикасының теориялық
дамуы аз зерттелуде. «Ауыз әдебиеті» терминінің /фольклор мағынасынан ӛзгеше/, ғылымға енгеніне
едәуір уақыт ӛтті. Сондай процестің шын мәнінде ӛмір сүру фактісі белгілі бір әдебиет материалдары
негізінде ғана оқта – текте айтылып, болашақта арнайы зерттеулерді қажет етіп отыр» - деген ӛмір
шындығынан туындаған ой – пікірі, фольклортанудың методологиялық мәселелеріне жетелейді.
Шындығында фольклор мен ауыз әдебиетінің байланысын жете білмеушілік – кӛп ғалымдарды жазба
әдебиетіне еліктіріп, фольклор туындыларына немқұрайлы қарауға әкеліп соқтыруда. Фольклор –
халық даналығы екендігін естен шығарады. Фольклор – халықтың кӛне заманғы даналығы.
Фольклор шындығын түсінбеушілік фольклортану ғылымының методологиялық мәселелерін де
назардан тыс қалдырып, фольклортану – арнайы ғылыми пән ретінде зерттелмей келеді.
Қазіргі таңда, қазақ фольклортану ғылымы жан – жақты жетіліп, дамыды. Жоғарыда айтылған
әдебиеттерге ғылыми талдау жасауда, фольклорист ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып,
фольклортанудың методологиялық ғылыми жүйесін жасау – әліде болса жан – жақты еңбек етуді
қажет етеді. Фольклортану – ғылыми пән ретінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті арқылы дамып,
ӛзінше жетілді. Дегенмен, фольклортанудың ӛзіндік методологиялық мәселелері арнаулы зерттеді
қажет етеді. Осы кезге дейін фольклор материалдары түрлі жолдармен жинақталса да, фольклордың
теориялық және методологиялық зерттелу жүйесі – ғылыми пән ретінде аз қарастырылды. Фольклор
объектісі – ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің объектісімен қосақталып, жинақталу кезеңін бастан
кешіріп келеді. Фольклорды – алғашқы кезде ауыз әдебиетінің кӛрінісі деп келсе, кейінгі кезде
тарихтың кӛрінісі деген пікірлер де айтыла бастады.
Фольклор және фольклористика ғылымының мәні туралы фольклорист ғалым Ә. Қоңыратбаев
«Қазақ фольклорының тарихы» деген еңбегінде «Қоғам дамуының сәби кезінде қалыптаса бастаған
фольклор шығармалары мен халық поэзиясының табиғаты ӛзара жақын. Осыған біз «Халық ауыз
әдебиеті» деген атауды да қосып жүрміз. Халық әдебиеті жазба және ауыз әдебиеті болып бӛлінеді.
Фольклор – ауызша дамып, жетіледі. Бірақ екеуі де образдық ойдың кӛрінісі, оның тікелей жемісі
болып табылады. Бұлардың жасалу жолдары да бірдей емес» - деп, ауыз әдебиетінің жасалу жолы
мен фольклордың жасалу жолына ерекше мән береді. «Фольклор туындыларының ӛзіндік
ерекшеліктері болады. Ең алдымен фольклор – синкреттік ӛнер. Оның бойында халықтық тұрмыс –
салты, театр, саз, би және ән – күй ӛнері бір – бірінен дараланбай, тұтас күйінде кӛрінеді. Фольклор
шығармаларына тән осы белгіні – белгілі орыс фольклорисі А.Н.Веселовский де айтқан» - деп,
фольклордың қазіргі ғылыми жүйесін негіздей түседі. Халық ауыз әдебиеті – фольклортанудың
жүйесін құрады. Фольклор мәселесінде Ә.Қоңыратбаев кӛптеген ғылыми еңбектерді зерттей келіп,
мынадай қорытынды жасады. «ХІХ ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылып та
келді. Алайда бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді. «Халық ауыз
әдебиеті» деген атауға келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі
байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ» - деген ғалымның құнды пікірі, фольклортанудың
методологиялық мәселелерін жүйелей түседі. Фольклортанудың жеке ғылыми пән ретінде
қалыптасып ӛмірге клгеніне күмән келтірмейді.
Фольклортану ғылымына жүйелі талдау жасаған Ә.Қоңыратбаевтың ой – пікірлерімен санасуға
болады. Фольклор туралы неміс ғалымы И.Ф.Кнафльдің, ағылшын ғалымы У.Дж Томстың ой –
пікірлерімен санаса отырып, фольклортануды жеке ғылыми пән ретінде қарайды. Ғылымда халық
95
поэзиясын «фольклор», ал оны зерттейтін ғылым саласын фольклористика /фольклортану/ деп
атайды. Неміс ғалымы И.Ф.Кнафльдің анықтауынша бұл атау «халық даналығы» деген ұғымды
білдіреді.
Осы пікірді ағылшын ғалымы У.Дж.Томс та дамытып: «Фольклорды ел арасында туған ӛлең –
жыр, ертегі, аңыз, түрлі наным – сенімдерді жинақтайтын термин ретінде ұсынған» - деп,
Ә.Қоңыратбаев фольклор туралы ұғымды анықтай түседі. Халық поэзиясы тӛңірегінде айтылған
Н.Г.Чернышевский, Б.Г.Белинский, Н.А.Добролабов пікірлеріне де ғылыми талдау жасайды. Орыс
фольклористері
Н.П.Андреев, Е.В.Аничков, Ф.И.Буслаев, А.Н.Веселовский,
В.Ф.Ниллер,
О.М.Соколов, В.Е.Гусаев, В.Я.Пропп, В.П.Аникин, О.Г.Круглов, П.Г.Богатырев еңбектеріндегі
фольклор туралы мәселелері, ой – пікірлері жинақталып «Қазақ фольклорының тарихы» бойынша
оқу құралы /авторы Ә.Қоңыратбаев/ 1991 жылы жарыққа шықты. Оқулықта фольклорға жалпы
түсініктер беріліп, фольклортанудағы қазақ фольклористикасы туралы айтылған. Әсіресе тұрмыс –
салт жырлары аңыздар, ертегілер, қазақ эпостары мен тарихи жырларға, айтыс поэзиясына шолу
жасаған. Дегенмен, фольклортану ғылымының бастамасын ашып кӛрсетіп, фольклортануды жеке пән
ретінде қарастырудың алғы шарттарын тұңғыш рет жасағаны байқалынады. Амал не, фольклортану
жеке пән ретінде толық жинақталмаған. Методологиялық мәселелері ашық айтылмаған,
фольклортанудың басқа ғылымдармен байланысы, зерттелу объектісі, мақсаты, әдісі, зерттелу
жүйесі, текстологиялық ерекшеліктері кӛрсетілмеген. Фольклортанудың методологиялық
принциптері, ерекшеліктері, мәселелері толық айтылмаса да оқулықтың құндылығын ерекше атауға
болады. Ә.Қоңыратбаевтың «Қазақ фольклорының тарихы» туралы жоғары оқу орындарының
студенттеріне арналған оқулығы – фольклортану пәнінің тұңғыш оқулығы болып саналады.
Оқулықты жан – жақты толықтыру, методологиялық зерттеудің ғылыми жүйесін негіздеу –
ғалымдардың кӛп ізденістерін қажет етеді. «Фольклортанудың методологиялық мәселелері» - күрделі
ғылыми тақырыптың қатарына жатады және тез зерттеуді қажет етеді. Фольклортанудың
методологиялық мәселелері ӛте күрделі. Фольклортанудың методологиялық жүйесінің алғашқы
талаптары. «Фольклор шындығы» туралы /жауапты редакторы Р.Бердібаев, А., Ғылым, 1990 ж./
коллективтік монографияда біршама кӛрсетілген. Эпос, бесік жыры, шешендік ӛнер жайлы айтылған
мақалалар топтамалары арқылы фольклордың кейбір салаларына талдау жасалынғаны байқалынады.
Фольклорист ғалым С.Қасқабасовтың «Фольклордың қазіргі ӛмірдегі орны» мақаласы кӛп сырдың
бетін ашады. Фольклор тарихы бойынша берілген екінші бӛлімдегі мақалалардың ғылыми мәні зор.
Фольклортануға ерекше мән берген «Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының
текстологилық зерттелуі» /А., «Ғылым», 1983/ қазіргі қазақ фольклортану ғылымының ӛресі ӛскен,
деңгейі биіктеген дәрежеге жеткенін кӛрсетеді. Әсіресе, фольклорлық және әдеби шығармаларды
ғылыми түрде жариялау жұмысы жайлы және ғылыми басылымды даярлау ісін жүргізудің
методологиялық әдістері берілген.
Осы әдістердің негізінде фольклорлық шығармалардың текстологиялық жүйесіне,
методологиялық талдау жасауға септігі кӛп. Текстология ғылымы – фольклортану ғылымымен
ӛзектес екендігі байқалынады.
Қорыта келгенде фольклордың шығу тегі – халық ауыз әдебиеті. Халық ауыз әдебиетін халық
шығарады, сондықтан да фольклордың авторы – халық. Ӛмір шындығына сүйенсек, фольклор – ауыз
әдебиеті арқылы жетілді. Нақтылап айтсақ, фольклор – халық шығармасы әрі ӛмір шындығынан
туындайтын халық ауыз әдебиеті. Ӛмір шындығы – халықтың ой – санасын, әдет – ғұрпын, салт –
дәстүрін, ырым – тыйым сӛздерін дамытады. Фольклор ӛмір шындығынан туындайтын халық
шығармасы. Шындығында фольклор – халықтың сӛз ӛнерін халыққа жеткізеді, халықтың ұлттық
дәстүрі мен әдет – ғұрпын суреттейді. Фольклор – халық ауыз әдебиетінің атасы. Фольклор – ауыз
әдебиеті мен жазба әдебиетінің тірегі. Фольклор – ауыз әдебиетінің алтын қақпасы. Фольклорды жете
танып білу – халықтың даналығын, ой – ұшқырлығын, әдебиетін, мәдениетін, ұлттық дәстүрі мен
әдет – ғұрпын, тұрмысын, тіл байлығын, шешендігін, тапқырлығын байқатады. Сондықтан да халық
әдебиеті ретінде, фольклортану ғылымы, ӛз алдына жеке пән ретінде қаралып, фольклортанудың
методологиялық мәселелері бойынша арнайы зерттеуді қажет етеді. Халық әдебиеті ретінде –
фольклор текстологиялық басылымы арқылы, фольклордан кӛркем туындыға айналады. Халық
даналығын, халықтың кӛркем сӛзін, халықтың талантты шығармасы ретінде халыққа жеткізеді.
Фольклортану ғылымының методологиялық жүйесі – халық әдебиетінен басталады. Халық
әдебиетінің алтын қазынасы – фольклор, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті арқылы дамып,
сақталынып, бізге жетті. Қазіргі таңда, қолда бар алтынды қор қылмай, текстологиялық әдіс –
тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, халық ауыз әдебиетін халықтың ӛзіне жеткізу басты мақсат
болуға тиіс. Ол үшін фольклортанудың методологиялық мәселелерін жан - жақты зерттеуді,
96
жинақтауды ғылыми жүйеге келтірудің мүмкіндіктеріне сай іске асыру қажет. Халық әдебиеті
негізінде бізге жеткен фольклортану ғылымын – жеке пән ретінде қолға алып, оның методологиялық
жүйесін жасау – ғалымдардың алдында тұрған зор міндет екені даусыз. Әсіресе текстология
ғылымын жетілдіру, фольклортану ғылымымен бірге іске асыруды қажет етеді. Фольклортану
ғылымы – даналыққа жетелейді.
Келешекте ертегітану, эпостану, аңызтану, ӛлеңтану, шежіретану, шешендік сӛз ӛнерін тану
сияқты фольклортану ғылымының күрделі салаларын методологиялық жүйеге келтіру арқылы
арнайы ғылыми пән ретінде қарастырылса – даналықтың биік шыңына шыға аламыз.
Фольклор – халық даналығы. Халық арасында айтылып жүрген ырымдар мен тыйымдарды,
мақал – мәтелдерді, шешендік сӛздерді тағы басқа ауыз әдебиетінің жанрлық түрлерін жинақтау,
зерттеу міндетті түрде іске асырылуға тиісті. Фольклортану ғылымының болашағы зор. Фольклор –
халық даналығы ретінде арнайы оқулық шығару басты мақсат болуға тиіс.
Әдебиеттер тізімі:
1.Қазақ фольклористикасының тарихы /Революцияға дейінгі кезең/-А., Ғылым, 1988, /жауапты
редакторы Р.Бердібаев/
2. Қазақ эпосы./жанрлық және стадиялық мәселелер/ Р.Бердібаев,-А., Ғылым, 1982
3. Қазақ фольклорының тарихы Ә.Қоңыратбаев-А., Ана тілі, 1994
4. Қазақ фольклористикасы, Ғылым-А., 1972,
5. Фольклор шындығы,-А., Ғылым, 1990
6. Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі, -А., Ғ. 1983
7. Түбі бір түркі тілі, М.Қашқари,-А., Ана тілі, 1993
8. Ежелгі дәуір әдебиеті, Н.Келімбетов,-А., Ана тілі, 1991
9. Телқоңыр, Б.Абылқасымов,-А., Атамұра – Қазақстан, 1993
10. Қазақ халық әдебиеті, Х.Досмұхамедов,-А., 1991
11. Қайталаудың кӛркемдік және теориялық ерекшелігі, М.Керімбеков,-Тараз, №2, 22-29 б., 2010
12. Ата тәрбиесі (Алмастай асыл ойлар), М.Керімбеков,-Түркістан, 1998, І-ІІ кітап
Аннотация. В статье рассматривается значение науки фольклора и фольклористики
Annotation. The article discusses the importance of science and folklore folklore
ӘОЖ 3989 42/48
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӚЗДЕРДІҢ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ
Б.Д. Маханова, Л.А. Тағашбаева
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім беру мәселесі -
мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Осы ұстанымға жетудің бірден - бір жолы: әлемдік
білім кеңістігінен орын алу, ӛркенитетті, қуатты елдер қатарына қосылу болып табылады. Оқытудың
инновациялық технологияларын пайдалана отырып білім сапасын арттыру, сондай-ақ рухани жан
дүниесі бай, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу - осы ұстанымдардан туып тұрған ӛзекті
мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, шығармашылық
бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке
тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің баты міндеті - жеке
адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты
ӛмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін
байыту» - деп атап кӛрсетеді. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән
оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғы шарт
жасауы керек деген қағида берік орнықты.
Оқу орындарындағы оқыту үрдісінің негізгі мақсаты - баланың білім беру кезіндегі ойлау
қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін
тәрбиелеп дамыту.
97
Үш тұғырлы тілді меңгеру заман талабынан туған қажеттілік болғандықтан, ағылшын тілін
жетік меңгеру бірінші кезекте тұр. Яғни, ағылшын тілінде сӛйлеу үшін, сӛйлемдегі сӛз тәртібін дұрыс
анықтау қажет.
Сӛйлем дегеніміз жинақталған бір тиянақты ойды білдіретін бір немесе бірнеше сӛз және сӛз
тіркестерінің жиынтығын айтамыз. Адамдар жазбаша немесе ауызша тілдік қатынаста қолданылатын
барлық сӛйлемдер қандай да бір мағынаны, ұғымды беруі тиіс. Сондықтан сӛйлемді дұрыс құрау
үшін сӛйлемдегі сӛздерді дұрыс байланыстырып, тиісті мүшелік қарым- қатынаста жұмсай білу
керек.
Сӛйлем құрылысын жіптіктей етіп айтудың бір амалы - сӛйлем мүшелерін дұрыс орналастыра
білуде. Сӛздердің сӛйлемдег іорын тәртібінің қалай орналасуының айрықша стильдік мәні бар.
Сӛздердің орын тәртібі жеке-жеке сӛздердің мағыналарының ӛзгеруіне ғана әсерін тигізіп қоймайды,
сонымен бірге бүкіл сӛйлемге ықпал жасайды. Кейде сӛйлемдегі сӛздерді ӛз орнына қойып, бастапқы
қалпында айтпағандықтан, ӛрескел қателер кетіп жатады. Мұндай қателіктерден сӛйлемдегі басқа
сӛздердің қиюы қашып, сӛйлемнің мағынасы солғын тартып қиыспайды. Ӛйткені сӛйлемге ӛзгеріс
енгізу арқылы сӛйлемдегі сӛздердің мүшелік қатынасы бұзылып, айтайые деген ой түсініксіз,
мағынасыз шығады. Ондай стильдік қате жібермеу үшін, сӛйлем құрағанда сӛздердің байланысын,
мүшелік қатынасын анық, айқын етіп құру керек болады.
Ағылшын және қазақ тілдерінде сӛйлемдедегі сӛздердің орналасу тәртібінде елеулі
айырмашылықтар мен ұқсастықтар да баршылық. Қазақ тілінде сӛйлемдегі сӛздердің орын тәртібі
жалпы алғанда тұрақты Қазақ тілінде сӛйлемдегі сӛздердің орын тәртібі жалпы алғанда тұрақты,
орыс тіліндегідей еркін емес, жалпы ереже бойынша – баяндауыш сӛйлемнің ең соңында, бастауыш
одан бұрын, анықтауыш, пысыцқтауыш, толықтауыш ӛздері қатысты сӛздерден бұрын тұрады.
Алайда ауызекі сӛзде, кӛркем әдебиетте сӛйлем мүшелерінің бұл орын тәртібі әрдайым жоғарыда
айтқандай болып келе бермейді, яғни инверсия жасалып та орналаса береді. Инверсия – (латын
сӛзінен шыққан – орын ӛзгерту) – сӛйлемнің мағынасын түрлендіріп, ондағы жеке мүшеге ерекше
стильдік қызмет арту үшін, сол жеке мүшедегі басқа сӛзбен орын ауыстырып айту дегенді білдіреді.
Ағылшын тілінде сӛйлемдердегі сӛздердің орналасу тәртібі қатаң сақталады. Сонымен қатар
ағылшын тілінде қазақ тіліндегідей инверсия құбылысы кездеспейді, яғни сӛйлемде жеке мүшедегі
сӛзді басқа жеке мүшедегі сӛздің орнын ауыстыру мүмкін емес. Ал, егер сӛйлемдегі сӛздердің орнын
ауыстырсақ, біріншіден, жеке мүшеде тұрған сӛздің мүшелік қызметі ӛзгереді; екіншіден, сӛйлемнің
негізгі мағынасы ауытқиды; үшіншіден, сӛйлем берілу барысында айтылайын деген ой нақты
жеткізілінбей түсініксіз шығады. Ағылшын тілінде сӛздердің сӛйлемде орналасу тәртібінің жалпы
ережесі бойынша – бастауыш сӛйлемнің басында, одан кейін баяндауыш, пысықтауыш, толықтауыш
сӛйлем соңында орналасады, ал анықтауыш зат есімнен жасалған сӛйлем мүшелерінің алдында
орналасады. Сонымен бірге пысықтауыш та сӛйлем басында кездесіп отыруы – заңдылық. Осыған
қарағанда ағылшын тіліндегі сӛйлемдерде сӛздердің орналасу тәртібі бір жүйеге негізделініп
орналасады. Ӛйткені бұл тілдегі сӛздерде родтық, септік, жіктік жалғаулар болмайды. Сондықтан
ағылшын тіліндегі сӛйлемдерде сӛйлем мүшелерін: тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді тек
сӛздердің орналасу тәртібіне қарап, және олардың атқаратын қызметін анықтай аламыз. Мәселен, «A
hunter killed a lion» - «Аңшы арыстанды ӛлтірді». Бұны кесте түрінде тӛмендегіше кӛрсете аламыз:
Бастауыш+ баяндауыш + толықтауыш. Осы жай сӛйлемге инверсия жасасақ, яғни толықтауыш
қызметінде тұрған сӛзді бастауыш қызметінде тұрған сӛзбенорнын ауыстырсақ, онда бұл сӛйлем
бұлай болады: «A lion killed a hunter» - «Арыстан аңшыны ӛлтірді». Толықтауыш пен бастауыштың
орнын орнын ӛзгерткенде арыстан – бастауыштық қызметін атқарса, толықтауыштың қызметін –
аңшы сӛзі атқарып тұр. Сӛйлем ӛзінің бастапқы комммуникативтік қызметіннен ауытқып кетті де
мүлдем басқаша мағынаны білдіріп тұр.
Қазақ тілінде сӛздердің орнын ауыстырғанда негізгі мағына толық ӛзгермегенімен, сӛйлем
мағынасы түрленеді. Алдымен тұрлаулы мүше – бастауыштың орналасу тәртібін қарастырайық.
Сӛйлемдегі бастауыштың орнын ӛзгертіп айтудың үлкен мәні бар. Мысалы, «Апасы немересіне
ертегі оқып берді». Бұл бастауыштың қалыпты орны. Ал, бастауышқа инверсия жасасақ: немересіне
апасы ертегі оқып берді десек бастауыш (апасы) ӛзінің тұрақты қалыпты орнын ӛзгерткенде оған
ерекше логикалық екпін түсіп, сәл де болса басым мағынада айтылып тұр немесе Немересіне ертегі
апасы оқып берді десек онда сӛйлемнің мағынасының кӛркемдігі қашып, сӛздердің байланысу жүйесі
сәл бұзылады. Сонымен қатар мына сӛйлемді алып қарастырсақ: «Осы ауылдың жылқыларын бағып
жүрген Амантай ата келген еді». Бұл сӛйлемге инверсия жасау мүмкін емес. Тексерелік: Осы
ауылдың Амантай ата жылқыларын бағып жүрген келген еді немесе Амантай ата осы ауылдың
жылқыларын бағып жүрген келген еді. Байқасақ сӛйлемнің тіпті қиюы қашқан. Себебі, сӛйлемде
98
тұрлаусыз мүшелер не бастауышқа қатысты не баяндауышқа қатысты болып, соны толықтыра,
анықтай түседі, сондықтан олар баяндауыштың жетегінде орналасады.
Қазақ тілінде баяндауыштың қызметін атқарып тұрған сӛздердің сӛйлемдегі қалыпты орны –
сӛйлемнің соңы. Диалогтарда, лепті сӛйлемдерде, бұйрықты сӛйлемдерде баяндауыштың орны ӛзгере
алады. Ал, толықтауыш ,пысықтауыш сӛйлемде бастауыштан кейін, оның алдында, баяндауыштың
алдында тұрып, соларды толықтырып, пысықтап тұрады, кей жағдайда баяндауыштан кейін тұрады.
Анықтауыш кӛбінесе ӛзі анықтайтын сӛздің алдында орналасқандықтан оның қалыпты орны
инверсияға ұшырамайды.
Ағылшын тілінде сӛйлемдегі сӛздердің орын тәртібі қатаң. Кӛбінесе сӛйлемдегі сӛйлем
мүшелерінің орын тәртібі мынадай түрде келеді:He read the article attentively.(Ол мақаланы мұқият
оқып шықты). Бастауыш + баяндауыш + толықтауыш + пысықтауыш. Алайда сӛйлем мүшелерінің
қалыпты орны осылай ӛзгерместей қатып қалған деуге болмайды. Бастауыштың тұрақты орны
сӛйлемнің басы, ал баяндауыштың қалыпты орны бастауыштан кейін. Тұрлаусыз мүшелердің де де
орны қатаң сақталады, алайда кей жағдайда олардың орны сӛйлемнің басы, ортасы, соңында келіп
отыруы мүмкінМысалы, пысықтауыштың сӛйлемдегі орналасу тәртібін қарастырсақ: пысықтауыш
сӛйлемнің басында: At the age of fifteen, John went to Boston. (Он бес жасында Джон Бостонға барып
қайтқан болатын), яғни пысықтауыш + бастуыш + баяндауыш + мекен пысықтауыш.
Ағылшын тілі мен қазақ тіліндегі сӛйлемдерді құрауға негіз болатын бас мүшелер – бастауыш
пен баяндауыш ойды дұрыс құрастыруға арқау болады. Бас мүшелер болмаса, басқа мүшелердің
болуы мүмкін емес. Ӛйткені қалған мүшелер осы бас мүшенің маңына топтанады да, бір-бірін
анықтап, толықтырып, сӛйлемнің құрамына енеді. Сӛйлемдегі сӛздердің орын тәртібінің қалай болуы
сӛйлеушінің, жазушының еркіндегі нәрсе емес. Ол жайында әрбір тілдің ӛзіне тән ішкі заңы,
ережелері болады. Сӛйлем құрағанда осыларды ескеріп, әр сӛзді ӛз орнында айтылуында үлкен мән
бар. Сӛйлем құрау шеберлігінің бір ұшы инверсия жасай білуде болғандықтан, әрбір сӛйлем
мүшесінің қызметтерінің маңыздылығы зор.
Инверсия мақсатты болу керек. Олай болмаған күнде сӛйлеу тілінде кездеседі екен деп сӛйлемді
қалай болса, солай құрастыруға болмайды. Сӛзді дұрыс орналастырудың ерекше стильдік қызметі бар
екендігін атап ӛтуге болады. Бұдан сӛйлем мүшелерінің сӛйлемде орналасу, орын ауысу тәртібі қалай
болатынын аңғаруға болады.
Қорыта айтқанда, ағылшын не қазақ тілінде болсын сӛздерді дұрыс байланыстыра отырып,
мағыналы, түсінікті, мәнерлі етіп сӛйлеу – адамның тағы да мәдениеттілігін аңғартады. Сӛздерді
таңдай, талғай білу, оларды дұрыс орналастыра білу шеберлікке, сауаттылыққа жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |