1-кесте.
Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту моделі
мазмҧндық
сипаттама
Студенттердің кәсіби бағыттылығын дамыту
Таным
Қарым қатынас
Ӛзін - ӛзі
жетілдіру
Тҧлғалық
кӛріністері
Психология-
лық
сипаттама
Когнитивтік
компонент
-
жаңа әлеумет-тік-
экономикалық
қатынаста кәсіби
қызметтің қоғам-дық
маңызын түсіну -
білу;
- таңдаған кәсібі
саласында кәсіп-
керлік іс - әрекет-тің
- кәсіби қызметтің
байлығын және кӛп
бейнелігін түсіну-
білу;
- тіл кәсібі саласында
нәтижелі қызмет ету
факторы ретінде
ынтымақтастық-
тың ролін түсіну- білу
-тіл кәсібінің
бәсекелестік
ӛлшемдерін түсіну
-білу ;
-ӛз іс - әрекетінің
жағымды және
жағымсыз
жақтарын түсіну-
білу ;
ӛзін - ӛзі
бағалау
73
мүмкіндігін
түсіну – білу;
- нарық кәсіби
ӛнімінің және білім
ұсынысын
түсіну - білу.
-болашақ кәсіби
қызметінде
тұлғалық ӛсу
жолдарын түсіну -
білу
Мотивациялы
қ компонент
- жаңа әлеуметтік -
экономикалық
жағдайда кәсіпке
қызығушылық
білдіру;
- нарық саласында
ӛз білімін ұсыну-дың
жолдарын табуға
талаптану;
- ӛмірде тұлғалық
маңызды
мақсаттарын
барынша жүзеге
асыру.
- тұлғаға объект және
субъект ретінде кӛңіл
бӛлу;
- тұлғааралық
қатынасқа ұмтылу;
- іскерлік қарым –
қатынастыққа
ұмтылу.
- білім беру
саласында
жетістіктерге
жетуге ұмтылу;
-ӛзінің жеке
тұлғалық
ӛзгешелігін
кӛрсетуге ұмтылу;
-білімін заман
талабына сай
жетілдіріп отыру
Біліктілік
Мінез-қҧлық
компоненті
- кәсіби қызметінде
білімін қолдана
білу.
- қарым – қатынас
жасай білу,
тәжірибесінің
болымды жақтарымен
алмасу
- кӛздеген
мақсатына
барынша жету
үшін ӛз іс -
әрекетін түзету
Белсен-
ділік,
ӛз мақ-
сатын жү-
зеге асыру
Қалыптасқан кәсіби бағыттылықтың кӛрсеткіштері психологиялық кӛзқарас жағынан тік
сызықпен белгіленген тұлғаның маңызды жақтарын білдіреді, яғни когнитивтік (танымдық),
мотивациялық, мінез-құлық компоненттерін кӛрсетеді. Пайда болуына қарай әр жақ күрделі.
Тұлғалық білімнің мазмұнды сипаттамасын – кәсіби бағыттылықты: іс-әрекеттің танымдық, сӛйлеу
және құндылықтарды бағдарлау түрлері құрайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Организация самостоятельной работы студентов. -Проблемы лингвистики на рубеже веков:
Материалы республиканской научно -теоретической конференции.- КарГУ. - Караганда: Изд-во
КарГУ, 2010.- С. 462-469.
2.Межпредметные связи в обучении- Современные проблемы образования и науки в начале века: -
КарГУ. - Караганда: Изд-во Санат, 2001. - С.169-172 .
3.К проблеме обучения методики преподавания.- Наука и образование - ведущий фактор стратегии
"Казахстан 2050 ": Изд-во КАЗГУ им. Аль-Фараби ,2012. - С. 111-112.
Аннотация. Социально – экономические достижения суверенного Казахстана, расширение
международного сотрудничества обуславливают необходимость обеспечения качественного прорыва
в профессиональной подготовке кадров, квалификационно соответствующих мировым стандартам,
что особо подчеркнуто в Президентской стратегии развития Казахстана до 2050 года и
Государственной программе развития образования в республике Казахстана на 2011 – 2020 годы. В
этих условиях изучение языков выдвигается в качестве образовательных приоритетов как одного из
инструментов международного взаимодействия.
Аnnotation. Socio - economic achievements of sovereign Kazakhstan, expansion of international
cooperation necessitate providing a breakthrough in vocational training, qualification relevant international
standards that emphasized the Presidential Development Strategy of Kazakhstan until 2050 , and the State
Program of Education Development in the Republic of Kazakhstan for 2011 - 2020 . In these circumstances,
language nominated as educational priorities as a tool of international cooperation.
74
ӘОЖ 801.311
К 90
ҚАЙТАЛАУДЫҢ КӚРКЕМДІК ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
(әдеби-ғылыми эссе)
М. Керімбеков
Тараз мемлекеттік педагагогикалық институты, Тараз қ.
«Қайталау – білім анасы» екенін халық жақсы біледі. Білім қайталау арқылы адам бойында
тұрақты орын алады. Осыған байланысты мектеп пен жоғары оқу орындарында қайталау сабақтары
үнемі ӛткізіліп, білімді тұрақтандырып отырады. Үй тапсырмалары бойынша жаттығу жүргізу,
сӛздікті қайталау, ақын ӛлеңдерін жаттату, мәнерлеп оқу арқылы ӛтілетін қайталау барысында,
оқушылар білімнің биік шыңына шығады. Қайталау – білімнің тірегі, ӛмірдің есігі.
Қайталау арқылы білімді нығайту – тіл білімінде де жиі ұшырасады. Әсіресе фонетикалық,
лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, фразеологиялық қайталаулар кезінде мектеп оқушылары
сӛздер мен сӛз тіркестерінің мағыналық заңдылықтарын біліп, білімдерін нығайтады. Білім арқылы
оқушылар оқыл-ойдың биік шыңына кӛтеріледі.
Қайталау – кӛне заманнан келе жатқан білімнің қайнар кӛзі. Қазіргі таңда ауыз әдебиеті мен
жазба әдебиетіндегі қайталалаулардың құпия сыры толық ашылмай келеді. Осы салада қаншама
ғылыми еңбектер жарыққа шыққанмен қайталаудың теориялық негіздері жан-жақты зерттелмей,
назардан тыс қалуда.
Кезінде профессор Зәки Ахметов («Әдебиеттану терминдер сӛздігінде») кӛркем әдебиеттегі
қайталама ұйқасқа ерекше тоқталады. Әдебиеттанудың білгір маманы, белгілі ғалым-академик
З.Қабдолов қайталама ұйқас жайлы былай сипаттайды: «Қайталама ұйқас – қазақ поэзиясында жиі
кездесетін ұйқаста бір сӛзді сан рет қайталап қолдану тәсілі. Кӛбінесе құрылысы жағынан ұқсас
сӛйлемдерді тізбектеу негізінде жасалады. Шығыс поэзиясында кӛп тараған редиф үлгісінен
айырмасы, ол ұйқасқа қосарланып келсе, бұл ұйқастың ажырамас бӛлшегі ретінде алынады. Мысалы:
Мұнар да, мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн.
Буыршын мұзға тайған күн, - деген, Махамбет ӛлеңіндегі қосарланған ұйқаста үнемі
қайталанып келіп отыратын «күн» деген сӛз, ӛлеңдегі басты тақырыпты –«мұнар күн» деген ойды
ширатып, ӛрістетіп, дамытып отырады. Базар жыраудың «Жиырма бес» деп аталатын жырында да
осындай үлгі ӛте шебер пайдаланылған.
Екі ауылдың арасын
Қиқулатқан жиырма бес.
Бұғанақсыз асауды
Құр – құрлатқан жиырма бес.
Тыным таппай түн болса,
Сығалатқан сыртынан,
Үй тыңдатқан жиырма бес, - деп басталған қырық шақты тармақты қамтитын ӛлеңнің аяғына
дейінгі ұйқаста үнемі осылай «жиырма бес» деген сӛз қайталанып отырады. Ұйқастың бұл тірі қазақ
ақындарының шешендік ӛнегесін, ӛлең – жырлардағы сӛйлемді ӛрнектеу шеберлігін таныта алады»
[1-204 б] - деген пікірі қайталаудың теориялық негізін аша түседі.
Әдебиет теориясында қайталаудың бірнеше анықтамасы кездеседі. «Әдебиеттану – терминдер
сӛздігінде» «анафора», «эпифора» - деген әдеби терминдердің түпкі мағынасы да қайталауға келіп
тіреледі. Бұл терминдер жайлы әдебиетші ғалым Серік Негимов, профессор Зейнола Қабдоловтың
«Сӛз ӛнеріндегі» пікіріне сүйенеді: «Анафора (грекше anaphоra – биікке шығару) - әдепкі қайталау,
(эпифора – кезекті қайталау) деп айшықтаудың (фигураның) үлгісі ретінде кӛрсетілген шумақтың
немесе ӛлең жолдарының басында үндессе, үйлесе қиысатын бірыңғай бастамалар. Дәлірек айтқанда,
ӛлеңдегі әр жол немесе әр тармақ ылғи бір сӛзбен басталып, қайталана береді.
Анафора - ӛлеңнің үйлесетін - әуезділігі мен әсерлі, әсем дыбысталуын күшейтетін стильдік
тәсіл. Сан ғасырлық тарихы бір қазақ поэзиясында әуендік байлықтың негізі – анафораның мынадай
түрлерін кездестіреміз:
1. Әуендік анафора:
Балдырғаны біліктей,
Балаусасы жібектей ... (І.Жансүгіров)
75
2. Синтаксистік – ырғақтық анафора:
Қанатын бер қыран құстың,
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың ... (Қ.Аманжолов)
3. Логикалық анафора:
Кім кӛрді кӛктің жерге құлағанын,
Кім кӛрді күннің жарық сұрағанын... (И.Байзақов)
4. Әуендік – логикалық анафора:
Қайтсін ол, жыламасқа жанға батты,
Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге,
Айрылды ол аттан жақсы, достан тәтті... (І.Жансүгіров)
Профессор С.Негимовтың қазақ поэзиясындағы анафоралық түрлеріне тоқталуы, қайталаудың
сан түрлі жолдары барын айқындай түседі.
Анафора - ӛлең жолдарының басында сӛздің не сӛз тіркесінің қайталанып келуіне орай
айқындалса, эпифора - ӛлең тармақтарының соңында бір сӛздің, не сӛз тіркесінің бірнеше рет
қайталанып келуі арқылы айқындалады. Эпифора – поэзия мен проза да жиі кездеседі.
Әдебиетші ғалым – Т.Бекниязов «Әдебиеттану – терминдер сӛздігінде» «Эпифора - ӛлең
тармақтарының соңында бір сӛздің, не сӛз тіркесінің бірнеше қайталанып келуі. Бұл қажетті бір ойға,
құбылысқа ерекше назар аударып, сӛз әсерін арттыру үшін қолданады. Қазақ ӛлеңінде эпифора сӛздің
кезекті қайталау үлгісіне жатады. Мысалға Ақтан Керейұлының мына ӛлеңінен эпифораны айқын
кӛреміз:
Қыз бала кӛркем кӛрінер,
Беттегі нұрлы қанменен...
Еділ кӛркем кӛрінер,
Жағалай біткен талменен...
Осындағы «кӛркем кӛрінер» деген сӛз тіркесін қайталау – термелеп айтылған жырда ой желісін
бірыңғай ӛрістетіп, бірнеше нәрсені тізбектеу үшін қажет бодған» - деп, [1-376 б] эпифораның
теориялық негізін айқындай түседі. Мұндай эпифоралық қайталаулар қазақ ақындарының
ӛлеңдерінде жиі кездеседі.
Анафоралық және эпифоралық қайталаулар ауыз әдебиетінің жанрлық түрлерінде: мақал-
мәтелде, ырымдар мен тыйымдарда, тұрмыс-салт жырларында, бақсы сарынында, аңызда, жұмбақ,
жаңылтпаштарда, ӛтірік ӛлеңдер мен ертегі - әпсаналарда, батырлар жырларында, кӛне заманнан бері
айтылып, жырланып келеді. Әдебиетші Т.Шаңбаев бақсы туралы, бақсы сарынындағы қайталаулар
жайында «Әдебиеттану – терминдер сӛздігінде» [1-97 б] біршама анықтамалар береді: «Бақсы –
(ежелгі түрік тілінің – бақ, яғни кӛру, қарау) сӛзінен шыққан. Бақ – ежелгі түркі сӛзі, қазақ тілінде
«бақылау», «кесел бағу» яғни емдеу т.б. сӛздерінде сақталған.
«...Бақсылардың киім киісі де ерекше болған. Бір халықтарда бақсының киімі бұғының бейнесін
елестетсе, енді біреулерінде құс бейнесін елестеткен... Түрлі тағылған темірлер мен кестелері бар
ырыми «алабажақ» киімін кигенде, бақсы сол мезетте-ақ ӛз табиғатын (адами табиғатын – М.К.)
ӛзгертіп, құбылып «жын» немесе «жын қуушы» болып шыға келеді». Бақсы – кӛңіл кӛтеруші
шайқымазақ (клоун) әрі күлдіргіш (комик) ролін атқаратын ӛнер адамы. Бақсы – ауруы асқынған,
халыққа ақыл-естен айырылған адамды емдейтін емші ретінде танымал болған.
«...Бақсылар, олардың күш-құдіреті, керемет істері туралы аңыздар ел ішінде кең таралып, қазақ
аңыздарының дербес тақырыптық саласына айналған, кей ретте кӛркем әдебиет шығармаларына да
ӛзек болған. (Мысалы, Мағжанның «Қойлыбайдың қобызы» атты дастанында).
...Қазақ бақсылары туралы әр кезде Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин,
Қ.Жұбанов, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Ә.Марғұлан, Е.Тұрсынов т.б. ғалым-зерттеушілер пікір
айтқан» - деп Т.Шаңбаев бақсы сарыны туралы да түсініктеме беріп, бақсы сарынындағы
қайталалаулардың ерекшелігіне тоқталады:
«..Бақсы сарыны халық арасына кең тараған кӛне жыр, ән-күй дәстүрін жан-жақты танып-білу
үшін керек. Бақсы сарыны кӛбінесе жыр үлгісінде айтылған, сӛздерінің ӛлеңдік сипаты да, танымдық
мәні де назар аударарлық нұсқаулар аз емес. Ә.Диваев жазып, бастырған бір нұсқада бақсының жын-
перілерді шақырған сӛздері мынадай болып келтірілген:
Жаңа келеді Шарабас,
Алпыс қойдың терісі.
Бӛрік шықпаған Шарабас,
Жетпіс қойдың терісі.
76
Жӛн шықпаған Шарабас,
Тоқсан қойдың терісі.
Жӛн шықпаған Шарабас.
Жаңа келді дәу пері,
Жаңа келді күн пері,
Жаңа келді су пері - деген бақсы сарынында эпифоралық қайталаулар шебер қиюластырылған.
Бақсы сарынындағы халықтың сӛз шеберлігі, шешендігі, ойлылығы қайталау нәтижесінде айқындала
түскен. Мұндай қайталаулар Абай, Шәкәрім ӛлеңдерінде де кездеседі. Абайдың талантты шәкірті
Шәкәрім Құдайбердиевтің «Қош», «Тағы, сорлы қазақ» сияқты ӛлеңдерінде қайталаулар жиі
кездеседі. Мысалы:
Салынған қала жоқ,
Оқытқан бала жоқ,
Қолында ӛнер жоқ,
Ғылымда дана жоқ – деп, Шәкәрім қайталау арқылы сол замандағы қазақтың тұрмысын
айқындай түседі. (З.Ахметов, «Алты буынды ӛлең») [1-39 б].
Профессор Қажым Жұмалиев «Әдебиет теориясы» атты еңбегінде тілдердің негізгі түрлері
психологиялық және синтаксистік параллелизмдік қайталауларға тоқталады.
«Параллелизм – грекше parallelos – қатар жүруші» деген мағынаны кӛрсетеді. Бұл туралы
Қ.Жұмалиев «Алғашқы дәуір адамдары ӛздерінің кӛңіл күйлерін басқаларға білдіру үшін, тап соған
ұқсас табиғат құбылысын параллель етіп алатын болған. Сол арқылы ӛзінің ой-сезімін кӛрсетуге
тырысқан. Әдебиетте суреттеудің мұндай әдісін психологиялық параллелизм деп атаса, ӛлең не қара
сӛздерде бірінші сӛйлем құрылысы екінші сӛйлем құрылысында бірен-саран ғана сӛзі ӛзгеріп, басқа
сӛз тіркестері сол қалпында қайталанса, мұны синтаксистік параллелизм деп атайды» [2-245 б] -
деген Қ.Жұмалиевтің теориялық анықтамалары нақты мысалдармен дәлелденген. Мысалы:
Жақсылық кӛрсем - ӛзімнен,
Жамандық кӛрсем - ӛзімнен. (С.Торайғыров)
Осындай анафоралық және эпифоралық қайталалаулар қазақтың дарынды ақындары
О.Сүлейменов, М.Шаханов, Т.Молдағалиев, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев тағы басқа ақын
ӛлеңдерінде де жиі кездеседі. Қазақтың талантты ақыны Олжас Сүлейменовтің «Әр күн – арайлы
таң» жинағындағы [4-140 б] «Кӛпірлер» деген ӛлеңінде:
Қос жағаны қатар еміп, тел еміп,
Жатқан кӛпір, үстінде мен келемін.
Кӛпір, кӛпір – менің бүкір сүрлеуім
Кӛпір, кӛпір – менің қолым, ӛлеңім. – деген шумағында анафоралық қайталау сәтті шыққан.
Мұндай қайталаулар ақын ӛлеңдерінде кӛптен кездеседі. Бұл – ақын шеберлігін айқындай түседі.
Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» оқулығында қайталаулар туралы «тілімізде ӛз
мағынасында айтылатын» сӛздермен қатар, ауыспалы мағынасында қолданылатын сӛздер да аз емес.
Олар әсіресе кӛркем әдебиетте кӛбірек кездеседі. Кӛркем тілдің түрлері ауыстыру мағынасында
қолданылатын, сӛздердің негізгі ерекшелігі астарлығында. Бір нәрсені айтып, екінші мағына
ұқтыруында. Мұндай сӛз қолданыстарын троп немесе ауыспалы мағынасында қолданылатын сӛз
делінеді.
Троп негізінде алтыға бӛлінеді: метафора, кейіптеу, метонимия, синехдоха, символ, аллегория –
тілдік кӛркемдігіш құралдарына жатады.
Ауыспалы мағынада қолданылатын метафора, кейіптеу, метонимия, синехдоха, символ,
аллегориялық қайталаулар арқылы ақын – жазушылар шығармаларын айшықтап, кӛркемдеп,
суреттеп кӛрсетуі – шеберліктің биік шыңына шыққанын айқындай түседі.
Профессор Қ.Жұмалиев – фигураға да ерекше мән береді. Фигура – (латынша – figura) –образ,
түр деп аталады. Әдебиетте сӛз ӛткір, тартымды, әсерлі болу үшін, сӛз таңдау, ауыстырып айтудан
басқа ақындар кейде дағдыдағы синтаксисті аттап ӛтіп, синтаксистің ӛзгешелеу түрін (жаңа түрін –
М.К.) жасайды. Сӛйлемде айтылып жүрген қалпынан ӛзгертіп құрады. Бұл алтыға бӛлінеді:
1.
арнай – (жарлай, сұрай, зарлай арнау);
2.
қайталау – (жай қайталау, анафора, эпифора, еспе қайталау);
3.
шендестіру – (антитеза);
4.
дамыту – (градация);
5.
орын ауыстыру– (инверсия);
6.
тастап жазу– (элепсис).
77
Қ.Жұмалиев кӛркем әдебиеттегі қайталаудың үш түріне тоқталады. Ол – «Белгілі бір ұғымға
назар аударту үшін бір сӛзді, не сӛйлемді қайта-қайта айтуды қайталау деп атайды. Қайталаудың
бірнеше түрі болады» - деп мысалдар келтіреді. Қайталауды – жай қайталау, анафора, эпифора, еспе
қайталау деп 4 түрге бӛліп, мысалдар келтіреді [3-124 б].
- Анафоралық қайталау:
Бізде қару, бізде танк,
Бізде ұшқыш, самолет.
Біз – болатпыз, біз – күшпіз.
Бізде қайрат, бізде от (Жақан)
Нефтіні білгің келе ме?
Нефті – жердің бұлағы,
Нефті – жердің құнары,
Нефті - ӛмірдің шырағы,
Нефті – қайрат қайнатқан
(Тайыр)
- Эпифоралық қайталау:
Мұнар да, мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн (Махамбет)
- Еспе қайталау:
- Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім. - (Махамбет) деп, ақын ӛзін қызғыш құсқа теңеп, қайталау арқылы ӛлең
құрылысын күрделендіре түседі.
Халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебетіндегі жай қайталалауларда тілдің кӛркемдегіш (троп)
және суреттегіш (фигура) құралдарына жатады. Қайталау арқылы ақын-жазушылар ойды тереңдете
түссе, екінші жағынан тілдік шеберлігін арттырады. Қайталау – тілдік шеберліктің биік шыңы екенін
ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің туындылары арқылы айқындауға болады. Қайталау – тілдік
шеберлікті талап етеді.
Білім негізі – кітаптан басталады. Кітап оқу да - ӛнер. Кітап жайлы анафораны мектеп
оқушылары мен жоғары оқу орындарының білімгерлеріне үйрету – олардың ақыл-ой қабілеті мен
талабын ұштастырып, талантын шыңдауға септігі тиеді. Анафоралық қайталау негізінде. Ӛмірдің
ӛзекті мәселелерін қозғайды.
Анафоралық қайталау мен эпифоралық қайталаулар түрік халықтарының кӛне тәрбие
құралдарында жиі кездеседі:
-
ырымдар мен тыйымдарда;
-
мақал-мәтелдерде;
-
жұмбақтарда;
-
жаңылтпаштарда;
-
термелерде;
-
баталарда;
-
тұрмыс-салт ӛлеңдерінде;
-
шешендік сӛздерде;
-
аңыздарда;
-
ертегілерде;
-
батырлар жырларында;
-
ғашықтық жырларында – (тағы басқа әдеби-жанр түрлерінде – М.К.) қайталаудың сан түрлі
формалары кездеседі. Әдебиет жанрының қай түрін алсақта, онда қайталаулар жиі кездеседі. Ақын-
жазушылар қайталау арқылы жас ұрпақтың ойын жетілдіріп, тілін ширата түседі. Даналықты жас
кезінде үйренсе, қабілеті, таланты, дарыны шыңдала түседі. Адам бойындағы қабілет жас кезінен
қалыптасса, ӛсе келе таланты шыңдалып, ӛнер саласында дарынды балалар («вундеркиндтер» - М.К.)
қалыптасып, ақындық, жазушылық, жыршылық, жыраулық жолға түседі. Бұл ӛмірдің де, ӛнердің де
алтын заңы. Қабілет – талантты ӛсірсе, талант – дарынды қалыптастырады. Қайталау арқылы талант
жетіледі.
Тілдің кӛркемдігіш құралдары мен суреттеме құралдарының теориялық негіздерін зерттеу –
қайталаудың кӛркемдік және теориялық ерекшелігін айқындай түседі. Қазіргі таңда талантты әрбір
ақын-жазушы шығармаларының кӛркемдік ерекшеліктеріндегі қайталаудың ғылыми негізін
78
айқындау - әдеби талдау арқылы іске асады. Ол үшін қайталаудың кӛркемдік және теориялық
ерекшеліктері ғалымдардың, сыншылардың, ақын-жазушылардың назарынан тыс қалмауға тиіс.
Қайталау – даналыққа бағыттайды. Даналыққа үйретудің тиімді жолы – қайталау. Қайталау
арқылы – қабілет, талант, дарын жетіледі. Анафоралық қайталау түрінде берілген «Кітап – білім
бұлағы» (М.Керімбекұлы) мектеп оқушыларының ақыл-ойын дамыта түседі.
КІТАП – БІЛІМ БҦЛАҒЫ (анафоралық қайталау)
1.
Кітап – ұлттың тірегі, жүрегі мәңгі соғатын.
Кітап – ұлттың тілегі, ӛсиет болып қалатын
2.Кітап – ұлттың ұраны, ұрандаса жетеді,
Кітап –ұлттың Отаны, оқыса білім береді
3.Кітап – ұлттың мейрамы, қуанса бірге тойлайды,
Кітап – кӛңіл шырағы, тіл сайраса ойлайды
4.Кітап – ұлттың байлығы, қазынаға жинайды,
Кітап – билік құралы, саясатпен қинайды
5.Кітап – байлық қазына, аяласа береді,
Кітап – ардың тұрағы, паналатса сезеді
6.Кітап – ақыл бұлағы, бақыт шамын жағады,
Кітап – күннің жарығы, нұрын мәңгі шашады
7.Кітап – білім шырағы, ақыл-ойдың мекені,
Кітап – кӛктің жұлдызы, жымыңдаса күледі
8.Кітап – елге береке, оқыса байлық береді,
Кітап – ӛмір тірегі,сенім артса келеді
9.Кітап – ақыл кӛрігі, үрлесе ақыл тӛгеді,
Кітап – ойдың серігі, ақылдыға сенеді
10.Кітап – ерлік мектебі, білімнен күш алады,
Кітап – байлық кӛздері, оқыса ұғып қалады
11.Кітап – тілдің негізі, кӛңілге демеу болады,
Кітап – махаббат есігі, құшағына алады
12.Кітап – гүлдің жемісі, гүлдесе жеміс береді,
Кітап – ӛмір бесігі, тербетсе бақыт келеді
13.Кітап – жылы баспана, оқыған жылу алады,
Кітап – ойдың сезімі, жүректе мәңгі қалады
14.Кітап – ұшқыр қаламы, сӛз маржанын тӛгетін,
Кітап – биік мұраты, құрметтеумен ӛтетін
15.Кітап – мӛлдір аспаны, жұлдыздарды кӛретін,
Кітап – қымыз, айраны, сусындаса ішетін
16.Кітап – халық ойлары, даналықты беретін,
Кітап – ӛмір ағашы, жемісін күнде теретін
17.Кітап – ойдың асылы, шешендікті сыйлайтын,
Кітап – ұстаз айнасы, күнде үңіліп қарайтын
18.Кітап – қазына есігі, аша білсе жайнайтын,
Кітап – халық ойлары, шешендікті сыйлайтын
19.Кітап – ақын сырлары, оқыса ойлы ететін,
Кітап –дана ойлары, жүрекке нұр себетін
20.Кітап – ақын сырлары, кӛңіліңде сайрайтын,
Кітап –ӛмір тірегі, елдің қамын ойлайтын
21.Кітап –
халық тілегі, тілесе Алла беретін,
Кітап – құран сӛздері, Құранға бас иетін
22.Кітап – ханның билігі, кӛңілге сӛзі қонатын,
Кітап – ӛнер сайысы, ӛнерлісі озатын
23.Кітап – талант кӛздері, кӛргенін біліп жазатын,
Кітап –дана сӛздері, ӛсиет болып қалатын
24.Кітап –ғасыр белесі, ӛмірде нұр боп жанатын,
Кітап – дарын жемісі, бойға қуат болатын
25.Кітап – ақыл құралы, ӛмірлік ақыл сыйлайтын,
Кітап – бақыт нышаны, бойға қуат құятын
79
26.Кітап – білім ошағы, оқыса білім беретін,
Кітап – ақын серігі, ақынды ойлы ететін
27.Кітап – ӛмір есігі, ашса еркін кіретін,
Кітап – мінсе кӛлігі, мақсатына жететін
28.Кітап –кӛңіл шырағы, даналықты беретін,
Кітап –білім бұлағы, сусын етіп ішетін
29.Кітап –күннің шуағы, қара жер мәңгі тұрағы,
Кітап – ӛмір пырағы, ӛмірде кӛп сұрағы
30.Кітап –Алла құраны, адамға түсер жарығы,
Кітап –ӛмір ұраны, адамзаттың құралы
31.Кітап – ойдың тұрағы, оқыса ойы артады,
Кітап – білім шырағы, бақытқа жол ашады
32.Әл-Фараби бабамыздың алтын сӛзі – кітапта,
Оқымаған кітапты, күнде түсер азапқа
33.Кітаптан ой табады, оқи білсе ерінбей,
Жалқау болса ӛмірде, жатады үйде кӛрінбей
34.Кітап – білім жұлдызы, жарқырайды оқыса,
Даналардың әр сӛзін кӛңіліне тоқыса
35.Кітап – тіреу болады, білімдіге ӛмірде,
Оқымаса жас кезінде, жара салар кӛңілге
36.Кітапты тауып оқиды, оқы, ойлан, талаптан,
Оқымаса кітапты, құтылу қиын азаптан
37.Кӛп оқысаң кітапты, даналық жеңер ойыңды,
Аз оқысаң алаңсыз, ӛлшеу қиын бойыңды
38.Басты жерге исеңде, тастама қолдан кітапты,
Кӛп оқыған ерінбей, алады мол ақылды
39.Жақсылықты ӛмірде кітап күнде үйретер,
Оқымаса ақымақтың қабырғасын күйретер
40.Әр сӛзінен кітаптың, маржан теріп алады,
Ой маржанын жинаса, дана болып шығады
41.Қырық кітап оқыса, жетіледі білімі,
Қырық санын жұптаса, ашылар ӛмір есігі
Достарыңызбен бөлісу: |