Список литературы:
1.Паперный З. Испытание героя. – В кн.: Русская классическая литература. Разборы и анализы. М.:
Просвещение, 1969.
2.Савельева В.В. Художественная антропология. – А., 1999.
3.Чехов А.П. Повести и рассказы. – М.: Худож. лит., 1981.
4.Чехов А.П. Избранные произведения в 3-х томах. Том 2. – М.: Худож. лит., 1999.
5.Ямпольский М.Б. Маска и метаморфозы зрения // Тыняновский сборник. Пятые тыняновские
чтения. – Рига, 1994.
Аннотация. Мақалада мәтіннің зерттеу мүмкіндіктері оқу сауаттылығын қалыптастыру мақсатында
оқылады (А.П. Чеховтың әдеби әлеміндегі бетперделердің түрлерін зерттеуінде).
Annotation. In this paper we study the possibility of analyzing the text to form a readership literacy (for
example, research category masks in the art world of Chekhov).
67
ӘОЖ 83.3
К 42
КЕҢЕС ҤКІМЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТ СЫНЫ
Б.Н. Кажатова
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Кеңестік дәуір тұсында қазақ әдебиеттану ғылымының нысанасы негізінен сол кезеңдегі
кеңестік идеологияға бағындырылып, заман ӛлшемімен қарастырылды. Таптық тұрғыдан
қарастырылған кез-келген ұлттық мұрамыздың кеңестік мүддеге қатыстылығы қаншалықты
екендігіне баса назар аударылды. Сондықтан да белгілі бір мүддеге ғана бағындырылған мұндай
саясаттың қазақ ғылымын ӛркендетуге кедергісі кӛп болып, қазақ әдебиет сынының іргелі ғылым
ретінде дамуына бӛгет жасады. Ұзақ толғақпен туған қазақ сыны қазан тӛңкерісінен кейін қанаты
бекіп, бұғанасы қатып, аз жыл ішінде тез марқайды.
Дегенмен, кеңес ӛкіметінің алғашқы жылдары әдебиеттану ғылымында, соның ішінде әдебиет
сыны саласында тұрпайы социологиялық кӛзқарас мықтап орнығып, мұның ӛзі қайбір қаламгерге,
болмаса жекелеген кӛркем туындыға объективті баға беруге кедергі жасады. Әдебиет пен мәдениетке
тек таптық тұрғыда баға беру қажет деген қатаң қағидаға бой алдырған әдебиет сыншылары бір
жақты кӛзқарас тұрғысында баға беруге ниетті болды. Демек, қайбір сӛз зергердің туындысының
тақырыбы мен идеясына баға берілмей оның шыққан тегіне қатысты баға беру әдебиеттің ӛсіп ӛнуіне
кедергі болғанын әдебиеттанушы ғалымдар растап отыр.
ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиетінің негізгі жанрлары поэзия, проза,
драматургия ӛсіп, дами бастады. Жаңадан қанаттанып келе жатқан әдеби сынның буыны беки түсіп,
баспасӛз беттерінде әдебиеттің ӛткені, жаңадан шығып жатқан жеке шығармалар, ақындар мен
жазушылар шығармалары туралы сын мақалалар жиірек жарық кӛріп отырды.
1920-жылдардың әдебиетін қарастырғанда, ондағы кейбір саяси ұйымдар мен ағымдардың
әдебиет жайындағы кӛзқарастарындағы тапшылдық кӛзге анық түсетіндігі, әдебиетте тек
пролетарлық ұран ғана үстемдік құрсын деген ой-түйіндер негіз болуында еді. Алайда, Ахмет
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Смағұл Сәдуақасов, Қошке
Кемеңгеров, Ыдырыс Мұстамбаев секілді және т.б. әдебиетке саясаттың араласуына қарсылық
танытқан салиқалы, салмақты ой-пікірлерін білдірген қайраткерлер де болды.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасып дамуында жиырмасыншы жылдардағы әдеби
айтыстардың алатын орны ерекше. Себебі, сыншылар сол кезде шығып жатқан жаңа шығармаларға
әдеби тұрғыдан баға беріп қана қоймай, оны дамытудың мәселелерін сол кездің жағдайы тұрғысынан
талқылап, бағыт сілтеуге талпыныс жасады. Жиырмасыншы жылдардағы әдебиетті қарастырғанда,
кейбір саяси ұйымдар мен ағымдардың әдебиет жайындағы кӛзқарастары қарама-қайшы болып
отырғандығы анық байқалады. Әдебиетте тек пролетарлық таным ғана үстем болсын деген пікірді
ұстанған сыншы-әдебиетшілер кеңес үкіметіне арқа сүйеді. Ал А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
Ж.Аймауытов, Ы.Мұстамбаев, Д.Ысқақов, М.Әуезов, С.Сәдуақасов, Қ.Кемеңгеров және т.б.
қаламгерлер әдебиет саласына саясаттың араласуына түпкілікті қарсы болып, ӛз мақалаларында
әдебиет жайлы салмақты ой-пікірлер айта білді. Осыған қарамастан, бұл кезеңдегі әдеби айтыстарда
әдебиеттің таптығы туралы пікірталас толастамады. Осының салдарынан қазақ поэзиясы мен
прозасының дамуына ерекше үлес қосып отырған айтулы қаламгерлеріміздің кӛркем туындылары бір
жақты сарапталып, оның қоғамдық-әлеуметтік мәніне назар аударылмады. Ж.Аймауытовтың
«Мағжанның ақындығы», М.Әуезовтің «Қазақтың бас ақыны» т.б. сынды ғылыми мәні бар
мақалалары сол тұстағы шынайы зерттеу-сараптау жұмыстарынан туындаған ілкімді еңбектер болды.
Бір ғажабы сол тұстағы қазақ қаламгерлері қазақ әдебиетін тақырыптық, жанрлық тұрғыда байыта
отырып, замандастары мен үзеңгілес серіктерінің әдебиет майданындағы қол жеткізген жетістіктерін
марапаттауды назарда ұстады.
Ӛткен ғасырдың орта тұсына таман ұлттық әдебиетіміздің тағдыры шешіліп, кеңестік
идеологияға «жат» элементтердің келешегі мүлдем анықталған кез болатын. Қазақ әдебиеті тек ХҮІІІ
ғасырдан бастау алып, ал оған дейінгі әдеби мұраларымыз ескіліктің құрсауында туындаған, тек сол
кездің ғана мақсат-мүддесіне жауап беретін ескішіл пиғылдағы туындылар ретінде танылды. Алайда
ұлттық рухы мығым әдебиеттанушы ғалымдар саясаттың қыспағынан қаймықпастан әдебиетіміздің
қалыптасқан кезеңін кеңейту мақсатында терең, әрі жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізуден бір
сәт те толастатпады.
68
Қазақ әдеби сынының ӛзекті мәселелері, әдіснамалық қырлары, даму бағыт-бағдары жаңа
кӛзқарас тұрғысынан жазылған жаңа зерттеулерде әр қырынан қарастырылды. Т.Кәкішевтің «Қазақ
әдебиеті сынының тарихы», С.Қирабаевтың «Шындық және шығарма» , «Әдебиеттің ақтаңдақ
беттері», М.Базарбаевтың «Замана тудырған әдебиет», Р.Бердібайдың «Мұхтар шыңы»,
Д.Ысқақұлының «Сынталқы», Ж.Смағұловтың «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы»,
С.Жұмағұловтың «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы» атты ғылыми
еңбектерде жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдеби сынының жай-күйі азды-кӛпті сӛз болады.
Қазақ әдебиет сынының алғашқы мәнді толқыны 1921-1925 жылдар аралығында ӛтті. Қазақ
кеңес әдебиетінің туын алғаш С.Сейфуллин кӛтеріп шықты. Осы кезеңде С.Сейфуллиннің «Асау
тұлпар», «Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолында» атты үш кітабы жарияланған болатын. Заманның
аңдысын аңдып, оған тез бейімделген Сәкендер тӛңкеріс әкелген ӛзгерістерді шындығында да
халықты бақытқа жеткізер дұрыс жол деп түсінді. Сӛйтті де, бірден революцияны жырлауға кірісіп
кетті. «Сәкен осы кездерде ӛнімді еңбек етіп, кітап үстіне кітап шығарды. Оның әлеуметтік және
мемлекеттік ісі мен беделі, 1922 жылы табаны күректей үш кітапты бірден шығаруы әрқилы ой-
пікірге қозғау болады. Бұл кітаптар жайында жазылған 20 шақты мақала, қағытпа, құптаулардың
бәріне белгілі идеялық, кӛркемдік нысана негіз болады»,- деп жазды бұл жайында сәкентанушы
Т.Кәкішев.
Сәкен Сейфуллинді «совет әдебиетінің негізін қалаушы» деген түсінік қалыптасқанын осыдан
ақ аңғаруға болады. Ӛзіне дейінгі еркін ойдың жетегінде жүрген қазақ қаламгерлерінің қандай күйге
душар болғандығын кӛзімен кӛрген Сәкен сияқты әдебиет алыптарының қандай күй кешкенін бүгінгі
ХХІ ғасыр кӛгінде тұрып түсіну, әрине қиынға соғары хақ. Осыған қарамастан «Кӛкшетау»,
«Аққудың айырылуы» сынды ұлттық идеяны насихаттайтын кӛркем туындыны ӛмірге әкелген Сәкен
сынды ақынның ісін ерлікке баламасқа шара жоқ.
Революция дауылпазына айналған Сәкеннің «Қызыл сұңқарлар» пьесасы сын садағына кӛбірек
ілінді. «Қоңыр» деген бүркеншік атпен пьесаға пікір жазған М.Әуезов драманың сюжеттік
құрылымын, тіл кестесін сынай келіп: «Қазақ пьесасы болып саналуы мүмкін емес. Жоғарыда айтқан
әлгі геройлары түгелімен бір-ақ кісі болудың үстіне оларда қазақтан белгі де жоқ. Бұл кітаптың
болашағына келгенде айтатыным сол, қазақ әдебиетінің жұрнағы болып, оның ішінен орын алуы
неғайбыл» - деген қатқыл пікір білдірсе, тӛңкерілісшілер, ресми идеология жағындағылар пьесаны
ӛмірге жаңалық әкелген «жыл құсына» теңеді: «Қызыл сұңқарлардың» әдебиет майданында жаңа жол
кӛрсетіп шығуы Қазан тӛңкерісімен байлаулы нәрсе, оны ұмытпасқа керек. Қоңыр мырза бұл
пьесаны қазақ әдебиеті тарихының бетінен орын алуына шектенсе де, біз шектенбейміз. Қазақ
әдебиетінің бет алысын жаңа ағымға бұрып, жол салған – «Қызыл сұңқарлар». Сондықтан, ол – жыл
құсы» - деп, аспанға кӛтерді.
Бір жылда үш бірдей кітабының шығуы, үшеуінің де революция тақырыбына арналуы
С.Сейфуллинді сол кездегі әдеби сынның басты қаһарманына айналдырды. Сәкенді тӛңкерісшілер
жағы жаңа кеңестік әдебиеттің басы деп, ресми басылымдарда насихаттап, марапатты күшейтіп
жатса, ұлтшылдар жағы сынды барынша күшейте түсті. Осындай мақаланың бірі Н.Тӛреқұловтың
Мәскеуде шығып тұрған «Темірқазық» журналында жарияланған Сәкеннің «Асау тұлпар» атты
ӛлеңдер жинағына жазған пікірі болды.
Жиырмасыншы жылдардың бас кезінде бір жағынан ӛзі сын жазып, екінші жағынан кӛркем
шығармалары жұртшылық назарын ӛзіне аударып, сыни пікірлердің негізгі бір нысанына айнала
бастаған дарын иесі – М. Әуезов. Оның қаламынан шыққан публицистикалық, сыни мақалалар сол
кездегі ұлттық бағытты ұстанған басылымдар бетінде жиі жарияланып тұрды. Оның «Қазақ
әдебиетінің қазіргі дәуірі» атты мақаласы сол кездегі күллі қазақ әдебиетінің ӛткені мен бүгінін
дұрыс салалап берген кезеңдік мақала болғанын айта кеткеннің артықтығы жоқ.
М.Әуезов шығармалары хақында «Еңлік-Кебек» сахнаға қойылған 1917 жылдан бастап пікірлер
айтыла бастады. Солардың ішінде «Қорғансыздың күніне» («Қазақ тілі», 1922, №20) «Ж»-ның (Ж.
Аймауытовтың) және Даниял Кәкітайұлының «Бәйбіше тоқалға» («Сана», 1924, №2-3)
С.Сәдуақасовтың жазған пікірлері елеулі. Алғашқы автор М.Әуезовтің үлкен дарын иесі, болашағы
зор екендігін айта келіп, жазушыға үлкен талап қойған. Сӛйтіп, «Қорғансыздың күніне» кӛңілі
толмайтындығын ашық айтқан. Негізгі кінәсі: шығарма логикалық мұратына жетпеген, оқиғалар
оқырманды сендіре бермейді. М.Әуезовке «Сақа» (Таутан Арыстанбеков) ара түсіп, «Ж»-ның
пікірлерін теріске шығарды. Жазушының кӛздеген нысанасын автор түсінбеген дейді («Қызыл
Қазақстан», 1922, №10).
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында сын құрығы сілтенген М.Жұмабаев болатын. Совет
үкіметінің бел ала түсуімен қатар Мағжанды қудалау да күшейе түсті. 1924 жылы Орынборда,
69
соңында Мәскеуде әдеби сот болып, онда ақынның ӛлеңдері идеялық жағынан ӛте зиянды, сондықтан
оның ӛлеңдері басылмасын деген қаулы қабылдады. Әдебиет туралы пікірлесу алашордашыларды
саяси жағынана талқандауға бет бұрғанда, негізгі соққы оның кӛрнекті ӛкілі Мағжанға қарай
бағытталды. Міне, осындай қиын кезде Ж.Аймауытов «Мағжанның ақындығы» атты классикалық
мақала жазып, әдебиетті, поэзияны қалай талдаудың үлгісін кӛрсетті. Ол мақаласында: «Мағжанның
нағыз кінәсі, жалғыз-ақ кінәсі – аса үлкен дарындылығында»,- деген болатын. Шын мәніндегі
мағжантану Жүсіпбектің осы мақаласынан бастау алды. Бұл мақалажайлы «Бұл сыни еңбектің,
біріншіден, Мағжан ақындығының қыры мен сырын ұғынып алуға, кӛркемдік әлеміне қалай кіріп,
қалай түсіну, ақын бүкпелерін қалай ұғу керектігін кӛрсеткен, жалғыз мағжантануды ғана емес, бүкіл
қазақ әдебиеттануында асқар бел басып келе жатқанымен, екіншіден, әдебиет сынының қаншалықты
биік кӛтерілгеніне кӛрсеткіш, сын тарихында белгілі бір кезең жасаған туынды екендігімен құнды.
Осындай ерекшеліктерімен күні бүгінге дейін сын саласындағы биік шеберліктің «эталоны» болып
келеді»–деп жазды ғалым Т.Кәкішев.
«Мағжанның ақындығы туралы» мақала - ұлттық әдебиет қозғалысындағы М.Жұмабаевтың
шығармашылығын бағалаудың биік үлгісі. Мақалаға баға беріліп, нақтылы кӛзқарастар білдірілді.
С.Қирабаев: «Бұл - кеңес әдебиеті сынының қалыптасып, кәсіптік мамандығын жетілдіре түскен
тұсында жаңа сын үлгісіне бағыт, бағдар берген мақала. Онда Жүсіпбек Мағжан жайлы ойларын
оның шығармаларын талдау арқылы дәлелдей отырып, әдеби шығарма талдаудағы сынның негізгі
міндеттеріне, әдебиеттанудың келелі мәселелеріне назар аударады. Әсіресе, жазушының кӛркем
туындыны бағалаудың ӛлшемі туралы ойлары маңызды» , - дейді.
М.Жұмабаевтың талантын алғаш тани білгендердің қатарында қазақтың ұлы жазушысы
М.Әуезов те бар. Ол «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» (тарихи-әдеби сын) атты мақаласында әдеби
дамуға шолу жасай келіп, ондағы соны жаңалыққа тоқталады: «Ол жаңалық – жаңа басталып келе
жатқан сезімшілдік, сыршылдық (романтизм) дәуірі. Бұрынғы ауызша әдебиеттен, одан бергі Абай
заманынан бері қарай келе жатқан реализм сарыны кӛбінесе құрғақ ой, жадағай сӛз (рассуждение)
күйі осы күнгі терең сезім, нәзік сыр күйіне айналып келеді. Бұның белгісі М.Жұмабаевтың соңғы
«Ертегі», «Қорқыт» сияқты ӛлеңдерінде бар» деген жолдар «Шолпанда» 1923 жылы № 4-5
сандарында жарияланған. Бұл жерде Мұхтар Мағжанды қазақ поэзиясының дамуындағы жаңа бір
саты, бағыт деп жоғары бағалаған.
20-жылдардағы әдеби айтыстар қазақ әдебиетінің тарихында ӛзіндік орны бар әдеби құбылыс
қана болып қоймай, қазақ қоғамының барлық саласына әсері тиіп, қазақ әдебиетінде сол кезде
қалыптасқан жағдайды жан-жақты ашып берді. Әдеби сын да негізінен үш бағытқа: біріншісі – ӛзін
пролетариат жазушысы санайтын, яғни әдебиетті тап күресінің бір құралы ретінде қарастыратындар,
екіншісі – әдебиетті саясатқа бағындыруға қарсы, яғни ӛздерін бұқарашыл жазушы санайтындар,
үшіншісі – әр мәселеге тарихи тұрғыдан қарауды ұсынатын, жазушылардың жікке бӛлінбей, біртұтас
ұйым болуын қалайтындар деп бӛлінді.
Ұлттық әдеби сынның ӛзіндік бағыты, бастау-арналары бар. Кешеден бүгінге жеткен тарихы
мен тағылымы да мол. Әдеби сынның арғы-бергі кезеңдерін, қалыптасуы мен даму бағыттарын
әдебиеттанушы-ғалым, профессор Т.Кәкішев тӛмендегіше атап кӛрсетеді: «Қазақ әдебиеті сыны мен
ғылымының тарихи белестерінен үш кезеңді анық байқаймыз. Бірінші кезең – қазақ әдебиет
сынының туу дәуірі. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі Қазан тӛңкерісіне дейін созылған. Екінші
кезең – қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі.
Бұл процесс 1917-1937 жылдардың арасын қамтыды. Үшінші кезең – қазақ әдебиет сынының ӛсіп-
ӛркендеу және қалыптасу дәуірі – 1938-1985 жылдар аралығы.
Қазақ әдебиеті сынының алғашқы кезеңі аса ауыр тартыс үстінде кӛрінді, дамыды. Социализм
атты таласы мен тартысы мол саясаттың алғашқы жылдары екі лагерге бӛлінген қазақ қаламгерлері
үшін қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін анықтауға уақыт тапшы болып, бірінің айтқанын
екіншісі қабылдамай, болмаса қоғамдық дамудың арнасынан шығандап кетіп, ұлттық мәселені
бірінші орынға қойып, әйтеуір бықпырт тигендей әдебиетіміз идеологиялық талан-таражға түсті. Бұл
тек осының барлығын саналы түрде жүргізіп отырған орталық басшыларына аса тиімді болды.
Идеологияның қасаң қағидасының құрсауында күн кешкен қазақ әдебиеті кемінде жарты ғасыр кеш
дамығанын бүгінгі таңда мойындайтын уақыт келді.
Әдебиеттер тізімі:
1.Кәкішев Т «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» 1995 ж
2.Кәкішев Т «Кер заманның кереғар ойлары» Алматы, 1995 ж
3.Дандай Ысқақұлы «Әдеби сын тарихы» Алматы, 2012
70
Аннотация. В данной статье советских времен от основы науки казахского литературоведения
рассматривался того времени идеологии в этапе эпох.
Annotation. This article from the Soviet era Kazakh literary foundations of the science of the time was
considered ideology in stage eras.
ӘОЖ 38. 147:37
КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҤЙЕСІ ЖАҒДАЙЫНДА ТІЛ МАМАНЫ
СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
К. Какибаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-
қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды
әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде жұмыс істейтін кӛптеген шетелдік және
отандық компаниялар экономикалық, сауда және мәдени қатынастарының ұлғаюы салдарынан шетел
тілін еркін меңгеріп, әлемдік стандарттарға сай қызмет кӛрсете алатын мамандарды қарастырады. Бұл
кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір кӛрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны
тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет.
Мемлекетімізде бұл мәселе «Қазақстанның 2050 жылдарға дейінгі дамуының президенттік
стратегиясында» және «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім
беруді дамыту бағдарламасында» ерекше айтылып кӛрсетілген. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты –
білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби
біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын
қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізудің бір жолы әлемнің алдыңғы елдерінде қалыптасқан білім
берудің мол тәжірибесін зерттеу арқылы ұтымды жақтарын алу болды. Сол ұтымды жақтардың бірі -
оқытудың кредиттік жүйеге кӛшуі.
Лиссабон конференциясының «Еуропа аймағында жоғары білім мамандықтарын мойындау
туралы» шешімін Қазақстан Республикасының қабылдауы республика жоғары оқу орындарының
студенттеріне басқа елдердің оқу орындарында оқуларын жалғастыруға немесе бітіріп шығуларына
мүмкіндік жасап отыр. Сонымен қатар республика оқу орындарының кредиттік оқыту жүйесіне
кӛшуі жастардың ӛзіндік білім деңгейлерін кӛтерулеріне және ӛз беттерімен білім алуларына, оқу
орындарын таңдауларына және білім кӛлемдерін кредит түрінде есепке алуларына әсерін тигізуде.
Осыған байланысты XXI ғасырдың ӛзекті талабы халықаралық ӛзара қарым-қатынас құралы болып
саналатын шетел тілдерін еркін меңгеру. Шетел тілдерін оқу, үйрену бүкіл дүниежүзілік нарыққа
шығу, бүкіл дүниежүзілік мәдениетке араласу мақсатында әрбір тұлға үшін маңызды және болашақта
адамдар шетел тілін ӛздерінің кәсіби іс-әрекеттерінде батыл қолданатын болады. Кӛп жылдар бойы
білімді кәсіптік білімнің негізгі кӛрсеткіші деп бағалау теория мен тәжірибе жұмысы дайындығы
арасындағы табиғи байланысқа мән берілмеуіне, мамандарды кәсіпке дайындауда білім қорының
жеткілікті болмауына әкеліп, кейбір студенттердің оқуға, одан кейін болашақ кәсібіне деген
біліктілігінің тӛмендеуіне әсерін тигізді.
Жоғары мектептің білім беру барысындағы осы мәселені шешу жолының бірі - студенттердің
кәсіби біліктілігін қалыптастыруды қайта бағдарлау арқылы оларды таңдаған кәсібі саласында ӛз
білімдерін, іс-тәжірибелерін, мақсаттарын толықтай жүзеге асыруға тұлғалық құлшыныстарын
ынталандыру. Кәсіби біліктілік - ол маманның таңдаған кәсібі алдындағы талаптарды, міндеттерді
және оған сәйкес кӛзқарастарды, пікірлерді, нұсқауларды барынша қабылдау деген сӛз. Елімізде және
шетел педагогикасында мамандардың кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі жағынан бірқатар
тәжірибелер жиналған. Зерттеулер кәсіби білім, саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық
білім саласында кеңінен ӛріс алған. Әсіресе болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе
бағытында дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары жүйесінің әр саласында жүргізілді. Кәсіби
бағыттылықты дамытудың маңызды міндеті - жастарды әр кәсіптің ерекшелігімен, олардың мазмұны
туралы толық біліммен қаруландыру, әрбір кәсіптің олардың жеке қасиеттеріне қоятын талаптарымен
таныстырумен қатар, таңдап алған кәсібіне деген терең қызығушылығын ояту, маңыздылығын
сезіндіру, оның қоғамдық ӛмірдегі әлеуметтік беделін түсіндіру болып табылады. Әсіресе
71
студенттердің болашақ кәсібіне байланысты мәселелерді шешу барысындағы олардың
шығармашылық ой қабілеттерінің маңызы ерекше. Бастапқы кезеңде бірқатар студенттер ӛз
мамандықтары бойынша жұмыс істеуді жоспарламайды, сондықтан олардың оқуға жағымды
кӛзқарасын тудыру арқылы болашақ кәсібіне қызығушылығын қалыптастыру қажет. Дәстүрлі оқыту
жүйесінде кәсіпке бағыттау жұмысы халық шаруашылығының мамандарға деген қажеттіліктеріне
байланысты шешілсе, ал қазіргі әлеуметтік–экономикалық саланың дамуы нарықтық қағидаларға
негізделіп, жаңа ӛндірістік қатынастардың қалыптасуына әкелді. Жеке тұлғаларға кеңінен еркіндік
беріліп, олардың әр түрлі кәсіп саласында кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасалынды. Қоғамда
және елдің сана – сезімінде болып жатқан түбегейлі ӛзгерістер жастарды жаңа кезеңнің талаптарына
сай бағыттауды қажет етеді. Сонымен қазіргі республика білім жүйесінің әлемдік білім кеңістігімен
бірігуі, атап айтқанда кредиттік оқыту жүйесіне кӛшуі де кәсіптік бағыттылық мәселесін қайтадан
қарауға себеп болды. Кәсіби бағыттылық – бұл философ, психолог, педагогтардың тұлға іс- әрекеті
тұрғысын қарайтын күрделі интегральдық ӛзіндік білім.
Біз зерттеуімізде студенттердің кәсіби бағыттылығының қалыптасу деңгейлерін анықтау үшін
«кәсіби бағыттылық» және онымен тығыз байланыстағы іс-әрекет немесе қызмет, кәсіби қызмет,
тұлғалық кәсіби даму, тұлғаның бағыттылығы ұғымдарының мағына-мазмұндарына назар
аударамыз. Біз А.К. Маркованың пікірін негізге алып, зерттеуімізде кәсіптік іс- әрекетті маманның
ӛзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне орай таңдап алған кәсібін меңгеруі, кәсібінің алдында тұрған
тұрған міндеттерді, оның қоятын талаптарын меңгеруі, ӛзін маман ретінде қалыптастырып сезінуі,
кәсібі саласына ӛз үлесін қосуы, мамандығын жетілдіру арқылы ӛз тұлғасын дамытуы деп түсінеміз.
Кәсіби бағыттылық адамның ӛз тәжірибесі нәтижесінде жиналады. Оның дамуы адамның ӛмірде
ӛзін ӛзі анықтау мәселесін шешуіне, белгілі бір кәсіпті таңдағанда ӛзінің қабілеттері мен
мүмкіндіктерін дер кезінде аңғаруына және кәсіпті таңдауда қоғамдық маңызды мотивтерді
ескеруіне байланысты. Кәсіби бағыттылықты дамыту - бұл тұлғаның мүддесі мен қабілетінің белгілі
бір іс-әрекетке, қызығатын кәсібі қоятын талаптары мен ӛзінде бар қабілеттердің, тұлғаның кәсіби
мүддесі мен қоғамның мамандарға мұқтаждығы арасында үнемі пайда болатын қайшылықтарды
шешу процесі. А.И.Кочетов кӛрсеткен бағыттылықтың даму сатыларын жалпы жоспар бойынша
мына түрде кӛрсетуге болады: а) тұрақты және ӛзекті қажеттілік ретінде қызығудың болуы; б) іс-
әрекетте жүзеге асырылатын бейімділіктің және тұрақты қызығудың қалыптасуы; в) кешенді және
тұрақты қызығу мен әуестіктің мінез-құлықтың басты мотивтері болып, мақсатқа кӛзделуі; г)
бағыттылықтың қалыптасуы тұлғаның басты қасиеттерінің мақсатқа кӛзделген байланысы ретінде
болуы. Қазіргі таңдағы жоғары оқу орнында кредиттік оқыту жұмысын ұйымдастырудағы басты
міндеттердің біріне студенттердің ӛзіндік жұмыстарының ролі мен тиімділігін арттыру және оның
кәсіби бағыттылықты дамытуға кӛзделуі жатады. Студенттің оқуы - бұл оның ӛз қалауы бойынша
ӛз оқуын ӛзі жалғастыруы емес, бұл танымдық және кәсіби мамандығында ӛзін ӛзі жүзеге асыруға
және ӛзін ӛзі жетілдіруге бағытталған оқытушының жетекшілігімен басқарылатын ӛзіндік іс-әрекет
екенін айрықша атап ӛту қажет .
Студенттердің ӛзіндік жұмысында оқытушылар мен студенттердің арасында субъект-
субъектік қатынастардың дамуы - студенттердің «ӛздерін ӛздері басқару тәртібіне» кӛшуін, яғни
оқу іс-әрекетінің барлық кезеңдеріне олардың белсенді қатысуы үшінші деңгейдегі басқару деп
анықталады. Ӛзін ӛзі басқаруды адам факторының ӛзін ӛзі ұйымдастыра білу қабілеті деп қарап,
оны оқу іс-әрекетінде қолдансақ, онда одан мынандай қызметтердің бӛлініп шығатынын кӛреміз.
Олар ӛзара бір бірімен байланысты бір мақсатқа кӛзделген мотивтер жүйесі, ӛз жұмысын ӛзі
жоспарлау, ӛзін ӛзі ұйымдастыру (ӛз қызметін ұйымдастыру), ӛзін ӛзі қадағалау және ӛзін ӛзі
бағалау, ӛзін ӛзі түзету.
Кредиттік оқыту жүйесіндегі жоғары білім беру орны Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкес студенттердің оқу дәрежесін алуына барынша
қолайлы жағдайлар жасайды. Ең алдымен жоғары оқу орны оқу жұмысын әдістеме жағынан
қамтамасыз етуге жауапты. Осы мақсатта:
1.
Әрбір студентті қамтамасыз ету үшін анықтамалар.
2.
Әрбір пәннен студенттер мен оқытушылар үшін оқу-әдістемелік кешендер.
3.
Әрбір пәннен дәрісхана жұмыстарына материалдар: лекция кӛшірмелері, тәжірибе және
зертхана сабақ жоспарлары, оқу құрал жабдықтары.
4.
Студенттердің ӛзіндік жұмыстарына арналған материалдар: үй тапсырмалары мәтіндері, әр
пәннен бақылау, тексеру сұрақтары, тақырыптық баяндамалар және курстық жұмыстар, электрондық
оқу құралдары.
72
5.
Білімді бақылауға материалдар: жазбаша бақылау жұмыстары, тестілер, емтихандық билеттер
және т.б.
6.
Тәжірибе жұмысы материалдары: тәжірибе жұмысын жүргізу әдістеме нұсқаулары және
жоспарлары, есеп беру құжат түрлері әзірленеді.
Мамандық таңдау – тұлғаның тұрмыстық әл-ауқатының және тұлғаның, қоғамның рухани
байлығының кӛзі болып табылатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін таңдау. Кәсіби ӛзін ӛзі
анықтау «Кім боламын?» және «Не істеу керек?» сұрақтарына жауап беру ғана емес, сонымен қатар
ӛз қабілеттеріне ӛзіндік баға беру. Сондықтан ӛзінің күші мен қабілетін жүзеге асыратын кәсіпті табу
жастар үшін күрделі, ӛйткені кәсібіне қанағаттанбаушылық кейін тұлғаның кәсібіне бейімделу
процесіне жағымсыз кӛзқарастың пайда болуына әкеледі.
Университет қабырғасында студенттерді кәсіпке бағыттау маман тұлғаны қалыптастыру ғана
емес, сонымен қатар қазіргі заманғы қоғамның экономикалық даму жағдайларына тез бейімделіп,
еңбек нарығында ӛз орындарын тауып, ӛз іс-әрекеттерінен тұрмыстық және рухани қанағат алатын,
ӛз қабілеттерін орынды пайдаланып және шығармашылық күштерін дамытуға белсене ат
салысатын озық ойлы, елжанды мамандарды дайындау қажетті деп есептелінеді. Осыған байланысты
біздің модель құрудағы мақсатымыз - университет студенттерінің арнайы және экономикалық
дайындықтарын жетілдіру (1 кесте).
Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту моделі негізіне И.Д.Багаеваның
педагогикалық іс-әрекет кәсібі тұжырымдамасы және Г.Қ.Нұрғалиеваның тұлғаның тұрақты
құндылықтары бағдарының жалпы моделі алынды. Тұлғаның тұрақты құндылықтары бағдарын
дамытудың жүйесін құраушы фактор ретінде Г.Қ.Нұрғалиева ғылым салаларын біріктіру
(М.С.Анисимов, А.Тұрсынов), жалпы және кәсіби білімді біріктіру (М.Н.Берулава) тұжырымдарына
сүйене отырып, іс-әрекеттердің біріктірілуін қолданады. Адам психикасының ішкі құрылымының
қалыптасуына немесе интериоризация процесіне лайықты шынайы жағдайлар, яғни сыртқы ойдың
тұлғаның ішкі ойына кӛшуі –іс-әрекеттің әр түрінің ӛзара байланысы кезінде пайда болады.
Г.Қ,Нұрғалиева іс-әрекеттің болжау, тану-білу, туындау, бірлесу және бағалау түрлерін тұлғаның
құндылықтар бағдарының негізіне жатқызады. И.Д.Багаева да педагогикалық іс-әрекеттің кәсібі
тұжырымдамасында біріктіруге кӛңіл бӛледі: кәсіби бағыттылық бұл іс-әрекетте қалыптасатын
тұлғаның интегральдық қасиеті, ӛзіндік ерекшелігі, бұл іс-әрекет процесі және нәтижесі. Автордың
пікірінше, іс-әрекеттік кәсіп тұлғаның және іс-әрекеттің мазмұнымен сипатталады. Сӛйтіп оның
ойынша педагогикалық іс-әрекеттің кәсіптік құрылымы үш компоненттерден тұрады. Олар: кәсіби
білім, құрылым бойынша танымдық іс-әрекет; кәсіби қарым қатынас жасау, құрылым бойынша
сӛйлеуіс-әрекеті; және кәсіби ӛзін ӛзі жетілдіру,құрылым бойынша бағалау және шығармашылық іс-
әрекетінің бірігуі. Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту моделінің жүйелі құрама
компоненттері бір жағынан тұлғаның негізгі жақтарын, яғни психологиялық құрылымын кӛрсетсе,
екінші жағынан кәсіби қызметінде мақсатын жүзеге асыру жолында жұмсалатын күші мен
қолданатын әдістерін білдіретін тұлғаның белсенділігін кӛрсететін мазмұнды сипаттамасын
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |