Список литературы:
1.Безносиков И.Я. Физкультурно-оздоровительная работа с детьми дошкольного возраста: учебно-
методическое пособие. Мн. : « Четыре четверти» , 1998. – 66с.
2.Бланин А.А. Становление физических качеств дошкольников в зависимости от их двигательной
активности и соматотипа. Автореферат диссертации на соискание учебной степени кондидата пед.
Наук. МГАФК – Малаховка, 2000, - 21с.
3.Грохольский Г.Г. Двигательная активность детей дошкольного возраста: Метод. Рекомендации,
АФВ и СРБ. – Мн, 2002. – 44с.
4.Гужаловский А.А. Основы методики и теории физической культуры: учебник для техникумов
физической культуры. – М. : Физкультура и спорт, 1986. – 352с.
5.Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. Теория и методика ФВ детей дошкольного возраста: учебник – М.:
Просвещение, 2005.- 271с.
6.Матвеев А.П.,Мельников С.Б. Методика ФВ с основами теории: учеб. Пособие для студентов пед.
Институтов и учащихся пед. Училищ. – М.:Просвещение, 1991.- 191с.
7.Мащенко М.В., Шишкина В.А. Физическая культура дошкольника. – Мн.: Ураджай, 2000.
8.Степаненкова Э.Я. Теория и методика физического воспитания и развития ребенка. – М.:
Издательский центр «Академия» 2001.-368с.
9.Холодов Ж.К. и Кузнецов В.С. Теория и методика ФВ и спорта: учеб. Пособие для студентов вузов.
– М.: Издательский центр «Академия», 2000. – 480с.
Аннотация. Бұл мақалада қимылдатқыш әрекет тәрбиесінің үдерісі бейнеленеді, кімыл козғалыс,
дене тәрбіесі әрікетіңін талабына сай болуды талап етеді.
Annotation. The process of education of motive actions is described in this article, it is expressed in the
gradually rising requirements of the program of athletic education, motive skills and athletic qualities sent to
forming.
25
ӘОЖ 51.78.172
ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӚМІР СҤРУ ДАҒДЫЛАРЫН
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Г. Кенбаева
№35 орта мектеп, Тараз қ.
Балалардың денсаулығы – қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саналы жетістіктерін
сипаттайтын маңызды кӛрсеткіштердің қатарына жатады. Қазақстандағы мектеп оқушыларының
денсаулық деңгейлері қоғамның, әсіресе дәрігерлер және мұғалімдер арасында дабыл қағуда.
Ақпарат құралдарының материалдары және статистикалық деректердің кӛрсетуінше хх ғасырдың
аяғында, xx1 ғасырдың басында мектеп оқушыларының денсаулықтары күрт тӛмендеген. Балалардың
денсаулық деңгейлерінің кӛрінісі кӛпшілік жағдайда мектептердің жауапкершілігінде деп
кӛрсетіледі. Демек, мектепте оқушылардың денсаулығы ерекше ӛзекті мәселе. Статистикалық
деректер бойынша жалпы мектепті бітірушілердің 68% дені сау, әрбір екінші жеткіншек
морфофункционалдық патология, 42%-созылмалы сырқат деп танылуда. Жас балалардың
маскүнемділік деңгейлері де жиі байқалып келеді.
Мектеп оқушыларының денсаулықтарына теріс әсер ететін факторларының қатарына мектеп
оқушыларының оқу сабақтарымен артықша жүктелулерін, педагог пен оқушылардың арасындағы
авторитарлық қарым-қатынастықты, оқыту мен тәрбиелеудегі баланың тұлғалық және жас
ерекшеліктерін қажетті деңгейде есепке алынбаушылықтарын, гиподинамия және т.б. атап кӛрсетуге
болады. Мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын қазіргі заманның талаптарына сәйкес жүргізу,
оқушының денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық қызметкерлер
мен мұғалімдердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Педагогика ғылымында осы
туындаған мәселені шешудегі тиімді жолдары мен құралдарын негіздеу қажеттілігі туындайды.
Денсаулық мәдениеттілігінің тӛменділігі, денсаулыққа қарамаушылық себептері, оқушылардың
арасында 40% салауатты ӛмір салтының теориясын білмейтіндігінен деп саналады. Демек, қазіргі
кезде оқушылардың салауатты ӛмір салтын тәрбиелеу қажеттілігі, оны арнайы әдіс-тәсілдерді
қолдана отырып қалыптастыру қажеттілігі туады.
Қазіргі мектеп оқушысын салауатты ӛмір салтына тәрбиелеудің басты міндеттеріне мына
тӛмендегілер жатады:
- халық педагогикасы элементтерін қолдану (ауызша халық шығармашылығы, салт-дәстүрлер,
әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындар т.б.);
-
мектеп оқушысының бойында салауатты ӛмір салтын қалыптастыруда тиімді психологиялық-
педагогикалық шарттарды қолдану;
-
«салауатты ӛмір салты» - ұғымын қалыптастыру;
-
салауатты ӛмір сүру туралы оқушыларды ынталандыру;
-
оқушылардың ӛзін-ӛзі тәрбиелеуіне кӛмек кӛрсету;
-
ӛз денсаулықтарын сақтауда, салауатты ӛмір сүру дағдыларында жауапкершіліктерін
қалыптастыру.
-
арнайы денсаулық сақтау технологиясы арқылы салауатты ӛмір сүру дағдыларын
қалыптастыру.
Оқушылардың салауатты ӛмір сүру дағдыларын зерттеу барысында философиялық,
педагогикалық зерттеулерде кӛрініс тапқанын, бұл салада біраз тәжірибе бар екенін байқадық.
Шығыстың ойшылдары Аль-Фараби, Абу Али Ибн-Сина, Ж.Баласағұн, А.Ясауи ӛз
трактаттарында денсаулық пен ӛмір салтының байланыстылығы туралы айтса, педагог-ағартушылар
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулати, Асан Қайғының шығармаларында жас
жеткіншектерге денсаулық сақтау туралы білім беру керек екендігіне кӛңіл бӛлінген. Салауатты ӛмір
салты мәселесін анықтау проблемасындағы негізгі категория болып «денсаулық» түсінігі болатынын
айта кету керек. Бұл түсінікті анықтауда адамның ӛзінің, оның жаратылу табиғатының кӛрінісі басты
роль атқарады. Адамның тек сыртқы түрі ғана емес, сонымен бірге ішкі жан – дүниесі де, яғни мінез-
құлығы, қабылдауы, ойлауы, іс-әрекеттері, сол немесе басқа әсерлерге бейімі біркелкі бола бермейді.
Әртүрлі адамдар болып жатқан нәрсені әртүрлі жасайды. Бірақ, ең бастысы бір адам сол немесе басқа
әсерлерді ӛмірдің әртүрлі кезеңінде әртүрлі қабылдайды. Сонымен, адамның денсаулығы – бұл
жалпы адамзаттық және жеке болмыстың күрделі феномені болып саналады. Бүгінгі күні ол кешенді
немесе психологиялық, әлеуметтік және жеке тәртіптің кӛптеген күрделі факторларының, кейде
26
философиялық қасиеттердің ӛзара әсеріне қатысты болады.
«Салауатты ӛмір салты» сонау замандардағы Гиппократтың трактаттарында бірқатар
денсаулық сақтау іс-шаралары ретінде философиялық ой-санасы құрылымының жалғасы түрінде
мазмұндалады. Трактат денсаулық және салауатты ӛмір салты жайындағы ілімнің дамуына негіз
болды. Кӛне грекиялық философтардың еңбектерінен балаларды салауатты ӛмір салтына
тәрбиелеудегі теңдесіз ой ӛрістерін дәлірек кездестіруге болады.
Кӛне Грекиядағы алғашқы философтардың бірі Сократ, табиғи жаратылысты ерекшеліктерге
аса назар аудара отырып, адамның ӛзін-ӛзі тану мүмкіншіліктері арқылы салауатты ӛмір салтының
терең жағын кӛре білді, яғни «ӛз-ӛзін білетін тұлға, ӛзіне тиімділікті таниды, шамасы келмейтін істі
түсінеді», деп ол адамның сана-сезімі арқылы ӛзін-ӛзі танып білуін, іс-әрекеттенуін мазмұнды түрде
кӛрсетті. Платон салауатты ӛмір салтын тәрбиелеу ерте кезеңнен бастау қажеттігін атап кӛрсетті,
себебі «кез-келген істегі ең бастысы – оның ерекшелене бастауы».
Аристотель «Этика, саясат, поэтика» деп аталатын еңбегінде адамның жекелей кӛрегендігі мен
салауатты ӛмір салтын қоғамдық мазмұндағы мәселе ретінде ашып кӛрсетеді. Оның айтуынша,
тәрбиені «денеге қамқорлықтан» бастап, сонан соң, «рухани тәрбиеге» ұштастыру қажет, себебі дене
тәрбиесі, рухани тәрбиемен қатарласа орындалуы тиіс. Яғни, Аристотель салауатты ӛмір салтының
тәрбиесін адамның белсенді ӛмір салтымен, шынығумен, жаттығулармен байланыстырады. Демек,
ерте кезде де салауатты ӛмір салтына тәрбиелеудегі дене жаттығу мәселесі қарастырылған. Осы
кезеңде «ӛз-ӛзіңді тани біл», «ӛзіңе қамқорлық жаса»деп аталатын алғашқы тұжырымдамалар шыға
бастады. Салауатты ӛмір салтын тәрбиелеу мәселелерін Шығыс елдерінде де қолдау тапқан.
Мысалы, Ибн Сина денсаулықты сақтау және нығайтуға бағытталған гигиеналық талаптардың
кодексін құрады. Тамақтану, ұйықтау, оқу мерзімдерін сақтау қажеттілігін Ибн-Сина атап кӛрсетті.
Салауатты психологиялық ортаның болуына аса назар аударды. «Дәрігерлік ғылымның баспалдағы»
еңбегінде, Ибн-Сина тәрбиешілердің баланы ӛз эмоциялары мен үрейлерін басқару қажеттілігін
мазмұндайды. Яғни, ойшының пікірінше, жас буынның санасы мен денсаулығы тәрбиеге
байланысты. Шынайы мемлекет концепциясында Ибн-Сина қоғамдық еңбек пен ұзақ ӛмір сүру
қоғамдық құрылымның басты критериясы екендігін атап кӛрсетті. Шынайы таза ортада ереже мен
тәрбиенің жетелеуі арқасында адамзаттың саналы ғұмырын ӛзгерте отырып ұзақ ӛмір сүретіндеріне
сенеді. Ұзақ ӛмір сүру, Ибн-Синаның адам қоғамындағы рухани және табиғи гармонияның іске асу
болжамдарының бірі. Ибн-Синаның ұғымы бойынша, ерте жастан бастап салауатты ӛмір салтының
мына тӛмендегідей принциптерін сақтау қажет:
1) жанның ара салмағы (гармониялық дене пішімді сақтау);
2) тамақты таңдау (тамақтану мерзімі);
3) денені тазалау (шлактан, зиянды заттардан тазалау);
4) дене пішімін сақтау;
5) дұрыс дем алу;
6) киім тазалығы;
7) дене және рухани қозғалыстың теңдесуі.
Сонымен, Ибн-Сина гигиеналық ғылымның негізін салушы болып табылады. Еңбектері бүгінгі
күндері ӛзекті және жас буынды салауатты ӛмір салтына тәрбиелеуде аса құнды. Шығыстың ойшыл-
ғалымы Аль-Фараби дене және ойды тәрбиелеу тәсілдерінің ұқсастықтарына аса назар аударды.
Ӛзінің әлеуметтік-экономикалық трактатында, «адам ӛз денесінің жетілуіне қол жеткізуі қажет», –деп
атап кӛрсетті, себебі адамның денесі-сақтауға қажетті нәрсе, егер ол болмаса, оған қол жеткізу қажет.
Мерзімді тамақтанумен денсаулық, тұрақты еңбек пен күш, сенімді іс-әрекетпен ой-сана пайда
болады. Сонымен қатар Аль-Фараби ауруды емдеуді ғана емес, адам денсаулығын алдын ала сақтау
мен нығайтуды аса атап кӛрсетті.
Орта ғасырда ӛмір сүрген Ӛтей Бойдақ Тілеуқабылұлы, Мұхаммед Хайдар Дулати, Асан
Қайғының қазақша жазба мұраларынан жас буынды салауатты ӛмір салтына тәрбиелеудегі терең
ойлы мұрағаттарды кездестіруге болады.
Ӛ. Тілеуқабылұлы дене мен рухани дүние тұрғысында жас буынның сұлулықты түсіне
білулеріне ерекше кӛңіл бӛлді. Сонымен ойшылдар «сұлулығымен» қатар «рухани сұлулықты»
дамытуды ұсынды. Ӛ. Тілеуқабылұлы адамның сыртқы пішіміне, кӛрінісіне аса назар аударған, егер
адамның сырт киімі таза, тартымды, сұлу келбетті болса онда ол оның кӛңіл-күйін жақсартып, жүрек
жылуын оятады. Ойшыл-данышпан арақ-шараптан, нашақорлықтан алшақ болуға шақырады.
Ойшылдың ой-саналауы бойынша бала дені сау болуы үшін жас кезінен бастап оны шынықтыру
қажет, дене еңбегімен шұғылдандырып тәрбиелеу қажет.
27
XV ғ. белгілі оқымыстысы М.Х. Дулатидің ӛсиетінде тәрбиелеудегі зиянды әдеттерге
қатынасты негіздемелер қаланған (шарап ішу, нашақорлық заттармен шұғылдану, темекі тартуға үйір
болу сияқты). Зиянды әдеттерді мәдениеттілік пен еңбекке тарту арқылы жою керек дейді. Белгілі
қазақ жырауы, философы Асан Қайғы ӛзінің поэтикалық шығармаларында, ӛмірде адам баласы
қандай болуы қажет, неге талпыну қажеттігі жайында қызықты ой-ӛрісті дүниелерді кӛрсете білген.
Философтың пікірінше, әрбір адамзат ӛзіндік жетілуге талпынуы қажет. Нағыз адам мынадай саналы
сапа иесі болуы тиісті адамгершілік, шынайылық, шыншылдық, қарапайымдылық, намысқойлық,
тұрақтылық. Асан Қайғының пікірінше, қоғамдық шарттар тұлғаның қалыптасуына, оның саналы
ерекшеліктерінің қалыптасуына басты фактор болып табылады. Осы аталған салалар мен шарттар
салауатты ӛмір салтына тиісті, қажетті мінез-құлық нормаларын таңдап алуға мүмкіншілік жасайды.
Қазақ халқының салауатты ӛмір салты халықтық ертегілерде, эпостық жырларда, мақал-мәтелдерде,
ойындарда және дәстүрлерде бейнеленіп, сипаттала кӛрсетілген.
А.С. Иманғалиевтің пікірінше «салауатты ӛмір салты» адам организмінің резервтік
мүмкіншіліктерін жетілдіретін күнделікті тіршілігінің типтік формалары мен тәсілдері, әлеуметтік
және кәсіби қызметтерін саяси, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайлардан тәуелсіз
орындауды қамтамасыз ету. Г.Д. Әлімжановтың ойынша салауатты ӛмір салты «білім, ептілік,
дағдыланумен байланысты, оның негізінде әрбір оқушының денсаулығы, күнделікті шынығу
әдістемелері жатыр». Ж.З. Торыбаеваның пікірінше мектеп оқушысының салауатты ӛмір салты, жан
жақты дамуы әлеуметтік тәжірибені меңгеру іс-әрекеттіліктерімен сипатталады. Дене, ой-санасы,
әлеуметтік, тұлғалық, эмоционалдылық, рухани дамуы, оның микро ортасы:мектеп, жанұя және
қоршаған орта арқылы болады. Сонымен, денсаулық ӛмір салтымен байланысты. Салауатты ӛмір
салты – еңбек ету және демалыс режимдері, тамақтану жүйесі, даму мен шынығу жаттығулары, ӛз-
ӛзіне және ӛзгелерге қарым-қатынастық, тұрмыстық, ӛмірлік мақсаттылықтар. Яғни салауатты ӛмір
салты ӛте күрделі және жан-жақты ұғым. Оған тек қана медициналық, биологиялық және
психологиялық компоненттер ғана кіріп қоймай сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық,
экологиялық құрылымдар да кіреді.
«Салауатты ӛмір салты» түсінігін былайша бӛліп кӛрсетуге болады:
- Салауатты ӛмір салты – бұл денсаулық проблемасына адамның алдына қойған мақсаттарына
қол жеткізудің нақты мүмкіндіктері сияқты, әртүрлі факторлардың әсері болатын ӛмір сүру
барысында қалыптасқан кӛзқарастар жүйесі;
- Салауатты ӛмір салты – адамның ӛзінің шығармашылық деңгейін сол немесе басқа қырынан
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін адамның ӛндірістік, тұрмыстық және мәдени жақтарын
ұйымдастыру тәсілі;
- Салауатты ӛмір салты - денсаулық туралы белгілі бір әлеуметтік және тарихи кӛзқарас,
сондай-ақ, ӛмірдегі тәжірибеге оны интеграциялау құралдары мен әдістері;
- Салауатты ӛмір салты - адамның күнделікті ӛмір сүруінің түрлі тәсілдері, олар организмнің
резервтік мүмкіндіктерін нығайтады, биіктетеді және адамның экономикалық және психологиялық
жағдайларында ӛзінің әлеуметтік және кәсіптік қызметін табысты атқаруды қамтамасыз етеді.
Оқушылардың салауатты ӛмір салтын қалыптастыру ең алдымен, оқыту процесінде жүзеге
асырылады. Заманауи педагогикада оқыту процесі оқушыны білмегеннен білуге және мұғаліммен
бірлесе отырып сәйкес ептілік пен дағдыға үйрету, оқыту ретінде қарастырылады. Оқыту процесі
әртүрлі педагогикалық технологиялар негізінде, яғни, осы процесті едәуір тиімді де нәтижелі ететін
оқушы мен мұғалімнің күш-жігерін, уақытын, денсаулығын жұмсаудағы әдістер мен тәсілдердің
жиынтығы негізінде құрылады.
Педагогикалық технология дегеніміз педагогикалық процесс пен оған қатысушылар іс-
әрекетінің құраушы кезеңі, күйлері арасындағы ӛзара байланысты бірізді және үздіксіз қозғалысы.
Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз – ол ортаға сәйкес оқыту формаларының, әдістері мен
құралдарының біртұтас жүйесі, сондай-ақ осы жүйені ғылымға негізделген дидактикалық үдерісте
жүзеге асыру үшін, меңгерілетін пәннің ерекшелігіне сәйкес нәтижеге жеткізудегі теория мен
практикада пайдалану механизімі. Денсаулық сақтау технологиясы формалардың, құралдардың және
әдістердің жиынтығын кӛрсетеді, олар адамның дене, психикалық, адамгершілік және әлеуметтік
жетістігін қолдаудағы оптималды нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.
Денсаулық сақтау технологиясында тұжырымдылық, жүйелілік, тиімділік маңызды болып
саналады. Денсаулық сақтау технологиясы жүйе ретінде біздің пікірімізше, ӛзара байланыстылықты
жоспарлауды және жобалауды, мұғалім мен оқушылардың біріккен қызметін ұйымдастыруды, алға
қойған мақсаттарды нәтижелі шешу барысындағы оқыту мен тәрбиелеудің құралдары мен әдістерін
түрлендіруді білдіреді.
28
Денсаулық сақтау технологиясының кӛріністеріне тек осы саладағы білімді, ептілікті, дағдыны
игеру деңгейі ғана емес, сондай-ақ мұғалім мен оқушының санитарлық-гигиеналық талаптарды
сақтау, педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру да жатады. Біздің ойымызша, мұнда
педагогикалық процеске қатысушылардың белсенділігі басты роль атқарады. Денсаулық сақтау
технологиясына ендіру осы әдістерді қайталау мен ендіру мүмкіндігі де кіреді.
Педагогикалық технологиялар қолдану деңгейі бойынша жалпыпедагогикалық, әдістемелік
(пәндік) және локальды болып жіктеледі. Біз денсаулық сақтау технологиясын жалпыпедагогикалық
технологияға жатқызамыз, ӛйткені салауатты ӛмір салтын қалыптастыру оқушыларды оқыту мен
тәрбиелеудің басты міндеті болып табылады.
Білім беру мекемелерінде денсаулық мәселелері медициналық кӛзқарастары жағынан
қарастырылып, оны денсаулық сақтау технологиясы тұрғысында, яғни оны оқушы бойында
қалыптастыру әдіс-тәсілдері, формалары тұрғысында қарастыру арнайы зерттеуді талап ететіндігі
анықталады. Жас ерекшелікті психология мен педагогика саласы мамандарының анықтауынша,
жоғарғы сыныпта салауатты ӛмір салтын қалыптастыру ерекше мәнге ие. Осы жаста дене,
жыныстық, психикалық жетілу кезеңдері аяқтала бастайды. Ӛнегелік сапа ерекшеліктері мен
әлемтану процесстері қалыптасады. Жоғарғы сынып оқушыларының бойында «ересек»
ерекшеліктері, қасиеттері дамиды. Тұтынушылық пен мүмкіншіліктері арасында қақтығыстар,
келіспеушіліктер кӛрініс табуы мүмкін. Жас жеткеншектер мен ересектер арасындағы қарым-
қатынастардың, күрделігі, бір жағынан жас адамдардың дербестікке ұмтылуы болса, ӛзге жағынан
ӛмірлік мәселелерді шешуде ересектерден кӛмек күтуі. Осы шарттарда салауатты ӛмір салтын
қалыптастыру, арнайы әдіс-тәсілдерді денсаулық сақтау технологиясы ретінде талап етеді.
Әдебиеттер тізімі:
1.Валеологический процесс в педагогике как фактор воспитания личности // Наука и образования
Южного Казахстана. Шымкент, 2006. №4 (53), с.26-28.
2.Предпосылки формирования здорового образа жизни. Международная научно -практической
конференции на тему: «Актуальные проблемы педагогического образования». Шымкентский
социально- педагогический университет. Шымкент, 2006. С. 206-208 .
3.Некоторые вопросы о готовности учетеля к реализации инновационных технологий.
Международная научно-практическая конференция ―Инновационные технологии формирования
ЗОЖ в современных условиях‖, 2011г. , г.Шымкент
Аннотация. Вопросы формирования здорового образа жизни, как одного из приоритетных
направлений развития современного общества является актуальным. Формирование здорового
образа жизни учащихся должны стать одним из основных направлений современной системы
образования.
Аnnotation. The considered problems of formation healthy way of life, as one of priority a direction of
development modern society causes scientific-theoretical and practical researches in the field of its
preservation, formation and development. Formation of a healthy way of life of pupils should become one of
the basic directions of a modern education system. One of the ways of the decision of the put forward
problem use is conducted by the means of healthysafe technologies, approaches of development healthysafe
technologies in formation of a healthy way of learners‘ life
ӘОЖ 43.21:01
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ
ЗАҢДАРЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ДЕРЕК КӚЗДЕРІ
А. Рахимбаева
Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті, Тараз қ.
Деректану ғылымының талаптарына сай, тәуелсіз Қазақстан тарихының маңызды жазба дерек
кӛздерінің бірі болып табылатын заңнамалық актілердің пайда болуының объективтілігі мен
алғышарттарын анықтау, олардан тарихи оқиғалар немесе қоғамдық құбылыстар туралы шынайылық
деңгейі жоғары мәлімет ала білу қажеттілігігінен туындайды. Басқа да деректер немесе дерек кӛздері
сияқты нақты заң актісі немесе заңнамалық актілер де қоғамдық қажеттіліктен немесе белгілі бір
29
объективті оқиғалардың, құбылыстардың және процестердің салдарында пайда болады. Сондықтан,
олар ӛз бойында сол ӛздерінің пайда болуына әсер еткен қоғамдық сұраныстар немесе оқиғалар,
құбылыстар және процестер туралы мәліметтер сақтайды.
Бұл, басқа да функцияларымен қатар, тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарихының дерек
кӛздері міндетін де атқара алатын заң актілеріне де қатысты аксиома. Ӛйткені тәуелсіздік тарихы,
басқа да дерек кӛздерімен қатар, заң актілерінде де бейнеленген. Демек, ӛзіндік ерекшеліктері бар
жазба құжаттық дерек кӛздері ретінде заңнамалық актілердің пайда болуының объективтілігі мен
алғышарттарын анықтау, тәуелсіз Қазақстан Республикасының шынайы тарихының осы бастан
дұрыс бағытта зерттеліп, жазылуының басты факторларының бірі болып табылады. Сӛз жоқ, тәуелсіз
Қазақстан тарихының маңызды жазба дерек кӛздерінің бірі ретінде пайда болған заңдардың немесе
заң актілерінің пайда болуының объективті негізі, ол Қазақстанның ӛз тәуелсіздігін алуы болса,
негізгі алғышарты КСРО деп аталған алып империяның күйреп, еліміздің ӛз тәуелсіздігін алуына
байланысты, сол тәуелсіздікті нығайту, жаңа құқықтық мемлекет құру арқылы тәуелсіздігімізді
баянды ету болған. Сондықтан, нақты заң актілерінде немесе заңнамалық актілерде Қазақстан
Республикасының пайда болуының алғышарттары, пайда болуы, қалыптасу және даму тарихы
туралы аса құнды мәліметтер сақталынған. Демек, нақты заңдардың немесе заң актілерінің пайда
болуының объективтілігін және алғышарттарын анықтап, не себептен және қалай
қабылданғандығына, яғни заңдардың дерек кӛздері ретінде жасалу және қабылдану процесіне талдау
жасау, Қазақстан Республикасы тарихының әр түрлі кезеңдерінің ӛзіндік ерекшеліктерін анықтай
түсуге, жалпы алғанда ел тарихының осы жылдар аралығында жүріп ӛткен жолын нақтылай түсуге
мүмкіндік берері анық.. Әрине, заң ең алдымен қоғамдағы әлеуметтік қатнастарды реттеуші
механизм ретінде пайда болып, қоғамдық тұрақтылықты сақтаушы міндетін атқарады. Әсіресе,
қоғамдық қатнастарды демократияландыру арқылы құқықтық мемлекет құруға бет алған Қазақстан
халқы үшін заңның маңызы күннен күнге арта бермек. Сондықтан да, қоғам мүшелері үшін заңды
білудің және заңдылықты сақтаудың маңызы ӛте үлкен. Әр бір қазақ үшін, ӛзін Қазақстандықпын деп
есептейтін әр бір азамат үшін жалпы заңды, әсіресе
Конституцияны білудің, оның талаптарын орындаудың қаншадықты маңызды екендігі туралы
тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев, ХҮІІІ ғасырдың аса ірі мемлекет қайраткерлері Тӛле биді,
Қазыбек биді және Әйтеке биді еске алуға арналып, 1993 жылғы мамырдың 28-інде Ордабасыда
ӛткен салтанатты жиында сӛйлеген сӛзінде: ―Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау – әрбір қазақтың,
Қазақстанды ӛз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты. Құқықтық
мемлекетке, демократиялық қоғамға тән заңдылық қағидсын қатаң сатай алсақ қана, ол борышты
адал ақтап, ол мақсатқа қапысыз жете аламыз. Конституцияны білу, заңдылықты сақтау – құқықтық
мемлекет құрудың бірінші шарты. Әз Тәукенің тұсындағы қазақ қауымының дәуірлеуі ең алдымен
осы заңға жүгінуге байланысты болғанын ұмытпағанымыз жӛн. Заңды жетік білмейінше, оны
сыйламайынша, берік ұстанбайынша, біз ӛмірдің қай саласында да қиыншылықтан арыла алмаймыз‖
деді.. Дегенмен, заң, тек құқықтық мемлекет құрудың құралы ғана емес, сонымен қатар, сол
құқықтық мемлекет құру тарихының дерек кӛзі міндетін де атқарады. Ӛйткені, біздегі құқықтық
мемлекет құру тарихы, ең алдымен, сол заңдарда бейнеленген. Бұл ретте біз тәуелсіз Қазақстан
Республикасы тарихына қатысты заң актілерінің пайда болу алғышарттарының бұрынғы КСРО
қойнауында пісіп жетілгендігін ерекше айтуымыз керек. Ӛйткені, КСРО сияқты алып империяның
күйреп, басқа да бұрынғы Одақтас республикалар сияқты Қазақстанның да ӛз тәуелсіздігін алуына
мүмкіндік берген заңдық негіздер, сол КСРО-ның кезінде дүниеге келген болатын. КОКП-ның 1985
жылғы сәуір пленумынан кейін басталған қайта құру, жариялылық және елді демократияландыру
процестері барысында қабылданған ―ССРО Конституциясына (Негізгі заңға) ӛзгерістер мен
қосымшалар енгізу‖ және ―ССРО халық депутаттарын сайлау туралы‖ заңдар КОКП-ның да, КСРО-
ның да күйреуінің басы болды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының заңдық негіздері де, сол КСРО
қойнауында қалыптаса бастады және бірнеше кезеңдерден ӛтті. Мысалы, 1988 жылы 1977 жылғы
КСРО конституциясына ӛзгерістер мен толықтырулар негізу туралы заңға сәйкес, жаңа жоғарғы
билік жүйесі - халық депутаттарының съезі және тұрақты жұмыс істейтін КСРО Жоғарғы кеңесі
қалыпасты.
Баламалы сайлаудың заң түрінде бекітілуі елдің саяси ӛміріндегі жаңа құбылыс болды. Жаңа
конституциялық күші бар заң актілерінің негізінде 1989 жылдың кӛктемінде ӛткізілген халық
депутаттарының бірінші съезіне сайлау мен халық депутаттарының бірінші съезінде-ақ үлкен
ӛзгерістер болды. Съезде саяси биліктегі КОКП-ның монополиясын жою туралы сӛз болып, ССРО
Конституциясының жаңа жобасын жасау туралы шешім қабылданды. Бұл, тек, елді
демократияландыру бағытында жасалынған алғашқы нақты қадам ғана емес, сонымен қатар, ол
30
КСРО-ның күйреп, Одақтас республикалардың ӛз тәуелсіздігін алу бағытында да жасалынған
алғашқы нақты қадам болды. Ӛйткені, елді заңдық негізде демократияландыру процесі экономикалық
дағдарыстың күннен күнге тереңдей түсу мен КСРО халқының саяси белсенділігінің күннен күнге
арта түсу жағдайында жүргізілді. 1989 жылы КСРО халық депутаттарының бірінші съезі тұрақты
жұмыс істейтін екі палаталы парламент құрды. Бірақ, ол бұрынғысынша КСРО Жоғарғы Кеңесі деп
аталынды. Дегенмен, Съезд және Жоғарғы Кеңес мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы
болып табылды. 1989 жылдың күзіне қарай КОКП-ның басқарушы және бағыт беруші саяси күш
ретінде ӛз мүмкіндігін толық тауысқандығы айқын болды. 1990 жылы КСРО халық депутаттарының
үшінші съезі, бұрынғы КСРО халықтарының тарихында бірінші рет, кең кӛлемдегі ӛкілеттілігі бар
КСРО президенті деген лауазымды енгізді. Сол съезде КСРО конституциясындағы КОКП-ның
басқарушы және бағыттаушы құқығы кӛрсетілген 6-шы баптың күші жойылды. Ол елдегі
бірпартиялық жүйенің
жойылуын білдірді. КСРО кӛлемінде жүргізілген мұндай түбегейлі
ӛзгерістердің бәрі де, сол мемлекеттің құрамдас бӛлігі ретінде, Қазақстанға да тән болды.
Елдегі экономикалық және саяси дағдарыстың тереңдегені соншалықты, КСРО-ның саяси және
экономикалық негіздерін ӛзгерту туралы пікір кең етек ала бастады. 1990 жылдың 14 наурызында
қабылданған ―Президенттік қызмет енгізу және ССРО Конституциясына (Негізгі заңға) ӛзгерістер
мен қосымшалар енгізу‖ туралы заң мемлекеттің саяси және экономикалық негіздеріне түбегейлі
ӛзгерістер енгізді. Заңға сәйкес елде Президенттік қызмет енгізіліп, меншіктің кӛптүрлі формасы
мойындалды және де, ең бастысы, КОКП-ның монополиясы жойылды. Жоғарыда айтқанымыздай,
КСРО кӛлемінде жүріп жатқан мұндай түбегейлі ӛзгерістердің бәрі де Қазақстанға да тікелей
қатысты болды. Ол туралы Н. Ә. Назарбаев ӛзінің ―Әділеттің ақ жолы‖ атты кітабында: ―Бұл
процестердің бәрі де белгілі бір дәрежеде Қазақстанға да тән еді, оның ӛмірінің алуан түрлі
салаларында ӛз кӛріністерін тапты‖ деп жазса, Президент қызметінің енгізілуі туралы ―Мемлекеттік
ӛкімет билігінің іргесі шайқалған құрылымын нығайтуға бағыттылған алғашқы әрі негізгі қадам
елімізде Президент қызметінің енгізілуі, содан соң Министрлер кабинетінің құрылуы болды. Бұл
бағытты республикалар да қолдады‖ деп жазды. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің заңдық
негіздерін қалыптастырудың алғышарттары осылай қалыптаса бастады. Қазақстанның тәуелсіз
мемлекеттігінің заңшығарушылық іргетасының қалыптасуы бағытында жасалынған маңызды
қадамның бірі 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған Қазақ ССР-ның, Қазақ ССР-інде мемлекеттік
биліктің жоғарғы органы Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесі болып табылады деп кӛрсетілген ―Казақ
ССР-і Конституциясына (Негізгі заңға) ӛзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы‖ Заңы болды.
Заңға сәйкес Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне сайлау тәртібі ӛзгертіліп, Жоғарғы Кеңес
Президумының мүмкіндігі шектетілді. Осы уақыттан бастап егеменді Қазақстанның жаңа
конституциялық заңшығарушылықғының қалыптасу процесі басталды. Мысалы, 1990 жылдың 24
сәуірінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақстанда Президенттік қызмет енгізу туралы
заң қабылданып, Қазақ ССР-нің тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Осы заңның
негізінде республиканың мемлекеттік және қоғамдық құрылысында түбегейлі ӛзгерістер енгізілді,
ӛйткені, Президенттік қызметтің енгізілуі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің монополиялық билігінің
жойылуы және мемлекеттік құрылыста билік тармақтарын ажырату принципін бектіу жолында
жасалынған алғашқы нақты қадам болып табылатын еді. Сонымен қатар, осы заңмен КОКП-ның
басшылық рӛлі жойылды. Саясаттаушы С. Барбосов пен К. Жаулин қазақ қоғамындағы түбегейлі
саяси ӛзгерістердің бастауы болған ―Қазақстанда Президенттік қызмет енгізу туралы‖ Заңның
қабылдануының алғышарттары туралы:
―Біріншіден, Кеңес Одағының ыдырау жағдайында оның құрамындағы ұлттық аймақтарды,
оның ішінде Қазақстанды да, биліксіздену құбылысы жайлай бастады. 80-ші жылдардың аяқ шенінде
басталған биліксіздену 90-шы жылдардың бас кезінде тіптен қауіпті шекке жетті...
Екіншіден, Қазақстанда биліктің жаңа түрі – президент институты елдің терең экономикалық
және әлеуметтік, саяси дағдарысы жағдайында қалыптасты. Әсіресе, экономикалық дағдарыс
салдарынан ел халқының 50 пайыздан астамы кедейшілік пен қайыршылық деңгейіне түсті...
Үшіншіден, ӛкілді органдар мен жергілікті атқарушы билік органдары дағдарысқа тӛтеп
беретіндей қызмет ете алмайтындықтарын кӛрсетті. Жоғарғы Кеңестің жұмысында митингілік, дау-
дамайлық сипат басым болды...
Тӛртіншіден, Қазақстандағы саяси және экономикалық жүйенің алмасуы жағдайында
ӛркениетті, демократиялық елдердің тәжірибесіне сәйкес келетін жаңа тұрпатты саяси жүйені
қалыптастыру қажеттілікке айналды. Осындай кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін де
Қазақстанға президенттік билік қажет болды...
31
Бесіншіден, елдің полиэтностық құрылымының, этнодемографиялық ахуалының күрделілігі
Қазақстан халқын жалпымемлекеттік ортақ мақсаттар мен міндеттер аясында топтастыра алатын,
ұйытушылық қасиеті бар саяси биліктің болуын талап етті‖ деп, елдегі Президенттік қызмет туралы
Заңның қабылдануының бес түрлі алғышарттарын атай келе, заңның пайда болуының объективтілігі
туралы: ―Тарихи саяси ахуал және экономикалық даму талаптары Қазақстанды президенттік билік
жүйесіне алып келді. Сондықтан Қазақстанға Президент қызметін ӛмірдің объективті даму
талаптарынан туған құбылыс деп айта аламыз‖ дейді.
Осылай, КСРО-да ХХ ғасырдың 80-90-шы жылдары орын алған терең экономикалық және саяси
дағдарыстар Қазақстан тарихында да түбегейлі ӛзгерістердің орын алуына алып келді. Атап айтқанда,
ел тарихындағы саяси биліктің жаңа формасы – Президенттік билік жүйесінің дүниеге келуіне негіз
болған аталған Заң актісінің, тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарихының дерек кӛзі ретінде пайда
болуының объективтілігі тікелей сол ӛзгерістерден туындады. Республикада орын алған осындай
түбегейлі ӛзгерістер процесінің заңды нәтижесі 1990 жылы 25 қазанда ―Қазақ ССР-нің мемлекеттік
егемендігі туралы‖ Декларацияның қабылдануы болды. Онда ұлттардың ӛзін-ӛзі билеу құқығы,
мемлекет территориясының тұтастығы, бӛлінбейтіні және ешкімнің қол сұғуына жол берілмейтіндігі
және басқа да Республиканың принципті саяси-экономикалық құқықтары жарияланды. Тәуелсіздік
тарихының аса маңызды дерек кӛздерінің бірі болып табылатын құжаттың қалай пайда болғандығы
туралы, сол құжаттың негізгі авторларының бірі С. Сартаев: "Қазақ ССР-ның мемлекеттік
егеменділігі туралы" қабылданған Декларация Қазақстандағы саяси-қүқықтық ӛмірдің жарқын беті
ретінде алғаш рет дүниеге келді. Оны дайындауға Президенттік Кеңестің мүшесі С.С. Сартаев (топ
жетекшісі), З.Л. Федотова, Н.И. Акуев, Т.С. Қабдрахманов секілді ғылым-қоғам қайраткерлері тікелей
атсалысты. Декларацияның жобасын дайындауда Президенттік Кеңестің, Республика министрлер
Кеңесінің және басқа да бірқатар қоғамдық үйымдар тарапынан түскен үсыныстар жан-жақты
ескерілді. Сӛйтіп, жоба 1990 жылдың 16-шы қыркүйегінде бүкілхалықтық талқылауға республикалық
баспасӛз беттерінде жарияланды. Оны жасаушылар, бәрінен бүрын, Қазақ ССР-ның сол кездегі
аумақтық кеңістігіне қол сүғуға, оны бӛлуге және оның ӛз келісімінсіз пайдалануға болмайтынына,
сондай-ақ Қазақ ССР-ның басқа елдермен шекарасының ӛзгеруі тек сол елмен екі жақты келісім
бойынша ғана жүргізілетініне баса кӛңіл бӛлді‖ деп, еске алады. Дегенмен, ―Қазақ ССР-ның
мемлекеттік егеменділігі туралы‖ Декларация жобасын талқылау мейлінше күрделі жағдайда ӛтті.
Декларацияның талқыланған мәтінінің соңғы нүсқасын әзірлеу үшін де депутаттардың келісімдік
тобы қүрылды. Тек, содан кейін ғана, Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесі отыз күнге созылған талқылаудан
соң 1990 жылдың 25-ші қазанында ―Қазақ ССР-ның мемлекеттік егеменділігі туралы Декларацияны‖
қабылдады.
Декларацияның қаншалықты маңыздылығын, оның қандай жағдайда қабылданғандығын
ҚазМ¥У-нің студент-жастарының ―Ӛркен‖ газетінде жарияланған хатынан-ақ байқауға болады.
Онда жастар ел Президенті Н. Ә. Назарбаевқа рахмет айта отырып: ―Сессия жүмысы басталған алғашқы
күндерде кӛкейімізге әлдеқандай күдіктің ұялағанын жасырғымыз келмейді. Бірақ кейін -
Декларацияны талдау үстінде Ж. Әбділдин, С. Зиманов, Ӛ. Жолдасбеков, С. Сартаев, Ӛ. Жәнібеков,
Ә. Кекілбаев секілді депутаттарымыздың терең ойлы, дәйекті, әрі ғылыми негізделген сӛздерінен соң
басқа да халық қалаулыларының оны қолдайтынына сенген едік. Дегенмен, кейіннен болған жүмыс
тобындағы одан соңғы сессиядағы талқылаулар жағдайдың әлі де күрделі екендігін танытқандай еді.
Талқылаудың алдында еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың барынша негізделіп, мейлінше тұжы-
рымдалып айтылған сӛздері парламент мүшелерінің қай-қайсысының да жігерін жандырғандай болды.
Шынында да үзақ жылдар бойы қырғын-сүргіннен кӛз ашпайған қазақ халқы ӛз жерінде азайып
кеткеніне ӛзі кінәлі ме еді. Сондықтан да біз қазақ халқын ӛз егемендігін алғаннымен қүттықтай
отырып, еліміздің Президенті Нүрсүлтан аға Сізге, жүректері халқым деп соққан парламент мүшелеріне
бүгінгі шын мәніндегі тарихи жеңіс қүтты болсын дегіміз келеді‖ - деп ҚазМҰУ-нің Ғ. Мүсірепов, Ж.
Тәжиев, Р. Есенбеков бастаған 20-дан астам студенттері ӛз қуаныштарымен бӛліскен. Ӛкінішке орай,
2007 жылы жарық кӛрген ―Кӛркемсуретті Қазақстан тарихының‖ тӛртінші томында аталған
Декларация тарихына қатысты бірнеше принципті қателіктер жіберілген. Біріншіден, кітаптың
―Кеңес Одағының ыдырауы‖ деген тақырыппен берілген бетінде: ―...Қазақ КСР-нің егемендігін
жариялады және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін салтанатты
түрде мәлімдеді‖ деп жазылса, келесі бетінде: ―Декларация қабылданған күн – 25 желтоқсан
―Республика күні‖ ретінде тойланады‖ делінген.
Біріншіден, егеменділік пен тәуелсіздіктің мағнасы екі басқа, олар синоним сӛздер емес.
Сондықтан, ―Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі‖ емес, ―Қазақстанның егеменді мемлекет
ретіндегі‖ болуы керек еді. Екіншіден, ―Республика күнінің‖ 25 желтоқсан емес, 25 қазан екені
32
белгілі. Әрине, мұндай қарапайым қателіктің байқаусызда жіберілгендігі анық. Дегенмен, әңгіме
Қазақстан Республикасы тарихының маңызды датасы туралы болып отырғандықтан оған кӛңіл
аудармауға болмады. Елімізде қазіргі заңшығарушылықтың екінші кезеңінің басталуы ретінде
Қазақстанның ӛзінің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын жариялаған 1990 жылдың 25
қазанын алуға болады.
Егемендік туралы декларацияда республикалық заң шығарудың басым тұстары
кӛрсетілген арнайы бӛлім енгізілді. Соның негізінде Қазақ КСР-ін ӛзгертіп, мемлекеттің атын
Қазақстан Республикасы деп атау туралы және ―Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы‖ Конституциялық Заңдар қабылдады. Қазақ ССР-ы Жоғарғы Кеңесінің 1991
жылғы 7-ші сессиясында М.М. Әуезов, С.З. Зиманов, А. Түрғанбеков, В.А. Брынкин секілді халық
депутаттары Қазақ КСР-ын Қазақстан Республикасы деп атау туралы ұсыныс жасады. Ал, кӛптеген
депутаттар Қазақ Республикасы деген атауы дүрыс деп табатындарын айтты. Мысалы, С. С. Сартаев:
―Біздің республикамыз 1920 жылдың 4-ші қазанында ӛткен Қазақстан Кеңестердің бірінші
қүрылтайында Қазақ Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасы болып жарияланған
болатын. Барлық тарихи қүжаттарда республикамыз Қазақ Республикасы деген атауға ие. Сондықтан,
мен республикамыздың жалпы аталуына нүқсан келтірмейтін нүсқаны үсынғым келеді, ол атауға
идеологиялық үғым беріп түрған ―Кеңестік Социалистік‖ деген екі сӛзді алып тастап, Қазақ
Республикасы деген атаумен аталуын үсынамын. Сонда бүл біздің барлық талаптарымызға сай болып
шығады‖ - деді. С. С. Сартаевтың бұл ұсынысын халық депутаттары И.Н. Аймағамбетов, У.А.
Жолдасбеков, Ж.М. Әбділдин, Н.И. Акуев, Н.М. Оразалиндер қолдады. Алайда дауысқа салғанда
дауыстың үштен екісіне ие болған Қазақстан Республикасы атауы қабылданды. Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылдың 16-шы желтоқсанында ―Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігі туралы‖ Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын қабылдағаны белгілі.
Мұндай маңызды Конституциялық заңның қажеттігі мен оның пайда болуының объективті алғы
шарттары туралы С.С. Сартаев ӛзінің Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 7-ші сессиясында сӛйлеген
сӛзінде: ―Бұл күндері бұған дейін ешуақытта да күйремейді делініп келген империя тірегі, алып
мемлекет Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының жермен-жексен болғанына бүкіл әлем куә
болып отыр. Оның құрамынан шыққан Латвия, Литва, Эстония, Грузия, Армения, Әзербайжан,
Молдова, Қырғызстан, Түрікменстан республикалары ӛздерінің егеменділігі жолына түсті. Ал, Ресей,
Украина, Белоруссия жаңа тәуелсіз елдер достығын құрды... Осымен байланысты КСРО-ның аса ірі
және адамзат тарихындағы жазалау жүйесін жүзеге асырып келген соңғы мемлекет болғанын және оның
күйреуі біздің еліміздің халықтарын да шынайы демократияға, шынайы мемлекеттік пен
мемлекет тәуелсіздігіне жол ашып түрғанын дәлелдеп жату керек пе? Бүкіләлемдік ӛркениет
тәуелсіздікті елдің ӛз аумағында заң шығару, атқару және сот жүйесі жүмыстарын ешбір шетелдік
биліктің ықпалынсыз жүргізу және халықаралық қатынастарда шет мемлекеттердің билігіне бағынбау
деп түсінеді. Бір сӛзбен, мемлекет тәуелсіздігі әрқашанда толық және үзілді-кесілді шешім қабылдау
мүмкіндігіне ие болуы керек...
Қандай мемлекет болмасын ӛз тарихында тәуелсіздікке қол жеткізген екен, оны әлем
мемлекеттеріне жария етуі тиіс. Айта кетуіміз керек, әлі күнге дейін егемендігін жарияламай, құлаған
КСРО-ның қүрамында отырған біздің республикамыз ғана. Сондықтан ӛз мемлекетіміздің егеменді
ел екенін әлем жұртшылығына жариялаудың сәті де түсіп, уақыты да жетіп түр ғой деп ойлаймын‖
деді. ―Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы‖ Заңның қабылдану сәтін
жұртшылық үлкен қуанышпен қарсы алды. Ӛйткені бұл қазақ халқының тарихындағы ең бір
салтанатты және мәңгі ұмытылмас сәт еді. Осы бір жүрек тебірентер сәтті ―Қазақстан Кеңесі‖ газеті:
―... ӛмірдің ӛзі үлы драматург, оның қандай оқиғаны, қандай қисындар мен қайшылықтарды
алдымыздан шығаратыны әрқашанда жүмбақ. Сӛйткенмен де 16-шы желтоқсан күнгі алматы уақыты
бойынша 18 сағат 14 минут қазақ халқының есінде ел егеменділігі жарияланған уақыт болып мәңгі
сақталып қалды!!! Сессия жүмысының қайталанбас сәті. Жоғарғы Кеңес қаншалықты мәртебелі
орган болғанымен де тәу-елсіздіктің мәртебесі одан да жоғары. Депутаттар орындарынан түрып
салтанатты осынау жүлдызды сәтке қүрметтерін кӛрсетті... Электронды таблода дауыс беру
қорытындысы жарқ етіп, жария болды. Президент Нүрсүлтан Назарбаев мінбеге кӛтерілді. Ол
парламентті, республиканың барша тұрғындарын республика тағдырын анықтайтын Заңның
қабылданғанымен құттықтап, депутаттардың асқан жауапкершілік танытқандарына ризашылық
сезімін білдірді‖ деп бейнеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |