Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Мүсірепов Ғ., Тәжиев Ж., Есенбеков Р. Т.б. Ашық хат // Ӛркен. -1990. - 27 қазан.
33
2.Кӛркемсуретті Қазақстан тарихы. - 4 том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007 - 312 б.
3.ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң. // Қазақстан Кеңесі. – 1991. - 26 қазан.
4.Нурпейсов Д. К. Суверенный Казахстан на рубеже тысячелетий. -Астана: Елорда, 2010.
5.Сартаев С. Елбасының ерлігін елі білсін. // Егемен Қазақстан. – 2005. - 15 желтоқсан
Аннотация. Испокон веков в любом государстве возникала необходимость регулирования
общественных отношений, в связи с чем принимались соответствующие правовые решения.
Наиболее важные и устойчивые общественные отношения регулировались законами, занимающими
ведущее место в правовой системе. Исторически закон пришел на смену правовому обычаю (законы
Хаммурапи в древнем Вавилоне, законы XII таблиц в древнем Риме, и др.).
Аnnotation. From time immemorial, in any state was necessary to regulate social relations , and therefore ,
appropriate legal solutions . The most important and stable social relations regulated by laws , occupying a
leading position in the legal system . Historically, the law has replaced the legal tradition (the laws of
Hammurabi in ancient Babylon, the laws of XII tables in ancient Rome , etc.).
ӘОЖ 43.21:05
ТІЛ ЖӘНЕ ДІН ТУРАЛЫ ЗАҢДАР ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ
РУХАНИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӚМІРІ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕК КӚЗІ
А. Рахимбаева
Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті, Тараз қ.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарихының дерек кӛздері болып табылатын заң актілерінің
үлкен бір бӛлігін білімге, ғылымға, мәдениетке, тілге, дінге, бұқаралық ақпарат құралдарына, яғни
халқымыздың рухани және мәдени ӛміріне қатысты қабалданған заң актілері мен тәуелсіздік
тарихында, оның ішінде халқымыздың рухани ӛмірі тарихында да, ӛзіндік орын алып, елдің тек
экономикалық дамуымына ғана емес, сонымен қатар, халқымыздың рухани дамуына да, кері әсер
еткен ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған заңдар құрайды.
Оларға тәуелсіздік тарихының дерек кӛздері ретінде деректанулық талдау жасау, қоғам ӛмірінің аса
маңызды саласы болып табылатын рухани және мәдени ӛмір тарихына қатысты ақпарат алумен
қатар, бүгінгі күнгі қоғамда қалыптасқан объективті әлеуметтік қатнастар мен келеңсіздік тарихын да
тереңірек түсініп, келешекке дұрыс бағыт-бағдар алуға да кӛмектесері күмәнсіз.
Біз қарастырып отырған мәселенің аса маңыздылығы, түптеп келгенде қоғам тағдырын
шешетін саяси да, экономикалық та факторлар емес, дәл сол рухани және мәдени факторлар
екендігімен де байланысты. Сондықтан да саясат та, экономика да қоғамның рухани ӛмірінің
дамуына, рухани факторлар негізінде қоғамда болуы мүмкін әлеуметтік қақтығыстар мен қоғамдық
сілкіністерге жол бермеу мақсатында қызмет етуге тиіс. Әрине, бір кандидаттық диссертация
кӛлемінде қоғамның рухани-мәдени ӛміріне қатысты барлық заң актілеріне деректанулық талдау
жасау мүмкін емес. Дегенмен, кӛпшілікті ерекше алаңдатып отырған, ӛздерінің маңыздылығына сай
күн тәртібінен түспей келе жатқан рухани және мәдени ӛміріміздің ӛзегін құрайтын тілге, дінге және
қоғамның рухани ӛмірінің кӛлеңкелі тұсына айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңдарды қарастырудың ӛзі де кӛп нәрседен хабар алуға мүмкіндік берері анық. Егер, деректану
ғылымының талаптарына сай, хронологиялық принцип тұрғысынан келсек, онда заң қабылдау
саласында тәуелсіздік жолында жасалынған алғашқы нақты қадам 1989 жылдың 23 қыркүйегінде,
сол кезде республикадағы ең жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын Қазақ ССР-нің
Жоғарғы Советі қабылдап, қазақ тіліне мемлекеттік тіл статусын берген ―Қазақ ССР-нің тілдер
туралы‖ Заңы болды деп айта аламыз. Ол туралы академик С. Сартаев куәгер ретінде: ―Тәуелсіз
мемлекеттік бағытының заңдық іргетасын қалаудағы нақтылы қадам 1989 ж. 23-ші қыркүйегінде
―Қазақ ССР-нің тілдер туралы‖ Заңды қабылдау болды‖ деп, атап айтса, заңның қабылдану себебі
туралы: ―Бұл заңның қажеттілігі ССРО-да орын алған интернализациялау саясатының нәтижесінде
ұлттық тілдің хәлі мүшкіл жағдайға килігіп, тіпті жоғалып кетудің шегіне жетуден туды‖ дейді.
Демек, тәуелсіз Қазақстан Рспубликасының заңнамалық негіздерін қалыптастыру жолында
қабылданған алғашқы нақты заңның пайда болуының объективтілігі, Қазақстанның бірден-бір
байрығы ұлты болып табылатын қазақ халқының ана тілінің, яғни қазақ тілінің мүшкіл хәлі болған.
34
1989 жылдың 23 қыркүйегінде қабылданған ―Қазақ ССР-нің тілдер туралы‖ Заңы қазақ
халқының ӛзінің ана тілі үшін, яғни қазақ тілі үшін жүргізген күресінің жаңа кезеңінің, дәлірек
айтқанда шешуші кезеңінің басталуы болды. Ресей империясының қазақтарды рухани отарлау
мақсатында жүйелі түрде жүргізген саясаты салдарында туған тілдеріне тӛнген қауіпті айқын
сезінген алаш зиялылары ХХ ғасырдың басында-ақ, тәуелсіздік жолындағы күрестің бір бағыты
ретінде тіл үшін де күресе бастағаны еді. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру мәселесі Кеңес
ӛкіметі тұсында да бірнеше рет қаралды. Бірақ, қазақ тілінің жағдайы жақсарудың орнына күннен-
күнге тӛмендей берді. Сондықтан да, тіл үшін күрес Кеңес ӛкіметі түсында да ӛз жалғасын тапты.
Егер, кезінде алаш кӛсемдері: ―Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең
қуаттысы – тіл. Сӛзі жоғалған жұрттың ӛзі де жоғалады. Ӛз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер
әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады... Мұнан былай да осы бетімізбен кете берсек, ақтығында
қазақ тілі азып-тозып, бірте-бірте тұтынудан шығып, әуелі қазақша жазу ұят кӛрінер, сонан соң
қазақша сӛйлеу ұят кӛрінер, онан әрі не болары белгілі‖ деп, 1913 жылдың ақпан айынан бастап шыға
бастаған ―Қазақ‖ газетінің бірінші сандарынан бастап-ақ дабыл қаға бастаса, тіл жанашырларының
бірі ретінде Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы қазақ тілін сақтау үшін, тіл
тазалығы үшін Кеңес ӛкіметі тұсында да күресуге мәжбүр болды.
Кеңес ӛкіметінің тіл мәселесіне қатысты жүргізген саясаты салдарында, қазақтардың бір бӛлігі
қазақша жазбақ түгіл, қазақша сӛйлеуден де қала бастады. Соның бәрін ӛз кӛзімен кӛріп, ӛз
құлағымен естіген қазақтың қас батыры Б. Момышұлы, қан майданнан ӛз еліне демалысқа оралған
күндері туған тілінің жағдайына алаңдап, 1944 жылдың ақпанында, яғни Ұлы Отан соғысы жүріп
жатқанда, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол кездегі хатшысы Әбдіхалықовқа хат
жазған. Батыр бабамыз ӛзінің не себептен демалыста жүріп республика басшыларының бірінің атына
хат жолдауға мәжбүр болғандығы туралы: ―Тіл маманы болмасам да, Алматыға келгелі Орталық
«Социалистік Қазақстан» газетін оқып, кейбір, кейінгі кезде басылған қазақ тіліндегі кітаптарды
желе-жорыта қарап шығып, күннен-күнге ұлғайып, шым-шытырық «шүршіттенуді» кӛзбен кӛре,
құлақпен ести отырып, дәтім шыдамай жазайын деп отырғаным – Тіл мәселесі туралы‖ дейді.
Б. Момышұлы ӛз хатында: ―Ежелден, атам заманнан тіл – елдің мәдениеті, әдебиеті ӛсіп-ӛніп,
от басындағы үй тіршілігінен бастап, қоғам, халық, ел-жұрттың, жалпы мәдениеттің арнаулы құралы
– ғылымның атаулы санасы екендігі даусыз... Тілсізді айуан дейді. Тілі кедей елді мәдениетсіз, анайы,
надан халық деп санайды. Тіл адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан, тіл байлығы елдің
елдігін, жұртшылығын, ғылыми-әдебиетін, ӛнеркәсібін, мәдениетін, қоғам-құрылыстары мен салт-
санасының, жауынгерлік дәстүрінің мұрасының қай дәрежеде екенін кӛрсететін сӛзсіз дәлелді
мӛлшері (мерило).
Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған ел «азғын» ел атанып, кейіннен аты ӛшіп,
ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін тарихтан
кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел, бұрынғы кезде аз болмағандығына тарихтан дәлелдер аз
емес‖ деп, тілдің жалпы адамзат баласы үшін қандай маңызды екендігі туралы айта келе, қазақ тілі
туралы: ―Қазақ тілі еш уақытта ӛзімен кӛршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып
ӛмір сүрмегендігі, ӛз сыбағасын ешкімге жегізбегендігі мыңдаған жылғы тарихында айқындалған
емес пе еді. Барлық ӛткен заманның, халық тәжірибе-қасиеттерін, ғылыми-мәдениетін, ӛнеркәсібін
бойымызға тарата сіңіріп, жағдайға толық түсіндіріп, ұғындыра, ел қатарына қосып, бізді бұл
дәрежеге жеткізіп отырған алдымен тіл емес пе? Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-
санасының негізгі ӛнеге, нағыз белгісі емес пе? дейді.
Одан әрі Б. Момышұлы қазақ тілінің жағдайына қатысты ӛзін алаңдатқан кемістіктерге тоқтала
отырып, қоғам ӛмірінің әр түрлі салаларынан нақты мысалдар келтірген жәнеде, ең бастысы, тілдің
бұзылуына кӛп жағдайда қазақ оқымыстыларының ӛздері кінәлі екендігі атап айтқан. Мысалы, ол:
―Балық басынан шіридінің‖ кері келіп, бізде ант ұрғанда алдымен оқымыстыларды ант ұрып, балдыр-
батпаққа солар салып, тілді сақтап тұруға, үлгі болудың орнына, әдебиет тілінен айырылуға себепкер
болып барады. Оған дәлел: Ана тілін сүймегендік, білмегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлік
тудырады‖ деп, кейбір басшы қызметтегілердің, жазушылардың, ғалымдардың т.б. қазақ тілін қалай
бұрмалап жүргендігін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірген. Осылай, ӛткен ғасырдың қырқыншы
жылдары қазақ тіліне қатысты қалыптасқан жағдайға аналитикалық талдау жасай келе, Б.
Момышұлы ӛз хатында қазақ тілін сақтау және дамытуға қатысты 9 пункттен тұратын нақты
ұсыныстар да жасаған. Бүгінде, яғни 65 жылдан кейін де, олардың кӛбінің ӛзектілігі арта түспесе,
кеміген жоқ. Мысалы, оның: ―Осы кезде үкімет қызметіндегі азаматтардың арасында ылғи орысша
сӛйлеп, жазып, баяндама істеу әдет болып, әуеске айналып кетуіне тыйым салынып, қазақша
шешендік, сұлу шебер сӛйлеу салт-сана, ердің сәні болуға айналса – жұртшылығымызға үлкен аброй
35
болар еді, ӛсудің, дамудың барлық жағында бір кілтке еге болған болар едік‖ деген сӛздерін бүгінгі
күні ӛз маңызын жоқалтқан сӛздер, бүгінде олар ӛзекті емес деп кім айта алады?.
Керісінше, Б. Момышұлының бұдан 65 жыл бұрын қазақ тілі туралы айтқан пікірі, тура бір
біздің бүгінгі қызметкерлерге қатысты айтылғандай кӛрінеді емес пе? ―Осы кезде үкімет қызметіндегі
азаматтардың арасында ылғи орысша сӛйлеп, жазып, баяндама істеу әдет болып, әуеске айналып
кеткендігі‖ бүгінгі күннің шындығы емес пе? Арнайы заң қабылдап, жиырма жыл бойы бүкіл ел
болып күрескенмен, ―үкімет қызметкерлері орысша сӛйлеп, жазып, баяндама істеу әдетін‖ қоймай
жүргендерін ӛтірік деп кім айта алады? Б. Момышұлының ӛз сӛзімен айтқанда: ―Қазақ ана тілінің
беделін түсіріп, бұрмалап, бүлдіріп халықтың халық болуына, ұлттың ұлттық қасиетіне, салт-
санасына ӛте қауіпті, зиянды шүршіт болып кеткендер‖, бүгінде ел басқарып, жастарға ―үлгі‖
кӛрсетіп жүрген жоқ па?
Иә, ӛкінішке орай, бәрі де дәл солай. Батыр бабамыздың хатынан кейінгі жылдары қазақ тілінің
жағдайы одан әрі нашарламаса, жақсарған жоқ. Дегенмен, бұл хат, біріншіден, Б.Момышұлының тек
қан майданда ғана халқы үшін шайқасқан батыр емес, сонымен қатар, туған тілі үшін де күрескен,
елін сүйген, ұлтын сүйген ер екендігін кӛрсетеді.
Екіншіден, Кеңес ӛкіметінің қазақ халқына қарсы ұлтсыздандыру саясатының басты
бағыттарының бірі ретінде, оның ӛз тілінен айыру әрекетін аяғына дейін жүргізгендігін және толық
жойып үлгермегенімен, қазақ ұлтының үлкен бір бӛлігін ана тілінен айырып, үлкен ―табыстарға‖
жеткендігін кӛрсетеді.
Үшіншіден, қазақ тілінің тағдыры, тіл тарихы жоңғар шапқыншылығынан да, Ресей
империясының отаршылдық саясатынан да, Кеңес ӛкіметінің бірнеше рет қолдан ұйымдастырған
қырғындарынан да аман қалып, ―мың ӛліп, мың тірілген‖ қазақтың ӛз тағдыры, ӛз тарихы секілді,
оның тілінің де негізінің берік екендігін, тамырының терең екендігін кӛрсетеді. ―Тіл туралы‖ Заңның
қабылданып, тіл үшін күрестің жаңа жағдайда, жаңа деңгейде жүргізілуі соның айқын дәлелі.
Тіл үшін күрес, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресіне айналды деп айтуға болады. 1989
жылы, яғни Кеңес ӛкіметі тұсында қабылданған ―Қазақ ССР-нің тілдер туралы‖ Заңнан бастап,
барлық Конституциялық заңдар мен ҚР Конституцияларын қабылдау барысында ең үлкен талас
тудырған негізгі мәселе дәл осы тіл туралы мәселе болды десек қателеспейміз. Жоғарыда
айтылғандай, тіл тӛңрегендегі тартыс: ―Қазақ ССР-інде Президенттік лауазымды бекіту туралы‖
Заңды, ―Қазақ ССР-ның мемлекеттік егеменділігі туралы‖ Декларациясын, ―Қазақ Советтік
Социалистік Республикасының атауын ӛзгерту туралы‖ Заңды, ―Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы‖ Конституциялық Заңды қабылдау кезінде де, ҚР 1993 жылғы бірінші
және 1995 жылғы екінші Конституцияларының жобасын талқылау кезінде де орын алды. Мысалы,
тек қазақ тілінің ғана емес, жалпы қазақ халқының тағдырында шешуші рӛл атқарған заңның қалай
пайда болғандығы туралы академик С. Сартаев: ―1989 жылы Тіл туралы Заңды қабылдаған кез әлі
күнге есімде. Бұл заңның жобасын және Қазақстандағы тіл саясатының тұжырымдамасын жасау
жӛніндегі жұмыс комитетінің құрамында академиктер Кеңесбаев, Зиманов, атақты ақын-жаушылар
Олжас, Қадыр, үлкен ғалымдар бар, тӛрағасы мен болдым‖ деп заңның тұжырымдамасын жасауға
қазақтың кӛрнекті ғалымдары мен ақын- жаушыларының қатысқандарын айта келе, заңның қандай
жағдайда және қалай қабылданғаны туралы: ―Тіл туралы заңның жобасы жӛнінде Жоғарғы Кеңестің
Президумында сӛз сӛйледім.
Тіл – ұлттың байлығы, қазақ тілінің мәртебесін кӛтереміз деп шырылдап-ақ жатырмыз,
қайтейік, бірақ сол кездегі депутаттар тобы ескі кеңестік кӛзқараспен, үйреніп қалған үрдіспен қазақ
тілінің мемлекеттік мәртебесін жарата қоймады. Сол кезде Нұрсұлтан Әбішұлы шыдамай кетті
білемін, орнынан ұшып тұрып, былай деді: ―Сендер ӛзі кімді аяққа жыққыларың келеді. Қазақ халқы
күні кеше азып-тозып келген талай жұртты бауырына басқан ел, полигон зардабын кӛрген халық,
оның үстіне ӛздерінің ұлттық мәдениеті мен тілінен, салт-дәстүрінен әбден айырылып бара
жатқандарын білесіңдер ме?‖ Содан соң барып әлгі дауласып тұрған депутаттардың беттері қайтып
қалды... Сӛйтіп, кӛпшілік дауыспен біз тұңғыш рет ӛз ана тіліміз – қазақ тілі туралы заңды да
қабылдап алдық‖ дейді.
Осылай, заңгер ғалым тіл туралы заңның тұжырымдамасын жасауға кімдердің қатысқандығы
туралы ғана емес, сонымен қатар, ондай заңның қабылдануына, әсіресе қазақ тіліне мемлекеттік
мәртебе беруге қазақ тілінің (демек қазақ халқының – А.Т.) жауларының жанталаса қарсық
кӛрсеткендігі, тек республиканың бірінші басшысы Н.Ә. Назарбаевтың белсене араласуымен ғана
заңды қабылдау мүмкін болғандығы туралы да маңызды мәлімет жеткізіп отыр.
Егер, күні бүгінге дейін қазақ тілі ӛзінің заңды мәртебесіне ие бола алмай отырса, оған заң және
сол заңды жасаушылар кінәлі емес. Бұл, біріншіден, қазақ тілі мәселесінің қазақтардың ӛз жерінде
36
қаншалықты қиын жағдайға тап болғандығын кӛрсетсе, екіншіден, қоғамдағы тілге деген, әсіресе
қазақ тіліне деген әлеуметтік қатнастардың аса күрделілігін кӛрсетеді. Егер, белгілі бір әлеуметтік
топтар ескі үйреншікті әдеттен бас тарта алмай, сол бұрынғысынша орыс тілінде сӛйлесе, екінші бір
әлеуметтік топ тіл үйрену қиыншылығынан қашып, қазақ тілінде сӛйлей алмайды, үшінші әлеуметтік
топ қазақ тіліне менсінбеушілік танытып отыр, тӛртінші әлеуметтік топ қазақ тілінің заңға сәйкес
мемлекет кӛлемінде ӛз орнын алуына, дәл сол мемлекет кӛлемінде саналы түрде қарсылық кӛрсетуде.
Оның айқын дәлелі 150 бизнес ӛкілдерінің ӛз қолдарын қойып, 1994 жылдың 22 желтоқсанындағы
Президент Н. Назарбаев пен Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне жолдаған Үндеулері. Егер, құжаттың аса
маңыздылығын ескере отырып, сол пайда болған тілінде келтірсек, онда былай делінген: ―Выражая
глубокую озобоченность судьбой нашей Родины, мы обращаемся к Президенту и Верховному Совету
со следующими предложениями:
1.Провести в ближайшее время всенородный референдум по вапросам:
- частной собственности на землю;
- государственного двуязычия;
- характера государственности.
2. В связи с введением с 01. 01. 95 г. Новых паспортов исключить графу «национальность», так
как мы, многонациональный народ Казахстана, являемся одним народом и нацией – казахстанцами‖
делініп, сол жылдарығы ірі банкілер мен кампаниялардың иелері: Н. Субханбердин, У. Ксембаев, М.
Абылов, Н. Смагулов, Р. Баталов, Н. Утебалиев, М. Дюсембаев, Б. Абилов, С. Шарипбаев, К.
Есенберлиндердің аттары кӛрсетіліп, барлығы 150 адам қол қойды делінген.
Кӛріп отырғанымыздай аттары аталғандардың бәрі ӛз мүдделері мүшін тілін де, ұлтын да еш
ойланбастан сатып отырған қазақ жастары. Ата тілі мен туған ұлтынан жеріген мұндайлардың ішкі
пиғылын белгілі саясаткер Дос Кӛшім ӛзінің ―Жас алаш‖ газетінде жарияланған ―Ұлттық
мемлекеттің мызғымас шарттары‖ атты мақаласында ―...егер қазақ ел екенімізді мойындасақ, қазақ
тілінің мемлекеттілігін де мойындауымыз керек, сол кезде біздер жұмыстан да, жеп отырған
нанымыздан да айырылып қаламыз, ал біздің балаларымыз бен немерелеріміз ―майлы шелпек‖ –
қазақ жерінен кетуіне тура келеді деген қорқыныш‖ деп, дӛп басып, дәл кӛрсете білді. Оның тағы бір
дәлелі биліктің ―Қазақстандық ұлт‖ деген ұғымды ойлап тауып, қоғамдық санаға тықпалауы.
Ең ӛкініштісі де, ең қауіптісі де Үндеуде кӛтерілген тіл, жер, ұлт сияқты ӛзекті мәселелердің
үшеуі де ешқандай да референдумсыз-ақ, ресми биліктің қолдауымен біртіндеп туған тілінен
безгендердің, ӛз ұлтынан безгендердің пайдасына шешілуде. Мысалы, біріншіден, ӛзінің заңды
құқығына қарамастан қазақ тілі Қазақстанда әлі мемлекеттік тілге айналған жоқ. Ресми тіл деген
желеумен атқарушы билік те, заң шығраушы билікте ӛзге мемлекеттің, атап айтқанда Ресей
мемлекетінің тілімен сӛйлеуде. Демек, Қазақстанда іс жүзінде мемлекеттік тіл орыс тілі. Бұл факты
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет екендігіне үлкен күмән тудырады. Екіншіден, халықтың жаппай
наразылық танытуына қарамастан жерді сату заңдастырылды. Үшіншіден, билік ―Қазақстандық ұлт‖
деген ұғымды қоғамдық санаға тықпалап, іске асыруға жанталаса әрекеттенуде. Мысалы, ресми билік
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1235 қаулысы бойынша
тӛлқұжаттан ―ұлты‖ деген бағана алынып тасталып, қазақтарды ұлт ретінде жоюға алып келетін
―Қазақстандық ұлт‖ идеясын іске асырмақ әрекетін жасады. Оның нақты дәлелі 2009 жылдың 5
қаңтарынан бастап республика азаматтарына ұлты кӛрсетілмеген жаңа тӛлқұжаттың беріле бастауы.
Ең сорақысы, қазақтардың қазақ ұлты ретінде жойылып кету қауіпінің басқа жақтан емес, ӛз Үкіметі
тарапынан туу еді. Үкіметтің мұндай жауапсыз әрекеті қоғам мүшелері мен зиялы қауым
наразылығын тудырды. 2009 жылдың 16 қаңтарында барлық дерлік қазақ тілінде шығатын
республикалық басылымдарда 83 адам қол қойған ―Ұлттарды жоюға апаратын қадам‖ деген атпен
Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне Үндеу жарияланды.
Үндеуде Үкіметтің бұл әрекетінің ―1994 жылы 150 шалақазақ космополит-кәсіпкерлердің биліктің
жасырын түрде қолдауымен кӛтерген ―қазақстандық ұлт‖ идеясының‖ іске асырылуы екендігі
айтылып, Үкіметтің түпкі мақсаты әшкереленген. Үндеуде: ―Қазақстандық басшылықтың ел
азаматтарын ұлтсыздандыруға бағыттаған сан қилы күресінің нәтижесі – бүгінгі күні Қазақстан
халқына беріліп жатқан жаңа тӛлқұжат. Егер бұрын кімнің қай ұлт ӛкілі екендігі нақтылы кӛрсетілсе,
жаңа тӛлқұжатта - әр адамның ұлтын айғақтайтын, яғни ―ұлты‖ деген бағана мұлдем алынып
тасталған. Бұл, әрине, ―қазақстандық ұлт‖ идеясының заңды түрде жүзеге асуы, ресми түрде
құжатталуы‖ делінген.
Кӛпшілік наразылығына тап болған билік тез арада ӛздерінің арам пиғылынан бас тартып,
тӛлқұжатқа ―ұлты‖ деген бағананы қайта кіргізуге мәжбұр болды. Бұл ресми биліктің кӛпшіліктің
ойын байқап кӛру мақсатында жасалған әрекет болғандығын кӛрсетеді. Үкіметтің келешекте ӛз ойын
37
іске асыру мақсатында әр түрлі құйтырғы әрекеттерге баруы мүмкін. Ӛйткені, бұл, Қазақстан Үкіметі
тарапынан қазақ тіліне қарсы жасап отырған бірінші әрекеті емес. Ондай әрекетті олар тіл туралы
мәселе кӛтерілгелі бері жүргізіп келеді. Мысалы, Қазақ ССР- і Министрлер Кеңесі Президумының
1990 жылғы 27 қыркүйектегі ―Қазақ ССР-де қазақ тілі мен басқа да ұлттық тілдерді дамытудың 2000-
шы жылға дейінгі бағдарламасына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы‖ шешімінде:
―Исключить из раздела 2 приложения № 2 к указанной Программе слово: ―... ввести поэтапно для
абитурентов неказахских факультетов высших учебных заведений перед приемными экзаменами
собеседование по казахскому языку и литературе с 1995 года‖ деп, қазақ тілінің дамуының тағы бір
жолын басқа емес, Үкіметтің ӛзі 1990 жылы-ақ кесіп тастаған.
Бір қызығы, Қазақстанмен қатар Ӛзбекстан мен Қырғызстан да дәл сол 1989 жылы тілдерге
қатысты заң қабылдаған еді. Бірақ, олар біздердегідей ―тілдер туралы‖ емес, ―Мемлекеттік тіл
туралы‖ заңдарын қабылдады. Мысалы, Ӛзбекстанның ―Мемлекеттік тіл туралы‖ заңы 1989 жылдың
21 қазанында қабылданса, Қырғызстанның ―Қырғыз ССР-індегі Мемлекеттік тілі туралы‖ заңы 1989
жылдың 23 қыркүйегінде бекітілді. Міне, осылай біздің қатар жатқан кӛршілес бауырларымыз Кеңес
ӛкіметінің кезінде-ақ ӛз тілдеріне басымдық беріп, ―Мемлекеттік тіл туралы‖ заңдарын қабылдап
алған. ―Ӛзбекстан Республикасының Мемлекеттік тіл туралы‖ заңы 1995 жылы қайта
редакцияланып, 2004 жылы ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заңда ―Ӛзбекстан
Республикасының мемлекеттік тілі - ӛзбек тілі‖ деп анық айтылған және ешқандай тілге ―ұлт аралық
қатнас тілі‖ немесе ―ресми тіл‖ сияқты статус берілмеген. Ал, Қазақстанға келер болсақ, ―Қазақ ССР-
нің Тілдер туралы‖ заңы 1989 жылдың 23 қыркүйегінде бекітілсе де, іс жүзінде ӛз күшіне 1990
жылдың 1 шілдесінен бастап енді. 1997 жылдың 11 шілдесінде ӛзгерістер мен толықтырулар
енгізілді. Бірақ, күні бүгінге дейін қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне кӛтеріле алған жоқ. Оның ең
басты себебі, дәл сол ―Тілдер туралы‖ заңның ӛзінде жатыр. Олай дейтініміз, егер заңның бір бабы
қазақ тіліне заңды түрде мемлекеттік статус берсе, екінші бабы оның заңдық күшін жоққа шығарады.
Мысалы, заңның 4-бабында: ―Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік
тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатнастардың барлық саласында қолданылатын
мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі‖ деп, жазылса,
―Тілдер туралы‖ заңның 5-бабында ―Орыс тілін қолдану‖ деп, ерекше кӛрсетіліп: ―Мемлекеттік
ұйымдарда және жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең
қолданылады‖ деп, алдыңғы баптың күшін жойған. Сонымен қатар, заңның 8, 9 және 10 баптарында
да орыс тіліне басымдық берілген. Мысалы, ―Тілдер туралы‖ заңның ―Тілдердің қолданылуы‖ деп
аталатын 8-бабында мемлекеттік тілдің қолданылуы туралы айтыла келе: ―...орыс тілі ресми түрде
қазақ тілімен тең қолданылады‖ делінсе, ―Мемлекеттік органдар актілерінің тілі‖ деп аталатын 9-
бапта: ―Мемлекеттік органдардың актілері тілі мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылданады, қажет
болған жағдайда, мүмкіндігінше... оларды әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүмкін‖ делінген,
―Құжаттама жүргізу тілі‖ деп аталатын 10-бапта: ―Қазақстан Республикасының мемлекеттік
органдары жүйесінде ... құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі
деп кӛрсетілген. Осылай, заңның 4-бабында қазақ тіліне берілген мемлекеттік мәртебе ӛзінің бар
заңдық күшінен айырылып, тек формальды түрде ғана сақталынған. Сондықтан да бәрі де: билік те,
Парламент те, сот орындары да, министрліктер де, мемлекеттік құзырлы мекемелер де, бизнес
ӛкілдері де, жеке адамдар да, т. т. қазақ тілін үйреніп бастарын қатырмай-ақ әбден үйреншікті болып
кеткен орыс тілін заңдық негізде қолдана береді. Осылайша, 20 жыл ӛтсе де Қазақстанда қазақ тілі
қолданыс тіліне айнала алған жоқ. Осыдай кейін, неге 20 жыл ӛтсе де елімізде қазақ тілі мемлекеттік
тіл ретінде қолданылмайды деп таңдануға болама? Демек, ең алдымен, заңды ӛзгерту керек.
Қазақстан Республикасында мемлекттік тіл тек қазақ тілі екендігін бекітетін ―Мемлекеттік тіл
туралы‖ арнайы заң қабылдануы керек. Онсыз қанша шулағанымызбен бұл мәселеде алға
басушылық болмайды.
Тіл мәселесі бүгін де күн тәртібінен түскен жоқ. Оның ең басты себебі, қазақ тілінің
Қазақстанда ресми түрде бірден-бір мемлекеттік тіл ретінде мойындалмауы, қазақтардың ұлт ретінде
ӛз жерінде, ӛз елінде ресми түрде жойылу қауіпін тудыруында. Демек, қазақ тіліне бірден-бір
мемлекеттік тіл ретінде мәртебе беру үшін күрес, қол жеткен тәуелсіздікті одан әрі нығайтып, баянды
ету үшін күреске айналды деп айтуға болады. Қазақ тілінің тағдыры туралы мәселенің күн
тәртібінен түспеуі, ұлтым деген азаматтардың қазақ тілі үшін күресінің бір күн де толастамауы бұл
мәселенің аса күрделілігі мен маңыздылығының айқын дәлелі.
Бір сӛзбен айтқанда, тіл тағдыры – ұлт тағдыры. Қазақ ұлтының, оның ХХ ғасыр соңында қайта
қалпына келтірген мемлекетінің, ӛркениеттілігі мен мәдениетінің тағдыры ана тілінің тағдырына
тікелей байланысты. Ол туралы, белгілі қоғамтанушы ғалым Жанұзақ Әлімұлы ӛзінің жақында
38
―Түркістан‖ газетінде жарияланған ―Қазіргі қазақ мәдениеті қандай?‖ деген мақаласында: ―Тіл
мәдениеттің барлық салаларын біріктіретін және оны дамытатын бірден-бір маңызды құрал. Яғни ол
ұлттың жаны. Әрбір ұлт басқалардан алдымен ана тілімен ерекшелінеді. Тәуелсіз ел мәдениетін, яғни
қоғамның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін ӛркениетті мемлекетті құруда қазақ тілінің ӛмірлік
маңызды рӛлі осындай. Мемлекеттің мәңгілік жасауы, оның тіл мәдениетінің дамуына тікелей
байланысты‖ деп, қазақ тілінің маңызы туралы айта келе, тілдің ұлт тағдырында, мемлекет
келешегінде атқарар рӛлі туралы: ―Бір тілде сӛйлеп, бірдей ойлаған елдің азаматтарында ортақ мүдде,
ортақ Отан, ортақ мораль, ортақ мәдениет қалаптасады. Осындай принциптерге негізделген
мемлекеттің мүддесі айқын, мақсаты белгілі, іргесі берік болады. Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың
негізгі формуласы – ол мемлекеттік тіл арқылы мәдениетті қоғамның негізінде ӛркениетті мемлекет
құру болып табылады‖ дейді. Міне, осылай, ―Қазақ ССР-нің тілдер туралы‖ Заңына тәуелсіздік
тарихының дерек кӛзі ретінде талдау жасау, ең жаңа тарихымыздың кейбір қырларына басқа жағынан
қарап, тереңірек үңілуге мүмкіндік беріп отыр.
ХХ ғасырдың соңында елімізде орын алған түбегейлі саяси және экономикалық ӛзгерістер,
қоғамның рухани және мәдени ӛмірін де қамтыды. Осындай, үлкен ӛзгерістерге ұшыраған тәуелсіздік
жылдарындағы халқымыздың рухани және мәдени ӛмірі тарихы дінмен тікелей байланысты. Дін
ұлттың рухани ӛмірінің маңызды салаларының бірін құрайтындығы белгілі. Ӛйткені, дін
мәдениеттің ең маңызды құрамдас бӛлігі және мәдениетті қалыптастырушы басты күштердің бірі
болып табылады. Мысалы, белгілі дінтанушы ғалым М. Бұлытайдың айтуынша: ―Мәдениеттің негізгі
факторлары: дін, тіл, ӛнер, тарих және әдет ғұрыптар. Дін – әр ұлттың ӛзіне тән иман және сенім
жүйесі. Тіл – әр ұлттың ӛзіне тән сӛйлеу және түсіну құралы. Ӛнер – әр ұлттың ӛзіне тән сән, зауық
және сезімдердің бейнеленуі және жасалуы. Тарих – әр ұлттың ӛзіне тән ӛмір сүру салтының, мәдени
байлығының замана ағымындағы кӛрінісі, іс әрекеттердің даму барысы. Әдет-ғұрыптар – құқықтық-
қалыптық құжат еместігіне қарамастан, қоғам тарапынан есепке алынатын, іске асырылатын салт-
дәстүрлер‖ .
Достарыңызбен бөлісу: |