Teaching organizational skills
To successfully teach organizational skills to your students, you must ensure that they have the necessary
supplies, you must prepare materials, and you must train the students in the skills of verbalization and
classification. Of course, there will be great variation in the supplies and materials that are available in different
parts of the world. Remember, it is the system that is important, not the specific supplies. Use what is at hand,
and do not be afraid to improvise!
Recommended supplies
At the beginning of the semester, require students to have the following supplies:
Notebook paper and a zipper pouch for pens and pencils.
A daily planner or calendar. This item will help students manage their time and schedules, which is
essential to getting organized. A planner can be as simple as a piece of paper with dates written on every other
line.
A three-ring binder, an accordion file, or a box. The three-ring binder is for in- class materials and will
hold all of the papers that come back and forth from home to class. If a binder is not avail able, try an
accordion file or even a box that is the appropriate size to lay papers in while leaving enough room to allow a
hand to reach around the papers to lift them out.
A second three-ring binder, accordion file, or box. This second binder, file, or box is for all of the papers that
students no longer need to bring to class, and it remains at home to lighten the load the students carry to class
every day.
Dividers with tabs. The dividers can be regular pieces of paper, card stock, or cardboard; sticky notes or
folded over pieces of tape make useful tabs. If you are using a box and the sections are stacked on top of
each other, it works best to have a thicker divider, like card board, between the sections so students can find
materials easily.
Later in the semester, if students are using a three-ring binder, they should also be required to
purchase a three-hole punch to keep at home and a smaller hole-punch that they can bring to school. This
serves a two-fold purpose. First of all, it shifts a bit of the responsibility onto the students, which, of course, is an
essential step in helping them to develop organizational skills. Secondly, it gives them the tools for applying the
organizational principles they are learning to other parts of their lives. For example, adult learners may be
receiving papers from their children's school. These papers will not necessarily arrive already hole punched; by
having a hole punch on hand, the students can create other binders for these and other important papers.
Materials preparation
Prepare materials for the class as indicated below.
• Color code papers. Find a system that makes sense for your class. For example, you could color-code
according to sections of the textbook by using blue papers for handouts related to the first unit, yellow paper
50
for the second unit, and green paper for the third. Alternatively, you could color-code according to topic: all
quizzes on pink, all verb exercises on cream, all noun exercises on lavender. If it is not feasible for you
to print on colored paper, have students color the edges of handouts with mark ers in the designated
colors.
Hole punch handouts. If you are asking students to keep their papers in a bind er, make sure
that all of the handouts that you distribute in class have been three-hole punched. This m eans that
the students can immediately insert the papers into their binders.
Provide descriptive headings. Make sure that all handouts contain a clear and descriptive
heading at the top. That will help students decide where to file the papers.
References:
1.Gattis, K. W. 1998. Importance of student verbalization. Science Junction. Raleigh, NC: North Carolina State
University, www.ncsu.edu/sci-encej unction/route/professional/verbal.html.
2.Kaplan, R. B. 1986. Culture and the written language. In Culture bound: Bridging the cultural gap in language
teaching, ed. J. M. Valdes, 8-19. Cambridge: Cambridge University Press.
3.McShane, S. 2005. Applying research in reading instruction for adults: First steps for teachers. Washington,
DC: National Institute for Literacy, www.nifl.gov/partnershipforreading/ publications/appb/ingresearch.pdf.
4.Scott, S.S., J.M.McGuire, and S.F.Shaw. 2003. Universal design for instruction: A new paradigm for adult
instruction in postsecondary education. Remedial and Special Education 24 (6): 369-79.
5.Sedita,
J.1999.
Helping
your
child
with
organization
and
study
skills.
LD
Online.
www.ldonline.org/article/5884.
6.Teras, M.2007. Intercultural learning and hybridity in the culture laboratory. Helsinki, Finland: Helsinki
University Press.
Аннотация. Берілген мақалада барлық студенттерге, әсіресе оқу үрдісінен үзбей ұйымдастыру
біліктілігі тӛмен студенттерге кӛмектесу үшін негізгі оқу бағдарламасына ұйымдастыру біліктілігін
енгізу негіздемесін қарастырады.
Аннотация. Данная статья представляет собой обоснование для включения организационных
навыков в основную учебную программу, чтобы помочь всем студентам и в особенности студентам,
со слабыми организационными навыками, без отрыва последних от учебного процесса. Овладение
этими навыками может способствовать успешному изучения языка в классе студентом.
ӘОЖ 821.512.122:82-14
«АҚҚУЛАР ҦЙЫҚТАҒАНДА» ПОЭМАСЫНЫҢ СЮЖЕТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ж.А. Аман, Р. Садықбеков
Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті, Тараз қ.
Адамдардың ӛзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек кӛру, жақсы кӛру, әр
характердің, типтің жасалу тарихы сияқты сюжетті поэмаға қойылатын негізгі шарттар
М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында да бар. Поэма сюжетін шағын оқиға, бір ғана
детальдың маңында ӛрбітіп, ақын кейіпкер характері, қимылы, әрекетін суреттей отырып адамзат
ұғымы мен оның ӛмірдегі орны жайында терең философиялық түйіндер жасайды.
Поэмаға заңғар таулар арасындағы киелі құс аққулар мекен еткен қасиетті кӛл «Жетімкӛл»
басында болған трагедия арқау болған. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы автордың айтайын деп
отырғаны аққуды ату арқылы оның киесіне жолығу емес, керісінше ӛз перзенті үшін жан ұшыру,
санаға әбден сіңген қасиетті ұғымға да қарсы шығу. Ӛкініш пен үміттің, қайғы мен дерттің
арасындағы ана жүрегінің қарс айрылуы, нағыз психологиялық жан күйзелісін берудегі деталь.
Тау басында орнаған, «таста тұнған жаңбырдың тамшысындай» мӛлдір, кеседей кӛл
жалғыздықтан жабығып, жәудіреп жатыр. Оның аты – «Жетімкӛл». Аңсаған әні – ақ қанатты
аққуларынан, аяулы аруларынан айрылған айдын бетінде бұл күнде «болған ӛмір ұқсайды
болмағанға». Кӛркем кӛл кӛк шырша кӛктей ескен кӛгілдір таудың кӛз жанарындай мұңдана
мӛлдірейді.
51
М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмасы осындай сырлы суреттен басталады.
Поэманы оқи бастағаннан – ақ кӛз алдына ақ тӛсінде аққу аялап, әсемдікті әлдилеп жатқан кӛл келеді.
Сондай сәттегі кӛл суреті былайша бейнелейді:
Қанатынан аққудың балапандап,
Ән ұшатын сымпылдап таң атарда.
Сүйінші бер дегендей бір толықсып,
Сыбырлайтын – «Жетімкӛл» Алатауға.
Тына қалып бұлбұл да жаңа – талда,
Қарайтұғын айдынға, ақ отауға.
Қаймағы бұзылмаған сұлу сурет! Кестелі тіл, образбен ойлау, теңеумен сӛйлеу, сылдырап
келген келісім әдемі әсер береді. Ақынның тілі айшықты, бедерлі, ойы анық, бояуы қанық. Кӛзге
сыйғанымен сӛзге сыймайтын кӛркем кӛріністі жеріне жеткізе шебер берген. Құдіретті қалам
туғызған Жетімкӛл жанардың жауын алып, жасанып, сұлулығына сұқтандырады. Мұнда ақынның
ару аққуға ғана емес, ата дәстүріне, сұлулыққа деген сүйіспеншілігі жатыр. Азаматтың табиғат
алдындағы перзенттік парызға деген бірегей кӛзқарасы жатыр.
Жар дегенде жалғызының жаны қыл ұшында жатқан ана сәбиін сақтап қалу үшін жанталасуда.
«Бала жатыр тӛсекте күйіп – жанып,
Баласының ана отыр күйін бағып».
Осындай шарасыз шақта, азалы анаға тәуіп келіп: «Аққумен баланы аластаңдар» деп кетеді.
Дәрменсіз ана екі оттың ортасында қалады. Ақын кейіпкер жанын жегідей жеген шарасыз сәтті,
психологиялық тебіреністі ширықтыра суреттеген. Бірақ сұлулыққа, қасиетті қастерлеуге деген
сезімді аналық сезім жеңеді де, ақырында амалсыз, абайсыз аққуға оқ атып алады. «Жетім» аққуынан,
ана баласынан айырылады. Поэмадағы оқиғаның ұзын – ырғасы осы. Кӛш –құлаш баяндау жоқ.
Поэманың бас жағында:
Ұрпақтан ұрпақ алып жалықпастан,
Сондай бір дәстүр бар-ды қалыптасқан.
Заманнан заман ӛткен, жаңарған жұрт,
Аққуын айдын –кӛлдің налытпастан.
Дәстүрін аттамаған, анық басқан.
Сондай бір дәстүр бар-ды жарық шашқан.
Бір ұрпақ, бір ұрпаққа алып қашқан, - дейді.
Аққуды атпау –атадан балаға жалғасып, жеткен жақсы жоралғы, жарасымды дәстүр ғана емес,
адамгершілік асыл қасиет заңы, сұлулықты сүйе білудің, бағалай білудің үздік үлгісі. Аққуға оқ ату-
күллі қасиетке оқ ату. Халық түсінігінде аққу – қасиетті құс, киелі ұғым. Сондықтан оған суық қару
оқтамаған, оқтатпаған. Әңгіме әлдеқандай ырымда емес, ұнасымды ұғымда. Қасиетті қастерлеп,
сұлулықты сақтай білуде. Табиғаттың тұнып тұрған сырлы суретін сүттей ұйыған күйінде қорғап
қалуда. Біздіңше, поэмада автордың айтқысы келген екі бірдей сабақтас идея бар. Оның бірі –
қасиетке оқ атпау, тәтті тыныштық шырқын бұзбау, яғни адамгершілік пен ізгілікті дәріптеп,
уағыздау болса, екіншісі –қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашыр, қамқор болу. Түйіп
айтқанда, сұлулықты сүю, сақтау қасиеті. Автордың айтар ойы, кӛздеген нысанасы, алтын арқау
идеясы – осы.
Поэмада осы идеялық мақсатты автор әке мен ананың ішкі психологиялық қақтығысы, жан
күйзелісі арқылы берген. Ауру меңдеген нәресте. Жан шырқырап аласұрған ана. Тәуіп шалдың
айтқанын орындамаса, сәбиін ажалдан арашалап қалар басқа амалы таусылған. Бар үмітін соңғы
шарадан күтіп, бұл қияметті орындауды зайыбына жүктейді. Әке халі де мүшкіл. Бала дерті қанша
қинағанымен, киелі құс аққуға да қол кӛтергісі келмейді. Әке мен ана диалогы берілетін шумақтарда
әке бейнесі ішкі болмыс–бітімімен айқын кӛрінеді. Қарапайым адамға тән жан тазалығын,
қатыгездікке жаны ауыратын ізгі сезімі байқалады. Бала үшін ана жаны отқа түсуге де дайын.
Сондықтан киені де, қасиетті де перзент жолына құрбан еткен ол:
Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!
Балам ӛлсе бақыттың керегі не?
Топан су басып жетсін қалғандарын,
Перзент сұрап ,несіне армандадың?
Құрысын онсыз сенің жалған бағың?!
Мылтықты әкел!
Атты ертте!
Жалған бәрі! - деп, жүрегін сыздатқан ауыр сезімінің жетігімен атқа қонады.
52
Кӛл жағасына келген ана табиғаттың, табиғат еркесі аққулардың ғажайып сұлулығына елтіп,
бір сәтке басқа дүниені ұмытып дағдарып қалады. Аққулар мекен еткен табиғаттың осы бір ӛңірінің
сұлу кӛрнісін толғаған ақын ана тебіренісімен астастыра әсерлі жырлайды.
Асқар белден күн нұры шашырады,
Шашырап ол да кӛлге бас ұрады.
Құс аппақ, айдын әппақ, нұр да әппақ,
Әппақ нұр – әппақ нұрға қосылады.
Кӛл-кӛкке
Кӛл –кӛлге кеп асылады,
Ұйқысы аққулардың ашылады.
Сұлулыққа сұқтанып, қашып әлі,
Ана –жүрек солқ етіп басылады.
Сұлулық әлеміне оқ атуға ананың дәті бармайды. Бірақ ажал ауызында жатқан үйіндегі жалғыз
ұлы есіне түскенде ана-кӛңіл кӛз алдындағы кілең әппақ түске бӛленген кӛрікті әлем лайлағалы
отырған ана ӛзіне –ӛзі атарға оғы жоқтай:
Сірә сорлы жоқ шығар менен ӛткен,
Құлынымның қасынан неге кеткем?!
Ошақ қасы, от басы, кӛрмеппін ғой ,
Дүние сен осындай керемет пе ең?! - деп іштей тебіренеді. Осында әрі –сәрі күйде, екі ұдай
сезімде отырған ана-кӛңіл қолындағы мылтықтың қалай атылғанын да білмей қалады. Кӛл
маңындағы сүттей ұйыған әдемі тымық тірлік оқыс шыққан мылтық даусынан астан-кестеңі шығады.
Биікте, аспан астында айдын кӛлдей мекенін қия алмай аққаулар шарқ ұрады. Кӛл бетінде тыпыршып
жаралы аққу жүр ұша алмай. Тағы бірі айдын кӛлдің толқынында мамығын қан жауып жайрап
жатыр. Осы кӛрністің жалғыз куәсі бейшара ана :
....Қасиетке оқ атып, жойған пақыр,
Қалай алып кетерін біле алмастан,
Сүле-сола, жағада ойлауда тұр.
«Жетімкӛл» маңында аққулардың тау-таспен жаңғырған әні ғана қалды. Бәрін тәрк еткен киелі
құстар шың-құздарды асып басқа бағытқа бет түзеді. Айдын кӛлден ән кетті, қасиет кетті. Тұлдыр
кӛл – «Жетімкӛл» атанды.
Поэманы бастан-аяқ оқып отырғанда, оған ӛзек болған оқиға ӛз кӛзіңмен кӛріп отырғандай әсер
етеді. Кейіпкер характері, сюжет, конфликт бәрі де шебер жасалған. Әл үстіндегі бала, бала үшін отқа
түсердей ӛзін –ӛзі қасіретке душар еткен ана бейнесі, екі оттың арасында қалғандай шарасыз әке халі,
тәуіп шалдың жымысқы ниеті әдемі нақыш тапқан. Бұндай тұлғалы образдар жасауда ақын кӛп
сӛзділікке бармайды. Кейде кӛзге кӛрінер –кӛрінбес болымсыз іс-әркеттері арқылы, кейде
кейіпкердің ішкі сезім-күйі, толғанысы арқылы-ақ ұтып жатады. Бұл нағыз ақынға тән шеберлік
болса керек.
Поэма соңында кӛл басындағы мылтық даусы мен ию-қию шуды естіп келген жылқышы қарт
пен сергелдең күйде тұрған мұңлық-ана арасындағы ӛкініш пен наразылық, ананың ӛлі нәрестесін
кӛргендегі қан жұтқан қасіреті баяндалады. Жылқышы қарттың бейнесін жасауда да ақын үлкен
шеберлік кӛрсеткен. Жылқышы қарттың бойындағы нұр шашқан ізгі сезімді, үлкен адамгершілікті
ақын оның жан-дүниесінің ішкі тебіренісін суреттеу арқылы аңғартады.
Үн –түнсіз егіліп тұрған бейшара ана қарт үні құлағын ұрғанда ғана барып, қолындағы
мылтығын құшақтап кеп «Жетімкӛлге» лақтырады. Кӛзінен жас, кӛңілінен зар тӛгіп, болған жайды
баяндайды. Мұңлық ананың бейшара халін кӛргенде ашу шақырып келген қарт кӛңілінде ӛкінішке
толы аяныш сезімі пайда болғанын ақын әсерлі баяндайды.Атына қайта қонған ана әлденеден жүрегі
тітіркеніп, мең-зең күйде үйіне қайта келе жатыр. Қуаныш та, қайғы да, бала да, жар да кӛңілінен
ұмыт болған. Тек «Жетімкӛл» жағасындағы сұмдық оқиға жүрегін шайлықтырып келеді. Ғазиз ана
аттан түсіп үйге енгенде оны ең ауыр қайғы, жалғыз ұлының ӛлігі күтіп тұр еді. Қаралы кӛңіл бұл
қасиетті аққу құстың киесінен деп сезінеді. Кӛз алдында сұлық жатқан сәбиін ӛзі ӛлтіргендей, бүкіл
жан –дүниесінде қасірет дауылы буырқанып аласұрады. Ақын ананың азалы үнін құлаққа
жеткізгендей болады.
Мына жатқан «Жетімкӛл» мына аққуды,
Ӛз қолыммен ӛлтірдім, аттым жаңа....
Жоқ!
Мен емес ....
Мен атпадым....
53
Кеше гӛр , кешіре гӛр, жаратқаным?!»
Ғазиз ана, ербеңдеп екі қолы,
Жиылған жұртқа қарап алақтады.
Қасиетінен ада болған «Жетімкӛл» Бірі ӛлі, бірі жаралы қос аққу. Демі үзілген нәресте. Осы бір
қаралы кӛріністер ана жүрегінен қан ағызып, есінен тандырады.Осындай ауыр трагедиямен
аяқталатын поэмада автор сюжет құру шеберлігін танытқан.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда».- Алматы, 2002ж.
2.Әділов Х. Қан мен тер. // Социалистік Қазақстан, 1 ақпан, 2001 ж.
3.Ысқақұлы Д. Әдебиет айдынында. - Алматы, Жазушы, 1996 ж.
4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы , Жазушы, 1994 ж
5.Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы. – Алматы , Жалын, 1976 ж.
Аннотация. В статье дается сведение об идее и теме поэмы «Когда спят лебеди». Также
рассмотривается система художественных образов, анализируется поэтический язык поэмы.
Используя источники о творчестве Мукагали, автор расширяет знания об идее и теме,
художественном образе и поэтическом языке, также раскрывает содержание поэмы.
Annotation. In this article the idea and theme of the poem " When swans sleep" are given. The system of
artistic characters is observed, poetic diction of the poem is analyzed. The author expands the knowledge of
an idea and topic of the work using sources about Mukagali's creativity, an artistic characters and poetic
diction open content of the poem.
ӘОЖ 81,42:81,367:811.572,122
ТІЛ МЕН СӚЙЛЕУ БІРЛІКТЕРІНІҢ ПАРАДИГМА – СИНТАГМАЛЫҚ
ПОЗИЦИЯЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СЕМАНТИКАСЫ
А.Ә. Байтелиев
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтыы, Тараз қ.
Тiлдiң әлеуметтiк мәнi мен тіл бірліктерінің функционалдық семантикасын анықтау қазiргi тiл
бiлiмi үшiн ӛте маңызды мәселе. Бұл мәселе әртүрлi жақтан, әртүрлi ғылыми ұғымдар тұрғысынан
қарастырылады. Ф. де Соссюрдiң ―Жалпы лингвистика курсы‖ атты еңбегiнiң жарық кӛрген кезiнен
берi тiлдiңқоєамдықжәне функционалдық мәнi туралы мәселе тiл мен сӛйлеудiң арақатысы мен
айырмашылығы мәселелерiне байланыстырылады. Сол кезеңнен бергi уақытта осы мәселе
тӛңiрегiнде айтылған пiкiрлер арасындағы алшақтықтар кездеседі. Оларды бірнеше негiзгi топқа
бӛлуге болады:
1) тiл мен сӛйлеу, бiр-бiрiнен мәндi белгiлерiнiң жиынтығымен ажыратылатын әрқайсысы ӛз
алдына дербес обьектi ретiнде қарама-қарсы қойылады және осыған байланысты екi ғылыми дербес
пән - тiл лингвистикасы мен сӛйлеу лингвистикасы - бiр-бiрiнен ажыратылады;
2) лингвистика обьектiсiнiң екi жақтылығы құпталады, яғни айырмашылықтарына қарамастан,
тiл мен сӛйлеу екеуi бiрге лингвистиканың обьектiсi болып табылады;
3) тiл мен сӛйлеудi бiр-бiрiнен ажыратып тастауға ешқандай негiз жоқ т.б. Тілде де, сӛйлеуде де
функциялдық бірліктердің дағдылы семантикасы да, коннотациялық семантикасы да тілдік
бірліктедің белгілі бір қоғамдық әлеуметтік сӛйлеу практикасында қолданылуымен байланысты.
Тіл – әлеуметтік құбылыс және тілдің әртүрлі функцияларға бӛлінуі тілдің қоғамдық саласының
әртүрлілігіне байланысты болады. Бірліктердің функциялары адам іс әрекетінің нақты ұлттық
қоғамда белгілі бір тарихи қалыптасқан, әлеуметтік-қатыстық түрлері арасында қалыптасып,
қолданысқа ие болады. Функционалдық жүйеде тілдік қоданыстардың шынайы сипаты кӛрінеді.
Сондықтан да тілдің қолданыстағы семантикасы қоғамдық функциясы мен коммуникативтік
қолданысында шешіледі.
Ф.де Соссюрдiң концепциясы бойынша, тiл мен сӛйлеу тӛмендегiдей айырым белгiлерiмен
ажыратылатын ―мүлдем екi түрлi нәрсе‖:
1) Тiл (langue) - әрбiр жеке адамның миында орналасқан таза психикалық құбылыс. Ф.де
Соссюр сӛйлеудi (parole) психофизикалық құбылыс ретiнде қарастырады [1, 52, 57];
54
2) Тiлдiк тұлғалардың сапалық анықтамасы олардың iшкi жүйелiк қатынастарынан туындайтын
құбылыс болғандықтан, тiл мағыналар (мәндер, бағалылықтар) жүйесi болып табылады. Тiлге
қарағанда сӛйлеудiң айырмашылығы сӛйлеудiң қызметi ―тiлден жоғары тұрған қалдық‖ болып
табылатындықтан, жүйелi құбылыс еместiгiнде жатыр;
3) Сондықтан тiл - форма да, сӛйлеу субстанция (мән), ӛйткенi ол (сӛйлеу) дыбыстар мен
мағыналардан құралады [1, 145];
4) Егер тiл әлеуметтiк құбылыс болса, онда сӛйлеу - жеке (индивидуалдық) құбылыс. Тiл -
сӛйлеу қызметiнiң маңызды сыңары; сӛйлеудiң бұдан айырмашылығы, ол (сӛйлеу) кездейсоқ,
қосалқы құбылыс [1, 52 ].
Тілдің қоғамда қолданылу формаларының белгілі бір қоғамға сәйкес жүзеге асырылуы
қажеттілікке және әрекет түрлеріне де байланысты болады. Ф.де Соссюрдiң концепциясында (langue)
мен сӛйлеу (paraole) сӛйлеу қызметiнiң (сӛйлеу қызметiнiң кең мағынасында) сыңарлары ретiнде
қарастырылған. Осы тұрғыдан тiлдi ол ―сӛйлеу қызметiнiң белгiлi бӛлiгi - маңызды бӛлiгi‖ ретiнде
қарастырды, ал сӛйлеудi (paraole) сӛйлеу қызметiнен тiлдi алып тастаудың нәтижесiнде қалатын
компонент ретiнде анықтайды.
Тiл, сӛйлеу және сӛйлеу қызметiн бiр-бiрiнен айыруда Ф.де Соссюр екi түрлi әдiснамалық
(методологиялық) принциптi негiзге алады:
1) ӛз сипаты (мәнi) жағынан ғылымның обьектiсi бiркелкi болуы тиiс принципі;
2) сӛйлеу қызметi (әрекетi), тұтас алғанда, онтологиялық тұрғыдан алғанда кӛп қырлы
(сӛйлеудiң бойында тек психикалық (идеялдық) құбылысты ғана емес, сонымен бiрге сӛйлеу
мүшелерiнiң артикуляциясымен, айтылған дыбыстарды қабылдаумен байланысты материалдық
құбылыстарды, яғни физикалық (дыбыстық) және физиологиялық процестердi де кӛре аламыз, одан
басқа ол индивидуалдық та, әлеуметтiк те құбылыстарды бiлдiредi) құбылыс, сондықтан да, Ф.де
Соссюрдiң пiкiрiнше, сӛйлеу бiраз ғылымдардың, соның iшiнде лингвистиканың да обьектiсi болып
табылады. Олай болса, ―әуел бастан-ақ тiлдiң негiзгi екендiгiн және оның сӛйлеу қызметiнiң барлық
кӛрiнiстерiнiң негiзi деп есептеу керек‖ [1, 47].
Тіл мен сӛйлеуді бір-бірінен ажыратып тастауға болмайды. Дегенмен, қазіргі қалыптасқан
қоғамдағы жағдайда қазақ тілінің функциясында ӛзгерістер болып жатыр, сонымен қатар, қазақ
тіліӛзінің әлеуметтік функциясын әлі толық орындап орырған жоқ. Еліміздегі билингвизм
жағдайында тілдік қолданыстарға қарай қостілділік және кӛптілділік үдерісі қалыптасып келеді, оны
тӛмендегіше:
1) тек қана қазақ тілінде сӛйлейтіндер;
2) тек қана орыс тілінде сӛйлейтіндер;
3) қазақ-орыс тілдерінде бірдей сӛйлейтіндер;
4) орыс тілін білетіндер және оны тек қана тар диапозанда, тұрмыстық деңгейде қолданатындар;
5) қазақ тілін тек қана тұрмыстық деңгейде қолданатындар деп бӛлуге болады. Қазақтар сӛйлеу
тәжрибесінде қазақ және орыс тілдерінде сӛйлейді, олар ӛз отбасында қазақ тілінде сӛйлеп, басқа
жерлерде орыс тілін кӛп қолданады.
Қостілділіктің қалыптасу деңгейі әртүрлі, себебі қазақ тілінің қолданылуы аз салаларда да,
негізгі және кӛптеген салаларда жетекші орынды орыс тілі алып отыр.
Ф.де Соссюр бұл мәселеде тiлдi таза психологиялық және әлеуметтiк құбылыс ретiнде
қарастырып шешедi. Бiрақ тiл бiлiмiнiң обьектiсiн бұлайша шешу Ф.де Соссюрдi бiраз кемшiлiктер
жасауға итермеледi. Бәрiнен бұрын ол, бүгiнгi күнi тiл тануда негiзгi принциптердiң бiрi болып
есептелетiн, ғылымның обьектiсi мен пәнiн ажырату қажеттiлiгiн ескермейдi. Ф.де Соссюрдiң
зерттеушiнiң кӛзқарасын анықтайтын обьект емес, керiсiнше, зерттеушi кӛзқарасы лингвистиканың
обьектiсiн анықтайтындығы туралы тоқтамы мен ғылымның обьектiсi онтологиялық жақтан бiркелкi
құбылыс болуы тиiс деген пiкiрлерi негiзделмеген.
Ф. де Соссюрдiң тiлдi лингвистиканың обьектiсi ретiнде қарастыруындағы тiлдiңӛзiнiң және ӛзi
үшiн зерттеушi тарапынан қарастырылуы тиiс деуi де қисынсыз. Оның тiлдi таза психикалық
құбылыс деп анықтауы, синхрониялық лигвистиканың зерттеу саласын белгiлеп, ―синхрониялық
лингвистикаменқатар ӛмiр сүретiн элементтердi байланыстырушы және жүйе құраушы логикалық
және психологиялық қатынастардың белгiлi бiр ұжымдық санада қалай қабылданатыны тексерiліп,
қарастырылуы тиiс‖ [1, 132] деген пiкiрi де жалпы ережеге қайшы. Мұны қазіргі қоғамдағы тідік
жағдай кӛрсетіп отыр. Орыс тіліінің елімізде тіпті барлық салада әлі де болса ӛзінің басыңқы
позициясын қазақ тіліне бермеуі, қазақ тілінің ӛмірдің маңызды салаларында ӛз функциясын
кеңейтуіне қалыпты жағдай туғызбай отыр. Сонымен қатар, орыс тіліменқатар қазақ тілін де нашар
білетіндер, немесе ол тілдерді орташа деңгейде білетіндердің қазақ тіліндегі сӛздерді фонетикалық,
55
лексикалық, грамматикалық тұрғыдан дұрыс қолданбауы, қазақ тілінің сӛйлеу мәдениетінің
бұзылуына әкеліп соғып жатқаны анық. Қазақ тілінің әлеуметтік функциясының тар болуы оның ішкі
құрылымына да әсерін тигзіп жатқаны да белгілі. Тіл де, сӛйлеу де әлеуметтік құбылыс
болғандықтан, қоғамдағы негізгі тілдердің жағдайы олардың қоғамдағы орындарын да белгілеп отыр.
Ол тілдердің қоғамдағы қажеттілік деңгейін күнделікті ӛмір тәжрибесі кӛрсетуде.
Тiлдiң әлеуметтiк құбылыс екендiгi туралы мәселе адамның және адам қоғамының
әлеуметтiлiгi ұғымдарының талдауымен байланысты шешiледi. Сӛйлеудi тiлге, индивидуалдық
құбылыс ретiнде, қарама-қарсы қойып қарастырудың қаншалықты мәнi бар екендiгiн оларды
салыстырып байқауға болады. Сӛйлеудi (кең мағынада) индивидуалдық процесс ретiнде қарастыруға
шын мәнiнде себеп бар, ӛйткенi оның физикалық және психикалық субьектiсi жеке адам болып
табылады. Бiрақ, сонымен қатар, сӛйлеудiң психофизиологиялық механизмi антропогенездiк және
онтогенездiк кезеңдерде әлеуметтiк тiрi жан ретiндегi адам дамуының нәтижесi болып табылады.
Ары қарай, сӛйлеу тiлдiң кӛмегiмен (қатысуымен) iске асады, тiл - оны қолданатын барлыққоғам
мүшелерiнiң байлығы болып табылады және ол белгiлi әлеуметтiк - дәстүрге (нормаға) бағынады.
Тілсіз сӛйлеу жоқ, сӛлеусіз тіл жоқ. Әрине, әрбiр адамның сӛйлеуiнде әртүрлi жеке ерекшелiктер
болуы мүмкін (мысалы, тiлiндегi мүкiстiк, дыбыстарды басқаша айту т.б.), бiрақ сӛйлеудiң мәнi
тек осындай жеке ерекшелiктермен ғана анықталмайды.
Егер сӛйлеудi ―тiлден жоғары тұрған қалдық‖ ретiнде түсiнсек, онда сӛйлеу тек жеке адамєа
қатысты құбылыс ретiнде қарастырылуы мүмкiн емес. Бұған сӛйлеудiң нәтижесi болып табылатын
сӛйлем, сӛз тiркестерi, сӛз тәрiздi сӛйлеу нәтижелерiнiң нақты мазмұны дәлел бола алады және де
олар әлеуметтiк құбылыс болып қала бередi, ӛйткенi олар ӛз табиғатынан адам ойлауының жемiсi
болып табылады, қоғамдағы қарым-қатынасты іске асырады, олардың әрқайсысының
функционалдық семантикасы бар.
Тiлдiң ӛзіндік табиғатына келетiн болсақ, ол тек қана кӛпшiлiктiң, баршаның байлығы
тұрғысынан пiкiр алысу, әлемді тануқұралы, қоғамдық қатынасты iске асырушы құрал ғана емес,
сонымен қатар, ол адамның қоршаған ортада әлеуметтiк жақтан дамуының қажеттi компонентi мен
негізгі шарты.
Тiл мен сӛйлеу болғандықтан ғана адамдар ойлауы мен санасы шындық құбылыстарына
айналады және оларды тану мүмкiн болады. Сонымен, тiл адам миында ӛтiп жататын
физиологиялық процестермен қатар, адам ойлауы мен санасының шындығын жасайды. Тiл адам
санасы мен танымыныңәлеуметтiк жағын қамтамасыз етедi, соның арқасында қоршаған ӛмiр
шындығы обьектiлерiнiң образы бiр тiлде сӛйлейтiн адамдардың санасында бәрiне бiрдей ортақ
түрде қалыптасады.
Тiлдiң қалыптасуы мен дамуының iшкi заңдылықтары әлеуметтiк болмауы, яғни олардың
әлеуметтiк жақтарының, қоғамдық сипатының болмауы мүмкiн емес және бұл жерде тiлдiң
қалыптасуына, дамуына және қызмет етуiне сыртқы тiлдiк заңдылықтар да әсер етеді. Р.А. Будагов
осыған байланысты: ―Лингвистикадағы барлық әулеметтiк жақтарды тек тiлдiң дамуы мен
қызметiндегi сыртқы факторларға телудiңқате екендiгiне дәлелдi түрде де, методологиялық жақтан
да ӛте сенiмдiмiн... Тiлдiң әлеуметтiк мәнi алдымен тiлдiңӛзiнен, оныңқоғамдағы қызметiнен және
тарихи дамуынан туындайды‖ [2, 163-164 ], - дейдi.
Тiлдiң қалыптасуы мен дамуы процесiнде, тiлге әсер ететiн сыртқы факторлардың
тiлдiңұйымдасу, қызмет ету және даму барысында iшкi факторларға айналу құбылысы орын алады.
Тiл адамдарға ғана тән, табиғаты жағынан әлеуметтiк, дерексiз, жалпылаушы ойлау құралы,
танымның рационалды баспалдағының қалыптасу тәсiлi және де адамның әлеуметтiк тiрi жан
ретiнде қалыптасуын қамтамасыз ететiн құрал ретiнде туады және дамиды. Сондықтан тiлдiң
қалыптасу, даму және қызмет етуiнiң iшкi де, сыртқы да факторлары тең дәрежеде әлеуметтiк
құбылыс болып табылады, әлеуметтiк ортаға жатады және әлеуметтiк құбылыстардың әртүрлерi
ретiнде бiр-бiрiнен ажыратылады. Басқаша айтқанда, экстралингвистикалық (сыртқы) факторлар мен
iшкi лингвистикалық (iшкi) факторлардың ара қатынасында тұрақты түрде ӛзара әсер мен ӛзара
алмасу жүрiп жатады. Тiлдiң қалыптасуына, дамуына, қызмет етуiне тек қоғам мен ойлау ғана
ықпал жасап қоймайды, сонымен қатар керi әсерлер де орын алады, яғни жаңадан туған тiлдік және
сӛйлеу бірліктері адам ойлауы мен танымының жемісі, олар қоғамдық прогресс, қоғамдық даму
тудыратын, ішкі және сыртқы факторлар тудыратын құбылыстардың үзіліссіз іске асып жататын
нәтижелері, яғни тілдік бірліктердің нақты кӛрiністері.
Адам ӛмiрге келгеннен кейiн әлеуметтiк ортада жетiледi және дамиды. Осы кезеңнiң рухани
және материалдық-мәдени факторларының ықпалынан адамның әлеуметтiк мәнi қалыптасады.
Әлеуметтiк мұра принципiнiң де мәнi осыдан туындайды. Адамның әлеуметтiк мәнi биологиялық
56
жақтарынан жоғары тұратын мазмұн болып табылады, биологиялық белгiлердiң мұралық берiлуiне
қарағанда әлеуметтiк жақтың сипаттары басқаша, олар ұрпақтан ұрпаққа басқа жолдармен берiлiп
отырады. Адам дамуының әлеуметтiк жағы биологиялық заңдарға сәйкес жалғаспайды, адам дамуы
оның әлеуметтiк жақтан дамуының жемiсi болғандықтан, ол факторлар қарқынды, икемдi жолдармен
ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.
Тiл сӛйлеу дерексiз, жалпылаушы ойлаудың тәсiлi және пiкiр алысу құралы ретiнде, күмәнсiз,
әлеуметтiк тiрi жан ретiндегi адамның қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарғаны анық. Тiлдiң
және әлеуметтiк факторлардың арқасында әлеуметтiк тiршiлiк иесi ретiндегi адамның қасиеттерi
ұрпақтан ұрпаққа берiлiп отырады, ол қасиеттерге адам қоғамдық еңбек қызметiнде, шындық ӛмiр
құбылыстарымен, басқа да қоғам мүшелерiмен қарым-қатынас үстiнде ие болады. Қазақ тіліне
сырттан әсер ететін фактордың күштісі казіргі күні елімізде орыс тілі болып тұр.
Тiлдiң табиғаты мен мәнi, кез келген басқа обьектiлердегi сияқты, оныңӛзi ӛмiр сүретiн
ортадағы қызметтерiнен кӛрiнедi. Қандай бiр обьектiнiң қызметi деген оның қасиеттерiнiң,
қолданылу тәсiлдерiнiң сыртқы кӛрiнiсi болып табылады. Тiлдiң қызметтерi мәселесi - қазiргi тiл
бiлiмiнде ӛзектi мәселелердiң бiрi. Тiлдiң қызмет атқаратындығына күмән келтiретiн лингвистер де
бар, кейбiреулерi тек сӛйлеудiңқызметi болады деген бағыт ұстайды.
Э.Бенвенист тiлдiң: ―...материалдық емес табиғаты, қызметiнiң символикалық тәсiлi, айқындық
сипаты, мазмұндылығы‖ сияқты қасиеттерi, оныңқандай бiр қызмет болсын атқармайтынын
кӛрсетедi. ―Сӛз жоқ күнделiктi тәжрибеде сӛйлеу қарым-қатынас кезiнде пiкiр алысуға ықпал етедi,
сондықтан танылған нәрселер пiкiр алысудың ортақ тетiгi болып кӛрiнедi, тағы да құптай отырып
айтсақ, қызмет ролiн сӛйлеу атқарады‖ [3, 293], - дейдi. Құрал мен оныңқызметiн және қандай бiр
құралдың қолданылуынан туындайтын құбылысты бiр-бiрiнен ажырату қажеттiгi белгiлi жағдай.
Кез келген сӛйлеу әрекетiнде тiлдiк жүйе эдементтерiнiң шектеулi мүлшерi ғана пайдаланылады.
Элементтердi қолдану нәтижесiнде сӛйлеу бірлігі туады, оның бойында белгiлi бiр пiкiр мазмұны
болады. Сӛйлеушi тiлдiк бірліктерді жағдай қажетiне сай пайдаланып, ӛз пiкiрiн, ойын бiлдiредi,
ал тыңдаушы сӛйлеушiнiң айтқандарын, яғни сӛйлеудiң материалдық жағын, қабылдап, оған
жауап бередi немесе қатысты сӛйлеу әрекетiн жасайды. Бұл жерде, пiкiр алысу құралы қызметiн,
сӛйлеудi қамтамасыз ететiн, тiлдiк жүйе элементтерi болып табылатын тiлдiк бірліктер атқарады,
яғни пiкiр алысу қызметiн атқарып тұрғандар тiлдiк тұлғалар (бірліктер). ―Нақты сӛйлемдер, - дейдi
А.И.Смирницкий, - ереже бойынша, қатынас құралы ретiнде емес, қатынас құбылысы ретiнде, яғни
қатынас жасау құралдарының басы қосылатын құбылыс ретiнде (оныңқұрамы мен құрылысындағы
бӛлшектердегi тiл элементтерi) және ойға алынған нақты пiкiрдi бiлдiру және құрастыру үшiн нақты
жағдайлар мен белгiлi мақсаттарда қолданылатын құралдар түрiнде кӛрiнедi‖ [4, 18].
Тiлдiң коммуникативтiк қызмет атқаратындығын барлық лингвистер құптайды. Тiлдiң
әлеуметтiк мәнi осы қызметiнде жан-жақты кӛрiнедi. Коммуникативтiк қызмет адамның әлеуметтiк
мәнiнiң қалыптасуының, әлеуметтiк организм және материя қозғалысының жоғарғы әлеуметтiк
формасы ретiндегi адамзат қоғамының ӛмiрге келуiнiң, ӛмiр сүруiнiң қажеттi шарты болып
табылады. Тілдік қатынас сӛйлеу арқылы іске асады.
Тiлдiң экспрессивтiк қызметiне, яғни дерексiз ойлаудың ӛмiр сүруi мен iске асуының тәсiлi
ретiндегi тiлдiңқызметiне, кӛзқарас та әртүрлi. Тiл бiлiмi тарихында әртүрлi ағым ӛкiлдерi тiлдiң
негiзгi қызметi ретiнде бiрде коммуникативтiк қызметтi, бiрде экспрессивтiк қызметтi атайды. Бұдан
тiлдiң әлеуметтiк табиғаты жоққа шығарылмайды және мәнi кемiмейдi. Бiрақ тiлдiң коммуникативтiк
қызметiнiң экспрессивтік қызметiне қарағанда басым қызмет екендiгiн тiл бiлiмiнде кӛпшiлiк
лингвистер құптайды.
Коммуникативтiк қызмет пен экспрессивтiк қызметтiң ара қатысына байланысты екi
жағдайды ескеру қажет. Бiрiншiден, коммуникативтiк қызмет тыңдаушыға айтушының қайсыбiр
ойды хабарлауынан ғана iске асады, яғни тура осындай дәрежеде экспрессивтiк қызмет те iске
асады. Экспрессивтiк қызмет, кейбiр оның түрлерiн айтпағанда, (мыс.: ӛзiмен ӛзi сӛйлесу),
коммуникативтiк қызметке қатынассыз тек предикативтiлiгiмен сипатталатын сӛйлеу тұлғаларында
iске асатын болса, экспрессивтiк қызмет сонымен қатар предикативтiк емес тұлғаларда (сӛздерде, сӛз
тiркестерiнде) да iске асады. Кейде, осы айтылған жағдайға сүйенiп, кейбiр лингвистер экспрессивтiк
қызметпен қатар конструктивтiк және аккумулятивтiк қызметтердi ажыратады [5, 44 ]. Бұл жағдайда,
бiз, шын мәнiнде, олардың экспрессивтiк қызметтiң басқа түрлерi екендiгiн байқаймыз.
Сонымен, кәдiмгi тiлге тек екi құрамды - коммуникативтiк және экспрессивтiк - қызмет тән.
Осы қызметтерiнен тiлдiң және ол тiлде сӛйлейтiн адамның әлеуметтiк мәнi кӛрiнедi.
Коммуникативтiк және экспрессивтiк қызметтердiң iске асуы адамзат қоғамының ӛзiнiң ӛмiр
сүруiнің, қоғамға тән қызметiн атқаруының және дамуының қажеттi шарттарының бiрi болып
57
табылады, сонымен де тiлдiң басқа қоғамдық құбылыстар арасындағы алатын орны анықталады.
Қазіргі күні қазақ тілінің шын мәніндегі қоғамымыздағы алатын орны нақтылана түсуде. Еліміздің
кӛптеген әлеуметтік, саяси-экономикалық ӛзгерістерді басынан кешуіне байланысты республика
кӛлемінде негізгі тіл деп есептелініп жүрген қазақ тіліне кӛптеген ӛзгерістер ӛз әсерін тигізіп отыр.
Қазір ӛзінің ана тілі деген функциясына қоса мемлекеттік тіл функциясын жүктеп, жаңа рольде
қолданылуда, қолданылмаса да, сондай функция жүктелген. Сондықтан да оның функционалдық
сипаты ӛзгеруі тиіс. Қазақ тілі бұрынғы ғылым, білім саласы аясынан шығып еліміздегі, тіпті
елімізден тыс жерлерде де қарым-қатынас тілі ретінде қолданылатын тіл дәрежесіне кӛтерілуі тиіс.
Барлық елде мемлекеттік тіл қоғамдық ӛмірдегі маңызды функцияларды атқарады. Мемлекеттік тіл
дегеніміз мемлекеттің байырғы халқының тіліне құқықтық мәртебенің берілуі. Сол мемлекетті
мекендейтін негізгі халықтың тарихи тілі, сол халықтың ана тілі болып есептелінеді. Осы тұрғыдан,
мемлекеттік тіл мемлекет пен қоғам арасындағы коммуникациялық құрал ретінде халықтың рухани-
мәдени, материалдық, әлеуметтік дамуына қызмет етеді. Тіл арқылы, ана тілі арқылы мәдени,
ұлттық, танымдық ерекшеліктер, салт-дәстүрлер мен дағдылы ұлттық рәсімдер ӛмір тәжрибесі,
кӛркем әдебиет, салт-сана, әдет-ғұрып, мәдени мұралар арқылы жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа
жетеді.
Тілдік құрылым тұрғысынан қарасақ, парадигмалық, синтагмалық ӛзгерістер нәтижесінде
кӛптеген формалар туындап, олардың әрқайсысы әртүрлі функционалдық семантикаға ие болады. Тіл
және сӛйлеу бірліктері сол семантикаларының нәтижесінде белгілі бір нақты функцияны атқарады.
Тiл бiлiмiнде парадигматика мен синтагматика ұғымдары да Ф.де Соссюрдiң атымен
байланыстырылады.
Парадигматика тiлдiк тұлєалардың (бірліктердің) заңдылыққа сәйкес ӛзгерiп-түрлену жағы
ретiнде қарастырылады, олар қолданылу кезiнде бiр я белгiлi бiрнеше формада кездесе бередi, ал
синтагматика тұлєалардыңқолдануда бiрiнен кейiн бiрi келiп байланысу заңдылығы ретiнде
қарастырылады. Бiр-бiрiне ара қатысы жағынан екi терминдiк:
1) парадигма - парадигматика – парадигмалық қатынас;
2) синтагма - синтагматика - синтагматикалыққатынас қатарлары бар. Бұл екi қатар бiр-бiрiне
қарама-қарсы ұғым. ―Синтагма‖ терминi бiр жағынан, ӛзiне қатысты түбiрлес туынды сӛздермен
терминологиялық жақтан бiрге сипатталмайды, екiншi жақтан, ―парадигма-синтагма‖ ұғымдары
арасында ӛзара байланыс жоқ. Сондықтан жалпыға ортақ мақұлданған ара қатысты ―парадигматика-
синтагматика‖ және ―парадигмалық қатынас-синтагмалық қатынас‖ терминдерi қолданылады.
Шығу тӛркiнi жағынан және дәлелдiлiгi мен талданғандығы тұрғысынан ―парадигма‖
ұғымының негiзгi саласы морфология болып табылады. О.С. Ахманова парадигманың екi түрлi
анықтамасын келтiредi. Бiрiншiсiнде, парадигма - берiлген сӛз табы үшiн форма жасаушы үлгi
қызметiн атқаратын флективтiк ӛзгерiстердің жиынтығы делiнсе, екiншiсiнде, парадигма - берiлген
лексикалық тұлғаның сӛз түрлендiру формаларының жиынтығы, берiлген лексиканы құрастырушы
сӛз формалардың жиынтығы делiнген. Сонымен, морфологиямен синтаксисте парадигмаұғымы
алдымен грамматикалық категория ұғымымен байланыста қарастырылады, ӛйткенi кез-келген сӛз
түрлендiрушi парадигма қарама-қарсы қойылатын мүшелерде қолданылатын грамматикалық мағына
ретiнде сипатталатын грамматикалық категориямен ара қатысты болады.
Синтаксистегiпарадигмаұғымы мәселесiнiң жалпы қойылысы да Ф.де Соссюрдiң идеяларымен
байланыстырылады. Бiрақ, жаңа лингвистикалық ұғымдардың бiрi ретiнде синтаксистегi
парадигматиканың қалыптасуы транцформациялық талдау әдiсiнiң тiкелей ықпалына байланысты
туындаған. Синтаксистiк парадигматикаға байланысты пiкiрлердiң кӛптiгi, алдымен, синтаксистiк
құрылымдардың парадигмалық қасиеттерiнің әртүрлі белгiлерiн анықтаудан туындайды. Тілде
болатын парадигмалық байланыс, сӛйлеуде іске асатын синтагмалық байланыс екеуі бірге сӛздің
семантикалық функциясын аша түседі. Бұл екі байланыс түрін бір-бірінен ажыратып астауға
болмайды. Кейбiр лингвистердiң синтаксистiк парадигматика теориясын талдаулары синтаксис
теориясына сӛйлем формаларын енгiзумен байланысты тұжырымдалады. Мысалы, Н.Ю. Шведова:
―...етiстiктi сӛз бен арнайы кӛмекшi сӛздер құрамды сӛйлемнiң құрылымды желiсi әртүрлi обьектiлiк
- модальдық мағыналарды бiлдiру үшiн ӛзгерiп-түрленуге икемдi. Бұл ӛзгерiп-түрлену жеке
сӛйлемнiң құрылымдық желiсiнiң жеке формалары ретiнде кӛрiнедi...; сӛйлемнiң желiсi
формаларының бәрi де оның парадигмасы деп аталады. Сӛйлемнiңәр формасы оның
парадигмасының мүшесi болып табылады‖ [6, 10], - дейдi. Егер осы тұрғыдан келсек, модальдық -
шақтық белгiлерiне байланысты сӛйлем парадигмасының саны бiрден жетi - сегiзге дейiн ӛсiп
отыруы мүмкiн. Солардың iшiнде ӛз құрамында сӛйлемнiң формаларының барлық жиынтығы
кездесетiн толық парадигмалар да; және де ӛз құрамында қандай бiр себепке байланысты
58
сӛйлемнiң бiр я қайсыбiр басқа формасынсыз толық емес (жартылай) парадигмалар да; сондай-ақ бiр
формада кӛрiнетiн парадигмаға ие емес сӛйлемдер де кездесе бередi.
Морфология мен синтаксис деңгейiнде парадигманы анықтауда бiр ғана принциптi басшылыққа
алу керектiгiн мақұлдайтындар да бар. Сӛйлемнiң парадигма ұғымы мен жасалу үлгiсi ұғымы
О.И.Москальскаяның концепсиясында бiр-бiрiмен ӛзара тығыз байланысты және парадигма
сӛйлемнiң жасалу үлгiсi болып есептелуi мүмкiн ―синтаксистiк минимум‖ немесе мiндеттi
синтаксистiк құрылымды анықтауға тiкелей тәуелдi [7,84]. Сӛйлем парадигмасының мәнiн
анықтайтын қарсы қойып қарастырудың негiзгi түрлерiне ол айтылу мақсатына қарай белгiленетiн
сӛйлемнiңүш (хабарлы сӛйлем-сұраулы сӛйлем-лептi сӛйлем) формасын жатқызады.
Бұл үш мүшелi парадигматикалық қатар екi түрлi қосарлы салыстыру түрiнде болуы мүмкiн
(лептi-лептi емес және хабарлы-сұраулы). Мұндай салыстырудың екi қарсы түрi сатылық жағынан
тең емес, ӛйткенi екiншi түрi бiрiншi түрдiң бiр мүшесiнiң құрамында белгiлi болады. Аталған
қарсы қойып салыстыруларды (оппозициялық салыстыру) айтылу мақсатының категориясы ретiнде
анықтауға болатын, сӛйлемнiң грамматикалық категориясының негiзiне жататын грамматикалық
мағыналары деп атайды. Сӛйлеуде қолданылып, сӛз бен сӛз тіркесіп, ӛзінің әйтеуір бір парадигмалық
белгісін кӛрсетеді, басқаша айтқанда,сӛз ӛзінің синтагмалық байланысында парадигмалық бірлік
ретінде қызмет атқарады. Лексикада парадигматикалық қатынастардың кездесуiн қуаттау оның
жүйелi құрылым екендiгiмен тығыз байланысты. Қазiргi күнi тiлдiң лексика-семантикалық
жүйесiнде парадигматикалық қатынастардың бар екендiгi жалпыға ортақ пiкiр болып табылады.
Бiрақ, даулы мәселе ретiнде сӛздердiң бiр семантикалыққатарының iшкi жақтан мүшеленуiн қай
деңгейде қарастыру керектiгi, мысалы, сӛз таптарын, дау туғызып жүр.
А.А. Уфимцева лексикадағы парадигматикалық қатынастарды сӛз таптарына сӛздердi
топтастыруда, яғни ―тiрi-ӛлi‖, ―санауға келетiн - санауға келмейтiн‖ және т.б. түрдегi екiншi
қатардағы тәуелдiлiктi анықтауда тұжырымдайды. Тiлдiң лексика-семантикалық жүйесiнiң негiзгi
тұлғасы ретiнде лексика-семантикалық баламасы (вариант) қызмет атқарады. А.А. Уфимфева ―тiл
жүйесiндегi сӛздiң бiр немесе басқа семантикалық топтарын олардың заттық мағынасы бойынша
қарама-қарсы қойылатын лексикалық тұлғаларының мағыналық қатынастарының жағы деп түсiнедi.
Ол, сонымен қатар, сӛз таптары арасындағы қатынастарды парадигматикалық қатынастар ретiнде
қарастырады: ―Сӛздердiң парадигматикалыққатынастарының негiзгi түрлерiне, қамтыған ауқымы
мен сӛздiк топтарының жалпылылығы дәрежесi бойынша бiр-бiрiнен ажыратылатын үш түрлi
деңгейде қолданылатын сӛздер жатады‖ [8, 436-437], - дейдi. Бiрiншi, жоғарғы деңгей затты,
қимылды, белгiнi жјне т.б. бiлдiретiн сӛздердiң семантикалық топтарын, сӛз таптары деңгейiн,
мысалы, нақты заттардың атауы - дерексiз ұғымдардың атауларын, тiрi - ӛлi заттар атауларын,
санауға келетiн - санауға келмейтiн заттардың атауларын жјне т.б. қамтиды; екiншi, лексика-
семантикалық парадигмалар деңгейi, мысалы, синонимдердi, антонимдердi, лексика-семантикалық
топтар, ұғымдық аумақтарды жјне т.б. қамтитындығын талдайды. Осы айтылғандардан байқалғандай,
кәдiмгi лексика-семантикалық парадигмалар тек зат есiмдердiң топтасуы үшiншi деңгейiнде қатысып
тұр. Егер парадигмалардыңӛзi деңгейлердiѕ тек бiреуiнде ғана кӛрiнсе, онда бiз үш деңгейдiң
парадигматикалыққатынастарын қалайша анықтай аламыз.
Лексикадағы парадигматикалық қатынастардың маңызды қасиетiнiң бiрi оның иерархиялық
парадигма ұғымы, бiр жағынан, сӛздердiң сан алуан топтарын, мысалы, сӛз табын қамтиды, және
екiншi жаєымен, сан жағынан кiшi-гiрiм лексика - семантикалық парадигманы, мысалы,
антонимдiк жұптар құўрайды. Антонимдiк жұптар кейде нағыз лексика - семантикалық парадигма
ретiнде қарастырылады. Лексика - семантикалық парадигманың негiзi оныңқұрамына енетiн
сӛздердiң семантикалыққарама-қарсылығы болғандықтан, парадигмалыққатынастардың сипаты
антонимиядан ерекше анық кӛрiнедi. Тiлдiк бірліктердің семантикалық сыңарларыныңқарама-қарсы
мәнде келуi олардың арасында парадигматикалыққатынастардың бар екендiгiнiң белгiсi болып
табылады.
Сондықтан
парадигма
ретiнде
екi
талапқа
жауап
беретiн
кез-келген
тұлғаларды(бірліктерді)қарастыруға
болады.
Бiрiншi
талап
-
әрбiр
тілдік
бірлік
мағынасыныңқамтылған сӛздердiң барлығының мағыналарымен ортақ белгiсi болуы керектiгi;
екiншi талап - әрбiр тілдік тұлғаның(бірліктің) мағынасы бiр немесе бiрнеше белгiлерiмен басқа
тілдік тұлғалардың, тілдік бірліктердің мағыналарынан ажыратылатын болады[9,17].
Достарыңызбен бөлісу: |