Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
ӘОЖ 821.512.122.09
АСҚАР СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЖАЗЫЛУ ТАРИХЫ
А.А. Құлжашпай – Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
6М021400-әдебиеттану мамандығының 2-курс магистранты ardash_1989@mail.ru
Ғылыми жетекшісі:
Ибраева А.Д. – филология ғылымдарының кандидаты,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы
Мақалада әдебиетке ХХ ғасырдың екінші жартысында келген Асқар Сүлейменовтің шығармаларының
жазылу тарихы талданып, шығармашылығы әр қырынан зерттелді, әдебиеттанушы ғалымдардың пікірлері
қарастырылды. Философиялық прозасындағы ұлтымыздың төл болмысының көркемдікпен, шынайылықпен,
тартымдылықпен ашылуы дәйектеледі. Жазушының шығармашылық тұлғасын тануда зерттеушілердің
пікірлері сараланады.
«Әдебиет – ардың ісі» деген анықтамаға бірден-бір лайық жазушы деп Асқар Сүлейменовті танып,
жазушының атақты «Бесатар», «Бесін» повестері талданады. Автор әдебиеттанушы ғалымдардың, белгілі
тұлғалардың тұжырымдарын негізге алады. Нәтижесінде Асқар Сүлейменовтің шығармаларының жазылу
тарихы анықталады. Автор Асқар Сүлейменов шығармашылығы құнарлы құйындардың бірі және бірегейі
екендігін айтып, оның дүниетанымдық, интеллектуалдық қуатын барынша ашып, көркем сөздің философиялық
астарына үңілген.
Достарыңызбен бөлісу: