Кішенледі (кісендеді, кісен салды). Жоғарыда аталған жазба жадыгерліктер мен онда келтірілген
тілдердің бәрінде – кішен, тек Абу Х. мен МҚ – да – кішенледі. Ескі түркі тілдерінде кеңінен
танымал, бірақ бұл сөздің негізгі түбірі, біз ойлап жүргендей, кішен (путы, оковы) емес, кіше (спутывать, связывать), ырықсыз етіс түрі – кішел (ДТС, 310). Біздің кісен сөзіміз түркі – монғол
қауымдастығына ортақ болып келетін белгілі – н өнімсіз жұрнағы арқылы кіше деген етістік түбірден
жасалған да, оған етістіктің әмбебап – ла // ле қосымшасы жалғану нәтижесінде барып тағы да
туынды етістік түбір туындаған. Әрине, бұл құбылыс ескі қыпшақ тілінің дәуірінде пайда болып, іске
асқан. Көптеген түркі тілдерінің өзара ш – тіл, с – тіл болып бөлініп келетін ерекшелігіне байланысты
ш // с дыбыстары әрдайын алмасып отырады. Бұл өзі – сонау Орхон-Енесай жазу ескерткіштерінен
(V-VIII
ғ.) бері қолданылып келе жатқан фонетикалық тұрақты бір заңдылық.