Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет49/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   375
Қабы  йабты  (кітапты  жапты).  Арабша  аудармасы  екі  сөз  арқылы  берілген.  Біріншісі  –  ғаллақа 
(закрывать,  запирать),  екіншісі  –  китабун  (книга,  письмо,  послание,  грамота).  А.Зайончковский 
«
Закрыть абложку книги»деп аударады. 
16
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
Бұл лексема, біздің байқауымызша, осы «Арабша-түрікше сөздіктің» өзіне ғана тән эндемик тұлға 
болса  керек-ті,  өйткені  басқа  түрлі  жазба  жадыхаттар  мен  түркі  тілдерінен  кездестіре  қою  қиын 
сияқты. Бірқатар ескі түркі тілдерінде жазылған жазба нұсқаларда қап (сосуд, мех, бурдюк, мешок, 
аболочка  плодного  пузыря)  сөзі  ұшырайды,  ең  бастапқы  түбірі  –  қа  (сосуд,  посуда);  қа  –  қача 
(посуда, қача – посуда, ДТС, 399 – 400, 420).  
Қабы  тұлғасының  осы  түбірмен  байланысы  бар  болуы  мүмкін.  Кітаптың  мұқабасы  да,  сол 
кітаптың  қабы  болып  есептеледі  ғой,  бірақ  бұл жерде  сөз  аяғындағы  ы  дыбысын  түсіндіріп  беру 
оңай емес, өйткені йабты сөзі – сабақты етістік, ол өзі меңгеретін сөздің табыс септілігінде тұруын 
(яғни тура объекті есебінен болуын) талап етеді (мысалы, қабын йабты болса, ол  - өз алдында, онда 
сөз  тіркесі  өзара  жарасып  тұрар  еді).  Мұндай  жағыдайда  қап  сөзін  көптеген  ескерткіштер  мен  тірі 
тілдерден тауып ала беруге болады (мәселен, Тас, 156-б.). Бұл – бірінші жағынан.   
Екінші жағынан, қазақ тіліндегі қапсыр («бір нәрсені қапсырып жап» дегендегі қапсыру) сөзінің 
түбірі – қап (хватать, захватывать, одолевать, нападать, ДТС, 420), ол – тут (держать, брать) сөзінің 
синонимі,  екеуі  қосылып,  плеоназм  ретінде  қос  сөз  жасайды:  тутқап  (хватать,  ДТС,  591).  Осы 
түбірге өнімсіз – сыр жұрнағы қосылып, қапсыр сөзі құралып тұр. Бұл түбір морфеманың о бастағы 
тегі - қа (складывать, класть вместе, класть по порядку, МҚ, ДТС, 399). Ол қабырчақ (ящик, сундук, 
гроб), қабыш (объединяться, соединяться, соединяться, сходиться),  қабса: тебре – қабша (қос сөз: 
двигаться,  колебаться,  ДТС,  546),  Қабшур  (өзгелік  етіс:  соединять,  складывать),  қабучақ  (дупло; 
этникалық қабчақ атауы осы сөзден шыққан). Қапағ (ворота, дверь) // қапға // қапығ // қапуғ, қапақ 
(покрышка,  крышка;  веко,  девственность,  целемудрие,  невинность),  қапчуқ  (мешочек),  қапғақ  
колпачок, надеваемый на саадак), қапуш (ортақ етіс: хватать друг у друга, ДТС, 399, 420 – 421) т.б. да 
сөз  тұлғаларының  жасалуына  негіз  болып  қызмет  атқарған.  Міне,  осы  қаб  //  қап  түбіріне  көне  ріп 
кеткен  өлі  жұрнақ-  ы  жалғанып,  қабы  деген  үстеу  сөзі  келіп  қалыптасқан.  Салыстырып  көрелік: 
Қазақ тіліндегі жоғары сөзінің түбірі – йоқ (высокое место), осыдан йоқар тұлғасы пайда болған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет