Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


йоқар  ағ  (подниматься,  возвышаться),  йоқар  йоқла



Pdf көрінісі
бет50/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   375
йоқар  ағ  (подниматься,  возвышаться),  йоқар  йоқла  (возвышаться),  йоқар  қоп  (подниматься, 
вставать).  Етістік  формасы  –  йоқла  (подниматься,  взбираться),  өзгелік  етіс  –  йоқлат  (заставить 
подняться).  Бұл  іспеттес  сөздердің  құрамындағы  –  ар  аффиксі  барыс  септігінің  көрсеткіші  болған. 
Ерте  заман  жазбаларында  ол  жиі  қолданылған  (әсіресе,  көне  түркілік  эпитафиялық  ескерткіштер 
нұсқаларының  тілінде,  V-VIII  ғ.).  Сөз  мағынасы  мен  оның  морфологиялық  құрамы  (фонетикалық 
сипаты)  өзгере  келіп,  енді  осы  тұлғадан  үстеу  сөзі  жасалады:  йоқару  (вверх),  йоқару  ағ 
(подниматься), йокару қоп (подниматься, вставать), йоқару тур (подниматься, вставать). Мұндағы у 
аффиксі іс-әрекет, қимылдың бағытын көрсетіп, олардың орнын дәлдеп нақтылап, айқындап беруге 
көмектеседі. Ағ (подниматься), қоп  (подниматься, наверх, возвышаться, вставать, т.б.), тур (вставать, 
подниматься,  стоять,  останавливаться,  т.б.)  сияқты  етістік  сөздерінің  мағыналарын  береді  (ДТС, 
тиісті беттерінде). 
Қазіргі  қазақ  тілінде  еріндік  дауысты  дыбыстар  сөз  соңында  келіп  айтылмайды,  олар  езулік 
дауысты  дыбыстармен  алмасып  отырады:  йоқару  //  жоғары    йоқ  //  жоғ  (түбір)  –  ар  (барыс септік 
жалғауы) // ы – ді (үстеу сөзінің жасалу жолын көрсететін аффикс). Осы жұрнақ жоғарыда аталған 
қаб / / қап түбіріне де жалғанып тұр. 
Қап сөзі о баста синкретикалық түбір болғанға ұқсайды. Келтіріп өткен мысалдар осының куәсі. 
Бұл жерде – ы деген қосымша ай - жабу іс-әрекетінің қалай орындалғандығын білдіретін морфема. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет